1-жүргізуші:
Айдана
Армысыздар құрметті ұстаздар мен
оқушылар ! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің
26 жылдығына арналған «16 желтоқан
Тәуелсіздік күні, Тәуелсіздік теңдесі жоқ байлығым
» атты мерекелік кешімізге қош
келдіңіздер!
Тәуелсіздік - ең басты
құндылығымыз.
Тәуелсіздікке қан төгіссіз,
бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің
өркенниетті мемлекеттерінің қатарына қоса
алдық.
26 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ
елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп
келеміз.
Осы кезеңде Қазақстанды ең
мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген
тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл
бүгін және әрқшанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше
мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрек жарды қуанышқа толы күнді
ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
2-жүргізуші:
Еркін
Шайқалмасын ешкімнің
шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан
ұланы.
Енді ағайын, көгінде
қалықтасын,
Қазағымның қастерлі –
Гимні деп -(Гимн
орындалады)
1-жүргізуші:
Айдана
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің –деп Құттықтау сөз кезегі
мектебіміздің директоры Садықов Сәкен Бүркітұлына
беріледі.
1-жүргізуші: Айдана
Ән-сені тәтті көрем, жаным сүйіп,
Тыңдаймын- тыным алмай, жанып-күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме
Музаның әміріне басымды иіп.
Алайық ескі күйдің бәрін жиып,
Жандырған ой-қиялды қалың күйік
Шерттіріп құнарлырақ домбыраға
Тербеліп ырғағына тамылжиық
«Алтын домбыра » әні.
Орындайтын: МАД тобы
2-жүргізуші:
Еркін
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, -деп Қасым Аманжолов ағамыз
жырлағандай,
Кең байтақ жерімізде Қазақ
халқының басынан не өтпеді
десеңізші.
Талай қиындықты бастан кешірсе
де, ешқашан мойымай, күресе білді.
Азаттық таңы туатынына кәміл
сеніп, үміттерін үзбеді.
(Оқушылардың әдеби
монтажына кезек береміз.)
1-жүргізуші:
Айдана
Желтоқсан – заман толғағы
байтақ даланың,
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира
Құрбаны болған жаланың
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға
асылып-деп желтоқсан оқиғасына
қатысқан ағамыздың сұхбатынан үзінді.
(видео)
2-жүргізуші:
Еркін
Орыны ағалардың бізбен
толсын,
Сәбилер ағалардың жолын
қусын.
1минут үнсіздікпен еске
алайық,
Аруағы ағалардың ырза
болсын.
(Көтерісшілерді еске алу
видеосы (дауысын басып қою) қойылады
)
1-жүргізуші:
Айдана
«Орнында бар оңалар»
демекші,
Ел орнында, жер орнында, жерге
жетер байлық жоқ.
Жер болса, ел болады, ел болса
ер болады.
Ерлеріміздің арқасында
«Қазақстан» егеменді ел болып, дүниежүзіне
танылды.
120-дан аса ұлт өкілдері
тұратын осынау қасиетті мекенде,
асқақтаған өлкеде, кеңшілігі
керемет дархан дастархандай далада,
егіні теңіздей толқыған, төрт
түлігі өрбіген,
өндірісі өркендеген мекенде
өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай
сүйіп,
оның көк байрағын көкке
көтеруді мақтаныш тұтады.
2-жүргізуші:
Еркін
Сол күндер ғой жүректің
аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз-өзінен жүрегім ән салады.-деп
Нұрланқызы Нұрсаяның
орындауында «Алматым жүрегімде » әні
.
1-жүргізуші:
Айдана
Ту тігілді халқымның бүгін
бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі
Біздің тәуелсіздігіміз
осыншама қиындықпен
келді.
Әрқашан аспанымызда көк
туымыз желбірген - тәуелсіз ел болайық деп
кезекті
9-сынып оқушысы Сақитжан
Саяттың орындауындағы «Көк тудың желбірегені» әніне кезек
береміз.
1-жүргізуші:
Айдана
Қазақстан Республикасының
16-желтоқсан тәуелсіздік мерекесіне орай мектебімізде
ұйымдастырылған 2-9 сынып аралығындағы оқушылардың флэшмобын
ұсынамыз.
2-жүргізуші:
Еркін
Есті ерлер жүрмейді желік
ертіп,
Елеулі іске қосар
емірентіп.
Бүгінгі кеш қонағы
апайымыз
Сөз сөйлесін баршаны
тебірентіп -дей отырып, қорытынды сөз кезегін
Сембиева
Айнұр Құрманғалиқызына
сөз
береміз.
1-жүргізуші:
Айдана
Тәуелсіздік - ел
мұраты.
Бұл біздің ұлан байтақ
теңіздей
Қазақ тарихының басынан
кешкендерінің тамшысы ғана болса да,
осы 26 жылда Қазақстанның
дамып өркендеуін жылдармен
өрнектейміз.
Қазақстан Республикасының
тәуелсіздігін алғаш рет мойындаған ел- Туркия елі
болатын.
2-жүргізуші:
Еркін
1991 жылы Тәуелсіз
Қазақстан елі тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты президент етіп
сайлады.
1-жүргізуші:
Айдана
1992 жылы Қазақстан
Республикасының Елтаңбасы, әнұраны, туы туралы заң
қабылданды.
2-жүргізуші:
Еркін
1993 жылы 30 тамызда
Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. 15 қарашада төл
теңгеміз алғаш рет айналымға
түсті.
Осымен «16 желтоқан
Тәуелсіздік күні, Тәуелсіздік теңдесі жоқ байлығым
» атты мерекелік кешіміз
аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет. Сау
болыңыздар!