№16 «Жаңа жылдық тарту»

Тақырып бойынша 24 материал табылды

№16 «Жаңа жылдық тарту»

Материал туралы қысқаша түсінік
№16 «Жаңа жылдық тарту»
Материалдың қысқаша нұсқасы

55 жалпы орта білім беретін мектеп



Бекітемін:

Директордың тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары

______Бекбосынов О.



Жаңа жылдық тарту”

Тәрбие сағаты











Сынып: 7 “З”

Сынып жетекшісі: Куралбаева М.К















2024-2025 оқу жылы


Сынып жетекшінің аты-жөні

Куралбаева М

Күні:

23.12.2024ж.

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сынып сағатының  тақырыбы

«Жаңа жылдық тарту»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

16- САБАҚ

7 - сыныптар : «Желідегі қауіпті хобби (треш -стрим)»

Тәрбие жұмысының бағыты

Интеллектуалды тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу

Мақсаты

Оқушыларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылда барлық бойларында бар өнерлерін ортаға салып үйрету. Көңілді өткізу өз қолдарында екенін түсіндіру.

4-апта дәйексөзі:

4-апта дәйексөзі: Ынтымақ – бұзылмайтын қорған

23-27.12.24ж.

Құндылық

Желтоқсан – бірлік және ынтымақ айы;






Тәрбие сағатының барысы


Барысы

Тәрбие сағатындағы мұғалімнің іс-әрекеттері

Оқушының іс әрекеті

Ресурстар



Кіріспе

10  мин














Ұйымдастыру кезеңі


Оқушылар назарын сабаққа аудару


Миға шабуыл


Психологиялық дайындық:

Қайырлы күн деп айтамыз,

Үйге бірге қайтамыз,

Отбасының гүліміз.

Көңілді отер күніміз


- Балалар бүгінгі күніңіз көңілді өтсін деп тілеймін.Балалар бүгінгі біздің сабағымыз ерекше сабақ болмақ.Себебі бүгін сендердің білімдеріңізді тексеруге қонақтар келіп отыр. Өз білімдеріміз бен тәртіптерімізді қонақтарға көрсете аламызба?

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыс мезгілі екенін қайдан білдік?

- Қыс мезгілінде неше ай бар? Айтайықшы?

- Оқушылыр қыс мезгілінде қар жауады дедік жаңа- қардан біз не жасаймыз?






Оқушылар

сәлемдеседі











Оқушылар сұрақтарға жауап береді, жауаптарына дәлел келтіреді.


























Негізгі бөлім

25 мин


Жаңа жыл –ең қызықты,қуанышты, ерекше мереке.Неге десеңіздер?Өйткені бұл күні жер шарымызды Ертегі аралайды.Ертегі әр елдің шыршасына саяхат жасайды.Бүгін бізде Ертегі мен бірге саяхат жасаймыз.Жер шарының Жаңа жылын бірге атап өтеміз.

Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз.

Қазақтар үшін 'Жаңа жыл мерекесін наурыздың 22-сінде, күн мен түн теңелген қасиетті мезгілде басталған. Түрлі тарихи басылымдарда Жаңа жылды әшекейлі шыршамен қарсы алу дәстүрін Ресейде 1700 жылы қаңтардың 1-інде I Петрдің енгізгені, дәл осы жылы Ресейде жаңаша жыл санау басталғаны, I Петрдің өзі басқарған Мәскеудегі мейрамның таңға дейін созылғаны жазылып жүргенімен, бірқатар этнограф-тарихшылар қыпшақтардың шырша мерекесі болғанын, Жаңа жылдың – көшпелілердің де байырғы мейрамы екенін жазады.



Жаңа жылды қай халық қалай қарсы алады?

Болгарияда

Болгарияда сағат тілі 12-ні соққанда барлық үйде жарық сөне бастайды. Сол кезде әркім көңілі қалаған адамымен 3 минут бойы сүйседі екен. Дастарқанға міндетті түрде самса қойылады екен.

Венгрияда

Венгрияда дастарқанға үйрек пен тауық еті қойылмайды. Себебі венгрлер құстардың барлығын “Бақыт құсының” туыстары деп есептейді екен.

Италияда

Итальяндықтар ескі жылдың соңғы сағаттарында ешкіммен ренжіспеуге және ешкіммен қарыз ақша алмауға тырысады екен. Жаңа жылдың алғашқы түнінде үйлеріндегі сынған ыдыстарын, ескірген жиһаздарын аулаларына шығарып тастайды екен.


Оңтүстік Америкада

Оңтүстік Америкадағы Эквадор елінің халқы Жаңа жылда сабаннан жасалған қарақшыны ескі жылдың символы ретінде далада жағылған отқа өртеп жібереді.

Франция

Францияда адамдар Жаңа жыл кешінде жомарт болуға құмар келеді екен. Бұл күні мейрамханалар адамдарды тегін тамақтандырып қана қоймай кетерінде сыйлықтар береді екен.

Үндістан

Үндістанда Жаңа жыл - Дивали жарық пен оттар мерекесі деп аталады екен. Айтса айтқандай осы күні қалалар мен ауылдардың барлығы оттың ішінде тұрғандай жарқырап кететін көрінеді. Жарығы сөніп тұран бірден-бір терезені көре алмайды екенсің. Әйел адамдар көшеге шығып жерге түрлі оюлы суреттер салып, оларға ұн, топырақ сеуіп, шырақтар жағып көркемдейтін көрінеді.

Еврейлер

Дивали мерекесі еврейлердің Жаңа жыл - Рош Хошан қазан, қараша айларында тойланады. Бұл күні адамдар алма мен нанға бал жағып жейді. Бұл жаңа жылда өміріміз балдай тәтті болсын дегені. Жаңа жыл таңы діндарлардың қойдың мүйізінен жасалған труба арқылы адамдарды синагогқа құдайдың алдында өткен жылда жасаған кемшіліктері, күнәлары болса кешірім сұрауға шақырудан басталады. Осыдан кейін Жаңа жылды күнәдан тазарып, жаңадан бастауға мүмкіндік туады.

Голландия

Голландияда Жаңа жыл кешіндегі дастарқанға жүзім салып пісірген нан тағамы қойылады. Бұл тағам жылына бір-ақ рет дайындалатын көрінеді.

Финляндия

Финляндияда Жаңа жыл кешінде тұрмыс құрмаған бойжеткендер кебістерін иықтарынан асыра лақтырады, кебіс есікке тұмсығымен тисе, сол жылы жолы болып, сол жылда тұрмысқа шығады деп есептеген.

Бирма

Бирмада Жаңа жылда да күн ыстық болып тұратындықтан, адамдар бір-бірінің үстеріне су шашып құттықтайды екен. Сондықтан осы күні үсті-басы су болған адамдарды жиі ұшаратуға болады.

Гвинея

Гвинеяда көшеге піл жетектеп шығады екен. Жұрт осы пілдерді айнала би билеп, ән салатын көрінеді.

Куба

Кубада сағат 12-ні соққан кезде, әркім 12 түйір жүзім жейді екен.

Қазақстан

Қазақстанда жыл басы мерекесі наурыз айында тойланады. Бұл қазіргі күн есебі бойынша наурыздың 22-ші жұлдызына сәйкес келеді. Бұл күні адамдар жұмыс істемейді, сапарға шықпайды ,кір жумайды, ешкімді ренжітпейді. Барлық үйде мерекелік дастарқан жайылады. Бұл күні күн мен түн тенеседі.


Қытай

Қытайда Жаңа жыл мерекесі көшеде барабандар, темір тәрелкелер соғылып, фейерверктер атылып, жаңа жыл салтанатын билеген айдаһарлар шеруі бастайды екен. Дастарқанға туралған нарцис гүлін қою дәстүрге айналған. Жаңа жыл мерекесі он бес күнге созылады. Бұл қаңтардың аяғы мен ақпан айының басына келеді.

Ұлыбритания

Ұлыбритания алғаш ашық хаттарды (открытка) шығарған ел болып есептеледі. Сондықтан да Жаңа жылда осы елдің әр жанұясы таныстарын ашық хат арқылы құттықтағанды ұнатады.

Мұсылман мелкеттері оның ішінде біршама араб мемлекеттерінде жаңа жыл тойланып жатады. Мысалы Египет, Ливан, Сирия, Біріккен Араб Әмірлігі. Египет пен Ливанда жергілікті, тұрғылықта христиан арабтар бар. Осы себепті онда Рождество мен жаңа жыл тойланып жатады. Сирия туризмге ашық ел. Туризмді сылтауратын Батыстан көптеген христиандар, миссионерлер ағылып келіп жатады. Олар құр келмей әлгі жаңа жыл мен Рождестволарын арқалай келеді. Өз діндеріне кіргізу үшін ақшалай марапаттар жасайды. Бірақ жаңа жыл барлық араб елдерінде тойланбайды. Мысалы Сауд Арабияда 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні жаңа жылды тойлайтын болсаңыз жауапқа тартыласыз. Жаңа жылды тойлағандар қамауға алынып, жазаланады. Сөзімізді қорытындылап айтар болсақ: Жаңа жылды атап өту арқылы біз христиандарға ұқсап қаламыз.












Болгарияда



Венгрияда



Италияда




Оңтүстік Америкада






Франция






Голландия





Финляндия





Бирма




Гвинея






Қазақстан




























Слайд

Бейне ролик













Слайд

Бейне ролик
























Слайд

Бейне ролик






Слайд

Бейне ролик

















Слайд

Бейне ролик

















Слайд

Бейне ролик






















Слайд

Бейне ролик













Қоры

тынды

10 мин


Демек, Жаңа жылды тойлағанда бұл мерекенің де көшпелілер пайымымен байланысты екендігін ескерген жөн. Өкінішке орай, бұл деректер бүкіл халықтың жадының игілігі бола алмай келе жатыр. Қысқасы, сол деректерге ден қойғанда, Жаңа жыл таза көшпелілердің мейрамы екенін мойындауға тура келеді. Бірақ Еуропаға бұл мейрам жерсінді. Бұған Аяз ата, шырша, шырақ жағу деген сияқты Еуропа елдері өздерінің этнографиялық реңктерін беріп, байытты. Содан бүгінгі күні мүлдем танымастай өзгеріп, Еуропалық мейрам болып шыға келді.

Рефлексия

Қажетті білімді толық меңгердім бе?

Қай дағдыларды қалыптастырдым?


Сабақтағы іс-әрекетіне рефлексия жасайды.



Слайд таныстырылымы


Слайд

Бейне ролик


Рефлексия








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.12.2024
222
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі