жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1960-90 жылдардағы әдебиет
1.«Жанталас» романында Бұхар жырау айтқан тарихи аңыздың бірінен жазыңыз
І.Есенберлин Бұқар жыраудың хан Абылайдың жаршысы бола жүріп, халықтың көзі мен құлағы болғанын, бәрінен бұрын жеке басының абыройы мен мансабын ойлағанымен, қазақ елінің болашағын бәрінен жоғары қоятындығы ерекше бейнеленген.
Бұқар жырау бейнесінің басты қыры ашылатыны романның эпилогында берілген. Абылайдың таққа отырғанына отыз жылдай болған уақыт. Ел қорғаған батырлар Бөгенбай, Олжабай дүниеден өтіп, Абылай да ауыр науқастық күй кешуде болатын. Қасында отырған Бұқар жырау ханның соңғы сөзін естіп, арманын айтып қалуды сұрағанда, үш жүздің басын қосқан ардақты Абылайдың арманы - қан майданда өлу еді. Жыраудың келесі сауалы да романның негізгі мақсатынан туындағандай.
«-Иә, Абылай, -деді сөзді әріден толғап, - елу жылдан астам ат үстінде болдың. Батыр да атандың, ақыры хан тағына да отырдың. Бірақ соның бәрінен не қалды?
Сенің осылай дейтініңді сезетін едім, - Абылай езу тартқандай болды, - рас, хан тағына жету үшін мен ұзақ һәм бұралаң жол бастым. .. Бірақ сол хан тағы маған не үшін керек еді? Осы сұраққа көңіл күйім тағы бір қасірет шеккен күні жауап берейін деп едім ғой. Сол күн туған секілді... Адамға өлімнен артық қасірет бар ма? Ал тыңда.. Иә, хандық құру, тек мансапқорлықтан туды ма сол арман? Жоқ, Бұқар аға, онда сен мені білмегенің. Ұлы хан тағына отырсам, қазақ елін өзімнің дегеніме жеткізсем, деп ойлағам...
Абылай, - деді Бұқар жырау, - өмірде қиындықта да, қызықты да көп көрдің, ал сонда қандай өкінішің бар?
Өкінішім, - деді Абылай күрсініп. - Өз басымның өкініші үш жүздің басын қоса алмадым; аз елге хан болдым. Қазаққа мал емшегін емізгенмен, жер емшегін емізе алмадым. Жер деген алтын қазына ғой. Екі тепе сулы жері бар өзбек, екі үйір жылқысы бар қазақтан бай тұрады. Және жұттан да, қуаңшылықтан да қорықпайды. Ал мен жаудан қазақтың жері біткенін қорғаймын деп жүргенімде, дүние құрғыр өтіп кетіпті ғой, білмей қалдым..»
І.Есенберлиннің «Жанталас» туындысында бейнеленген кесек тұлғалар бастауында Бұқар жырау бейнесін атаймыз. Бас қаһарман аңыз, жыр, жыраулардың толғаулары арқылы халық санасынан орын алған бейне болатын. Сол фольклор туындыларында қалыптасқан эпикалық бейнені төмендетіп алмай, оған реалистік нақтылық, даралық келбет дарыту оңай емес.
«Бес ғасырлық халық тарихына әр қырынан келіп, тарихи тұлғаларды сомдауда соны серпіліс танытқан І.Есенберлиннің «Жанталасы» - ақын-жыраулар бейнесін жасаудағы тарихи прозадағы ізденіс нышаны» [5, 3] болып табылатыны сөзсіз.
Біз тоқталып отырған романның жанрлық сипаты да ерекше болып келеді. Көптеген тарихи оқиға мен шынайы кейіпкерлерді шетінен толық суреттеу бір шығарма көлемінде мүмкін еместігін ескерген автор негізгі күшті баяндау мен айтушыға салады. Бірақ бұл құрғақ баяндау емес, бояулы, нақышты, адам мінезі мен әрекетінің тупкі сырын ашып көрсете алатын күрделі әрі ғибратты туынды болып саналады. Қаһармандардың тур келбеті де, сөйлеген сөзі де ойы да, тартыс үстіндегі қайшылықты күресі де осы бір «баяндау сарынына» сыйып, романның көтерген жүгін айқындап тұр. «Жанталас» романының бүкіл оқиғалық, сипаттамалық талдау, көркемдеу жүгін екі ғана айтушы - автор мен шежіреші Бұқар жырау әңгімесі даралап көрсетеді. Осыдан барып шығармада айтушы қызметі маңызды орынға шығып, романдағы тарихи сипат көрінісі лирикалық шегініс арқылы шежіре мен сол кездің басты проблемасы іштей қабысып, ел мен жер үшін құрбан болған батырлар мен айбарлы хан бейнесі шынайы көркемділікпен басты фонда орын алған. Бұл ретте жазушының ауыз әдебиетінің өміршең дәстурлерінен үйрене білгендігін атап айтар едік [6,160]. Түркі-монғол халықтарында ертеде эпосты, жырды бір емес, екі жыршы қатар айтатын, бірін - бірі толықтырып, кезектесе сөйлейтін дәстүр болған. «Жанталас» романында тарихи оқиғаларды кейде Бұқар жырау, кейде автор жалғап, өрбітіп отыратындығы сол фольклор тәсілін пайдаланғандай эсер қалдырады. Бірақ, туындының құрылысы мен сюжеттік шешімінде фольклордан дарыған әдістер кездескенімен, талдау, мінездеу, даралау тәсілі реалистік әдебиет үлгісінде жаңаша сипатта өрбіген. Эпосты туғызған дәуірдің қайталанбайтыны секілді, оның көркемдеу тәсілдері де жалаң көшірілмейтіні белгілі. Әрбір қаламгер өзінің алға қойған мақсатына, өмір материалының көлемі мен сипатына орай ауыз әдебиетінің бай қазынасынан үйренуі, ізденуі қажет екені белгілі. Осындай сәтті қолданылған көркемдік байланыс І.Есенберлиннің «Жанталас» романының тартымды болуына, көтерген жүгінің ұлттық негізден бастау алып, бірнеше ғасырдың шындығын көрсетуге көмектескен.
Ілияс Есенберлиннің «Жанталас» романында Бұхар жырау тарихи аңыздар мен халықтың ерлігі туралы әңгімелер айтады. Атап айтқанда, ол Қияқ пен Тұяқ батырлардың ерлігін ерекше атап өтеді. Бұл батырлардың ерліктері халықтың жүрегінде сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа аңыз ретінде айтылады. Құжатта Бұхар жырау олардың тарихтағы орны мен әділеттілік жолындағы күресін баяндап, халық арасындағы тарихи және рухани мұраны сақтауға ұмтылғанын сипаттайды.
2.«Жанталас» романынын екінші бөліміндегі оқиғалық айырмашылықтарды анықтаңыз
Ал шығарманың екінші бөлімі Әбілхайыр, Бөгенбай бастаған қазақ қолының Ордабасы деген жерде жоңғарларға күйрете соққы бергеніне, Бүхардың Тәуекел хан заманынан айтқан әңгімесіне, Әбілхайырдың орыс патшалығының қол астына кіріп, әрі елдің тыныштығын сақтау, әрі өзі бүкіл қазаққа хан болмақ әрекетіне, ақырында ол арманына толық жете алмай, патша әкімдерінің ойыншығына айналғанына, саяси аренаға оның ұлы Нұралының шыққанына, Барақ сынды бақталас сұлтанның Әбілхайырды өлтіргеніне, қысқасы, жоңғар шабуылының салдары қазақ қауымын қандай тың бетбұрысқа итермелегенін көрсетуге арналған. Романның соңғьг^ үшінші бөлімінде Абылайдың және оның батырларының жоңғар мен Қоқан билеушілерінен қазақ жерін азат ету жолындағы ауыр, даңқты күрестері, Абылайдың дербес қазақ хандығын бүтін, тәуелсіз етіп ұстап тұруға бағытталған істері нақты көрсетілген. Шығарма ақыры Абылайдың дүниеден қайтар алдындағы Бұхар жыраумен диалогы берілумен бітеді.
Сонымен «Жанталас» романында қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы XVIII ғасырдағы азаттық күресінің шешуші кезеңдері, сол күрестің негізгі күштері, қазақ елінің саяси-әлеуметтік ахуалы, ішкі қайшылықтар, сыртқы жаулар, әсіресе, қытай богдыхан-дарының жыртқыштық, арандатушылық саясаты, ар, намыс, өмір үшін кескілескен ұрыстарда қазақ халқының өз тәуелсіздігін қорғауға қажыр, қайрат таба білгендігі, осы оқиғалар тсында қол бастайтын қаһармандар өсіп, жетіліп шыққандығы туралы тарихи көп мағлұмат келтірілген. Оның үстіне Бұхар жыраудың төрт дүркін әңгімесі арқылы Хақназар, Тәуекел, Есім хандар кезіндегі қазақ елінің ахуалы, үздіксіз, жанталас соғыстар, сыртқы жаулардың толассыз шабуылы, халықтың дүшпаңдарын жеңіп отырғандығы туралы тарихи шындыққа сәйкес деректер берілген. Сонда «Жанталас» романы тек XVIII ғасыр оқиғаларымен шегерілмей, одан арғы екі ғасырдың да басты оқиғаларын қамтыған болып шығады. Міне, осындай үш ғасырға жуық қезеңнің күрделі істерін бір кітап көлемінде көрсету дегеннің қаншалық күрделі екенін аңғару қиын емес. Романның өзіндік жанры мен композициясын сөз еткенде, есте болар жайдың бірі осы.
3.«Телқоңыр» әңгімесіндегі, «Телқоңыр» күйінің шығуына себеп болған оқиғаны жазыңыз.
Қазақпен моңғол жауласып тұрған ерте кезде екі жетім бала болыпты. Екі жетімнің үлкені ештемемен шатағы жоқ жуас екен де, кішісі пысық, ән құмар, әрнеге әуес, домбырашы екен. Талапты жастың той-томалаққа барып өз өнерін көрсетуіне қолы қысқалық ете беріпті. Ауылдас бардам адамдардан бірер тайдың терін сұраса да, алмайды екен. Бір күні ол ағасына:
— Біз бүйтіп жүре бермейік, үйде көміліп отырғанша, Алтайдың арғы бетіне барып, бұтартар тауып келейік! депті. Ағасы да бұған мақұл болып, екеуі Алтайдың арғы бетіне жол алыпты. Екі жаяу жол бойы ел қыдыра ұзақ жүріп он бес күн дегенде, Саржайлауда жатқан қалқа еліне барыпты. Олар бір төбенің басына шыға келсе, құнан шаптырым жерде жазыққа қатар тігулі екі үй тұрады. Үйдің бірі алты қанат ақ боз үй де, енді бірі отау үй екен. Екі үйдің ортасына тартылған кермеде екі жылқы байлаулы тұрады. Екеуі әлгі жылқыны алуға торуылдап, көз байланар шақта ағасын әлгі төбеде қалдырып, інісі үй маңына барса, кермеде басына шылдырмақты ноқта салынған, аяғы ақ кісенмен кісенделген бір-бірінен айыра танығысыз, қамыс құлақ, алма мойын екі қоңыр ат байлаулы тұрады. Кісендеулі атты алып кету мүмкін болмағандықтан, інісі ақыры ағасын ертіп отау үйге жайын ел аралап жүрген адам бейнесінде баруға жақындайды. Олар үй сыртына келіп жабықтан баспалап қараса, үй ішінде екі бойжеткен қыз «Телқоңырдың жүрісі олай емес» деп, таласып отырғанын көреді. Үйде бас көтерер үлкен адамның жоқ екенін білген екеуі, не болса да осы қыздармен тілдесейік, тел қоңырды қолға түсірудің орайы туылар ма екен деген үмітпен: «Ассалаумағалайкум!» деп үйге кіріп келеді. Сонда от басында отырған қыз аңырып отырып қалады да, біреуі қолындағы домбырасын жүкке сүйей салып, қазан жақтағы сырлы сүйек төсекке шығып отырады. Екеуі ибадатпен төрден орын алады, үсті-басы жұтаң, жүздері жүдеу екі бозбалаға сәнді киінген кербез қыздар көз қырын сала қоймайды. Сөз тартып жауап ала алмаған екі бозбаланың бірі жүкте сүйеулі тұрған үкілі домбыраны қолына алып құйқылжыта жөнеледі. Қыз күй сарынына іштей қатты ынтығып, ұйып тыңдап қалады. Әсем күй көңіл көбелегін қалықтатқан қос бойжеткен, ақыры қос бозбаланы іштей ұнатып қонақ етеді. Олардан: «Ертесі аттануды, осы түнді күймен аттыруды» өтінеді. Бұған жігіттер мақұлдық береді, таң шеті сөгіле бастағанда екі қыздың көзі ұйқыға кетеді. Осы сәтті тосқан екі бала кереге басында ілулі тұрған кісеннің кілтін алады да, кермедегі Телқоңырды босатып алып, ноқтасымен жайдақ мініп Алтайдың бергі бетіне бір- ақ тартады. Қыздар тәтті ұйқы құшағында қала береді.
Отау үйдің қасындағы үлкен үйде ат иесі ақ сақалды шал бар еді. Байлығы мен салтанаты асып тұрса да, ұл баласы болмаған шалдың бар бақыты екі қызы мен тайынан баптап өсірген тел қоңыр аты екен. Шалдың ендігі арманы осы тете өскен қызын тел қоңырға мінгізіп, тете өскен екі жігітке қосу болатын. Сондықтан шал қыздарына құда түсе келгендерге: «осы шартым орындалса, қыздарымды қалыңсыз беремін», — деп сөз береді. Бірақ мұндай жер шыға қоймайды. Ағайынды жігіттер келген кезде шал қыздарына бөлек үй тіктіріп, өз алдарына сауық құрдырып қойған екен. Қыздар кейде тел қоңырмен саятқа шығып тұрса керек. Осы күні шал ерте намазға шыққанда, кермеде жаратулы тұратын тел қоңырды көре алмайды, үйге бейсауыт екі баланың келгенінен хабар тапқан шал:
— Е, Телқоңыр барар жеріне барып болған екен, бұйрығы болса кетпес, бұйырмаса келмес, алдырар күні жаздырар деген осы, енді Телқоңырды ұры әкеткенін елге дабыра етпей, хабарын үйден тосыңдар. «Сабыр түбі сары алтын», екі қызым қолымда тұрса, Телқоңыр қайта айналып қазығын табар, — деп бойын кеңге салып жата береді.
Жел тақым балалар желдей ескен жүйріктерімен ара қонып ауылына келіп те үлгеріпті. Сол кезде атақты бір байдың асы берілетін болып, төңіректің төрт бұрышына сауын айттырып «он атқа бәйге беремін, бас бәйгенің ауыздығына ат байлап, шабандозына асылдан шапан жабамын» деп хабар таратады. Екі жігіт тел қоңырларын осы бәйгеге қосуға баптайды. Күншілік жерге айдалған бәйгенің келетін уағы болып, елтөбеге топталып жолға телмірумен болады. Бір кезде қатар шыққан екі қара көрінеді. Әркім әртүрлі жорып, ел іші гулесіп жатады. Осыдан кейін байлар мен билер тел қоңырға ер-азаматтың құнын беріп сатып алмақ болады. Бірақ екі жетім тел қоңыр:
— Телқоңыр басымызға келген қонақ, нағашымыздың бәсіресі, сата алмаймыз, — дейді. Сөйтіп, қоңырдың бәйгесімен қорасына қой, өрісіне жылқы сала бастайды. Өстіп жүргенде ұлы той болып айтулы ат бәйгесі болады екен, бас бәйгесіне бес жүз қой атапты деген хабар таралады. Даяшы жігіттер оларды алдарынан шығып шеткері бір үйге түсіреді. Олар бәйгенің ертең айдалатынын айтады. Бірақ тел қоңыр мама ағашқа да тыныш тұрмайды. Екі жігіт аттарының бұл қылығына қайран қалады, ауаша байламақ болып шешіп алғанда, Телқоңыр оларды сүзе сүйреп, ауыл ортасындағы үлкен ақ боз үйдің белдеуіне бір-ақ барып тоқтайды. Төр алдын құралай отырғандарға құймалы сырлы тегенедегі сары қымызды шыбар қайыңнан жасалған қос басты ағаш шығырықты ожаумен көтере-көтере сапырып құйып отырған қара торы жігіт қана бір-бір шыныдан қымыз ұсынады. Отырғандардың ішінен аласа бойлы біреу жантайған қалпы басын көтерместен, есіктен кіріп-шығып жүрген той басқарушыға:
— Мына екеуі қай атаның билері екен менімен дастарқандас болатын, білгім келіп отыр? — дейді кекесінді пішінмен мысқылай сөйлеп. Сонда үйдің қақ төрінде отырған орта бойлы би басын көтеріп:
— Киімі жаман болғанымен кеспірі түзу жігіттер екен, қайдан білесің, өнері ішіндегі біреу ме? Дәм айдап дастарханымызға келген шығар, Оларға да кезек беріңдер! Көрсетсін өнері болса, — дейді кезекпен ән шырқап, домбыра шертіп сыбызғы тартып отырған өнерпаздарға қарап. Қолдан-қолға өтіп отырған домбыра ең соңында екі жігітке де тиіпті. «Қолыма домбыра бір тисе» деп бағанадан шыдамы таусылып отырған жігіт домбыраны құлақ күйіне келтіріп алып, бірде құйғытып, бірде шымырлата баяулатып, бірде шалқыта әуелетіп күйге басқанда,
отырғандар дән риза болып, оларға қымыз ұсынып «бәрекелді» айтыпты. Күмбірлете әуелеткенде бағанадан ел аңысын аңдап төсекте жатқан ақ мақтадай кәрия:
— Ой, қайран тел қоңырым-ай, қайта айналып қазығыңды тапқан екенсің ғой, Құдай айдап белдеуіме қайта байланған екен ғой! — деп басын жастықтан жұлып алыпты. Сонда отырғандар:
Тегінде, Телқоңырды екі бала алып кетіпті деген сөз бар еді ғой, мына екеуі солар болар болып жүрмесін. Айтыңдаршы растарыңды, өздерің қай ауылдан не ғып жүрген азаматсыңдар? — деп енді екеуінің жөнін сұрауға көшіпті. Өздерінің Телқоңырды қалай алып кеткені жайындағы бар болмысты баяндап, кәриядан кешірім сұрайды. Сонда кәрия:
— «Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш» деген екен атаң қазақ, кештім күнәларыңды. Осы ауылға неге келгендеріңді де біліп отырмын, тілеген тілеуім орындалды. Үлкен қызымды үлкеніңе, кішіңе кіші қызымды атастырып, ақ батамды бердім сендерге, той үстіне той болсын! — деп, алақанын жайып батасын берген екен. Міне, осы күй қазірге дейін осылай «Телқоңыр» атанып келеді.
4.«Теңізге тілек» өлеңінен екі шумақты жазыңыз
Теңіз!
Сенен ұлы болған емес бір ақын.
Жырың қандай, жырың қандай сұрапыл
Арасында бұрқыраған дүлейдің
Түн жамыла, жылап тұрып тілеймін:
Жүрегіңнің бөлшегін бер,
Өлеңіңнің өлшемін бер,
Ол аз десең өзімді де ал,
Толқыныңа аямай сал.
Я күйрейін, күл болайын,
Я теңізге айналайын!
5.«Аралдар» өлеңінен екі шумақты жазыңыз
Лапылдап барып өшті күн,
Таусылған тұсы еді айдың да.
Қоңырта келіп қонды түн
Жарқырап жатқан айдынға.
Қалт етпей қалдым мен тыста
Жанымды желге жайдым да.
Көздерін ашты маяктар
Қараңғы түнек қойнында.
6.Т.Молдағалиевтің «Қызық еді менің ұшқыр қиялым» -тармағынан басталатын шумақты толықтырып жазыңыз
Қызық еді менің ұшқыр қиялым,
Көкірегімде тасушы еді күй ағын.
Бұл сезімді жазу үшін, достарым,
Жүрек керек, керегі жоқ сияның.
О, махаббат, жауып тұрған қар ма едің,
Бақытты едім, бірақ саған жарлы едім.
О, махаббат, жаңбыр ма едің көктемгі,
Көрікті едің, көркем едің, әрлі едің.
Сол қалпыңда жүрегімде тұрсың сен,
Көкірегімнен дем боп шықтың, күрсінсем.
Көздерімнен жас боп шықтың жыласам,
Соны бірақ бір түсінбей жүрсің сен.
7.Еламан Аралдағы балықшылар промсолына қай оқиғадан кейін келгенін жазыңыз
Әлем әдебиеті өкілдерінің санатындағы қазақ әдебиетінің классигі Әбдіжәміл Нұрпейістің «Қан мен тер» атты эпикалық дәстүрдің үздік үлгілеріне жүгінген дәуірнамалық трилогиясында ХХ ғасыр ішіндегі тарихи-әлеуметтік, саяси-қоғамдық түбірлі өзгерістер, психологиялық қайшылықтар мен ғаламат оғаш оқиғалар, апалаң-топалаң, алағай да бұлағай сойқан заманның жаншошырлық көріністері, ел, халық, жер, теңіз тағдыры барша шындығымен шынайы, келісті жырланған. Отаршылдықтың қамытын мықтап киген, ноқталы күйге түскен ұстараның жүзінде, иненің ұшында тіршілік кешкен тұтастай қазақ жұртының өлшеусіз күйініш-қасіретін, тақсірет-тозағын айтқанда П.Я.Чаадаевтың философиялық хаттарындағы: «Россия бүкіл адамзат мойындайтын заңдарды, шарттарды, жарғыларды жұла тартып, бұра тартып, өзінің мұрат-мақсаттарына жұмсайды» дейтін жаны бар пікіріне бас шұлғисың. Азулы державаның қазақтың көргенді қауымын, зерделі, сәулетті қоғамын, Ұлы даланың асыл игіліктерін әлем-тапырық, жөн-жосықсыз халге түсіріп, ұлт тағдырын қуыршаққа айналдырғаны, ай мүйізді серкелерін «құлақ-шекеден соққы жеген жылқыдай қалтақбас» еткені «Қан мен тер» шығармасында зиялы оқырманның сай-сүйегін, жан-жүйесін солқылдата жазады. Бұл орайда Ресейдің ойшыл қайраткері Лев Аннинскийдің «Нұрпейісов романы – дала психологиясының энциклопедиясы. «Қан мен тер» – ұлттық ғарышқа тән мінездер галереясы» деуі қисынды, дұп-дұрыс.
Ғасыр кітабында алтын балық үйіріндей шоқтығы биік дара кейіпкерлер шоғыры бар: өсу, өркендеу жолында өнегелі, өрелі тұлға дәрежесіне жеткен ер мінезді, жаны ақ шүберектей Еламан, көзқарасы, танымы, ұстанымы ортақ, тағдырлас, мұраттас, тілеуқор Дос, Мөңке, Рай, Кәлендер; ақылды да айлакер, сері, жер түбінен ойлайтын Тәңірберген; оның ағасы «Қаратаз», «Қойлы таз» атанған мыңды айдаған дәулетті бай, болыс Құдайменде мен Алдаберген софы, маңдайының соры бес елі, өмірі шытырман-шырғалаңға толы, қара дауылға қарсы ұшқан қырандай қайсар, басына бұлт үйірілгіш, сүрінгіш, бейнетқор, ақ манардай Ақбала; суға батпайтын, отқа жанбайтын Судыр Ахмет, жақынды үйіріп, алысты қайырып, үзігіңді жалғап бүтіндейтін ел жақсылары «халық атасы» Есбол қария, қара емендей Сүйеу қарт, «аузы дуалы» Әліби, бейпіл ауыз Қарақатын, абзалдық пен адамгершілік қасиеттері жоғары Достың анасы ақылман Ақ кемпір, Алла мінсіз жаратқан лағыл-гауһар Айғанша, орыс саудагері Тентек Шодыр (Федоров), Курнос Иван мен татар саудагері Темірке, қазақ саудагері Ебейсін, жалшы Жалмұрат Шалқар шаһарындағы жұмысшы қозғалысы жетекшілерінің бірі – адуын өзімшіл, өктем, өркөкірек Мюльгаузен мен қарт жұмысшы Ознобин және т.с.с.
Иә, алуан-алуан кейіпкерлер, тағдырлар, характерлер, мінездер. Әрбір кейіпкердің болмысында, іс-әрекетінде, мінез-қылығында, дағды-машығында, көзқарасында, дүниетанымында халықтың әлеуметтік тағдыры бар. Тарихи-әлеуметтік, саяси-қоғамдық ортаның әсері, суреті бар. Ұлт суреткері Әбдіжәміл Нұрпейіс әрбір құбылыстың, әрбір оқиғаның, жағдаяттың бүге-шігесін, себебін, негізін ыждағаттайды, хас тамыршыдай дөп түседі.Мысалы, Еламанда тектілік бар. Әкесі Науан Сүйеу қызы Ақбаланы атастырады. Ол Құдайменденің жылқысын бақты. Бірде Құдайменденің Ұлы құм бойындағы құдасынан қалап алған жел жетпес жүйрігінің қарнын көкжал қасқыр жарып кеткенде Құдайменде:
– Әй, ит! Сен үйірге салатын айғырым ба едің?
Сен менің жылқышым бола-сың, – деп ақырып, Еламанды қамшымен қақ бастан тартып жіберіпті».
Еламан да бурадай буырқанып, шамырқанып атына қарғып мініп, Құдаймендеге барыстай атылған екен.
– Әй, Құдайменде!.. Жылқың әне! Дүние кезек. Күнім туса, көрермін, – деді де, Еламан ат басын бұрып, құйындатып, ала жөнелді».
Енді Еламанның өмір жолы басқа бір арнаға ойысты. Промсал ашқан оралдық бай орыс Тентек Шодырға жалданды. Орыс-герман соғысы тұтанып, балықтың бағасы да шарықтап кеткен еді.
Балықшылар Еламан, Мөңке, Рай, Дос, Құлтума теңіз үстінде. Балық тапсыратын сарай – мұзқала бар. Теңіз – қазақ жерінде, игіліктері – жат қолында. Балықшылар бір асымдық балық алса, Федоровтікі деп.
– Бұл жаққа мен иман іздеп келгем жоқ, – Ендігі жерде менен ұлықсатсыз бір шабақ алмайсыңдар – дейтін.
Тентек Шодырдың балықшыларды қорлауы, масқаралауы төтенше еді. Мысалы, Мөңке мен Әлиза шиеттей тоғыз бүлдіршінін жер қойнына беріп, енді сүт кенжесінің шырағы сөнгенде жерлеуге де мұрсат бермей, Тентек Шодыр оспадарлық жасап, балықшыларды мұз үстіне шығармақшы болып, сүзеген бұқадай Еламанның ар-намысына тиіп: «Аз-и-ат! Дикарь!» деп жағынан осып жібергені бар.
Жел қуған қаңбақтай Тентек Шодырдың жайын жас офицер Федоров былайша пайымдайды: «Енді бақса... әкесі байғұс, керек десе көзі тіріде адамға ұқсап дұрыс өмір сүрмепті. Қатын, бала анда, өзі бұнда. Ат аяғы жетпейтін қу далада тілі, діні бөлек жабайы халық арасында есіл-дерті мал табам, бай болам деп жанын жалдап жүргенде, ақырында кісі қолынан қаза тапты. Сүйегі далада қалды. Күл шыққандай, өлігін де ауыл сыртындағы төбенің басына апарып, тізеден қазған шұқырға көме салыпты. Қабір басына шанышқан ағаш кресті де осы ауылдың түйелері сүйкеніп құлатып кетіпті».
Сөз зергері Ә.Нұрпейіс жас офицердің түрін, кескінін, кекесінін, өзімшілдігін және Құдайменде, Темірке, Ақсақ Жагорлардың «жел соққан қамыстай жапырылып, иіліп-бүгіліп» жатқанын қызғылықты суреттейді.
«Қан мен тер» ұлттық эпопеясының бірінші кітабы «Ымыртта» Құдайменденің болыс сайлануы, Тәңірбергеннің әкесі Абыралы найзагер мен Еламанның әкесі Науанның айқасы, Мөңке қасіреті, Кәленнің Құдаймендені жуан дойырмен қақ бастан қақырата сілейтуі, Тәңірбергеннің болыс ағасы Қаратазға Кәленнің көзін жой деп кеңес беруі, олардың урядник алдында жалпақтауы және Кәлен мен Еламанды оңдырмай сөгуі, Кәлен, Мөңке, Тәңірбергеннің ұшырасуы, Пешір мен оқыған жігіт Жасағанбергеннің жалған айтуы, кей ретте Пешір бала Кәленді қол-аяғын матап ұстауға оқталғанда Жасағанбергеннің «Сені де халқың оқыған, көзі ашық азаматым дейді-ау! Орыс тілін сен өз әлсізіңді талау үшін үйренген екенсің ғой» деуі қандай әсерлі, Кәленнің тұлғасы мен істері туралы мәліметтер, серпіні сегіз Құдайменденің Ебейсін үйінде Кәленді соққыға жығуы, Еламанның Сібірге айдалуы, Тәңірбергеннің Ақбаланы үйіне кіргізіп алуы, Әлібидің қызы Бөбектің ұзатылу тойы, Ақ патшаның қазақ жігіттерін солдатқа алуы, Еламанның елге оралуы, Курнос Иванның қаныпезерлігі яғни бір бөшке қарамайды теңіз жағасындағы ел рыздығы қамысқа от қоюы, Ақ патшаның жазалаушы отрядының күлпаршасы шығып ойсырауы, Кәленнің әскери өнері мен өнегесі, Судыр Ахметтің Кәленді «Абылайша ақ киізге көтеріп хан сайламақ» ниетінің болуы үздік суреткерлікпен өрнектеледі.
«Сергелдең» романының тақырыптық, сюжеттік оқиғаларына ден қойсақ, мұнда қоңторғай халықтың атақонысынан ауа көшуі, жоқшылық, қайыршылық, тасбауырлық, неше түрлі алым-салықтың көбеюі (мысалы, ақ қой салығы), жұмысшылар ереуілі, он алтыншы жылы қара жұмысқа жегілген жігіттердің елге оралуы, Тәңірбергеннің Еламан мен Кәленнің көзін құртуы, Ақбаланың үсті-үстіне тағдырдың талқысына ұшырай беруі, безбүйрек Ебейсіннің Сүйеу қартты табалауы, «кісі көңілін әріден топшылайтын», «жер түбінен ойлайтын» Есбол қарияның Шалқарға Еламанды іздеп келуі, балықшылар ауылының қысқа күнде қырық қырқысып, береке-бірліктен айырылуы, Мюльгаузен мен Еламанның жаға жыртысуы, Селиванов Еламанды революциялық күреске тартпақшы еді, бірақ оған Еламанның көнбеуі, «ескі қыстау – елдің құты» дегендей Еламанның «Нелер заманнан ата-бабалар жайлап, ұрпақ өсірген, өскен, өнген жеріне» оралуы, ғазиз жандармен дидарласуы, Сүйеу қартпен амандасуы, түрікпендер қаһары, шапқыншылығы, дәстүрі суреткер Ә.Нұрпейіс тілімен айтқанда, «беті бір қатты заманның кейпі» кеңінен кемел сипатталады.Зобалаң заман, қан кешу, қазақтың қасиетті жеріне от пен судай шарпысқан ақтар мен қызылдардың өңмеңдеп, баса-көктеп халықты қанжоса қырғынға, ашаршылыққа, үркіншілікке, дағдарысқа ұшырату жайы «Күйреу» романында көркемдік қуатпен, өнерпаздық құлшыныспен жырланады. Дәуір даусындай романның басты кейіпкерлері – Мюльгаузен, орыс-түрік соғысында полк басқарған Хан – Дауров, Ознобин, Селиванов, Дьяков, генерал Чернов, ротмистр Рошаль және де адмирал Колчак (жазушы Колчак образын сомдау мақсатында Жоғарғы ставкада қызмет істеген генерал-лейтенант, барон Алексей Будбергтің күнделігіндегі мәліметтерді пайдаланған) пен Атаман Дутовтың әскери қимылдары турасында. Сонымен қатар сол бір заманның айғағындай, айнасындай, куәгеріндей «Күйреудің» көркемдік-эстетикалық мазмұны мен архитектоникалық-құрылымына жойқын қызмет жасайтын беломыртқаға лайық қаһармандар: Еламан, Ақбала, Тәңірберген, Жасағанберген бар. Оқиға осынау кейіпкерлердің қатысуымен өрістейді.
«Қан мен тер» трилогиясының көркемдік-стильдік бітімінде, суреткердің философиялық ойлау жүйесінде, сөз саптау мәдениетінде қымбат әсер тудырарлық, терең ойландырарлық, дүние-жалғанның, кейіпкер жанының ырғағын түсіндірерлік, заманның, қоғамның, тарихтың, ұлттық дүниетанымның, дәстүрдің мән-мағынасын ұқтырарлық мейлінше ішкі сырға, астарға, ишаратқа, иірімге, әуезге, суретке, пікірге бай барынша оралымды, көркемдік қуатқа кемел кесек-кесек, түйдек-түйдек поэзиялық сипаттаулар, меңзеулер, шендестірулер, салыстырулар, теңеулер, метафоралар, философиялық афоризмдер жеткілікті. Әбдіжәміл Нұрпейіс әрбір ой орамы, сөйлемі, сөз қолдану тәсілі ұшқыр түйсікке ие суреткерлік көзқарастан, философиялық жіті пайымнан, артықша зерделілік пен зеректіктен туындайды. Академик-жазушы Зейнолла Қабдоловтың көрсеткеніндей, Нұрпейісов трилогиясы «отанымыздың ғасырлық тарихының айнасы» деуінде көл-көсір сыр бар. Жазушының әрбір сөзінің көркемдік қызметі мен мақсаты да өзгеше. Осы орайда «Ымырт» романының құлақ күйі іспетті «...Бетім-ай!.. Масқара-ай!..» дейтін Қарақатынның жан дауысындай айбарлы айғайы шылбырын ұстатпайды. Егер де шығарманың тұтастай әлеуметтік-идеялық мазмұнына, заманның кесір-кесапаттарына, мыңдаған машақаттарына, халықтың трагедиясына ой көзімен барласақ, шынтуайттап келгенде, зарлы заманның сұлбасын елестететін налыс, сөгіс толғау.Әр кейіпкердің өзіндік болмысы, өзіндік көзқарасы, өзіндік байлам-түсінігі, өзіндік әрекеті, өзіндік дағды-машығы бар, өзіндік ойлау мен сөйлеу мәнері бар. Бұ да Әбеңнің роман жанрының көркемдік шарттарын, киелі ұлық қасиеттерін жүйрік меңгергендігінің дәлелі.
8.Ақын Бүркіттің адасуын суреттейтін шығармадағы басты себептерді топтастырыңыз
9.Егоров пен Құланды опат ететін кейіпкердің басты мақсаты мен шығармадағы алғашқы көрінісін топтастырыңыз
10.«Қилы адамдарға қилы-қилы тағдыр дайындай отыз бірінші жылдың аты шулы қысы да таянып келе жатты»- деген сөйлемнен басталатын шығарманың идеясын жазыңыз
Сафуан Шаймерденұлы 15 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы, Преснов ауданы (қазіргі Жамбыл ауданы), Аманкелді ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң, біршама уақыт өз ауылының орталау мектебінде мұғалім, Армия қатарында болды. 1942–1943 жж. Преснов аудандық комсомол хатшысы, 1942–1945 жж. «Ленин туы» газетінде тілші, әдеби қызметкер. 1950 жылы ҚазМУ-дің филология факультетін үздік бітірді. Содан кейін республикалық жастар газетінің Қарағанды облысы бойынша тілшісі, 1952 жылы «Әдебиет және искусство» журналының бөлім бастығы, Қазақстан Жазушылар одағы проза секциясының меңгерушісі, 1955 жылы «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары, 1958–1960 жж. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, 1970–1975 жж. Қазақ КСР Мәдениет министрлігі репертуарлық коллегиясының бастығы болған. «Болашаққа жол» атты алғашқы романы 1953 жылы жарық көрді. Бұл туынды кейін «Инеш» деген атпен орыс тіліне аударылды. «Өмір нұры» атты повестер цикліне тақырыбы, идеясы жағынан өзекті бір желі, бір нысанаға бағындырылған алты повесть – «Мезгіл», «Қарғаш», «Өмір нұры», «Ит ашуы», «Мәжнүн тал» – кірген. Олар шетел тілдеріне әлденеше рет аударылған.
«Қайдасың, Зарина?», «Қыр гүлі», «Әнім сен едің», «Марғау», «Төрт бойдақ, бір қыз», «Өкіл әке», «Түйе көтерген», «Аруана дүние» пьесалары көптеген қазақ театрларының сахнасында қойылып келеді.Үнді жазушысы Р.Тагордың «Күйреу», «Гәуірмақан» романдары мен «Алтын сағым» деген атпен жарық көрген әңгімелер жинағын, Л.Толстойдың «Альберт» повесін, беларусь драматургі А.Макаеноктың «Трибуналын», француз композиторы Эрве мен драматург А.Миляждың «Түлкі бикеш» комедиясын аударған. «Жыл құсы» повесі 1974 жылы ВЦСПС пен КСРО Жазушылар одағының жұмысшы тақырыбына арналған конкурсында жүлделі орынға ие болды. Ал Р.Тагордың «Күйреу» романының аудармасы үшін 1984 жылы Қазақстан Жазушылар одағының сыйлығын, «Ағалардың алақаны», «Әдеби толқындар» атты кітаптары үшін 1988 жылы республиканың Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығын алды. 1992 жылы Қазақстан Республикасы-ның Халық жазушысы құрметті атағына ие болды.
Жазушы повестерін оқи отырып, қаламгердің кейіпкерінің жан дүниесіндегі нәзік құбылыстарды дәл аңғарып, адамның күрделі әлеміне үңіле алатын сезімталдығын байқаймыз. Жазушы кейіпкерлері сезім байлығымен ерекшеленеді. Мұның өзі жазушы туындыларына сыршыл лиризм мен мықты психологиялық сипат дарытқан. "Білім мен парасаттың, ақыл мен сезімнің тайталаса, қатар жүруі - қазіргі заман адамына өте-мөте тән нәрсе. Тайталас, тартыс әлемінде бірде білім мен ақылдың, бірде парасат-сезімнің бел алып, алма-кезек ауысып, аударысып жататыны де белгілі".
С.Шаймерденов кейіпкерлерінің оқырман қауымның көңіліне ұялауы да - осы сезім айшықтарының дәл беріліп, еш қылаусыз мөлдір қалпында бейнеленуімен ұштасып жатса керек. Жазушының "Ит ашуы" повесіне назар аударсақ, өзіндік стилін, көркемдік әдіс-тәсілдерді жетілдірудегі шеберлігін, адамгершілік-философиялық және әлеуметтік-психологиялық сипатын танытудағы білгірлігін байқаймыз. Оның баяндау стилі, қаһарман образын сомдау тәсілі өзіне тән ерекшелігімен танылады. Заманның күрт өзгерістері әдебиет дамуының да бағыт-бағдарына әсер етпей қоймайды. Адам тағдыры, оның жеке бас ерекшелігі, азаматтық, адамгершілік тұлғасы прозада қашанда алдыңғы кезекте тұрады. Осы орайда Сафуан Шаймерденов кейіпкерлері жақсылық пен жамандық, азаматтық пен моральдық тұрғыдан өздерін-өздері танытады. Сол арқылы өзі өмір сүріп жатқан заманның бет-бейнесін аша түседі. Кейіпкерлерін кең өмір сахнасына шығара отырып, оларды бірде әрекет үстінде, бірде сезім құмарлығында, бірде диалог, монолог арқылы рухани тіршілігің көркем суреттей білген. Олар табиғи болмысымен, сезім шынайылығымен, биік адамгершілік мұраттарымен де ұнамды. Көркем шығармадағы пейзаж, табиғат көрінісі көбіне адаммен тұтасып, оның көңіл-күйімен, ішкі өмірімен, толғаныс-қуанышымен тығыз байланыста дамиды. Жазушы повестеріндегі пейзаж суреттелген жолдардың өзінен автордың философиялық түйіндеулері айқын аңғарылады.
Қаламгердің әдеби бетін айқындайтын нәрсе - жазушының дара стилі болса, оның орнығуы жазушылық шығармашылық дарынының қуатына байланысты. Автор өз повесінде монологты тиімді пайдаланғаны байқалады. Кейіпкердің іс-әрекетінің күрделі қақтығысқа, ішкі психологиялық тартысқа құрылуы - Сафуан Шаймерденов творчествосына тән қасиет. Жазушының өз ойы мен сезімдерін шығармасына енгізе алуының өзі шеберлікті талап етеді. Өз образын шығармаларына сіңімді енгізуде С.Шаймерденовтың жанрлық ізденістерінің септігі мол. Жазушының даралығы мен өзіне тән қолтаңбасын танытатын "Ит ашуы" повесі ішкі драматизмінің байлығымен, адам психологиясына терең үңіле алуымен алпысыншы-жетпісінші жылдардағы қазақ прозасының дамуына айрықша ықпал еткені анық.
11.«Тұнық су» повесіндегі қала мен ауыл ара қатынасы суреттелуін топтастырыңыз
Тынымбай Нұрмағанбетов (10.6.1945 жылы туылған, Жаңақорған ауданы Қосүйеңкі ауылы) – жазушы. Қызылорда педагогикалық институтын (1968), Мәскеудегі М.Горький атындағы жоғары әдебиет курсын бітірген (1981). Қызылорда облысы радио комитетінде, «Жазушы» баспасында редактор, «Қазақфильм» киностудиясында қызмет атқарған. 1996 жылдан «Қазақ елі» газеті редакторының орынбасары. Алғашқы әңгімелер жинағы 1971 жылы «Қауын иісі» деген атпен шықты (орыс тіліндегі нұсқасы үшін Бүкілодақтық М.Горький атындағы жастар сыйлық алды, 1979). Нұрмағанбетовтың «Қош бол, ата» (1972), «Қарлығаштың ұясы» (1975), «Ата қоныс» (1977) «Запах дыни» (1979), «Тұнық су» (1980), «Там где горел очаг» (1982), «Талисман» (1984), «Бәйтеректер» (1987), «Туған ауыл түтіні» (1989), «Балалық шақтың әуендері» (1995), «Таңдамалы» (1997), «Айқай» (2001), т.б. кітаптары жарияланған. Сонымен қатар «Табалдырығыңа табын», «Жоғалған көл», «Кемпірлер үкімі», «Ескі үймен қоштасу», «Тырналар ұшып барады» телефильмдерінің сценарийін жазды. Жаңақорған ауданының құрметті азаматы.
Т.Нұрмағамбетов шығармаларындағы туған жерге деген махаббат, еңбек адамдарының толыққанды мүсіні, терең реализм мен психологизм, нұрлы ирония арқылы қарапайым, халықтық характерлерді ашу – міне қаламгерге қажет ерекшеліктердің түрлері. Ол - өз тақырыбы бар, айтары бар жазушы. Ол өзінің “Қош бол, ата” повесінен бастап концепциялы жазушы болып келеді. Ол не концепция. Ол – туған жерге деген сүйіспеншілік, қарапайым еңбек адамдарының ұлылығын жырлау. Сол себепті де оның кейіпкерлері – пәк, таза ойлы жеткіншек, басына тағдыр тауқыметі түскен, жол айрығында тұрған бала Көктембай (“Қош бол, ата”), Шорман(“қарлығаштың ұясы”, Елжан (“Тұнық су”). Осы Бала бүгініне, болашағына алаң, туған жер топырағына тәу етіп, ел дәстүрін жалғастырып, адамгершілік ар, жеңісі үшін бас тігіп жүрген қарт Жөкең (“Қош бол, ата”), Нұржан – (“Қауын исі”), Қамқа кемпір (“жүрек жылуы”), тағы басқалары. Т.Нұрмағамбетовтың ту етіп көтерері – тазалық, туған жер табиғатының тазалығы
Жазушының көрнекті шығармасының бірі – “Тұнық су ” повесі. Бұл повесінің маңыздылығы – бала Ержанның суық бауыр анасы Салияны, сұлу астананы тастап, Мұңсызбай ауылына келуінде де емес. Ол повестің жас ұрпақты туған жерін, табиғат-ананы сүюге баулитындығында. Ол туған жердің табиғатын тамаша бейнелейді, көзге елестетіп, көңілге бейнелейді. Шығарманың әрбір эпизоды, детальдары, пейзаждары, диалог, монологтары Т.Нұрмағамбетовтың қарапайым, кішкентай нәрселер арқылы түбегейлі үлкен мәселелер көтеріп, кесек образдар сомдап, әлеуметтік ірі, күрделі ойлар айта білгендігіне дәлел.
Бір қызығы – “Қош бол, ата”, “Тұнық су” повесінің басты кейіпкері балалар болса, “Бойтұмар” повесінің басты кейіпкерлері – ересектер, орта жастағы адамдар. Мұның өзі де жазушы творчествосындағы бір ерекшелікті, игі бетбұрысты байқатса керек.
Т.Нұрмағамбетовтың “Қарлығаштың ұясы” повесінде аңыз, ертегілерді көркемдік тәсіл ретінде пайдаланса, кейінгі шығармаларында мұндай әдіс-амалдарды, әдебиетте бұрыннан бар, пайдаланылған үлгілерді қолдану жоқ.
“Түкпірдегі ауылда” таза реализм, психологиялық зерттеу алдыға шықса, “Тұнық суда” тағдыр тартысы, драматизмі қоюланып, ащы да ауыр тағдыр, терең реализм билік алып, Елжанды – қаршадай баланы тығырыққа тіреген. Оның табиғатты ая-ауқым ретінде суреттеу, адамдар мінез-құлқын, психикасын қазбалай, қадағалай ашы қосылғанда шығарманың шынайылығы, шымырлығы арта түсетіні түсінікті /
12.«Аманай мен Заманай» повесіндегі Балзия өмірінің өткен шағын жазыңыз
Адамның жан сезімін көңіл-күйін тікелей сыршылдықпен айтып жеткізудің ұтымдылығы өмір құбылыстарын қабылдаудан, сезім-әсер байлығынан туады. Осы сезім сырын психологиялық мотивировка жағынан шебер суреттеген жазушыларымыздың бірі – Сәкен Жүнісов.Сәкен Жүнісов өмір шындығына қоса оқырман көңілін аялап, сезімге шомылдырып, еріксіз ойға батыратын, мөлдір сағынышқа бөлейтін нәзік сезім иірімдерімен оқырман көңілінен ерекше орын алған.«Заманай мен Аманай» — Сәкен Жүнісовтің табысты туындыларының бірі. Оның қазақ прозасындағы орны ерекше. Сәкен Жүнісовтің повесінде ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы халық ахуалы, тіршілігі көрініс береді. Ұжымдастыру уақытында жат мекен, өзге қонысқа қоныстанған қазақтардың сұрықсыз өмірі, күйбең тірлігінен сыр беретін повес романға арқау болар ауыр жүкті арқалаған.
Жат жерде жүрген қазақтың елін, жерін сағынып, көксеуі Отанға деген нағыз махаббатын көрсетеді. Өзге топырақта күн кешіп, өзге судан ішіп, өзге ауамен тыныстаса да, жүрегі темірқазық туған жері үшін соғып, кіндік қаны тамған өлкені бір сәтке болсын естен шығара алмауы оқырманның тұла бойын нәзік сезімге толтырып, ұлтын, жерін сүюге үндейді. Повестің өскелең ұрпаққа берері мол. Отанын сүюге, патриоттық сезімге тәрбиелейтін повесть қазақ прозасындағы шоқтығы биік туынды болып қала бермек.
Жазушы жан сарайыңды жаулап алып, оны құдіретті, ізгі және ілтипатшыл ететін ұлы махаббат сезімі екенін өзінің «Заманай мен Аманай» повесіндегі аты аңызға айналған Сәукеле тауы арқылы жеткізіп, оны махаббаттың символы іспеттес еткен. Жазушы Сәукеле тауының идеялық-композициялық желісін көркемдік шеберлікпен қазақ ұғымына түсінікті етіп, мынадай біртұтас сюжеттік бөліктер жүйесімен шебер жеткізе білген. Бірінші – ғаламат өнерімен атақтары бүкіл елге жайылған Сәннәт пен Зеннәт атты екі ұстаның ұлы достықпен өмір сүруі; екіншісі – Сәннәттің жеті қызы, Зеннәттің жеті ұлы болып, бір-бірімен құда болуы және қыздарына ісмерлік, ұлдарына зергерлік, ұсталық қонбауы; үшіншісі – Сәннәт пен Зеннәтқа қылышынан қан тамған хан Ми-Лаудың жалғыз ұлы Жәәйді өздерінен асқан зергер етіп шығаруға бұйрық беруі және екі ұстаның Гүлсәнә атты қызы мен Ғиззат атты ұлының дүниеге келіп, тағы да бір-бірімен құдаласуы, олардың сұлу әрі он саусағынан өнер тамған шебер болып өсуі; төртіншісі – хан Ми-Лаудың Гүлсәнәнің сұлулығына таңданып, жалғыз ұлы Жәәйге атастыруы, оларға Ғиззатты малай етуі және Сәннәт пен Зеннәттің зар илеп қиналуы; бесіншісі – Жәәйдің періштедей екі сәбидің (Ғиззат пен Гүлсәнәнің) сұлу мүсіндерін алып жартасқа қашап салуы және Жәәйдің қаза табуы, хан Ми-Лаудың Ғиззат пен Гүлсәнәға көрсеткен зұлымдығы; алтыншысы – Ғиззаттың Гүлсәнәні хан Ми-Лаудың қорлығынан құтқаруы; жетіншісі – Ғиззат пен Гүлсәнәнің құшақтасқан қалпында ақ сәукелесімен аппақ мұзды шыңға айналуы.
13.«Ғайша бибі» поэмасындағы дәстүрлі дастандық үлгінің жаңарта пайдалануын топтастырыңыз
Есенғали Раушанов «Гайша бибі» поэмасыида түрік қанаты, ондағы ел басқарып отырған қаған, қағаматтың ішкі жоне сыртқы саяси жағдайы, халқы жайын өлеңмен орнектейді. Поэманың басты кейіпксрі «Ғайша - бүрын-соңды қазақ поэмаларында кездеспеіен тың бейне». Автор Ғайшаның образын үлкен шеберлікпен суреттеген. Е. Раушанов поэмадағы әрбір кейігікер арқылы сол доуірдсгі болын жатқан ел ішіндегі қал-ахуалды бүгінгі күнмен салыстыра оты рым кесек пікірімен келелі ой тастайды. Е. Раушамовтың поэмасында фольклорлық дәстүрдеі і жыр үлгісін, халық ауыз жомс жазба одс биеттеі і ерекше эсер туғызған эпифора тосілім пайдалана оты рып жыланның зары арқылы күллі жаратылыстагы қайшылық пен қиянаггы ашады. Ел жадындағы аңызда Айша қызды жылан шағып өлтіреді. Ал, Ғсенгали поэмасында Ғайшаның олімі, жыланның шағуы мүлде басқаша жаг дайда өрбіген. Адамдар тағдыры мен жыландар олімін қатарластыра берудің өзінде көне нанымды негізге алу бар. Фольклорлық үлгідеігі қиссалар үрдісін, сондай-ақ, дастаи сары нын жаңаша қалыпта түрленікен ақын Е.Раушановтыц «Гайша бибі» поэмасының қүрылымы, көркемдік-эстетикалық қүндылығы мсм озск еткен оқигасы түрғысынан алғанда оз алдына ерскшс корксм дүние. Фольклорлық үлгілердегі қиссалар үрдісін, сондай-ақ, дастан сарынын жаңаша қалыпта түрленткен ақын Есенғали Раушановтың «Ғайша бибі» поэмасы құрылымы, көркемдік-эстетикалық құндылығы мен өзек еткен оқиғасы тұрғысынан алғанда өз алдына ерекше көркем дүние. Қазіргі қазақ поэмасының даму деңгейі, көркемдік-эстетикалық сапасы, поэма жанрының зор поэтикалық мүмкіндігі, тың ізденіс пен жаңашылдық төңірегінде ой өрбітсек, алдымен ойға оралып, назар аудартары – осы «Ғайша бибі» поэмасы. Мазмұндық, пішіндік, стильдік тұрғыдан алғанда поэма жанрында көш бастарлықтай салмағы бар бұл туынды ақын Есенғали Раушановтың талантын жаңа қырынан танытқанын, оны таланты тегеурінді ұлт ақыны ретінде мойындатқанын айта кеткен абзал. Ең әуелі бұл поэманың романтикалық туынды екенін айтқан жөн. Романтизмге тән басты белгі ретінде ерекше жағдайда ерекше әрекет, мінездерімен танылатын ерекше қаһармандар екенін ескерсек, аталмыш поэмаға осы сипат тән. Сондай-ақ, әдебиеттанушы Е.Тілешев «романтизм әдебиеті ... лиро-эпикалық поэмалардың өркендеуіне алып келді» [1; 118], – деп атап көрсеткендей, әдістік тұрғыдан романтикалық туынды болып саналатын «Ғайша бибі» ұлттық әдебиетіміздегі поэма жанрының лиро-эпика деп аталатын саласының дүниесі. Ұлы ойшылдардың бірі Гегельдің романтикалық көркемөнердің негізгі стихиялық белгісі – лиризм деген тұжырымына сүйенсек [2; 243], ойымызды дәйектей түсеміз. Поэманың мазмұндық-құрылымдық сипаты өте күрделі болғандықтан, талдауды жекелеген бөлімдерге ретпен жүргізгенді жөн көрдік.«Ділім – қанағат, дінім – табиғат» деген түркі мақалын эпиграф еткен поэманың «Тізгін қағарында» алда айтылар оқиғаға барлау жасалып, түркілер тарихынан сыр тартылады. Таласты таласа емген екі елдің – түркілер мен түркі еместердің тұрмысы мен салты, атағы мен даңқы, салтанаты жырланады. Сонымен, ең әуелгі сөз поэманың «Тізгін қағары» туралы. Ауыз әдебиетіндегі жыршылық мәнерді жазба әдебиеттегі көркем сурет, айшықты тіл, бейнелілікпен ұштастыра жырлаған ақынның сөз кіріспесінің өзі оқырманды елең еткізерлік:
Ғалайкум-ассалаума бас қонаққа,
Сонан соң үлкен-кіші жас талапқа,
Ниетімді жырға бұрдым, жүзімді – елге,
Хиссасын Ғайша бибі бастамаққа [3; 318].
Фольклорлық үлгілерде көбіне тыңдарманға әсер ету басты назарға алынатынын ескерсек, ақынның бұлайша сөз бастауының өзі – шығарма мазмұнына оқырманның назарын аударту мақсаты. Ауыз әдебиетіндегі қисса жанрының қызғылықты да шым-шытырық оқиғасы болатыны белгілі. Оқиға желісіне өзек болған халық жадындағы аңыз ақын қолданысында мүлде жаңа қырымен танылып, басқаша бағытта тарқатылады.
14.«Өліара» романындағы Асқар мен Бәйтен тағдырын тізбектеңіз
«Өліара» деп қазақ ескі ай бітіп, жаңа ай туғанға дейінгі аралықты айтады. Ал жалпылама өтпелі кезеңді де өліара дейміз. Төлен Әбдіктің «Өліарасы» да сондай, өткен мен бүгіннің текетіресі, ескі мен жаңаның айқасы. Романның бас кейіпкері – Асқар. Атына заты сай асқаралы азамат. Басына әлдеқандай күн түссе, бұлт етіп айналып шыға келетін, кімнің тарысы піссе, соның тауығы болатын пенделер көп заманда Асқар сияқты жүрегі таза, иманы берік, сөзі мен ісі бір адамдарға өмір сүру қиын-ақ. Асқардың да тағдыры қиын болды. Алайда, оның айдауға түссе де адамгершіліктен аттамауы – көпке үлгі, ұрпаққа өнеге.
15.М.Шахановтің «Танакөз» поэмасындағы Танакөз, Зылиха, Есен бейнелерін тізімдеңіз
«Танакөз» поэмасының негізгі арқауы – достық пен махаббат. Майдан даласында қан кешіп жүрген екі әкенің адал достығы олардың ұрпағына қонды. Екі ананың ақ батасы әкесіз қалған екі ұлдың әрі қарай өсіп-өркендеуіне жол ашты. Екі дос пен Танакөздің арасындағы достық қаншама тар жол, тайғақ кешуден өтсе де, бұзылмады. Бұл – адал достар туралы дастан. Баршаға үлгі болатын жыр. «Танакөз – өмірде болған оқиғаның кейіпкері. Поэма кейіпкерлерінің көзі тірі болғандықтан әрі «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, қолымыздан келгенше шынайы ойнап шығуға тырыстық. Сондықтан біздің жүрегімізден шықты, жүрекке жетті деп ойлаймын. Халықтың қошеметіне бөленгендіктен, жақсы қабылдады деген үміттемін. Бұл қойылымға бір айдай дайындалдық. Мұхтар ағаның «Танакөзімен» ғана емес, барлық шығармасымен де, өмірімен де танысып үлгердік. Поэмада Танакөз сұлулықтың символы, таза, тұнық кейіпкер болып көрінді. Сондай жан дүниесі таза, шешімге нық, бір сөзді қызды алып шығуға тырыстым. Өте байсалды, оның үстіне ер балалармен қатар өскен соң өзінің қаттылығы да бар шығар. Оны қалай көрсете алдым, бағасын халық беріп жатыр. Шынайы шығуы үшін өзімнің жанымнан да өмірдегі ситуацияларды алуға тырыстым. Театрда жүрген актриса болған барлық жанрға бейім болу керек. Бірақ менің жаныма мелодрама, драма жанры жақын. Сондықтан Танакөз образын көрсету аса қиынға соқпағаны содан шығар. Меніңше, Танакөз жүрегіндегі алғашқы махаббатын сатпады. Сүйген адамы қанша жерден қиналса да, мүгедек болып қалса да оның сезімін өшіріп тастап кетпеді, – дейді Д. Ертаева.
16.Ш.Мұртазаның «Сталинге хат» пьесасындағы Тұрардың ерлік тұлғасын жазыңыз
Шерхан Мұртазаның «Сталинге хат» пьесасында Тұрар Рысқұловтың ерлік тұлғасы терең әрі күрделі түрде көрсетіледі. Пьесаның басты кейіпкері Тұрар – өз дәуірінің ең батыл әрі ержүрек тұлғаларының бірі, қазақ халқының тарихи тұлғаларының бірі. Пьеса Тұрардың өмірі мен күресін ғана емес, оның адамгершілік қасиеттерін, моральдық ұстанымдарын, мемлекет үшін атқарған қызметін терең бейнелейді.1. Ерлік пен батырлық Тұрар Рысқұлов пьесадағы өзекті тұлға ретінде өз халқының болашағы үшін күрескен адам ретінде суреттеледі. Ол Сталинге хат жазып, өз елінің тағдырын қорғауға тырысады. Бұл әрекет оның тек жеке ерлігін ғана емес, сондай-ақ оның ұлтқа деген адалдығын, елінің болашағына деген жауапкершілігін де көрсетеді. Тұрардың Сталинге жазған хаты оның болашақ ұрпақ үшін үлкен ризашылығын, ұлттық сана-сезімін және халқының еркіндігі мен құқықтары үшін жанкешті күрес жүргізгенін көрсетеді. Бұл хат арқылы ол өз халқының тағдырын өз қолына алу үшін аянбай күрескен қайраткер ретінде танылады.2. Адалдық пен әділеттілік Тұрардың ерлігі оның адалдығы мен әділеттілігінде жатыр. Ол кез келген уақытта өз ұстанымынан бас тартпайды, ұлттық мүддені жеке мүддесінен жоғары қояды. Бұл тұрғыда оның ерлік тұлғасы бірегей болып, қазақ халқының болашағына деген сенімі мен үлкен мақсатын айқындайды. Тұрар Рысқұлов сталиндік репрессиялардың құрбаны бола тұра, ел үшін жанын беруге дайын еді. Оның бойындағы адалдық пен әділеттілік қасиеттері пьесада айрықша көрсетіледі.3. Қарсы тұру мен рух Тұрардың ерлігі – тек физикалық емес, сондай-ақ рухани күрес. Ол тоталитарлық жүйеге қарсы шыққан тұлға ретінде өзін танытады. Оның ішкі күш-жігері, өзінің халқына деген сенімі мен сүйіспеншілігі, қиындықтарға қарсы тұруы – оның ерлік тұлғасының маңызды жақтары. Пьесада Тұрар өз халқының жоғын жоқтап, оларды құтқару жолында жеке басының қауіп-қатерін елемейді.4. Ұлттық мүдде мен тәуелсіздік үшін күрес Тұрар Рысқұловтың ерлік тұлғасы оның ұлттық мүддені жоғары қоятындығында көрінеді. Ол өз халқының тәуелсіздігі үшін, оның әлеуметтік және экономикалық құқықтарын қорғау үшін Сталинге қарсы шығады. Оның басты мақсаты – қазақ халқының тұрмысын жақсарту, оның құқығын сақтау және болашақ ұрпақ үшін әділ қоғам құру. Осы себептен Тұрардың ерлігі оның жеке басының қасиеттері мен ұстанымдарынан ғана емес, сол замандағы халық үшін жасалған батыл әрекеттерінен тұрады.5. Қызметі мен саяси қайраткерлігі Тұрар Рысқұлов тек қайраткер ғана емес, сондай-ақ саяси тұлға ретінде де ерекшеленеді. Ол Кеңес үкіметінің әділетсіз саясатына қарсы шығып, қазақ халқына зиян тигізбеу үшін күреседі. Оның бұл саяси позициясы Тұрардың ерлік тұлғасын қалыптастырып, оның нағыз азаматтық батырлығын көрсетеді.Шерхан Мұртазаның «Сталинге хат» пьесасындағы Тұрар Рысқұловтың ерлік тұлғасы – әділеттілік, адамгершілік, ұлттық мүдде және тәуелсіздік үшін күрес символы. Тұрар өз халқының болашағы үшін аянбай күрескен тұлға ретінде ғана емес, сондай-ақ өз азаматтық жауапкершілігін терең сезінетін қайраткер ретінде көрінеді. Пьесада оның ерлігі оның моральдық күші мен жеке тұлғасының ауқымдылығын айқындайды.
17.С.Әшімбаев «Парасатқа құштарлық» еңбегіндегі сыни көзқарастардан таңдап белгілеңіз
«Парасатқа құштарлық» атты еңбегі (1985), біздіңше, бұрынғы ерекшеліктеріне қоса, өмірге сүйіспеншіліктің, әдебиетке, сөз өнері ғылымына құштарлықтың, адамтану тақырыбын жан-жақты меңгерудің үлгісі. Мәселен, «Ұлылықтың бір қыры» атты мақаласында Ф. Энгельстің ғылыми ағартушылық еңбектеріне тоқталып, өмірбаяндық деректеріне, рухани өмірі мен шығармашылық ізденісіне назар аударып, оқырманы үшін даналықтың, күрескерлік рухтың сырын ашады. Парасатқа құштарлық әлемдік философтардың ой маржанын сүзуге, қажеттісін екшеуге ғана құрылмайды, академик М.Қаратаев жазбақшы, Абай, Сәкен, Мұхтар, Бейімбет, Ілияс, Сәбит, Ғабит, Ғабиден тәрізді қазақ сөз өнерінің алыптарының парасат дүниесінің есігін ашуға, ондағы ойдың інжу-маржандарын оқырманымен бөлісуге бағытталады. Сыншы қарымының кеңдігі соншалық өзімен тұстас, өзінен кейінгі жас буын ақын-жазушылардың да шығармаларына, көркемдік ізденістеріне тоқталып, әдебиеттегі ендігі беталыстарына баға береді.Сағат Әшімбаевтың көркем сөзі де, көсем сөзі де, теледидарда өзі негізін қалап, өзі жүргізген авторлық бағдарламалары да ойды балқытатын отты құштарлыққа, жанды тербеп, жүректі тебірентетін сертті сүйіспеншілікке, ар мен ожданның көзін ашқандай жарық пен жарқылға толы болатын. Сағаттың сындарлы, дара да сара ойларының жүйесінде суреткерлікке ерекше мән берілді. Суреткерліктің көркемдікке алып келетініне, суреткерлік дегеніміздің өзі көркемдікпен егіз ұғым екендігіне көз жеткізді. Әдеттегідей суреткерлік ұғымына да, көркемдік ұғымына да көл-көсір мазмұн мен мән дарытып, олардың әрқайсысына терең талдау жасады, әрқайсысының өзіне ғана тән қыры мен сырын сарқа сипаттады, сыншыл танымның киелі кеңістігінде еркін парлады. Сыншыл танымның киелі кеңістігінде еркін парлау қанатты да қуатты ойдың қызметіне тән. Ойдың қанаттылығы, ойлаудың тереңдігі сыншыны әдеби шығарманы талдау мен әдеби процесті бағалаудың тың ұстанымдарын негіздеуге алып келді. Сыншы болу оңай емес. Сын – қиын өнер. Сыншы таланты – аса сирек талант. Өйткені сыншы жазушыдан гөрі таланттырақ болуы шарт. Ол өмір шындықтарын, елі мен жерінің тарихын, философиясын, тұрмыс-салтын жазушыдан артық білуі қажет. Ол интеллект жағынан да жазушыдан биік тұруы ләзім. Сонда ғана оның сыны жазушыға ой салып, әдебиеттің дамуына, қоғамдық, әдеби-эстетикалық ойдың өсуіне ықпал ете алады. Сағаттың әдеби көркем сынға, сыншы талантына көзқарасы осындай болды. “Сын - уақыт қажеттілігінен туған, қоғамдық, эстетикалық, философиялық ой-сананың өзгеше бір формасы”, - деді ол. “Шындыққа – сүйіспеншілік, ақиқатқа іңкәрлік жоқ жерде сын да жоқ”, – деп ойланды. “Сынның аты – шындық, заты – сүйіспеншілік”, - деп толғанды. “Сынның аты ащы болғанымен, заты тұщы”, – деген қанатты сөзді де Сағат айтты. Осының бәрі сыншының үлкен азаматтығынан өсіп-өнген биік мәдениеттіліктің, ойлау мен сөйлеудегі, талдау мен жинақтаудағы тереңдіктің үлгісі еді. Сыншының азаматтық позиция, азаматтық пафос туралы қалыптастырған ұғымдары, әдеби-эстетикалық ойлары мен толғаныстары, анықтаулары мен айқындаулары дәлелді де дәйекті болумен бірге ақыл мен сезімге, парасат пен пайымға бірдей серпін беретін айрықша асыл табиғатымен бағалы. Азаматтық позиция, сыншы пайымдауында, суреткерлік айрықша парасаттылық. Ал суреткерлік айрықша парасаттылық дегеніміз – рухани қасиеттің төресі. Азаматтық позицияға таланттың өзі де тәуелді. Сағат әдеби сында суреткердің азаматтық позициясы туралы осындай тың ұғым ұсынып қана қоймай, оның негізін саралап көрсетті.
18..Серікқалиевтің «Ақыл таразысы» еңбегіндегі сыни тұжырымдарды жазыңыз
З.Серікқалиев, Э.Серікқалиеваның «Ақыл таразысы» еңбегінің «Дүние тану даналығы» бөлімінде əлем жəне адам, өмір мен өнер, ғылыми жəне көркемдік танымның даралық сипаттары, əлемдік мəдениеттер тоғысының адамзаттың ортақ рухани қазына тұрғысындағы маңызы, өнер туындыларының философиялық, эстетикалық мəнінің танымдық қуаты кеңінен сараланса, «Өнер өрнегі» бөлімінде қазіргі қазақ əдебиетінің өзекті мəселелері қарастырылды. Қорыта айтқанда, бұл тұста сын мен ғылым, теория мен эстетика тығыз тоғысқан өрелі мақалалар мен күрделі зерттеулерде сөз өнерін саралау мен талдаудың келелі арналары барынша ұлғайып, қазақ əдебиетінің сан алуан теориялық мəселелеріне арналған еңбектер жарық көрді. Оларда əлемдік əдебиеттің ажырағысыз бөлігі ұлттық сөз өнерінің жанрлық түрленуінің болмысын ауқымды қарастыру мен саралауда марктсік-лениндік ілім аясында типологиялық, герменевтикалық əдіс-тəсілдерді ұштастыра қолдану тəжірибесі де шығармашылық тұрғыдан кеңінен игерілді. Соның ішінде қазіргі қазақ романдарының сюжет пен композициясы, поэтикасы, типтік характер, көркемдік даму мен дəстүр жалғастығы, қазіргі қазақ романы, тарихи роман, өнердің эстетикалық нысанасын көркемдік дамудағы дəстүр жəне жаңашылдық тұрғысынан саралауда күрделі еңбектер жазылды. Сонымен қатар əдебиет теориясының оқулығы, əдебиет пəнін оқытуды талдаудың əдістемелік оқу құралдары жəне көмекші құралдарының зəрулігін өтеуде маңызы зор еңбектер жарияланды.
19.Ә.Тәжібаевтің «Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы» зерттеуін тізбектеңіз
Қазақтың айтулы ақыны Әбділда Тәжібаевты қалың оқырман қауым қазақ драматургиясы тарихын зерттеуші және дарынды драматург ретінде де жақсы біледі.
Ақын-ғалым Әбділда Тәжібаевтың бүкіл ғұмыры бойына жазған барша елеулі еңбектері арасында оның 1971 жылы баспадан шыққан «Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы» атты монографиясының алатын орны үлкен. Ол қазақ тілінде бұл саладағы ең алғаш шыққан толымды зерттеу еңбектерінің бірі болды. Қаламгер докторлық диссертациясының негізінде жазылған бұл зерттеуінде көне грек дәуіріндегі мәдениет ошағының қалай бұрқ етіп жанғанынан тартып, өткен ғасырдың екінші он жылдығы шамасында қаза жерінде де бүршік ата бастаған театр мен драматургияның тарихын тереңінен қаузайды. Өзінің бастауын халықтық салтанатты салт-ғұрып ойындарынан алатын, негізін көп адамның қосылуымен шырқалатын хор құрайтын грек драмасына ұқсас паралллельдердің қазақ сахна өнерінен табылып қалатынын барынша ыждағатты тілмен баяндап береді. Жазушығалымның кейін, 1981 жылы шыққан бес томдық шығармалар жинағының 4-томына «Өмір және драматургия» атпен енгізілген бұл еңбекте әдебиет зерттеушісі ежелгі Эллада жеріндегі «акрополь биігіндегі Афина храмы, Парфенон уақыт салмағынан, дәуірлер құбылыстарынан қанша тозса да, бүгінге еңсесін көтерген күйінде» (Тәжібаев, 1971: 5) жеткен мәдениет тарихынан бастау алатын драма жанрының қазақ топырағына да сіңісті болып кеткенін кеңінен талдап, байыбымен баяндайды. Әбділда Тәжібаев 30-шы жылдардан әдебиетпен дендеп айналыса бастады. Ал драматургияға 40-шы жылдардың басында ұстазы М. Әуезовтің қолдауымен келді. Оның ұлы жазушымен бірге жазған «Ақ қайың» деген пьесасы республикалық конкурста бәйге алды. Ол Қазақстанда кеңес өкіметінің нығаю барысы мен азамат соғысы күндерінен желі тартады. Бірақ осы жылдырда басталған ел мен әдебиет төңірегіндегі зобалаңдар мен дүрлігістер жаңа шығармашылық жолына түскен жас қаламгерді де айналып өте алмады. Ол көп жағдайда соның бел ортасында жүрді. Арасында қателескен кездері де болды, қатарластарына қолдау көрсеткен кездері де болды. Өйткені, белсенді өмір сүрген Әбділда ақын өзін қоршаған қоғамның әрбір үні мен ызыңына құлақ түруге мәжбүр еді, сондықтан сол қоғамға қызмет ете жүріп адасты, алданды, адымын талай шалыс басты, соның әсерінен сүрінді, құлады, сосын қайта тұрды. Дегенмен, биік адамдық қалпынан айныған жоқ, өзіндік парасатын жоғалта қойған жоқ. Бұл бір нағыз ердің еріне сын болған сұмпайы кезең еді. Белгілі сыншы, әдебиет зерттеушісі Құлбек Ергөбек атап көрсеткендей, ол «ХХ ғасырдағы орысқа бодан қазақ қоғамының қатайған тұсында өмір аренасына шығып ақын болып сайраған, қайраткер болып қаламын қайраған, ұранды өлеңдер, ұрма мақалалар жазған, алдындағы ағалары, қадірмен замандастары көңіліне тиген, қоғамның жылымық күнге жетіп босаңсыған сәттерінде өз ісіне өзі өкінген, өкінген де сыршыл ақын болып қайта түлеген, өз күнәсін өзгелердің күнәсін қоса жуғысы келіп азаматтық өреде сөйлеген, сөйлей алған, ғасыр трагедиясын айтқан, айтқаны үшін тағы да жазықты болып жапа шеккен ұлы ақынымыз... еді» (Ергөбек, 2009:3).
20.Т.Кәкішевтің «Қазақ әдебиеті сынының тарихы» зерттеуіндегі теориялық тұжырымдарын жазыңыз
Т.Кәкішевтің ғалымдық-өнерпаздық ерекшелігі - өзінің зерттеу еңбектерінде аңызына түрен түспеген тың салаларды нақты деректер негізінде індете зерттеуге құмарлығы. Міне, сондықтан оның қаламынан туған дүниелерге ғылыми қауым да, шәкірттер әлемі де, әдебиетті қызықтаушылар да құлақ түріп отырады. Соның нақты бір дәлелі – «Қазақ әдебиеті сынының туу және қалыптасу жолдары» атты 1971 жылы қорғаған докторлық диссертациясы. Ондаған жыл тірнектей зерттеген махнатты еңбегі қазақ әдебиет сынының Октябрь революциясына дейін туғандығын, Ұлы Отан соғысына дейін жанрлық жағынан әбден қалыптасып, оңаша отау тіккендігін дәлелдеп беріп отыр. Оның алғашқы бөлімі 1971 жылы «Сын сапары» атты монография болып жарияланды. Екінші бөлімі – «Оңаша отау» 1982 жылы басылды. Қазақ әдебиеті сыны саласындағы еңбегі қазір республика жоғары оқу орындарының негізгі оқу құралына айналып, оның алғашқы бағдарламасын 1982 жылы жасап, 1994 жылы 25 баспа табақ көлемінде оқулығын шығарды. Қазақ совет әдебиетінің 1920 жылдарын түбегейлі зерттеген, қазақ совет әдебиетінің негізін қалаған Сәкен Сейфуллиннің шығармашылық-әлеуметтік өмірбаянын жасаған профессор Т.Кәкішев қазақ әдебиеті сынының тарихы саласындағы еңбегі қазақ әдебиеттану ғылымына қосылған зор үлес болып, ғылыми мектеп жасап отыр.Қазақ әдебиеттану ғылымында ұлы төңкеріске дейін сын болған жоқ деген қағиданы жоққа шығарып, қазақ әдебиет сынының тарихына зор үлес қосты. «Қазақ әдебиеті сынының тарихы» оқулығында халықтық сыншылдық эстетикалық көзқарасынан бастау алып жатқан халық ауыз әдеби мұраларынан басталып, қазақтың тұңғыш газет-журналдары - «Түркістан уалаяты», «Дала уалаяты», «Айқап», «Қазақ» сынды баспа сөздердің сыни ой-пікірдің тууына игі әсерін жан-жақты талдап, зерттеумен қатар әр кезеңдегі әдебиеттің партиялығы, әдебиеттің таптығы тұрғысынан баға беру және әр түрлі әдеби ағымдар «тұрпайы социологизм», «бірыңғай ағым теориясы», «пролеткультшылдық»-тардың арасындағы айтыс-тартыстар мен өрістес келіп жатқан ой-пікірлердің ақ-қарасын айқындаумен құнды. Көркем табиғаттың аясында сұлулықпен суғарылып өскен қазақ халқының эстетикалық талғамы да сол өзін қоршаған ортаның, сұлулықтан сомдаған биік талғамдарына сай, әлемдік әдебиеттің небір озық үлгілерімен қатар тұра алатын тамаша ауыз әдебиетін жасады. «Қыз Жібек» жырындағы қыздардың сұлулығы, «Қобыланды батыр» жырындағы Тайбуырылдың шабысының суреттелуін көркемдік сұрыптаудың жоғары көрінісі деген зерттеушінің пікіріне сөзсіз келісесіз [1]. Халық бар жерде сол халықтың рухани қажеттілігінен туындайтын әдебиеті де болады. Өнер мен әдебиет адамдардың сұлулыққа, әсемдікке, әдемілікке, көркемдікке құштар табиғатына сай қалыптасып, белгілі бір талап-талғамдарға жауап бере отырып дамиды. Яғни, сөз өнері мен сын өнері бірге пайда болып, қатар қанат жаяды. Бірінсіз бірі жоқ. Демек, әдебиет сынының түп-төркіні өнер атаулыны тудырған, оны сұлулықтың сырлы бесігіне бөлеп әлдилеген, өркендеткен халықтық эстетикада жатыр. Қазақ әдеби сынының тарихы әріден, түп-тамырынан бастап зерттеген «Сын сапарында» халықтық эстетика жеке тарауда арнайы қарастырылған. Әдеби сынның дамуы көркем әдебиеттің дамуымен тікелей байланысты. ХХ ғасырдың басында дами бастаған қазақтың профессионалды жазба әдебиеті сыни ой-пікірлердің жандана түсуіне объективті алғышарттар жасады. Басылып шығып жатқан жаңа кітаптар жайлы пікір білдірген материалдар баспасөз бетінде жиілей түсті. Зерттеуші оларды құрылымдық, мазмұндық, мақсаттық ерекшеліктеріне қарай дәйектеме сын, жарнама сын, аннотация, оқушы хаты, рецензия, айтыс мақала, публицистикалық сын, проблемалық мақала, шолу, ғұмырнама, баяндама, сын мақала, зерттеу мақала сияқты жанрлық-формалық түрлерге жіктейді [2
21.Ж.Нәжімеденов поэзиясындағы (Темірқазық жыр кітабы)ұлттық-философиялық таным мен көркемдік тұтастықты және отаршылдыққа қарсы серпілістен мысал келтіре жазыңыз
Жұмекен Нәжімеденов — қазақ әдебиетінің көрнекті ақыны, прозаик, аудармашы. Оның поэзиясы терең философиялық ойлар мен нәзік сезімдерге толы. Ақынның шығармашылығында ұлттық болмыс, адам мен табиғат, адамның рухани әлемі мен әлеуметтік мәселелер маңызды орын алады. Жұмекен Нәжімеденовтың «Темірқазық» атты өлеңдер жинағы оның шығармашылығының ерекше кезеңі болып табылады, себебі ол ақынның шығармашылық ізденістерін, өмір философиясын және поэтикалық көзқарастарын айқындайды.1. Поэзиядағы терең философиялық сарын«Темірқазық» жинағындағы өлеңдерде Жұмекен Нәжімеденов өмірдің мәні, адам тағдыры мен оның рухани әлемін терең әрі символикалық түрде қарастырады. Ақынның шығармашылығында әрдайым адамның ішкі әлеміне, оның сезімдері мен ойларына басымдық беріледі. «Темірқазық» өлеңдер жинағында ақын адами құндылықтар мен өмірдің терең мәнін іздейтін ойлы өлеңдер ұсынады. Жұмекеннің өлеңдеріндегі философиялық ойлар, адам мен табиғат арасындағы байланыс терең символикалық деңгейде берілген.2. Табиғат пен адам Жұмекен Нәжімеденовтың шығармашылығында табиғаттың адаммен байланысы ерекше маңызды. Ол табиғатты тек сыртқы әлем ретінде ғана емес, адамның ішкі сезімдері мен көңіл-күйінің айнасы ретінде көркемдік тұрғыда бейнелейді. «Темірқазық» жинағында табиғат суреттері арқылы ақын адамның рухани әлемі мен оның ішкі жан дүниесінің түрлі құбылыстарын бейнелейді. Мысалы, ақын табиғатты адамның ойларымен, сезімдерімен теңестіреді, ал табиғаттағы өзгерістер мен құбылыстар адамның ішкі өзгерістерімен үндесіп жатады.3. Темірқазық – адасқан жүрекке бағыт беретін жарық «Темірқазық» кітабының атауы символикалық мәнге ие. Темірқазық жұлдызы — адамға жол көрсететін жарық нұры, бағытын жоғалтқан адамға дұрыс жолды табуға көмектесетін бағыттаушы күш. Жұмекен Нәжімеденов бұл символды шығармашылығында өмірдің мәнін іздеген адамның ұстамды жолын, адасқан ойлар мен сезімдерден арылып, ақиқатқа, шындыққа жету жолындағы талпыныс ретінде көрсетеді. Бұл образ ақынның өз өміріндегі рухани ізденісін және ақиқатқа деген ұмтылысын да білдіреді.4. Ұлттық болмыс және қоғам Жұмекен Нәжімеденов поэзиясында ұлттық болмыс мәселесі үлкен орын алады. Оның өлеңдерінде қазақ халқының дәстүрлері, тарихы, мәдениеті мен руханияты терең ұғымдармен байланысқа түседі. «Темірқазық» жинағындағы өлеңдерде ақын қазақ халқының ұлттық мұрасын дәріптеп, оны сақтап қалудың қажеттілігін айтады. Адамның өз ұлтына, туған жеріне деген сүйіспеншілігі, оның мәдениеті мен тарихын қадірлеуі өлеңдерде терең сезіммен өрнектеледі.5. Поэзияның музыкалық табиғаты Жұмекен Нәжімеденов поэзиясында тілдің әуезділігі мен музыкалылығына ерекше көңіл бөледі. «Темірқазық» жинағындағы өлеңдерде ырғақ пен әуен үйлесім табады, бұл ақынның поэзиясына терең лиризм мен эмоциялық толқулар енгізеді. Ақынның өлеңдерінде адамдық, табиғи дыбыстар мен музыкалық ритмдерге тән нәзік үйлесімдер бар, бұл оның поэзиясын оқушыға өте әсерлі етеді.6. Күйзеліс пен үміт Жұмекен Нәжімеденовтың өлеңдерінде адамның ішкі күйзелісі, өмірдегі ізденіс, ой-толғамдары жиі кездеседі. Өлеңдерде автор өмірдің қиындықтарын, адам жүрегіндегі қасіреттерді сөз етеді, бірақ сол қиындықтардың артында үміт пен болашаққа деген сенім жатыр. «Темірқазық» жинағының өлеңдерінде ақын адамның рухани күші мен болашаққа деген сенімін жоғары бағалайды. Бұл поэзияның ең маңызды элементтерінің бірі — өмірдің қиын кезеңдерінде де үміттің сөнбеуі.«Темірқазық» — Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылығындағы маңызды кезеңдердің бірі. Бұл жинақтағы өлеңдер ақынның терең философиялық ойлары мен адам болмысына деген сұрақтарды қозғайды. Ақынның шығармашылығындағы табиғат пен адам арасындағы байланыс, ұлттық болмыс, рухани ізденіс, өмірдің мәні мен адами құндылықтар өлеңдерінде көркемдік тұрғыда беріледі. Жұмекен Нәжімеденов өз поэзиясында өмір мен өнердің терең мағынасын зерттейді, ал «Темірқазық» жинағы қазақ әдебиетінің нағыз інжу-маржаны болып саналады.
22.«Қан мен тер» туындысындағы характерлерді сипаттап жазыңыз
Қан мен тер — Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовтың трилогиясы.Роман үш кітаптан тұрады: 1) Ымырт (1961 жылы жарияланды), 2) Сергелдең (1964), 3) Күйреу (1970).Майданнан қайтқан жас офицер Әбдіжәміл туған жерімен қаншама сағынып қауышса, оған деген махаббатын роман жанрының кең байтақ өрісінде шын жүректен жырлап шығуға соншама ынтыққандығын шығармашылығынан айқын аңғартадыЖазушының «Қан мен тер» романының дүниеге келу сыры осы сөздерде жатыр. «Қан мен тер» трилогиясын құрайтын «Ымырт» (1961), «Сергелдең» (19б4), «Күйреу» (1970) романдарынан, атының өзінен-ақ байқалып тұрғандай, төбеден жарқырап тұрған күнді аз кезіктіреміз. Ал, жарқырап шақырая қалса, кейіпкерлері тағы бір тозаққа ілінді дей бер. Өзінің бас кейіпкері Еламан тәрізді туынды ұдайы дерлік томырылып, үнсіз-түнсіз тұнжырап түнерген қалпынан жазбайды. Соның өзінде де туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімінің орны бөлек.Прозашының туған халқына, оның жазира даласына деген сүйіспендігі елінің кең қолтық мінезін, шалқар әнін, салқар көштей шұбатылған тарихын эпостық құзарға көтере суреттеуінен аңғарылады.«Қан мен тер» трилогиясы – ел, халық, оның әлеуметтік тағдыры туралы шығарма. Уақыты өзгергенімен, заманалық зәрулігі өзгермейтін туынды. Соңғы жетпіс жылғы алтын әдебиетімізді мысқа балағысы келетін қайсыбір неонигилист даңғойлар бұл романға тап күресін жазғандықтан ескірді деп мін де тақты.«Қан мен тер» трилогиясын қазіргі тәуелсіздік мұнарасынан, демократиялық көзқарас тұрғысынан оқығанда, оның қазақ шындығынан бұра тартқан жерін табылмайды. Қайта коммунистік үстем идеологияға қайшы пікірлерді жолықтырып, «бұны қырағы цензура қалай жіберді екен?» деп қалуға негіз бар.Романның «Күйреу» аталатын үшінші, соңғы кітабында комиссар Дьяков насихаттайтын болашақ коммунистік қоғамның басты принципінің дұрыстығына Еламан әжептәуір күмән келтіреді.«...Ол кезде жер басқан адамның бәрі бірдей болады дейді. Жә, жарайды, адам баласының көкірегінде алалық болмас. Осы жұрттың ішер асы, киер киімі, сөйлер сөзі бірдей-ақ болсын. Бірақ құдай бірдей жаратпаса қайтеді? Басқаны қойғанда бір оттың басында бір қазаннан ас ішіп, бірге жатып, бірге тұрып жүрген, бауырлас кісілердің арасында бірдейлік бола қоймаушы еді ғой. Олардың арасында да бірінің сөзі үстем, бірінің өзі үстем. Бірі ертеден қара кешке дейін қоңынан күн өтіп, сылпылдап қой соңында жүрсе, енді бірі алшайып ат үстінен түспейді.Жазушының алғашқы романымен салыстырғанда «Қан мен тер» – тірлік-тынысы әлдеқайда кең шығарма. Жанрлық жағынан да басқаға ұқсамайды. «Курляндия» оқиғалы роман санатына жатса, бұл – әлеумеітік-психологиялық типті шығарма. Ізденіс салмағы характерге түскен. Бар суреткерлік қабілетін ата-бабалардың мінез-кескінін ашуға жұмсаған. Характер – Нұрпейісов романының қозғаушы күші. Ел қазанында қайнап піскен характер өз тарапыпан ел тамырының соғуына, тонус, райына ықпал етеді. Романдағы оқиғаларға мұрындық боп көрінеді. Әрі сюжет ұйтқысы.Еламанның бүтін бітімді тұлғасы оның жалпы һәм жалқы қасиеттерінің бірлігінен тұрады. Осы екеуінің жұптаса дамуына сай характері толысады, байиды. Трилогияның бастапқы кітабы «Ымыртта» Еламан – қарапайым балықшы. Туа біткен мінезіне өршілдік, қайраттылық тән. Намысқой жігіт. Жұрт Қаратаз деп атайтын Құдайменде байдың қорлығына шыдамай, айбат шеккен, сес көрсетіп, балықшылар арасына кетіп қалған. Бір-екі сөзінен ой түйғіш, көкірегі ояу жан екені байқалып қалады. Жетпей жатқан тұсы әзірше былайғы дүниемен ісі жоқ. Жазушы міне, осындай бұйығы, патриархалдық қапастағы тұңғиық тұлғаның ішіне бірте-бірте әлеуметтік сәуле түсіреді.Еламан өміріндегі ілкі әлеуметтік сілкініс кездейсоқ оқиғадан басталады. Арал промселінің қожайыны «тентек Шодыр» атанған Федоров әлі дұрыстап қата қоймаған теңізге балықшыларды зорлап айдап салады. Жалданған балықшыларды басыбайлы құлы есепті ұрып соғады. Өзіне де қол көтерген соң іштей кіжініп жүрген Еламан суға кеткен балықшыларды сұрастырмай, ауын жоқтап тұрған дүниеқоңызды сүйменмен салып өтеді... Кездейсоқ оқиға. Еламан кісі өлтіремін деп ешқашан ойламаған. Тумысында жуас, ақ пейілді адам. Мына кездейсоқ оқиғаның қажеттілік деп аталатын астары бар. Жазықсыз Андрей мен Жалмұраттың қазасы, көпестің олардың өмірінен дүние боқты жоғары қоюы, адамшылық ар-инабатының жоқтығы адал кеудеде кек отын тұтатады.Нұрпейісов характер сомдауда әлеуметтік һәм психологиялық талдау тәсілін бір арқанның екі тіні есебінде өреді. Романның алғашқы беттерінен-ақ автор би-төл сөз және төл сөз (несобственно-прямая речь) арқылы Еламанның жанын сөйлетеді. Және психологиялық талдаудың монолог формасын жиі қолданады. Монолог шарты – жалғыздық. Еламан «Жалғыз кісіге ой үйір келеді-ау» – деп түйеді . Ойы үнемі екіге бөлініп жүреді. «Теңіз үстінде әйелі жайында көп ойлайды. Алғашқы кезде ол бір түндік астында бірге тұрғасын бойы үйреніп кетер деп үміттеніп жүрген. Бірақ «Кешкісін үйге кеп әйелінің бетіне бір қарағаннан-ақ көңілі суып сала беретін». Еламан қасында құр сүлдесі жатқан әйелі Ақбаланың тәні ғана өзінікі, ал жаны басқа жақта екенін сезгенде мүлде моқап қалады. Бас кейіпкердің осы күйі үзақ-сонар ішкі монолог, би-төл сөз арқылы беріледі. Кей кейде ғана ішкі монологі ішкі төл сөз пішінін алады. «Бейшара қайтсін, мен кінәлімін. Ие, ие, мен кінәлімін»,[4] – деді Еламан ішінен».Кейіпкер іштей күйінеді, опынады, толғанады. Адамның осы бір ішкі драматизміне жазушы әрдайым құлақ түргіш.Трилогияның екінші кітабы «Сергелдеңде» Еламанның жеке басының қайғысын ел қайғысы басып кетеді. Екінші кітап халық кенішіне бойлай түседі. Қазақ даласында әлеуметтік қайшылықтардың өршуін тереңнен қопарып көрсетеді.Ақ патша тағынан құлап, орнына келген Уақытша үкімет те ел тізгініне ие бола алмай, Қос үкімет дейтіннің орнаған кезі. Ел іші дағдарыста. Соғыс ауыртпалығы ес жиғызбай езіп, жаншып әкетіп барады. Бұрынғы майлы, жайлы орнынан тапжыла қоймаған ескілік Петербор жақтан шыққан дүрбелеңнен шошынғанымен, әлі айылын жияр емес. Түрмеге қамалған, айдауда жүрген, одан түріктермен соғысқа қатысқан, майданнан оралғанда Шалқарға келіп теміржол бойына жұмысқа орналасқан Еламан, ендігі жүріс-тұрысында біраз дүниені бағдарлап, байыздайтын өреге көтерілген. Бірақ кейіпкердің әлі де «бір қайнауы ішінде». Әлі де ол оң мен солын айырып жетпеген сергелдең пішінде, әуре-сарсаңда.Екінші кітаптың сюжеті мен композициясы бас кейіпкер характерінің осы ерекшеліктерінен туындайды. Сюжет әлеуметтік дауылдың қарсаңындағы ісініп-қабына бастаған теңіздей теңселген ахуалды бейнелеу барысында шиыршық атады. Бұрынғы самарқау ырғағынан жаңылған кейіпте. Композиция сюжеттің сабақтас оқиғаларынан құралады. Әлдебір үлкен оқиға аяқтала бере, ширыққан сюжет суреті публицистика әуеніне ауысады. Суреттелген оқиғаларды тың ойлармен түйіндейді. Эпикалық сюжеттің ішкі драмалық, күрделі-психологиялық сипаты өзгеріп, ақырында талдама-жинақтаушылық реңк алады.«Еламанның сең соққан балықтай сергелдеңге түскен жаны соқтықпалы өмірден соқпақ іздеп, баяғы Шалқарға бет қойды». Романның соңғы редакциясында бұл сөйлем түсіп қалған. Онсыз да түсінікті жайттарды оқырманға шайнап берген астай беруді автор жөн көрмеген тәрізді. Оның бер жағында, Еламанның сең соққан балықтай күй кешіп жүруі рас болғанымен, Шалқарға бет қоюында саналы әрекет барлығы байқалады. Талай елді, жерді аралады. «...Ұйықтап жатқан кеще ойға тас тиіп оятқандай болды; сонан бері өз басының қайғысын ел қасіреті жеңіп, шерлі жүрегі сыздап қайтты». Шалқарға бет алғанда Еламан қара басының қамын ойлаған жоқ. Еліне көмек тиетін көздің қай жерде екенін біліп аттанған.Характердің сюжеттік арнасы кеңи түседі. Майданнан еңсесін тік көтеріп қайтқан Еламан ешкімге кеудесін бастырмауға, есесін жібермеуге тиіс. Іс жүзінде солай болады да. Майданда казак-орыстармен төбелес үстінде жазым бола жаздаған жерінен арашалап алып, Шалқарға жұмысқа орналастыруға көмектескен, үйінен пәтер берген Мюлгаузенмен жұдырықтасып қалады. Мюлгаузеннің «қорқақсың» деп жұрт көзінше қорлап былапыттағаны жанына батады, намысына тиеді. Кейіпкер характерінің қатайғаны Тәңірбергенмен айырылысқан бетте төркініне қайтуға жүзі шыдамай Шалқарға келген Ақбаламен ойда жоқта ұшырасып қалғанда байқалады. Ескі нұсқада Еламан бұрынғы әйеліне жаны ашығандай, онымен қайта табысқысы келгендей кейіп көрсетуші еді. Жаңа нұсқада оның Ақбалаға қайырылғысы жоқ. Құштарлыққа бой ұрып, емшектен шықпаған баласын тастап, бір кезде айдауға кеткен Еламанға ол да бұрылмастан кетті ғой, – деп қорытады өз шешімін.Мюлгаузенмен төбелестен кейін ауылға оралған Еламан бастапқы кезде тағы да бұрынғысындай іштен тынып жүрген. Тағы да оқиға ағысында жаңқадай қалқитын тәрізді. Шалқардан әкелген мылтықты жолшыбай бір ескі жұртқа тығып кеткен. Балықшылар арасынан тыныш тірлік іздейтіндей. Қайын атасы Сүйеудің үйіндегі баласын қолына алады. Бірақ бұлайша жеке басының қамын күйттеумен жүруі ұзаққа бармайды. Өмір еркіне қоймай иіріміне тартады. Амалсыз білегін сыбануға мәжбүр. Әлеуметтік тартысқа қайта араласпасына амалы қалмайды. Айдын шалқар теңізді бір өздері иемденіп, балығы көп ойыққа басқаларға ау салдыртпайтын Темірке көпес пен Тәңірберген байдың озбырлығына қарсы тұрады. Жеңілетінін біле тұрса да, топ бастап қайрат көрсетеді. Түрікпендер шабуылдап, бейқам жатқан елдің мал-жанын айдап кеткенде, қол бастап, жаудан өш алады. Мал-жанды үйіріне қосады. Жағдай намысты оятып, кеудеде жігер туғызса, жігер характерді қайрайды. Ар-намыс жетегіндегі характерге оқиға арнасын өз деген жағына бұра алатын қуат бітеді... Бұрынғы жылқышы, балықшы, сарбаз ой-санасының әлеуметтік қабаты қалыңдай түседі. Шодырды өлтірген кездегі Еламан – стихиялы бүлік құрбаны еді. Бұл жолғы Еламан басқа жан. Саналы күрескер. Халқының қолындағы қаһарлы қару. Білек күші жағынан ғана емес, ақылы да пәрменді құралға айналған.Түрікпен шабуылының құрбандықтарын жерлеп, асын берген Еламан төбе басында жалғыз қалып, «ауыр оймен тұнжырап отыр». Жай ғана қамығып отырған жоқ. Ой ойлап отыр. Бұған дейінгі шертілген ұзын хикая публицистикалық жолмен сығымдалып қорытылады.Публицистикалық толғау драмалық сюжет есепті. Іші қазандай қайнаған Еламан тығырықтан шығаратын жол іздейді. Ізденіс үстінде ойы шартарапты шарлайды. Арғы-бергі тарихқа «ат сабылтады». Ауылына қайтқан беттегі қалпы қызық. Көзін алдындағы жалпақ даладан алмай келеді. Ал ойы басқада. Қап тауын, Ресей жерін аралайды, қала берді Түркия майданына кірісіп кетеді. Кезбе ойы кесек ойларға бастай ма, қалай? Сюжет-толғау, сюжет-естелік ащы ішектей шұбатылған ұзақ ішкі монологке ұласады. Еламан іштей түлейді. Оянған, рухани жағынан байыған Еламан санасы жаңарып, ел сөзін ұстайтын өреге көтеріледі... Роман кеңістігі теңіз айдынын елестетіп ұлғая береді...Еламанның ел-жұртының тағдыры хақында ендігі түйгендерінің бәр-бәрі мінсіз емес. Келісетін де, келіспейтін де жерлері бар. Қазақ халқының өткен күнін, бұрынғы бетке шығарларын түгін қалдырмай сынап-мінеуі сыңаржақтау. Роман жазылған уақыттағы, яки кеңес кезіндегі үстем көзқарастың – социалистік реализмнің салқыны тигендей. Ел тарихын тым кемсітіп жібергенімен келіспейміз. Келісетініміз – Еламанның ел ішінің бірлігі хақындағы түйгендері. Мұның жөні бөлек.Біріншіден, тарихи шындықты қозғап отыр. Екіншіден, заманалық мағынасы бар. Қазақ елінің күн тәртібінен әлмисақтан бері түспсй келе жатқан ел бірлігі проблемасын қозғайды. Ұлттық идеямызбен үйлесім табады. Еламан жер дауы хақында да көп толғанады. Бұл да – ежелгі дерт.Көріп отырғаныімыздай, ішкі монолог енді кейіпкердің өзін-өзі қазбалаудан (самоанализ) үлкен өріске, ел жағдайына ауысқан. Еламан көрген-білгенін гүрілдеген жан көрігінде пісіреді. Біреуден шала естігенін малданбайды. Бәрін жүрегінен өткізеді. Трилогияның соңындағы Еламан – өскен, есейген, шыныққан көргенді адам. Қоғам хақындағы ойларында нақтылылық та, пәлсапа да бар. Кейіпкердің идеялық һәм рухани эволюциясы, жаңғырып өзгеруі шырқау биігіне көтерілген. Мұндағы ішкі монолог қайсыбірде ішкі диалогке ауысып, монолог-талқыға айналады. Жас Федоровтың қылышынан қаза болар алдындағы Еламан монологі өзгеше сипатты. Оны монолог-өсиет, монолог-арман десең де сиымды.«Қан мен терде» айналасына үлкенді-кішілі сюжет тармақтары түйісетін Еламаннан басқа да бір кейіпкер бар. Ол – Тәңірберген. Тәңірберген – жағымсыз тип. Бұрынғы таптық көзқарас, қазіргі парықтық дүниетаным тұрғысынан да оңып тұрған адам емес. Ақбаланың Тәңірбергеннен тапқан ұлының атын Құдайберген деп қояды. Осыны естіген кесір шал Сүйеу осқырына отырып, Тәңірбергеннің бай тұқымына мінездеме береді. «...Құдайберген дсйді, ә? Бұл күшігі – Құдайберген... Әкесі – Тәңірберген. Ал, ал, әнебіреулер Алдаберген... Жасағанберген... – деп ызалы сөздер алқымына тығылғандай, үзіп-үзіп сөйледі. – Әй-әй, о несі? О несі екен?.. Абыралы ауылының балаларын Құдай береді... Алла береді... Тәңір береді... Жасаған береді... Әй, сонда біздің балаларымызды кім берген екен? О несі, әй?».[6] Трилогияны қазір оқығанда да байқалатыны, автор Тәңірбергенді байлығы үшін жерлеп отырған жоқ. Бұл бейне таптық тұрғыдан емес, жалпы адамгершілік тұрғыдан әшкереленген. Перзент ретінде оны Тәңірдің, Құдай тағаланың бергені рас. Малын ше? Оны Құдай берді дей алмайсың. Дей алмайтының – кісі еңбегін жегіш. Оның үстіне ұры ұстайды. Түрікпеннің жылқысын әлденеше рет айдатып алып, көршілес екі елдің арасына от жағады. Түрікмендердің қазақ ауылын шауып жүргені осы байдың кеселінен.Қалаға тоң балық апаратын кірешілердің тең жартысы – Тәңірбергендікі. Кіре тартқан түйелер сонікі. Романның сынайтыны Тәңірбергеннің бұл тірлігі емес. Оның тым құнығып кеткендігі. Қала байы, промысел қожасы Темірке екеуінің шалқар теңізді меншіктеніп, басқа халыққа күн көрсетпеуі. Көзі топырақтан басқа ештеңеге тоймайтын тиранға айналып бара жатқаны. Сол қаралықтарын роман сықақ тілімен қариды.Тәңірберген ел бірлігін көп сөз етеді. Адалдықты, тазалықты дәріптеуге құштар. Іс жүзінде ел ішіне іріткі салушы нағыз қызыл көздің өзі. Тып-тыныш отырған балықшылар ауылын екіге жарып, бір-бірімен өштестіріп, қастастырып қояды.Тұрмыс жағынан да азып біткен. Күйдім-жандым деп алып қашқан Ақбалаға көрсеткен қиянаты, баласынан айырып қоя беруі оның қатыгез келбетін толықтыра түседі. Ақбаланы үйден түріп шыққан күннің ертеңінде қаннен қаперсіз ел аралап кетеді. Бұл дүниеде Ақбала дейтін әйелінің болғанын тарс естен шығарғандай. Бұл қаталдығына Тәңірбергеннің өзі де таң қалады. Құрбандығын жұтып алған қолтырауын екеш қолтырауын да көзіне жас алады екен. Ал, Тәңірберген өз тас бауырлығына өзі тәнті... Және сол мінезін мақтан еткендей ме, қалай?Еламан іштей жуылса, Тәңірбергенді кір басады. Сол ластығына өзі сүйсінетін мұндай жан – қазақ әдебиетінде бұрын кезікпеген кейіпкер. Құнанбай да қатыгез, бірақ дәл мына Тәңірбергендей сырты бүтін, іші түтін, су жұқпас мүттайым, баянсыз қара жүрек емес.«Қан мен тер» трилогиясы Тәңірберген тағдырының соңғы күндерін суреттейтін үлкен тараумен аяқталады. «Ақтар Аралдан шегінгелі Тәңірберген төтен бір халде». Өстіп басталатын тарау тұтастайын ішкі монологтен тұрады. Тәңірберген бар дүниеден баз кешкен. Аяр залым, айлакер қу бұрын ойына алғанын істемей қоймаушы еді. Иті қырын жүгірген соң амалы құрыды. Не істесе де, ойлағанынан кері шығады. Өзінің халіне көлденеңнен тосырқай қарайтынды шығарған. Ішкі монолог ұйтқыған құйындай.
23.М.Базарбаевтың өлеңтанушылығын «Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы» еңбегінен мысал келтіре анықтап жазыңыз
М.Базарбаевтың өлеңтанушылығы – қазақ әдебиеттану ғылымындағы ерекше бағыттардың бірі. Оның шығармашылық мұрасы қазақ өлеңінің теориялық және эстетикалық ерекшеліктерін зерттеуге арналған. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты еңбегі – осы тұрғыда аса маңызды ғылыми зерттеу болып табылады. Бұл кітапта ақын қазақ өлеңінің табиғатын, құрылымын, көркемдік әдістерін терең талдайды.Базарбаев қазақ поэзиясының дәстүрлі формаларын, мазмұнын және стилін талдауда ұлттық ерекшеліктерді негізге ала отырып, өлеңнің ішкі құрылымына терең үңіледі. Мысалы, ол Абайдың «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» деген өлең жолдарына сүйене отырып, поэзияны шынайы өнердің шыңы ретінде сипаттайды. Оның пайымдауынша, өлең – адамның ішкі рухани әлемінің көрінісі, ол ой мен сезімнің үйлесімі арқылы көркемдік биікке жетеді.
Еңбекте мынадай тұжырым жасалады:1.Өлеңнің көркемдік құрылымы. Базарбаев өлеңнің мазмұны мен түрінің тығыз байланысын атап өтеді. Ол поэзиядағы ұйқас, ырғақ, метафора, эпитет сияқты көркемдік құралдардың рөлін талдайды. Мысалы, Абай өлеңдеріндегі «сөз сарасы» ұғымы арқылы өлеңнің тазалығы мен ықшамдылығы көрсетіледі.2.Тіл мен ойдың үйлесімі. Зерттеуші өлеңдегі тілдің ерекше қызметін түсіндіреді. Оның пікірінше, өлең тек ойды жеткізудің құралы емес, сонымен бірге эстетикалық сезімнің коды. «Өлең – сөздің патшасы» деген ұғымды ол қазақ халқының поэзияға деген құрметі мен жоғары бағасы деп түсіндіреді.3. Абай шығармашылығындағы жаңашылдық. М.Базарбаев Абайдың қазақ өлеңін жаңа сатыға көтергенін атап өтеді. Абай өлеңдеріндегі терең философиялық ой мен көркемдік құралдардың жаңашылдығы қазақ әдебиетіндегі өлең жанрын байытты. Бұл туралы еңбектен мынадай үзінді келтіруге болады:«Абай сөз өнерін жаңа биікке көтеріп, оған эстетикалық, танымдық сипат берді. Өлең арқылы ол адамның рухани әлеміне терең бойлаудың үлгісін көрсетті».Қорыта айтқанда, М.Базарбаевтың «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» еңбегі қазақ өлең өнерінің теориялық негіздерін айқындап, оның эстетикалық мәнін терең түсіндірген іргелі зерттеу болып табылады. Бұл еңбек қазақ әдебиеттану ғылымындағы өлеңтану бағытының дамуына зор үлес қосты.
24.«Сүйекші» туындысындағы Тұңғыш бейнесін өз сөзіңізбен айтып беріңіз
Сүйекші – бұрын-соңды қазақ әдебиетінде болмаған кейіпкер. Оны Дулат Исабеков алып келді десек қателеспейміз. Повестің атының «Сүйекші» аталуы да тегін емес. Бас кейіпкердің мына өмірдегі ақырғы аялдамасы моланың маңы еді. Ол ешқашан көр қазушы болуды армандамаған шығар? Бірақ тағдыры оны көр қазушы етті. Егер адамның өмірге келудегі мақсатының бар екенін айдай ақиқат деп қарастырар болсақ, көр қазушы өзінің миссиясын бейсаналы түрде толық орындады. Оның «түйе жүн шекпенінің» өзінің символдық мәні бар. Бұл сүйекшінің тақуалығының белгісі.Тіршіліктен сый көрмеген, тек әділетсіздік пен қорлықтан жапа шегіп өмір сүрген қушиған шалдың азан шақырып қойған аты – Тұңғыш. Тоғыз жастан бастап кісі қолына аманатқа берілген соң «Аманат» аталады. Ешкім оны атымен атамайды. Әкесі абайсызда байдың ұлын өлтіріп алып, оған төлейтін құны болмаған соң, баласын уақытша байдың үйіне қалдырады. Оның әрі қарайғы өмір жолында ешқандай да жарық сәуле жоқ. Алдымен әкесі, іле-шала анасы қайтыс болады. Аманат бала сол күйі кісі есігінде жалшы боп қалады. Жазушы оны «Бала болса болған шығар, балалық шағы болған жоқ. Өзгелер құсап ол күлмейді, күлдірмейді. Қымыз ішіп қызара бөртіп жүргісі де, бозбала боп қызға қарағысы да келмейді» деп суреттейді. Бұл кезде оның аты «Үндемес» еді. Жылдар өте оған «Кеңкелес» деген ат қойылады. Бір үйір жылқыны жоғалтып алған соң бай оны ат құйрығына байлап, сүйретпекші болады. Осы кезде оны баяғыда әкесіне қысастық жасап, өтірік куә болған жігіттердің бірі құтқарып жібереді. Жалшылықтан босағанымен, барар жер, басар тауы жоқ жігіт дуана кемпірмен бірге біраз жыл жүріп, қайыр тілейді. Сол кезде оны адамдар «Дуана» деп атайды. Кейінірек, өмірінің соңына қарай мола қазады. Баяғыда оны аманатқа алып қалып, тағдырына қиянат жасаған Доскей байдың ұлы Үкітай қартайған шағында сүйекшіні іздеттіреді. Оған кеш те болса жақсылық жасауға ниеттенеді. Бірақ бәрі кеш еді. Сүйекші ауылына барар жолда қайтыс болады. Осы бір елеусіз, туғанда да әке-шешесінен өзге ешкім қуана қоймаған, өлгенде де оған қиянат жасаған бірді-екілі адамдардан басқа ешкім қайғырмаған, адам ретінде санатқа қосыла алмаған, өмірден орнын таппаған, тіршілік толқыны аямастан жарға соққылаған, адамдар о бастағы атын да ұмытып қалған Тұңғыш-Аманат-Үндемес-Кеңкелес-Дуана-Сүйекші бәрібір Алладан үмітін үзген жоқ. Ол күнә, қылмыс атаулыдан пәк күйінде, өзгеге де, өзіне де иман тілей жүріп, арғы дүниеге аттанды.
25.Т.Әлімқұловтың лирикалық прозасын айқындап тізбектеңіз
“Ақбоз ат” романы Тәкеннің проза жанрындағы ең көлемді, әрі ең маңызды шығармаларының бірі. Романның негізгі тақырыптық арқауы 60-70 жылдар шындығымен сабақтасады. Мұнда бірнеше сюжеттік арналар қатар жарысып келіп бір мәселе төңірегінде тоқайласады. Ол – ауыл өмірі, ауылдан шыққан қазақ жастарының өмірі.Ауыл мектептерінде сауат ашып, білім алып, кейінгі жылдарында алып қалалар Мәскеу, Петербор сияқты әлемдік ғылым мен білімнің, мәдениет пен өнердің кіндігі саналатын оқу ордаларында студенттік өмірлерін жалғастырған қазақ жастарының өмір-тағдыры қызғылықты баяндалады Көзі ашық, көңілі сергек, білім мен ғылымның биік шыңына қарай ұмтылған осынау жастардың әр сәттегі көңіл-күйіне, олардың жан сезімін, көзқарас ерекшеліктерін қаламгер асықпай, байыппен, барынша жан-жақты, барлық қырынан ашып көрсетуді мақсат етеді.Алғашқы махаббат сезімі, қызғаныш, күйініш, түңілу, бір сөзбен айтқанда өрімдей жастарға етене жақын ішкі сезім толқындарының барлығы өз арнасында терең көрініс табады. Оқиғалар арнасы да осы жастар төңірегінде өрбіп, кейіннен олар әр түрлі, әркелкі бағыттағы авторлық мақсатқа сай тарамдалып кете барады. Қаламгердің тартымды, келісімді тілмен, қызықты оқиғалармен кестелеп, астарлап отырып жеткізетін өмір шындығы, яғни жастар өмірі оқырманын жалықтырмайды.Романның алғашқы тарауларында поезбен елге қарай сапар шеккен екі жігіттің алып ұшқан көңіл-күйі, ой-толғамдарын суреттей отырып автор бізді бірден ауыл тіршілігінің қайнаған ортасына алып барады. Осы жерде романның бас кейіпкерлері Елеусізбен, Қарашпен, Гүлнәшпен, Біркімбаймен танысамыз. Бір-бірін қайталамайтын бұл кейіпкерлердің негізгі мінез ерекшеліктерін де қаламгер созбаламай, шырғалаңға салмай, әу дегеннен бірден аңғартады.Романда суреттелетін барлық оқиғалардың бел ортасында Елеусіз тұлғасы оқшау көрінеді. Елеусіз көзімен, Елеусіз ойымен, кей тұстарда соның естелігі пішінінде берілетін оқиғалар арнасы, оның басынан кешкен әрқилы кезеңдердің қызығы мен шыжығын, үміті мен өкінішін, қуанышы мен ренішін, бір сөзбен айтқанда бір азаматтың басынан өткен өмір өткелдері бар бояуымен тізбектеліп өтіп жатады.Жазушы Елеусіз тұлғасын бірегей сомдау мақсатында психологиялық талдау әдісін өте ұтымды меңгерген. Осы арқылы кейіпкердің ішкі әлеміне терең бойлайды. Профессор Т.Сыдықов: “Психоанализ – көркем әдебиеттің зерттеу әдістемесі. Өйткені, ол адамның жан-жүрегіне үңіледі. Адам жанының иірімдері, тылсым тұңғиығы, нәзік тебіреністері, томаға тұйық сырлары адамның ішкі әлемінде бүгулі, бүркеулі жатады. Сол басқаның көзінен қалтарыстағы сана мен сезім ағысын тек қуатты қалам иесі ғана көрмек, кестелемек”, - деп өте дәл айтқан. (Т.Сыдықов. Қазақ тарихи романы. А., Ер-Дәулет, 1996, 178 бет). Яғни қаламгердің әу баста алдына қойған мақсаты – Елеусіз тұлғасын орталық кейіпкер ретінде ұсыну болса, сол жолда жазушы бейнелеудің барлық құралдарын қатар қолданып отырған.Елеусіздің кім екендігін, қандай жан екендігін романның өне бойында жазушы тиіп-қашып, сипай қамшылап таныстырып отырады. Асылы, адамның іші – сиқырлы әлем тәрізді. Тіршілікте не көрдің, не түйсіндің, неден дәмелендің, неден түңілдің – бәрі-бәрі көкірегіңде аян. Көлденең жұрттың көзіне төрт құбыласы түгел жігіттей көрінетін Елеусіздің көңілінде қаншама қаяу, сағыныш, мұң жатыр!Әрнәрсені салыстыра бағалап дағдыланған Елеусіз Досов өз құралпастарының көбінен кейіншектеп қалғанын жақсы-ақ сезінеді. Сондықтан да өз тірлігіне ризалығы жоқ...“Сары Арқаның білімдар, бауырмал баласы тұңғыш душар болған теріскейліктердің жоғын жоқтап, жырын жырлаймын”, - деп, жел қақты боп қабарып жүргенінде оның “инеліктей ілмиген форымын”, “ботатірсек – босбелбеу жүріс-тұрысын”, “сеңгірігін бүрген көзілдірігін” неше саққа жүгіртіп келекелеушілер болды. Осымен қатар, зиялы жігіттің қай-қайдағы қалың ойға шомып жүретін жат мінезін, сұрауларының шымбайға батып кететін шымырлығын, өзінің шікіреюді білмейтін кішіктігін, тамақ талғамас қарапайымдылығын аңғарып, іштартушылар да бар еді. Осылай көрінетін Елеусіздің кейінгі тарауларда өмірлік тұғыры берік, қаламы жүйрік, айтқанынан қайтпайтын, жүрегі ел деп, жер деп соғатын азаматтық тұлғасының да қатар көріне бастауы бұл бейненің көтеретін көркемдік жүгін салмақты ете түседі.Әсіресе, Елеусіздің ел, ұлт қамын көбірек ойлайтындығы оның журналист ретінде дүниеге әкелген, газет беттерінде бастырған көркем очерктері арқылы терең баяндалып отырады. Оңтүстік Қазақстан өңірі, оның ішінде Сейдін ауданының бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы, ондағы малшылар қауымының ауыр да азапты, бірақ берекелі еңбегін, от басы ошақ қасының қызығын, бала-шаға қамын, тұрмыс тауқыметтерін тәптіштеп, түбегейлі ақтарып көрсетуге ұмтылатын журналист қаламынан көп сыр ақтарылады. Ел өмірінің шым-шымдап тереңнен тартқан көрінісі негізінен Елеусіз қаламы арқылы өтіп отырады. Жазушы осылай журналист көзімен көп сырдың тиегін ағытады.Жүйткіп кетіп бара жатқан поезд образы жазушы шығармасында көп айтылады. Бұл поезд бір тұста зымырап өтіп бара жатқан адам өмірін де мегзегендей. Студент, жігіт ағасы, төселген журналист – қаламгер болып тіл қататын Елеусіз өмірі де осы тоқтау бермес поезбен сабақтас, тамырлас танылады. Мұнда үлкен мән бар, бұл жерде өмір философиясы айтылады. Жалғыз Елеусіз емес, барлық кейіпкерлер тағдыры да осы заулап бара жатқан жүрдек поезд - өмір көлігіндегі әрқилы жандардың әр қиядағы өтіп жатқан өмір тағдырынан сыр тартамыз.Біркімбай образының жоғарыда сөз болған Ақбоз атқа қатысты ашылатын көркемдік қырларынан басқа тағы да бірнеше тұлғалық ерекшеліктері қатар көрінеді. Ол ең алдымен – тамырын тереңге жіберген ауыл ақсақалының бар болмыс-бітімі мен қайшылықты тағдырын алдымызға жайып салады. Сондықтан да Біркімбай тұлғасы – көп қатпарлы, күрделі тұлға.Артық-кемімен көрінетін Біркімбайдың бейнесі оқырманға әрқилы сезім қалдырады. Ең бастысы оның бір қалыптан шыққан, жаттанды, ұнамды бейнеден ауылы алыс. Өзінің өмірден түйгені мол, қыртысты шал оңайлықпен айтқанға көніп, айдағанға жүре беретін жан емес. Осы бейне арқылы, оның өмір жолы, тауқыметті тағдыры арқылы Тәкен ауыл өміріндегі тағы бір мәнді мәселе – мал шарушашылығы, оның ішінде жылқы шаруашылығы мәселесін тереңнен қопарып көрсету арқылы ұлттық болмысымызға терең бойлайды.Ақбоз ат, оның шыққан тегі, ұрпағы, өткені мен болашағы туралы айтылатын ой-толғамдар түптеп келгенде қазақ қоғамының, қазақ жұртының ұлттық рухқа бойлаған көкейкесті мәселесіне келіп тіреледі. Малсыз қазақтың күні жоқ. Оның ішінде төрт түліктің асылы, ардақтысы жылқы туралы әңгіме қазақ рухына, қазақ жүрегіне етене жақын. Осы өзекті мәселені, яғни жылқы тағдырын, оның бүгіні мен ертеңін қаламгер адам тағдыры арқылы астастыра, сабақтастыра танытудың ұлт өмірімен тамырлас екенін жақсы білген.Тұлпарлар тағдыры ел, жер тағдырымен қабысады, халықтық мәні бар, ұлттық мүддені көтеретін мәселеге ұласады. Тұқымы асыл жылқы үшін жаға жыртысқан, талас-тартысқа түскен ауыл адамдарының психологиясын Тәкен тартымды оқиғалармен сабақтастыра отырып саралайды.Дегенмен де, романның жетекші кейіпкерлерінің бірі Шіркімбайдың аузымен айтылатын, осы кейіпкердің ой-толғаныстары арқылы шым-шымдап оқырманға жететін негізгі оқиғалық желі – Гүлнәш – Біркімбай тарихы, осылардың тағдыр соқпағы тарам-тарам әңгіменің өзегін құрайды. Осы әңгіме романның басты тақырыптық-идеялық ауанын анықтайтын жолды да белгілейді. Бұл арнаның басты құндылығы неде? Басты құндылығы осы арнада негізгі, жетекші кейіпкерлердің өмір-тағдырының шынайы көрсетілуі. Негізгі авторлық мақсаттың жүзеге асуы. Жазушы “Шіркімбай екі болыс елді дүрліктірген Ақбоз аттың әңгімесін шертіп келе жатыр. Ұстамды Елеусіз сырмінез болмаған сапарласының көңілген қонған сөздерін ғана қабыл алады”, - деп келеді де, ары қарай енді тікелей осы Ақбоз ат тағдырының қия-қалтарыстарына назар аударып, оны адам тағдырымен астастыра, сабақтастыра баяндай бастайды. Сонда бір ғана тұлпардың төңірегіндегі оқиғалар тереңдей келе қомақты қоғамдық, әлеуметтік мәселелердің көтерілуіне мұрындық болады.Біркімбайдың туған інісі Шіркімбайдың аузымен айтылатын сөзде Гүлнәштің Ақбоз атқа қалай айырбасталып кете барғандығы туралы сырдың ұшығы байқалады. Ол: “Біздің де ат жалын ұстап міңгіміз, аз күнгі тіршіліктің қоңырқай қызығын кешкіміз келеді. Ал, ағаның арманы (туған ағасы Біркімбайды меңзеп отыр) одан да әрі болатын. Ол жалғыз қызы Гүлнәшті сіргелінің ең ірі шонжары Шоңбайдың баласына атастырғанда Ақбоз ат арқылы атағын жалпақ елге жаймақ болған”, - деп келеді де, ары қарай Шоңбай мен Біркімбайдың құда болу тарихынан қызғылықты, қалтарысы қалың, ең бастысы тұлпарлар тағдырына көбірек соғатын ұзын сонар әңгіменің тиегін ағытады.Шоңбайдың бірнеше жыл бойы бәйгенің алдын бермейтін екі тұлпары: Торыалаяғы мен Ақбозының төңірегінде жалпақ елге жайылған атақ-даңқтың, алып-қашпа сөздің ұзын ырғасы келіп Біркімбайдың Ақбоз атқа құлай құмартуына ұласады. Ақбоз аттың тізгінін уысына түсіруді армандаған Біркімбай ел құлағын елең еткізген іс-әрекетін жүзеге асырады. Туған перзенті, жар дегенде жалғыз қызы Гүлнәшты Ақбоз аттың бір құны үшін Шоңбайдың балалы-шағалы ұлы Асылбекке әйел үстіне күйеуге шығуға қияды. Осылай тұлпар тағдырына енді Гүлнәш тағдыры сабақтасады.Асыл тұлпардың тұяғына туған қызының тағдырын қиып жіберген Біркімбайдың әрекетінде не сыр жатыр? Тұлпар дегенде ішкен асын жерге қоятын, жалғыз жүрегін суырып беруге дайын тұратын қазақ мінезі ме?Жас баласын “құлыным” деп ардақтайтын, аялайтын қазақ санасы малын да перзентіне балаған ғой. Біркімбайдың да бір мінезін осы тұрғыдан бағамдасақ, бұл іс-әрекет өмірлік шындыққа сияды. Ақбоз аттың тағдыры осы тұста келеді де, енді Біркімбай тағдырымен астасады. Қазақ үшін төрт түліктің ең асылы, ең қимасы саналатын жылқы малының ең өміріндегі мәні мен маңызын қаламгер тереңдей тартып келеді де өзінің көңілінде түйгенін, тіршіліктің сырынан көрген, ұққан жайларды арна-арнамен баяндап береді.Ел өміріндегі сан-сала көріністер, колхоз, совхоз тірлігі, малшылар тұрмысы, барлығы енді Біркімбай, Гүлнәш төңірегінде өрбиді. Бір тұлпардың тізгінінде тағдыры байланып, өмір соқпағына түскен балауса Гүлнәш кейіннен, өмір өткелдерін артқа тастап, енді буыны бекіген, оңы мен солын таныған, ысылған, өзі де бір қауым елге бас-көз болуға жарап қалған қалпын танытады. Кейіпкердің өсу жолын қаламгер шынайы танытады. Гүлнәштің өмір жолы қыр-сырымен көз алдыңнан өтіп жатады. Қыз Гүлнәштің ана, жар Гүлнәшқа айналуы табиғи түрде, арналы, ағысты көрінеді.Қаламгер романның келесі тарауларында тұлпар тағдырынан бірте-бірте алыстап, енді әке мен бала, ел мен жер тағдырына қарай ойысады. Өмір, тіршілік сыры туралы терең толғамдар, оралымды ойлар осы желіде үнемі алдымыздан шығып отырады. Біркімбай мен Гүлнәштың өмір-тағдыры төңірегіндегі тума-туыс, көрші-қолаң, ел адамдары, бір сөзбен айтқанда тіршілік қазанында тоқайласып өмір кешіп жатқан тұтас бір қазақ қауымының бейнесі бой көтереді, бар болмыс-бітімімен көз алдымызға келеді.Тәкен Әлімқұлов нақты бір тарихи кезеңнің шындығын ел ішіндегі ең бір көзге түсе бермейтін, мен мұндалап айқайлап тұрмайтын терең иірімдерді бейнелеуге ат басын тіреген. Қазақ халқының ғасырлар бойғы бірден-бір тіршілік тірегі болып келген мал шарушылығы, оның ішінде жылқы малының ел тағдырында, адам тағдырында алатын орнын өзіндік қолтаңбамен өрнектеп бере алған.Роман тұтаса келе күллі қазақ ауылының тарих көшінің бір тұсындағы, бір белесіндегі жиынтық бейнесін алдымызға тартады. Адамдар тағдыры, тұлпарлар тағдыры арқылы көрінетін бұл жиынтық бейне түптеп келгенде тарихи-әлеуметтік, қоғамдық шындықтың бетін ашады. Адам мен қоғам, қоғам мен ел, жер арасындағы мәңгілік байланыс, тынымсыз қарым-қатынас қаламгер мақсатына, яғни көркемдік мақсатқа мінсіз бағындырылған. Жазушы осы мақсат жолында өзіндік суреттеу тәсілдеріне, өзіндік көркемдік әдістеріне қол тартқан, арқа сүйеген.Жалпы жазушы шығармашылығын тереңдей, зерделеп қарасақ, Тәкен осы аталған романында болсын, немесе басқа туындыларында да бір сөзді, бір сөйлемді де жорамалға сүйеніп жазбаған. Дәлелсіз, дәйексіз дүниенің орға жығатынын білген. Осы сияқты қызықты, қазыналы деректерді қаламгер “Қош бол, Абсент!” шығармасында да тартымды желілерге байлайды.“Төрт түліктің ең ақылдысы жылқы болса, жылқының ең ақылдысы – бишісі”. – деп келеді де, жазушы, адамнан музыканы артық түйсінетін жылқылар бар екенін айтады. Тәттімбеттің ақбоз аты домбыраның сазына орай билеген, Балуан Шолақтың аты қаңтарусыз тұрса, Ақан серінің қосалқы аты (Мақпалқара) соңынан қалмай еріп жүрген. Осы тарихи деректердің барлығын қаламгер халықтың өзінен алған, жинаған, ұзақ жылдар саралаған. Көп деректер жиналғанда бір түйінге тоқтатқан.Тың, жарау, асау кезінде Абсент те мақпалдай қара болған. Азған, арыған, ашынған тұсында, бір кезе желмен жарысқан Абсент, Бұл күнде қаракер тартқан. Бұл туындыда да жазушы Абсенттің құлынында қызыл болғанын, одан қызыл-күрең, одан алқара көк тартып, мақпал қараға айналғанын суреттейді. Бұл тұяқ туғаннан бәйгеге жарамай бишілікке жаралғанын тарам-тарам, терең оқиғалар, баяндаулар, суреттеулер арқылы сезімді тербеп, мұңмен аяқтайды. Осылайша, жазушы жүйріктің мүсініне, тегін, түсіне, мінезіне осы салада арнайы маманданған кәсіпкерден артық баға береді.Жылқының, жүйріктің қасиеттері туралы осы сарындас ойлар жазушының “Ақбоз ат” романынан бастап, тұлпарлар тағдыры туралы кейінгі шығармаларының бәрінде көрініс табады. Эсселерінде, публицистикалық толғаныстарында баяндалған жылқыға, жүйріктің қасиеттеріне, тегіне, түр-түсіне, мінезіне қатысты білгендерін, көргендері мен көңілге түйгендерін жазушы көркем шығармаларында молынан шығармашылық үлкен шеберлікпен пайдаланады. Бұл айтылған жайларға қоса автордың бәйгенің қашықтығы, жердің табиғаты, ат суытудың жолдары мен тәсілдері, жүйрік аттың сыны мен бабы, оған қатысты халықтың ырымы мен әдеті жайындағы байыптауларын да есте ұстаған абзал.Автордың шығармаларында бұл секілді құбылыстар, халықтың дәстүрлі мәдениеті мен кәсібіне байланысты қалыптасқан нанымдары мен салттары, әдеп-ғұрыптары да көркем шығарма жүйесінде айтарлықтай эстетикалық, танымдық қызмет атқарады. Солардың ішінде автордың ерекше көңіл бөліп, айрықша ден қоятыны – шығармасының ұлттық сапасы, ұлттық бояуының мейлінше қанық және шынайы болып шығуын мақсат еткенін аңғарамыз.
26.«Алмас қылыш» туындысы көркемдігін саралап,типаждар даралығын жазыңызАлмас қылыш романында ХV –ХVІ ғасырларда Қазақ хандығының құрылуы, Әбілқайыр, Жәнібек, Керей хандардың тақ үшін таласы, қазақ руларының бірлесу идеясы суреттеледі.
Ілияс Есенберлиннің «Алмас қылыш» романы – қазақ әдебиетінің тарихи роман жанрындағы шоқтығы биік туындыларының бірі. Шығармада Қазақ хандығының құрылу кезеңі, қазақ халқының тәуелсіздікке ұмтылысы мен бірлікті сақтау жолындағы күресі шебер бейнеленген. Бұл романдағы көркемдік пен кейіпкерлердің типаждық даралығы ерекше мәнге ие.Шығарма көркемдігі1. Тарихи шындық пен көркемдік үйлесімі.Есенберлин тарихи оқиғаларды көркем әдебиет арқылы жаңғырта отырып, қазақ халқының саяси және мәдени өмірін кеңінен суреттейді. Тарихи деректер мен қиялдың үйлесуі арқылы автор өткеннің көркем бейнесін жасайды. Мысалы, Әбілқайыр ханның ұлы Жәнібек пен Керей сұлтандардың Қазақ хандығын құру жолындағы іс-әрекеттері нақты деректерге сүйене отырып баяндалады, бірақ олардың сезімі, ойы мен мінезі әдеби тұрғыдан байытылған.2. Табиғат көріністерінің көркемдігі.Романдағы табиғат суреттері халықтың өмірімен тығыз байланысты. Көшпелі тұрмыстың бейнесі дала көріністері арқылы беріледі. Мысалы, кең дала, ұлы таулар, өзендер – халықтың болмысы мен мінезін көрсететін метафора ретінде суреттеледі. Бұл арқылы автор ұлттық рух пен азаттық идеясына көркемдік мән береді.3. Тілдік байлық пен стилдік ерекшелік.Есенберлин халықтық тілдің байлығын шебер қолданған. Қысқа, өткір диалогтар мен бейнелі эпитеттер, мақал-мәтелдер арқылы халықтың дүниетанымы мен ұлттық болмысы терең ашылады. Мысалы, ханның билігі, батырлардың ерлігі туралы баяндауларда поэтикалық тіл басым.Типаждар даралығы Романның көркемдік қуаты оның кейіпкерлерінің жан-жақты сомдалуымен тығыз байланысты. Әр кейіпкер тарихи кезеңнің бейнесін, ұлттық мінезді көрсетеді.1. Керей мен Жәнібек сұлтандар. Бұл тұлғалар ұлттық идея мен тәуелсіздік үшін күресудің символына айналған. Керей сұлтан – салмақты, ойлы, саяси сауатты тұлға ретінде көрінсе, Жәнібек – қайсар мінезді, халыққа жақын, батыл шешім қабылдайтын басшы. Екі сұлтанның мінезі мен әрекеті арқылы автор халықтың бостандығын қорғаудағы мақсаттарын бейнелейді. 2. Әбілқайыр хан.Әбілқайыр – билікке құмар, қатал, бірақ ақылды билеуші. Оның бейнесі тек жауыз хан ретінде емес, қайшылыққа толы тұлға ретінде ашылады. Оның билікке деген құштарлығы мен халықтың наразылығы арасындағы тартыс – шығарманың маңызды драмалық желісі.3. Бұқара халық.Романда халық образы ерекше орын алады. Жекелеген кейіпкерлер арқылы (ақсақалдар, батырлар, жауынгерлер) жалпы халықтың тарихи жағдайлардағы рөлі мен тағдыры көрініс табады. Бұл типаждар арқылы халықтың даналығы, төзімділігі мен ерлік рухы ашылады.4. Әйел бейнелері.
Шығармада әйел кейіпкерлер де ұлттық рух пен отбасының символы ретінде көрінеді. Мысалы, аналардың төзімділігі, әйелдердің батылдығы мен даналығы арқылы қазақ әйелінің дәстүрлі бейнесі жасалған.Қорытынды«Алмас қылыш» романы – тарихи оқиғаларды көркем бейнелеудің үздік үлгісі. Шығармадағы көркемдік тәсілдер, терең психологиялық талдаулар мен дараланған типаждар қазақ халқының рухани құндылықтарын, азаттық үшін күресінің маңыздылығын аша түседі. Есенберлиннің бұл туындысы – ұлттық әдебиетіміздегі тарихи романдардың биік шыңы.
27.Т.Молдағалиевтің «Жүрегім менің сапарда» жинағындағы өлеңдері жаңашылдығын саралап тізбектеңіз.
ПІКІР айтқандар: Серік Қирабаев, Несіпбек Айтұлы
Адам рухын көтерер, оның ойын марқайтып, жырына азық берер – өмір десек, Тұманбай жырлары сол өмірдің алуан түрлі сырын, ондағы өзгерістерді шынайы бейнелейді. Ол өзгерістің негізгі куәгері болып ақын өлеңдерінің лирикалық қаһарманының тағдыры тұрады.Тұманбай өңшең шеңгелдің ортасына шыққан жалғыз жауқазындай қазақ жыр алқабының жаңаша көктеп, жаңаша құлпыруының басы сияқты болды.
Тұманбай Молдағалиев 1935 жылы Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы Жарсу ауылында дүниеге келген. Әкесі Молдағали Ұлы Отан соғысында қаза болып, Тұманбайды атаәжесі мен анасы Қымқап тәрбиелеп өсіреді. Әкеге деген сағынышы, анадан көрген мейірімі, жетімдік тағдыр ақынның көптеген өлеңдеріне арқау болған.
Тұманбай ауылдағы мектеп табалдырығын 1942 жылы аттап, 1951 жылы Есік қаласындағы орта мектепті тамамдайды. Сол жылы қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға оқуға түседі.
Еңбек жолын «Лениншіл жас» газеті мен «Пионер» журналының редакцияларында әдеби қызметкер болудан бастаған. 1959–1970 жылдар арасында «Жазушы» баспасында аға редактор, 1970–1973 жылдары «Балдырған» журналында жауапты хатшы болып істеген.
1973–1984 жылдары «Жалын» альманахының бас редакторы, 1984–1986 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, өмірінің соңына дейін «Балдырған» журналының бас редакторы қызметтерін атқарған.
1954 жылы тырнақалды өлеңінің облыстық газетке жариялануы Тұманбайға шабыт береді. Ақынның алғашқы жастық жырлары «Студент дәптері» деген атпен жинақ болып басылады. Шығармаларының негізгі тақырыбы – туған жер, табиғат, махаббат, достық, жастық, адамгершілік. Тұманбай – өлеңдерін лирикалық жанрда жазған сыршыл ақын.
1968 жылы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықты, 1992 жылы Физули атындағы Халықаралық түркі дүниесі ақындарының сыйлығын иемденген. Қаламгердің өлең, поэмалары жеке кітап ретінде де, сонымен қатар жинақ түрінде де бірнеше рет жарық көрді. Тұманбай Молдағалиевтің ақындық сыры оның өзіне ғана тән шеберлікпен «қиыннан қиыстыратын» стилінде, шынайы адамдық қасиеттеріне толы сезімінде. Сондықтан да ақынның оқырманы көп.
Т.Молдағалиевтің жыр жинақтарының ішінде балаларға арналған өлеңдерінің тәрбиелік мәні зор, ол зілсіз ишарамен ибалы болуды ұқтырады:
Құралай деп қойыпты саған да атты,
Сол есім атаңды көп алаңдатты.
Жүрісің мен тұрысың, есімің де,
Ұнап бара жатыр-ау маған қатты.
Т.Молдағалиев көптеген әндерге өлеңдер жазды. Мәселен, оның мұң мен терең сырға толы мәтіндеріне жазылған «Құстар қайтып барады», «Әнім сен едің», «Ертіс вальсі», «Бақыт құшағында», «Шақырады көктем», «Қаздар қайтқанда», «Күзетеміз» тәрізді әндері ел арасына кеңінен таралған.
«Құстар қайтып барады» өлеңінде:
Жаз өмірін, мәз өмірін қысқартып,
Бара жатыр, бара жатыр құс қайтып.
Зымырайды менің бала кезімдей,
Бір жалт етіп өте шыққан, өте шыққан сезімдей…
…Ал адамдар күліп бастап өмірін,
Кетерінде жылай да алмай, жылай да алмай қалады.., –
деп адам өмірінің терең философиясына үңіледі.
Ақынның «Я – сын Семиречья», «Первая встреча», «Новая тетрадь» атты жыр жинақтары орыс тілінде, сондай-ақ т.б. көптеген өлеңдері өзге тілдерде кітап болып шыққан.
Өткен ғасырдың жуан ортасында тұяғының тасырымен дарқан даланы дүрліктірген жыр аламанында Тұманбай Молдағалиевтің шабысы алдыңғы толқынды таңдандыра түсті. Сондықтан да болар, көрнекті жазушы-академик Мұхтар Әуезовтің назарына ілігіп, Сәбит Мұқановтың қолына қалам алғызып, өзі жайлы арнаулы мақала жазғызғаны. Бар-жоғы 33 жасында Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанып, 1982 жылы азулы ақын Хамит Ерғалиевпен қатар бәйгеге түсіп, жүлдені тең бөлісуінің өзі не тұрады десеңізші?! Тіпті, арда ақын Әбділдә Тәжібаев інісін аузынан тастамай, кей кездері «Мен Тұмаштан үйреніп жүрем», – дейді екен. Бұл әсірелеусіз әспеттеудің астарында көп нәрсе жатқандығы мәлім.
Рас, ақынның «Жүрегім менің сапарда» атты жинағындағы әр сапарда жазылған туындыларын тізбелей берсек, артық етпейді. Алайда, әлемнің алты бұрышында болған қаламгердің Италия циклі адам жанына ерекше әсер ететіндей. Жалпы, еліне «Тұмаш» атанған Т. Молдағалиев қазақ ақындарының алғашқысы болып сапарнамалық шығарма жазды. Осы уақытқа дейін талай қаламгер осы дүниені өзінше өрнектеп келе жатқаны көзі қарақты жандарға таңсық емес. Дегенмен, олардың бәрі Тұмаштай тұмарлы жырды тағынып қайтпағандай көрінеді де тұрады. Сәби мінезді ақынның Италия циклі бейнелі де бедерлі поэзия. Бұл энциклопедиялардағы академиялық мағлұматтардан бөлек, адам жанының шынайы тебіренісінен туындаған танымдық сапа мән тәлімдік сипатқа толы оқшау ойлардың жиынтығы һәм шынайы суреттеуден тұрады.
«Серрентоға кел қайтып,
кетпе мені мұңайтып»,
Деген әнді ортада бір қара көз
тұр айтып.
Мұндай қыздың тілегін
қайтару да мүмкін бе,
Жүз кеп кетер едім-ау
Серрентоға бір күнде.
Әттең, әнді сол ару
маған арнап айтпады,
Сол бақытты жігіт те
Серрентоға қайтпады.
Үрлеп-үрлеп тұтатып
жүректегі шоқтарды,
Барлығына амалсыз ән кінәлі боп қалды, – деп жырлайды ақын өзге елдің махаббат ғазалдарын қазақы орқырманға анық та қанық қылып. Бұл арудың айтқан мұңы болғанымен қазақы танымнан онша алшақ емес секілді. Мәселен, ер Естайдың Қорланға арнап айтқан сағыныш, аңсау сарынындағы әндері осы туындымен сарындас. Сондықтан да, Тұманбайдың кез келген тақырыптағы жырлары адам санасына жеңіл орнығып, оқырманның көңіл көкжиегінің бір шетін Жапонияға тіреп, бір шетін Одессадан бір-ақ шығарады. Осы бір сөзге келіскісі келмейтін жан табылса тым болмағанда ақынның «Тынық мұхит сапары» атты циклін оқып көрсін. Сонда ғана қазақ поэзиясында қайталанбас туындыларымен есімін алтын әріппен қашап кеткен жанның географиялық танымын, адамзаттық көзқарасы мен телегей білімін анықтай алмақ. Ал ақындық қуатын пайымдау бөлек әңгіме.
Махаббат тақырыбында өндірте жаздым деген ақын Тұманбайдай-ақ болсын. Талай жүрекке от тастаған сезімнің құпиясын, сырын жыр арқылы ашып, айшықтап беру мыңның бірінің иығына ғана шақ келер дүние. «Махаббаттан басталып, парасаттылықпен аяқталатын» өлеңде қайталанбас із қалдыра білген ақынның көсіле толғар тұсы да осы. Сондықтан бір ғана өлеңіне тоқталып, «сүйемін, күйемін» деген сөздермен мезі етер кейбіреулердің поэзиясынан оқшау екенін даралай алатынымыз анық. Мәселен, көңілі кеткен ғашығының:
Жеңіл ғана сенің аяқ басқаның,
Ұқсамайды жүрісіне басқаның.
Сенің жайлап жадырап бір күлгенің,
Ұқсамайды күлкісіне басқаның, – деп сан мың қызды ерекшелеп көрсетер қасиетіне суреткерлік шеберлікпен беріле толғанады. Немесе:
Сенің көзің қара да емес, көк те емес,
Ол бір ғажап жарқыраған отты елес.
Сенсіз жерде жыр туындап кеудемде,
Сенсіз жерде қызыл гүл де көктемес, – деп жырлайды. Бұл шынымен де суреткерлігі бөлек ақынның ерекше қолтаңбасы. Абайдың «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы, аласы аз қара көз нұр жайнайды» немесе Мұқағалидың «Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған», – деген өлең жолдарымен сарындас болғанымен, табиғатынан сырбаз ақынның суреткерлігі едәуір салмақты екенін аңғартады. Бұл қазақтың маңдайына біткен қос шайырдан асыра жазды деген сөз емес. Алайда, тақырып пен мазмұн ортақ көрінгенімен, түйсіктіні тебірентер тіркестері өзгеше әрі ғажайып ойдың жемісі екені даусыз. Осыдан-ақ, Т. Молдағалиевтің махаббат жайлы жазылған жырларының қуатын, сыршылдығы мен шынайылығын пайымдай беріңіз.
Ал енді бүгінгі күні ақын жайлы айтылып жүрген кейбір алыпқашпа әңгімелер мен жөнсіз пікірлерге тоқталып өтуді жөн санап отырмыз. Біріншіден, жаратылысынан жарқын ақын өз халқын өле сүйіп, қандастарын қаламына арқау еткеніне кінәлі ме?! Екіншіден, арнау жырлары сарындас болса бірсәрі, әр адамға арнаған өлеңі өзінше бір туынды емес пе?! Осы сауалдардың санаға орнығуына бір жайт себеп болған. Бірде алдыңғы толқын ағалармен, қадірлі қаламгерлермен болған сұхбат барысында «Тұманбай ғажайып ақын... Екі кітабы қалғанда тіптен ғаламат күйінде қалар еді. 13 томдық шығармалар жинағының жартысынан көбі «ана ағама», «мына бауырыма», «көршіме», деген сарындағы арнаулар. Оқырманға мұндай жырлардың түкке де керегі жоқ. Сондықтан табиғаты таза ақын поэзияға да тазалықпен қарау керек еді», – деді. Бұл пікірді естіп алған соң, онсыз да сүйіп оқитын Тұманбай томдықтарын қайта қолға алуға тура келді. «Шынымен де солай ма?» – деген ойдың жетегімен ақын шығармасын тағы бір мәрте шолып шыққан едік. Әлгі қаламгердің түңілетініндей дүние жоқ емес. Алайда көп те емес. Әр арнау өлеңі бүгінгідей жыр бәйгесі (мүшәйра) үшін жазылар дәлелсіз дәріптеуден тұрмайды, керісінше, кейіпкерінің болмысына, табиғатына қарай өрнектелген өлеңдер. Міне, осыны сезіне алмаған кей зиялы қауым мен оқырмандардың арасында алыпқашпа әңгіме туындаған. Осы бір ойымызға тұздық ретінде қазақтың көрнекті ақыны Мұзафар Әлімбайдың «Тұйғындай ұшқыр Тұманбай» атты танымдық мақаласындағы пікірді алға тартайық. Балалар әдебиетінің классигі: «Туған ауылын мадақтай алмаған ақын тұлғалы Отанын да ардақтай алмайды. Жалпылама жайдақ, жалаң сөзді жалмаңдатып сырғи беру оңайдың оңайы… Тұманбай шығармашылығын жақсы білетін адам поэтикалық портреттер галереясын тізіп шығар еді. Және соның басым көпшілігі Казаткомның, Еңбекшіқазақ ауданының азаматтары екеніне көз жеткізер еді. Қазақстандағы ешбір ақын бұл тұрғыдан Молдағалиевпен таласа алмайды. Бұл – ақиқат. Кейбіреулер ақынның осы үрдісін бірыңғайлық, бірсарындылық, қайталаушылық деп мінегісі келеді. Бұны мен табанды патриотизм дер едім. Мұнда Смоленскі өлкесін елжірей сүйген Исаковский мен Твардовскийдің дәстүрін жалғастыру бар», – деп жазады. Ақиқаты осы емес пе?! Кімде-кім туған жерін, өскен ортасын сүйсе, Тұманбай секілді жырымен дәлелдесін. Қолынан келмей ме, ақынның кеңжүректілігін мінеп, жомарттығын жоққа шығармасын. Мұзафар Әлімбай «Мейманасы тасыған не атақ іздейді, не шатақ іздейді», – деп түртіп қойыпты мақаласында. Сол айтылғандай қаламгерлігімен таныла бастаған жандар ақынның аңқылдақ мінезіне, ақ көңіліне, сезімінен туған ғажайып өлеңдеріне килікпесе, «шатақ іздемесе де болады ғой» деп күйінетініміз жасырын емес-ті.
Ақынның шығармашылығын жалпақ жұртқа танытар және бір арена – ән-өлең жанры. Бұл жағынан келгенде мықты шайырлардың да арасында жырлары әнге айналмағандар бар. Ал халқының Тұмашы тірі күнінде Нұрғиса Тілендиев, Шәмші Қалдаяқов сынды музыка майталмандарымен бірлесе жұмыс жасады. Әуесқой сазгерлердің өзі ақын шығармашылығына деген құрметпен бірқатар туындысын әнге айналдырды. Сөйтіп, тумысынан тазалықты сүйетін, әдебиетке адал болған жанның туындылары әнге айналды. Тіпті, олардың санына да жете алмай қалғанымыз жасырын емес. Бүгінде барша жұрттың көмейінде бүлкілдеген «Құстар әні», «Куә бол», «Шақырады көктем», «Бақыт құшағында» және басқа да муыкалық бояуы қанық, иірімі ерекше, іркес-тіркес туындылар. Бұлардың қай-қайсысын алсақ та, тыңдарманды мезі етпейтін, ғасырдан-ғасырға жалғаса берер кешегі сал-серілердің сүбелі сөзді жанайқайындай, халық мұңы мен махаббатын арқалаған мәңгілік шығармалар санатына жататынын бағамдай аламыз. Мәселен, «Көктемді қондырып қанатына, құс қайтып оралды Алматыға», – деп келетін көктемнің оралуын суреттеген туындысы мен «Жаз өмірін, мәз өмірін қысқартып, бара жатыр, бара жатыр құс қайтып» деген ән мәтініне назар салсақ, шайырдың шалқуы мен шамырқануы, түйсінуі мен сезімнің нәзік пернелерін дөп баса отырып толғануының өзі қазақ музыка өнерін мәңгілік ету жолындағы табандылық пен ізденістің жемісі екенін көреміз. Сондықтан да, тебіреніп, толғанып дара болмысты дарынның дақпыртын одан әрмен жая түскің келіп, жанталаса бастайсың. Алайда, көзінің тірісінде өз бағасын алып, биігін бағындырып кеткен Алатаудың арда болмысты ақынына лайықты тіркес таба аламыз ба, ол жағы беймәлім...
Бір анық дүние бар. Ол қадамы қанаттас, қаламы санаттас өз құрбыларының арасында, қаламгер қауымның ішінде жарқырай көрінген жыр жүйрігі бүгінгі таңда дәріптеусіз қалып жатыр. Халқының егіз қозысындай еркелеп жүріп ғұмыр кешіп, жыр аламанында қатар көсілген Қадыр Мырза Әлінің ескерткіші бой көтеріп, ақын атындағы арнайы мәдениет пен өнер ордасы ашылғаны белгілі. Алты Алаштың Тұмашы сол баяғы қарапайым қалпымен том-том кітап күйінде ғана сөрелерден табылады. Құрмет ретінде ешнәрсе жасалмағандықтан, басындағы құлыптастан басқа түк жоқ. Бұл шыңдары аспан тіреп қатар жатқан асқарларды алалаудан туған сөз емес. Қасиетті перзентіне пейілін бұрып, елім дегенді ерім дейтін халықтың қолқусырып отырғанына деген ішкі наразылық болар, бәлкім.
«Жаратылысынан жарқын ақын Тұманбай Молдағалиев отыз жылдан астам өлең патшалығындағы алтын тақтың бірінде сөз армиясына еркін әмірін жүргізуші талант тақсырларының бірі». Бұл ғажайып бағалау емес пе?! Иә, алдыңғы толқынның ізбасарларына қарата айтқан әсірелеусіз әспеттеу, далбасалаусыз дәріптеуі. Шынды сын деп қараған, «Қалам және оның жазуына серт!» – деген Құран аятын жүрегіне қондырып, қазақ руханияты үшін жан беріп жұмыс істеген қажырлы қайраткерлердің сөз саптауы осындай кесек-кесек ойдан тұрады. Дегенмен бұл пікір 1985 жылы қағазға түскенін ескерсек, ақынның алпыс жыл өлеңмен серік болғанын аңдаймыз. Ел мен жер, сезім мен сенім, шындық пен шынайылылық деп өмір сүргенін, жүрегіндегі лықсыған дүниесін әдемі қалпында әсірелемей қағазға түсіргенін көреміз. Сондықтан да өмірде арына кір шалдырмай өткен қазақтың біртуар ақыны поэзия көгінде шолпан жұлдыздай жарқырай көрініп, халқымен бірге жасай бермек. Бұл – ақиқат!
Т.Молдағалиев:
Қызық еді менің ұшқыр қиялым,
Көкірегімде тасушы еді күй ағын,
Бұл сезімді жазу үшін, достарым,
Жүрек керек, керегі жоқ сияның, –десе ақынның лирика үшін жүректің оты, жанның тебіренісі керектігін алдын-ала сезіне келді.
Ақын не жазса да, қалай жазса да, ең бастысы өмірді сүйіп жазады, адамға деген ізгілікті махаббатпен жазады. Тағдырдың талай тауқыметін, тіршіліктің көңілге қаяу салар көлеңкесін өлеңге арқау еткенде, ақын оған ашынудан гөрі, не қаһар төгіп айтудан гөрі, сәби маңдайын сипап отырып, кемшілігін мойындатқандай сезіммен төгіліп, елжірей жазады. Сол сырлардың аржағында үлкен жүрек дүрсілі естіліп тұрады.
Жетім қозы бар қозыдан жасқаншақ,
Көзінде оның тұрады ылғи жас моншақ,
Ол да бірге жүгіреді ауылға,
Барлық қозы жүгіргенде аттан сап, – дейді ақын «Жетім қозы» деген өлеңінде. Өзге қозылар анасын іздеп ауылға аттан сап жүгіргенде, жетім қозы да сол дүрмекпен бірге келеді. Бірақ оны күтіп тұрған анасы жоқ.
Күн батады, бүкіл қора тынады,
Жұлдыз көкте сәуле сеуіп тұрады.
Соның ғана маңыраған дауысы.
Анда-санда ай астынан шығады...
Қанатымды бір жаза алмай мен еркін,
Қалың ойға шоматындай нелер түн.
Ақ қозыдай анамды іздеп сол кезде,
Бар әлемді кезіп кеткім келетін.
Осы бір үш шумақтардан ақынның үш қырын көруге болады. Біріншісі, ақын тағдырға налып тұрып, өмірді сүйіп тұрып жазса, сүйіп қана қоймай оқырманының да сүйіспеншілігін оятарлық сезім ұялатса, екіншісі, ақынның суреткерлік көз мергендігі: «соның ғана маңыраған дауысы, ай астынан шығатындығы» және табиғаттың кез келген қарапайым деталін адам тағдырымен тамаша ұластыра аларлық қасиеті.
28.Т.Ахтановтың «Алғашқы ән» әңгімесі сюжетін саралап,лиризмге толы толғаныстарынан мысал жазыңыз. ӘҢГІМЕСІН ТАППАДЫМ чат гптиден қудым
Тахауи Ахтанов (1923—1994) 25 қазанда Ақтөбе облысының Шалқар ауданы, Шетырғыз ауылында туған. Әлімұлы тайпасының Шекті руынан шыққан.[1]
1940 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтына оқуға түседі. Екінші курста оқып жүргенде өзі сұранып майданға аттанады. Алғашқы әдеби көркем шығармалары өлең, очерк түрінде майдан газеттерінің беттерінде жарияланды. 1948 жылы әскер қатарынан босағаннан кейін, әдеби еңбекпен айналысады. Алғашқы өлеңдері "Жастар дауысы" деп аталатын ұжымдық жинақта жарық көрді. Осы кезде оның әдеби-сын мақалалары молырақ басылып, алғашқы монографиялық зерттеу еңбегі жарияланды. Әйтсе де, жазушының өнімді де жемісті еңбек еткен жанрлары - проза мен драматургия.[2]
Баспасөз бетінде алғаш жарық көрген әңгімесі - "Күй аңызы". 1956 жылы "Қаһарлы күндер" атты романы жарық көрді. "Дала сыры" повесі үшін (өңделіп, толықтырылып, "Боран" романына айналды) авторға 1966 жылы Қазақ КСР-нің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді. 1968 жылы жазылған "Сәуле" драмасы, одан кейінгі "Боран", "Ант", "Әке мен бала" драмалары да қазақ сахнасының өміршең туындыларына айналды. "Махаббат мұңы", "Күтпеген кездесу" драмалары, "Арыстанның сыбағасы", "Күшік күйеу" комедиялары қазақ, орыс және туысқан халықтар сахнасында көрінді. А.Н. Толстойдың "Азапты сапарда" трилогиясын, М. Горькийдің әңгімелерін қазақ тіліне аударды.[3]
"Көркем әдебиет" баспасында редактор, бөлім меңгерушісі, киностудияда сценарий бөлімінің бастығы. "Әдебиет және искусство" - "Жұлдыз" журналының редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, көркемөнер бас басқармасының бастығы, республикалық кітап палатасының директоры сияқты жауапты қызметтер атқарды.
II дәрежелі Отан соғысы орденімен, екі рет Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, "Құрмет Белгісі" ордендерімен марапатталған. Қаламгерге Қазақстанның Халық жазушысы атағы берілген
«Алғашқы ән» әңгімесі
Тахауи Ахтановтың «Алғашқы ән» әңгімесі – адамның жастық шағы, оның арман-мақсаттары мен рухани ізденістері туралы жазылған шығарма. Әңгімеде автор лиризмге толы сәттерді көрсетіп, адамның ішкі әлемі мен оның сезімдерімен тереңірек таныстырады.
Әңгіме сюжеті: «Алғашқы ән» әңгімесінде бас кейіпкер, жас жігіт, өзінің өмірінде алғаш рет ән жазуды армандайды. Ол өз еліне деген сүйіспеншілігін, туған жеріне деген махаббатын білдіретін ән жазу үшін әртүрлі толғаныстарға түседі. Әңгімеде кейіпкердің ішкі жан дүниесі мен шығармашылық үрдісі арқылы оның жеке өміріндегі қиналыстар мен арман-мақсаттары айқын көрінеді.
Лиризм мен толғаныстар:
Әңгіменің лирикалық толғаныстарында автор адамның ішкі әлемін, оның рухани ізденістерін ерекше суреттейді. Мысалы, кейіпкердің алғашқы әнін жазуға деген ұмтылысы мен оған жету жолындағы сезімдер, болашаққа деген үміт пен қорқыныш арасындағы шиеленіс, оның шығармашылық процесінің қайшылықтары лиризмге толы.
Мысал:Әңгімеде кейіпкердің алғашқы әнін жазуға деген сезімі былайша сипатталады:
«Әннің сөздері жүрегімде ұшқын сияқты жанған кезде, оны қағазға түсіруге болмайтындай сезіммен толдым. Бірақ мені не тоқтатады? Өзімді тапқандай, ғаламды түсінгендей болып, жазуға кірістім. Бұл ән – менің ішімдегі бүкіл дүниені, арманым мен үмітімді білдіретін бірден-бір қазынам болды.»
Бұл үзіндіде кейіпкердің шығармашылық ізденісіндегі толғаныстары мен оны жүзеге асырудағы ішкі сезімдері, өз өнеріне деген ерекше махаббаты мен беймәлімдік қорқынышы лирикалық тұрғыда суреттеледі. Ахтановтың бұл әңгімесі оқырманды адамның шығармашылық жолындағы сезімдеріне, оның өміріне деген көзқарасқа терең үңілтуге мүмкіндік береді.
Тахауи Ахтановтың «Алғашқы ән» әңгімесінде бірнеше маңызды кейіпкерлер бар, олардың әрқайсысы әңгіме сюжетіне терең мән береді. Әңгімеде кейіпкерлердің мінез-құлқы мен сезімдері арқылы адамның ішкі әлемі мен рухани ізденістері көрсетіледі.
1. Нұрлан – әңгімеде басты кейіпкер. Ол жас жігіт, музыкалық шығармашылыққа, әсіресе ән жазуға құштар. Оның өмірі мен ойлары әңгімеде жан-жақты ашылады. Нұрланның тағдыры мен арманы арқылы адамның өз орнын табуға ұмтылуы мен шығармашылық жолындағы қиындықтар суреттеледі.
Мысал:«Нұрлан ән жазуға талпынды. Әуелі жүрегіндегі сезімдер мен арман-тілектерін қағазға түсіру үшін ұзақ ойланып отырды. Бір сәтте оның көкірегінде ұшқын пайда болып, жүрегінен шыққан алғашқы сөздер ойынан ұшып шықты.»
Бұл жерде Нұрланның шығармашылық ізденісіндегі толғаныстары мен оны жүзеге асырудағы сезімдері көрсетіледі.
2. Әкенің бейнесі Әкесі Нұрланның өміріндегі үлкен әсер қалдыратын кейіпкер. Ол баласының өнерге деген құштарлығын түсінеді, бірақ дәстүр мен тіршілікке деген көзқарастары да маңызды. Әкесі баласының алғашқы әнін жазуын қолдап, оған бағыт-бағдар береді.
Мысал:«Әкесі: "Балам, сенің жолың жеңіл болмас. Бірақ егер сен өнеріңе шын берілсең, ешқашан өзіңді жоғалтпайсың,"деді.»
Әкенің сөздері Нұрланға рухани күш беріп, оның болашағына деген сенімін арттырады.
3.Қыз Нұрланның жүрегіндегі ерекше орын алатын кейіпкер. Ол Нұрланның шығармашылық жолында оған рухани қолдау көрсетеді. Қыздың болуы Нұрланның ішкі дүниесіне әсер етіп, оның шығармашылығын тереңдетеді.
Мысал:«Қыздың көздерінде Нұрлан өзінің алғашқы әнін жазуға жетелеген ерекше бір жылу мен қолдау тапты. Оның көздеріндегі сенім Нұрланды алға ұмтылдырып, оның шығармашылық қадамын нығайтты.»
Бұл үзіндіде қыздың Нұрланға деген жанашырлығы мен оның шығармашылығына ықпалы сипатталады.
«Алғашқы ән» әңгімесінде әрбір кейіпкердің рөлі үлкен. Нұрланның шығармашылық жолы, оның ішкі сезімдері мен арман-мақсаттары, әкесі мен қыздың оған көрсеткен қолдауы арқылы адам өміріндегі күрестер мен жеңістер, арман мен үміттер, махаббат пен сенімдердің маңыздылығы көрсетіледі. Ахтановтың бұл шығармасы кейіпкерлер арқылы адамның рухани әлемін, оның шығармашылық ізденістерін терең ашып көрсетеді.
Тахауи Ахтановтың «Алғашқы ән» әңгімесінің мақсаты — адам жанындағы шығармашылық ізденістер мен өмірдегі рухани құндылықтарды көрсету, жастық шақтың арманын, өмірдің маңызын түсіндіру. Әңгімеде басты назарда тұрған мәселе — адамның ішкі әлемі мен шығармашылықтың мәні.
Әңгімедегі негізгі мақсаттар:
Әңгімеде Нұрланның алғашқы әнін жазуға деген ұмтылысы арқылы шығармашылықтың адамның ішкі әлемін ашуға, оның өзін-өзі табуға бағытталғанын көрсетеді. Әсіресе, өнер адамның жан дүниесін, арманын және үмітін білдіретін құрал ретінде сипатталады.
Нұрланның өзінің алғашқы әнін жазуға деген ынтасы мен ұмтылысы әңгімеде жас адамның өміріндегі маңызды сәтті білдіреді. Жастық шақтың арманын, болашаққа деген үміт пен өмірдің мәнін іздеу, қиындықтарға қарамастан мақсатқа жету қажеттігі көрсетіледі.
Рухани қолдау мен сенім:
Әкесі мен қыздың кейіпкерге деген қолдауы оның шығармашылық жолындағы маңызды рөл атқарады. Бұл жердегі мақсат — адамдардың бір-біріне рухани қолдау көрсетуі, олардың өмірдегі қиындықтарды жеңуге көмектесуі көрсетіледі.
Туған жерге, халыққа деген сүйіспеншілік:
Нұрланның әні өзінің туған жеріне, халқының рухына деген құрметін білдіреді. Бұл арқылы автор жас ұрпақтың мәдениетке, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігін насихаттайды.
Ахтановтың «Алғашқы ән» әңгімесі адам болмысының шығармашылық ізденісі мен рухани дамуы туралы. Әңгімеде жазушы жас ұрпақтың арман-мақсаттары мен ішкі дүниесін, оның шығармашылық жолындағы ізденістерін көрсету арқылы өмірдің мәнін түсінуге шақырады.
29.М.Мағауиннің «Мәңгілік күй» повесінің екінші хикаяты сюжетін баяндап,азамат тұлғасын сипаттап өз сөзіңізбен жазыңыз. ПОВЕСТІ таппадым, чат гпт
Мұхтар Мұқанұлы Мағауин (2 ақпан 1940 жыл, Баршатас ауылы, Аягөз ауданы, Шығыс Қазақстан облысы) — тарихшы, жазушы, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеушісі ғалым. Филология ғылымдарының докторы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1996).
Мұхтар Мұқанұлы Мағауин — 1940 жылы 2 ақпанда Семей облысының Шұбартау ауданында туған. Абақ Керей тайпасының Жастабан руынан шыққан.[1]
1962 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, 1965 жылы оның аспирантурасын бітірген.
Еңбек жолын 1965 жылы бастады. "Қазақ әдебиеті" газетінде бөлім меңгерушісі,
1967-1971 жылдары "Жазушы" баспасында бас редактордың орынбасары, Қазақ КСР Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып істеген, Мәскеуде М.Горький атындағы Әдебиет институтында қазақ фольклоры мен қазақ әдебиеті тарихы бойынша арнайы лекциялық курстар жүргізді.
1983-1984 жылдары еркін шығармашылық қызметте,
1984-1986 жылдары "Жазушы" баспасының бас редакторы.
1987 жылы еркін шығармашылық қызметте,
1988 жылдан бері "Жұлдыз" журналының бас редакторы.[2]
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы, әдебиет зерттеушісі. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы.
"Аласапыран" тарихи роман-дилогиясы үшін Қазақ КСР-інің Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілді. (1984). Қазақстанның Халық жазушысы, Түркияның Халықаралық "Түркі дүниесіне қызмет" сыйлығының сахибы.[3]
Мұхтар Мұқанұлы Мағауин 1940 жылы Семей облысының Шұбартау ауданы Баршатас ауылында мұғалімдер отбасында дүниеге келген. Абақ Керей тайпасының Жастабан руынан шыққан.
Мағауиннің әкесі мұғалім болған, сондықтан бала Мұхтар тарихты ерте тани бастаған.
1962 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, 1965 жылы аспирантураны тәмамдады.
Мұхтар Мағауин – алғашқы шығармаларымен-ақ әдеби қауым мен оқырман жұршылықтың назарын өзіне аудара білген қаламгер. Алғаш рет баспасөз бетінде 19 жасында көрінген жас таланттың туындылары араға жылдар емес, айлар сала отырып оқырман жұртшылықтың көзайымына айналады. Жас жазушының «Жаңылысу», «Ақша қар», «Көкмұнар» сияқты көркем шығрмалары – айналдырған үш-төрт жылдың ішінде-ақ жазылып, ізі суымастан жарық көріп үлгерген дүниелер. Мысалы, әдебиет тарихы ғылымындағы тұңғыш еңбегі «Қобыз сарыны» кітабы бірден-ақ ғалымдар назарына іліксе, «Ақша қар» атты алғашқы әңгімелер жинағы да сөз қадірін түсініп, көркемдікке сұқтана білетін оқырманды еріксіз өзіне қаратты. Жазушы ұсақ жанрларды игеру барысында да өзіндік көркемдік стилін, жазу машығын жан-жақты ашып көрсете білді. Оған дәлел – қаламгердің шығармашылық жолының бастапқы он жылдығында туған бірнеше әңгімесі. Олардың ішінен әсіресе «Тіленші», «Кешқұрым», «Ватерлоо көпірі», «Алтыбақаннан соң», «Тарпаң», «Қияндағы қыстау», «Күтпеген кездесу», «Тұлымханның баласы», «Қияндағы қыстау», «Алтын тіс», кейінірек жазылған «Шеше», «Өткінші», «Тәртіпті азамат», «Коммунистік реализм» және т.б. әңгімелерінің көркемдік сапасын ерекше атауға болады.
Мұхтар Мағауиннің «Мәңгілік күй» повесінде адам жанының терең әлемі, рухани ізденістер мен мәңгілік құндылықтар туралы айтылған. Бұл шығарма қазақ әдебиетінде ерекше орын алады, себебі автор адам болмысының, оның өмірлік мақсаты мен тұлғалық ізденістерінің күрделі мәселелерін көтереді. Екінші хикаят повестің негізгі желісіне тығыз байланысып, азамат тұлғасын танытуда ерекше орын алады.
Екінші хикаяттың сюжетін баяндау:
Екінші хикаятта басты кейіпкер — Қанат есімді жас жігіт. Ол өз өмірінің мәнін іздеп, туған жерін, өзінің ішкі әлемін танып-білуге ұмтылады. Қанаттың өмірі мен ой-танымдары әртүрлі ішкі жан толғаныстарымен сипатталады. Ол айналасындағылардың бәрін жақсы көреді, бірақ өзі өмірдің мәнін әлі толық түсінбейді. Ол — қоғамға қажетті адам болуға ұмтылған тұлға, бірақ сол ұмтылыстар арасында жастықтың жалынды арманымен қатар, адамның ішкі тыныштығына қол жеткізу жолында өзіне сұрақтар қойып, күресіп жүр.
Бұл хикаятта Қанаттың тұлғасы өзінің ішкі ізденісінің, өмірдің мәнін түсіну жолындағы күресінің бейнесі ретінде көрсетіледі. Ол көптеген қиындықтар мен қайшылықтар арқылы өз жолын табуға тырысады, бірақ бұл процесс қиын әрі ұзақ болады.
Азамат тұлғасын сипаттау:
Қанаттың тұлғасын азамат ретінде қарастыратын болсақ, оның мінезіндегі ең басты ерекшеліктер — өз жолын іздеу, рухани дамуға ұмтылу, қоғамға деген жауапкершілікті сезіну. Ол азамат ретінде алдына үлкен мақсаттар қояды, бірақ сол мақсаттарға жету жолында ішкі дүниесі мен сыртқы жағдайлардың арасындағы қайшылықтармен бетпе-бет келеді.
Қанаттың азаматтық тұлғасы қоғам мен дәстүрлерге деген адалдық пен өзгерістерге деген ұмтылыстың арасында теңгерім табуды көздейді. Ол өмірдің мәнін іздеу барысында ішкі дүниесінің тереңдігін, өзі үшін маңызды құндылықтарды түсінеді. Сонымен қатар, оның азаматтық қасиеттері өзгелерге көмек көрсету, халық үшін пайдалы болуға талпыну, айналасындағыларға сүйіспеншілік пен құрмет көрсету сияқты адами құндылықтардан тұрады.
Қанаттың азамат ретінде қалыптасуы — оның қоғам алдындағы міндеттерін сезінуі, өз өмірінің мәнін ашуға деген ұмтылысы арқылы сипатталады. Бірақ, сол жолда оған кездескен қиындықтар мен ішкі шатасулар оның азамат ретінде қалыптасу процесін тереңдетіп, күрделендіреді. Ол жеке тұлға ретінде ғана емес, қоғамдағы өз орнын тапқан азамат ретінде де өседі.
М.Мағауиннің «Мәңгілік күй» повесінің екінші хикаятындағы Қанаттың бейнесі — әр адамның өз ішкі әлемін танып, рухани ізденісін жүзеге асыру жолындағы күресінің символы. Азамат ретінде қалыптасу, қоғам мен жеке тұлғаның арасындағы үйлесімділік — бұл хикаяттың негізгі идеясы. Қанаттың азаматтық тұлғасы арқылы жазушы адамның ішкі әлемін, оның өмірге деген көзқарасын, арман-мақсаттары мен жауапкершілігін терең көрсетеді.
Мұхтар Мағауиннің «Мәңгілік күй» повесінен екінші хикаяттың үзіндісін келтіргенде, басты кейіпкер Қанаттың ішкі дүниесіндегі ізденістер мен рухани құндылықтарға деген ұмтылысының ерекше көрсетілген тұстарын назарға аламыз.
Үзінді:«Қанат айналасындағы әлемнің бәріне көзін аша бастады. Ол көп уақыт бойы өзін сыртта, шетте, адамдардан бөлек деп санаған. Бірақ қазір ол осы өмірдің, осы әлемнің бір бөлшегі екенін түсінгендей болды. Әр қадам сайын өзіне деген сұрақтар мен жауаптар, үміттер мен күмәндер біртіндеп қалыптасып, оның санасында бір түйсік туды. Жас жігіттің көкірегінде, жан дүниесінде ол өмірдің жаңа, күрделі, бірақ әрдайым ізденіске толы күйге көшуге деген ұмтылыс тұрды.»
Бұл үзіндіде Қанаттың өмір мен өзін түсіну жолындағы ізденістері, оның ішкі дүниесіндегі өзгерістер мен рухани толқулар анық көрінеді. Қанаттың азаматтық тұлғасы осындай терең ойлармен, сұрақтармен және өзіне деген жаңа көзқараспен қалыптасады. Ол өзінің өміріне, қоғамға деген қатынасын өзгертеді, өзінің ішкі әлемімен тығыз байланыста жаңа бір дүниеге қадам басады.
Қанаттың бұл рухани ізденісі — азамат ретінде оның тұлғалық және моральдық даму жолының маңызды бөлігі болып табылады
Мұхтар Мағауиннің «Мәңгілік күй» повесінің екінші хикаятының мақсаты — адамның ішкі дүниесінің тереңдігі, оның рухани ізденістері мен тұлғалық дамуы туралы ой салу. Қанаттың өмірі мен рухани жолы арқылы автор адамның өз орнын табуға, өмірдің мәнін түсінуге деген ұмтылысын көрсетеді. Бұл хикаяттың негізгі мақсаты бірнеше маңызды аспектілерге бөлінеді:
1. Адамның өзін-өзі тануы мен тұлғалық даму жолы:
Қанаттың өмірде өзін іздеуі, түрлі күмәндар мен сұрақтарға жауап табуға ұмтылуы оның ішкі тұлғасының дамуын көрсетеді. Әңгіме арқылы автор адамның жеке өмірі мен ішкі жан дүниесін түсінудің, сонымен бірге өмірдің қиындықтары мен қарама-қайшылықтары арқылы өсудің маңызды екенін жеткізеді.
2. Өмірдің мәні мен рухани ізденістер:
Қанаттың өмірдегі орнын іздеуі, әр қадамында жаңа сұрақтарға тап болуы оның рухани ізденісінің символы болып табылады. Бұл арқылы Мағауин адамдардың өмірдің мәнін түсіну жолындағы күресі мен ішкі ізденісінің маңыздылығын көрсетеді.
3. Азаматтық және қоғамдық жауапкершілік:
Қанаттың азамат ретінде қалыптасуы мен оның қоғамға деген жауапкершілігін сезінуі осы хикаяттың тағы бір басты мақсаты. Автор адам мен қоғам арасындағы байланысты, оның өзінің әлеуметтік жауапкершілігін сезінуін және тұлға болып қалыптасу жолындағы ізденістерін алға тартады.
4. Қоғамның өзгерістеріне бейімделу және жеке тұлғаның маңызы:
Хикаяттағы Қанаттың мінезі мен ішкі толғаныстары арқылы автор қоғамдағы өзгерістер мен жеке тұлғаның өз орнын табу жолындағы күресінің маңыздылығын түсіндіреді. Бұл тұрғыда адамның ішкі және сыртқы дүниесінің үйлесімділігін табу — басты мақсаттардың бірі.
30.А.Нұрманов «Құланның ажалы» романының тарихи-көркемдік және әлеуметтік сипаттарын түсіндіріп, Құлан характерін талдап өз сөзіңізбен жазыңыз.
Ақан Нұрманов 1933 жылы Талдықорған облысының Ақсу ауданында туған. Бірақ өскен, тәрбие алған жері Торғай облысы, Аманкелді ауданы. Әкесі Отан соғысының құрбаны. Ақанның өнерлі, өркенді боп өсуіне әкесінің інісі Шәймерденнің көп жәрдемі тиген. Ол кісінің айтуынша Ақан жасынан зерек, ұғымтал болған. Мектепте гуманитарлық пәнге ғана емес, математикаға да өте жүйрік екен. Сондықтан болар, ол әуелі Алматының Тау-кен институтына түсіп, жазушылыққа бүйрегі бұрған кезде оны тауыспай, Киров атындағы университеттің филология факультетін бітіріп шығады. Сосын Ақан орыс, қазақ тілдерінде бірдей жаза беретін. Ол өзінің “Аққудың жұлдызы” атты повесін әуелі орыс тілінде жазған еді. Кейін архивін ақтарғанымызда қолдарыңызда отырған романның алғашқы нұсқалары, кей тараулары орысша жазылғанын байқадық. Мұның бәрі Ақанның жазушылық секілді қасиетті талапқа қаншалық дайындықпен келгенінің куәсі
“Құланның ажалы” үлкен символикалық атау. Жапанда жортқан жалғыз батыр, соның үнсіз тұншыққан қуаныш-мұңы, меңіреу сары дала, үміт пен күдік арпалысы – романға желі боп тартылған лейтмотив әуендері осы. Адамның жеке басының қасиеті қай уақытта артады, ерлік, қаһармандық сыры неде, бауырмалдық пен жат жұрт дұшпандықтың түп-төркіні қайда жатыр, осыған да Ақан бірсыдырғы байсалды жауап береді. Романда оқиға аз, тіпті жоқ деуге болады. Кешегі он алтыншы жылдың дүрмегіне қатысқан, өзі оны ұйымдастырушылардың бірі Құлан атты мерген бүгінде әлеумет ісінен, халық ісінен, халық мақсатынан қол үзіп, жапан түзде жалғыз қалған. Албырт көңіл, ақ жүрек батырды оқымаған қараңғылық зардабы бір жеңсе, жаңа өмірдің қуатты ағысының екпіні екінші жеңіліске ұшыратады. Құлан өр еді, нар еді, құралайды көзге атқан мерген еді, бірақ мақсат кемдігінен туған принципсіздік оны жарға жықпай қоймады. Кітапта Сардар деп қана аталатын, шын мәнінде Аманкелдімен үзеңгілес болған, Құлан күрес мәнін мүлде тар көлемде ұғынып, өз жеңісін тек бас пайдасының қамы деп ойлаудан аса алмайды. Сондықтан ол аз ғана үй Текесін бөліп әкетіп, солардың алдына мал салып, он-он бес үйдің таңдайы аққа тигенін дәтке қуат көреді. Ол ол ма, бір кезде келіншегі Алтыншаш та атағы дабырайып тұрған кезінде алақанға айламен қондырған құс секілді зорлық пендесі еді. Осының бәрі халық қаһарманы болған қасиетті жанның үлкен атын кішірейтіп, алдағы күнге апарар жолын тым тарылтып жіберген еді.
Ер басына іс түссе, халық араша тұрады. Бірақ ол үміт пен күдік араласқан жерге арашашы бола алмайды. Қашанда екінің бірі. Өз ісінен әлдебір кемдік сезінетін Құланда күдік молдау. Өкініші көп. Сардардан бөлек кеткеніне, оны тыңдамай қойғанына өкінеді. Сан рет соны ойланып, бармағын тістейді. Сардар шейіт болып кетсе де, есімі ел есінде, оған деген құрмет бөлек. Ал бұны қолдай қоятын ешкім жоқ сияқты. Құланның сергек көңілі осыған шерленеді.
Енді,
міне, Құлан жалғыз, құдай жалғыз. Қалың
қолдан қайтпаған жүрегі үп еткен өсектен
шошынып, сайын даладан сая таппаған
қашқын біреуге айналды. Табан тірер
таянышы халық еді, содан өзі безініп,
қасына тексіз бір қашқынды жолдас етеді.
Онысы – Ефим Кутский, патшаның жазалаушы
отрядында жүзбасы болған, кеше ғана
өзімен кескілесіп соғысқан адам. Құлан
оның кім екенінен бейхабар, сондықтан
өз қойнына өзі жылан салғанмен тең
болды. Ендігі қалған жау осы Кутский,
анау жымысқы бай Шарбақбай секілді,
қойынға кіріп жылан болып шағарлық қана
қауқары қалған өңшең сілімтік еді. Құлан
сол сілімтіктердің бірін ақылшы, бірін
жолдас, Көктөбет сияқты енді бірін пана
етемін деп, өзін-өзі шақтырды. Анау
жүрген Майлық, ұры Майлық Құланға бір
табан жақын. Адамгершілігімен жақын.
Құланның құлдырап бара жатқанын сезіп,
ең құрмады осындай болса екен, жаны
қалса екен деп тілек еткендейсің. Құлан
жүрегіндегі қайсар намыс оқушыға
түсінікті, ол қанаты талса да жерге
қонбай тәкаппар қыран тәрізді, шырқаған
сайын жер-анадан, қасиетті Отан топырағынан
ұзай береді. Құланның ажалы – Антейдің
ажалы, сондықтан оның адамгершілігін
емес, амалсыздығын жазғырасың. Тағылық
қалып еді. Даланың тағысына жақсылық
еткің кеп қолыңды созсаң да, жуыр ма,
сенер ме сірә да! Табиғат сүтін арда
емгісі келген Құлан қасіреті осында.
Табиғат сүтін арда ем, бірақ тағы болма.
Күдікті жолдас еткенше, үмітті арқау
ет. Өткеніңнен қорықсаң, болашаққа сен.
Етіңнен ет кесіп алса да ерлігің соған
жетсін. Жазушы ұсынған мәнсәз моральдық
бір бұтағы осылай жапырақ жаяды.
Иә,
Ақан өз дүниесінде жаралған өзгеше
пәлсәпә ұқтырады. Құлан тарихта
болсын-болмасын, әңгіме онда емес, Құлан
– жазушы ойының концепциясы, Құлан –
жазушы идеясының мазмұнға, сюжетке
айналуы. Ендеше болған оқиғаны жазу
шарт емес, болған оқиғаны идеяға, негізгі
айтар ойға бағындыру шарт. Ақан бұл
міндетін мүлтіксіз орындап шыққан.
Кітаптың басынан аяғына дейін бір сарын,
бір желі айнымай жүріп отырады. Бөлек-салақ
араласпайды. Артық теңеу, орынсыз
суреттеу, білгішсіну мұның бәрі кітап
бойына жат. Ақанның “Күн ертеңге ауып
барады”, “Аққу шоғыры” атты кітаптарына
да осы қасиет барынша тән еді. Тазалық
тағамның да, талғамның да сақшысы, ол
шығармаға әсіресе қажет. Өкінішке қарай,
жақсы деп жүрген көп кесек туындылардың
ортақ міні – шөп-салам, қыл-қыбырының
молдығында. Ақан творчествосы ең алдымен
осыдан айыққан ерекшелігімен жарқырайды.
Оның бүкіл өмірі, адамгершілік тұлғасы,
білім парасаты, мінез байлығы, қысқасы,
бар биік қасиеті осындай таза, даусыз
еді. Оның алдында артық сөйлеу, жарқылдап
кету әбестік болатын. Соның бәрін ол
үндемей тыңдайтын. Үндемей отырып өз
сөзіңді өзіңе тыңдататын. Сұм ажал
осыншалық жұлдыз дарынды әдеби
аспанымыздан мезгілсіз қағып түсірді.
Көп дүние кейде алтын көшкендей көшіп жүреді екен. Алтын көшкен сияқты, аңыз да көшеді екен. Ақан Нұрмановтың «Құланның ажалы» романы да аңыз етіп айтылатын. Аңыздай көшіп бізге де жетті.
«Құланның ажалында» не құпия бар?
Аты да, заты да ұмытылған жазушылар қаншама? Өзінің заманында атақты болып саналып, кейін мүлдем аталмай кеткендер де бар. Оның қасында Ақан Нұрманов аз жасап, саз жазса да әлі ұмытылған жоқ. Әдебиет сыншысы Амангелді Кеңшілікұлынан: «Құланның ажалы» романының осы күнге дейін әңгіме болып келе жатуының сыры неде?» деп сұрадық. «Құланның ажалы» Ақан Нұрмановтың өзінен бұрын жазған жазушылардың көбінің туындыларынан әлдеқайда биік тұрған шығарма, – деп Амангелді Кеңшілікұлы да оны бір көтеріп тастады. – Неге десеңіз, әлем әдебиетін зерттеп, соның негізінде жазған. Аңыз кейіпкер Кейкінің тағдырын өте жақсы білген. Заманның шындығын айту үшін реалистік әдебиеттің тәсілдерімен жазылған шығарма болды. Планканы жоғары ұстады деуге болады. Өкініштісі «Құланның ажалын» аяқтай алмай кетті. Соңғы тарауын Қалихан Ысқақ ағамыз жазды. Ақан ағамыздың көзі тірі болғанда біраз жерге апарар еді деп ойлаймын. Әдебиетімізде кез келген тұлғадан аңыз жасайтын әдет бар. Ал ол одан кетіп, адамның адамшылығын да көрсете алды. Өмірдегі Кейкі, кітаптағы кейіпкер Құлан – батыр адам. Бірақ батырдың бәрі аңызға лайық емес қой. Олардың да кемшілігі болады. Міне, автор оны аңыз тұлға ғана емес, басына күн түскен пенде ретінде де жақсы ашқан. Сондықтан әлі күнге дейін қызық оқылатын кітап болып келе жатыр. Келешекте де талай ұрпаққа әсер етеді, олар сол замандағы шындықты осы роман арқылы да көреді». Амангелді Кеңшілікұлының бұл пікірін жазушы Нұржан Қуантайұлы екеуміз былайша тарқаттық:
– Нұржан, «Құланның ажалына» арқау болған сюжетті оқырманның есіне бір салып өтейікші. Құланның прототипі атақты Кейкі батыр екенін айттық. Ол Амангелдінің сардары болған. Амангелді өлгеннен кейін оған түрлі жала жабылады. Өзі болып жатқан әділетсіздіктерге шыдамайды. Тіпті Амангелдінің өліміне тікелей кінәлі адамның біреуі осы Құлан-Кейкі деген де әңгіме шығады. Кең далада еркін өскен, аңшылықпен айналысқан батыр адам шолақ белсенділердің ұсақ-түйек мінездеріне шыдамай, ақыры қуғынға түседі. Сөйтіп өмірінің соңына дейін түз тағысы құсап ен далада жалғыз жортады. Елдің арасында аңыз болған, Кеңес өкіметінен қорыққандықтан айтылмай кеткен тағдыр роман болып қағаз бетіне түскенде: «Мынау баяғы Кейкі батыр ғой» деген әңгімелер жүргенін де білеміз. Бұл кітап туралы осындай әңгіме көп болғанымен, әдеби талқылау аз болды дейді. Себебі қаламдастары авторға зиянымыз тиіп кетпесе екен деп, көп әңгіме айтпауға тырысқан көрінеді. Ақпарат бетінде кең талдауға түссе, көптеген жайттар судың бетіне шығар да еді. Ендеше романның көркемдігі бір басқа да, қалай жазылғаны бір бөлек әңгіме ғой дейміз.
– «Құланның ажалы» романы 1968 жылы басылып шықты, – деген Нұржан Қуантайұлы әңгіме ауанын бірден зерттеушілік бағытқа бұрды. – Меніңше 1966-1967 жылдары жазылды. Ол кезде Ақан Нұрманов 32 жастағы жігіт еді. Сол тұстағы толқын өкілдерінің өмірімен, шығармашылығымен салыстырып қарайтын болсақ, дәл сол алпысыншы жылдары «Құланның ажалы» сияқты тағдырлы роман жазған жазушылар біреу-екеу ғана екен. Сондықтан бұл романды сол кездегі қазақ әдебиетіне олжа салған көркем шығарма деп баға беремін. Сюжетінің қиюы келген, келіскен шығарма. Кейбір ағаларымыз кино түсіруге арналған шығарма деп те бағалады. Ең бірінші, бұл Ақанның қаламгер ретіндегі шеберлігінің көрінісі. Сол заманда сюжетті қиыстыра әкеліп, үлкен композициялық тұтастықпен ұсына қою – 32 жастағы қаламгер үшін үлкен еңбек. Мұндай шеберлікке жету – 60 жылдардағы әдебиет үшін үлкен жаңалық.
– Қанша дегенмен, шығарманың оқырманды жетелеп алып кететін аңыздық сипаты да бар. Құланның осындай жағдайға түсуіне не себеп десек, оған айтатын жауабымыз анық. Ал Ақан Нұрмановтың осы тақырыпқа баруын талант ізденісінің жемісі дейміз бе, әлде қолға қалам алмауға шыдатпаған ардың ісі дейміз бе? Бір таңғалатының, сондай жазушылар өмірден ерте кетіп қалады.
Бұл сұраққа Амангелді Кеңшілікұлы: «Ақан ағамыздың өмірі туралы көп жазылған жоқ, – деп әріден қайыра жауап берді. – Бірақ Қалихан ағамыздың эссесі жазылды. Ол кісі Ақанның біліміне, талантына қатысты көп дүние айтқан. Студент кезінде Ақанға сол тұста орыс және шетел әдебиетінен дәріс берген Мадзигон сабақ сұрамай-ақ «бес» қойып бере салады екен. Студенттердің біреуі деканатқа барып: «Ақан сабақ айтпайды, қалай болса солай жүреді, бірақ Мадзигон «бес» қойып бере салады» деп арыз айтыпты. Сонда Мадзигон: «Егер қазақтың әр баласы әдебиетті Ақан сияқты білсе, онда оларға университетте оқудың қажеті жоқ» деген екен. Көп оқу, талмай іздену адамды жинақы ете түседі. Ол әдебиетке үлкен дайындықпен келген. Мектеп бітіргенше бүкіл кітапхананы тауысып тастаған. Әдебиетте көп ізденген күннің өзінде жанын жеп, өз жолын таба алмай кететіндер бар. Неше түрлі ағымдарға еліктеп, өз-өзін қызықтап кететіндер бар. Ақан әдебиетті қанша жақсы білсе де өте қарапайым жазады. Ақанның айтқысы келген ойын бірден сезіп отырасың. Осы кітаптың цензурадан қалай өтіп кеткеніне таңғалам. Жазушының басын бәйгеге тіккендей эпизодтар кездеседі. Бәлкім жан дүниесінде де бір күрделі қайшылықтар болған шығар. Кеңес заманында мұндай тақырыпқа жай адам бармайтын.
– Біздің ақын-жазушыларымызда жалғыздық туралы көп айтылып, жазылады. Бірақ бұл жердегі жалғыздық басқа. Әдебиетімізге «банды» тақырыбын енгізуіміз керек сияқты. Құлаққа түрпідей тисе де, сол заманда талай боздақтың банды есебінде кеткенін есте ұстауымыз керек. Төңкерістің алды-артында түрлі жағдайда қуғын-сүргінге түсіп, дала безіп кеткен ақындар, батырлар, күйшілер, ерекше таланты бар адамдар бар. Ең аяғы Шәкәрімге дейін сондай жағдайда қаза болды. Соның бәрін көріп отырып, қуғын-сүргін тақырыбына жатқыза саламыз. Ал «банды» тақырыбы деп атап айтсақ, көп нәрсені анықтай түсетін едік. Мүмкін олар өзгеше ойлы, протестік көңіл күйдегі, шынымен жүйеге қарсылық танытқан адамдар шығар. Құланның прототипі – Кейкінің өмірі де сол бандының өміріне ұқсайды, қарақшылармен бірге жүруге де мәжбүр болады. Банды тақырыбында осындай оқиғаларды бөліп алатын болсақ, көптеген шығарманың басы ашылатын еді. Банды тақырыбының қызық болғаны сонша, әлі күнге дейін елдің арасында аңыз болып айтылып жатады. Бірақ ол банды мен бұл банды басқа, әрине!
– Банды тақырыбы қазақ прозасында Ақан Нұрмановқа дейін де болды.
Соңғы кезде өзі де түрме тақырыбын зерттеп, роман жазып жүрген Нұржан Қуантайұлы сөзімізді бірден қостай кетті. – Дегенмен «Құланның ажалындағы» банды образы әлдеқайда айқын, сенімдірек шықты. Оның үстіне бандының өмірі қалың оқырман үшін құпия шытырман сияқты көрінеді. Авторлар кейде осы тақырыпты сол үшін де пайдаланады. Ақан да сөйткен. Романның өзі де өте жақсы тартысты басталады. «Отты күн өзінің аумас, айнымас жолымен батысқа қарай құлдилап барады. Қоғалы көлдің басы тыныш еді. Кенет алыстан ат дүбірі естілді» деп үйіріп әкетеді. Осының бәрі қазақ прозасына қазір жаңалық болмағанымен, 60-жылдар үшін өте үлкен жаңалық. Өйткені дәл бұлай ширыға басталып жазылған сөйлемдер ол кезде бола қоймайтын. Кейіннен Ақанның осы стилін пайдаланған жазушыларды байқадым. Яғни қазақ прозасындағы қаламгерлер Ақанның жаңалығын тез қабылдады деген сөз. Бандылармен қатар ұрының да образы сәтті шыққан. Мысалы, Майлық дейтін ұры жас күнінен жетім өсіп, әркімнен теперіш көріп, байдың есігінде жүріп ұры болып кеткен. Міне, сол Майлықтың Құланға деген құрметі, адамгершілігі, мәрттігі ерекше көрінеді. Өзінің басына қауіп төніп тұрса да, «Сізді іздеп жүр» деп хабар айтады. Бандының да түр-түрі бар. Біреуі Көктөбет сияқты өзінің қара басын ғана ойлайтын банды, екіншісі Майлық сияқты бұл жолға амалсыз түскен адамгершілігі де бар ұры. Сонда екі образды да бірдей көрсетіп отыр.
– Көркем шығармада қарама-қарсы образдардың ашылуы арқылы шығарманың да бағасы арта түседі. Жаңағы Майлық – барымтаға қатысқан, малай болған, бандылардың тобына бір қосылып, бір қосылмай амалсыздың күнін кешіп жүрген жан. Сондай-ақ ақ гвардияның офицері Қуцкий деген қосалқы жобадағы бір кейіпкер тағы бар. Ол да сондай тағдырды бастан кешіп, қайыршылық жолға түседі. Астыртын істейтін әрекеттері де байқалады. Екеуі бір сипаттағы адам сияқты, бірақ тірліктері екі басқа Құланның айналасында осындай қарама-қарсы образдағы адамдар жүреді. Осындай тағдыры күрделі, жолы шырғалаң адамдарды жазушы бір-ақ, ек-ақ сөзбен дәл сипаттап береді. «Ол кісілер ұйықтағанда кеудесі көрік құсап көтеріліп түсіп, демімен жер көшіреді екен» деп Құланның өзінің әкесі туралы айтылады. Біз «жалғыз жортып жүр екен» деп жалпылама айта береміз. Ал Ақан Нұрманов кейіпкеріне: «Елсіз-күнсізге шығып кетіпті деп естіп едім өзіңді» дегізеді. Бейнелі сөзді нақпа-нақ қолданады. Бүгінде аңшылық туралы жазатын жазушылар қаншалықты жазып жүргенін білмеймін, мынандай эпизодты байқадым: әкесі екеуі түнде от жағып, қуырдақ қуырып жегеннен кейін күлдің бәрін сыпырып тастап, сол жерге тұлып төсеп жата кетеді. Аңшылық өмірдің, жалпы далалық өмірдің қыр-сырын дәл көрсетеді. Бұл шығарманың ел арасында аңыз болып жүргені, біріншіден, тағдырды жазса, екіншіден, жалғыз адамның түздегі өмірінің ерекшелігі де қызықтырады, үшіншіден, жабайы дерліктей тұмса табиғаттың да көріністерін көкейге қондыра суреттеуі тартымды ете түседі.
Шығарма табиғаты туралы айтылған бұл ойға Амангелді Кеңшілікұлы келісе қоймады. «Оған ғана байланысты деп ойламаймын, – деді әңгімені қыздырғым келіп отырғанымды сезіп. – Өкінішке қарай, біздің прозада да, поэзияда да классификациясы берілген жоқ. Мысалы 60-жылдарда әдебиетке жаңалық алып келген кім деген кезде, әркім жаңалықты өзінен бастағысы келеді. Шын мәнісінде, 60-жылдары әдебиетке жаңалық алып келген үш жазушы болды. Олар – Бердібек Соқпақбаев, Ақан Нұрманов, Сайын Мұратбеков дер едім. Бұлар қандай жаңалық алып келді? Қорғасындай құйылған сөйлемдерді басқа жазушылардан кездестіре алмайсыз. Бұлар бұрынғы әдебиетті жалғастыру үшін емес, өзінің жолын салу үшін келген жазушылар. Ақан қазақ тілін де, орыс тілін де жақсы білген. Соған қарамастан, сөйлемдерді ықшам пайдаланады. «Құланның ажалын» жазуына себеп болған тек Кейкінің ғана тағдыры емес, әлем әдебиетінде өзін-өзі таба алмай жүрген адамдардың тағдыры өзекті болды, осы нәрсе Ақанға да әсер етті деп ойлаймын. Себебі 60-жылдары «Нобель» сыйлығын Шолоховтың «Тынық Дон» романы алды. Ондағы басты кейіпкер Мелеховтың тағдыры да Құланның тағдыры сияқты еді.
– Ойың да, сөзің де рас. Романда бірінші сөйлемінен бастап оқиға басталып кетеді. Дәстүрлі әдебиеттегідей әрнені суреттеп отырып алмайды. Жаңағы Нұржан келтірген мысал да соған меңзеп тұр. Ал енді, Нұржан, жазушы сол тегеурінді аяғына дейін ұстап отыра алған ба, мәселе сонда.
– Айтайын. «Құланның ажалындағыдай» аңшылықта текені күйек кезінде атып алу қазақта жоқ. Атып алатын болса, аңның киесі ұрады. Соған қарамай Құланның әкесі дүниеге қызығып, атып алады. Яғни текенің шыбығын дүние көрген керуеншілердің әзәзіл тіліне ереді. Бұл эпизодты арғы-бергіден хабардар жазушы бекер кіргізіп отырған жоқ. Бір өкініштісі, бұл роман аяқталмай қалды. Роман аяқталар кезде осы эпизод Құланның есіне түсер еді деп ойлаймын. Роман жоспардағы тезис бойынша аяқтай салынған. Кейкіні 1922 жылы шауып өлтіреді. Бәйбішесінің қарнын жарып, баласын да өлтіреді. Құланның өлуін дәл солай суреттемесе де, сондай жауыздықпен өлтіртпекші болған. Егер роман осылай аяқталғанда үлкен кесек дүние болып шығар еді. Тарихтағы Кейкі мен Құланның арасы алшақ. Кейкі 1922 жылы өлтірілсе, романда 1924 жылғы оқиғалар болып жатады. 1922 жылы Кеңес өкіметі әбден мойындалды. Бірақ Құлан Кеңес өкіметінен қашып-пысып жүр. Сол заманның озбырлығын, белсенділердің халыққа қалай тізе батырғанын кеңірек суреттемек болған. Мұның арғы жағында қызыл террор жатыр. Роман осындай көркемдік шындығымен де құнды бола түсер еді, әттең! Өйткені романның басы мен ішінде суреттелетін оқиғалар соған меңзеп тұр.
– Иә, Ақан Нұрманов та кейіпкері Құлан мен оның прототипі Кейкі сияқты қарсылығы ішінде кеткен жазушы болу керек. Біз бұл талқылауымызда автор мен кейіпкерінің тағдырын қабаттастыра, шендестіре әңгімелеп отырмыз. Ақан Нұрмановтың қызы Роза Нұрманова: «Әкем менің тоғыз жасымда дүниеден өтті. Өте қатаң, тек еңбекпен айналысқан, үндемейтін адам болған екен. Әрқашан жазу, әдебиетті игеру жұмыстарынан босай бермейтін. Үйде кітап қоры көп болатын. Оның құндылығын біз өскен кезде білдік. Мифология, археология бойынша кітаптар көп болды» деген еді. Біздің көбімізге сондай еңбекқорлық пен ізденімпаздық жетпей жататынын несіне жасырамыз. Егер Ақан Нұрмановтай өмірден ерте кеткен жазушыларымыз ұзақ жасағанда, олар тағы да шығармашылық жолын жалғастырғанда біздің әдебиетіміз де басқаша жолға түсер ме еді, кім білсін?
P.S. Осы әңгімеден кейін Нұржан Қуантайұлының романның қалай аяқталуы мүмкін екендігі туралы болжамы ойымнан кетпей тұрып алды. Нұржан Құланның әкесінің текені күйек кезінде шабыты келіп тұрғанда атып алуы мен қызылдардың Кейкінің өміріндегідей, Құланның да айы-күні жетіп отырған бәйбішесінің қарнын жарып өлтіруін өзара байланыстырғысы келді. Сол арқылы автордың қызыл болсын, басқа болсын бәрінің де іс-әрекетін қоғамның жіктелуінен де жоғары қойып, адам бойындағы түрлі құбылыстарға жаратылыстық сипат бермек болғанын алға тартты. Романдағы сюжет желісі мен түрлі эпизодтардың басын біріктіретін тұжырымдама да соған жетелеп келе жатқандай сезілетінін айта кеткен ләзім. Бірақ сонымен бірге осындағы кейіпкер мен жазушы тағдырының арасында да көзге көрінбейтін бір мистикалық байланыс бардай көрінетінін де еске сала кеткіміз келеді. Бәлкім, «Құланның ажалы» романы мен оның авторы Ақан Нұрмановтың есімі бізге аңыз болып жеткені де содан шығар? Кей шығарманы осындай бірлікте талдамасақ, оның сыры ешқашан ашылмақ емес!
31.«Бұлтсыз күнгі найзағай» повесіндегі Нариманның ұсыныстарын жазыңыз. ЧАТ ГПТ
Шерхан Мұртазаұлы Мұртаза (28 қыркүйек 1932 жыл, Жамбыл облысы − 8 қазан 2018 жыл, Алматы) — қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1992)
«Құрмет белгісі», «Отан» ордендерімен марапатталған (1999). «Қара алқа» романы үшін ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының (1978);. Қазақстанның Халық жазушысы (1992). Қырғыз Республикасының Халық ақыны.[1]
Тұңғыш кітабы — “Құрылысшы Дәку” очерктер жинағы 1958 жылы жарық көрді. Қазіргі замандас бейнесі, соғыс жылдарындағы тылдағы адамдардың қажырлы еңбегін баяндаған “Табылған теңіз” (1963), “Бұлтсыз күнгі найзағай” (1965), “Белгісіз солдаттың баласы” (1967), “Мылтықсыз майдан” (1969), “41-жылғы келіншек” (1972), “Ахметжанның анты” (1973), т.б. повестер мен “Интернат наны” (1974) атты әңгімелер жинақтары жарияланды. Драматургия саласында жазушының “Қызыл жебе” (1987, Қ.Ысқақовпен бірге), “Сталинге хат” (1988), сондай-ақ “Бесеудің хаты” (1989) атты пьесалары қойылды. «41-ші жыл келіні», «Интернат наны», «Жүрек қартаймайды» әңгімелер жинақтарының; «Қара алқа», «Қызыл садақ» романдарының; «Сталинге хат», «Бесеудіңхаты», «Бесінші бұрыш» пьесаларының авторы.
Аудармалары
Шерхан Мұртаза шығармашылық жолын студент кезінде Л. Лагиннің “Хоттабыч қарт”, М.Кәрімнің “Біздің үйдің қуанышы” шығармаларын қазақ тіліне аударумен бастады. Ол Г.Х. Андерсеннің әңгімелерін, венгр халық ертегілерін, Ш.Айтматовтың “Ботагөз”, “Қош бол, Гүлсары”, “Теңіз жағалап жүгірген тарғыл төбет” повестерін, “Боранды бекет”, “Жанпида” романдарын қазақ тіліне аударды. Екі томдық таңдамалы шығармалар жинағы жарық көрді (1982). Ш. Айтматовтың туындыларын қазақ тіліне аударды.
Дулат руының Шымыр тармағынан.
Әйелі — Ақбілек Кененқызы.[2] Екі баласы: бір ұлы Батылжан Шерханұлы, және бір қызы Алма Шерханқызы
Жазушылардың қай-қайсысы болсын қарапайым халыққа қаншалықты жақындығы тұрғысынан бағаланады, олардың халық мүддесін түсіне білуі – артықшылығы болса, халықтың ой-түсінігінен алшақтығы – осалдығы болып шығады. Мұны кезінде В.Г.Белинский өте қисынды дәлелдеп көрсеткен болатын. Ш. Мұртаза өз шығармаларында халықтың өмірін мейлінше толық, жан-жақты суреттейді, кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасын да айқын көрсетеді. Халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, әр алуан адамдардың мінезін, іс-әрекетін, табиғат көрінісін, бәрін де терең және көркем бейнелегендіктен, қаламгер шығармалары оқырманның көз қуанышына айналып, көпшілік қауымның асыға күтетін рухани сусынына айналды. Әсіресе, Ш. Мұртазаның «Мылтықсыз майдан», «41-ші жылғы келіншек», «Бұлтсыз күнгі найзағай», «Ақсай мен Көксай», «Интернат наны», «Шекшек шырылдайды», «Дәрігердің үш қаруы» секілді шығармаларында да сан алуан қоғамдық құбылыстар, тарихи уақиғалар мен мол өмір шындығы жатыр.
Шерхан Мұртазаның «Бұлтсыз күнгі найзағай» повесі — қазақ әдебиетінің классикасына айналған шығарма. Бұл шығармада қоғамдағы әділетсіздік, адамның ішкі әлемі мен қоғамдық күрестегі жеке тұлға рөлі, сондай-ақ шынайы батырлық пен азаматтық ерлік мәселелері терең ашылған.
Қысқаша мазмұны:
Повестің негізгі оқиғасы ауылда өткен күрделі жағдайларды және оның ішіндегі кейіпкерлердің қайшылықтар мен қиындықтарға қалай қарсы тұрып, өздерінің ішкі дүниесімен күрескенін сипаттайды. Ауылдағы тұрмыстық ахуал мен адамдардың арасындағы моральдық дағдарыс автордың негізгі тақырыбына айналады.
Әңгіме кезінде Нариман есімді ауыл жастарының бірі — шын мәнінде әділетсіздікке қарсы күрес жүргізіп жүрген азамат, бірақ ол да қоғамдағы өзгеше ұстанымдар мен ұрпақтың болашағына деген сенімсіздікпен бетпе-бет келеді. Осы ауылда өткен тарихтың бір бөлігі ретінде, Нариман өзінің өткен өмірін, арманын қайта бағалап, қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерді қалай жүзеге асыруға болатынын ойлайды.
Нариманның әрекеттері, оның ішкі сұрақтары, өмірге деген көзқарастары көптеген философиялық сұрақтарды туғызады. Оның өмірі мен ұмтылыстары авторға әлеуметтік және рухани қайшылықтар, болашақтың жарқын болмауы секілді мәселелерді қозғауға мүмкіндік береді.
Кейіпкерлері:
1. Нариман — повестің басты кейіпкері. Ол қоғамдағы әділетсіздікке қарсы күресуге тырысады, бірақ өзінің жеке басының жан дүниесіндегі дау-жанжалдар мен сұрақтарға жауап таппай жүреді. Нариман — өз идеалдары мен өмірлік ұстанымдарын сақтауға тырысатын азамат, бірақ қоғамдағы жағымсыз құбылыстар оған үлкен кедергі жасайды.
2. Нариманның достары — олар да бас кейіпкер сияқты әртүрлі ұстанымдарды ұстайды. Олар бір жағынан Нариманның көзқарастарына жақтасса да, екінші жағынан қоғамдағы өзгерістерге бейімделіп, өздерінің жеке бастарының мәселелерімен күреседі.
3. Әлеуметтік орта — повестің маңызды бөлігі ретінде, ауылдың тұрмыс-тіршілігі мен адамдардың өмірі маңызды рөл атқарады. Бұл кейіпкер ретінде көрінбесе де, әлеуметтік орта кейіпкердің ой-санасын қалыптастыруда үлкен ықпал етеді.
4. Қоғамдық жүйе мен оның өкілдері — повестегі кейбір тұлғалар қоғамдағы әділетсіздік пен бюрократияны көрініс береді. Олар Нариманның ізденістеріне қарсы тұрса да, кейде өзі де жүйенің құрбаны болып кетеді.
«Бұлтсыз күнгі найзағай» повесі — өзара қатынастардағы, қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік пен әділетсіздік мәселелерін ашық көтеретін шығарма. Нариманның тұлғасы арқылы жазушы адамның ішкі жан дүниесін, оның моральдық таңдауларын және қоғамдық жағдайларға деген көзқарасын терең түсінуге шақырады.
Шерхан Мұртазаның «Бұлтсыз күнгі найзағай» повесінде Нариман — басты кейіпкерлердің бірі. Ол — өмірдің қиындықтарын өткеріп, әлеуметтік әділетсіздікке қарсы күрес жүргізуге тырысатын азамат. Оның ойлары мен ұсыныстарының өзекті, терең мәні бар, өйткені олар қоғамдағы әділетсіздік, моральдық құндылықтар мен адамгершілік мәселелерін қозғайды.
Нариманның ұсыныстары қоғамның әлеуметтік әділетсіздігі мен адамгершілік мәселелеріне қарсы бағытталған. Ол өз ұсыныстарын, көбіне, адам құқықтары, адамгершілік, әділдік мәселелеріне қатысты айтады. Оның ұсыныстары осы мәселелерді шешуге деген ұмтылысымен сипатталады.
Нариманның ұсыныстары мен көзқарастары:
1. Әлеуметтік
әділетсіздікке қарсы күрес: Нариманның
ұсыныстарының бірі — қоғамдағы
әділетсіздікті жою. Ол өз айналасындағы
адамдарға әділеттілік, теңдік, адам
құқықтары жайында ой қозғап, қоғамның
барлық мүшелері үшін бірдей мүмкіндіктер
болуын көздейді.
Мысал: Нариман
«қоғамдағы әділетсіздіктерді жою үшін
бәріміз бірге күресуіміз керек» деп,
адамдарды бірлікке шақырады.
2. Адамгершілік пен моральдық құндылықтар: Нариманның ұсыныстарында адамгершілік пен адалдық үлкен рөл атқарады. Ол қоғамның моральдық құндылықтарын көтеріп, әділдік пен ар-ожданның сақталуына үлкен мән береді. Оның ойынша, адамгершілігі жоғары қоғамда әділеттілік орнайды.
Мысал: Нариман өзінің достарына «Егер біз әрқашан ар-ожданың жолымен жүрсек, қоғамда әділет орнайды» деп сенім білдіреді.
3. Білім мен ақыл-ойдың маңызы: Нариман қоғамдағы өзгерістерге қол жеткізу үшін білім мен ақыл-ойды басты құрал ретінде көреді. Ол әр адамның өзінің ой-өрісін дамыту арқылы қоғамдағы келеңсіздіктермен күресе алатынына сенеді.
Мысал: Нариман: «Білім мен ақыл-ойсыз біз ештеңеге қол жеткізе алмаймыз. Тек өзімізді жетілдіріп, ой-санамызды кеңейткенде ғана әділ қоғам құра аламыз» дейді.
4. Жеке бастың құндылығы мен жауапкершілігі: Нариман жеке тұлғаның қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуі керек деп санайды. Ол әр адам өз әрекеттері мен шешімдеріне жауап беруі тиіс екенін айтады.
Мысал: Ол: «Әркім өз жолында дұрыс шешімдер қабылдаса, қоғамдағы әділетсіздіктер жеңіледі» деген ұсыныс айтады.
Нариманның ұсыныстары — қоғамдағы әділетсіздік пен моральдық құндылықтарды қайта қарау, адамдарды білім мен ақыл-ойға шақыру, жеке жауапкершілікті сезіну сияқты маңызды мәселелерге қатысты. Ол өзінің ұсыныстарымен қоғамды жетілдіруге, жақсартуға ұмтылады және әрбір адамға қоғамдағы орнын дұрыс түсінуге шақырады.
Шерхан Мұртазаның «Бұлтсыз күнгі найзағай» повесінің атауы шығарманың ішкі мазмұнына, идеясына және оның негізгі символикасына толық сәйкес келеді. Бұл атаудың терең мәні бар және шығарманың негізгі тақырыбына қатысты бірнеше аспектіні білдіреді.
Атаудың мәні мен себептері:
1. Күтпеген қатты өзгеріс: «Бұлтсыз күнгі найзағай» атауы — бір қарағанда, тыныш, үйлесімді жағдайдың күтпеген өзгерісін, үлкен дағдарысты білдіреді. Бұлтсыз, яғни тыныш, бейқам болып көрінген кезде кенеттен болатын найзағай — өмірде де адамдардың ойына, қоғамға, жеке тұлғаға қатысты күрделі, күтпеген жағдайлардың болатынын меңзейді. Адамның ішкі әлемінде немесе қоғамда үлкен өзгерістердің болатыны, оны ешкім алдын ала болжай алмайтыны көрсетіледі. Шығармада кейіпкерлердің ішкі қайшылықтары мен қоғамның әділетсіздігіне қарсы күресі дәл осы «найзағай» сияқты күтпеген әрі әсерлі өзгерістермен сипатталады.
2. Қоғамдағы теңсіздік пен әділетсіздік: Шығармада қоғамның ішіндегі әділетсіздік пен теңсіздік мәселелері басты тақырыптардың бірі болып табылады. Бұлтсыз күн — қоғамның бейқам, тыныш, біртекті көрінуін білдірсе, найзағай — сол тыныштықты бұзатын, қоғамның шын бет-бейнесін ашады. Бұл символ арқылы автор адамдардың өміріндегі әділетсіздіктің кенеттен көрініс табатынын көрсетеді.
3. Тұлғалық дағдарыс: Повестің басты кейіпкері — Нариман, оның өміріндегі ішкі және сыртқы қайшылықтар, өзіндік ізденістер мен өзгерістер де «найзағай» сияқты күтпеген жағдайда, күрт өзгерістерге алып келеді. Атаудағы «найзағай» — адамның ішкі әлемінде болатын күрделі сәттерді, қайшылықтарды, күрестің басталуын білдіреді. Бұл Нариманның қоғамдағы әділетсіздікке қарсы күрес жолындағы маңызды сәттерінің бейнесі.
4. Метафора және символизм: «Бұлтсыз күнгі найзағай» атауы — метафоралық тұрғыдан да терең мәнге ие. Бұл ұғым адамның өміріндегі күнделікті тыныштықтың, қауіпсіздіктің, алаңсыздықтың сыртында болатын ауыр шындықтар мен күресті білдіреді. Бұл символ арқылы автор өмірдің күрделі, күтпеген өзгерістер мен қиындықтардан тұратынын, ал кейде олар өте қатты әрі жарқыраған түрде, күтпеген сәтте орын алатынын жеткізеді.
«Бұлтсыз күнгі найзағай» атауы, Шерхан Мұртазаның шығармасында тыныштық пен дағдарыстың, әділетсіздік пен өзгерістің метафорасы ретінде қарастырылады. Бұл атау, қоғам мен жеке тұлғадағы терең да ғдарыстарды, өмірдің күтпеген өзгерістерін, сондай-ақ ішкі дүниеде болатын күрестер мен қақтығыстарды ашып көрсетеді. Атаудың символикалық мағынасы арқылы автор оқырманға өмірдің күрделілігін, әділетсіздік пен қоғамның қиындықтарына қарсы тұру жолындағы күресті жеткізеді.
32.«Кездеспей кеткен бір бейнедегі» Еркебұланның ішкі көңіл күйінің бір белгісінен мысал келтіріңз
Ғабит Мүсірепов 1902 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында шаруа отбасында дүниеге келді. Оның азан шақырып қойған аты – Ғабді әл-Ғабит. Бұл арабша "Құдайдың құлы" деген мағынаны білдіреді. Қаламгердің әкесі Махмұт діни сауатты, өз ортасында беделді, парасатты адам болған.
1908-1910 жылдары өз ауылында молдадан оқып, арабша хат таниды. 1916 жылы Ғабитті нағашысы Оңғарбай шаруаға көмектесуге алып кетеді. Артынша Ақпан көтерілісі басталып, әскерде жүрген Оңғарбайдың балалары елге оралады. Осыдан соң, шаруадан қолы босаған Мүсірепов ауылдағы Ыбырай Алтынсарин жүйесімен ашылған орысша-қазақша бастауыш мектебінде оқиды. Онда ол белгілі ұстаз Бекет Өтетілеуовтен дәріс алады. Мұғалім болашақ жазушының әдебиетке ерекше ықылас аударуына септігін тигізді. Сондай-ақ Ғабит орыс тілін жетік меңгеруге мүмкіндік алды.
Ғабит Мүсірепов – қазақ ұлтының, жалпы халқымыздың, бұрынғы Кеңес Одағының және күллі әлемнің әдеби мұрасында өшпес із қалдырған жан-жақты жазушы. "Өмірбаяндық әңгімеде" Мүсірепов-прозаик Мүсірепов-драматургке айналады. Жазушының көркем сөз туындылары үнемді, бірақ мағыналы және алуан түрлі. Жазушы кейіпкерлердің бейнелерін, олардың психологиясын, ойлары мен сезімдерін ақылмен, тережәне нәзік түрде ашады. Мұхтар Әуезов жазғандай: "Мүсіреповтің тілі-мөлдір және таза, бейнелі және мәнерлі".
Ғ.Мүсіреповтің көптеген әңгімелері, романдары, шығармалары табиғаты бойынша гуманистік болып саналады. Оларды туған халқының күші, төзімділігі, адамгершілік қасиеттері туралы ой біріктіреді. Жазушы Ғабит Мұрсеповтың кітаптары Мұхтар Әуезов, Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқановтың шығармаларымен қатар қазіргі қазақ әдебиетінің
інжу-маржаны болып табылады.
Ғ. Мүсіреповтің айрықша ерекшелігі оның дарындылығы емес, ал ойлауының әмбебаптығы, ұлттық және әлемдік мәдениет саласындағы білімі деп танылады. Ол қалдырған көркем мұра саны жағынан көп болмаса да, бірақ барлық әдеби жанрларды қамтиды.
Әдебиетші З.С. Кедринаның пікірінше, "Ғабит Мүсіреповтің шығармалары қазақ
жазушылары арасында композициялық және стилистикалық жағынан жинақы болып келеді.
Ғ. Мүсіреповтің ерекшелігі оның шығармаларының стилінде жатыр. Мүсіреповтің ұлттық әдебиеттің қалыптасуына ықпал еткен әңгімелері мен пьесалары, романдары мен повестері өмірдің барлық салаларындағы айтулы оқиғаларды, қазақ қоғамындағы әлеуметтік өзгерістерді, қазақ халқының тұрмысындағы және психологиясындағы жаңа құбылыстарды бейнелеген. Ғ.Мүсірепов ұлттық драматургияның негізін қалаушылардың бірі. Мүсіреповтің әдеби шығармашылығы жан-жақты. Бұл проза, өмірбаяндық және этнографиялық, драматургия, публицистика және т.б. Жазушының басты ерекшелігі-тарихи оқиғалардан арылып, үлкен тарихтың құйынына тап болған қарапайым адамның ұлттық өмірі мен психологиясының суретін жасау. Патриотизм мен соғыс тақырыптары проза
түрінде жазылған.
Мәселен, "Кездеспей кеткен бір бейне" хикаяты ауылдың нақты жағдайын сипаттаудың
өзекті ақиқаты, халықтың рухы мен ерік-жігерінің бастауларын түсінуге ұмтылу. Әдеби көздерді талдай отыра, "Кездеспей кеткен бір бейне" шығармасы бір әдебиеттерде хикаят деп жазылса, кей әдебиеттерде поэма, кей бірінде повесть түрінде берілген. “Кездеспей кеткен бір бейне” шығармасы қара сөзбен жазылса да, автор оны поэма деп атаған. Ал негізінен поэма дегеніміз не?
Белгілі әдебиеттанушы ғалым Зәки Ахметов өзінің «Әдебиеттану терминдер сөздігі» атты еңбегінде поэмаға мынадай анықтама беріледі: «Поэма (грек. poiema туынды, шығарма деген мағынада) оқиғаны өлеңмен баяндап айтатын, кейде жыр-толғау түрінде келетін көлемді шығарма [1. 274]. Сонымен қатар, әдебиеттанушы ғалым аталмыш
шығарманы осы еңбегінде повесть жанрына мысал ретінде көрініс тапқан [1. 269].
Прозадағы поэма прозалық формадағы әдебиет жанры болып табылады және оған
келесі сипаттамалар тән:
- сипатталған оқиғалардың қысқа мерзімділігі;
- іс - әрекеттердің үзіндісі;
- сюжеттің болуы.
Көбінесе романды классикалық мағынада прозадағы поэмаға жатқызуға болады.
Шығарманың белгілі бір жанрға жататындығын автордың өзі анықтайды. Орыс әдебиетіндегі
прозадағы әйгілі поэма: Н. Гогольдің "Мертвые души" шығармасы.
С.Ш.Айтуғанованың «Қазақ лирикалық прозасының даму арналары» мақаласында
«Кездеспей кеткен бір бейне» туындысы нағыз лирикалық прозаның үлгісі болып
табылатыны айтылған. Шығарманың кезінде поэма деп аталуы да осы сипатына қатысты
айтылса керек. Жалпы, Ғ.Мүсіреповтің шығармаларындағы, соның ішінде «Кездеспей кеткен
бір бейне» шығармасындағы лиризм өрнектері мүлде бөлек. Оның лирикалық кейіпкерлері,
образдары көбіне астарлы, меңзеу түрінде болып келеді. Жазушы әрбір детальді ойната,
құбылта қолдана отырып, оны символдық образ дәрежесіне дейін жеткізе біледі [2. 3].
«Кездеспей кеткен бір бейнеде» баяндау үшінші жақтан жүргізіледі. Яғни,
баяндаушы шығармадағы баяндалатын жайлардан тыс тұрады. Бірақ оның өзіндік
дүниетанымы, көзқарасы жоқ деп айтуға болмайды. "Ол" түріндегі баяндаушы әңгімелесуді
объективті түрде жүргізеді, олардың арасында тек түсініктеме беруге болады. Мұндай
әңгімелерде авторлық шегіністер үлкен рөл атқарады. Авторлық шегіністерде оның сезімі,
әртүрлі мәселелерге деген көзқарасы ашылады.
«Кездеспей кеткен бір бейне» шығармасында мұндай баяндау Еркебұланды суреттегенде қолданылады. Яғни, автор кейіпкерді үшінші жақтан суреттей отыра,
Еркебұланның басынан кешкен оқиғалары арқылы оның өзіне тән мінез-құлқын көрсетті және сол бір қиын-қыстау кезеңнің сырын ашты. Шығармада романтикалық тақырыптың ашылуы бірден басталмайтынын көреміз. Алайда, поэтикалық толқу, өрнек байқалады. Автор өз жұмысында мәтіннің көркемдік
кеңістігін қосымша дәлелдермен, кеңестермен кеңейтеді. Көркем мәтінді құру құрылымы
ерекше болады. Көркем шығармада берілген ақпараттың тура және балама мағынасы көп
қырлы. Осыған сәйкес, кейде кең, терең мағынасы бар ақпарат шағын мәтін арқылы берілсе
де, кейде көлемді мәтін беретін ақпарат қысқартылуы мүмкін. Сонымен қатар, тәуелсіз
стиль, жазушының шығармашылық болмысы ерекше мәнге ие. Бұған "жазушыоқырман"көзқарасы қосымша мүмкіндіктер береді.
«Кездеспей кеткен бір бейне» шығармасында авторлық баяндау алма-кезек ауысып,
бірде автор, бірде кейіпкерлер арқылы жүргізіліп, уақыт жағынан шапшаң өтпесе, бұл ұзақ
туынды болар еді [3. 149].
«Кездеспей кеткен бір бейнедегі» бейне «тақырыпқа деген сыршыл қарым-қатынасы бар және оның барлық тереңдіктегі құпияларын өзінде сақтай» біледі делінеді. Бейненің түпнұсқадағы мағыналық қабаттарын қазақ тілін жете білетіндердің өздері де түсіне
бермейді. Өмірлік және эстетикалық тәжірибе ретінде әртүрлі нұсқалар тууда. Суреткерді толықтай түсіну үшін детальдарға назар аудару қажет. Ғ.Мүсіреповтің поэмасы қабылдаудың ерекше құбылыс екендігін дәлелдейтін шығарманың бірі болып табылады.
Кездеспей кеткен бір бейнеде образдың дамуының құпиялық қырлары да бар.
Мысалы, «Ойы тағы да Ақлима бейнесіне ауысты. Бұл бір өмір бойына жабысқан дерт сияқты. Қараңғы түнде бір-ақ рет жарқ еткен нұрлы жүз ақындық дерті болып алды».
«Кездеспей кеткен бір бейнеде» жалпы қазақ әдебиетіне тән классикалық үлгідегі сарын байқалады, осы сарын негізінде жалпы әдебиеттегі бейне пайда болды. Қазақ жазушысының повесінде сарын алдын ала ойланылып не А.С.Пушкиннің «сценарийінің» негізінде дамиды [4. 24].
«Кездеспей кеткен бір бейнедегі» тақырып болып шығарылған бейне оның жанрлық
ерекшелігін көрсетеді. Осы жерде мына тұжырым орынды болып табылады: «тақырыптың қасиеті әдеби шығарманың жанрына байланысты, жанрдан тыс оны жақсы не жаман деп бағалауға болмайды». Шығарманың алғашқы жарияланған нұсқасында автор оны «қара сөзбен жазылған поэма» деп ескертеді.
Қазақ тіліндегі бұл шығарманың барлық нұсқаларында бұл ескертпелер сақталған, алайда орыс тілді нұсқасына негіз болып табылатын армян тіліндегі нұсқасында және өзге тілдердегі бұл шығарманың мәтіндерінде бұл ескертпелер сақталмаған. Мұнда мәселенің өзектілігі аудармашының не жариялаушының жауапкершілігінің төмендігінде емес. Орыс тіліндегі жарияланған шығарманың нұсқасы поэма ретінде қабылдана алмады.
Ғ.Мүсірепов мәтін негізінде кейіпкер мен әңгімелеушінің қабылдау қабілеттерін байланыстыра алғандығын байқаймыз. Мүсірепов мәтінінің талқылануы мен талдануы оның кейіпкері мен әңгімелеушісінің көзқарастарының сәйкес келуі болып табылады. Осындай көзқарастың психологиялық қыры тақырыпта бағдарландырылған. Кейіпкерлердің әрекеттерінің белсенділігі жанрдың жағдайына байланысты. Әңгімеде кейіпкерге қалыпты емес жағдайлар ұшырасады. Іштей кейіпкерлер олардың бүкіл дерлік тағдырларын өзгертетін жағдайларға тап болады. Әңгімеде бұл, әдетте, бір мезетті, кенеттен
пайда болған жағдай. Алайда Ғ.Мүсірепов әңгімелерінде кейіпкерлер әрекеттерінің белсенділігін анықтайтын тағы бір жағдай бар, ол кейіпкердің «жатсынуы». Ғ.Мүсірепов кейіпкері басынан кешкен оқиғалар нәтижесінен қоршаған ортадан емес, өз-өзінен жатсына
бастайды.Поэмада жүзеге асырылған мінездердің кейіпкерлер мен әңгімелеушінің дамуына
байланысты Ғ.Мүсірепов оның ырғағын тамаша ұйымдастырады. Шығарманың соңында
психологиялық көзқарастар мен ойлар ашық айтылады. Мұнда кейіпкерлердің ойлары не
әңгімелеушінің жеке пікірі ғана кездеспейді, автор тарихи тұлға ретінде өз көзқарасын
білдіреді. Шығармашылық жайлы, тұлға туралы жазылған повесть тұлғалық қарым-қатынас
негізінде құрылған. Шығармашылық табиғаты стилистиканың өзге ұстанымдарын, ырғақты қолдануға итермелейді. Ғ.Мүсірепов шығарманы шығармашылық жайлы поэма ретінде жазған
Ғабит Мүсірепов «Кездеспей кеткен бір бейне» кітабы үшін Абай атындағы
республикалық сыйлықты иеленген еді.
33.«Борандағы» Қоспан мінезінің ішкі тартыс-тайталаста ашылуын жазыңыз
Тахауи Ахтанов «Боран»
Алғаш «Дала сыры» деген атпен жарияланған, кейін «Боран» деген атаумен жарыққа шыққан осы шығармасы үшін Т.Ахтанов Мемлекеттік сыйлық алған. Жазушы романға ауыр тағдырына шағынып езілмеген, адамдық қасиетін жоймаған Қоспан қойшының өмірін өзек етіп алып, сол арқылы өзі өмір сүрген қоғамның, әлеуметтің айнасын жасаған. Шығармада табиғат апатымен алысқан шопанды ғана суреттемейді, Қоспанның өміріндегі белестерді, әділетсіздікпен ұштасқан өмірдің сабақтарын көрсетіп отырады. «Боран» романының басты идеясы – адам басына қандай қиындық түссе де адами қасиетті сақтау керегі көркем тәсілмен шынайы жеткізілген.
Боран — Тахауи Ахтановтың 1963 жылы жазған романы. Алғашқыда «Дала сыры» повесі болып шығып, кейін өңделіп, толықтырылды.
Роман үшін авторға 1966 жылы Қазақ КСР-нің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді.[1]
Романның бас кейіпкері Қоспан қойшы өз өмірінде талай қиындықты бастан кешірген, соғыста болған, жау қолында тұтқын лагерінде болып қашып шыққан, әйтсе де қиын тағдырына ашынып езілмеген, адамдық ізгілігін жоймаған күрделі тұлға. Романға қарапайым еңбек адамының тағдыры, 1950-1960 жылдардағы кеңестік қоғамның өмір шындығы тақырып етіп алынған.
Шығарма кейіпкерлері
Қоспан - шопан
Құмар - колхоз председателі.
Жаңыл - әйелі
Қасболат - әр түрлі қызметтегі адам
Қаламұш - Мінайдар шалдың кіші баласы. Жаңылға көбірек үйір боп, бауыр басып кетті. Қоспанды аға, Жаңылды апа деп өз үйінен гөрі көбіне осылардың қолында болды. Сол кезде елуден асқан өз әкесі Мінайдарды ата дейтін. Шын аты — Ғалымжан. Еркелетіп кішкентайында Қаламүш деп атаған, биыл он тоғызға шықса да сол атымен келе жатыр.
Мұрат - Атын әкесі қойған. Үй ішін қуанышқа толтыра келген бала. Өзі толық және сүйегі ірі болғандықтан шомбал қара. Өскен сайын әкесінен аумай барады. Ол да Қоспан сияқты томпақ, қой көзді. Тек көз құйрығында бір қуақы ұшқын жылтырап тұрады. Мінезі сотқар, ойнап жүрген балаларды сабап тастайды. Мұрат тентек болғанымен ақкөңіл, бауырмал. Қолындағы кішкентай нанын бірге ойнап жүрген балаларға бөліп береді. Өзі зерек.
Шығарманың бас кейіпкері –Қоспан. Жаңа ғана қызметке араласып, ел қатарына қосыла бергенде соғыс басталып кетіп,Қоспан майданға аттанады. Онда борышын абыроймен атқарып, ақырында ауыр жарақаттанып,фашист тұтқынынан бір-ақ шығады. Әскерден елге қайтып келгенде мұның алдынан «тұтқында болған» деген сөз кес-кестеп жүргізбейді. Қайда барса «Қорқыттың көрі» дегендей Қоспанды қызметке алуға ешкімнің жүрегі дауаламайды. Оның қойшылыққа ауысу себебі осыдан. Төрт күнге созылған боран өтінде бір қора қой соңынан өлермендікпен жүріп отырған, өлім мен өмір белдескен шақта Қоспанның ойына ауық-ауық өткен өмірінің эпизодтары елестейді. Роман осы арқылы ашыла түседі.
Осындай кезде оның өмірінің ең нәрлі, мәнді тұстары қайта тізіліп келеді, жақсы дегеннің, жаман дегеннің айырым,парқы таразыға түседі. Оңашада өз ойымен өзі қалғанда, көлденең куә жоқ жерде жалғыз үкімші сана мен ар ғана болады. Бейнеті, қиындығы көп өмірдің қай беткейін алып қарағанда да, Қоспанның ешқашан ұжданын саудаға салмағандығы, адал өмір кешкендігі көрінеді. Ол майданда сылтау дегенді білмеген жауынгер болыпты. Өз командирі Қасболатты аман құтқару үшін, оққа кеудесін төсеп, жауды кідіртуге қалып қояды. Тұтқында жүргенде ол Отанына оралу үшін қолдан келген әрекеттің бәрін жасайды. Еліне келгенде ол «бұрынғы тұтқыннан» үркіп, қызмет бермегендерге жалынбайды; үнсіз, іштей шерленіп, маңдайына жазғанды болаттай берік сабырмен көтереді. Қоспан боран кезінде, іштей түлегендей жаңа бір рухани серпіліске түседі. Қоспанның санасындағы төңкерістің бірі –кеде араз, кейде дос боп жүрген Қасболаттың шын келбетін танып, оның нағыз сырына көз жеткізгендей болуы.
Романдағы аса қызғылықты, соны тұлғаның бірі –Қасболат. Не ұнамды, не ұнамсыз кейіпкер ретінде алу қиын. Мұның да өзіндің сыры,шыны бар, шытырман тағдырлы адам. Қызмет бабындағы Қасболат машинамен Қоспанның ауылына қарай шыққанда, боран басталып кетіп, кедергіге тап болады. Осылайша ол да өзінің өткен өміріне көз тастап, ойға шомады. Қиындық дегеннің неше атасын көрген Қоспандар адамгершілікті сақтап қалғанда, ылғи белгілі қызметте, өмір бетінде қалқып жүрген Қасболаттарға не көрінген? Ол таза еңбек етіп, шекесі терлемеген, нағыз еңбекші адамның көңіл-күйін, арманын түсініп жетпеген әкім. Оның қамқормын, білемін дегені тілдің ұшы ғана.
Боран" романы үшін 1966 ж. Қазақстанның сыйлығы берілді. Бұл роман орыс, өзбек, қырғыз, тәжік, түрікпен, грузин, армян, әзербайжан, түрік, украин, беларус т.б. тілдерге аударылды. Шығарма сол кезеңде қазақ әдебиетіндегі оқшау туынды ретінде бағаланды. 1966 шыққан бұл шығарманың жеке бір жаңалығы жазушы қаһарманының боранмен арпалысын суреттеу аркылы бүгінгі өміріміздің сәнді шырқына дақ түсіретін, залал коларен кейбір жағымсыз жәйттердің әлі де бар екенін далелдеп, сол кеседі еркінен нұсқайды.
Бул роман басты қоғамдық, бүкіл адамзаттық кесел пайдакүнемдік туралы, бұл дерттің неден, қалай тамырланатынын айтуымен құнды. Біздің бұл ойымызды жазушы шығармашылығы жайында көлемді мақалалар жазып жүрген халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың пікірімен толыктырар болсак, ол: «адамзат қауымына не тауқыметті тудырып отырған осы бір тылсым сырдың (пайдакүнемдік жайлы айтып отыр А.Қ), пенделік төркінін және қалай өрбіп, қалай жүзеге асатын әзәзіл күйесін жеріне жеткізе талдай, зерделеп берген «Боран» романы осы заманғы қазақ порзасының философиялық карымы мен психологиялық жітілігін, азаматтық уыты мен әлеуметтік түрлаулығын қапысыз таныта алатын саңлақ туынды» деп бағалады
«Бораны романы көркем прозадағы заман жаңалықтарын кең ашып, адамдардың осу жолының күрделілігін көрсету, сол арқылы дәуір ерекшеліктерін диалектикалық тұрғыда танытудағы бастама болып көрініс алғаны шындық.
Қоспан тағдырына үңіле қарасак, оны тағдыр маңдайынан сипап өсірмегенін байқаймыз, ұғынамыз. Ол ылғи өмірдің кедергілеріне кездесіп, соларды жеңе жүріп өседі, өмірдің зіл салмағын котереді. Көрген қуанышынан бейнеті көп осы азаматты қажытпай алып келе жатқан Қоспанның өмірсүйгіштігі, жан дүниесінін тазалығы, рухани байлығы. Жазушы шығарма идеясын осыны керсетуге құрады. Осы бір тұстағы әдебиетке қойылған талап өмір шындығын жеңілейтіп көрсетпей, кейіпкер бейнесін терең тартыста күресте таныту Тахауиға жаңа ой салғаны көрінеді. Ковлон бойында енбек адамына тан іс-әрекет, көзқарас мол. Жарада қарапайым, адал, жұртқа сенімі мен сүйіспеншілігі мол Қоспан сылтаяң күндерде қайраттанып кететін ер. Майданда взвод командирі Қасболаттың адьютанты бола тұрып, ол шегініп бара жаткан әскерлерге мүмкіндік беру үшін жау тосқауылын бөгеуге сұранып калады. Осы ұрыста есін білмей жараланып, жау қолына түседі. Тұтқын лагерінде азаптар шегеді. Оны автор соншалықты көпе-көрнеу етіп көрсетпесе де басты қаһарманның өз өткенін ауыр қиналыспен есіне алатынынан әбден байқаймыз. Тағдырына налымай, көнбістік танытады, мойымайды.
Соғыстан соң туған ауылына келген ол жұмысқа орналаса алмайды. Жау тұтқынында болған адамга сенімсіз көзқарас оның алдынан шығады да тұрады. Аулнида басшы кызметте отырған Қасболат та көмектесе алмайды. Акыры жуально тандап үйренбеген Қоспан тері-терсек жинайтын мекемеге кілтші болып орналасады. Мекеме бастығы Жаппасбай деген алаяқ қу екен, Қоспа пещалдампаз, екі жүзділігін бетіне басып айтады да, ауылға барып, шопандыққа бет бұрады. Ал, шопан өмірінің қиындғы бір басқа екенін жазушы асқан шеберлікпен сол кез тұрмысын жіті бейнелеуінен кореміз. Қарауындағы мал қамын ол ойлағанмен, басшылар ойламайды, оны табиғатқа тәуелді етпей бағуға жағдай жок. Колхоз баскармасына айтқан ұсыныстар қолдау таппайды. Сөйтіп, мал боранда калады. Долы боранда мал үсікке ұшырайды, екінші жағынан и каскыр кырады. Астындағы атын да қасқыр жарып, өзі жаяу қалады.
Тахауи Ахтанов осынын бәрінде де Қоспанды орнықты, ісіне адал, сенімді, тауекелі де кауапкершілігі де күшті характер етіп бейнелейді. Өмірае какотікке көп кездессе де ол жауапкершіліктен тайасақтап, қорқа стакорсетпейді. Командиріне еріп кетіп қалуға болатын адьютанттың жауды, борзуге сұранып қалуы, қашып шыгудың қиын екеніне қарамай, жау лагерінен кетуге жасаған әрекеттері, Жаппасбаймен қақтығыс, малды шеп азайған тұста қолға қамамай, далаға алып шығуы да оның бейнесін аша түскен
34.З.Қабдоловтің, Қ.Ысқақовтің «Қоңыр күз еді» повесіне айтқан идеялық пікірін жазыңыз
Қырағы қаламгер Қалихан Ысқақ үлкен әдебиетке 1960 жылдардың басында өзінің атақты «Қоңыр күз еді» атты повесімен келді. Жазушы шығармаларына айрықша назар аударсақ, оның ізденімпаздығы, талғампаздығы анық байқалады. Жазушының әрбір шығармасын оқығанда онда суреттелетін өмір шындығына көңіл аударып қана қоймайсың, адамдардың мұң-мұқтажына ортақтасып, сағынышқа толы балалық шаққа, қызыққа толы күндерге еріксіз сапар шегесің. Қазақ жазушыларының ішінде әлемдік әдебиеттің үрдістерін меңгерген, өз ұлтының қыр-сыры мол қалтарыстарын шебер игерген Қ.Ысқақов деуге болады. Өзі өмір сүрген қоғам қалай құбылса да, саясат желі қай жақтан соқса да жазушы туындыларының діттеген мақсаты мен темірқазығы – адам және адам тіршілігі. Басқа әдебиет шығармаларындағыдай, Қ.Ысқақов көркем шығармаларында да адам образының небір керемет үлгілері жасалған, образдардың қызық та, қиын тағдырлары оқырманды бей-жай қалдыра алмайды. Жазушы туындыларында өресі мен өрісі кең образдар кеңінен қамтылған. Замана келбетін суреттеу, адамдардың тұлғасын мүсіндеу – жазушының ізгі мұраты. Қаламгердің қырағы көзі өзінің ата-бабасының өмір сүрген дәуірі мен өз кезеңінің оқиғаларының жаршысы болуды, соларды ардақтауды өзіне мақсат тұтуы да – заңды құбылыс. Оның қазақ әдебиетіне қосқан үлесі шығармаларына шын өмірде болған оқиғалар мен құбылыстарды арқау ететінімен ерекшеленеді.
Қ.Ысқақов шығармалары ішінде повесть жанрында жазылғандары көп. «Қоңыр күз еді» атты алғашқы повесі 1963 жылы жарық көреді. Бұл повесінен жазушының шығармашылық бағытындағы оң беталысты көруге болады. Мұнда жазушы қарапайым халық арасынан шыққан Қасым атты кейіпкерінің балалық шағы мен алғашқы жақсы көру сезімдерінің ұнамды жақтарын баяндауға ден қойған, басты кейіпкердің бойындағы игі қасиеттерді көрсетумен бірге жазушы оның ой-санасындағы шектелушілікті де жасырмаған. Өз кезеңіндегі өмір шындығына иек арта отырып, Қасым арқылы сол кездегі жастардың сүйіспеншілігі, бір-бірімен қарым-қатынасы, мектеп оқушыларының бастан кешкен әрқилы оқиғаларын қиюластыра бейнелеуінен жазушының реалистік қырын танимыз. Бұл повесте адам бойындағы, мінезіндегі мінді мінеу жағы басым көрінетін тұстары да бар. Мысалы, жазушы мектеп директоры Қалматай – лақап аты Маймұрын, оның әйелінің поддиректор аталуының себептері, интернат завхозының шын аты Зейнолланың – Беликов аталу себептерін түсіндіре отырып астарлы юморлық әрекетке көшеді. Оның майдақоңыр юморы ара-тұра еріксіз күлкіге үйіреді. Повестің жалпы мазмұны достық, адамгершілік жайындағы мектеп ұстаздарының өсиеттеріне, интернат ұлдары мен қыздарының балғын жүректеріндегі сезімдеріне, адам көңілінің құбылмалы сәттеріне арналған десе де болады, бір сөзбен айтқанда бұл жайларды жазушы өзінің суреткерлік шеберлігі арқылы ашып бере алған.
Қасым жетінші сыныпта оқып жүргенінде шешесі дүниеден өтіп, тұл жетім қалады. Сонан соң немере ағасы Ыбырай «Топқайыңдағы» мектеп-интернатқа орналастырады. Қалихан Ысқақов тумысынан суреткер, адам характерлерін дөп басып суреттейді, кейіпкердің сыртқы пішінінен гөрі оның психологиялық портретін суреттеуге ерекше мән береді. Бала Қасымның алғаш мектеп-интернатқа орналасуын, қарадомалақтармен өткен ең қызықты сәттерін, көршілес кереуетте жататын қара бала Қыдырханмен достығын баяндау барысында жазушының нағыз көркемсөз шебері екендігіне көзіміз жетеді.
Жалпы тақырып әдетте жазушының тәжірбиесінен туады. Оның жан дүниесін қозғаған жайлар араға жылдар салып әдеби шығармаға айналады. 1936 жылы туылған Қалихан Ысқақтың 1939-1945 жылдар аралығында өткен екінші дүниежүзілік соғыстың ауыр кезеңіне тұстас келген жүдеу балалық шағы «Қоңыр күз еді» повесінің басты кейіпкерлері Қасымның, Қомшабайдың, Алтынның балалық шақтарына ұқсас еді. Демек, жанкешті еңбектен туындаған айтулы шығарма жазушы өмірінің айнасы. .....Зейнолла Қабдолов Қалижан Ысқақовтың «Қоңыр күз еді» повесі туралы өз пікірінде, шығарманың терең философиялық мәнін, әсіресе адамның ішкі дүниесіндегі ізденістер мен өмірдің өткіншілігін түсіну мәселелерін ерекше атап өткен. Қабдоловтың айтуынша, бұл повесте адам өмірінің мәні мен уақыттың өтуі, өзгерістер мен қайшылықтар туралы күрделі сұрақтар көтерілген. Ол повесті:
1. Өмір мен уақыттың өткіншілігі туралы ойлар:
Қабдолов шығарманың негізгі идеясы ретінде өмірдің өткіншілігі мен уақыттың өтуі мәселесін ерекше атап өтеді. «Қоңыр күз еді» атауының өзі табиғаттың өзгеруі мен адамның өміріндегі өзгерістердің айқын символы болып табылады. Күз — өлім мен жоғалту кезеңі ретінде бейнеленіп, осы мағына арқылы өмірдің ұшқырлығы, адам тағдырының белгісіздігі көрсетіледі.
2. Адамның ішкі қайшылықтары мен ізденістері:
Қабдолов Қ. Ысқақовтың шығармасында адамның ішкі әлеміндегі қайшылықтар мен оның өмірдің мәнін іздеу жолындағы күресін сипаттайды. Жазушы бұл шығарманы жеке тұлғаның ізденісін, оның қоғам мен уақытқа қарсы күресін көрсету деп бағалайды. Адамдардың ішкі дағдарыстары, сенім мен күмәннің арасындағы күрес, өмірдің мәні туралы сұрақтар — повестің негізгі мәселелерінің бірі.
3. Табиғат пен адамның байланысы:
Қабдоловтың пікірінше, табиғаттың өзгерістері мен адамның ішкі әлеміндегі өзгерістер арасында тығыз байланыс бар. Табиғаттың күзгі кезеңі, оның қоңыр түстері — адамның өміріндегі қасірет, жоғалту, мұң мен үміттің кезеңін бейнелейді. Осылайша, жазушы Қ. Ысқақовтың шығармасында адамның тағдыры мен табиғаттың өзара қатынасының терең мәнін көрсететінін атап өтеді.
Қабдолов Қ. Ысқақовтың «Қоңыр күз еді» повесін терең ойланған, адам өмірінің мәні мен оның ішкі жан дүниесі туралы философиялық сұрақтарды қоюшы шығарма ретінде бағалаған. Оның пікірінше, бұл шығарма адамның өткінші өмірі, оның қоғамға, табиғатқа және өзінің ішкі дүниесіне деген қарым-қатынасы туралы ойланып, өз өмірін қайта бағалауға мәжбүрлейтін туынды.
35.«Бір шөкім бұлт» шығармасындағы ана бақытына жетудің қиындығынан мысал келтіріңіз
Әбіш Кекілбайұлы (6 желтоқсан 1939 жыл, Оңды ауылы, Маңғыстау облысы – 11 желтоқсан 2015 жыл, Астана) — Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері.
Қазақстан Республикасының алғашқы Мемлекеттік хатшысы (1996-2002), Парламент Сенатының депутаты (2002-2015).
Әбіш Кекілбайұлы Қазақстан Жоғарғы Кеңесіне екі рет, Мәжілісіне бір рет баламалы негізде депутат болып сайланады.
2015 жылдың 10 желтоқсан күні Әбіш Кекілбайұлы дүниеден озды.
Әбіш Кекілбаевтың «Бір шөкім бұлт» шығармасындағы автор афоризмдері
1. Мына жүзі қара көңіл жыртық үйдің туырлығындай неге желпілдеп келеді сонша?! Әдетте, кісі өз қайғысын, өз қуанышын түгел шолып, түгендей бағалай алмайтын шығар, сірә? /233-бет/
3. Күй тартқанда әлі қалыбына түсіп үлгермеген уыз адамның сынаптай сусыған елгезек сезімі бір сәт мағыналы арна тауып, жайдағы балалық албырттықтың бәрінен тыйылып, көрер көзге есейіп кететін. /236-237//
5. Жұрт өзінің бір-екі баласына шақшадай басы шарадай боп жүргенде, бүкіл бір ауылдың баласын тезге салу оңай дейсің бе? /243/
7. Басқадан бағы жанса да, әйелге келгенде бағы жанбады ғой. /261/
9. Тіра адам ет жақын, ниет жақыннан жылы сөз дәметсе, өлген адам ыстық көз жасын дәмететін шығар. /271/
11. Мына кең дүниені алшаңдап басып жүре алмасаң да, тірлігінен хабардар болып жатудың өзі бір ғанибет. /276/
13. Өз перзентінің жер басып жүргенін біле отырып, көз жұмарына шақырып келтіре алмаған ана қасіреті неткен зіл. /280/
15. Бүкіл бір ұрпақ алды қатты, бауыры сыз боп өсе ме? Тұрмыс тауқыметін ерте көрген, содан опық жеген бала ғана осылай өседі. /
Ə. КЕКІЛБАЕВТЫҢ «БІР ШӨКІМ БҰЛТ» ПОВЕСІНДЕГІ АҚҚАЙМАҚ БЕЙНЕСІ Ə.Кекілбаевтың прозасы өмір құбылыстарына, адам тағдырына ойлы көзбен, парасат пайыммен қарауға талпындырады, жетелейді. Өткен мен бүгінгінің ажырамас, диалектикалық бірлігін тереңірек түсінуге ықпал етеді. Əр шығармасын оқып отырып, өз өміріңнің картиналары көз алдыңда өтіп жатқандай күй кешесің. «Бір шөкім бұлт» – Кекілбаевтың тырнақ алды туындысы, алғашқы өзін танытқан қолтаңбасы, «алуан қырлы, сансыз жұмбақ сырлы, алымы мол, асуы көп жанрдағы тұңғыш балаң дүниесі». Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл өмірі қиян бір шеттегі қазақ ауылы өмірі, қазақ əйелдерінің,қарттар мен мүгедектердің құм қойнауындағы жанқиярлық тіршілігін жазушының «Бір шөкім бұлт» хикясынан көреміз. Талантты жазушы шығармашылық жолының бастау шағынан-ақ, əдебиеттегі белең алған өмір көріністерінің сұрқай жағын суреттеуден гөрі, жүрек жылуы мол, жанашыр қайырымы мен рақым-шапағаттары сатусыз келетін жандардың тірішілігін бейнелеуді мақсат тұтқан [1, 242 б.]. Кекілбаев əңгімелері көбіне ежелгі аңыз-əңгімелер мен халықтың басынан өткен тарихи оқиғаларға құрылып, өмірде бар прототип арқылы беріледі. Сондай шығармасының бірі «Бір шөкім бұлт». Бұл шағын ғана повесть алғаш рет 1964 жылы «Лениншіл жас» газетінде жарияланып, кейіннен «Бір шөкім бұлт» атты алғашқы прозалық жинағы болып 1966 жылы жарық көрген. Сағат Əшімбаев «Салиқалы сөз, соны іс» мақаласында: «Жинақтағы басты тұлға соғыс жылдарындағы оқиғалар негізінде жазылған. Оның обьектісінде, яғни тақырыптық шеңберінде қиын-қыстау, қысылшаң шақ, кірпіктеріне қан қатқан алапат соғыс уақытысындағы шалғай шеттегі қарапайым қазақ аулының өмір шындықтары адамдар арасындағы достық қарым-қатынас, бауырмалдық, жарқын қасиеттер сөз болады. Анығырақ айтсақ, қотандағы қойларықатаржамырап, иттеріне дейінырылдаспаған. Повестің бір ерекшелігі қарапайымдылығында, жай емес, көркем қарапайымдылғында» [2, 206 б.]. Шындығында шығарма арасына сыймай жатқан дау-дамай, талас-тартыс, шытырман шиеленіс, конфликт жоқ. Оқиға біртіндеп дамып өрбиді. Оқиға дамуында ойға орамсыз, логикаға қайшы жəйттер бой көрсетпейді. Повестке 137 өзек болған сюжеттік ситуация өмір шындығынан алынған. Композициялық құрылымындағы ішкі-сыртқы гормониялық тұтастық толықтай сақталған. Расымен де повесть түсінікті, оқырманның оқуына жеңіл. Автордың негізгі идеясы – бір шөкім бұлттай шағын отбасының соғыс салған жарадан кейінгі тағдырлары реалистікпен суреттелген. Соғысқа кеткен əке, арқа сүйер азамат, жар, бала. Олардың қайта оралмауы. Ауылға келген қара қағаздың кейіпкерлер көңіліне қаяу салуы, бəрі де адамға психологиялық түрде əсер етеді. Мүмкін, бұнда талан-тараж, алауыздық, атыс-шабуыл мен талас-тартыс жоқ та шығар. Бірақ, ананың, баланың көңіліне түскен сызат, қаяу бұлардан асып түсетіндей. «Жаңылсын Түсіптің «Ожаннан қара қағаз келді» дегенде, көзі ұясынан шығып кете жаздап, көзіне жас та ала алмады. «Соғыстың өлімі осылай тосын келіп, тосын күйретіп кетеді екен. Жаңылсын осыдан қайтып, көңілі əбден жығылып, бір жола жүнжіп кетті. Қазір отыра қап ойға батады. Ауылға келген қара қағазды санап отырса, аман-есен елге оралды-ау дейтін азамат тіптен аз. Түтін түтеткеннің қара қағаз алмағаны кем де кем. Сонда күні кеше Қаратау жаңғырыққанша қарқылдап күліп, алшаң басып жүрген азаматтарсыз мына тірлік не болмақ? Хиссаның алып жалмауыздары да бұнша басты жұтпаған шығар? Сонда бұл не қылған апат?» [3]. Бұл хабар, Жаңылсынды күндіз күлкісінен, түнде ұйқысынан айырып, ақыры өлімге апарды. Осыдан кейін де қабырға қайыстырар трагедиялық өткір драмалық шиеленіске толы өмір эпизодтары көз алдыңнан өтіп жатады. Бұл тек Жаңылсынның басына түскен тауқымет емес, бүкіл ауылды азаматынан айырған зұлмат соғыстың тауқыметі. Шығармадағы Аққаймақ пен Шайзаданың өзіндік ішкі жан дүниелері, мінез ерекшеліктерін, сыртқы бітім-болмыстарын қазақ əйелдеріне тəн парасат пен пайымды, төзімділікті, ақылдылық пен ұятты ұялатқан ары таза жандар бейнесін берудегі жазушы шеберлігі тым өзгеше. Аққаймақ мектеп бітіріп, бой жетеді. Мектепте мұғалім болып, қызмет етеді. Қалаға оқуға кеткен ғашығы Қаржауды, оқудан əрі соғысқа алып кеткен. Əкесінен айырылып, жетімдіктің дəмін татқан Аққаймақты тағдыр аямайды, соғыс енді Қаржауды да мерт қылады. «Капитан Қаржау Құттымов Отан үшін аса пайдалы қиын тапсырманы орындап, ерлікпен қаза тапты» – деген қара қағаз Аққаймақтың қолына да жетеді. «Қаржау өмірі келте ғұмырдай шолтаң еткен жалғыз сөйлем болып ауылға жетті. Ал, осы шын мəнінде 1945 жылы 7 майда Берлиндегі aқырғы ұрыстардың бірінде штабқа кетіп бара жатқан жерінде қарсы алдынан тақылдай жөнелген пулемет оғынан шөк етіп отыра кеткенде Қаржаудан қан-қан қып санитарлар жерден көтеріп алған сəтте таусылған екен...» [3]. Аққаймақ қатал тағдырдың қатыгездігіне бас имеген өршіл мінезді, өмірге барынша ғашық оптимист жан. Повестегі Шайзаданың нұрлы бейнесі де оқушы ойында «жаулығы қарқарадай» болып қалары сөзсіз. «Шайзаданың түсіне жаман түс кіреді. «Бұл қара қабақтың желкесінде тезек теріп жүр екен. Бір төбеден қылт етіп əлі танкі деген пəлесі шыға келді. Көрген бойда соңынан салып берді. Өзінде үн жоқ. 138 Астындағы ирелеңдеген темірі буыршын түйенің тіс қайрағанындай шықыршықыр етеді. Жетіп қалды. Енді құтыла алмайтын болған соң бұл етпетінен түсіп жата кетті. Танкісі тоқтар емес. Бұнның сүйек-сүйегін сытырлата сындырып жон арқасына шығып барады. Баж ете қалды. Шошынып оянды» [3]. Байқайсыз ба, сұрапыл соғыс тіпті адамның миына кіріп, улап, одан түсінде көріп, шошып оянардай жағдайға жеткізеді. Сонымен бірге Тағы бір мысал: аулыдың ақсақалдары соғыста қаза тапқан ауыл азаматтарын еске алып: «Атамекен», ата-су болатыны сияқты, ата қауым да болады екен. Күні кеше соғыста өлгендер жарық дүниемен қоштасып жатқанда, кімнің көз алдына не елестеп, əркім өзі үшін ең аяулы нəрсені еске алғанда, біздің ауылдың талай жігітінің көз алдына тап сол жермен-жексен ескі мола көрініп, «Дүние-ай, соның кебір топырағына да жеткізбедің-ау», – деп налымағанына кім кепіл, тірі адам ет жақын, ниет жақынынан жылы сөз дəметсе, өлген адам ыстық көз жасын дəмететін шығар», – деген ақсақалдардың жоқтауы соғыстың кесірі. Егер, осы соғыс болмаса, ауыл қарттары боздақтарын, азаматтарын жоқтап, еңірер ме еді? Қу соғысқа қарғыс айтқаннан басқа қолдан келер шара жоқ. Қанша жерден барлық қиыншылық атаулыны тағдыр тартысы, заманның зұлматына жатқызсақ та, қаламгер Кекілбаев кейіпкерлерінің бойында адалдықтық, парасаттылықты, тазалықты əдемі сақтап жазған. Олардың ешқайсысын ластамаған. Кейіпкерлерінің бəрі таза. Жеңісті жақындату үшін бар күш жігерін аямайды. Сексеннен асқан сіңір қара шал Досан ауыл тіршілігін танбай істеп, көпке көмектесіп, соғысқа кеткен баласын зарығып күтіп отырмай, еңбек етуі, соғыс басталғалы ылғи қиын жұмыста жүріп қалған Шайзаданың əуелі колхоз орталығындағы күйбең-күйбең жұмысты мүсе тұтпай, Ержанмен бірге соқаның басын ұстап жер жыртуы, Орскіге етке қой айдап баруы, Оңдыға бір ай егін суаруы, Аққуыс-Шөжікке үш ай пішен шаба барғаны əйел адамының үлкен ерлігі. Аққаймақтың мектепте оқушыларға сабақ беріп, одан қалды екі үйдің шаруасы, соғыстағыларға анасымен қолғап, киімдер тоқып салып жіберетіні шығарма кейіпкерлеріне адами құндылықтарды жинақтай білуі жазушының шеберлігі. «Бір шөкімбұлт», «Бір түпжиде», «Бір уыс топырақ» бұлардың барлығының «бір шөкім, бір түп, бір уыс» болып аталуының өз мəнісі бар сияқты. Мүмкін, кішкентай аз нəрсенің қадіріні біл деп, адамаға ғибрат беріп жатқан шығар. Көптің қадіріне жету үшін аздың қадірін білу керек дегендей. Шығармада тақырыптың болмысын ашатын мынадай үзінді бар: «Дөң үсті құрғақ еді. Ойда кешелі-бұрын жауын болыпты. Күшті қара нөсер құйып өткен-ау. Қарғын жүріп, жол бойын тіліп тастапты. Аспанның да жақында ғана ашылған түрі бар. Манадан бері шоқы-шоқының арасынан шеті қылтиып тұрған шөкім-шөкім бұлттар түс ауа ыдырап көше бастады. Алдарындағы шидің ішіндегі төрт-бес үйлі кішкене ауылдың үстінен де бір көлеңке бері жылжып келеді.Аққаймақтың екі көзі шеткі үйде. Көлеңкеде төрт-бес баланың ортасында Тайбағар отыр. Қолында гармоны. Əлгі жылжып келе жатқан 139 көлеңке бұған да жетті. Айнала ап-ашық. Тек бұның үстінде ғана бір шөкім бұлт тұр. Əлгі жылжып Аққаймақтың үстіне төнген бір шөкім бұлт əр түрлі сыр шертетін тəрізді» [3]. Кемпірқосақ тек жауыннан кейін шығатынын ұмытпа. Аққаймақтың басына төнген бір шөкім ғана бұлт ұзақ тұрмайды. Ол көшпелі. Одан кейін аспанда қанша жауын жауып, қанша бұлттар көшіп, қанша ашық аспаннан сəулелі күн шығары белгілі. Сондықтан бір жамандықтың да артында бір жақсылығы болатынын еске салғандай. Автор повестің басында: «Анау бір жылдары маңдайымыздан сипаған мейірбан жеңгелер, бұны сіздерге еншіледім. Əлі күнге көңілімнің бір түкпірінен сығалап тұрған, жадау иін, жыртық өкпе болсаң да, айрықша аяулы балалық шағым, бұл – саған ескерткіш», – деп жазуы бекер емес. Себебі, шығармадағы кейіпкерлер өмірде болған адамдар, адам басынан өткен замана шындығы. «Бір шөкім бұлт» – бұл символды ұғым. Сұңғыла суреткер көктің бетіндегі ақбауыр бұлттың мəніне барып, оның бір үзігін адам тағдырымен байланыстыра отырып, бір адамның басындағы қасірет арқылы мыңның басынан өткен тағдырды меңзейді. Жазушының «Бір уыс топырақ», «Бір шөкім бұлт» дейтін кітаптарының өзі халықтық дүниетанымның айқын сипаты болып табылады. «Бір шөкім бұлт» – Ұлы Отан соғысы атты зұлматтың əр əйелдің басына түскен ауыр қасіреттің бір ғана сипаты болса, «Бір уыс топырақ» қан майданда қан кешіп, бір уыс туған топырағы бұйырмаған есіл ерлерге қаламгердің көз майын тауысқан қара сөзінің құдіретімен салынған бір уыс топырақты меңзейді. Жазушының «Бір шөкім бұлт» əңгімесі өзінің атауынан бастап-ақ, образды ойға, терең тағлымға құрылғандығы аңғарылады. Шығарма оқиғасы Ұлы Отан соғысы тұсындағы тылдағы ауыл өмірінің тыныс-тіршілігін танытып, сол заманның шындығын бүгінгі оқырманның көз алдына мөлдіретіп əкеледі. Жас өскін балалық шағын соғыс зұлматы ұрлаған көп баланың бірі ретінде суреткердің де бұл тақырыпқа баруы тегін емес. Себебі, қалам тартқан алғашқы шақтарындасол санасына салмақ түсірген, əлі өшпеген естелігін көркем дүниеге айналдырды. Сондай əйел, ана бейнесін сомдауда өзіндік айшығын танытты. Жазушы Жеңге образы арқылы қазақтың əйелге құрметі мен дəстүрлі санасын қайта жаңғыртқан. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ ауылының тұрмыс-тіршілігі мен түрлі адамдардың тағдырын көрсеткен. Айта кетерлік жайт, шығарманың кейіпкер атынан, бірінші жақтан баяндалуы «Бір шөкім бұлттың» лирикалық сипатын арттырса, екінші жағынан шығармадағы баяндалар оқиғаның өмір шындығымен тығыз байланысын танытады. Шығармадағы баяндау психологиялық пейзажбен қатар өріліп, баяндалып отырған кезеңмен оқырман арасын жақындата түседі. Соғыс кезіндегі тылдағы адамдардың басынан өтіп жатқан түрлі оқиғаларды кейіпкерінің ойы арқылы салмақтап, ауыр еңбек пен қайғы-қасіреттің салмағын көрсете отырып, адамдар арасындағы 140 кейбір пендеуи мінездердің де бір қырын ашып тастайды. Оқырман баяндалып отырған кезеңнің санаға салған салмағын безбендегенде жазушы кейіпкерінің қай-қайсына да кешіріммен, түсіністікпен қарайды. Қорыта айтқанда, жазушының əр шығармасында адам жанына рухани азық боларлық сөз құдіреті, оқырманына рухани сезім сыйлайтын сəттер мол.
36.Б.Кенжебаевтің «Өтелмеген парыз» мақаласындағы мәселелерден мысал келтіріңіз
Қазақ əдебиетінің тарихының күрделі кезеңі мен тұтас дəуірінің болмыс-бітімін тануда əр ғасырдың алар орыны айрықша болып табылады. Б.Кенжебаев ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетін зерттеуде орын алып отырған басты кемшіліктерді: «Бізде ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетін менсінбеушiлік, жете бағаламаушылық болды; кейбір даурықпалар ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиеті идеялық, көркемдік дəрежесі төмен, ескішіл, ұлтшыл əдебиет, тіпті ХХ ғасыр басында бізде шын мағынасындағы əдебиет болған жоқ десті. Осыдан ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетін зерттеп, бастыруға жете көңіл бөлінбеді» [1; 136], — деп көрсетті. Əсіресе өткен дəуір мұрасын бағалау мен зерттеудің əдіснамалық негіздерінің қателіктерін дұрыс көрсетіп, ақын-жазушылар дүниетанымындағы қайшылықтардың туындауына жете үңілу керектігін, əдебиеттің тұтас тарихын жазу, оған назардан тыс қалып келе жатқан қаламгерлердің барлығын да енгізу туралы келелі ойларын бүкпесіз жеткізді. Ғалым: «Дұрысында, тарихта болған, заманында өзінің шамасы келгенше қоғамдық, прогресшіл қызмет атқарып, əлеуметтік, мəдени, əдеби мəні бар азды-көпті шығармалар қалдырған ақын, жазушылардың бəрінің де аттары аталуға, қызметтері мен шығармалары көрсетілуге, зерттелуге тиісті; саяси жəне басқа үлкен қылмысы барлары болмаса, аттары аталмайтын, қызметтері мен шығармалары көрсетілмейтін ақын, жазушылар болмауға тиісті» [1; 146], — деген таза ғылыми жəне азаматтық ұстанымда болды. Сол арқылы ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетін кешенді зерттеу мəселесін күн тəртібіне өткір қойды. Зерттеуші пікірінің астарында Алаш қалам қайраткерлерінің де мұрасы ескерілуі тиіс деген емеурін жатқанын аңғарамыз. Өйткені ғалым өзінің «Өтелмеген парыз» [2] мақаласындағы елдікпен сабақтасып жатқан ойларынан, азаматтық ұстанымынан бір табан шегініс жасағаны жоқ. Əдебиетші Қ.Ергөбеков атап өткеніндей, «идеология жегіндісіне айналғысы келмеді. Саясаттан ғылым, ғылымнан саясат жасағысы келмеді» [2; 115]. 1959 жылғы əдебиеттану ғылымына арналған конференцияда Алаш арыстарының əдеби мұрасы мен шығармашылығы назардан тыс қалғанын, аталғанның өзінде қараланғанын айтар болсақ, тек Б.Кенжебаев қана М.Жұмабаев есімін ілтипатпен атады. А.Нұрқатовтың Ақан сері туралы жасаған баяндамасымен ой бөліскенде: «Ақан серінің шығармаларының жиналуына сын көзімен қарауы керек еді. Тіпті Ақан сері шығармаларын бірінші жинап бастырған М.Жұмабаевты да ескеруі керек еді» [1; 294], — деп дерек көздерін дұрыс игерудің ғылыми мəнін əдебиетшілер зердесіне құйды. Б.Кенжебаев ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетіндегі мынадай бағыттарды атайды: 1. Феодалдық-клерикалдық, буржуазиялық-либералдық бағыт (А.Мұхамедияров, Ə.Шоқанов, М.Қалтаев, Н.Наушабаев, М.Ж.Көпеев, Ш.Жəңгіров). 2. Демократиялық-ағартушылық бағыт (М.Сералин, С.Торайғыров, Ə.Тəңірбергенов, С.Көбеев, С.Дөнентаев, Б.Өтетілеуов, Ə.Ғалымов) [1; 138–140]. Бұл ретте ғалымның қазақ əдебиеті тарихын зерттеуін диссертациялық еңбегінде арнайы қарастырған Д.Сартбаеваның «Профессор Б.Кенжебаев жүйелеуінде «қайтсем ақын-жазушыларды ақтап алам» деген мақсат бар. Сондықтан да ХХ ғасыр басында өмір сүрген ақын-жазушылардың бір шоғырын біресе «клерикалдық-феодалдық», біресе «буржуазиялық» деп, ақыр соңында «ағартушы XX ғасыр басындағы… Серия «Филология». № 2(66)/2012 111 ақын-жазушылар» деп эволюциялық тұрғыдан ұғымды жетілдіріп, өсіріп отырады. Бұл — ХХ ғасыр басындағы ақын-жазушыларды біртіндеп ақтап алып, əдебиет тарихына енгізу амалында жүрген ғалым əрекеті» [1; 14] деген пікірімен толығымен келісуге болады. Онсыз да саясат қысымы ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетінің тарихын тұтастықта зерттеуге жол бермеген еді. Сондықтан да Б.Кенжебаев ХХ ғасыр басындағы əдебиет тарихына өзі енгізген өкілдерін қорғап қалуға бар күшжігерін жұмсады. Ғалымның ұлт əдебиетінің мақсат-мүддесін көздеген көзқарасын Ə.Қоңыратбаев та қолдады. Ғылыми-зерттеушілік ізденістегі таяздықтардан арылуды: «Кейбір ғалымдарымыздың сөзінен олардың өмірді, тарихты аз білетіні байқалды. Бізде бір кезде өткеннің барлық мұрасын байларға сыбағалап беріп, халықтан түк жаратылмады дейтін əдет болды. Міне, осы догматикадан біз құтылуымыз керек» [1; 244], — деп нұсқай отырып, көркем өнердің ғана емес, тарихтың жаратушысы да халық екенін мойындауымыз керек деп түйді. ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиеті тарихының мəселелеріне қатысты өз пікірін білдіргенде, Н.Наушабаев, М.Ж.Көпеев, Ғ.Қарашев, Əбубəкір Кердер, Балқы Базар, Ш.Бөкеев шығармашылығына жете көңіл бөлінбей отырғанын орынды ескертті. М.Ж.Көпеевтің саяси-əлеуметтік лирикасына талдау жасап, басты тақырыптар — ұлт, жер мəселесі болғанын ғылыми тұрғыда екшеді.
Б.Кенжебаевтің «Өтелмеген парыз» мақаласы — қазақ әдебиетінің көкейкесті мәселелерін көтеретін шығармалардың бірі. Бұл мақалада Б.Кенжебаев қазақ әдебиетінің, оның ішінде әдебиеттің қоғамдық және рухани маңызын түсіндіре отырып, бірқатар маңызды мәселелерді көтереді. Мақалада әдебиеттің халық өміріндегі рөлі, оның ұлттық құндылықтарды сақтау мен дамытудағы орны, сондай-ақ жазушылардың қоғам алдындағы жауапкершіліктері туралы терең ойлар айтылады.
Мақаладағы басты мәселелерден мысалдар:
1. Ұлттық әдебиеттің тағдыры және парыз: Б.Кенжебаев мақаласында қазақ әдебиетінің алдында тұрған үлкен міндет — ұлттық мұраны сақтап, оны келер ұрпаққа жеткізу екенін атап өтеді. Ол жазушылардың осы жолда ұлттық мүдде тұрғысынан жауапкершілік танытып, әдебиеттегі өз ісін адал атқаруы керектігін айтады. Ол қазақ әдебиетінің өкілдеріне қоғамның, ұлттың алдында тұрған үлкен парыздарды өтеп, шығармашылық жұмыстарын елдің мүддесіне қызмет етуге арнауы қажет екенін ескертеді.
Мысал: "Жазушылардың алдында тұрған парыз — ұлттың рухани болмысын сақтау және оны дүниеге таныту. Әдебиет халықтың жүрегінде, жан дүниесінде өмір сүреді."
2. Әдебиеттің қоғамдағы рөлі: Кенжебаевтың айтуынша, әдебиет — бұл тек көркем өнер ғана емес, ол қоғамды тәрбиелейтін, қалыптастыратын күш. Әдебиет, оның пікірінше, ұлттық мәдениет пен дәстүрді сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін қуатты құрал болып табылады. Ол қоғамның моральдық және рухани жақтарын жаңартуға әсер етуі тиіс.
Мысал: "Әдебиет — ұлттың рухани тірегі, оның мәдени мұрасының мәйегі, әдебиет арқылы халықтың келешекке деген сенімі қалыптасады."
3. Жазушылардың қоғамдық жауапкершілігі: Мақалада жазушылардың қоғам алдындағы жауапкершілігі туралы айтылады. Б.Кенжебаев әр жазушының өз шығармалары арқылы қоғамды ойландырып, оны жоғары рухани мұраттарға жетелейтінін атап өтеді. Әдебиет өкілдері қоғамға әділеттілік, адалдық, адамгершілік сияқты құндылықтарды насихаттап, өз шығармалары арқылы жастарды тәрбиелеуі керек.
Мысал: "Жазушының шығармасы оның қоғам алдындағы жауапкершілігінің айнасы болуға тиіс. Олардың туындылары жастарды тәрбиелеп, ұлттың бойында рухани құндылықтарды қалыптастыруы керек."
4. Әдебиеттің тәрбиелік мәні: Б.Кенжебаев мақаласында әдебиеттің тәрбиелік мәнін ерекше атап өтеді. Ол әдеби шығармалардың жас ұрпақтың санасын оятып, олардың өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастыруы керек деп санайды. Әдебиет адамның жүрегіне терең әсер етіп, оның рухани өсуіне ықпал етуі қажет.
Мысал: "Әдебиет — бұл тек қана өнер емес, ол жастардың тәрбие құралы, олардың дүниетанымын кеңейтетін күш."
Б.Кенжебаевтің «Өтелмеген парыз» мақаласында көтерілген мәселелер әдебиет пен жазушылардың қоғам алдындағы үлкен жауапкершілігін көрсетеді. Ол ұлттық әдебиеттің сақталуы мен дамуы, жазушылардың қоғам алдындағы парызын өтеуі, сондай-ақ әдебиеттің тәрбиелік және ағартушылық рөлі туралы терең ойлар айтып, қазақ әдебиетінің болашағын жарқын ету жолында маңызды идеяларды ұсынады.
37.С.Мәуленов «Ақ түн әлемнің аппақ адал нұры» тармағынан мысал келтіріңіз
Қазақ әдебиетінің рухани кемелденуіне өзіндік қолтаңбасымен келген үлкен тіректі тұлғаның бірі -Сырбай Мәуленов.Оның қаламынан туған өлең өрнектері өміршеңдігімен құнды. Ол өмірдің ащы шындығын көріп келіп,адамдық болмыстың бүкіл тұңғиығына өзінің көркемдік нақты тәжірибесі арқылы көз жеткізіп келген ақын.
Сырбай қазақ поэзиясында оқырманды нағыз сыршыл сезімімен де , ойымен де, көркемдік бейнесімен де бірден баурап алатын шынайы поэзияның орнығуына ықпал ете білген ақын.
Ол қазақ өлеңін көпсөзділіктен арылтып, көлемі шағын, ойға, сезімге бай, суретке толы, мазмұнды лирика жасау жолын көрсетті.
Сырбай өз заманының көп ізденгіш, ой-өрісі кең, көзі қырағы ақыны болды. Ол үшін жер бетіндегі тіршіліктің бәрі маңызды болды. Оның өлеңдерінің тақырыбы да, мазмұны да бай. Ақын көргені мен білгенін ұшқыр қиялымен әрлеп, ой елегінен өткізіп, жанды суретке айналдырады. Оларды шындықтың өзі деп қабылдау аз. Ондай өлеңдерден жалт еткен сезім күйін, найзағайдай жарқ еткен көңіл әсерін, жазғы шықтай немесе көз жасынан үзіліп түскен тамшыдай мөлдірлік танылады.
....Шатырлап аспан шарт сынып,
Лақтырды жерге ақ сырық.
Ақ сырық тағы шарт сынып,
Кемпірқосақ тартылды.
Жер мен көкті қапсырып,... – деп көктем табиғатының ғажайып бір құбылысын осылай суреттейді. Өмірдің өз суретінен де әдемі, тапқыр айтылған. Ақындық сөздің құдіреті байқалады.
...Қып-қызыл боп тұтылып,
Бұлтқа кірді азалы ай.
Қара аспанда қанжардай
Жарқылдайды найзағай... - бұл соғыс шындығынан алынған өлең сөздері . Аза тартып, қызарып барып батқан айдың артынан аспанды торлаған оқ суреттерін ақын осылай бейнелейді.
Сырбайдың өмір суреттерін бояулардан тануы ғажап құбылыс деп ойлаймын. «Ақ түн» – осы жолдағы ақын ізденісінің басы. Онда суреттелетін Ленинградтың ақ түні ол үшін аппақ нұрындай елестейді.
...Ақ түн -
Әлемнің аппақ адал нұры,
Ақ түн
Қуады қуыстардан
Көлеңке,
Қараңғыны.
Ақ түн -
Жеткен талай жыл болдырып,
Аталардың ақ арманы.
Ақ түнді - ақ арманды
Тұр қондырып:
Ленинград алаңдары,
Нева аралдары,
Кронштадт қамалдар,
Смольный жалаулары. Өлең тек түр жаңалығын қуып кетпейді, онда күшті мазмұн, рух бар. Ол сол «ақ түнді – ақ арманды қондырып тұрған Ленинград алаңдарын, Нева аралдары, Кронштад қамалдары, Смольный жалаулары» деген сөздерімен өз заманының идеясын да терең жеткізеді.
С.С. Мәуленовтің «Ақ түн әлемнің аппақ адал нұры» тармағынан алынған үзінді — поэзияның терең мағыналық және философиялық аспектілерін ашады. Бұл тармақтың ішкі мазмұнын талдағанда, ақ түн, аппақ адал нұр сынды бейнелі сөздер арқылы ақиқат, адалдық, таза көңіл және шынайылық мәселелері көтеріліп отырғанын көруге болады.
Үзіндіден мысал:
«Ақ түн әлемнің аппақ адал нұры»
Талдау:
1. Ақ түннің символикасы: Ақ түн — бұл поэзияда күрделі метафора ретінде қолданылған. Түннің өзіне тән қараңғылық бола тұра, ақ түс арқылы оның тазалығын, жарыққа деген ұмтылысын көрсетеді. Ақ түн — бұл тек табиғаттың бір күйі емес, сонымен бірге адамның ішкі әлемі мен оның рухани ізденісінің белгісі. Әдетте, түн қараңғылықпен ассоциацияланса, ақ түстің қосылуы бұл бейненің терең философиялық мағынаға ие екенін білдіреді. Ақ түн — түннің ең тазарған, таза сәті. Мұнда өмірдің қараңғылығынан шығу, адами тазалық пен шынайылыққа ұмтылу мәселесі сөз болады.
2. Аппақ адал нұр: «Аппақ адал нұр» тіркесі де ақиқаттың, адалдықтың, шындықтың символы ретінде көрінеді. Поэзияда «нұр» сөзі көбінесе жақсылықтың, жарықтың, әділеттіліктің, ізгілік пен таза жүректің бейнесі ретінде қабылданады. Бұл бейне адам жанындағы жарыққа, яғни, оның рухани ақиқатқа деген ұмтылысын білдіреді. «Адал нұр» — бұл тек сыртқы жарық ғана емес, адамның ішкі әлеміндегі рухани күштің, ізгілік пен әділеттің нұры.
3. Философиялық мағына: Бұл тармақтың философиялық мәні де терең. Ақ түн мен аппақ адал нұр бейнесі адам өмірінің, оның тіршілігінің мәнін іздеуге деген ұмтылысынан туған. Ақ түн — өмірдің қиын кезеңдерінен өтіп, өз жолын табуға тырысқан адамның сезімдерін білдіреді. Ал аппақ адал нұр — сол жолдың соңындағы таза шындық, әділет және адамгершілік, яғни, адам ішкі дүниесінде орын алған ізгілік пен шынайылық.
4. Поэтикалық құрылым: Поэтикалық құрылым тұрғысынан бұл тармақтың ерекшелігі — айқын бейнелі сөздерді қолдану арқылы терең мағынаны жеткізу. «Ақ түн» мен «аппақ адал нұр» — бұл нақты табиғи құбылыстардың бейнесі ғана емес, олар арқылы адам болмысының асыл, адал жағын, таза ақиқатқа ұмтылысын көрсетуге бағытталған.
С.Мәуленовтің «Ақ түн әлемнің аппақ адал нұры» тармағы — поэзиядағы символизм мен метафораның күшті қолданылған мысалы. Бұл тармақта ақиқат, адалдық, шындық пен ізгілік сияқты абстрактылы ұғымдар табиғаттың бейнелері арқылы сипатталады. Ақ түн мен аппақ адал нұр — тек табиғи құбылыстардың бейнесі ғана емес, олар адам ішіндегі ізгілікке, адамның рухани ізденістеріне қатысты терең философиялық сұрақтарды көтереді.
38.Ә.Қоңыратбаевтің «Әдебиетті оқыту методикасы» еңбегінен мысалдар жазыңыз
Таппадым
39.Қ.Жұмалиевтің «Қазақ әдебиетінің мәселелері және Абай поэзиясының тілі» зерттеуіндегі Абай өлеңдеріндегі көркемдің құралдарды талдауынан мысал келтіріңіз
Ақындық тіл (Абай)
Абай Құнанбаев екі сөзінің бірінде тіл табиғатын толғанады.
Көркем әдебиеттің тілден шыңдалатынын білетін зерек зергер сол тілдің халықтығын, құнарлылығын, дәмділігін, бейнелілігін уағыздайды... Қазақ топырағында «мақсатым тіл ұстартып, өнер шашпақ, наданның көзін қойып, көңілін ашпақ» деп мұрат меңзейді... Абай әдебиеттің төркіні халықта екенін өзінен бұрынғы ақындардан да жақсы білген. Сол себепті ол кітаби орамдарға, сырты сұлу сылдыр сөздерге бармай, ойлы оралым, жанды сөз жасаған. Поэзия сырын «қуатты ойдан бас қурап, еркеленіп шығар сөз» деп түйген Абай шымырлық пен сұлулықты тамаша ұластырады. Әдебиет, ең алдымен, сөздің тарихи төркінінен, өсу, өзгеру қалпынан, қилы ұғымынан құралады. Үнділік, шырайлылық, дәмділік бұл тілдің көркемдік қуатын арттырып, әсерлілігін күшейтеді. Тіл де, сөз де - халықтікі. Сөйте тұра, «пәленшенің тілі бай» дейміз. «Мынау түгеншенің сөзі ғой» деп тани кетеміз. Осының сыры неде? Әдебиетте жанды сөз бар да, жансыз сөз жоқ. Жанды сөз, ең алдымен, автордың табиғатына, болмысына тәуелді. Шығарманың текстінен әр түрлі әсер алатынымыз сондықтан. С. Торайғыров «Сезімнің сыртқа шықпас түсі бар ма, оны жасырар адамның күші бар ма!» дегенде жеке тәжірибені ғылыми шындыққа ұластыра айтқан-ды. Одан көп бұрын Абай «шымырлап бойға жайылатын» сөздің астарын: «Білгенге маржан, білмеске арзан» деп мәтелдегенді.
Жазушының жаны сөз шырайынан көрініп тұрмақ. Сөздің бетіне шыққан шырай жүрек қанының қызуы болмай, жасанды бояу болса, ондай сөз иесі суреткер санатына қосылмақ емес. Тез оңатын әсіре қызылға барабар болмақ. Сұлулық боямалық емес екенін осы күні екінің бірі біледі. «Бұнда жоқ алтын иек, сара ала қыз» деп Әріптің қиссасын шенегенде, білімдар Абай қазақ топырағында азды-көпті өріс алған желбуаздықты меңзеген. Шынайылық табиғилықта, қарапайымдылықта болса, сол шынайылықтың өзі құдірет. Рас, пенде бір қалыпта тұрмайды. Құлпырады, қуарады; шалқиды, сазарады; күледі, күрсінеді. Соның бәрінде шынайылық жататыны және шындық. Олай болса, көңіл құбылыстарының сөз жанарына тебуі дарынның сипатын танытпақ... Сөз шырайы - құрғақ қиялдың емес, тірі өмірдің бетке шыққан шырайы. Құнарлы ойдың, асыл сезімнің, биік сананың серпіні бір күнмен, бір жылмен шектелмей ұзаққа бойлағанда, ұрпақтан ұрпаққа ауысқанда, көзге ілікпес құдірет «сөз» деген ұғымда жатпақ. Олай болса, тіл өнеріне жүрдім-бардым қарау - қағылмас қырсық. Күнәсіз қағазға күнәсіз ой құйылсын. Шалажансар емес, ұзақ жасайтын сөздер екшелсін. Табиғаттай құлпырса да, табиғаттай қайталанбайтын, қызығы мен қайғысы, қуанышы мен өкініші көңілге қона кететін сөз құдіретін туындату - Абай салған дәстүр. Тамырлы ырыс, негізді несібе.
«Ескілік киімі» туралы тамаша өлең толғаған, кісінің біз білмейтін «дәндәкуін» тірілткен Абай халықтық әдеби тілге келгенде, архаизмге жол бермей, ұзақ жасайтын өміршең сөз туындатады. Нәшірияты жоқ сахарада профессионалдық әдебиеттің нұсқасын таратады. Бұл - Абай өзінің қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы классик ақын екенін білді, тым құрымаса, кәміл сезінді деген сөз. Халықтың өзіндей ұзақ жасайтын тілдің дәуірден дәуірге байланысты байып, екшеліп, көзге ілікпес өзгеріске ұшырап тұратыны белгілі. Сансыз ғасырдың шындығын шежіредей сақтап, ұрпақты ұрпаққа жалғастыратын тіл жалқының емес, жалпының үлесіне жатады. Оның құнарлы қуаты әркімге әр дәрежеде дариды. Бұған болмыстың, ортаның, тәрбиенің ерекшелігі әсер етеді... Қоғам мүшелерінің сөз байлығы, ұғым мөлшері, талғампаздығы әр түрлі болғанымен, тілдің заңы тұтас. Бұл заң, Абайша айтқанда, «сөз арасын бөтен сөзбен» былғауды көтермейді. Тілден нәрлілікті, бейнелілікті, жатықтықты талап етеді. Тілдің заңын халық тудырған. Сөйте тұра, ұлт ішінде әр қауымның өзіне тән нақыштары бар. Шаруаның, жүмысшының, зиялының тілін ажырату қиын емес. Осының себебі неде? Біздіңше, өскен ортаның, санаға сіңген тәлім-тәрбиенің әсерінен туған ұғым аумағында. Буған сөз атауының ағымдағы тіршілікке қажеттілігі қосылады. Мысалға дипломатиялық тілді алсақ, өз маңайында, өз дәстүрінде, өз нәшінде мәдениетті саналатын бүл тіл қоңырқай жұрттың кәдесіне аспайды. Осыған қарап дипломатиялық орамдылықты, ойнақылықты, тапқырлықты, тосын терминдерді өмірден аластау және мүмкін емес. «Қалауын тапса жанатын қардың» тамызығы көп. Осының әммәсі халықтық тілге сыймаса да ұлттық тілдің үлесіне жатады. Халықтық ақын мен ұлттық ақынның бір емесі сияқты, халықтық тіл мен ұлттық тіл бір шеңберлі, бір сипатты емес. Бұл екеуі жалқы емес, жалпы; сыңар емес, егіз. Тұтастығы бірін-бірі жатырқамауында, ымы-жымының бірлігінде. Халықтың тілінен құнарланатын ұлттың тілі қабылдампаз. Осыдан барып оның сөздік қоры да мол. Ағылшын әдебиетінде Джордж Ноэл Гордон Байрон мен Р. Бернестің, орыс әдебиетінде Александр Сергеевич Пушкин мен А. Кольцовтың аумақтық орны бірдей емес. Бастапқылары ұлттық ақынға жатса, соңғылары халықтық ақынға жатады. Абай болса, әрі халықтық, әрі ұлттық ақын. Одан бұрынғы Махамбет, мыс., түгелдей халықтық ақынға жатады. Майлықожаның кейбір шығармалары да халықтық сипатқа ие.
Ел тағдыры, талайы осылай болғандықтан, Абай халықтық шығармасында халық сөзін көп қолданады да, өзінің ой-өрісіне келгенде тосын сөздерді жатырқамайды, бөгде жұрттың сөзін жымдастырып жіберуге шейін барады. «Махаббат пен ғадауаттар», «тілі ащы мен здравомыслящийлер» осындайдан туған. Ой-өрісі кең, ұғымы терең, талғамы биік Абай төл туындысында тосын да тың, берекелі айшықтар жасайды. Бірде «соқтықпалы соқпақсыз жерде өстім, етек басты көп көрдім елден бірақ» деп жұмбақтаса, енді бірде: «Өзіңде бармен көзге ұрып, озамын деме өзгеден, күндестігін қоздырып, пәлеге қалма езбеден» деп, нақылдың тосқындығымен, «көзге ұрыптың» қиын шешуімен таңдандырады. Осыған сәйкес, мазмұн мен түрдің ішкі қайшылығы тілге де түгелдей ортақ екенін айта кету ләзім. Әдетте, әсершіл келетін қарапайым жанның өз әсерін жеткізіп айта алмайтыны, сыңғырлы сөзге шебер зиялысы мақтардың төл ойдан қағажу қалатындығы осыны сипаттайды. Бұны Абай: «Ғашықтың тілі - тілсіз тіл, көзбен көр де, ішпен біл» деп те тұжырымдайды...
Қажетсіз сөздің өзінен өзі шығып қалатыны, ділгер сөздің жаңадан туындайтыны даусыз. Абайдың «өжеттісіңін» қазір ешкім қолданбайды. «Батуы» да («батым» дегені) сол жалқы күйінде өмір сүреді. Осы сыңардың егізі Абайдың басқа бір өлеңінде «Кей құрбы бүгін тату, ертең бату» түрінде бой көрсетеді. Осы секілді оның «қулық пен құбылдан жалықсаң, жақсы жансыңдар» деуінде де өте-мөте сирек орайға тән сөз қолданысы жатыр. Қазақ «құбылдан» деп айтпайды. Бірақ «құбылу» бар, «құбыл» бар. Ендеше, «құбылдан» Абайдың осыдан шығарып алған жалқы еншісі. Осы тәріздес, «Түзелмесе шұғылдан» деген жолдағы соңғы сөз «шұғылдану» емес, «кенеттен» деген мағына береді.Ығыты келіп тұрғанда айта кету керек, үш ұйықтасаң түсіңе кірмейтін өте-мөте тосын сөздер, атаулар, тіркестер прозаиктен гөрі ақында көп болады. Бұны бедерлі бейне мен ұйтқыған ұйқас тудырады. Ақын Абайдың түбірін тұтас сақтамай, жаңа сөз жасап жіберуінде осындай сыр бар. Бұндай тосындық прозаик Абайда мүлдем кездеспейді. Асылы, ақын, жазушыда (ақында көбірек, жазушыда азырақ) дербес тексте ғана өмір сүрерлік тосын сөздер кездесе береді. Бұған, мыс., А. М. Горькийдің «банкерезмі», И. С. Тургеневтің «Шуршиті», В. В. Маяковскийдің «Усастый няны» мен «евины» куәлікке жүре алады. Пушкиннің «пиша» («писать») деген етістігі де жалқы күйінде күн көреді. Сөзден сөз туындап жатыр. Қазақ тілі қарындасшыл тіл. Қабылдампаз тіл. «Формадан» «порымның» пайда болуы осыған айғақ. Әдебиетте Абай, Сұлтанмахмұттар айырықша тіл байытқан. Қазақ әдебиетіне «кірпішті» алғаш рет Абай енгізеді. Бүкіл дүние үйге теңелгендіктен, көрші жұрттың «қышын» әлсіз көріп, берік бейнеге бой ұрады. Осы сөзді орысшасындай «кирпич» деп жазса, сіңіспеліктен жұрдай болар еді. Демек, ондай сөздер ана тіліміздің ішкі заңына сәйкес жазылуға керек. Орыстар түрікше «тұрмадан» «тюрьманы», парсыша «пой-жамадан» «пижаманы», «Әмир ұл баһирдан» «адмиралды», қазақша «әртелден» «артельді» шығарған. Мейлінше жатық сіңірген. Енді осының керісінше, орысша ойлаудан туған келісті атаулар мен орамдарды («аялдама», «өкінішке қарай» секілділерді) еске түсірсек, тілдің қарым-қатынасының ілгерімпаз ықпалын анық байқаймыз. Қазақ тілінде «родқа» барабар нәзіктіктер баршылық. Орыс интонациясын қиналмай аударатынымыз сондықтан. «Мұғалима», «азаматшалардың» кіруінде де табиғилық жатыр. Қазақ тілінде диалект бар дегенге өз басым иланбайды. Абайдың творчествосы осыған айғақ. Семейде туып-өскен Абайдың сөзін Астрахан қазақтары түгел түсінеді. Бір болса, шағатай тілі диалект болар еді. Бірақ, оны халық қабылдамады... Диалект бар тіл бар, диалект жоқ тіл бар. Текстология ғылымына қарап текст атаулыдан ақау табу шарт емес. Қазақ тілінің тұтастығын Шоқан Уәлиханов дәлелдеген. Ол үш жүздің баласын жіктемек болған, Ұлы жүзді қырғызбен шатыстырған И. Георги, К. Риттер сияқты тарихшыларды шенеп, сазға отырғызған. А. И. Левшиннің қазақтарды: «... Оралдан Зайсанға шейін ұшы-қиырсыз сахарада біртектес өмір сүреді, олардың тілі тұтас...»[1] деп куәлік жасағанын қайда қоямыз? Бұндай мысалдар ондап, жүздеп табылады. Қазақ халқының ұлылығы сол, Алтайдан Оралға дейін, Арқадан Алатауға дейін сапырылысқан сансыз тайпалар ұлттық тілдің тұтастығын сақтай білді. Бөбегін бесікте әнмен әлдилейтін ана перзентіне от басы, ошақ бұтында тіл тәрбиесін сіңірді. «Баланы жастан» деген мәтел туды. Сөзде тұру, уәжге жығылу, шежіреше сайрау сетінің әдетіне айналды. Тайпалар арасы алыстағанда сағыныштың сәлемі жүйелі сөзбен жетті. Сөз татуластырды, сөз араздастырды. Дау дала бада тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін табушы дуалы ауыз ділмарлар шықты. Сауықта, айтыста «аузын буған өгіздер» ұдайы келекеге ұшырағандықтан, естілер тіл өнеріне қанықты. Жігіт-желең, қыз-қырқынның тәжікесі, тұспалы, жұмбағы еті тірілердің мәжілісте баспалап баға сөйлеуі тапқырлыққа баулыды. Бұған шетсіз-шексіз аңыз-ертегіні, салт-сана жырын, дастан, қиссаны қоссақ, тіліміздің тұтастығы түсінікті-ақ.
Осындай жағдайда өмір кешкен Абайдың тіл ұстартуда бұралқылыққа, селкеулікке, дүмбілездікке жол бермеуі табиғи. Сөз шеберлігіне келгенде ол кітаби ақындардан іргесін аулақ салып, халықтың тапқырлығынан үйренеді. Қазақ сахарасында кең тараған ұшы-қиырсыз бейнелі поэзиядан бір мысал келтіре кетейік. «Ер Қосай» эпосында он төрт жасар Қосай ұрыста қаза тапқан әкесін туған шешеге қалай естіртеді?!
«Алпысқа келген атамның
Қыз кіріпті қойнына:
Кәрілікті алма мойныңа,
Қара киіп, қызыл сал.
Сол лайқат бойыңа!..»
Буған шешесі:
«Қаратауда бұлағым,
Байың келді дегенге,
Еліріп еді құлағым:
Қызылың - қызыл, қараң не?
Шошиын дедім, шырағым!,.» - деп, жауап қайтарады. Осы шумақтардың әндей жатталуындағы сиқырлы қуат - ұғымның, иланымның, бейнеліліктің, шырайлылықтың халық ұғымына түгелдей тәндігінде. Абай осы рухта тәрбиеленген. Осындай жағдайда қазақтың әдеби тілінде шұбарлылыққа жол берілмеуге керек. Рас, қарапайым қазақ арасында жеке сөздерді атауда шәркездік кездеседі. «Егер» тұрғанда «мәгер» деу, «нәрсе» тұрғанда «нәсте» деу, «кәдуілгі» тұрғанда «кәудкіскі» деу келісті емес. Бірақ бұның бәрі диалектіге емес, говорға жатады. Бұндай мүкістікке Абай бармаған. Есте тұтатын бір жайт, кей-кейде жеке сөздің шыққан тегін әдейі жаңғыртуға тура келеді. Бұл көбінесе көркем әдебиетте немесе сұхбаттың әзілінде кездеспек. «Әгәрки» десең - кітаби ұғымды келемеждегенің, «Әгәрдам» десең - шикі қазақты меңзегенің, «Мәселеңкилер» де сол топта. Тіл - халықтың болмысы, ұғымы, иланымы, бастан кешкен дәуірлерінің шежіресі. Тілдің халық қазынасына, ұлт игілігіне айналуында терең сыр бар. Қазақ тілінің төркіні тым әріде екенін «Кодекс - Куманикус», «Оғуз-нама» секілді ежелгі ескерткіштер дәлелдейді. 11 ғасырда жасаған Махмуд Қашғаридің сөздігінде де бүгінгі қазаққа түсінікті атаулар баршылық. Қазақтың ұлттық есімі орын тепкеннен кейінгі тіл - тіптен тұтас. Мыс., 15 ғасырда туған эпостың тілі осы күнге тозбай жетіп отыр. Төл қайыруға арналған «арай жаным, арайлар» да, түрлі «саналар» да бізге әбден түсінікті. Қазақ тілінің кейінгі ғасырларда көршілес елдермен қарым-қатынасының байи түсуінде объективтік заңдылық жатыр. Ұлттық ұғымы ұлғайып, дүниеге көзқарасы кеңеюмен бірге тілдің ішкі заңы күшейді, оралымдылығы артты. Толып жатқан тосын атаулар төл сөзге айналып кетті. «Кроватты» «керует» күйінде, «самоварды» «самаурын» күйінде қолдануымыз сондықтан. Тұрмыстық заттарды былай қойсақ, Майраның бозбаланы тартқан «магниті» де, Біржанның «он екі взвод» әні де, Ақан серінің «гармониясы» да құлаққа сондайлық жат естілмейді. Инабатты орыс ғалымдары қазақ тілінің айрықша байлығына, бейнелілігіне, үнділігіне сүйсініс білдіргенде, оның қабылдағыш қабілетін де меңзейді. Қиырсыз сахарада ауытқымалы, шашыраңқы өмір кешкен жүздердің, сансыз тайпалардың тілінің бірлігінде ғажайып қуат барын тарих растайды. Қазақ халқы, Ш. Уәлиханов айтқандай, әсершіл халық. Бұны шалқыған ән-күйінен бір аңғарсақ, сөз қастерлеген қабілетінен екі аңғарамыз. Ес біліп, етек жапқаннан кейінгі қазақ сөз сырына құштарланады... Қыз бен жігіттің әзілі ойдың алғырлығын, тілдің оралымдылығын керек етеді. Кейде жұмбақтап, кейде тұспалдап сөйлеуге ділгерлік туады. Өлеңмен айтысудың тапқырлығы өз алдына. Қысқасы, уәждан ұтылмау үшін тіл қазынасына құнығу шарт болған. Содан барып қиялдың тынымсыз талпынысы сөз қорын жасаған. Кедей тілдің оралымы да келте. Өнегелі үй өз перзентін сәбиінде дурыс сөйлете білген. «Таяқтың еттен, сөздің сүйектен өтетінін» ерте ұғындырған. Осыдан барып, сыршыл шешендік, берекелі бейнелілік туған. Осының бәрін Абайға тели, Абаймен салыстыра айтып жатуда өзіндік мән жатыр.
Абай халық тілінің қордасынан да, болмысынан да, нақышынан да терең үйренген. Жұмбақ жазуға шейін баруында гәп бар. Абай - қазақтың халықтық әдеби тілін қалыптастырушы классик. Бүл тілдің тоғыз тарауын адаспай ажыратып, тұтастыра тоғыстыра білген шебер де сол - Абай. «Толғауы тоқсан қызыл тіл, сөйлеймін десең өзің біл» деп шабыт сәтінде өзіне өзі сүйсінген, насаттанған тәкаппар ақын өз болмысының, зердесінің, дарынының, ізденімпаздығының ерекше биіктігімен ғибрат қалдырды...
Қ. Жұмалиевтің «Қазақ әдебиетінің мәселелері және Абай поэзиясының тілі» атты зерттеуінде Абай өлеңдерінің тілін, оның көркемдік құралдарын терең талдау жасалады. Абай шығармаларында поэзия мен тілдің өзгеше әрі үйлесімді байланысы көрінеді. Қ. Жұмалиев Абайдың тілінің байлығы мен көркемдік тәсілдеріне ерекше назар аударады, оның шығармаларында қолданылатын көркемдік құралдар — метафоралар, эпитеттер, теңеулер, қайталаулар мен риторикалық сұрақтар сияқты тәсілдерді талқылайды.
Абай өлеңдеріндегі көркемдік құралдардың талдануы
1. Эпитеттер мен метафоралар: Абай өлеңдерінде табиғат суреттері мен адам сезімін бейнелейтін эпитеттер мен метафоралар жиі кездеседі. Қ. Жұмалиев Абайдың тіліндегі көркем құралдардың ерекшеліктерін атап өтіп, оның образды тілін, әрі жеке адам мен қоғам арасындағы қайшылықтарды көрсететін бейнелерді қолданғанын айтады. Мысалы, Абайдың өлеңдерінде:
Мысал:«Сөз
түзелді, тыңдаушы сен де түзел» деген
өлеңінде Абай тыңдаушының, яғни қоғамның
көзқарасы мен болмысын түзету үшін
сөздің күшін пайдалануды ұсынады.
Мұндағы «түзел» сөзі әлеуметтік өмір
мен адамгершіліктің дұрысталуының
метафорасы ретінде қолданылған.
2. Теңеу
мен салыстырулар: Абай өлеңдерінде
теңеу мен салыстырулар маңызды орын
алады. Ол арқылы өзінің ойларын анық
әрі көркем жеткізуге ұмтылады. Қ. Жұмалиев
Абайдың өлеңдеріндегі осындай құралдарды
талдай отырып, теңеудің ойды күшейту
және сезім мен образды нақтылау қызметін
атқаратынын атап өтеді. Мысалы:
Мысал:«Желсіз түнде жарық ай, / Сәулесін түсірер...» деген жолдардағы айдың жарығы мен желсіз түннің суреті арқылы Абай тыныштық пен сұлулықты бейнелейді. Бұл теңеу арқылы автор тыныштықтың бейнесін айқын көрсетеді.
3. Қайталау және риторикалық сұрақтар: Абайдың өлеңдерінде қайталаулар мен риторикалық сұрақтар қолдану арқылы оның ойы күшейіп, оқырманға ерекше әсер етеді. Қ. Жұмалиев бұл тәсілдер арқылы Абайдың шығармаларында шындықты айтуға деген қажеттілік, қоғамға деген сын мен талаптың көркемдік тәсілдер арқылы жеткізілгенін түсіндіреді.
Мысал:
«Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай / Түн қараңғылығында көк шөл даладай» деген жолдардағы қайталау Абайдың табиғат құбылыстарын тек сыртқы суретпен ғана емес, оның ішкі жан дүниесіндегі күйзеліс, уайыммен байланыстырады.
53.«Тазының өлімі» повесіндегі идеялық-көркемдік ізденіске талдау жазыңыз.
Мұхтар Мағауиннің «Тазының өлімі» повесі – қазақ халқының рухани құндылықтарын, табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынасты, сондай-ақ заманның өзгерісін терең философиялық тұрғыдан бейнелейтін шығарма. Бұл туындыда автор ұлттық болмысты, салт-дәстүрді, рухани-адамгершілік мәселелерді көтеріп, оны көркемдік ізденістер арқылы жеткізеді.
Идеялық ізденістер:
1. Ұлттық болмыстың күйреуі
Повесте тазы – ұлттық құндылықтардың символы. Тазы қазақтың аңшылық өнерінің ажырамас бөлігі ғана емес, сонымен қатар ұлттық болмыс пен дәстүрдің көрінісі. Тазының өлімі – қазақы рухтың, ұлттық құндылықтардың жоғалуын бейнелейді.Үзінді:
"Тазының жанары солғын тартқан, бірақ ішінде біртүрлі мұң бар еді. Ол аңға шабатын күндерін сағынғандай, иесіне үнсіз қарай берді."
Талдау: Бұл үзінді тазының ішкі күйін суреттеу арқылы ұлттық дәстүрдің жоғалуына деген мұңды көрсетеді. Тазының аңшылыққа жарамсыз деп танылуы – дәстүрдің қазіргі заман талабына сай еместігін меңзейді.
2. Адам мен табиғаттың қарым-қатынасы
Шығармада адам мен табиғат арасындағы үйлесімнің бұзылуы үлкен тақырып ретінде көрінеді. Тазының иесі оны тек материалдық тұрғыда бағалап, оның рухани мәнін түсінбейді.
Үзінді:"Тазы енді аңға шықпайды, оның күші кетті. Иесі үшін бұл енді тек шығын, бірақ ол тазының көзіндегі жанды көрмеді."
Талдау: Тазының иесі табиғатты, жан-жануарды тек пайдалы немесе пайдасыз деп бағалайтын адамның эгоистік көзқарасын бейнелейді. Бұл табиғатқа деген тұтынушылық қарым-қатынастың артуын көрсетеді.
3. Рухани құндылықтар мен материализмнің қақтығысы
Повесте кейіпкерлердің әрекеттері арқылы рухани құндылықтардың құлдырауы мен материализмнің күшеюі бейнеленеді. Тазының сатылуы немесе өлтірілуі – адамгершілік пен материалдық қажеттіліктер арасындағы қақтығысты көрсетеді.
Үзінді:"Тазының өлімі бір сәтте болды. Бірақ сол сәтте бір дәстүрдің де соңғы демі үзілгендей еді."
Талдау: Бұл эпизодта тазының өлімі ұлттық рухани құндылықтардың жойылуымен теңестіріледі. Автор бұл арқылы қазақ халқының материализмге бой алдыруын сынға алады.
Көркемдік ізденістер:
1. Символизм
Тазы – адалдық, ұлттық дәстүр мен табиғаттың символы. Оның өлімі дәстүрдің, рухани құндылықтардың жоғалуын бейнелейді.Табиғат – тұрақтылық пен мәңгіліктің символы. Бірақ адамзаттың іс-әрекеті табиғаттың тепе-теңдігін бұзады.
2. Психологиялық талдау
Автор кейіпкерлердің ішкі жан дүниесін, ойларын терең суреттейді. Тазының өлімі тек сыртқы оқиға емес, сонымен бірге кейіпкердің рухани күйзелісін де ашады.
3. Табиғат көріністері
Табиғат бейнелері шығармада ерекше орын алады. Тазының өмірі мен өлімі табиғатпен тығыз байланысты. Бұл ұлттық дүниетанымдағы табиғаттың рөлін көрсетеді.Мұхтар Мағауиннің «Тазының өлімі» повесі – ұлттық құндылықтардың құлдырауы, адам мен табиғат арасындағы үйлесімнің бұзылуы, рухани дағдарыс туралы терең философиялық туынды. Автор тазының өлімі арқылы қазақ халқының дәстүрі мен болмысының заман талабына сай өзгеруін, сонымен қатар, рухани құндылықтардың материализмге орын беруін бейнелейді. Бұл шығарма оқырманды ұлттық болмысты, рухани құндылықтарды қайта бағалауға шақырады. Оқиғаларды, негізінен, персонаждың жадынан, сана түкпірлерінен орын алып қалғанжаңғырықтар арқылы туындататын сана ағымына хас белгілер М. Мағауиннің «Тазының өлімі» повесінен аңғарылады. Мұндағы бас кейіпкердің ролі Қазыдан гөрі итке (Лашынға) тиесілі. Адам болмысының күрделі табиғатына, олардың қарым-қатынастарының мəнісіне, жалпы адамның əлемде алатын орны мен жаратылыс қайшылықтарына жазушы тазы көзімен қарайды. Тазының арпалысқа толы өз ғұмыры мен адамдардың қайшылыққа толы тірлігі туралы ойлары, тіпті ғаламат сəйкестігі жайындағы толғаныстары оның жадысы арқылы қайта тіріледі. Яғни жоғалған уақытты іздеу сарынына орай сана қалтарыстарына жүгіну сынды модернистік əдеби техника толығымен салтанат құрады. Жады категориясының маңызын модернистік əдебиеттің орталық тұлғалары Джойс пен Пруст шығармашылығы негізінде салмақтайтын Ю. Боревтің: «Олардың шығармашылықтарында адамның жады өмірлік тəжірибенің ұланғайыр қоймасы ретінде алғаш рет айрықша ыжаһаттылықпен, ұлғайтып көрсететін əйнекпен назар салғандай қаралып, оның өзіндік үстем мағынасы негізделді. Өткендегі өмір қазіргі санадағы шындық фактілерінен гөрі тұлғаның рухани ахуалындағы ең мəнді кезең ретінде ұғындырылды. Сана өмірлік импульстардан бірте-бірте қол үзіп, өзіндік тəуелсіз ағыс ретінде дəйектелді», — деген пікірі біздің ойымызды қуаттауға септеседі.
Повестегі Лашынның ойлары да лирикалық шегініс арқылы баяндалуы үзік-үзік сана
көріністерін бір-бірімен жалғау, қайта қалыптастыру ретінде беріліп отырады. Қарны бұлтиып тамақ ішетін, масатыдай құлпырған табиғатта армансыз аунап-қунайтын, бойын белгісіз қуаныштар кернейтін, дүниеге масаттанып қарайтын алаңсыз күшікке қоршаған əлемнің барлығы қызылды-жасылды қызыққа толы. Оның балаң санасы өмірдегі бар заттарды «жеуге болатын жəне жеуге болмайтын» деп екіге ғана бөледі. Алайда қызықты дəурен ұзаққа созылмай, өмірдің ащы сабағын күшік кезінде-ақ алады. Ол — қара төбет Бардасоққа талануы. Қатыгез өмірдің алғашқы соққысын осылай көреді. «Екі-үш апта бойы жақсылап күткеннен кейін денесіндегі жаралар жазылды. Бірақ күшіктің жүрегіне басқа бір жара түскен еді: ол дүниеде əділетсіздік, зұлымдық, зорлық барын, басыңа бақытсыздық төнсе ақтығың, жазықсыздығың арашалап алып қала алмайтынын ұқпаса да, бұдан былай бейтаныс жан иелерінің бəріне күмəнмен, дұшпан көзімен қарайтын болған».
Мұнда өмір шындығының белгілі бір құбылысын адамның əр кезеңдегі санасында қайта-қайта жаңғыртып отыру сынды модернистік тəсіл қолданылады. Бір құбылысты адамның жас ұлғаю шамасына қарап, яғни балалық, толысу, егделену кезеңдеріндегі санасына салатын тəжірибе Лашын образына беріліп, көркем шығарманың идеялық-философиялық өзегін аңдатуға бастайды. Тазы өсе келе адамдардың күнделікті өмірінен əлдебір мағынасыздықты, күрмеуі шешілмес қайшылықтарды аңғара бастайды. «Өз иелерінің, иелері ғана емес, жалпы екі аяқты атаулының өмірінде, тұрмыс- салтында түсініксіз жайлардың көптігін Лашын жасы алты айдан асып, бойы өсіп, денесі іріленіп, үлкен итке жақындаған кезде ғана аңғарды. Бұрын бəрі де дұрыс, бəрі де орынды сияқты көрінетін.
Енді ойлап қараса, ешбірі де ақылға сыймайды» [2, 15]. Жазушы адамдар ортасын тілсіз мақұлықтың көзімен сырттай бақылай отырып, олардың тіршілік-қарекетінің қым-қиғаш қайшылықтарға толы екендігін, абсурдтығын мегзейтін ойға жетелейді. Ешкімнің ала жібін аттамаған Қазы — басынан бақайшағына дейін қулық тұнған əрі қатыгез Есенжолдармен салыстырғанда қашан да аутсайдер. Жалпы, повестегі Қазы бейнесі сюжеттің сыртқы контурын ұстап тұруға қажетті, Лашын ойлары арқылы берілетін сана ағымының үнемі бастау алып отыратын нысаны, керек десеңіз, өмір шындығының философиялық толғамдарға тамызық беретін фактісі түрінде алынған. Оның адамгершілік сапасы, өмірлік мұраты, ішкі рухани болмысы термеленбейді. Қазы — шығармада тым ерекшеленбейтін (аңсақтығы болмаса) сыртқы əрекеттерімен ғана бейнеленетін, монологтік форма өңдеуіне жуықтатылмаған, əредік сараң диалогтермен ғана кескінделетін образ. Оған күрескерлік қасиеттер дарытылмаған. Тіпті Есенжолмен болған кикілжің үстінде оған не жарытып жауап қатпаған, мерездігін бетіне баса алмаған, қолынан тек ірге аударып көшіп кету ғана келген күйректік сипаттары басым образ. Қаламгер оның ойлау үдерістерін, айналаға деген көзқарасын таныту сипаттарын термелеп жазбаса да, шексіз жалғыздыққа ұшыраған, сұрқай өмірдің сұмдықтары еңсесін əбден езгілеген, қатыгез əлемде жалғыздық қасіретін шеккен жан екеніне көз жеткізеді. Қазы — Д. Исабековтің «Тіршілігіндегі» Қыжымкүлмен, «Сүйекшісіндегі» Тұңғышпен тағдырлас кейіпкер. Рухани жаратылыс ретінде толыққанды тіршілік етуге мүмкіндік бермейтін трагедиялы өмір туралы экзистенциализм сорабы «Тазының өлімінен» де аңғарылады.
Қазы жазушының реализм арнасынан тым шығандап кетпеуге, сыртқы əлемнің сұлбасын
қалыптастыруға көмектеседі. Сана тасқынына ерік беретін Мағауинге сыртқы əлем мүмкіндік, идея, нысан ретінде бағалы. Оның трагедиясы қоғамдық-əлеуметтік иерархиядан келіп шығатын, əсіресе сентименталистер көп тоқталған «кішкентай адамның» нала-мұңы емес, жалғыздық шыңырауында қалған адам мен қоғамның қарым-қатынасы, дəлірек айтсақ, олардың арасындағы қандай да бір байланыстың жоғы. Жазушы оның қоршаған болмысынан əлдебір үйлесімсіздікті, қатыгездікті, адам ғұмырының асау толқын ағызып кете баратын жаңқа сияқты қорғансыздықты, мəңгі өз орнын іздеп өтетін, бірақ оны таппайтын мағынасыздықты көреді. Сондықтан да Қазының бұ дүниеден көшкен оқиғасы болмашы ғана суретпен беріледі. Өлі денені жер қойнына тапсырып, одан кейін ұмыт болған, көңілден тасалана берген Қазыны шарқ ұрып іздеген, ақырғы деміне дейін адал болып қалған— ит қана. Айналасын жатсынумен ғұмырын тауысып бітірген Қазы өлімінің ситуациясы əлем жəне жалғыздық лейтмотивін тиянақтамайды. Енді ол Лашынға ауысады. Қазы образы орталық кейіпкер Лашын тіршілігімен белгілі бір аналогиялар, рухани-психологиялық параллельдер жүргізу үшін алынады. Қазының жан-жағын бөтенсіген ғұмыры мен Лашынның ит ғұмырын бір-бірінен бөлшектеуге келмейтін тұтастық тұрғысында қарағанжазушының философиялық түйіні өмір шындығын абсурдтық тұрғыда, иррационалдық ыңғайда жасалады. Ол түйін адамдардың беймəлім тұңғиықтан келіп, сол белгісіз тұңғиыққа аттану мағынасы төңірегінен шығарылады. «Ол өзі осы уақытқа дейін ашқан жаңалықтарының ішіндегі ең сұмдығын ашып еді: адам, тірі мақұлық атаулының бəріне əмір жүргізген, көк темірге жан бітіріп, көлік етіп мінген, қолдан құс жасап, қыран қалықтар биіктен де жоғары самғаған тəңірі текті, құдіретті адам да өледі екен, жүзі ызғарлы ажал алдында адамзаттың өзі дəрменсіз екен» [2, 42].
Тазы алғашқыда тəңірісіндей табынған екі аяқтылардан көңілі мүлде суынған, ол үшін жер бетіндегі мейірім Қазымен бірге жоғалған. Адамдар қолымен жасалған қақпанға түсуі адамдық мейірбандыққа деген онсыз да əлсіреген сенімді біржола өшіріп тынады. Өмір шындығын түрлі қайшылықтар формасында көретін жазушы концепциясын күрт күшейтіп жіберетін тұс — тазының қасқырлармен арпалыс оқиғасы. Қызыл ала қанға көздері қызарып алған бөлтіріктердің «өздерін тапқан, емшек сүтін беріп асыраған» енелерін бас сала жəукемдеуі табиғаттың қатал заңы трактовкасында ғана емес, абсурдтық идея түрінде де көрініс табады.
41. А.Сейдімбековтің «Қара өлең» туралы зерттеуі концепциясынан мысал келтіріңіз
Қара өлеңнің тақырыбы жайлы жазушы А. Сейдімбеков терең зерттей келе: «Қара өлең – өмір тіршілігіміздің барша қасиетін әсерлі көрсетіп келе жатқан икемді де өміршең жанр» –дейді.
Қара өлең халықпен бірге туып, бірге жасап келе жатқан соң, тақырыбы жағынан кең өріс алуы да заңды. Бұл жайлы ғалым Сәбетқазы Ақатаев өзінің «Інжу маржан секілді» атты жинағындағы қара өлеңге арналған тарауында: «Қара өлең өз шама-шарқы жеткенше дүние кілтін ашуға талпынады, кейде ашып та тастайды» – деген пікір келтіреді.
Автор бұл тарауда қара өлеңнің мән-мазмұнына көп көңіл бөледі. Мағынасы жағынан қара өлеңді 3 категорияға: «дүние», «жақсы», «жаман» және үш топқа бөледі: философиялық, этикалық және лиро-философиялық.
Расында да қара өлеңнің ой-тақырыбы өмір-тіршілігіміздің барлық саласын қамтыған соң, осы күнде де көпшілік жиналған жерде, өз заманымызға сай қара өлеңдер туындап, айтыла беретіндігіне ерекше тоқталады.
Қара өлеңді түбегейлі зерттеген А.Сейдімбеков «Өзінің болмысымен, орындаушылығымен, халық мәдениетінде алатын орнымен, басқа халықтардың фольклорында да қара өлеңге ұқсас жанрлардың бар екендігін айтады. Өзінің «Мың бір маржан» атты еңбегінде ол: «...Орыстың «частушкасы», тәжіктің «рубоиы», «ашуласы», өзбектің «қошығы», түріктердің «маниі», жапонның «хоккуы», индонезиялықтардың «пантуны», скандинавиялықтардың «квазурасы» өзіндік дара көркемдік-эстетикалық ерекшеліктері болғанымен, бұқарашыл өнер ретінде күні бүгінге дейін ел ішінде тоқтаусыз туындап жататындығымен қазақтың қара өлеңіне мейлінше ұқсас» – деп жазады.
Қара өлең жанрының құрылысына тән өлшем мен әуен жолдары және бірқатар, яғни өзіндік қалыптасқан форма баршаға аян. Бұл үлгі көпшілік алдында шығарылатын поэтикалық импровизацияға негіз бола алады. Осы тұста импровизациялық поэтика заңдары жүзеге асады. Мұның өзі ауызша және жазбаша болып екіге бөлінеді. Ауызша айтылатын импровизациялық жанрлар үшін көпке мәлім дайын сөзтіркестер, поэтикалық «қалыптар» ыңғайлы. Мысалы , қара өлеңдердегі қалыптасқан сөз тіркестер келесі тізбекпен қара өлең шумақтарында кездесе береді:
Мұндай дайын поэтикалық құралдардың бар болғаны импровизациялауға жеңілдік туғызады және де қара өлеңнің белгілері бола алады. Бұл белгілер арқылы біз қара өлең сөздерін басқа жанрлар сөздерінен ажырата аламыз. Қара өлең жанры кәсіби әндермен байланысты болағндықтан, кәсіби әнші-композиторлар өз шығармаларында қара өлең жолдарын пайдаланған.
Қара өлеңде ең мол кездесетін тақырып – махаббат, ғашықтық тақырыбы. Адам сезімінің осынау ғажайып қыры қара өлеңде ұдайы халықтың орныққан талғам–талабы өрісінде ғана тілге тиек болып отырады. Ғашықтықты білдіретін сағыныш, аңсау, тілек-талаптар, сыны мол шарттар, адалдық пен кісіліктің үлгілері, мінез-бітімі, тіптен, киім кию үлгісіне дейін барша қасиеттерге, ең алдымен, халық талғамы төреші. Бұл орайда қара өлең айтушы–тыңдаушыны эстетикалық әсерге бөлеп қана қоймайды, сол қара өлеңді тыңдаған әлеуметтік ортаны реттеуші, пиғыл–ниетін тұтастандырушы, идеалын біріктіруші қызмет атқарады.
42. «Қар қызы» туындысындағы зұлымдық символына айналған кейіпкер психологиясын жазыңыз . Назира
Оралхан Бөкейдің адам – жұмбақ, ғалам – жұмбақтың тереңіне үңілген ізденісін танытатын шығармасының бірі – «Қар қызы» повесі.
«Қар қызы» повесінің алғашқы нұсқасы 1977 жылы жазылып, кейін қайта өңделіп, 1984 жылы «Біздің жақта қыс ұзақ» жинағына енді. Орыс тіліне аударылу барысында мүлдем қайта жазылып, соны оқиғалар мен жаңа кейіпкерлер қосылған да, айтылар ой түп қазығын тауып, авторлық концепция анықтала түскен. Жазушы повесте табиғатты негізгі фон ретінде ала отырып, оның құпия-сырларымен бірге адам жан сырының қалтарыстарын ашуға ұмтылады. Шығарма сюжетінде, қыс ортасында мал азығы таусылып қалады да, үш жігіт (Нұржан, Бақытжан, Аманжан) ауылдан алыс, ақ қар, көк мұзды тау арасынан трактормен шөп әкелуге шығады. Бір-бірінен айнымайтын тау шоқыларының арасында жолдан адасып, 40 градус суықта қардың тұтқынында қалады. Шөптен бұрын өздерінің үсіп өлу қаупі туады. Сөйтіп, өмір мен өлімнің күресі басталады. Міне, осы кезде кімнің кім екені танылып, адамға тән жақсылы-жаманды әртүрлі қасиеттер ашыла бастайды. Автор мұны бірден жарқыратып жайып тастамай, біртіндеп жеткізіп отырады. Осылайшы сюжет кезегімен шым-шытырық жалғаса береді.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Оралхан Бөкейдің «Қар қызы» повесінде Алтайдың қақаған аязында далада қалған үш жігіттің жайы сөз болады. Әкелері соғысқа кетіп, сонда қаза тапқан жігіттер соғыстан кейін дүниеге келген. Ауыл басшысының бұйрығымен қыс ортасында шалғайдағы ауылдан шөп әкелуге аттанған үш жігіттің бастан кешкен оқиғасы осы шығармаға арқау болады. Негізгі кейіпкер Нұржанның және жанындағы екі жолдасы Аманжан мен Бақытжанның шөп әкелуге бара жатып, жол бойында көрген қиындығы сөз болады. Нұржан аңыздан естіген Қар қызына ғашық болады. Қар қызының сыңсып айтқан мұңлы әуені тек Нұржанға естіліп, түсіне кіреді. Нұржан «бұл қызды таппай қоймаймын» деп өзіне серт береді. Сөйтіп жүргенде, үш жолдас айдаладағы Қоңқай шалдың үйіне түседі. Мұнан соң алыс сапарға қайта аттанған жігіттер бірер күннен кейін айдаладан жалғыз үйді көреді. Ол үйдің иесі кержақ шал еді. Түнеуге сұранған жігіттерді шал самарқау қарсы алып, ас-су беруге де жарамайды. Нұржанның жанындағы жолдасы Аманжанның мінезі де, түрі де үйіне түнеуге рұқсат еткенін міндетсінген кержақ шалдан айнымайтын еді. Ертесіне шалдан жол сұраған жігіттерге кержақ шал бұрыс жол көрсетіп, адастырып жібереді. Жапан далада ақ қардың арасында қалған үшеуінің өлім мен өмір арасындағы күресі енді басталған еді. Жылынар пана таппаған үшеуі ұйықтап кетіп, жантәсілім етудің аз-ақ алдында ғана қалады. Дегенмен Қар қызы Нұржанның түсіне кіріп, оны оятады. Сөйтіп үш жігіт өлімнен аман қалады. Үшеуінің айы оңынан туып, жүзі жылы ақсақал мен кемпірге кездеседі. Ақсақал үйіне қонақ етіп, Нұржанға біраз әңгіме айтады. Аңыздардан құлағдар етіп, Қар қызы туралы да баяндап береді. Ақсақалдың Алмажан есімді жалғыз қызы бар.
Қыз бойында әлдеқандай жұмбақ жатқандай еді. Нұржан бір қара-ғаннан іздеп жүрген қызы осы Алмажан екенін білді. Алмажан мен Нұржан бір түн сырласып, шер тарқатады. Күндіз сауыншы, түнде Қар қызы болатын Алма-жанның сыңсып айтатын әні Нұржанның құлағына балдай жағады. Келесі күні Айыртаудан шөп алып, ауылға аттану қажет болады. Нұржан осы ауылда қалуды жөн көреді. Оның артынан Бақытжан да осы жапан далада қалатын болды. Сөйтіп Аманжан ғана ауылға кетеді.
Повестегі Қар қызының, қол-шатырлы Малика арудың бейнесі айрықша, әдемі сипатталған. Көз алдыңа елестетіп, өзің де сол кейіпкерлерге ғашық болатындайсың. Повестегі Қоңқай шалдың бейнесін толық ашқым келеді. Шығармадағы Қоңқай шалды жартылай жұмбақ күйде ұстаған автор концепциясы туралы үзілді-кесілді, біржақты тоқтам жасау қиын. Жұрттан жырақ өмір сүретін осы Қоңқай шал бейнесі арқылы Оралхан Бөкей нені меңзейді? Былығы көп қоғамнан тысқары өтіп жатқан тірлікті айыптау сарыны шығармада басымдық ала қоймаған. Қаптаған ел ортасында жүріп-ақ оқшау өмір сүретіндер жетіп артылады. Жазушы бір мәнде Қоңқай шалды «арқаланып» қоғамдағы кереғарлықты, келеңсіздікті меңзейді. Кейіпкердің ой ағыны, ішкі сезім сөзі арқылы әсер ету – автордың оңтайлы көркемдік тәсілдерінің бірі. Шығармадағы Қоңқай бейнесінен, сонымен қатар, жалғыздық пен кеңістік нышаны байқалады. Қоңқай бейнесін Оралхан Бөкей шебер бейнелейді. Оның екі тау арасында жападан-жалғыз тұратыны, аң аулап тіршілігін жасап жүретіні жалғыздығының анық көрінісі: «Шал әлденесін ұмытқандай далаға шығып кетті. Сол баяғы қалпы – көйлек-дамбалшаң, аяғына ештеңе кимеді. Осы бір сақалы өңірін жапқан қапсағай шал үшін мынау табиғаттың қысы, жазы – тіпті төрт мезгілі бірдей секілді ғажап адам еді. Осы жасына дейін қыңқ етіп ауырмаған, тоңып-жаурау дегенді білмейтін, ормандағы аң екеш аң секілді ғажап адам еді. Елмен аралас-құраласы жоқ, қоршаудан қашып шыққан бұғыдай саяқ ғұмыр кешті. Сонау аппақ кеңістікке барар жол мен ызаң шу, қым-қуыт өмірдің екі ортасында шекара, бекет іспетті, міне, жарты ғасырға осы жаман үйінде жападан-жалғыз тіршілік құруда»
Қоңқайдың өмірі – шығарманың басты өзегі. Өмір бойы жалғыз ғұмыр кешу қарғысына ұшыраған Қоңқай – жалғыздықтың бейнесі: «Шыр етіп жерге түскеннен бастап қоғам үшін, өзге біреулер үшін шырпы басын сындырып көрмеген Қоңқайда еңбек кітапшасы деген атымен жоқ-ты. Ешбір жерге өтініш жазып жұмысқа тұрған емес; ешқашан да жиналысқа қатысып, тіпті үйлену, шілдехана секілді жиын-тойда болған емес. Осы елдің тойын қойып, топырақты өліміне қатыспаған қаңғыбас Қоңқайда дін, идея, бір нәрсеге сену секілді үлкен ұғымдар атымен ада – өзімен-өзі, оқшау өмір сүріп жетпістен асып барады».
Жазушы Оралхан Бөкей шығармалары оқыған сайын тереңдей түсетін, бұйығып жатқан сыры мен бұғып жатқан құпиясы шешіле түсетін жұмбағы мол дүниелер. Ол шығармаларда қойылған «неге?», «біз кімбіз?» деген салмақты сауалдар бүгін де, ертең де, сан жылдар өткен соң да әр ұрпақтың алдынан көлденең шығып отырары даусыз.
43. «Апамның астауы» шығармасындағы ұлттық дүниетаным аспектілеріне талдау жазыңыз
Ол (автор) он бес жасына дейін апасының тәрбиесінде болады. Әпкесі Шолпан күйеуге қашып кетеді. Қашыбай құда оған ақша береді. Сол күннен бастап ол апасынан бөлек жатады. Ер жеткенін түсінеді. Білім алып, қызметке орналасып, қалада қызмет істеп жүргенде түсіне апасы кіріп, ауылға келеді. Сол жазда ешкімге ұқсамайтын, қадір-қасиеті артық, ерекше жан апасы дүниеден өтеді.
Бұл шығарма — қазақтың ұлттық тұрмысын, салт-дәстүрін, ұрпаққа мұра болып қалған еңбек сүйгіш әйелдер бейнесін дәріптейтін әсерлі бір естелік. Онда автор өзінің балалық шағын еске ала отырып, әжесі Апаның ерекше тұлғасын, оның еңбекқорлығын, сабырлығын, ақылдылығын суреттейді. Апам — дәстүрлі қазақ әйелінің үлгісі ретінде сипатталған, ол тек отбасының қамқоршысы ғана емес, бүкіл ауылға үлгі болатын адам болған.
Апамның күнделікті өмірі ауыр еңбекпен өткен, бірақ ол ешқашан шағымданбаған. Әже балаларына, немерелеріне көптеген қолөнер түрлерін үйретіп, сол арқылы олардың өмірінде қажетті дағдыларды қалыптастырған. Ол ауылдағы барлық шаруаны өз қолымен атқарып, әртүрлі жұмыстарды тындырған — жіп есіп, мал сойып, үй тігіп, тері илеп, киім тігу сияқты іс-әрекеттерді батыл әрі шебер орындаған.
Мәтіннің эмоционалды жақтары өте күшті, себебі ол автордың балалық кезіндегі естеліктеріне негізделген. Әжесінің қайтыс болғанынан кейін, автор оның қадірін енді ғана толық түсініп, оның өмірін бағаламағанын өкінішпен мойындайды. Айрылып қалған соң ғана айы өтіп, сан соға өкінер едік. Өзгені қойып, мықтымсып жүрген мына менің өзім сол Апамнан тірі кезінде неге ғана бәр-бәрін: киіз басып, үй тігуді, арқан есуді, тері илеп, өңдеп киім тігуді, алаша тоқып, өрнектеп сырмақ тігуді, саба, сүйретпе, торсық істеуді тәптіштеп жазып алмадым. Енді, міне... қолымызды мезгілінен кеш сермеп отырғанымыз. Енді, міне, бұзауы өлген сиырдай тұлыпқа мөңіреп, жыртық астаудан Апамның алақанын, Апамның қауыздаған талқан-тарысын іздеп тамсанып отырғанымыз. Білем, жер-көкті шарлаған Қорқыт та ажалдан қашып құтыла алмаған; білем, мың жасаған Лұқпан Хакім де өлмеудің, өлтірмеудің амалын таба алмаған; адамзат - өлу үшін туарын... бәр-бәрін білем. Құдай-ау, мәңгілік тіршіліктің жоғын сезе тұрып, Апам сынды адамдарды жер басып жүрген кезінде неге ардақтамадық, неге бағаламадық. Бұл — адамның өмірде ең маңызды нәрселерді бағаламауы және оларды жоғалтып алғаннан кейін ғана түсінуі туралы терең философиялық ойлар.
Үлкен әпкем Шолпан қоңыр сиырды соғымға сойған жылы қыста күйеуге қашып кетті. Қашып кеткенде де басқаға емес, жуықта әскерден оралып, ауылда шофер болып жүрген баяғы бекетші шал Қашыбайдың көп ұлының бірі - бадырақ көз, төртпақ Әутәліп алып қашып кетіпті. Әкем мен шешем алғашында оң жақтағы тұла бойы тұңғыш қызынан айрылып қалғанына намыстанып қатты ашуланғанмен, артынан "кетер қыз кетті" деп, жасау-жабдығына кіріскен.
– Жеңеше, - деді шешем тарамыстанған арық қолынан ұстап. - Елу жыл бірге өмір сүріп едік, жамандығым, ағат кеткен жерім болса, кеш. Кеш, жеңеше, кеш, ораза-намазы бұзылмаған асылым, - деп, көзіне жас алып, қолынан сүйді. Әлгіден бері кісі танымай, кеудесі сырылдап, іргеге қарап жатқан Апам күшпен аунап, шалқалады да, иегін қақты. Сонсоң әрең: "К-е-ш-т-і-м", - деді де көзін қайта жұмды. Дәрігер шақыртайық деп едік, басын шайқады. Содан соң өзі ымдап дәрет алмаққа ниет қылған соң, біз шыға тұрдық. Біз қайта кіргенде, Апам төсекті жерге салдырып шалқасынан жатқан екен. Кірме деген үлкендер сөзін тыңдамай, жанына тізерлеп отыра кеттім де құдіретті саусақтарын ұстадым. Суып барады екен, суып... Апам күбірлеп: "Илайлолла, илайлолла", - деп, иман айтты. Апам өз иманын өзі оқыды. Апам өз жаназасын өзі шығарып жатқанын сездім. Ендігі сәтте шешем: "Апаңнан айрылдық", - деп, бісміллә деген күйі әлемдегі ең ұлы аналардың бірі - Апамның бетін жапты. Үйдің іші ұлар-шу, қым-қуыт. Ертеңінде ескі қораның бұрышында төңкерулі жатқан Апамның астауын алып, Алматыға қайттым.
Апам менің... Сенен не қалды? Жарық астау ма? Иә, адам өмірі де сол жарық астау секілді қаңсып қалады екен-ау...
Автор әжесінің бейнесін құрметпен еске алып, оның өнегесін ұрпағына жеткізуге тырысады. Әжесінің өмірі — қазақ әйелінің ерлікке тең еңбегін, оның рухани байлығын, тәлім-тәрбиесін паш ету болып табылады.
44. С.Сматаевтің «Елім-ай» романына қайсы тарихи оқиға негізге алынғанын және Бөгенбай ерлігін тұжырмдаңыз
Софы Сматаевтың «Елім-ай» трилогиясы – шын мәніндегі оқырман ықыласына ие болған заманалық туынды. Романда «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атанып, халық жадында өшпестей боп орын тепкен ауыр оқиғалар мен тәуелсіздік үшін болған жанкешті күрестер сипатталған. Романда кейіпкерлер саны өте көп. Сонда да автордың айрықша бейнелегісі келген адамдарына тоқталып өтуге болады. Олар: Жәңгір сұлтан, Ошаған би, Қазыбек би, Бөгенбай, Райымбек, Олжабай сияқты тарихи тұлғалар, Қуат пен Жомарт батырлардың отбасы, олардың арманы мен бейнеті шым-шытырық тартысты оқиғалардың ортасында көзге шалынып отырады. Осылардың басындағы жағдайлар арқылы жазушы тарихи кезең шындығынан елес береді.
Жазушы жоңғарларға қарсы күрестің бүкілхалықтық сипатын аша отырып, сол күрестің қозғаушы күштері, олардың бірлігі мен қайшылығы қандай дегенді шебер айырады. Осындағы Жәңгір сұлтанның жауынгерлік бетін танытатын көркемдік ізденістер назар аударуға тұрарлық. Жәңгір сұлтан бастаған алты жүз қазақ қолы батыр қонтайшының елу мың әскеріне қарсы тұрады. Сол күні қазақ қолы жеңіске жетеді. Ертеңіне Жалаңтөс батыр бастаған жиырма мың қол көмекке келіп, жау көп шығынмен кері шегінеді.
Романда жоңғар шапқыншылығына қарсы қазақтардың қиыншылыққа толы әрекеті жан-жақты суреттеледі. Жоңғар нояндары мен қонтайшыларының төңірегі, үй ішілік өмірі, жалпы пиғылы, қатал да қайсар ерлігі, менмендігі авторлық баяндаулар тұсында анықталып отырады. Дұшпанның сұсты бейнесі, жоңғар жасағының қайырымсыз қаталдығы, шарасыз елдің ауыр ахуалы шығарманың өн бойында қайталанып, көрініс тауып отырады.
Қазақ тарихи жырлары мен аңыздары өлеңмен өрілген халық тарихы тәрізді. Оларда әлеуметтік жағдайлар мен тарихи тұлғалардың істеріне тура нақты мінездемелер жиі кездеседі. Сондықтан болар, «Елім-ай» романында XVIII ғасырдағы қазақ батырлары туралы тарихи жырларда ұшырасатын деректер мол. С.Сматаевтың “Елім-ай” дилогиясының бірінші кітабында селдей қаптап келе жатқан жаудан ығысып, көше жөнелген Ошаған бидің ауылының жалпы көрінісі суреттелетін эпизод бар. Ауылын, туған-туыстарын түгел көшірген Ошаған би жалғыз өзі жұртта қалуға бекінеді. Әкесін тірідей жау қолына қалай қалдырып кетерін білмей жаны қиналған ұлына Ошаған би мынаны айтады:
“…Мені жазғырмас. Қашып кетсем, жазғырар көп. Тауым да, өзенім де, жерошағым да, тіпті отымның орнындағы күлім де жоқтайды. Мен кетсем, кәрі сүйегімді қайта әкеле алмаймын. Онан да алланың ақ бұйрығын осы арадан күтейін. Еңкейші, Дәуленім, – деп, сөзінің аяғын сыбырлап бітірді. Әлсіз ерін ұлының маңдайына болар-болмас тиді де, енді қайтып ашылмай бүрілді де қалды” (1, 283-б.).
Көшкен ауылдың жұртында төбе басында жалғыз қалған Ошаған би жаумен айқаста қаза табады.
Жомарт батыр балаларының бірінің әйелі туғанына 25 күн ғана болған баласын үйде, қазан астына жауып қалдырып өзі қалың шөп, қамыс арасына жасырынып жанын сақтайды. Бір ауылдан тірі қалған бұл екеуін Жомарттың туысқандарының бірі Қуат батыр сол күні алып кетеді. Хабардың авторы өзін 25 күндік баланың – Тасболаттың бесінші буын ұрпағы екендігін жазады. Кейін Қуат батыр әлгі келіншекке үйленеді.
Жазушы осы шағын деректерге сүйене отырып, бір үйлі жанның тарихына байланыстырып, ХҮІІІ ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ даласындағы өмір-тірлік көріністерін дәл беруге күш салады. Жазушы аңыздағы басты тұлғалар Жомарт пен Қуатты суреттелініп отырған дәуірдің шындығын жан-жақты тануға әрі бұлардың характерін даралауға септігін тигізетін біршама оқиғаларға қатыстырады. Олардың ішінде жер дауы мен жесір дауы да, хан кеңесі мен үй іші, от басы әңгімелер де бар. Бұлардың көпшілігін жазушы ойдан қосады. Осындай ойдан қосылған оқиғалармен аңыздағы Жомарт туралы, оның айналасы туралы шағын мағлұматты байытып, дамытып суреттейді. Әсіресе тоғыз ұлымен бірге ауылын жауға қарсы көтерген Жомарттың батырлық істері, тоғыз берен ұлдың ерліктері бейнеленген тұстарда жазушы қиялы айрықша шығармашылық белсенділік танытады. Бүкіл ауыл аймағының, тоғыз батыр ұлының өзінің көз алдында күші басым жаудың қолынан опат болғанын көрген Жомарттың жан күйзелісі, оның жаумен барша батырлық ұрысына трагедиялық реңк береді. Соғыс соңында бір ауылдан бір өзі ғана қалған Жомарт жаудың бір шерігімен жеке шайқасқа түседі:
“Сарт-сұрт семсер айқасты. Сар-сар айқай-шу үдеді. Батырда үн жоқ. Көзіне қан толып, семсерден басқа ештеңені көрер емес.
Шаршаған кәрі дененің қимылы баяу. Қол жітілігі ғана бұрынғыдай. “Ең болмаса осы жауымның қанын ұрттасам екен!..”
Жомарт ақырып қап семсерді құлаштай ұрды. Ананың қаруы ұшып түсті. Сол кезде батырдың бар ыза, бар кек, бар зауалы жауының басында ақырғы рет жалт-жұлт ойнады.
Шуна-Дуба иек қақты.
Тұс-тұстан шашылған қылқұйрықты көп найза Жомартты тік көтеріп әкетті. Сауытсыз, беренсіз жалаңаш денеге көк сүңгілер кірш-кірш қадалды.
- Қалай екен, батыр? Көзіңе не көрінеді? – деді Шуна-Дуба.
- Даламды, тауымды, елімді көремін. Әлі де болса сенен биіктеу тұрмын ғой-й…
Найзалар сылқ түсті” (1, 270-271-б.).
Аңыз беретін деректе Жомарттың өзінің де, тоғыз ұлының да нақты ерлігі көрініс таппаған. Жазушы аңыз жүйесіндегі әр хабар, әр мәліметті толықтырып, жандандырып, болған істің жан түршіккендей азалы, трагедиялы әрі геройлық сипатын көзге елестетіп, ойды, сезімді толқытады. Кейіпкерлерінің нақты түр-тұлғасын көрсетіп, іс-әрекетін бейнелеумен бірге, автор олардың жанының шындығын да шырылдаған қалпында, шынайы суреттейді. «Елім-ай» романында Бөгенбай батырдың ерлігі қазақ халқының бостандығы жолындағы күресте, әсіресе, жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес кезіндегі маңызды сәттер арқылы сипатталады. Ол жауынгерлік қырағылығымен, батылдығымен және стратегиялық шеберлігімен ерекшеленеді. Сонымен қатар, оның ерлігі мен күрескерлік рухы тек физикалық күшпен ғана емес, сонымен қатар өз халқына деген сүйіспеншілігі мен адалдығымен де байқалады.
Романның авторы С. Сматаев Бөгенбайдың ерлігін оның жеке басының қасиеттері арқылы сипаттайды. Бөгенбай батыр тек жауынгер ғана емес, сонымен қатар өз елін, жерін қорғаушы, оның ұлттық құндылықтарын сақтаушы ретінде бейнеленеді.
45. «Махамбеттің жебесі» романындағы Әнуардың ел алауыздығы мен рушылдық дертті талдауын жазыңыз
Романда осы мезгілге тән тенденциялық сипаттарды жақсы аңғартатын сәтті эпизодтар мен детальдар баршылық. “Әскери азулы атамандар біздің жерімізді бейне қансоқталы қой өлімтігіне айналдырған: генералдар, офицерлер, хан мен қожаға сол жемтіктің майлы сүбесі мен кемік басты жілігі тиеді де; қара халыққа мүжілген қу сүйек қана қалған. Егіндік жер мен жайылым жұлмаланған терідей. Жәңгір хан қазақты ақсүйек пен қара деп екі жік, екі тапқа бөліп бітті”, - деп ашына айтқан ащы сөздерді біз Исатай батырдың аузынан естиміз. Жәбір көріп, жапа шеккен жарлылардың қайғысына күйінген Исатай хан сарайын тастап шығарда Бекмұхамет сұлтанмен егес сала сөйлейді. “Қан майданда бетпе-бет кездесетін, белдесетін күн бар алда!” – деп ашық ызасын білдіреді.
Әлеуметтік тұрғыдан теңсіз қоғамдағы өз орны туралы тұңғыш рет ой толғаған жас ақын жанындағы телегей тоқыныс сәттерін Ә.Әлімжанов нанымды көрсете білген.
Исатай сөздерінің туралығын Махамбет өз көзімен көреді. Шекті ауылымен кездесу эпизодында кейіпкер тізе батып, қорланған жандардың адам аярлық аш өзек жүдеу жоқшылығын байқайды. “Көрініс сұмдық еді... Қалтыраумен күн кешкен жылаулар өңшең. Аттылы көрсе қаза шығарғаннан бетер шошынатын. Ешкіммен ұшыраспас үшін табан асты жолдан шыға босатын”.
Қай жерде болмасын, ақынның көретіні – еңіреу мен езілу, жылау мен жұтаң тіршілік.
Жәңгір мен оның одақтастарының қуғынан жасырынып, Махамбет досы Жантаспен бірге Кіші жүзді екіге бөлген шекарадан асып шықса да жанға сая тыныш өмірге жете алмайды. оман – бас кейіпкерледің қайғылы өлімін суреттеумен аяқталады.
“Махамбеттің жебесі” – көтеріліс жайлы, халық батырлары Исатай мен Махамбет жайлы роман. Елін зұлымдық пен зорлыққа қарсы бітіспес белдесуге бастай білген де солар. Бұқара қозғалысы сәтті аяқталмағанмен, қалың жұртты қасірет бұлты торлағанмен, бұл сияқты әрбір қимыл – азат өмірге қарай жасаған батыл қадам есебінде әрқашан қымбат.
“Махамбеттің жебесі” романында Әнуар Әлімжанов қазақ халқының тарихындағы айрықша әлеуметтік мәні бар оқиғаларды бейнелеген: сол себепті де өміріндегі осына ірі құбылыс жер шалғайлығына қарамастан басқа ұлт өкілдерінің тағдырына да ықпал етеді (Хиуа, Петербург, Орынбор, Нарынқұм). Көтеріліс әдепкіде шағын сипатта еді: қазақ кедейлерінің Бөкей ордасындағы қанқұйлы езгімен бетпе-бет тартысты. Бірақ жазушы бұл тартыстың тамыры терең, әрі зор көлемге ұлғайып кеткенін сенімді көрсетеді.
46. «Үркер» романындағы Әбілқайырдың ел ішіндегі алауыздықты шешуінен мысал келтіріңіз
“Қазақ-орыс, қазақ-қалмақ, қазақ-башқұрт қарым-қатынастарын, ХҮІІІ ғасыр шындықтарын жазушы дәлді құжаттар, хроникалардан ала отырып, тарихи адамдар образын сахнаға шығарады.
Әбілқайыр бір шытырман ойға батты. Күн ойланды, түн ойланды — бір түйінін тапты. Бірақ, ол жайында ешкімге ләм-мим сыр ашпады. Басын Мырзатай қып, біраз сабау қамшы жігіттеріне көрші Орта жүз ауылдарына ат ізін салдыртып, он екі биден хабар аңдытты. Он екі бидің ордаға жетуіне екі күндік жер қалды дегенде, сый қонақтарға арнап балқашының нәрті кете қоймаған тың тепсеңге үй тіккізді. «Жабағы мен семіз тушадан басқа мал соймаңдар... Уыз қымыз бен жылы-жұмсаққа бағып, жатып жастық, иіліп төсек боп құрметтеп бағыңдар... Мен келгенше қайтып кетпейтіндей болсын», — деді де, айғыр топ нөкер ертіп аңға шығып кетті.
Хан аңға аттанған күннің ертеңіне қыр басынан он екі бидің шошақ бөріктері көрінді. Орда маңы сый қонақтарды құрақ ұшып қарсы алып, ақ боз үй, құс мамық төсекке жайғастырды. Алдарында — жылы жұмсақ, ауыздарында — қысырақтың уыз қымызы. Билер бір күн жатты, екі күн жатты. Ренжиін десе — көрген құрметтерінің кемі жоқ. Жата берейін десе — аңға кеткен ханнан суға батқандай хабар жоқ. Тағы да екі күн тосады, үш күн тосады... Күтушілердің сары қымызды сапырып отырып айтатыны: «Хабаршы кеткен, келіп қалар». Сонымен он екі би ордада жата берді. Хан ұлы түздің құланы мен киігін құртпай қайтпайтындай самиян далада саят құрып жүре берді. Бірақ, ол айналасынан тек аң аңдып қана жүрген жоқ еді. Жағалай жансыз жүгіртіп, өз ордасына да, Арғын ұлысына да құлағын түріп бақты. Көп ұзамай күткен хабары да жетті. Арғын ауылы: «Он екі би хан ордада саржамбас боп әлі жатқан көрінеді. Хан әлі сөйлеспепті», — деп абыржи бастапты. Мұны айтып: «Енді не істейміз?» — деп ақылдасқалы барса, Жәнібек те ауылда жоқ боп шығыпты. Қайда кеткенінен бәрі бейхабар, әйтеуір он екі би жолға шығатын күні оның да асығыс атқа қонғанын біледі.
Мына хабар Әбілқайырдың қабырғасына қатты батты. Оның осы кезге дейін көкірегінде көмбедей қымтап, ешкімге тіс жармай келген бір ойының күлі көкке ұшпаса қайтсін. Атақты батыр құдыққа түсіп кеткендей зымқайым жоқ. Бір күн тосады — ешқандай хабар жоқ. Екі күн тосады — ешқандай хабар жоқ. Енді хан өз ойының орындала қоймасына көзі жетіп, күйзеле бастады. Қап, мына күпілдек Арғындарға құдайдың берудей-ақ беруін-ай. Әлгі он екі би ертең Сарыарқаны бір өздері жаңғырықтырып даурығатын болды-ау тағы да! Оларды енді бұдан әрі тосқызып қойса, іргелес жатқан ағайын жұртпен елдіктен қалар. Бұл он екі биді аңды сылтауратып біраз күткізе тұрмақ еді. Сол екі ортада жалындаған жас батыр қашанғы шыдар дейсің, желпініп өзі де атқа қонатын шығар. Бұған да керегі сол еді. Алдынан шығып, орта жолдан құшақ жайып қарсы алып, төбеге көтеріп, қонақ қылып, бұйымтайын өз аузынан естіп, оны сол бойда орындатып, әбден риза қып шығарып салар еді. Сонда, қанша дегенмен, жас қой, Арғынның пәлен жылдан тізгінін ұстап, ауыздарымен орақ орып жүрген он екі биі, ең болмаса, ханның алдын көре алмай апталап жатқанда, өзі екі ел атысып-шабысып кетердей айқай шаруаны ернін қимылдатып үлгермей жатып, жайғастыра салғанына масаттанбас дейсің бе? Ағайын-жұрт алдында беделін осынша аспандатып берген Әбілқайырға да қатты риза болатын шығар. Сонда Жәнібек желпінгенмен, қалың Арғын желпіне алмас еді. Жел жаққа ұстаған он екі биі мына оқиғаға қуанарын да, қуанбасын да біле алмай, желкелерін қасып қайтар еді. Азуы алты қарыс қалың Арғын баяғыдан бергі бұйда ұстарларына емес, енді ғана ат жалынан тартып мінген жас перендеріне қарыздар боп қалар еді, ал Жәнібек мұның алдында борыштар болар еді. Сөйтіп екі жақтың да мерейі өсіп шыға келер еді. Міне, соның бәрі сорпаның көбігіндей көзді ашып-жұмғанша желге ұшпақшы.
Әбілқайыр енді болмағанда аттың басын ордаға бұрғалы жатыр еді, жалдың басына көк ат мініп көлеңдеп қайын атасы Сүйіндік батырдың шыға келгені. Хан: «Ау, бұл қайдан жүр?» — деп аңтарылып тұр еді, қасындағыларға: «Әрі бара тұрыңдар!» — деп қамшысын бұлғап, өзі мұның оң жақ құлағына ауызын тоса берді.
Сөйтсе, Сүйіндік Табын ауылдарына барып қайтып келе жатып, хан ордаға күн жарымдай жердегі көл табаны астау ойда басын көтермей жайылып жатқан он үйірдей көк ала жылқының үстінен шығыпты. Ен таңбасы Кіші жүздің малы сияқты емес. Жылқы шетінде шалқасынан түсіп бір талыстай жігіт ұйықтап жатыр дейді. Астына көк жона төсеніп, басына сүйек бас ер жастаныпты. Кәрі батырдың іші бірдеңені сезіп, бейсаубат жылқышыны оятпай, хан ордасына да соқпай, аң аулап жүрген ханның қосына тартыпты.
Мұны естіп ап, Әбілқайыр: «Дәу де болса, сол Жәнібек болып жүрмесін. Сәнқой неме деп еді. Айдалада астына көк жона төсеніп, басына сүйек бас ер жастанып ұйықтайтындай ол не қылған жылқышы!» — деп ойлады.
Сүйіндіктің айтқан жеріне қалың қолды тасаға қойып, шағын топпен салып ұрып жетіп келсе, көлдеу ойды шүпілдей толтырып көк ала жылқы жатыр. Жылқы шетінде үстіне өңіріне күміс талшық зер жүгіртіп, боз тайлақтың жүнінен құс таңдай қып тоқыған боз шекпен киіп, астына су жыландай сумаңдаған боз арғымақ мініп, ат жақты, торсық шеке, садақтай иілтіп қап-қара сақал-мұрт қойған бір бейтаныс боз жігіт тұр.
Аңшы киімімен жүрген Әбілқайыр қасындағы төрт-бес жігітпен бейсаубат жүрген кісі бола салып, айдалада жападан-жалғыз тұрған жылқышының жанына жетіп барып, төбеден түскендей қып:
— Ә, Жәнібек, жол болсын! Қайдан жүрсің? — дегені. Боз шекпенді жігіт қапелімде жалтара алмай:
— Әлей болсын! Өздерің қайдан жүрсіңдер? — деді.
— Мен — Әбілқайырмын. Аңнан келе жатыр ек. Жақсы жолықтық. Біздің ордамыз бұл арадан алыс емес, жүріп қонақасыңды жеп кет. Жылқыңа біздің жігіттер қарай тұрар, — деді.
Жәнібекке хан шақыруын қабыл алып, соңына ілеспектен басқа жол қалмады. Әбілқайыр оны ордасына апарып, бір апта қонақ қылды. Ат үстінен аяғын жерге тигізбей түсіріп алды. Кермеден ордаға дейін қалы кілем төсеп, батырдың етігіне топырақ жолатқан жоқ. Кетерінде бұйымын сұрады. Жәнібек жөнін айтты.
— Болсын! Екі ауылыңды ертең жөнге салдырам! — деді хан.
Аттанар алдында он екі биді шақыртып:
— Ал, ақсақалдар, қандай бұйымтайларың бар? — деп сұрады.
Олар:
— Біздің бұйымтайымыз кешегі Жәнібекжанның айтқаны ғой! — десті.
— Ендеше аңның қызығына түсіп, алысқа кетіп қап, көп тостырып қойыппын. Ол үшін алдарыңда айыптымын, — деп әр қайсысына бір-бір арғымақ мінгізіп, үстеріне бір-бір қамқа шапан жапты.
Арғындардың ала шұбар айғыр тобын жолға салған соң, арада бір апта өтер-өтпесте, жел ауыздардың құдайы берсе, енді берген шығар деген кезде Әбілқайыр Мырзатайды тағы да базарға жұмсап, жол-жөнекей баяғы жырық езу жылқышының қосына соға қайтуды тапсырды.
Бір рет дастарқандас болған ескі көзтанысы тағы соққан соң, бұл жолы базаршылап келе жатып, қонып, жаз бойы саумалдан басқа дәм татпай, ауыздары борсып отырған жылқышы ауылды өрік пен мейізге, ақ жүгері мен қызыл тарыға қарық қыла келген соң, жырық езу жылқышының баяғысы баяғы ма, көптен бері тоспасы ағытылмаған тоғанның суындай лекілдей ақтарылды.
— Ай, ай, тіл-ауызымыз тасқа! Әуелден де салымымыз зор тұқымбыз ғой. Бірақ, мырза құдай тап бұл жолғыдай жарылғай алмап еді ғой. Әй, несін айтасың! Жәнібекжанның атқаны тиіп, айтқаны келіп тұр ғой. Ау, ау... жуырда баяғыдан бері Арғынның он екі атасының ақ бұйдасын ұстап, аузымен орақ орып жүрген он екі биі Әбілқайырға барыпты. Сөйтсе, ол ордасында жоқ екен. Сейіл құмар сері хан аң аулап кетіпті. Он екі би әрі жатады, бері жатады. Келетін хан жоқ. Кетейін десе — көріп жатқан құрметтері ағыл-тегіл. Ондай сияпаны аттап, өкпелеген балаша торпаңдап тайып тұруға қияпатынан қорқады. Жата берейін десе — аңның қызығына түсіп алған хан сонау түрікпеннің төріне дейін ұзап кеткен. Қапелімде орала қоймайды. Сөйтсе, он екі би аттанарда Жәнібек оларға: «Егер хан бұйымтайларыңды оңайлықпен бітіріп жатса, таралғысына былтыр қалмақтан айдап қайтқан көкала тұқымнан он айғырдың үйірін тартайық, онда мен он үйірді әншейін бір көп жылқышының бірі боп айдап апарып, кім екенімді білдірмей тайып тұрармын, ал егер Кіші жүз дегенге көнбей кергіп жатса, хабар тез жететін жақын жерде болармын», — деген екен. Сол уәдесінде тұрып, ол үйірді айдап апарып, хан ордадан күн жарым жердегі астау ойда жатып апты.
Хан да бір босқан киік пен құланнан аяқ алып жүре алмастай, түздегі төрт аяқтының не түрі ыңып жүрген жиделі байсын жерге жетіпті. Әлгіндей өріске енді аяқ баса бергенде атының басын кері бұрыпты. Оның мына қылығына қайран қалғанмен амалдары қанша, қасындағы қалың нөкер де жолдарын кес-кестеп жөн жүргізбей келе жатқан түз тағыларына жалтақ-жалтақ қарай-қарай, билеушілерінің соңынан салыпты. Хан ешқайда кідірмей суыт жүріпті. Содан бір күні әлдебір қырқаның басына көтеріле бере қасындағыларға: «Менің алыс жолға шыққанда, алдыма түсіп ап жөн сілтеп отыратын қызыл түлкім бар еді. Анада ойда жоқта тап табалдырығымның астынан сылаң етіп шыға кеп айдалаға қаша жөнелгесін, мен сендерді атқа қондырып едім. Ол қаша-қаша әлгі бір аң ыңып жүрген бейтаныс өлкеден шығарды. Іздеген жерімізге енді келдік-ау дей бергенше, қызыл түлкі жалт бұрылып кері қашты. Содан дәл осы араға дейін бастап әкелді. Мынау қырдың ар жағында көктемде көл жататын астау ой бар еді. Соны қазір тақ толтырып біздің ұлыста тұқымы жоқ көп көкала жылқы жайылып жатыр. Көп жылқының шетінде астына көк жона төсеніп, басына сүйек бас ер жастанып бір бейтаныс жолаушы шалқасынан түсіп ұйықтап жатыр. Оны екі иығынан екі арлан жолбарыс күзетіп отыр. Мені бастап келе жатқан қызыл түлкі сол екі жолбарыстың алдына апаруға жүрегі дауаламай, осы араға келгенде, мына жатқан көп індігештің біреуіне сүңгіп жоғалды. Жігіт әлі ұйқыда. Екі иығында мізбақпай отырған екі жолбарыс оны сыртынан желеп-жебеп жүрер иесі болса керек. Көп ұзамай бесін де ауады. Салқын түсе жігіт ұйқысынан оянар. Ол көзін ашқанда сыртынан сақшы боп жүрген екі арлан жолбарыс та ғайып болар. Сендер осы арада тоса тұрыңдар. Біз барып жөн сұрасып көрейік!» — депті.
Әбілқайыр қасына төрт-бес жігіт ертіп, астау ойдың төбесінен түссе, Жәнібек ұйқысынан шала оянып, манаурап, көзін бір ашып, бір жұмып керіліп-созылып тұр екен. Көзін жұмып қалғанда екі иығынан екі арлан жолбарыстың басы жылт ете қалады да, көзін ашып алғанда, әлгі екеуі қайтадан жым-жылас жоғалып кетеді дейді. Тегін кісі хан бола ма! Жарықтық Әбілқайыр батырды тұңғыш рет көріп тұрса да, бірден танып: «Ау, Жәнібекпісің, қайдан жүрсің, жол болсын!» — деп жабыса кетіп, ордасына апарып, апта бойы қонақ қылыпты. Бұйымтайын сұрап, Таз бен Тағышыны ұзатқан қызындай қып, алдына ақтылы мал салып, көшін қызылды-жасылды қып түзеп беріпті. Он екі би де елге: «Жәнібекжанның арқасында дауымыз айтпай бітті. Жер түбінен барғанда езуді көріп, бір-бір сөйлеп жел тарата алмағанымыз болмаса, басқалай өкініш өкпеміз жоқ», — деп риза боп қайтыпты. Қазір исі Арғын ұзақ жыл шетте жүрген екі ағайынына орталарынан ойып қоныс беріп, қораларынан жырып сауын беріп, қарасып-қамдасып жатқан көрінеді...
Әбілқайырға да керегі осы еді. Әйтеуір, Жәнібек еліне айдарынан жел есіп риза боп барса болды. Әйтеуір, қалың Арғын мұның да тегін кісі емес деп таныса болды. Әйтеуір, бұдан былай Жәнібек бұның аты аталғанда елеңдеп тұрса болды.
Содан біраз уақытқа дейін жаны жай тауып рақаттанып қалған-ды.
“Үркерде” сапардан оралар жолаушыларды күтіп, алаңдап отырған ханның көңіл-күйі мен сан-саққа жүгірген ойы және тура сол сәтте сайын даланың ерке перзенті – құландарды арнайы қазылған орға, оның ішіндегі мың сан істіктерге қаумалап қуып келе жатқан аңшылардан сескенген Итжеместің жайы қоса қабат берілетін, сөйтіп, осылай басталған сюжет роман соңындағы Әбілқайыр монологы арқылы былайшы аяқталады: “Апырау, мынау ат құлағының арасынан қылаңытқан күлдей тозаң шоғыр Үркер ғой! Жарықтық, бұдан ұсақ, бұдан солғын жұлдыз жоқ шығар. Бірақ, соған қарамастан, қаншама самала шырақтар самсаған түнгі аспанда оны көзің бірден шалып тұр-ау! Оның сиқыры неде екен? Әлде жұп ажыраспай бірге туып, бірге батқанынан ба? Жұлдыз екеш жұлдыз да неғұрлым саны аз, неғұрлым жарығы солғын болған сайын жиі тұрмаса, көзге түсе алмайтындарын білген ғой! Өздері неткен ыңғайтөк еді! Жаздың жаңбырлы, құрғақ, қыстың жайлы, жайсыз боларын жұрт осы Үркерге қарап біле қояды. Бәрін алдын ала осы бір шөкім солғын шырақтар сезіп қоятындай. Бәлкім, мынау бірін-бірі иықтап, бірін-бірі төбеден нұқып жатқан әумесер дүниеде аз халықтарға да осы Үркер мінез керек шығар!..”.
Істікке құлап, мерт болған аңқау да аңғал құландар арқылы романның соңындағы Үркер жұлдызының кенеттен жарқырап түн ішінде көрінуі арқылы автор сол бір аумалы-төкпелі заманаға, ондағы қоғамдық-әлеуметтік жағдаяттарға аса ұтымды тәсілмен философиялық реңк беріп тұр.
Қос романның басталуы мен аяқталуы арасында қыруар адамдар бейнесі, мейлі ол Тевкелев болсын, мейлі Кириллов болсын, мейлі “бергеніңе шүкір!” деп тамсанатын Итжемес болсын, мейлі Тайлан, мейлі Бөкенбай, мейлі Жәнібек болсын, - бәрі-бәрі де өз мінезімен, өз түйсігімен даралана бейнеленген. Ішіндегі еңселісі - Әбілқайыр. Табиғат тағдыр-талайына туғанда-ақ жазды ма, әлде Әйтеке бидің бір ауыз сөзі ме, әйтеуір, бұл бай-бағланнан гөрі, батыр жігіттерге, шешен адамдарға жақын жүріпті.
47. «Ақбоз ат» романындағы Біркімбай, Гүлназ характерін тұжырымдаңыз
Біркімбай образының жоғарыда сөз болған Ақбоз атқа қатысты ашылатын көркемдік қырларынан басқа тағы да бірнеше тұлғалық ерекшеліктері қатар көрінеді. Ол ең алдымен – тамырын тереңге жіберген ауыл ақсақалының бар болмыс-бітімі мен қайшылықты тағдырын алдымызға жайып салады. Сондықтан да Біркімбай тұлғасы – көп қатпарлы, күрделі тұлға.
Артық-кемімен көрінетін Біркімбайдың бейнесі оқырманға әрқилы сезім қалдырады. Ең бастысы оның бір қалыптан шыққан, жаттанды, ұнамды бейнеден ауылы алыс. Өзінің өмірден түйгені мол, қыртысты шал оңайлықпен айтқанға көніп, айдағанға жүре беретін жан емес. Осы бейне арқылы, оның өмір жолы, тауқыметті тағдыры арқылы Тәкен ауыл өміріндегі тағы бір мәнді мәселе – мал шарушашылығы, оның ішінде жылқы шаруашылығы мәселесін тереңнен қопарып көрсету арқылы ұлттық болмысымызға терең бойлайды.
Ақбоз ат, оның шыққан тегі, ұрпағы, өткені мен болашағы туралы айтылатын ой-толғамдар түптеп келгенде қазақ қоғамының, қазақ жұртының ұлттық рухқа бойлаған көкейкесті мәселесіне келіп тіреледі. Малсыз қазақтың күні жоқ. Оның ішінде төрт түліктің асылы, ардақтысы жылқы туралы әңгіме қазақ рухына, қазақ жүрегіне етене жақын. Осы өзекті мәселені, яғни жылқы тағдырын, оның бүгіні мен ертеңін қаламгер адам тағдыры арқылы астастыра, сабақтастыра танытудың ұлт өмірімен тамырлас екенін жақсы білген.
Тұлпарлар тағдыры ел, жер тағдырымен қабысады, халықтық мәні бар, ұлттық мүддені көтеретін мәселеге ұласады. Тұқымы асыл жылқы үшін жаға жыртысқан, талас-тартысқа түскен ауыл адамдарының психологиясын Тәкен тартымды оқиғалармен сабақтастыра отырып саралайды.
Дегенмен де, романның жетекші кейіпкерлерінің бірі Шіркімбайдың аузымен айтылатын, осы кейіпкердің ой-толғаныстары арқылы шым-шымдап оқырманға жететін негізгі оқиғалық желі – Гүлнәш – Біркімбай тарихы, осылардың тағдыр соқпағы тарам-тарам әңгіменің өзегін құрайды. Осы әңгіме романның басты тақырыптық-идеялық ауанын анықтайтын жолды да белгілейді. Бұл арнаның басты құндылығы неде? Басты құндылығы осы арнада негізгі, жетекші кейіпкерлердің өмір-тағдырының шынайы көрсетілуі. Негізгі авторлық мақсаттың жүзеге асуы. Жазушы “Шіркімбай екі болыс елді дүрліктірген Ақбоз аттың әңгімесін шертіп келе жатыр. Ұстамды Елеусіз сырмінез болмаған сапарласының көңілген қонған сөздерін ғана қабыл алады”, - деп келеді де, ары қарай енді тікелей осы Ақбоз ат тағдырының қия-қалтарыстарына назар аударып, оны адам тағдырымен астастыра, сабақтастыра баяндай бастайды. Сонда бір ғана тұлпардың төңірегіндегі оқиғалар тереңдей келе қомақты қоғамдық, әлеуметтік мәселелердің көтерілуіне мұрындық болады.
Біркімбайдың туған інісі Шіркімбайдың аузымен айтылатын сөзде Гүлнәштің Ақбоз атқа қалай айырбасталып кете барғандығы туралы сырдың ұшығы байқалады. Ол: “Біздің де ат жалын ұстап міңгіміз, аз күнгі тіршіліктің қоңырқай қызығын кешкіміз келеді. Ал, ағаның арманы (туған ағасы Біркімбайды меңзеп отыр) одан да әрі болатын. Ол жалғыз қызы Гүлнәшті сіргелінің ең ірі шонжары Шоңбайдың баласына атастырғанда Ақбоз ат арқылы атағын жалпақ елге жаймақ болған”, - деп келеді де, ары қарай Шоңбай мен Біркімбайдың құда болу тарихынан қызғылықты, қалтарысы қалың, ең бастысы тұлпарлар тағдырына көбірек соғатын ұзын сонар әңгіменің тиегін ағытады.
Шоңбайдың бірнеше жыл бойы бәйгенің алдын бермейтін екі тұлпары: Торыалаяғы мен Ақбозының төңірегінде жалпақ елге жайылған атақ-даңқтың, алып-қашпа сөздің ұзын ырғасы келіп Біркімбайдың Ақбоз атқа құлай құмартуына ұласады. Ақбоз аттың тізгінін уысына түсіруді армандаған Біркімбай ел құлағын елең еткізген іс-әрекетін жүзеге асырады. Туған перзенті, жар дегенде жалғыз қызы Гүлнәшты Ақбоз аттың бір құны үшін Шоңбайдың балалы-шағалы ұлы Асылбекке әйел үстіне күйеуге шығуға қияды. Осылай тұлпар тағдырына енді Гүлнәш тағдыры сабақтасады.
Асыл тұлпардың тұяғына туған қызының тағдырын қиып жіберген Біркімбайдың әрекетінде не сыр жатыр? Тұлпар дегенде ішкен асын жерге қоятын, жалғыз жүрегін суырып беруге дайын тұратын қазақ мінезі ме?
Жас баласын “құлыным” деп ардақтайтын, аялайтын қазақ санасы малын да перзентіне балаған ғой. Біркімбайдың да бір мінезін осы тұрғыдан бағамдасақ, бұл іс-әрекет өмірлік шындыққа сияды. Ақбоз аттың тағдыры осы тұста келеді де, енді Біркімбай тағдырымен астасады. Қазақ үшін төрт түліктің ең асылы, ең қимасы саналатын жылқы малының ең өміріндегі мәні мен маңызын қаламгер тереңдей тартып келеді де өзінің көңілінде түйгенін, тіршіліктің сырынан көрген, ұққан жайларды арна-арнамен баяндап береді.
Ел өміріндегі сан-сала көріністер, колхоз, совхоз тірлігі, малшылар тұрмысы, барлығы енді Біркімбай, Гүлнәш төңірегінде өрбиді. Бір тұлпардың тізгінінде тағдыры байланып, өмір соқпағына түскен балауса Гүлнәш кейіннен, өмір өткелдерін артқа тастап, енді буыны бекіген, оңы мен солын таныған, ысылған, өзі де бір қауым елге бас-көз болуға жарап қалған қалпын танытады. Кейіпкердің өсу жолын қаламгер шынайы танытады. Гүлнәштің өмір жолы қыр-сырымен көз алдыңнан өтіп жатады. Қыз Гүлнәштің ана, жар Гүлнәшқа айналуы табиғи түрде, арналы, ағысты көрінеді.
Қаламгер романның келесі тарауларында тұлпар тағдырынан бірте-бірте алыстап, енді әке мен бала, ел мен жер тағдырына қарай ойысады. Өмір, тіршілік сыры туралы терең толғамдар, оралымды ойлар осы желіде үнемі алдымыздан шығып отырады. Біркімбай мен Гүлнәштың өмір-тағдыры төңірегіндегі тума-туыс, көрші-қолаң, ел адамдары, бір сөзбен айтқанда тіршілік қазанында тоқайласып өмір кешіп жатқан тұтас бір қазақ қауымының бейнесі бой көтереді, бар болмыс-бітімімен көз алдымызға келеді.
Тәкен Әлімқұлов нақты бір тарихи кезеңнің шындығын ел ішіндегі ең бір көзге түсе бермейтін, мен мұндалап айқайлап тұрмайтын терең иірімдерді бейнелеуге ат басын тіреген. Қазақ халқының ғасырлар бойғы бірден-бір тіршілік тірегі болып келген мал шарушылығы, оның ішінде жылқы малының ел тағдырында, адам тағдырында алатын орнын өзіндік қолтаңбамен өрнектеп бере алған.
Роман тұтаса келе күллі қазақ ауылының тарих көшінің бір тұсындағы, бір белесіндегі жиынтық бейнесін алдымызға тартады. Адамдар тағдыры, тұлпарлар тағдыры арқылы көрінетін бұл жиынтық бейне түптеп келгенде тарихи-әлеуметтік, қоғамдық шындықтың бетін ашады. Адам мен қоғам, қоғам мен ел, жер арасындағы мәңгілік байланыс, тынымсыз қарым-қатынас қаламгер мақсатына, яғни көркемдік мақсатқа мінсіз бағындырылған. Жазушы осы мақсат жолында өзіндік суреттеу тәсілдеріне, өзіндік көркемдік әдістеріне қол тартқан, арқа сүйеген.
Жалпы жазушы шығармашылығын тереңдей, зерделеп қарасақ, Тәкен осы аталған романында болсын, немесе басқа туындыларында да бір сөзді, бір сөйлемді де жорамалға сүйеніп жазбаған. Дәлелсіз, дәйексіз дүниенің орға жығатынын білген. Осы сияқты қызықты, қазыналы деректерді қаламгер “Қош бол, Абсент!” шығармасында да тартымды желілерге байлайды.
“Төрт түліктің ең ақылдысы жылқы болса, жылқының ең ақылдысы – бишісі”. – деп келеді де, жазушы, адамнан музыканы артық түйсінетін жылқылар бар екенін айтады. Тәттімбеттің ақбоз аты домбыраның сазына орай билеген, Балуан Шолақтың аты қаңтарусыз тұрса, Ақан серінің қосалқы аты (Мақпалқара) соңынан қалмай еріп жүрген. Осы тарихи деректердің барлығын қаламгер халықтың өзінен алған, жинаған, ұзақ жылдар саралаған. Көп деректер жиналғанда бір түйінге тоқтатқан.
Тың, жарау, асау кезінде Абсент те мақпалдай қара болған. Азған, арыған, ашынған тұсында, бір кезе желмен жарысқан Абсент, Бұл күнде қаракер тартқан. Бұл туындыда да жазушы Абсенттің құлынында қызыл болғанын, одан қызыл-күрең, одан алқара көк тартып, мақпал қараға айналғанын суреттейді. Бұл тұяқ туғаннан бәйгеге жарамай бишілікке жаралғанын тарам-тарам, терең оқиғалар, баяндаулар, суреттеулер арқылы сезімді тербеп, мұңмен аяқтайды. Осылайша, жазушы жүйріктің мүсініне, тегін, түсіне, мінезіне осы салада арнайы маманданған кәсіпкерден артық баға береді.
Жылқының, жүйріктің қасиеттері туралы осы сарындас ойлар жазушының “Ақбоз ат” романынан бастап, тұлпарлар тағдыры туралы кейінгі шығармаларының бәрінде көрініс табады.
48. «Сайтан көпір» повесіндегі ауыл адамы характеріне мысал келтіріңіз Жұлдыз
«Сайтан көпір» повестіндегі негізгі ой-идея Жақсылық пен Жамандықтың бітіспес күресінен тұрады. Жамандықтың адам баласына жасар зұлымдық, қастандық іс-әрекеттерін Анау, Айқай, Жаңғырық атты астарлы символдық бейнелермен сәтті суреттеп шыққан. Повестегі Аспан образы қаншама қиындықтарға тап болса да, тағдыр тәлкегінің асау бұралаңдарын жеңіп шыққан кейіпкер.
Оралхан Бөкейдің «Сайтан көпір» повесінде жерді көк мұз құрсап, жоқшылық жайлаған бір кезеңде Аспан жылқыларды сайтан көпір арқылы айдап өтпек болады. Кенет тұлабойды тітіркентер үрейлі айқай естіледі. Бұл айқайдан кейін ешкім сайтан көпірден аман өтпеген екен. Бұл жолы да солай болады. Көпір опырылып құлап, малшы күркіреп жатқан көлге құлайды. Абырой болғанда, аман қалады. «Бастан құлақ садақа» деп екі аяғынан айырылады. Осылайша, табиғаттың перзенті табиғаттан тауқымет тартады. Бірақ, басына түскен азапқа мойынсынбайды. Бұл жерді жеті атасынан бері жайлап келе жатқан жұртшылық табиғаттың таңғажайыбына тамсанумен бірге, оның қатаң мінезіне де қыңқ етпеген қайсар жандар. Сурет-иллюстрацияда қым-қиғаш қаракетті көруге болады. Қар көшкіні кезінде шыр айналып, көлге құлап бара жатқан Аспан. Болған сұмдықтан жүзі әлемтапырық болып кеткен оның жанайқайы тауды жаңғырықтырады. Әне-міне жұтып жіберердей өзіне жөңкіліп келе жатқан қар көшкіні кезіндегі кейіпкердің жай-күйін суретші шынайы жеткізе білген. Шиеленісті сәтті қою қара түспен көрсетіп, адам мен жылқының өмір мен өлім арасындағы арпалысын сызықтарды орайластыра түсіру арқылы бейнелеген. Адам мен табиғат апатының қарсы келуін ақ пен қара түс арқылы жеткізген. Мынау жалғанда адамзат бүкіл жаратылыс пен құбылысты өзіне еш табындыра алмасы хақ. Шығарма құрылымында жоғарыдан жөңкіліп келе жатқан жойқын қар көшкінін, бірақ оның әлі де Аспанға жете қоймағанын көруге болады. Бұл дегеніңіз кейіпкердің әлі құтылуға мүмкіндігі, үміті бар екенін білдіреді. «Аспан бар күшін жинап, отырды. Ақ көрпеге оранған таулар жан-жағынан қоршап, ақ сәлделі алып ағаштардың басы бейне бір жаназа оқуға жиналғандай төмен иілген.
– Қош болыңңңң-даррррр! – деп Аспан дауысын соза айқайлады… Оны іздеп шыққандар дәл осы айқайы арқылы тапты». Суретшінің пластикалық-болмыстық шешім өткірлігі, кеңістікте кез келген түрді пайдалана алу мүмкіндігі, повестегі әр сөйлемнің астарын графикамен бейнелеу айшықтығы шығарманың шиеленісті сәтін тап басуға мүмкіндік берген.
Шығармада жоғарыда айтқан Жақсылық әлемінің көрінісі, үлгісі Аспан бейнесі арқылы берілсе, Жамандық дүниесі – Жаңғырық, Айқай, Анау. Осы жерде мынадай бір ой келеді. Жақсылықтың (адалдық, әділдік, шындық) қашанда беті ашық, жүзі жарқын, еңсесі биік, оны ешкім де, ешнәрсе де көлегейлеп өшіре алмайды. Сондықтан да ол повесте нақты адам – Аспан бейнесінде көрініп отыр. Ал Жамандықтың (зұлымдық, қараниеттік, арамдақ, мансапқорлық) жүзіқара, алпыс айлалы. Ол көбіне қылмысты жасырын айлатәсілмен істейді. Үстіне ешкім танымастай қара шапан жауып келіп, Жақсылықты арттан шалуға тырысады. Оның нақты кім екенін кейде түстеп тани да алмайсың. Мына шығармада оның – Жаңғырық, Айқай, Анауболып көрінуі де сондықтан.
Оралхан Бөкейдің «Сайтан көпір» повесінде ауыл адамының характері көп қырлы, өмірдің түрлі қиыншылықтарын жеңуге талпынатын мінез-құлықтары арқылы сипатталады. Ауыл адамдары үшін күнделікті өмірдің өзі күреске толы, және олардың мінез-құлқы сол күреспен тығыз байланысты. Бұл шығармада ауыл адамының батылдығы, сенімі, және қиындықтарға төзімділігі ерекше орын алады.
1. Үзінді: «...Өмірінде ештеңе өзгертпеген ауыл адамы үшін осы көпірді арсыздық пен жауыздықтың символы деп қабылдау қиын болды. Ол ұзақ уақыт бойы сол көпір арқылы өтпейтін еді, бірақ оның өз жолы, өзінің айнасы болғандығын да сезінді.»
Бұл үзіндіде ауыл адамының өмірге деген түсінігі мен өз дәстүрлерін сақтауға ұмтылысы байқалады. Көпір ауыл адамы үшін тек физикалық өтпелі орын ғана емес, сонымен бірге моральдық және рухани таңдау жасайтын жер болып табылады. Ауыл адамдары өздерінің өмірлік құндылықтарын сақтап қалуға тырысады, бірақ олар жаңа өмірге қадам басуға да дайын болулары мүмкін.
2. Үзінді: «Ауыл адамдары бір-біріне бауырмал, қолдаушы болып келетін, бірақ олар да өздерінің әртүрлі қақтығыстарын іштерінде сақтайтын, сыртқа шығаруға қорқатын. Бәрі де өздерінің еңбектерімен, қарапайымдылығымен өмір сүруге тырысты.»
Бұл үзіндіде ауыл адамының қарапайым, бірақ күрделі ішкі дүниесі көрсетіледі. Олар бір-біріне қолдау көрсетіп, қиыншылықтарды бірге жеңуге ұмтылады, бірақ сол жерде тұрған шындықтар мен олардың ішкі сезімдері көп уақыт бойы жасырын қалады. Ауыл адамының мінезі осындай қарапайым әрі күрделі қабаттардан тұрады.
3. Үзінді: «Қарапайым халық үшін көпір – адам мен адам арасындағы байланыс, оның ішінде әркімнің өзін-өзі таба алатын бірден-бір орнындай. Бірақ сол көпірдің жанында өтіп бара жатқан адамдар үшін оның тағдыры көп жағдайда белгісіз еді.»
Бұл үзіндіде ауыл адамының рухани сипаттары мен өмір сүру философиясы айқын көрсетілген. Ауыл адамдары көпір сияқты жай ғана зат емес, оны өмірлік символ ретінде қарастырады. Олар көпірді өздерінің өмірлері мен байланыстарының белгісі ретінде түсінеді. Адамдар арасындағы байланысты сақтап қалу мен бір-біріне деген сенімділік ауыл адамының мінезінде үлкен орын алады.
49. «Жабайы алма» повесіндегі идеялық-көркемдік ізденістерден мысал келтіріңіз
Қанат пен достары күн сайын жабайы алманың саясына келіп таңнан кешке дейін ойнайтын. Бірақ балалар ауыл жұртына белгілі «Көкінай» атты иттен қорқатын-ды. Бірнеше жыл әлгі ит жабайы алманың жанындағы үңгірді мекен етеді. Қан майданға аттанған Бәсеннің тазысының киесі бар еді. Бір күндері күшіктеріне азық іздеген «Көкінай» Бүбітай есімді әйелдің үйіне кіріп, сүтін төгіп, нанын алып кетеді. Кейіннен ашуға булыққан қарулы әйел «Көкінайдың» күшіктері жатқан үңгірдің аузын көміп тастайды. Осыдан кейін күшіктерінен айырылған тазы ауылдан мүлдем жоғалып кетеді. Арада біраз уақыт өткеннен кейін тау бөктеріндегі жабайы алма уылжып пісе бастады. Бір топ бала талды жағалай алма теріп жүрген еді. Бір кезде ойын баласы Сыпатай кәрі ағаштың ұшар басына шыға бергенде жерге құлап түсті. Биіктіктен құлаған бала сол мезетте жан тәсілім етті. Сыпатай Бүбітайдың ұлы еді. Осылайша, кезінде жеті қазынаның бірі – тазыға қиянат жасаған ана ұлынан көз жазып қалды. Иттің киесіне ұшыраған Бүбітай баласын жоқтап, жынданып кеткен болатын.Бірінші бөлімде балалардың соғыс уақытындағы қиындықтары мен қызықтары ерекше баяндалады. Өздерінен ересек келген Әжібекке ерген олар талай қиындықты еңсеріп шығады. Соғысқа кеткен әкесінен «қара қағаз» алған Қанат анасы Бағила мен әпкесі Назираға тіршілік істеуге болысатын. Бағила бастаған қыз-келіншектер қырман мен егістік басынан табылады. Үйге қас қарая келетін немесе қонып қалатын бұларға балалар да қосылды. Жоғарыдан келген межені орындау үшін балалар пішен орды. Әйелдер масақ теріп, егінді шашпай-төкпей жинауға міндеттелді.Әрине, соғыс жылдары әрбір отбасында жоқшылық белең алды. Ақиқатында бір алақан тарыны балалары үшін ұрлап әкелетін ауыл әйелдері жазықсыздан сотталып жатты. Балалардың буыны қатайып, талай ауыртпалықты көтере білді.Шығармада соғыстан жаралы оралған Ырысбектің тағдыры әсерлі бейнеленеді. Құдай қосқан зайыбы өзгенің әйелі болуы жанына аяздай батады. Ырысбек ауыл балаларын қайсар жүректі, мықты болып тәрбиеленуі үшін әскери тәртіпке үйретеді. Сонымен бірге Ырысбектің бірнеше әйелге үйленуі, тылдағы еңбекке араласуы жақсы суреттеледі. Соғыс тұсындағы балалар өмірі расында аянышты еді. Назира мен Тоқтардың махаббаты да баянсыз аяқталады. Повесть желісінде ауыл өміріндегі маңызды рөлге ие қариялардың әкесіз, шешесіз қалған балаларды жеткізуі өте әсерлі көрініс табады. Мәселен, «майданға астық жіберемін» деп жүргенде әлдебіреулердің соққысынан қаза тапқан Бағила нағыз ер мінезді еді.Әке-шешесінен айырылған Қанаттың кейінгі өмірі шығарманың екінші бөлімінде суреттеледі. Тек әжесі мен апасына арқа сүйейтін бозбала зорлық пен зомбылықтың, асқан жауыздықтың куәгері болады. Жетімдіктің кермек дәмін татқан ол ерте есейеді. Өзінен кейінгі бауырларына тілеуқор, қамқор болу керектігін сезінеді. Қанат пен достары мектеп қабырғасында сабақ оқып жүріп, елі үшін, Отан үшін қызмет етті. Осылайша, соғыс жылдарында ата-анасынан айырылған балалардың өмірі, қыз-келіншектердің тағдыры оқырман жүрегінен жол табатынына сенеміз.Қытымыр қыстан аман шыққан ауыл халқы жеңіс көктемін қарсы алды. Барлық қияметті күндер артта қалған еді.Бір кітаптың мазмұнын толық шолу мүмкін емес. Десе де кейбір үзінділерді келтірдік. Бұл арқылы соғыс жылдарындағы балалар көрген қиямет, сол кезеңдердегі ауыртпалықтар шығармада көркем суреттелген. Автор осы шығарма арқылы сол кезеңді нақты бейнелеген. Бұл – автордың көркемдік шеберлігі. «Жабайы алманы» оқып отырып, өзіңізді сол кезеңге кіріп кеткендей сезімде болып, сол балалардың қиындықтарын бірге сезінесіз. Алайда өткен шақты бүгінгі күнмен салыстыруға келмейді. Ондай кезеңнің қайта келмеуін тілейміз
50. «Жусан иісі» повесіндегі ұлттық тұлға жасау шеберлігіне мысал келтіріңіз
I бөлім
Кішкентай Аян жастайынан шешесінен айырылып, әжесімен бірге бір ауылға көшіп келеді. Осы ауылдың балалары ойнап жүріп жаңа баланы кездестіреді. Балалар Аянмен тез достасып, Аян екінші атаман атанады. Ол ақкөңіл,ақылды бала болған. Негізі ол ешкіммен төбелеспейтін бала еді. Бірақ бір күні Есікбай Аянға өзі тиісіп, төбелесе бастады. Бәрібір соңында Аян барлық күшін жинап, жеңді. Аян мектепте де өзінің зеректілігін бірінші күннен бастап көрсетеді. Ол ең бірінші хат танып, балаларға көмектескен. Бірде Аян өрісте мал қайырып жүріп тобығы тайып, одан кейін аяғы тайғыш болып қалды.
II бөлім
Бұл бөлімде Аянның әжесінен айырылғаны, ертегілері баяндалады. Әжесі қайтыс болғаннан кейін оны Бапай атты туысы асырап алады. Бірақ оған дұрыс күтім жасамайды. Әжесі өмірден кетсе де, баланың қамықпауы бәрін таң қалдырады. Балалар күнде оның ертегісін тыңдауды әдет қылдырған. Ауа райы суық болса да Аянның ертегісін өткізуге болмайды. Ол күнде бір ертегі ойлап тауып, күннің батқанын күтіп, бәріне айтып береді. Оның ертегісінің қызық болғаны соншалық, оның ертегісін тыңдаған балалар ертегіге кіріп кетеді. Бұл кезде олар соғыстағы аға-әкелерін естеріне түсіріп, оларды тауып алып, бірге соғысуды армандайды.
III бөлім
Аянның мінезі өте қызық еді. Бірде ол тұйық мінезді, бірде өзін мүлде танымай қаласың. Ол көп ойынға араласа бермеуші еді. Бірақ осы кеште ол бәрін таң қалдырады. Оның шанасына қанат біткендей болады. Осыны көріп Сайын Мұратбеков онымен бірге шана тепкісі келеді. Ол үйде шанасын іздеп жатқанда, әжесі оны ұстап алып, төсегіне жатқызады. Осы кештен кейін Аян дағдылы шана тебетін болды. Ол балаларға ертегісін айтып, тәмәмдаған соң, біреуімізден шана сұрап, сырғанақта жападан жалғыз түнге дейін ойнайтын болды. Бір күні барлық ауыл балалары Аянның ертегісін тыңдауға жиналғанда, Аян көкесінің, өзінің киімінен жусанның иісі шығатынын айта бастады. Оның көңіл- күйі өте жақсы еді. Одан соң балалар Аянға шана беру кімнің кезегі жөнінде килігеді. Аян осы түні ерекше қызықты: бір көзді дәу туралы ертегісін бастайды. Барлық балалардың үрейлері ұшады. Сөйтіп отырғанда шөптің арғы жағынан өрт шығады. Балалардың барлығы қора үстінен секіріп, қаша жөнеледі. Ең соңында Аян қалып қойып, қора үстінен секіріп жатқанда аяғын ауыртып алады. Осы кезде ауыл бригадирі Тұржан келіп, Аянды соққыға жығады. Ауыл адамдары Тұржанға наразылық білдіреді. Осыдан кейін Аян аяғынан тұра алмай төсек тартып, жатып қалады. Біраз уақыт өткеннен кейін Аян жазыла бастайды, бірақ ол енді бұрынғыдай мүлде ойнамайтын болады.
IV бөлім
Бөлімнің басында, әжесі қайтыс болып, Бапайдың қолына түскен Аянға, оның досы келеді. Аян қуанып өз ертегісін бастайды. Ертегісі «Баяғыда бір жетім бала болыпты…» деп басталушы еді. Бапай да, оның әжесі де олардың әңгімесіне құлақ салмайтын. Бірақ бусанған қарт рақаттана кекіріп қоятын да «Енелеріңді ұрайын, осы екеуінің-ақ сыбыр-күбірі бітпейді екен, ә. Қыз алып қашқалы ақылдасып жүргеннен саусыңдар ма-ей?!» деп әзілдейді. Бір күні балалар екіге бөлініп қар атқыласып ойнамақ болды. Бұл ойынға Аян да қатысқысы келген. Лезде жүгіре алмайтындығынан атаманның екеуі де оны алудан бас тартты. Бұған ашуланған Аян Асылбек шалдан тобығын салып беруді сұрайды. Асылбек шал баланың өтінішін орындайды. Бірақ, амал не, Аян мұнан кейін де тобығын тайдырып алады. Бұл – көктем кезі еді. Сонда Аян өгіз айдап өгізден домалап түскен кезде тобығы тағы тайды. Кейін Аянды балалар үйіне жібереді. Аян халықпен қоштасып «Мен әлі бәріңе де хат жазып тұрамын» деп кетеді.Сайын Мұратбеков – қазақ прозасының шебері, адам жанының нәзік сезімдерін бейнелеуде ерекше стиль қалыптастырған жазушы. Оның «Жусан иісі» повесінде басты кейіпкердің жан дүниесі мен тағдыры арқылы ұлттық болмыс терең сипатталады.
1. Басты кейіпкер Аянның ұлттық тұлға ретіндегі образы
Аян – қазақ халқының ұлттық рухын, қайсарлығын, әрі нәзік жүрегін көрсететін кейіпкер.
Жетімдік пен қайсарлық: Аян – тағдырдың тауқыметін ерте тартқан бала. Әкесінің соғыста қаза болуы, жетімдіктің азабы – соғыс кезіндегі мыңдаған қазақ баласының ортақ тағдыры. Бірақ Аян ешқашан мұңайып, өмірден түңілмейді, ол қайсар, жігерлі тұлға ретінде көрінеді.
Ертегіші бала: Аянның ертегіге құштарлығы, өзі ойдан шығарған әңгімелері арқылы оның арманшыл, шығармашылыққа жақын, ұлттық дүниетанымы бай бала екені көрінеді. Бұл қасиет – қазақ халқының ертегіге, ауыз әдебиетіне деген сүйіспеншілігінің көрінісі.
Жусанның символикасы: Жусан – туған жердің, балалықтың, тазалықтың иісі. Аян үшін жусан иісі – туған жерін аңсаудың белгісі ғана емес, оның өмірге деген үмітін сақтаушы рухани күш.Сайын Мұратбеков шығармасы қазақтың ұлттық құндылықтарын нәзік жеткізеді.Ауыл өмірі: Аянның ауылдағы балалық шағы қазақы ортадағы тәрбиенің, қарапайым өмірдің суретін береді.
Қарапайымдылық: Аян да, оның айналасындағы кейіпкерлер де қазақтың қарапайым, мейірімді, еңбексүйгіш адамдарын бейнелейді.
Аян – ұлттық болмысты толық көрсететін кейіпкер. Оның қарапайымдылығы, өмірге деген сүйіспеншілігі, жақындарына жанашырлығы – қазақ халқының өмірлік құндылықтарын бойына сіңірген адамның сипаты.
51. “Ақ боз үй” романындағы екі типтік характерге талдау жазыңыз.
Смағұл
Елубай «Ақ боз үй» роман
–трилогия
I.«Ақбозүй»
II«Мінәжат»
III.
«Жалған дүние» деп аталатын үш бөліктен
тұратын роман желісі 20 ғасырдың бас
кезіндегі халықтың басынан өткерген
зорлық-зобалаң, аштық тақырыбында
өрбиді.
Бірінші
бөлімінде басты кейіпкерлер Пахраддин,
Әзберген,Хансұлу, Шеге,Қозбағар
бейнелерімен бір-біріне қарама-қарсы
тап өкілдерінің арасындағы талас-тартысқа
нүкте қойылған «бай- кулактарды» қуғындау
іс-әрекетімен роман шымылдығын түреді.
Аузы дуалы, бай, елдің ұйытқысы болып
отырған Пахраддин қаладан керуен артып
келе жатып інісі Әзбергенмен шекісіп
қалады. Сондағы себеп Пахраддин кеңес
өкіметінің орнауына еш қарсылық
білдірмей, керісінше «малым жанымның
садағасы» деп қолынан келгенін өкіметтен
аямауы сотқар да, долы Әзбергеннің
шамына тиеді. Өкіметке берілмей,
елдігімізді сақтап қалайық деп жаңа
заманның тууынан қашуы кертартпалық,
мал бағып қана өмір сүретін сахара
тіршілігін аңсауы ақыры ағайындылар
арасына сызыт түсіреді. Нелер заманның
куәсі болған Асан Қайғыдай ел кезіп
жүретін Лабақ ахун теріс кеткен заманды
ұнатпайды. Көші- қонмен ғана күн кешіп
жүрген халықты тез арада бірлестікке
қабылдап, колхоздастыру жұмыстарын
жүргізу елгезек құр айқайшылдардың
ермегіне айналды. Ондай өзгеріске дайын
емес халық бірден үдере көшіп, бас
сауғалап, күн көруге зар болды. «Бай»
деп қуғынға түскен Пахраддин басын аман
алып қалғысы келгенімен іштей ірітіп
жүрген қулар жеке бастарының күншілдігімен
оны ақыры қуғынға ұшыратады. Белсенділердің
асыра сілтеуі әсерінен халық аштықта
қалып, күн көріс үшін бас сауғалап
талан-таражы шыққан ауылдың жұты ғана
қалып, ақыры босып Түрікменстан,
қарақалпақ жағына созылған құмдар
арасында аштықтан қырылған халықтың
ауыр тұрмысы сөз болады. Кеңес өкіметін
орнатуға бел шешіп кіріскен Шегеге де
кулактың қызы Хансұлуға үйленді деп
айып тағылып түрмеге қамалады.
Автордың
үміт күттірген жаңа заманның жаршылары
болған Шеге мен Ждақай бірінші бөлімде
тек балаң жігіт ретінде көрініс табады.
Ал екінші бөлімде нағыз тартысқа түскен
арландарға айналады. Пахраддин мен
Сырға құмдар арасында шөп-шалам жеп
бұралып қаза табады. Әрең аман қалған
Хансұлу Шеге түрмеден қайтқан соң жаңа
өмір бастайды. Едәуір саясаттан хабары
бар, әрі көргені мен білгені көп Шеге
түрмеден қайта оралғанда жасында жолдасы
болған Ждақайдың ішін араздық құрты
кеміре бастайды. Шопан болып тыныш
тіршілік құрып жүрген Шегеге Ждақай
ақыры жала жауып, Сұржекейді ықтап
Сібірге жер аудартады. Ақ жаулығы
желпілдеп анасы жылап, әйелі боздап
қала береді. Талай қыспақта батылдық
көрсеткен Хансұлу қазақ әйелінің тамаша
шыдамдылығы мен арлы бейнесінің жиынтығы.
Смағұл Елубайдың «Ақ боз үй» романындағы кейіпкерлерге талдау
Пахраддин мен Хансұлу – қазақ халқының тарихи кезеңдеріндегі екі түрлі типтік образды бейнелейтін кейіпкерлер. Олардың әрқайсысы романдағы маңызды идеялар мен тақырыптарды ашып көрсетуде ерекше орын алады.
1. Пахраддин – ұлттың тірегі болған дәстүрлі тұлға
Пахраддин образы арқылы жазушы қазақтың дәстүрлі көшпелі өмір салтын, байырғы елдік болмысын суреттейді.
Пахраддиннің сипаты мен мінезі:
Аузы дуалы тұлға: Пахраддин ауылдың бас көтерері, елдің ұйытқысы, ақылшысы ретінде көрінеді. Ол малға бай болғанымен, шенділер мен шолақ белсенділерге қарсы айла-шарғысы жоқ.
Кеңдік пен сабырлылық: Кеңес өкіметінің жаңа тәртіптеріне «малым – жанымның садағасы» деп көндіккенімен, бұл шешімі інісі Әзбергенмен арада үлкен шиеленіске алып келеді. Пахраддиннің бейнесі қазақтың дәстүрлі билері мен рубасыларының соңғы өкілдеріндей көрінеді.
Құндылықтарды қорғаушы: Кеңес өкіметінің бассыздықтарына мойынсұнғанымен, ол рухани құндылықтарын сақтауға тырысады. Бұл оның дәстүрлі қазақ қоғамының символы екенін көрсетеді.
Пахраддиннің трагедиясы:
Кеңес өкіметінің қатаң саясаты, ел ішіндегі бақастық пен іштарлық Пахраддинді қуғын-сүргінге ұшыратады.
Қуғындалған бай ретінде, елдің дәстүрлі тірегінің құлдырауы оның өлімінде көрініс табады. Ол құм ішінде Сырғаның қасында аштықтан қаза табады.
Символдық рөлі:
Пахраддин – қазақ халқының ұлт болып қалу жолындағы күресін, рухани және әлеуметтік өзгерістердің қиындықтарын көрсететін тарихи типтік образ.
2. Хансұлу – қазақ әйелінің төзімділігі мен рухының символы
Хансұлу – романдағы ең күрделі әрі маңызды әйел образы. Ол арқылы автор әйелдердің қиындықтарға мойымау, төзімділік пен қайсарлық қасиеттерін ашып көрсетеді.
Хансұлудың сипаты мен мінезі:
Сұлулық пен парасаттылық: Хансұлу – бай-кулактардың өкілі болғанымен, әділдікке ұмтылған, парасатты жан. Оның мінезі жұмсақ, бірақ қиын сәттерде қайсарлық таныта біледі.
Махаббат пен адалдық: Хансұлу Шегеге тұрмысқа шығады, бұл кеңестік саясатқа қайшы әрекет ретінде бағаланып, айыпталады. Бірақ Хансұлу өз махаббатына адал, барлық қиындықты бірге көтереді.
Шыдамдылық: Хансұлу қуғын-сүргіннің ауыр кезеңінде, аштық пен күйзеліс жағдайында өмір сүрсе де, рухын жоғалтпайды. Оның шыдамдылығы – қазақ әйелінің рухани беріктігінің көрінісі.
Хансұлудың трагедиясы:
Шеге түрмеге қамалғанда, Хансұлу отбасының тірегі болып қалады. Оның күресі жалғыздық пен қиыншылыққа төтеп беру арқылы көрінеді.
Шеге Сібірге жер аударылғанда, ол отбасы үшін күресті жалғастырады, бірақ өмірі қасіретке толы болып қала береді.
Символдық рөлі:
Хансұлу – қазақ әйелінің образы. Оның сабырлылығы, адалдығы мен шыдамдылығы арқылы жазушы әйелдердің ұлт болашағын сақтаудағы рөлін көрсетеді.
52. Д.Исабеков әңгімелеріндегі юмордың көркемдік қызметін талдап тұжырымдаңыз.
Дулат Исабеков – қазақ әдебиетінде юмор мен сатираның көркемдік құралдарын шебер қолданған жазушылардың бірі. Оның әңгімелеріндегі юмор тек күлкі тудыру үшін емес, терең әлеуметтік, моральдық және рухани мәселелерді ашу үшін қолданылатын маңызды көркемдік тәсіл.Дулат Исабеков әңгімелеріндегі юмор кейіпкерлердің мінез-құлқы мен олардың болмысын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Әсіресе ауыл адамдарының шынайы өмірін бейнелеу барысында, автор юмор арқылы олардың қарапайымдылығы мен өмірге деген ерекше көзқарасын көрсетеді.Мысалы:«Әпке» және «Біз соғысты көрген жоқпыз» секілді әңгімелерінде кейіпкерлердің өзара диалогтары мен әрекеттері юморға толы. Бұл кейіпкерлердің өз өмірлерін қабылдауын, ішкі қайшылықтарын ашуға көмектеседі.Юмор арқылы автор қоғамдағы түрлі проблемаларды астарлы түрде жеткізеді. Бұл әдіс бір жағынан оқырманды күлдірсе, екінші жағынан ойландырып, қоғамның кемшіліктеріне назар аударуға шақырады.Мысалы:«Тіршілік» әңгімесінде адамзаттың өмір сүруге деген құштарлығын, бірақ кейде бос әбігерге салынатынын юморлық сипатта жеткізеді.Дулат Исабеков қоғамдағы жағымсыз құбылыстарды, адамдардың кемшіліктерін сынға алу үшін сатиралық юморды қолданады. Әңгімелерінде шенеуніктердің екіжүзділігі, тұрмыстық ұсақ-түйектерге байланып қалушылық, кейде адам бойындағы моральдық әлсіздіктер шебер суреттеледі. Мысалы:«Бонапарттың үйленуі» шығармасы адамдардың мақтансүйгіштігін және өздерін жоғары көрсетуге деген ұмтылысын күлкілі сюжеттер арқылы ашып көрсетеді.Юмор шығарманың эмоционалдық әсерін күшейтіп, оқырманды кейіпкерлердің сезімдері мен оқиғаларына терең бойлауға көмектеседі. Әңгімелердегі юморлық эпизодтар оқырманға жеңілдік сезімін сыйлап, оқиғаны қабылдауды жеңілдетеді.Дулат Исабековтің әңгімелерінде юмор көбінесе трагедиялық немесе ауыр жағдайларды жеңілдету үшін қолданылады. Бұл тәсіл оқырманға өмірдің қиындығына қарамастан, адамзаттың күлуге және өмірді жеңіл қабылдауға қабілетті екенін көрсетеді.Мысалы:«Дермене» шығармасында ауыр тағдырлар мен тұрмыстық қиындықтар суреттелгенімен, юмор арқылы кейбір сәттер жеңіл әрі түсінікті болып көрінеді.Дулат Исабеков әңгімелеріндегі юмор – тек күлкі тудыратын құрал емес, ол кейіпкерлердің шынайылығын, қоғамдағы мәселелерді және өмірдің күрделі тұстарын ашып көрсетуге арналған көпқырлы көркемдік әдіс. Юмор арқылы автор адамгершілік, адалдық, қарапайымдылық сияқты ұғымдарды жаңаша көзқараспен ұсынады.
54.“Мұзтау” туындысындағы ой-сана ағымына талдау жазыңыз.
Бүгінгі қазақ əдебиетінде тіл өрнегін жеке алып талдауға болатын қаламгерлер баршылық. Қазақ көркем сөз өнерінде шығарма жанры мен тақырыбына, баяндау стиліне сай тіл өрнегін сəтті тапқан жазушыларымыздың бірі О.Бөкей еді. Ол — əдебиетке өзіндік соқпағымен, өрнек айшығымен келіп қалың оқырманды бірден баурап алған суреткер. Ойымызды дəлелдеу үшін жазушы туындыларына зер салайық. Əңгіме жазушының «Мұзтау» повесіндегі авторлық экспрессияның берілу тəсілдері жəне оның аудармадағы көрінісі жайында болмақ. «Мұзтау» повесі 1974 жылы жарияланады. Шығарманың орыс тіліндегі аудармасын жасаған белгілі тəржімашы — А.Ким. Повесть кезінде əдеби сыншыл ортада көп талас тудырды. Бұл жөнінде қаламгердің замандас-досы Д.Əшімханов: «Ол (повесте) хақында əркім өз өресінің биігінде ой толғайды. Бұл заңды да. Басты себеп — шығарма табиғатының күнделікті əдеби дəстүр тұрғысынан қарағанда көзге алабөтен көрінуі» болса керек. Шығарманың алабөтендігі оның романтикалық қасиетінде жатыр. Жазушының өз туындысын «Соңғы ертек» деп атағаны сөзімізге дəлел болғандай», — деп жазады [1]. Повестегі басты кейіпкер — Ақтан. Ол жалғыз шешесімен ауылы Аршалыдан көшпей, тағы табиғатты мекен етеді. Жұрт көзіне «аң» көрініп, ел жатсынған Ақтан шын мəнінде жүрегі таза, жаны табиғатпен туыс, арманшыл, ойшыл адам. Өзінің тірлік ортасына қарай оның мінезі де ешкімге ұнамайды. Жазушы елден саяқ жүрген Ақтанды қоршаудан қашып шыққан бұғымен жұптастыра суреттеген. Ақтанды ауыл түсінбегенімен, ол табиғатпен үнсіз ұғысады. Повесте Ақтанның көңілкүйі, мінезі табиғатпен сабақтастықта бейнеленген. Табиғат түнерсе, Ақтанның да қабағы қату, ал далада күннің көзі жарқыраса, Ақтанның да «көңілі қунақ». Кейде табиғат адамша əрекет етеді. Мысалы: Ақбұлаққа аздап желік пайда болыпты. Ұдайы үш күн жауған нөсердің шапағаты тисе керек, езуі көпіршіп тұлан тұта есіріп жатыр, кеше ғана орта беліне дейін судан шығып дөңкиген дүбілез қара тас жоқ, тек үстінен ақжал толқындар ғана ар-ұр секіріп, билей өтеді. Ашамайланып кеткен терең шатты азан-қазан күн жайлаған. Телі тентек өзеннің долы сарыны тыңдап сілтідей тынып мең-зең тұр. Өзінен басқа бұрсанып Оралхан Бөкейдің «Мұзтау» туындысы – адамның ішкі әлемі мен табиғат арасындағы терең байланыстарды зерттейтін философиялық шығарма. Бұл туындыда автор ой-сана ағымы әдісін шебер қолданады, яғни кейіпкерлердің ішкі сезімдері, ойлары, естеліктері мен түйсіктері үздіксіз ағым ретінде беріледі. Мұндай тәсіл арқылы жазушы адамның рухани дағдарысын, өмірдің мәнін іздеуін және табиғатпен үйлесімділікті іздестіруін көркемдік тұрғыда жеткізеді.
