400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік тұғырым» атты ертеңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік тұғырым» атты ертеңгілік сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ынтазина М.Қ.

«QAMQOR» Мүгедектерге

медициналық-әлеуметтік

көмек көрсету» ҚБ

тәрбиеші Семей қаласы

Абай облысы



16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік тұғырым» атты ертеңгілік


Тақырыбы: «Тәуелсіздік тұғырым»

Мақсаты:1) Балаларға тәуелсіз мемлекет туралы түсінік беру балалардың Отанға деген сүйспеншіліктерін арттыру. Қазақстан Республикасының мемлекетік рәміздері: Елтаңба, ту, әнұран туралы білімдерін қалыптастыру. Отан туралы тақпақ. Мақал-мәтелді жатқа айтуға үйрету. Патриоттық сезімге баулу.

2) Балалардың тіл байлығын ой-өрісін, сөзді байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту.

3) Елімізді, жерімізді қадірлеуге, сүюге тәрбиелеу.

Көк тудың желбірегені әнінің әуенімен балалар залға қолдарына көк туларын желбіретіп кіреді.

Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме құрметті Ұстаздар!

Барша халық таныған,

Біздің үміт тілекті.

Шырқалғанда әнұран,

Шаттық кернер жүректі.

ҚР мемлекеттік әнұраны орындалады.

Тәрбиеші: Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?

Балалар: Қазақстан республикасы.

Жүргізуші: Қазақстан қандай мемлекет?

Балалар: Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.

Жүргізуші: Балалар, бүгін міне осы Тәуелсіздік мерекесі күні. Еліміздің тұңғыш елбасы кім?

Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Жүргізуші: Еліміздің елордасы қай қала?

Балалар: Астана.

Ойынайықта ойлайық: “Қыран мен күн”

Шарты: Үстелдің үстіндегі пазлдарды құрастырып, “Қыран мен күн” бейнесін құрастыру.

Топ басшылары: Арсен мен Измир

Тәрбиеші: Мұз жастанып азаматтық жолында,

Тәуелсіздік туы тұрды қолында.

Жеңіп шықты, бас имеді, қасарып

Сойыл таяқ ойнаса да жолында

Желтоқсан-ау, ұмтылмайсың жүректе

Ұрпақ өсер айналатын тірекке

Егемендік тиді міне еншіме

Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке.


Біздің Отанымыз Қазақстан - тәуелсіз, егеменді мемлекет.

Тәуелсіздік үшін қаншама азаматтарымыз, ардақты ағаларымыз, ақылды жастарымыз ғұмырларын күреске арнап Тәуелсіздік жолында құрбан болған Ләззат, Сабира, Ербол, Қайрат есімді азаматтарымыздың рухына бас иіп орнымыздан тұрып 1 минут еске алайық!

«Көңілді эстафета»

Мақсаты: Балалардың көтеріңкі көңіл-күйін туғызу. Балалардың денесін шыңдап күш-қуатын нығайту, шапшаңдыққа, ептілікке тәрбиелеу. Балаларды ойындар арқылы ақыл-ойының толысып өсуіне ықпал жасау. Жарыс кезінде ойынға қызыға қатысуына жағдай жасау, бір-біріне достық қарым-қатынастарын дамыту.

Түрлі-түсті шеңберлерді түстерімен бөліп, таяқшаларға салады.

Балаларды екі топқа бөлу. Топ басшылары: Рамазан мен Ислам

Тәрбиеші: Қазақ елім!

Туды жастық дәуірің.

жұлдызыңның жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын, алыбым!

Рефлексия: Түрлі-түсті үлестірмелер , эмоция спектірінің бейнелері;

Бет жүздері бейнеленген үлестірмелер;

Көңіл-күйді білдіретін түрлі-түсті бейнелер таратылады балалр бүгінгі сабақты қалай түсінгендерін смайлик арқылы білдіреді.


Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік. Осымен біздің сабағымыз аяқталды, сау болыңыздар!




©Ынтазина М.Қ.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
17 желтоқсан
301
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі