жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
№17 Талаптыға нұр жауар
Күні: 10.01.2019 жыл
Мектеп: Құрманғазы Сағырбайұлы ат жом
№17 Тақырыбы: Талаптыға нұр жауар
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: сыйластық, бақыт, мейірімділік, сүйіспеншілік, талаптану
Мұғалім: Г.Абуева
Сынып: 4 «ә,б,в» Оқушылар саны: 20-24
|
Сабақтың мақсаты: Талаптандыру, жаңа сабақты түсіндіру |
Ресурстар: Мультимедиялық тақта, оқулық,дәптер,мақал-мәтел,дәйексөз,маркер, аққағаз,гүл,жүрек,көбелек суреттері
Оқушылар көңіл күйін көтеру мақсатында |
|
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу ә) оқушылар назарын сабаққа аудару б) Тыныштық сәті -Балалар ыңғайланып отырып алыңдар да, терең дем алыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Өз денелеріңізді сезініңіздер және бос ұстаңыздар. Дене демалады,сана сезім сергиді.Өз денелеріңізді көз алдыңызға елестетіңіз...Басыңыздан бастап,аяғыңыздың ұшына дейін... Біз жақсы мен жаманның не екенін ажыратып,бойымыз жеңілдеп қалғандай.Бейне бір ақ түсті көбелекке ұқсап, ұшатын қанат пайда болғандай. Айналаға көз салсақ,тек қана әдемі, жақсы заттарға көзіміз түседі.Құлпырған гүлдер, оның маңында жақсы балалар...Олардың әрқайсысының жүзінде күлкі ойнайды. Жер бетіндегі барлық тірі зат біздерге:«Жақсы бала бол!» деп сыбырлағандай болады.Ал төбемізден нұр шашқан алтын күн бізге:«Жақсы болу өзіңнен»,деп қарайды.Ия,ия шынында да,көбелектер секілді әдемі болып,тек қана әдемі жерде жүру керек екен-ау!Біз барлығымыз да жақсы екенбіз ғой!Жақсы болу өзімізден екенін біз де сезінгендейміз. Ал,енді «бір,екі,үш»деп,бұрынғы қалпымызға келейік. |
|
|
Үй тапсырмасын тексеру |
|
|
Дәйексөзге тоқталу "Талаптан да білім мен өнер үйрен, Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл." Ш. Құдайбердиев Дәйексөздің мағынасын ашу. Хормен қайталату, дәптерге жазғызу. Ұл балалар қайталайды, қыздар қайталайды, сосын бәрі түгел хормен айтады. |
|
|
Әңгімелесу мәтінді әңгімелеп беру
Ертеде бір кісі баласын
әбден есіртіп,еркелетеді. Өсе келе тілі удай ащы, есерсоқ, бейәдеп
жігіт атанады. Жұрт безердей болғандықтан, оның қасына ешкім
жүрмеуге тырысады. Сұрақтар: - Баланың іс әрекетіне қарап, мінез құлқына қандай баға беруге болады? - Әкесі қандай айла ойлап тапты? - Бала өзін тежеп ұстауға қалай үйренді? - Әкесінің «Бұл саған өмірлік сабақ болсын» дегенін қалай түсіндіңдер? _ Бала дұрыс әрекет жасады деп ойлайсыңдар ма? |
Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды. |
|
Шығармашылық жұмыс Талапты бала боламын. Эссе. |
Оқушылар тапсырмаларды орындайды |
|
Топпен ән айту «Талапты бала боламын» |
Әнді ерекше көңілмен айтып,сергиді |
|
Дәптермен жұмыс: дәптерде тапсырмаларды өз беттерінше орындайды. |
Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды |
|
Үй тапсырмасы: Мәтінді оқып түсінік айту |
Күнделіктеріне жазады. |
|
Соңғы тыныштық сәті:
|
Оқушылар көздерін жұмып демалады. |
Оқу ісінің меңгерушісі: Л.Қалиева
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген