жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
№172 мектеп-гимназиясы
6-сыныптардың оқушылары мен ата-аналарының арасындағы «Отбасы-бақыт мекені» атты сыныптан тыс іс-шараның жоспары
Психологиялық ахуал туғызу
Қайырлы
күн қадірменді жыр сүйер қауым!
Қазақтың
қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен
қайнап шыққан асыл жырларымен қалың
жұртшылықтың махаббатына бөленген
Мұқағали Мақатаевтың 89 жылдық мерейтойына
арналған «Отбасы-бақыт
мекені»
атты сайысымызға қош келдіңіздер! Ендеше
сайысымызды бастамас бұрын ортаға
шаттық шеңберін құрып алайық. Өздеріңізді
есімдеріңіздің бас әріпінен басталатын
жақсы қасиеттеріңізді айтумен бастайық.
Мысалы: Алмас-ақылды.
Керемет!
Енді топқа бөлініп алайық. Ол үшін қағаз қиындыларын аламыз. Қағаз қиындыларындағы ақын өлеңі бойынша топқа бөлінеміз. Ақын өлеңдері «Шеше сен бақыттысың», «Әке», «Ақ кимешек көрінсе». Алдарыңызда әдемі жүрекшелерде адамның асыл қасиеттері жазылған. Ал біз сол қасиеттерді ата-аналарымыздан аламыз. Олар Сыйластық, Жанашырлық, Мейірімділік. Әр топтан бір оқушы топта құралған өлеңді мәнерлеп жатқа жалғастырып оқиды
«Шеше сен бақыттысың»
Шеше,
Сен
бақыттысың!
Жыламағын.
Жай
түсіп жатқанда да құламадың.
Тәңіріңнен
мен едім ғой сұрағаның,
Сондықтан
жыламағын, жыламағын!
Бармын
ғой,
Тірімін
ғой,
Қасыңдамын.
Өлмеймін,
мен өзіңдей асылданмын!
Таусылып,
өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы
берекеңді қашырмағын!
Мен
сенің қанықпын ғой көз жасыңа,
Өзім
кепіл тот басып тозбасыма.
Екі
жыр жазсам саған бірін арнап,
«Шеше»
деп жаздым ылғи сөз басына.
(Тәңірім
кеше көрсін кесірімді.)
Аспанға
жазам сенің есіміңді!!! Шеше! Сен
бақыттысың,
тербете
бер,
Құба
талдаи иілген бесігімді...
«Әке»
Әке, сенің жасыңнан асып барам.
Кезі-кезі келгенде тасып та алам,
Кезі-кезі келгенде жасып қалам,
Мына өмірге, бәрібір, ғашық балаң.
Құры алақан емеспін қуаныштан,
Қуаныштар алдымда құрақ ұшқан.
Бір арыстан өмірден өткенімен,
Өмір сүріп келеді тірі арыстан.
Өкінбе, әке, отың бар сөнбейтұғын,
Ол мәңгілік жанады көрмей тыным.
Ұрпағың бар, ел менен ер намысын,
Тірі тұрса, қолынан бермейтұғын.
Әже, сен бірге жүрсің меніменен,
Өліге мен өзіңді телімегем.
Ақ кимешек киген бір кемпір көрсем,
Ақ кимешек астынан сені көрем.
Өңі-түсі өзіңнен бір аумайды,
Немересін ертпесе жүре алмайды.
Таныс дауыс, таныс сөз, таныс мәсі,
Көзіме оттай басылып, алаулайды.
Аппақтығы ұқсайды әрінің де,
Әжімің де, аумайды тәлімің де.
...Әлемдегі әженің бәрі бір ме?!
Әже, сен тірі екенсің әлі күнге.
Қия өтпейді...
Ұқсайды ізеті де,
(Ізетсізді бұлар да түзетуде.)
Бұлар да бабасынан алып қалған,
Өз жұртының дәстүрін күзетуде.
Әже, сен бірге жүрсің меніменен,
Өліге мен өзіңді телімегем.
...Ақ кимешек көрінсе, сені көрем,
Ақ кимешек жоғалса...
Нені көрем???
Бір-бірімізбен танысып алсақ, бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейік.
1-кезең Қызықты сұрақтар
«Ақырын жүріп, анық бас» әдісі арқылы жүзеге асады
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмір жолы, шығармашылығынан сұрақтар қойылады.
«Ән»
2-кезең
Шығармашылық тапсырма, топпен жұмыс
1-топ: Ақын өлеңдеріне сурет салады (Табиғатқа арнаған өлеңдерін сурет салып жеткізеді)
2-топ: Дайын ұйқас түрлеріне өлең шумақтарын құрайды
3-топ: Ситуациялық сұрақтарға ақын өлеңі арқылы көрініс құрайды
Балаңыз спорт үйірмесіне қатысып жүр. Кезекті жарысына барып орын ала алмай, ұнжырғасы түсіп қайтты. Көңіл күйі мүлдем жоқ. Сіз қандай іс әрекетке көшесіз.
Ата-аналар өнері (өлең оқиды, ән айтады)
3-кезең «Мақалдың жалғасын табу» әдісі
Ата-ананың қадірін, балалы болғанда білерсің
Ағайынның қадірін жалалы болғанда білерсің
Сыйлағанның құлы бол
Ағайын тату болса, ат көп
Абысын тату болса, ас көп
Ат жақсысын мақта,
Адам жақсысын жақта
Адамның күні адаммен
Сырласуға дос жақсы ,
Сыйласуға жат жақсы
Мырза болмасаң да, мейірімді бол
Анаға қарап қыз өсер,
Әкеге қарап ұл өсер
Ана көрген тон пішер,
Әке көрген оқ жанар
Әке асқар тау
Ана қайнар бұлақ
Бала жағасындағы бұлақ
Адам сөйлескенше,
Жылқы кісінескенше
Баланы өскенше, немерені өлгенше бағасың
Соңы
Бала ата-анасымен бақытты, Ата-ана баласымен мәңгі жасайды. Балалар жыламасын, ата-ана уайымдамасын. Аспанымыз ашық, заманымыз тыныш болсын!
Кешімізді Мұқағали ақынның «Бақыт» деген әнімен аяқтаймыз.
«Отбасы - бақыт мекені»
6 сыныптар арасында оқушылар мен ата-аналар арасындағы сыныптан тыс іс-шара
Жауапты мұғалімдер: Бижанова Д.Қ.
Кезінде
ақиық ақын М. Мақатаев:
«Ақынмын
деп қалай мен айта аламын,
Халқымның
өз айтқанын қайталадым.
Күпі
киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен
жауып өзіне қайтарамын», - деп қарапайым
қазақтың қара өлеңінің жілігін шағып,
майын ішті. Дегенмен, өзінің әділ бағасын
ала алмай кеткен ақынның әділ таразысы
халық болды. Оны күллі халық сүйіп
оқыды. Мұқағали шын мәнінде, бір туар
екенін халыққа таныта білді.
2-жүргізуші:
Күй
ойнайды қазағымның қанында,
Күй
ойнайды қазағымның жанында,
Жүрегімнің,
жүрегінің дүрсілі
Күмдірлеген
домбырасы барында
1-жүргізуші:
Домбыра,
жүрегіммен үндес едің,
Өзіңмен
сырласымдай тілдесемін,
Бабамнан
қалған мұра сен болмасаң,
өмірдің
не екенін білмес едім.
Ән:
«Домбыра»
Орындайтын:
2-жүргізуші:
Көрер
едің
Шаламын ба, отпын ба
Білер
едің,
Ақынмын ба, жоқпын
ба?
Кектендірген хан Жәңгір де жоқ
мұнда,
Көктенетін Махамбетте жоқ
мұнда
1-жүргізуші:
Сырым
да осы,
Жырым да осы,
Алдыңда.
Байқашы
бір,
Бықсыдым ба, жандым ба?
Махаңдар
жоқ,
Махаңдардың сарқыты –
Мұқағали
Мақатаев бар мұнда , - деп бір күндік
сәуледей ағып өткен қазақ жырының шоқ
жұлдызы Мұқағали Мақатаевтың бүгін
туған күні.
1-оқушы:
Бүгін
менің туған күнім,
Ой бәлі-ай!
Мына
адамдар неге жатыр тойламай?!
Банкет
жасап берер едім өзім-ақ
Тәңірдің
бір жарытпай-ақ қойғаны-ай
Мына
дүние неге жатыр үндемей,
Алаулатып
тойдың шоғын үрлемей.
Құшақ-құшақ
гүл шоқтарын лақтырып,
«Мынау
шапан,
Мынау атың мін » демей.
Мына
жұртқа жақпады ма әлденем?!
Бекер
өмір сүргенім бе әлде мен?
Халқым,
Сенің
қасиетіңді білем деп,
Босқа өмірім
өтті ме екен әуремен?!
Айтамын
деп қуанышың, мұңыңды,
Басқа арнаға
бұрдым ба әлде жырымды?!
Мен
бәрібір өзіңменен бір болам
Өзегінен
тепсең –дағы ұлыңды
Ұйымдастыру кезеңі. «Шаттық шеңбері»1-кезең.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген