16 желтоқсанға арналған тәрбие сағаты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

16 желтоқсанға арналған тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағатының жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Тәуелсіздік – туы желбіре

Мақсаты: балаларды Отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерінқастерлеуге баули отырып,туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту. Елін,жерінтілін тарихын құрметтейтін жаны таза,адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру. Жжелтоқсан оқиғасын негізге ала отырып, патриоттық тәрбие беру.

Көрнекілік: ҚР рәміздері, Ата заң, суреттер, шарлар, қанатты сөздер.

Қанатты сөздер:

  • «Мен – Тәуелсіз Қазақстанның азаматымын!»

  • « Жасай бер, жаса,

Тәуелсіз ел – Қазақстан!»

  • «Тәуелсіздікке 27 жыл!»

Қай халық ұлт болмасын өз еркіндігін аңсайды. Әр ел өзінің егемен, тәуелсіз болуына армандайды. Бүгінгі тәуелсіздік күніне орай өткізгелі отырған « » атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Тәулсіздігіміз баянды болсын, ағайын! Сәлеметсіздер ме!


Жылулық шеңбері: көркиген, гүлденген

Тәуелсіз күн туды кенеле бер

Мерейін құтты болсын ,тәуелсіздік

Ғасырдың тойы болшы келе бер!

- Балалар өлең не жайында айтылыпты?

- Тәуелсіз елеіміз жайлы

- Ал сендер елімізге, жерімізге, қандай тілек тілер едіңдер?

- Еліміз тыныш болсын! Соғыс болмасын!

Қ.Р Әнұраны орындалсын.

- Енді балалр орындарына жайғасындар.

- Біздің отанымыз қалай аталады?

-Қазақстан Республикасы.

- Еліміздің астанасы қай қала? - Астана
- Астанадағы қандай көркем ғимараттары бар?/ханшатыр, бәйтерек, т. б/

«Кім тапқыр?» ойыны:
1. Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
2. Қандай мерекені атап өтіп жатырмыз?
3. Біздің елбасымыз кім?
4. Қазақстан республикасының рәміздерін ата.

Ән: Тәуелсіз ел ұланы

-Балалар, 1986 жылдың 16 желтоқсан қазақтың санасын сілкіндірген желтоқсан ызғары жылдар бойы арман мен тәуелсіздіктін қайнар көзі болды. КР 1991ж 16 желтоқсанда тәуелсіз егеменді ел атанды. Біздің еліміз жылдан – жылға, күннен –күнге өркендеп ,өніп гүлденіп келеді. Міне биыл тәуелсіздікке - 27 жыл.

Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 
16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. 
16 –желтоқсан бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке.

Тақпақтар

1 .Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі, (Аяжан )

Мықты болсын елімнің керегесі.

Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,

Кетпесін туған жердің берекесі.

2. Тәуелсіздік таңы атты, (Айтолқын)

Барлық әлем жаңарып.

Осы тұрған халқыма

Бейбітшілік орнады.

3. Тәуелсіздік – ел болу  (Бейбарыс)
Ынтымақпен өрге озу. 
Еркін және өзге елмен, 
Терезесі тең болу. 

4. Он алтыншы желтоқсан  (Інкәр)
Ел мерейі тасыған 
Қазақ деген қалың жұрт 
Бәрін кешті басынан 

5. Он алтыншы желтоқсан  (Жанерке)
Тәуелсіздік алған күн 
Ерекше боп мәңгілік 
Ел жадында қалған күн 

6. Әділеттің ұраны,  (Әділ)
Ақиқаттың шырағы. 
Тыныштықтың туы боп, 
Зор салтанат құрады. 
7. бала: 
Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,  (Гүлайым))
Алдымызда барлық үміт ақталсын 
Тату – тәтті бірлік болып қашанда 
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын. 

8. Тәуелсіздік еліміз ( Аблайхан)

Мәңгі жасар жеріміз

Тәуелсіздік жасаған

Аға, Әпкелеріміз.

Слайд: Желтоқсан оқиғасы

Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат Рысқұлбеков. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды. 
Ерлігіңе қуанам да, сүйінем, 
Қайрат аға рухыңа мен иілем. 
Бәйшешектің солғанына ах ұрсам, 
Әділ жанның қазасына күйінем. 
Қазір сіздердің назарларыңызға желтоқсан оқиғасында әділдік үшін күрескендердің бірі – Қайрат Рысқұлбеков, ендеше Қайрат жайындағы көріністен үзінді тамашалаңыздар. 



КӨРІНІС 

Али: Кезекші -Заключенный Рысқулбекова на дапрос. (Қайратты алдына салып ,тергеу бөлмесіне әкеледі).

Аңсар: Тергеуші - айыпты Рұсқұлбеков. Халық жасақшысы Совицкийді өлтірген сен бе?

Нұрали: Қайрат Рұсқұлбеков- Жоқ мен емес.

Аңсар: Сен өлтіргенсің. Мойныңа ал.

Нұрали: Қайрат Рұсқұлбеков Мен өлтіргем жоқ. Өтірік жала жаппаңдар!

Аңсар:Тергеуші: кінәні мойына аласын ба?

Нұрали: Қайрат -жоқ

Аңсар:Тергеуші - ендеше мен сені ату жазасына қиям

Нұрали: Қайрат- тоқтандар айтатын ақтық сөзім бар.

Нұрали:

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар,

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең алыңдар.

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар,

ерек тоқты құрбандық.

Атам десең атыңдар!

Осыдан 20 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан. 
Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. 
Бас алаңда ел жосқан, 
Жастар қаны жуған түн. 
16 желтоқсан- 
Тәуелсіздік туған күн! 

-Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз. 
Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар. 

Би : Жаса Қазақстан

Мақал –мәтел «Отан туралы»

Тәрбеші : Отан туралы қандай мақал - мәтел білесіңдер?
1. Еркежан - Туған жердей жер болмас. Туған елдей ел болмас.
2. Анель - Отан отбасынан басталады.

- Дұрыс, балалар, Отан дегеніміз – адамның туып - өскен жері, туған туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын мекені. Ал, қазір бәріміз Тәуелсіз Отанымызға тағы бір мәрте құрмет көрсетіп, «Жаса Қазақстан» әнін орындайық.

Ән: Жаса Қазақстан (Бауыржан)

Тақпақ: Рәміздер туралы

Бауыржан : Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбәт, әдемі
Танығандай көңілді
Ортада аспан әлемі.

Әли : Құт береке шаңырақ
Орын алған ол төрден
Қанаты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген

Аңсар:Қазақстан елімнің
Жеке дербес туы бар
Елдің ашық көңілі
Сол туынан көрінер.

Қорытынды: - Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:
Өткеніңді еске алсаң,
Өскеніңнің белгісі.
Өткеніңді ұмытсаң,
Өшкеніңнің белгісі,
- деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Еліміздің егеменді ресми белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!
Би: «Қара жорға».








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2019
792
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі