Мұғалімнің
аты-жөні:
|
Ильясова
Х.Н.
|
Пән/Сынып:
|
қазақ тілі,
6-сынып
|
Күні
|
19.02.2025
|
Тарау немесе бөлім
атауы:
|
7-бөлім: Спорт. Белгілі спорт
жұлдыздары
|
Сабақтың
тақырыбы:
|
Қазақ күресі. Ырықсыз
етіс
|
Оқу
мақсаттары:
|
О1. Мәтіннен негізгі және
қосымша, детальді ақпараттарды анықтау,
түсіндіру;
ӘТН4. Етістіктің етіс түрлері
мен салт, сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін ауызша және
жазбаша тілдесім барысында
қолдану.
|
Сабақ
мақсаты:
|
«Қазақ күресі» мәтінінен
негізгі және қосымша, детальді ақпараттарды анықтайды,
түсіндіреді.
Ырықсыз етістің тіркесімдік
мүмкіндігін ауызша және жазбаша тілдесім барысында
қолданады.
|
Бағалау
критериі:
|
-
тыңдалған мәтін мазмұнын
түсінеді;
-
мәтіннен негізгі және қосымша,
детальді ақпаратты
анықтайды;
-
ырықсыз етісті
тілдесім барысында дұрыс
қолданады.
|
Саралап оқыту
тапсырмалары
|
Ұжымдық
жұмыс
Жаңа тақырыптың
түсіндірілуі
|
Бірлескен жұмыс (1, 2, 3, 4
тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс
жауапты ұсыну арқылы үйрету
|
Уақыты
|
Кезеңдері
|
Сабақтың
мазмұны
|
Мұғалімнің бақылауы мен
зерттеуі не?
|
Ресурстар
|
1
минут
|
Сабақтың
басы
|
Сәлеметсіңдер ме,
оқушылар?!
6-сыныптың қазақ тілі пәніне
қош келдіңіздер!
Бөлім тақырыбы:
«Спорт. Белгілі спорт
жұлдыздары»
Сабақтың тақырыбы: «Қазақ
күресі. Ырықсыз етіс»
Бүгінгі
сабақта:
Сенің
білетінің:
• Қажымұқан Мұңайтпасұлының
спорттық өмірбаянын
Сенің
меңгеретінің:
|
|
Слайд №1,2,3,
4
|
3-5
минут
|
Жаңа
сабақ
|


|
|
Слайд №5,
6
|
1-3
минут
|
Сабақтың
ортасы
|
Ойтүрткі
сұрақтары:
Суреттерді қалай
байланыстырар едіңдер? Қажымұқан туралы не
білесіңдер?

Мәтінді мұқият
тыңдаңдар
Қазақ
күресі
Қажымұқанның спорттық
өмірбаянында оның джу-джитсу күресі бойынша Жапония чемпионы
Саракаки Джиндофумен болған күресі айрықша орын алған. Бұл күрес
Токиода өткен еді.
Француз күресінен әлем
біріншілігінің ресми жабылуынан кейін бозкілем үстіне жапон палуаны
шығып, өзінің джу-джитсу күресі бойынша кез-келген палуанның
жауырынын жерге тигізетінін жария етеді. Бірақ бірде-бір палуан бұл
ұсынысты қабыл алмады, өйткені палуандар күрестің бұл түрінде
рұқсат етілмеген тәсілдер қолданылатынынан хабардар еді. Онда қолды
сындыруға, қол мен аяқты бұрауға, тістеуге, қылқындыру мен дене
мүшелерін ауыртатын күш қолдануға рұқсат
етілген. Осыған дейін кейбір
Еуропалық палуандардың өздеріне сенімді жапондарды тәубасына
түсіруге талпынған әрекеті керісінше өздерінің еліне мүгедек болып
қайтуымен аяқталғаны белгілі
еді.
Алғашқыда Қажымұқан залда
неліктен құлаққа ұрған танадай тыныштық орнағанын түсінбеді. Оған
жапон палуанының сөзін жеткізгенде, ол үстіндегі шапанын шешіп
жерге тастап, еш ойланбастан бозкілемге жүгіріп шықты. Жапондық
қарғып келіп Қажымұқанның құлағының бір бөлігін жұлып әкетіп, кері
шегінеді. Қажымұқан ыңғайлы бір сәтті дер кезінде пайдаланып,
жапондықты өзінің қарулы құшағына қысып алып, оны қатты екпінмен
кілемге лақтырды. Осылайша, жапондықтардың джу-джитсу күресі
бойынша ешкімге дес бермейтіндігі туралы аңызына
үлкен нүкте
қойылды. Жапон палуанының
Қажымұқанмен белдесуі ол үшін трагедиямен
аяқталды. Ол 6 айға жуық ауруханада
жатып, көз жұмады.
Мұның бәрі Қажымұқанның ең
әйгілі палуандырдың бірі болып, әлемнің атақты спортшыларымен бір
қатарда тұрғандығын көрсетсе керек. Кәсіпқой күрес сахнасында тер
төккен орыс палуандырының бірі кейінірек: «сол кездері бүкіл әлемде
қазақ батыры Қажымұқанның атағы жер жарып тұрды» - деп
жазды.
Е. Мұхиддинов «Қазақ
күресі»
1-тапсырма. Мәтін бойынша
бағандағы сөздерді мағынасына қарай
сәйкестендіріңдер

Дескрипторы:
Өзіңді
тексер!

2-тапсырма. Мәтіннен негізгі және
қосымша, детальді ақпараттарды тауып, кестені
толтыр.

Дескрипторы:
Өзіңді
тексер!

|
|
Слайд №7,
8
Слайд
№9
Слайд
№10
Слайд
№11
Слайд
№12
|
1-3
минут
|
|
3-тапсырма. Мәтіндегі
етістіктерді ырықсыз етіс тұлғасында
жаз.
Жария ету, қабыл алмау,
рұқсат ету, жұлып әкету, лақтыру, нүкте қою, аяқтау,
жазу
Дескрипторы:
Өзіңді
тексер!
Жария ету – жария етілді,
қабыл алмау – қабыл алынбады, рұқсат ету – рұқсат етілді, жұлып
әкету – жұлып әкетілді, лақтыру - лақтырылды, нүкте қою – нүкте
қойылды, аяқтау - аяқталды, жазу -
жазылды.
4-тапсырма. Етістіктің
ырықсыз етіс түрін қолданып, суреттегі іс-әрекеттерді сипаттап
айтыңдар.
Дескрипторы:
Өзіңді
тексер!

|
|
Слайд
№13
Слайд
№14
Слайд
№15
Слайд
№16
|
2
минут
|
Сабақтың
соңы
|
Бекіту:
-
Күш атасы – Қажымұқан туралы
мәлімет алдыңыздар.
-
Мәтіннен негізгі және қосымша,
детальді ақпараттарды
анықтадыңыздар.
-
Ырықсыз етістің жасалу жолын
меңгердіңіздер.
|
|
Слайд
№17
|
1
мин
|
|
Қосымша
тапсырма:
Қажымұқан Мұңайтпасұлы туралы
қосымша деректер ізде.
|
|
Слайд
№18
|