Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

16 желтоқсан тақырыбтық сабақ № 12 " Нұр бөбек" ортаңғы тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға тәуелсіздігіміз туралы терең мәлімет беру оз елін сыйлап құрметтеуге қастерлеуге үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тәуелсіздік - тұмарым, Мәңгілік ел - тұрағым»

Тақырыптық сабақ


Тәрбиеші:Даутбаева.А.А.

12 «Нұр бөбек» ортаңғы тобы

Өткізген күні: 14.12.18


М ақсаты:Отан туралы алған білімдерін бекіту.

Білімділік мақсаты:мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін бекіту: Тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақстан туралы балаларға ұғындыру.

Дамытушылық мақсаты:шығармашылық қиялын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты:көпұлтты отанға деген сүйіспеншілік, құрмет сезіміне тәрбиелеу. Балаларды елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Слайд шоу: «Қазақстан рәміздері», Бейне көрініс: «Көк тудың желбірегені», Астана қаласының көрікті жерлері, Караоке: «Біз бақытты балдырған» әні, нышандары, мақал - мәтелдер. Мульти – анимациялық сергіту сәті: «Жұмыр қылыш» әуені.

Жүру барысы:-Тәрбиеші көзіне "күлгін көзілдірікті" киіп, менің көзімдегі көзілдірік жай көзілдірік емес, бұл ғажайып көзілдірік, бұл көзілдірікті кигенде мен адамның жан дүниесіндегі ерекше адами құндылықтарды яғни сендердің бойларыңдағы жақсы қасиеттерді көре аламын. Айзере сен ақылды қызсың, Мадияр сен ақ көңіл баласың, Аруна сен еңбекқор қызсың, Муслим сен тамаша баласың, Айбар сен өте мейірімдісің, Анара сен білімге құмар қызсың т. б. Балаларға сипаттама береді.

Біздің еліміз сендердей тамаша жас ұрпақтары бар бақытты ел. Сендер бақытты елдің бақытты ұландарысыңдар. Ендеше караоке арқылы "Біз бақытты балдырған" әнін орындап жіберейікші.

Балалар біреу есік қағатын тәрізді тыңдайықшы. Ой балалар, бізге қонаққа шет елден Америкадан қонаққа Джон мырза келді. Ол сендердің әндеріңді естіп, сендермен танысып, біздің еліміз туралы тереңірек білгісі келеді екен. Ол сендерге бірнеше сұрақтар бергісі келеді. Сұрақтарына жауап береміз бе?

Шетелдік қонақ:-Балалар сендер тұратын мемлекет қалай аталады?

Балалар: Қазақстан.

- Қазақстан мемлекетінің елбасы кім?

Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

- Елбасы қандай адам болуы керек?

Балалар: Білімді, ақылды, іскер, жан - жақты, өз Отанын шексіз сүйетін адам болуы керек.

- Қандай мемлекеттік рәміздерді білесіңдер?

Балалар: Ту, елтаңба, әнұран

- Қазақстанның бас қаласы қалай аталады?

Балалар: Астана

- Тамаша, сендер рәміздер туралы қандай өлең – тақпақ білесіңдер?


Малика: Әйнегі - күн, шатыры - аспан

Кең дала, төсегі толқыған есік.

Көлдері көкке күмістер шашқан,

Қазақстан - Республикам менің.


Айқын: Ән ұраным – жан ұраным,

Айтар әнім, сөйлер сөзім,

Туған жерім, сағынарым,

Мәңгі бақи шырқалады.

Республика әнұраны.


Қазақстан республикасының Әнұранын тыңдайды.

Шетелдік қонақ: Қандай тамаша өнерлі, білгір балалар.

Тәрбиеші: Джон мырза сіз біздің Қазақстан туралы тереңірек білгіңіз келсе мына слайд шоуды тамашалаңыз

Слайд шоу: "Қазақстан рәміздері"

Тәрбиеші: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің көпұлтты тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш президенті. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кішкентайынан спортты, белсенді демалысты жақсы көрді, сол себепті республикадағы барлық тұрғындар спортпен айналысып, денісау, бақытты, салауатты өмір сүргендерін армандайды. Біздің Елбасымыз кітап оқығанды өте жақсы көреді. Сондай – ән айтқанды, домбыра шерткенді ұнатады, тіпті өлең жазып, ән шығарады.

- Балалар, егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына биыл 27 жыл болды.

Мұзға жанған желтоқсанның жалауы,

Құтты болсын Тәуелсіздік мейрамы.

Ол әркімге еркін өмір сыйлайды.

Жақсы атақ пен нұр шапағын жинайды.

Бүгінде тәуелсіз еліміздің өркениетті 50 елдің қатарымен тереземізді теңестірсек деген алдына мақсат қойып отыр. Аспанымыз ашық, еліміз аман болса, бұл мақсатқа да жетеміз. Сол болашақтың тірегі мына алдымыздағы бүлдіршіндер - сендерсіңдер.

Есігі ашық төрі кең,

Жылап өттік жылдар өмірінен

Жетер енді желпінейік, қарайық,

Мына өмірге үмітпен.

Бейне көрініс: «Көк тудың желбірегені»

Сергіту сәті:Ұлытау тобының «Жұмыр қылыш» мульти – анимациялық сергіту сәті музыкасына қимыл қозғалыс жасату.

Тәрбиеші шетелдік қонаққа қарап: Біздің балаларымыз Отан туралы көптеген мақал – мәтелдер біледі.

Мақал - мәтелдер:

Дархан: Ердің көркі елімен,

Отан көркі жерімен.

Айзере: Отан оттан да ыстық

Айбар: Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.

Балалар: «Мен Отанымды сүйемін!» жылулық шеңберімен аяқтайды.

- Мен өз мемлекетімді мақтан тұтамын!

- Мен өз Отанымды шексіз сүйемін!

- Мен өз Отанымның бақытты ұланымын!

Оқу қызметінің соңында балалар «Көк ту және достар» мультфильмін тамашалайды.


































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.01.2019
1860
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12