Өмірбаян – жеке адамның өмір жолы хронологиялық
тәртіпте қысқаша жасалған ресми
құжат
Оның 3 түрі
бар:
Біріншісі- адамның өз өмірі
мен қызметі туралы баяндауы. Бұл көбінесе қызметке орналасу
кезіндегі жеке іс қағазына қоса тігілу үшін
жазылады.
Екіншісі- мемуарлар, яғни
акын, жазушылардың, өнер, қоғам қайраткерлерінің өз өмірін қоғам
өмірімен байланыстыра
баяндауы.
Өмірбаянның үшінші түрінде
қоғамға белгілі қайраткерлердің өмірі мен шығармашылық, саяси
қызметтері өз тарапынан емес, басқа біреулер тарапынан
баяндалады.
Қызығушылықты
ояту

Балалар, суретте кім
бейнеленген?
Балуан атамыз туралы не
білесіңдер?
Дұрыс айтасыңдар, оқушылар.
Суретте әлемге күрес өнері арқылы танылған қазақтың балуаны
Қажымұқан Мұңайтпасов бейнеленген. Қажымұқан Мұңайтпасов –қазақ
күресіндегі өзіндік орны бар әлем
чемпионы.
Енді, Қажымұқан Мұңайтпасов
туралы мәтінмен
танысайық.
1-тапсырма.
Берілген мәтінді мұқият
оқып, мәліметтерді іріктеп алыңдар да, Қажымұқан Мұңайтпасовтың
өмірбаянын жазыңдар.
Күш
атасы-Қажымұқан
Қажымұқан Мұңайтпасов 1883
жылы Ақмола облысы Қараөткел ауданында дүниеге келеді. Мұқан 18
жасында Петербург қаласындағы балуандар дайындайтын мектепте 2 жыл
білім алады.
1910 жылы Варшава қаласында
өткен халықаралық жарыста кіші алтын медальды, Америкада,
Аргентинаның астанасы Буэнос- Айрес қаласында еркін күрестен үлкен
алтын медальды жеңіп алады.
1911 жылы Мұқан Стамбулда
түріктің атақты балуаны Нұрлыны жығады, сол кезде «қажы» атағына ие
болып, Қажымұқан атанады. Саратов қаласында ашылған ағайынды
Никитиндер циркінде қазақ батыры бірінші рет осы «Қажымұқан» деген
атпен күреске шыққан. Бұдан әрі балуан Тегеран мен Кабулда, Мекке
мен Мединада өткен жарыстарда жеңістерге жетті. 1913 және 1914
жылдары Тройцк пен Парижде өткен жарыстарда әлем чемпионы
болды.
1927 жылы Қ.Мұңайтпасовқа
«Қазақ даласының батыры» деген атақ берілді. Спорт өнері жолында
Қажымұқан 148 алтын, күміс, қола медаль алған екен. Алып күш иесі
Қажымұқан 1948 жылы 12 тамызда қайтыс болды. Республикамыздың
бірнеше қалаларында Қажымұқан атындағы көше
бар.
(«Әлемдік және ұлттық спорт
ойындары»)
Дескрипторы:
-мәтінді мұқият
оқиды;
-мәліметтерді
іріктейді;
-өмірбаян
жазады.
Өзіңді тексер! Ықтимал
жауап:
Өмірбаян Қажымұқан Мұңайтпасов 1883
жылы Ақмола облысы Қараөткел ауданында туған. 18 жасында Петербург
қаласындағы күрес мектебінде білім алады.
1910 жылы Варшава қаласында өткен халықаралық жарыста кіші алтын
медальды, Америкада, Аргентинаның астанасы Буэнос- Айрес қаласында
еркін күрестен үлкен алтын медальды жеңіп алады.
1911 жылы Мұқан Стамбулда түріктің атақты балуаны Нұрлыны жығып,
«қажы» атағына ие болады да, Қажымұқан атанады.
1913 және 1914 жылдары Троицк пен Парижде өткен жарыстарда әлем
чемпионы болды.
1927 жылы Қ.Мұңайтпасовқа «Қазақ даласының батыры» деген атақ
берілді.
Қажымұқан Мұңайтпасов - күрестен 148 алтын, күміс, қола медаль
иегері.
Алып күш иесі Қажымұқан 1948 жылы 12 тамызда қайтыс болды.
Республикамыздың бірнеше қалаларында Қажымқұқан Мұңайтпасовтың
атымен аталған көшелер бар.
Тілдік
бағдар.

2-тапсырма. Қажымұқан Мұңайтпасов
туралы мәліметтерді кірістіре отырып, диалог жазыңдар. Жазба
жұмысында етістіктің етіс түрлерін
қолданыңдар.
Дескрипторы:
-жазбаша диалог құрайды;
-етістіктің етіс түрлерін
қолданады.
Өзіңді тексер! Ықтимал
жауап:
-Сәлем, Самат
-Сәлеметсің бе, Айдар? Қалың қалай?
-Самат, мұғалім бүгін бізге Қажымұқан атамыз туралы сабақ
өткізді. Сен Қажымұқан кім екенін
білесің бе?
-Иә, Айдар, білемін. Өткен жылы атам Қажымұқан Мұңайтпасов туралы
кітап оқытқызған болатын.
-Қажымұқан атамыз күрестің шебері болып, талай жеңіс иегері екенін
білгенімде, қуанышымды балалармен
бөліскім келгенін
жеткізбек едім.
-Айдар, мен де Қалмұқан Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» романын оқыған
кезде, осы шығарманы оқытқан атама риза болғанмын.
Осындай алып күшке ие болған балуанның қазақтың атын шет елдерге
жеткізгені-ұлт мақтанышы.
-Самат, біз де уақытымызды босқа өткізбей, күрес үйірмесіне қатысып,
шеберлікті меңгерту
әдістерін үйренсек деймін.
-Сенің ұсынысың ұнап тұр. Бос уақытымызды күреспен
өткізейік те, еліміздің даңқын
көтерісуге үлес
қосайық.
3-тапсырма. Берілген етістіктің етіс
түрлерін ұяшықтарға бөліп, жіктеп жазып
шығыңдар.
Өткізді, салысты, таранды,
отырғызды, сүртілді, сұрасты, жинасты, көрінді, бекіттірді,
айтылды, жиналды
,жуынды.
Өздік
етіс
|
Өзгелік
етіс
|
|
|
Ырықсыз
етіс
|
Ортақ
етіс
|
|
|
Дескрипторы:
-сөздерді
оқиды;
-етіс түрлерін
іріктейді;
-кестеге
жазады.
Өзіңді
тексер!
Өздік
етіс
|
Өзгелік
етіс
|
таранды
көрінді
жуынды
|
өткізді
отырғызды
бекіттірді
|
Ырықсыз
етіс
|
Ортақ
етіс
|
сүртілді
жиналды
айтылды
|
салысты
жинасты
сұрасты
|
|