Ой-сана ағымы және оның көрінісі
Ой-сана ағымы – кейіпкердің ойларын, сезімдерін үздіксіз, логикалық құрылымсыз, еркін түрде жеткізетін әдеби әдіс. Бұл әдіс арқылы кейіпкердің ішкі дүниесі мен оның қоршаған ортамен байланысы тереңірек ашылады. «Мұзтау» туындысында ой-сана ағымы мынадай аспектілерде көрініс табады:
1. Табиғатпен байланыс және ішкі түйсік
Үзінді:"Мұзтау... мынау мәңгілік қар мен мұз құрсаған шың... Оның суықтығы мен жалғыздығы маған өзімді еске салады. Мен де жалғызбын. Табиғаттың осы қатал тынысы менің жанымның бір бөлшегі сияқты."
Талдау: Бұл жерде кейіпкердің ойлары табиғатпен тығыз байланыста өрбиді. Мұзтаудың бейнесі арқылы кейіпкердің жалғыздық сезімі мен рухани күйзелісі көрініс табады. Табиғат пен адамның үйлесімділігіне деген ұмтылыс, сонымен қатар, адамның ішкі әлемінің табиғатпен ұқсастығы айқын суреттелген.
2. Өмірдің мәні мен адамгершілік мәселелері
Үзінді:"Біз кімбіз? Неге осы әлемге келдік? Тағдыр бізді неге мұнша сынайды? Мұзтауға қарап, осы сұрақтарға жауап іздедім. Бірақ жауап жоқ. Бәлкім, жауапты өзіміз табуымыз керек шығар..."
Талдау: Ой-сана ағымы кейіпкердің өмірдің мәнін іздеуін көрсетеді. Оның ойлары үздіксіз ағымда беріледі, бұл кейіпкердің ішкі дағдарысын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Мұнда философиялық сұрақтар арқылы автор оқырманды да өмірдің мәні туралы ойлануға шақырады.
3. Естеліктер мен өткенге оралу
Үзінді:"Балалық шағым... сол бір кездерде бәрі жеңіл әрі түсінікті еді. Мұзтауға қарап, әкемнің қоңыр дауысы есіме түседі. Ол да осы шыңға қарап, ұзақ ойға шоматын... Бәлкім, ол да өз жауабын таба алмаған болар."
Талдау: Естеліктер кейіпкердің ішкі жан-дүниесін ашуға көмектеседі. Өткенге оралу арқылы кейіпкер қазіргі өмірімен салыстырады, бұл оның ой-сана ағымының бір бөлігі ретінде көрініс табады. Естеліктерде ұлттық болмыс пен ата-баба даналығының рөлі де айқын.
4. Қақтығыс пен шешім
Үзінді:"Мұзтау маған жауап бермеді. Бірақ мен оның үнсіздігінен көп нәрсені түсіндім. Табиғатта артық ештеңе жоқ, бәрі өз орнында. Адамның да өз орны бар. Тек оны табу керек."
Талдау: Кейіпкердің ойлары табиғаттың үндестігі мен адамның сол табиғаттағы орнын іздеуге бағытталады. Мұнда ой-сана ағымы арқылы кейіпкердің ішкі қақтығысы шешімге жақындайды. Табиғаттың үндемейтіндігі – өмірдің қарапайымдылығы мен күрделілігін түсінуге шақыру.
Оралхан Бөкейдің «Мұзтау» туындысындағы ой-сана ағымы әдісі арқылы кейіпкердің ішкі жан дүниесі мен табиғат арасындағы байланыс терең әрі әсерлі суреттеледі. Кейіпкердің үздіксіз ой ағымы жалғыздық, өмірдің мәні, өткен мен болашақ, табиғатпен үйлесімділік мәселелерін қозғайды. Бұл әдіс оқырманды кейіпкердің ішкі әлеміне тереңірек бойлатып, философиялық ойларға жетелейді. Оралхан Бөкейдің шеберлігі осындай күрделі мәселелерді көркем әрі түсінікті түрде жеткізуінде.
Оралхан Бөкейдің «Мұзтау» туындысы адамның ішкі жан-дүниесін, табиғатпен байланысын, өмірдің мәнін іздеуін суреттейтін философиялық шығарма. Шығармада бас кейіпкер Мұзтаудың етегіне саяхатқа шығып, табиғатпен бетпе-бет келеді.
Мұзтаудың биіктігі мен суықтығы кейіпкердің жалғыздық сезімі мен ішкі рухани күйзелісін бейнелейді. Ол табиғаттың мәңгілік тыныштығына қарап, өмірдің мәні, адамның табиғаттағы орны, өткен өмірі туралы ойларға шомады. Балалық шақтағы естеліктер, ата-бабасының мұрасын еске түсіру арқылы кейіпкер өз болмысын тереңірек түсінуге тырысады.
Шығармада Мұзтау табиғаттың мәңгілігі мен адамның өткінші екенін символдайды. Кейіпкер табиғаттың үнсіздігінен көп нәрсені ұғып, өмірдің қарапайымдылығы мен шынайылығын түсінеді. «Мұзтау» – адамның рухани ізденісі мен табиғаттың ұлы күшін терең суреттейтін туынды. шам шақырар тіршілік иесі жоқтығын сезген өзен бұлдана бұрсанып шаптығады [2].
55.“Шақан шері” романындағы характер ашу шеберлігін жазыңыз.
Мұхтар Мағауиннің «Шақан Шері» романы ерекше тақырыпта жазылған, идеясы мен мазмұны өзге шығармаларынан дараланып тұратын туынды. Иә, қазақ даласында бұрында жолбарыс та, аң патшасы арыстан да мол болған деседі. Жолбарыстар арыстанның айбатына қарамай, оларды жерімізден айдап тастаған. Жолбарыстың пысы өте күшті, ақырған даусын естігенде адамның төбе құйқасы шымырлайды екен.
Шығармада ең алдымен, жолбарыс, адам жейтін сойқан ретінде көрсетіледі. Ал бұдан кейін оқиға тұла бойын кек пен ыза кернеген адам баласының жолбарыс тұқымын құрту мақсатын алға қоюымен өрби түседі. Шығармада қазақы аңшылық дәстүрдің сан қыры мен жолбарыс тектілігі анық баяндалады. Адамға өздігінен тиіспейтін жыртқыштың неліктен кішкене бала мен жас әйелді жегеніне жауап іздегенде, алдымыздан адамның қастығы шығады.Шақан ғылым-білім үйренбеген, оқу оқымаған болғанымен, аталардың айтқанын, ел аузындағы аңыздарды жадында мұқият сақтаған. Шу, Іле бойын түгел кезіп шығып, Сырдарияның алқабындағы шөлмен жүріп өткен жолында солардың бәрін есіне түсіріп, бағытынан жаңылмады. Себебі, автор атап өтетіндей: «аңыздың айтқаны – ақиқат, ғылымның айтқаны – шындық». Мұнда тарихи ақиқат, уақыт шындығы жатыр. Аңыздарда келтірілген жер-су атаулары, суреттелетін тау, өзен, қырат, шөлейт жердің барлығы да шын кезігеді. Сондықтан аңшылық өнер жайы айтылатын романнан бірнеше аймақтың табиғаты, сол жерде тұрақтаған халық тұрмысы, дәл сол өңірде болған тарихи оқиғалар туралы ақпараттарға қанығамыз. Жолбарыс тұқымын құрту жолында көп қиындық көрген соң, Шақан табиғат пен адамның арасындағы тепе-теңдікті бұзып, табиғи заңдылыққа қарсы келгендігін түсінеді. Әуелгіде оны ел-жұртынан айырып, ен далаға қуған жолбарыс емес, адам екенін ұғып, бір кектің артында түз тағысының тағдыры жатқандығына көзі жетеді. Оны романдағы мына бір үзіндіден көруге болады:
«Кенет өзін осы жолға түсірген жалмауыз жолбарыс көз алдына келді.Балаға шапқан, әйелді шайнаған кезі емес. Өлім сәті. Өлгеннен соңғы бұтарлап шабылған сәті. Артқы аяққа шор болып байланған қорғасын оқ.
«Жолбарыс өз бетімен кісіге тимейді». Құба-мерген айтқан. Қара-батыр айтқан. Атабек Ақсақал айтқан. Өзі де көрді. Сонда, жалмауыз кек қуғаны ма?! Бір кісіден көрген жапасын бір адамға артқан. Жүрген ізін қанды соқпаққа айналдырған. Бұл да қазаға ұшырады. Қорғасын оқ емес, тас қайғы– екі бірдей қаза жүрек басына түйітпектеліп жабысты. Бір жыртқыштың кінәсін тарғыл тонды барлық шеріге артыпты. Содан не тапты?
Бұл романнан оқырманның түйетіні: табиғи заңдылықты бұзу, құныққан үстіне құныға түсудің кей аңдардың жойылуына, тұқымының құруына әкеліп соғатынын есте сақтау қажеттігі. Мұндай шығармалар келешек ұрпақты тәрбиелеудегі табиғаттың рөлін, ондағы әрбір қыбырлаған тіршілік иесінің айрықша орны бар екендігін үйретеді. Аң аулаудың да өз жөні, шегі болатындығын әр аңшының біліп жүруге тиістілігін нақтылап, түрлі тарихи деректер мен топонимикалық атаулар жайлы мағлұмат берген бұл шығарма – қазақ әдебиетінің ғана асыл қазынасы емес, тарихтың, аңшылық өнердің мол мұрасы. Аңшылық туралы шығармалар өткенді қастерлеу, табиғатты сүю,жан-жануарға деген құрмет, аңшыға тән ұлы қасиеттер, жануарлар арасындағы тепе-теңдіктің сақталуы, аң аулаудағы ұтқыр тәсілдер сияқты пайдалы нәрселерді насихаттайды. Сондықтан, осындай шығармалар көркем әдебиетті сүйетіндер мен аңшылыққа қызығатындарға мол азық болады және бұл – біздің қоғам мен оқырмандарға қызық әрі керек дүние.
«Шaқaн-Шерiдегi» Шaқaнның қaciретi неде? Oл әйелi мен бaлacын жaрып өлтiрген жoлбaрыcқa, жoлбaрыc aтaулығa кек тұтты. Aқыры Aлaтaудaн Бaлқaшқa қaрaй өрiп жүрген aң пaтшacы жoлбaрыcты құртуды мaқcaт етiп, aрмaнынa жеттi. Coңғы жoлбaрыc 1940 жылы өлтiрiлдi. Шaқaнның кегi қaйтты. Бiрaқ бұл aңғa деген кек емеc, aдaмғa деген кек едi. Oның жoлбaрыcты құртуы тaбиғaт aнaның бiр мүшеciн кеciп aлғaндaй бoлды. Aқыр aяғы өзi де жoлбaрыcқa aйнaлып кеттi емеc пе? Cырты caу қaлca дa, iшi өлдi. Oның ocындaй хaлге жеткенiне кiм кiнәлi? Әрине, aдaмдaр кiнәлi. Өзi өмiр cүрген қoғaмының aдaмдaры. Oны елiнен, жерiнен қaшырғaн Жaлтaқ Жaнтaйдың caяcaты едi. Яғни, oның aпaтынa oтaрлaу caяcaтынa, тoтaлитaрлық жүйеге бac ұрғaн қoғaм кiнәлi. Шaқaнның елiнен пaнa тaппaй, қaмыcты мекендi қoныcтaуы әйелi Aйшa мен бaлacы Cәменнен aйырылуы, жoлбaрыcқa кек caқтaп, coның coңындa дaлa кезiп кетуi, өзiне ғaшық бoлып, қocылмaққa ниет бiлдiрген Меңcұлудaн бac тaртып, әкелiк қaмқoрын ұcынып, мұрaгер етпек бoлғaн Aтaбек aқcaқaлдaн дa бac тaртып, aқыр aяғы бoйындaғы Aдaмдық cипaтынaн aйрылуы, кicенге бaрып тұтылуы, бәрi – Шaқaнның ocы қaтiгез қoғaмнaн жaтcынуынaн туғaн cебептер. Oл өз ic-әрекетi aрқылы өз қoғaмынa қaрcы шықты. Шaқaнның aпaты - coл кездегi қaзaқ ұлтының бacындaғы aпaт. Тек coл кездегi қoғaмның ғaнa aпaты емеc, қaзiргi бoлaшaқ қoғaмның aпaты. Cебебi, Шaқaн мен жoлбaрыc жoртқaн Caрышaғaн қaзiргi тaңдa ядрoлық пoлигoнғa aйнaлды. Жoлбaрыcтың oрнынa aдaмзaтты қac-қaғым cәтте құртып жiберетiн қaру пaйдa бoлды. Мiне, нaғыз aпaт ocындa.
«…Тaрғыл шерiден қaлғaн белгi жoқ… Aл aдaм… aдaм өмiрi жaлғaca бермек. Туғaн тoпырaғынa терең тaмыр тaртқaн хaлық шaқырaды, шaқырaды, бiрaқ жoғaлмaйды. Өйткенi oл… oл - төрт aяқтылaр қaуымы емеc. Өзi де, iзi де caқтaлуғa тиic. Тacқa қaшaлғaн мың жaрым жылдық көне еcкерткiште aйтылғaндaй, Aнaмыз – Қaрa жер, Aтaмыз – Көк Acпaн, Кici ұлып, яғни мынa Бiз - ocы екеуiнiң oртacындa, aлғaшқы күн шaпaғaтымен бiрге жaрaлыппыз. Бұл – мәңгiден келемiз, мәңгi жacaймыз деген cөз. Ocығaн cенейiк. Тек cуырa coққaн меңiреу құм, қылтaнaқcыз тaқыр, тaмшы cуcыз шөл… - aдaм бaлacы aлacтaлғaн өлi aймaқтaрдың бaрлығы дa бiр зaмaндa нулы, дулы, жacыл жaзирa бoлыпты деcедi. Ocыны ұмытпaйық».
Бұл жaзушының рoмaн coңындa oқиғaғa берген oйы, түйiнi. Иә, жoлбaрыcтaн белгi қaлмaғaн, жoйылғaн, жacыл дaлa, тaбиғaт aнa құлдырaғaн, шөлге aйнaлып, aзып-тoзғaн. Бұл – coл зaмaндaғы, coлaрғa дейiнгi зaмaндaғы қoғaмның ici. Ендiгi қaлғaн тaбиғaттың күнi қaлaй бoлмaқ?! Қaзiргi қoғaм дa бұл жaйлы oйлaнaйын деп жүрген жoқ. Керiciнше, coғыc үдей түcуде, қaру дaми түcуде. Егер aдaмзaт coғыcуын, ядрoлық қaруды жacaуын тoқтaтпaca, Шaқaнғa жoлыққaн өлi қaлa, бoлaшaқтың «өлi қaлacы» бoлмacынa кiм кепiл? Тaбиғaт пен aдaм aрacындaғы бaйлaныcтың үзiлуi ocыдaн келiп туындaйды.
Ocы «Шaқaн-Шерi» рoмaнындa дa oтaршылдық caяcaтқa қaрcы үн бiлдiредi. Рoмaн тoтaлитaрлық режим билеп-төcтеп тұрғaн кезде жaзылғaн. «Oтaршылдық caяcaт мен үшiн өте күрделi тaқырып едi, әуелде нaқты шешiмiн тaппacaм керек, бiрaқ бұғaнa бекiнген coң - жиырмa төрт-жиырмa беcте жaзылғaн «Қoбыз caрынын» aйтпaғaндa, тaзa жaзушылық жoлғa түcкен «Тaзының өлiмi» мен «Көк мұнaрдaн» бacтaп, «Көк бaлaқ», «Жылaнды жaз», «Aлacaпырaн», «Шaқaн Шерi» және coвет дәуiрiндегi қaзaқ прoзacының ең coңғы туындыcы - империяның түбiне жеткен 1991 жылғы aвгуcт бүлiгiнен үш күн бұрын жaрыққa шыққaн «Caры қaзaққa» дейiнгi aрaлықтaғы ең негiзгi, ең тәуiр шығaрмaның бәрi де oтaршылық жүйеге қaрcылық көрiнicтерi бoлып тaбылaды».
Жaзушының мaқcaты aдaм құқығын aяққa тaптaғaн coвет өкiметiнiң бет-пердеciн aшу.
56.С.Сматаев прозасындағы ұлттық мінез сомдау ізденістеріне талдау жасаңыз. Сәкен Сматаев – қазақ әдебиетінде ұлттық болмыс пен мінезді бейнелеуде ерекше ізденістерімен танылған жазушы. Оның шығармалары қазақ халқының тарихи тағдырын, ұлттық ерекшеліктерін, салт-дәстүрлерін және рухани құндылықтарын терең түсінуге бағытталған. Прозасындағы кейіпкерлердің мінезін сомдау арқылы автор ұлттық сипаттың көркемдік бейнесін жасайды.
Ұлттық мінездің ерекшеліктері:Сәкен Сматаевтың прозасындағы ұлттық мінездің қалыптасуына бірнеше факторлар әсер етеді:
1. Тарихи тағдырдың ықпалы
Жазушы шығармаларында қазақ халқының тарихи кезеңдері, әсіресе отаршылдық, ұлт-азаттық күрес және кеңестік дәуірдің ықпалы айқын көрінеді. Бұл кезеңдер кейіпкерлердің мінез-құлқына, дүниетанымына және әрекеттеріне тікелей әсер етеді.Мысалы, «Елім-ай» романында халықтың басынан өткен қиын-қыстау кезеңдердегі төзімділік, ерлік пен қайсарлық ұлттық мінездің негізгі сипаттары ретінде көрінеді.
2. Салт-дәстүр мен рухани құндылықтар
Жазушы кейіпкерлерінің болмысын қазақтың дәстүрлері, әдет-ғұрыптары арқылы ашады. Бұл тұрғыда туыстық қарым-қатынастар, үлкенге құрмет, кішіге ізет, табиғатқа деген сүйіспеншілік ерекше орын алады.Ұлттық мінез кейіпкерлердің тұрмыстық өмірінде де көрініс табады, бұл арқылы олардың ішкі әлемі мен рухани байлығы айқындалады.
3. Әлеуметтік және моральдық мәселелер
Сматаев шығармаларында ұлттық мінез әлеуметтік әділетсіздікке қарсы тұру, адалдық пен шындықты іздеу сияқты қасиеттер арқылы бейнеленеді. Кейіпкерлердің ішкі жан-дүниесіндегі қақтығыстар мен олардың қоғамдағы орны ұлттық болмыстың шынайы келбетін ашады.
Ұлттық мінез сомдаудағы көркемдік әдістер:
1.Тарихи-романтикалық стиль
Жазушы тарихи оқиғаларды романтикалық пафоспен суреттей отырып, ұлттық мінездің батырлық, ерлік және рухани беріктік қасиеттерін айшықтайды.
2. Психологиялық тереңдік
Сматаев кейіпкерлерінің ішкі сезімдерін, ойларын, қайшылықтарын шебер суреттейді. Бұл әдіс ұлттық мінездің күрделілігін көрсетуге мүмкіндік береді.
3. Диалог пен монологтың шынайылығы
Кейіпкерлердің сөздері арқылы олардың дүниетанымы, ұлттық ерекшеліктері айқындалады. Диалогтарда қазақы нақыл сөздер, мақал-мәтелдер жиі қолданылады.
Шығармаларындағы ұлттық мінездің көрінісі:
1. «Елім-ай» романы
Бұл шығармада қазақ халқының жоңғар шапқыншылығы кезіндегі қайсарлығы, ұлттық рухы мен азаттыққа ұмтылысы бейнеленеді. Бас кейіпкерлердің ерлік әрекеттері ұлттық мінездің айқын көрінісі.
2. «Қызыл жолбарыс» романы
Кеңестік дәуірдегі қазақ қоғамының өзгерістері мен қайшылықтары суреттеледі. Ұлттық мінездің икемділігі, заман ағымына бейімделуі мен өз болмысын сақтау мәселелері қозғалады.
Сәкен Сматаевтың шығармаларынан ұлттық мінезді бейнелейтін нақты үзінділерді талдап көрсету оның кейіпкерлері мен оқиғалары арқылы ұлттық болмысты ашуға мүмкіндік береді. Төменде «Елім-ай» романынан үзінділер келтіріліп, талданады:
1. Қазақтың қайсарлығы мен ерлігі
Үзінді:"Көштің алдында шоқпардай ақ сақалы желмен желбіреген Есен батыр келе жатты. Қолындағы найзасы күнге шағылысып, өзіне төніп келе жатқан жауға төтеп беруге дайын еді. Халықтың көзіне үміт отын жағып, жүрегіне сенім ұялатқан осы бір тұлғалы батыр еді."
Талдау: Бұл үзіндіде Есен батырдың образы арқылы қазақтың батырлық рухы мен қайсар мінезі суреттелген. Оның көш басындағы бейнесі – халықтың қорғаны, ұлттық рухтың тірегі. Мұнда батырдың елін қорғауға дайын болуы, ұлт мүддесін жеке басынан жоғары қоюы ұлттық мінездің негізгі қасиеттерінің бірі екенін көрсетеді.
2. Табиғатпен үйлесімділік және ұлттық дүниетаным
Үзінді"Боз далада қыстың қары еріп, көктемнің алғашқы лебі сезіле бастаған. Қарт Қоңыр жайлауға қарап отырып: «Мына дала – біздің анамыз. Қанша жау шапса да, қанша заман өтсе де, осы кең жазық бізге құшағын ашып тұрады», – деді ауыр күрсініп."
Талдау: Қарт Қоңырдың сөзі қазақ халқының табиғатпен үйлесімді қарым-қатынасын көрсетеді. Ұлттық мінездің тағы бір ерекшелігі – табиғатты тіршілік көзі, өмірдің бастауы ретінде қабылдау. Мұнда дала – қазақ үшін тек географиялық мекен емес, рухани байланыс пен тіршіліктің қайнар көзі.
3. Туыстық қарым-қатынас пен рухани байлық
Үзінді:"Кенже баласының тайыншаны жетекте келе жатқанын көрген анасы көзіне жас алды. «Балаларым үшін жанымды беремін. Құдай-ау, осы бір тату тірлікті сақтай гөр», – деп іштей күбірледі."
Талдау: Ана бейнесі арқылы ұлттық мінездің отбасылық құндылықтарға негізделген ерекшелігі көрсетілген. Қазақ халқында ана образы – мейірімділік, сабырлылық және отбасының ұйытқысы ретінде бейнеленеді. Бұл үзіндіде ананың балаларына деген шексіз махаббаты мен тілегі ұлттық дүниетанымдағы туыстық қарым-қатынастардың маңыздылығын ашады.
4. Ұлт-азаттық рух пен еркіндікке ұмтылыс
Үзінді:"Атқа қонған жас жігіттер: «Жерімізді ешкімге бермейміз! Хандық туымыз құламайды!» деп ұрандап, жауға қарай лап қойды. Олардың жанарында өлімнен де күшті бір нәрсе – еркіндікке деген ұмтылыс бар еді."
Талдау: Бұл үзіндіде жас жігіттердің әрекеті арқылы ұлт-азаттық рухы мен еркіндікке деген ұмтылыс бейнеленген. Қазақ халқының ұлттық мінезіндегі ең айқын қасиеттердің бірі – еркіндікке құштарлық, өз жерін қорғау үшін жанын аямайтын батырлық.
Сәкен Сматаевтың шығармаларындағы ұлттық мінез – тарихи оқиғалар мен кейіпкерлердің әрекеттері арқылы айқындалады. «Елім-ай» романындағы батырлық, табиғатқа деген сүйіспеншілік, туыстық қарым-қатынас және еркіндікке ұмтылыс – қазақ халқының ұлттық болмысының көркемдік көрінісі. Бұл үзінділер жазушының ұлттық мінезді сомдаудағы ізденістерінің тереңдігін дәлелдейді.
Сәкен Сматаев прозасындағы ұлттық мінез – тарихи тағдыр, салт-дәстүр, рухани құндылықтар мен әлеуметтік мәселелердің ықпалымен қалыптасқан күрделі әрі терең ұғым. Жазушы кейіпкерлері арқылы қазақ халқының болмысын, қайсарлығын, рухани байлығын шынайы әрі көркем бейнелейді. Оның шығармалары ұлттық мінезді тануға және оны заманауи оқырманға жеткізуге бағытталған көркемдік ізденістердің жарқын үлгісі болып табылады.
57.Марғау» шығармасындағы характерлерді салыстыра тұжырымдаңыз
Шаймерденовтің шығармасындағы Марғау бейнесі қазақ әдебиетінде ерекше орын алады, себебі бұл кейіпкер адам табиғатының күрделі әрі қайшылықты тұстарын ашады. Марғау – қазақ қоғамындағы дәстүр мен жаңашылдықтың арасында арпалысқан, өмірінің мағынасы мен мақсатын іздеген тұлға.
Марғау – Шаймерденовтің "Қарашаш" шығармасында басты кейіпкер ретінде көрінеді. Ол өз өмірін өз қолына алуға тырысқан, бірақ сол кезде қоғамның шектеулеріне тап болған әйел. Оның ішкі дүниесі, сезімдері мен ойлары оқырманды терең ойлануға мәжбүр етеді. Марғау бейнесі арқылы автор әйелдердің қоғамдағы орны, олардың ішкі әлемі, арман-мақсаттары туралы көп ой қозғайды.
Марғау мен Ақан Сері арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар:
1. Ұқсастықтар:
Екеуі де өз дәуірінің шарттарына сәйкес өмір сүріп, ішкі күреске толы тұлғалар. Марғау да, Ақан Сері де өз армандары мен қоғамдағы міндеттері арасындағы қайшылықты сезінеді.Ақан Сері мен Марғау өмірдің мәнін, адамдық құндылықтарды іздейді, бірақ әрқайсысы оны өз жолымен табуға тырысады.
2. Айырмашылықтар:
Ақан Сері шығармашылық пен өнерді өз өмірінің мәні ретінде көреді, ол өз әндерімен халықты оятуға тырысады. Ал Марғау қоғамның қатаң шеңберінде тұрып, жеке өмірін және еркіндігін іздейді, бірақ оның қоғамға қарсы күресі сырттай көрінбейді.
Марғау – әйел бейнесі, оның қоғамдағы орны мен әлеуметтік жағдайы ер адамдарға қарағанда әлдеқайда шектеулі. Бұл оны өз ішкі әлемін тереңірек түсінуге, өзін-өзі тануға итермелейді. Ал Ақан Сері ер адам ретінде қоғамда өз пікірін ашық айтуға мүмкіндік алады.
Шаймерденовтің Марғау бейнесі қазақ әдебиетіндегі әйелдер образын терең зерттеуге, олардың өміріндегі қайшылықтарды, армандарын, жан дүниесін көрсетуге үлес қосады. Марғау – өз тағдырын іздеген, өмір мен қоғамға қарсы күрескен күрделі тұлға.
58.«Шырағың сөнбесін»-дегі Нәзира естелігінен оқиға дамытылуынан мысал келтіре жазыңыз
ТАХАУИ АХТАНОВ "ШЫРАҒЫҢ СӨНБЕСІН"
Жазушының ең соңғы романы — «Шырағың сөнбесін». Бұл романның негізгі кейіпкері Нәзира — кеңес армиясының офицері Қасымбектің жары. Жан-жақтан анталаған жау тылында қалған аяғы ауыр әйелдің өмір жолы, бастан кешкендері, өзін қоршаған ортаға, өткен күндерге көзқарасы арқылы кейіпкердің жан дүниесіне әрі барлау, әрі талдау жасалады.
Порым-пошымы, парасат-пайымы, табиғаты түрліше әр алуан характерлер, майдандағы тыл мен ауыл өмірі Нәзираның еске алуы — шегіністер арқылы бейнеленіп, шығарманың әлеуметтік-көркемдік мазмұны мен идеялық нысанасын айқындай түседі. Нәзираның өзі құралпы әйелдерді, ауылдағы аң жаулықты әжелерін салыстыра, іштей мінездеуінен, соғыс сойқанын өз көзімен көріп, тікелей сезінуінен танымы мен табиғатын танып отырамыз. Психологиялық талдау тәсілін жазушы үнемді, ұқыпты да шебер пайдаланады.
Өзі соғысқа тікелей қатысқан майдангер жазушының осы романында да, «Қаһарлы күндерде» де соғыстың саяси-әлеуметтік мазмұнына өзіндік шуақ, ұлттық рух-бояу дарытатын — кейіпкерлердің туу қиырда қалған ауыл адамдарын еске алуы. Мәселен, Нәзира ішінде бір үзілмес, таусылмас жылуы бар әжесін еске алса, Мұрат қайратты да айбатты ауылдасы Қартбайды еске алады. Бұлардың соғыс даласында жаны тозып, жадағайланбай, адамшылық қалпынан айнымай, жауыздық пен жақсылықты іштей салыстыра салмақтауына себепкер — қимас ауыл адамдары, туыстары.
Нәзираның әжесінің де, Қартбайдың да бойында анау-мынауға бас имейтін таза тәкаппарлық, текті өрлік бар. Ол өрлік көрінгенге өзін аяқасты қылуға жібермейтін, қор болуына жол бермейтін, оның есесіне, кісілік пен кішілікті, адалдықты айнымас асыл мұратқа айналдырған ұлттық қасиеттің бір көрінісі секілді.
“Шырағың сөнбесiн” романы “Жұлдыз” журналының 1973 жылғы 10-11 сандарында, 1980 жылғы 2-3 нөмірлерiнде қалың оқырман назарына ұсынылған Т.Ахтановтың соңғы романы. Роман тақырыбы Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарындағы кезең суреттеріне арналған. Романның бас кейіпкері қазақтың қарапайым келіншегі – Нәзира. Батыс шекарада қызмет атқаратын кеңес офицері Қасымбекке күйеуге шығып, жат елде жүргенде, кенеттен соғыс басталып кетеді. Шиеттей нәрестесін құшақтап, эвакуацияға ұшыраған жас әйел көп қасірет көріп, азап шексе де, қазақ әйеліне тән табандылық, қайсарлық танытады. Қасымбек мерт болған соң, Нәзира Абан есімді жігітпен қосылады. Алайда соғыс одан да айырады. Назира екі азаматтың да шырағын сөндірмей, екеуінің де ұрпағын жалғап, екі нәрестесімен елге оралады. Романның жалпы сюжеті Нәзираның бастан кешкен тауықыметін, кезеңнің қиындықтарын көрсетіп, бәрін мойымай көтерген қазақ әйеліне тән қасиетті көрсетуге құрылған. Романның негізгі идеясы кiтаптың алғашқы беттерiн-ақ байқалады. Нәзира анасынан ерте айырылады. Әжесi сол анасының қабiрiне шырақ жағып, бата оқып, “Шырағың сөнбесiн!” деп күбiрлейдi. Жас бала Нәзира түсiнбей, жаққан шырақтың майы таусылып, сөнiп қалмай ма дейдi. Сонда әжесi басын шайқап: «– Әй, балам-ай, әлi баласың ғой... Сенсiң ғой оның шырағы. Сенiң тiлеуiңдi тiлеп кеткен жоқ па, бейшара» - дейді. Жазушы соғыс әкелген зұлымдыққа осындай ұлттық дүниетаным мен адами құндылықтарды, адами күш-қайратты қарсы қою арқылы шығармаға терең философиялық мән дарытқан. Романның күллі оқиғасы әйелдің көзімен тізілгендіктен де, адамдардың жан-дүниесі тереңінен ашылып, роман психологиялық сипат алған. Романдағы уақыт пен кеңiстiк те зор. Жазушы қазақ елінің басынан кешкен небір оқиғаларды: ашаршылық нәубетiн, сталиндiк зобалаңды ретроспекция әдісі арқылы нанымды көрсете алған. Әйткенмен бұл роман композициясының бүтіндігіне еш нұқсан келтірмеген.
59.Ә.Тәжібаев лирикасындағы бейнелілікті тізбектеп беріп,сыншы Қ.Ергөбектің ақын шығармашылығындағы жаңашыл табыстары жайлы айтқан ғылыми көзқарастарынан мысал келтіре жазыңыз
Әбділдә Тәжібаев – қазақ әдебиетінің классигі, лирика жанрының шебері. Оның өлеңдерінде табиғаттың көркемдігі, адам жанының нәзік қырлары мен ұлттық рух терең суреттеледі. Ақынның лирикасындағы бейнелілік – поэтикалық тілдің байлығы мен эмоционалдық әсерінің ерекше көрінісі. Сонымен қатар, Құлбек Ергөбек Әбділдә Тәжібаевтың шығармашылығындағы жаңашылдық пен дәстүр сабақтастығын талдай отырып, оның әдебиеттегі орнын жоғары бағалайды.
Ә.Тәжібаев лирикасындағы бейнелілік
Әбділдә Тәжібаевтың өлеңдерінде бейнелілік әртүрлі көркемдік тәсілдер арқылы айқын көрінеді. Ақын табиғатты, адам сезімдерін, өмірдің философиялық мәнін бейнелі түрде жеткізеді.
1. Табиғат лирикасындағы бейнелілік
Табиғат – ақынның шабыт көзі. Табиғат көріністері арқылы ол адам сезімдерін, өмірдің өткіншілігін, уақыттың мәнін жеткізеді.
Мысал:
"Тау биікте, бұлт астында,
Аспан сырын ашпайды.
Сағым ойнап құм үстінде,
Көз алдыңнан қашпайды."
Бұл үзіндіде табиғат көріністері арқылы өмірдің тұрақсыздығы мен құпиялығы бейнеленеді. Ақын бұлт пен сағымды адамның арман-мақсатымен байланыстырады.
2. Махаббат лирикасындағы бейнелілік
Ә.Тәжібаевтың махаббат лирикасында сезімдердің нәзіктігі мен тереңдігі көркем бейнелер арқылы беріледі.
Мысал:"Көзің – көктем, көңілің – гүл,
Жанарыңнан күн күледі."
Ақын сүйіктісінің сұлулығын көктем мен гүлге теңеу арқылы оның жан дүниесінің жылылығын, өмірге әкелетін қуанышын суреттейді.
3. Философиялық лирикадағы бейнелілік
Ақын өмірдің мәні, уақыттың өтуі, адамның ішкі жан дүниесі туралы ойларын бейнелі тілмен жеткізеді.
Мысал:"Өмір – өзен, аға берер,
Толқын қуып, сыр айтады."
Өмірдің өзенге теңелуі – философиялық ойдың көркемдік бейнесі. Бұл жерде ақын уақыттың өткіншілігін және өмірдің мәңгілік қозғалысын суреттейді.
Қ.Ергөбектің Ә.Тәжібаев шығармашылығына қатысты ғылыми көзқарастары
Құлбек Ергөбек – қазақ әдебиетінің көрнекті сыншысы және зерттеушісі. Ол Әбділдә Тәжібаев шығармашылығын терең талдап, оның қазақ поэзиясына қосқан жаңашылдықтарын жоғары бағалаған.
1. Лирикалық жанрдағы жаңашылдық
Қ.Ергөбек Ә.Тәжібаевтың лирика жанрын дамытудағы еңбегін ерекше атап өтеді. Оның пікірінше, ақынның шығармашылығы қазақ поэзиясының мазмұны мен пішінін байытты.
Үзінді:"Әбділдә Тәжібаев қазақ поэзиясына бейнеліліктің жаңа қырын алып келді. Оның өлеңдеріндегі сурет пен сезім үйлесімі оқырманды ойға жетелейді."
Бұл пікірде Қ.Ергөбек ақынның лирикадағы бейнелілік пен сезім тереңдігін жеткізудегі шеберлігін ерекше бағалайды.
2. Дәстүр мен жаңашылдықтың үйлесімі
Қ.Ергөбек Ә.Тәжібаев шығармашылығында дәстүр мен жаңашылдықтың тығыз байланыста екенін атап өтеді.
Үзінді:
"Ә.Тәжібаевтың поэзиясы – ұлттық дәстүрге негізделген, бірақ ол жаңашылдыққа ұмтылған. Оның өлеңдерінде заманауи ойлар мен ұлттық бояу қатар өріледі."
Ақынның ұлттық дәстүрге адалдығы және заманауи тақырыптарды игерудегі ізденістері оның шығармашылығының ерекшелігін көрсетеді.
3. Поэтикалық тілдің байлығы
Қ.Ергөбек ақынның тілдік шеберлігіне де назар аударады. Ол Ә.Тәжібаевтың поэтикалық тілі қазақтың бай сөздік қорын пайдаланып, оны жаңа мазмұнмен байытқанын көрсетеді.Үзінді:"Әбділдә Тәжібаевтың өлеңдері – қазақтың бай тілі мен көркемдік ойының тоғысқан жері. Ол әр сөзді орнымен қолданып, өлеңнің эмоционалдық әсерін арттыра білді."
Ақынның тіл байлығы оның шығармаларының көркемдік деңгейін көтергенін сыншы жоғары бағалайды.
Қорытынды
Әбділдә Тәжібаевтың лирикасындағы бейнелілік – қазақ поэзиясының көркемдік деңгейін жаңа биікке көтерген ерекше құбылыс. Ақынның табиғат, махаббат және философиялық тақырыптарды бейнелеудегі шеберлігі ұлттық әдебиеттің байлығын көрсетеді. Құлбек Ергөбектің сыншылық көзқарастары Ә.Тәжібаев шығармашылығын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Ол ақынның дәстүр мен жаңашылдықты үйлестіре отырып, қазақ поэзиясына жаңа леп әкелгенін атап өтеді. Ә.Тәжібаевтың поэзиясы – ұлттық рух пен көркемдік шеберліктің тоғысқан жері, ал Қ.Ергөбектің зерттеулері бұл мұраның құндылығын толық ашып көрсетеді.
60.Р.Бердібайдың «Ғасырлар толғауы» еңбегінен сыншылық көзқарастарын ашып жазыңыз.
Рахманқұл Бердібайдың «Ғасырлар толғауы» еңбегі – қазақ әдебиеттану ғылымындағы маңызды зерттеулердің бірі. Бұл еңбекте ол қазақ әдебиетінің тарихы мен оның ұлттық сипатын терең талдай отырып, сыншылық көзқарастарын айқын көрсетеді. Бердібайдың басты сыншылық идеялары ұлттық болмысты сақтау, халықтық мұраларды зерттеу, әдебиеттің тәрбиелік және рухани рөлін айқындау бағыттарында өрбиді.
1. Ұлттық болмысты сақтау және әдебиеттің халықтық сипаты
Бердібай қазақ әдебиетінің ұлттық болмысын сақтауды басты мақсат етіп қояды. Ол әдебиеттегі халықтық идеяларды, ұлттық рухты, қазақ халқының өмір салтын бейнелейтін шығармаларды жоғары бағалайды.
Үзінді:"Әдебиет – халықтың рухани қазынасы. Ол тек жеке адамның ғана емес, бүкіл ұлттың болмысын, тарихын, мәдениетін бейнелеуі керек."
Сыншылық көзқарас: Бұл тұжырымда Бердібай қазақ әдебиетін тек көркемдік мұра ретінде емес, ұлттың рухани тірегі ретінде қарастырады. Ол ұлттық дәстүрлерді әдебиетте сақтаудың маңыздылығын атап көрсетеді.
2. Әдебиеттің тәрбиелік рөлі
Бердібайдың еңбегінде әдебиеттің адам тәрбиелеудегі, ұлттық сана қалыптастырудағы рөлі ерекше атап өтіледі. Ол әдебиеттің тек эстетикалық қана емес, идеологиялық және тәрбиелік қызметін де жоғары бағалайды.
Үзінді:"Қазақтың эпостық мұралары жас ұрпақты батырлыққа, адалдыққа, отансүйгіштікке баулитын рухани құрал болып табылады."
Сыншылық көзқарас: Бердібай эпостық шығармаларды тек тарихи дерек ретінде қарастырмай, оларды ұлттық идеологияның негізі деп есептейді. Әдебиет арқылы халықтың бойына моральдық құндылықтарды сіңіруді маңызды міндет деп санайды.
3. Қазақ эпосына деген ерекше көзқарас
Бердібайдың қазақ эпостарына арналған зерттеулері оның сыншылық ойының ерекше қырын ашады. Ол эпостарды қазақ халқының тарихи жадын, ұлттық ерекшелігін бейнелейтін көркемдік феномен ретінде қарастырады.
Үзінді:"Қазақ эпосы – халықтың өмірлік тәжірибесі мен даналығының шоғырланған көрінісі. Ол ұлттық сананың негізін құрайды."
Сыншылық көзқарас: Бердібай эпостарды қазақ әдебиетінің алтын қоры ретінде бағалап, оларды зерттеу мен насихаттаудың қажеттілігін айтады. Ол эпостық шығармалардың тарихи шындық пен көркемдік қиялды үйлестіретін ерекше жанр екенін атап өтеді.
4. Шығармашылық еркіндік пен тарихи шындық
Бердібай тарихи шығармалар мен көркем әдебиет арасындағы байланысты талдай отырып, жазушының шығармашылық еркіндігін қолдайды. Ол тарихи шындықты көркемдік тұрғыда жеткізудің маңыздылығын атап өтеді.
Үзінді:"Тарихи шығармаларда тек оқиғаларды тізіп шығу емес, сол заманның рухын, оның құндылықтарын көркемдік әдіспен жеткізу маңызды."
Сыншылық көзқарас: Бердібайдың бұл ойы тарихи шығармаларға қойылатын талаптарды нақтылай түседі. Ол тарихи шындық пен көркемдік қиялдың арасындағы тепе-теңдікті сақтауды ұсынады.
5. Қазақ әдебиетінің әлемдік әдебиеттегі орны
Бердібай қазақ әдебиетінің әлемдік әдебиетке қосқан үлесін жоғары бағалап, оның халықаралық деңгейде танылуы үшін әдебиеттанушылар мен жазушылардың еңбектенуі қажет екенін айтады. Үзінді:"Қазақ әдебиеті – әлемдік әдебиеттің бір бөлігі. Ол өз ерекшелігімен, өзіндік бояуымен дүниежүзілік мәдениетке үлес қосады."
Сыншылық көзқарас: Бердібай қазақ әдебиетінің бай мұрасын әлемге танытудың маңыздылығын атап өтіп, ұлттық әдебиеттің жаһандық әдебиетке ықпалын арттыру жолдарын іздейді. Рахманқұл Бердібайдың «Ғасырлар толғауы» еңбегіндегі сыншылық көзқарастары ұлттық әдебиеттің рухани құндылығын, тәрбиелік және көркемдік маңызын терең ашып көрсетеді. Ол қазақ әдебиетінің ұлттық болмысын сақтауды, эпостық мұраларды дәріптеуді, тарихи шындық пен шығармашылық еркіндікті үйлестіруді және әдебиеттің әлемдік деңгейдегі орнын айқындауды өзекті мәселелер ретінде көтереді. Бұл еңбегі қазақ әдебиеттану ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан зерттеу болып табылады.
61.«Қазақ әдебиеті тарихы қайдан бет алады» полемикалық мақаланың принциптерін мәтіннен көрсетіңіз
«Қазақ әдебиеті тарихы қайдан бет алады?» – бұл қазақ әдебиетінің тарихын жазудың әдіснамалық мәселелеріне арналған полемикалық мақала, авторы – белгілі әдебиеттанушы ғалым Рахманқұл Бердібай. Мақалада қазақ әдебиетінің тарихын зерттеудің әдіснамалық негіздері мен оны жазудағы ұстанымдар, әдістер талқыланады. Бұл мақалада ғалым әдебиет тарихын жазудың принциптерін нақты атап өтіп, оның ұлттық, тарихи, мәдени контекстегі маңыздылығын көрсетеді. Мақалада полемикалық сипаттағы ой-пікірлер мен сындар да орын алады. Мақаладағы негізгі принциптерді мәтіннен мысалдар арқылы көрсетуге болады.
1. Әдебиет тарихын ұлттық тұрғыдан қарау принципі
Рахманқұл Бердібай қазақ әдебиетінің тарихын жазуда ұлттық ерекшеліктер мен құндылықтарды ескерудің маңыздылығын атап өтеді. Ол қазақ әдебиетінің әлемдік әдебиетпен байланысын, бірақ оның ұлттық болмысын сақтау қажеттігін білдіреді.
Мәтіннен үзінді:"Қазақ әдебиеті тарихы – тек қазақ халқының тарихы мен мәдениетінің айнасы ғана емес, сонымен қатар оның ұлт ретінде қалыптасуының негізгі факторы болып табылады."
Талдау: Бұл үзіндіде автор қазақ әдебиетінің тарихын жазудың ұлттық тұрғыдан маңызды екенін білдіреді. Әдебиет тарихы тек жазушының шығармашылығын емес, тұтас халықтың рухани дамуын бейнелеуі тиіс.
2. Әдебиет тарихын тарихи және мәдени контексте зерттеу принципі
Бердібай қазақ әдебиетін зерттеуде оның тарихи және мәдени контекстін ескеру қажеттігін баса айтады. Әдебиет шығармаларын тарихи жағдайлармен байланыстырып қарау, сол кезеңдегі қоғамдық-саяси ахуалды түсіну маңызды деп есептейді.
Мәтіннен үзінді:"Әдебиет тек қана сөз өнері емес, ол әрқашан сол дәуірдің әлеуметтік-саяси жағдайларының, мәдениетінің, дүниетанымының көрінісі болып табылады."
Талдау: Бұл үзіндіде әдебиет тарихын жазуда оның қоғам мен мәдениетке байланыстырыла қаралуы қажеттігі айтылады. Әдебиетті тек эстетикалық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік және тарихи аспектілерді ескере отырып зерттеу керек.
3. Әдебиет тарихын объективтілік пен әділдік негізінде жазу принципі
Рахманқұл Бердібай қазақ әдебиетінің тарихын жазуда объективтілік пен әділдіктің маңыздылығын айтады. Ол тарихи әдістерді қолдана отырып, әдебиет тарихын дұрыс және шынайы көрсетуге тырысады.
Мәтіннен үзінді:"Әдебиет тарихын жазғанда әрқашан объективті болу керек. Бұл жерде жеке көзқарастар мен субъективті пікірлер орын алмауы тиіс."
Талдау: Бұл үзіндіде автор әдебиет тарихын зерттеу мен жазуда субъективті пікірлер мен жеке көзқарастардың әсерінен аулақ болу қажеттігін атап өтеді. Тарихи әдіс пен дәлелдерге сүйене отырып, әдебиет тарихын шынайы көрсету керек.
4. Әдебиет тарихын кезеңдерге бөлу принципі
Бердібай қазақ әдебиетінің тарихын кезеңдерге бөліп, әрбір кезеңнің өзіндік ерекшеліктерін көрсету қажеттігін айтады. Әдебиет тарихы тек біртұтас процесс емес, ол түрлі кезеңдер мен ағымдардың дамуынан тұрады.
Мәтіннен үзінді:"Қазақ әдебиеті тарихы бір кезеңнен екінші кезеңге өтіп, әр кезеңнің өзіндік ерекшеліктерін, қоғамдық-саяси жағдайын ескере отырып жазылуы тиіс."
Талдау: Бұл үзіндіде әдебиет тарихын кезеңдерге бөліп зерттеу принципі ұсынылады. Әр кезеңнің ерекшеліктері мен даму бағыттары ескеріліп, әдебиет тарихы нақты кезеңдермен байланыстырылып жазылуы керек.
5. Әдебиет тарихын ғылымның әдіснамалық талаптарына сай жазу принципі
Рахманқұл Бердібай әдебиет тарихын жазуда ғылыми әдіснамалық талаптарды ұстанудың маңыздылығын айтады. Әдебиеттану ғылымының әдіснамалық негіздеріне сүйене отырып, әдебиет тарихын жазу керек.
Мәтіннен үзінді:"Әдебиет тарихын жазу тек қана тарихи фактілерді жинау емес, ол ғылымның талаптарына сай зерттеу, талдау және қорытынды жасау процесі болуы тиіс."
Талдау: Бұл үзіндіде әдебиет тарихын жазудың ғылыми талаптарға сай жүргізілуі қажеттігі айтылады. Әдебиеттану ғылымының әдіснамасы мен зерттеу тәсілдеріне негізделген зерттеулер ғана объективті және дәл болатыны көрсетіледі.
Рахманқұл Бердібайдың «Қазақ әдебиеті тарихы қайдан бет алады?» мақаласында әдебиет тарихын жазудың принциптері айқын көрінеді. Автор ұлттық, тарихи, мәдени контексті ескере отырып, әдебиет тарихын объективтілік, әділдік, ғылыми талаптар негізінде жазуды ұсынады. Әдебиет тарихын кезеңдерге бөліп, әр кезеңнің ерекшеліктерін көрсету, сонымен қатар әдебиет шығармаларын тек эстетикалық емес, әлеуметтік және мәдени тұрғыдан зерттеу қажеттігін баса айтады.
62.Қ.Ергөбектің, Б.Кенжебайұлы 16-рухани ерлігі жөніндегі зерттеуінен мысал көрсетіңіз
Құлбек Ергөбектің әдеби әңгімелерін, ғылыми талдауларын, зерттеулерін бейнебір көркем дүние оқып отырғандай жеңіл оқисың, бірақ жаның да әдеби қорың да байып, түлеп отырасың. Тілінің байлығы, әдеби деректерді көп білетіндігі, әңгімешілдігі, соларды көркем тілмен жүрекке жеткізе білуі де ерекше. Қысқа да нұсқа сөйлемдерімен-ақ талай тарихты тірілтеді. Айта берсең, зерттеушінің қаламгерлік қыры да, талдауы да тосын әрі қызықты. Мәселен, бір ғана мысал, «Арыстар мен ағыстар» (Әдебиеттану, сын әлемі. Төртінші кітап. Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2003.-336-бет. Отырар кітапханасы) деген кітабындағы «Арыстар» атты 1-ші бөлімде Алаш арыстарының тағдыры мен шығармашылықтарына қатысты қаншама құнды мәліметтер беретін «1.Қайырымсыз уақыттың қайсар ұланы немесе профессор Бейсембай Кенжебайұлының рухани ерліктері жайлы хикаясын» 15 ерліктен тұратын ұлы ұстазының ұлан-ғайыр өмірі мен шығармашылығына арнаған. Мұндағы әр ерліктің тарихына тоқталмай-ақ, тақырыптарын атап өтсек те, ондағы терең ойды ұғамыз. Оқырман ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тарихын, осы күнге дейін бүкпеуін ашпай, бүтіндей белгілі болмаған талай құпияларға қанығуы үшін бұл кітапты өзі жеке оқып шығуы қажет. Сөйтіп, тарихтың ақ-қарасын көзі көрген тірі куәгердің еш бүкпесіз ашық айтқан ақиқаттары арқылы аналитикалық талдау жасай отырып, ой қорытуы тиіс.«Бірінші ерлік, әйтпесе Абай биігі» деген еңбекте 21 жастағы Бейсембай Кенжебайұлының тұңғыш мақаласы «Абайдың» ұлы ақынды сынап жатқан күрделі кезеңде жариялануы сол кезең үшін үлкен рухани сілкініс, құбылыс болғаны, 1945 жылы ұлы абайтанушы Мұхтар Әуезовпен бірге қазақ-орыс тілдерінде еңбектер жазуы, 1954 жылы Абайдың қара сөздеріне, 1955 жылы абайтануға өзіндік үлес қосқаны сөз болса, «Ар алдындағы тайталас, немесе екінші ерлік» 30-ға да толмаған «Оңтүстік Қазақстан» газетінің редакторы Б.Кенжебайұлының «Қазақ тілі туралы», «Тағы да қазақ тілі туралы» деген мақалалар жазып, қазақ тілінің тағдыры мен келешегіне алаңдап, ұлт нигилистеріне қарсы табанды күрес жүргізуі шын мәнінде өз басын бәйгеге тігуі еді.
«Үшінші ерлік, немесе Шәкәрім хикаясы» тарауында «А.С.Пушкин. Таңдамалы шығармалар. (Қ.Қ.Ә.Б., 1935 жыл. Жинаған, сөз басын жазған Кенжебайұлы Бейсембай)» деген жинаққа ақын шығармаларын аударған Абай, Міржақып, Бернияз Күлеев, Шәкәрім, Аймауытұлы Жүсіпбек, Ілияс Жансүгірұлын енгізіп, рухани ерлік көрсетуін, ал «Пушкин туралы» деген алғысөзі күні бүгінге дейін құнын жоғалтпаған еңбек екендігін, 1960 жылдары сүйікті шәкірті Р.Нұрғалиевқа жабық жатқан «Әуезовтің ұлтшылдық туындылары» деп аталатын трагедияларын айғайлатып тақырып ретінде ұсынуы, онда «Еңлік-Кебектің» сөз болатыны, одан «халық жауы атанған» Шәкәрімнің аталуы шын мәніндегі көзсіз ерлік еді. «Төртінші ерлік, немесе «Едіге батыр» жыры туралы» болса, «Бесінші ерлік, немесе ханды арашалаған қара» (Кенжебайұлының «Абылай» (1941) атты кітапшаны төбесіне төніп тұрған қанжарға қарамай жазғанын, екінің бірі біле бермейтін Абылай жайында Мұхтар Әуезов роман жазбақ болғаны жөніндегі әдеби факті де оқырман үшін үлкен жаңалық екені сөзсіз.Сол қаһарлы жылдардың өзінде ағысқа қарсы жүзген жаужүрек ғалым Бейсембай Кенжебайұлының жас ұрпаққа ұлттық рух егетін Едіге, Абылай, Кенесары жөнінде үштаған тарихи очерк жазу ойында болғаны жөнінде: «... Едіге жайында жазды, Абылай жайында жазды, Кенесары жайында жазбақ болып Ташкент архивтерінен көптеген материал көшіріп, көп кітапты конспектілепті. Өкініші – уақыттың ұйқы-тұйқылығынан ғалымның бұл арманы орындалмады. Ойға алған істерінің бірі орындалмағанымен, қалғанының орындалғанына шүкіршілік етеміз...», – дейді зерттеуші Қ.Ергөбек ( 3-44-бетте).«Алтыншы ерлік, немесе Сұл-танмахмұт үшін сор кешкен» Б.Кенжебайұлының ақын шығар-машылығын зерттеймін деп ұлтшыл атанып, университеттен Мұхтар Әуезов екеуінің бір бұйрықпен шығарылғаны сөз болса, «Жетінші ерлік: «Абай» романы жарыққа қалай шыққан?» атты мақалада «Абай» (1942) романының редакторы, ақын Қуандық Шаңғытбаевтың «Абай» романы жарыққа қалай шыққан еді?» («Егемен Қазақстан», 21.08.1992) мақаласында М.Әуезов пен Б.Кенжебайұлының қылаусыз достығы, «Бешім» деп еркелеткені, ағалы-інідей сыйласу тағлымы тың тарихи деректермен толыққаны елді елең еткізері сөзсіз. Оқып көрелік: «Жайшылықта бала өсектесе көніп қалатын, сыртыңнан ғайбат айтты десе сеніп қалатын бала көңіл дана адам өзіне жақын жүрген, сөзіне ден қойғызып бауырына кіргіштеп жүрген жандардың өзі Бейсекеңді жамандап сендіре алмас екен, Мұхаңды. Екеуіне бірдей ортақ доссып жүрген бір жанның пендешілігі ұстап, араларына от тастамақ болып, екі езуі көпіріп екі сағат жамандағанда ұлы адам орнынан көтеріліп барып есікте жатқан галошты алып келіп столына қойып:
– Сенің әңгімең тап осылай әсер етті маған, – депті түнеріп. – Қылаудай кінәраты жоқ кісіні былғама! Басқаға сенбеспін, Бешімге сенемін».Ұлы адамның ұя сырын жазушының жары Валентина Николаевнаның баласын емізіп жүрген тұстарда Меңжамал анамызға ренжи айтқан екен (Меңжамал анамыз В.Николаевнаның сүтсізденуіне байланысты, оның бір баласын емізген – Қ.Е). Анамыз бұл әңгімені кейін бізге елеусіз ғана әңгімелеген еді кезінде», – дейді (4-62-бет). Ұлы адамның ұсақ-түйегі болмайды, бұл да өнеге екендігін ескерткен ғалым Құлбек Ергөбек «талай мәрте Бейсекең Мұхаңды үгіттеп, «Қазақ әдебиеті» кафедрасына меңгерушілікке көндіре алмағанын, қарамағында қызмет атқарғанын, ал Бейсекең тартқан сый-бүркіт жазушы столы үстінде өмірден өткенше де, қазір де тұрғанын ұлылар ұғымындағы достықтың дәнекері, үлкен өнегенің маңызды бір деталі ретінде дәріптейді.Мұнда екі достың аңызға бергісіз ақиқаты мол танысу тарихы да таратылып жазылған. Бейсембай Кенжебайұлының Мәскеуде «КСРО Жоғарғы Советінің ведомствосы» редакциясында қызмет істеп жүргенде, яғни, 1939 жылы күзде Мұхтар Әуезов оның Мәскеудегі пәтеріне түсіп, бірнеше күн жатып, қапысыз сыр алысқаны туралы қаншама жаңа деректер айтылған.Ұлы жазушының қатар сыйласқан, бірін аға, бірін іні тұтқан Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Тұрар Рысқұлов, Сұлтанбек Қожанов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Зейнелл-Ғаби Имажанов, Сәдуақас Оспанов, Әмин Мүсіпов, т.б қазақ зиялыларының Б.Кенжебайұлына да қамқорлық танытқаны, т.б. сынды көптеген тың тарихи деректер келтірілген.Мұндағы бұрындары беймәлім болып келген, әсіресе, Әуезовке қатысты әрбір құнды құжат, деректі жазба – қазақ әдебиеті үшін қымбат қазына. Олай болса, Бейсекеңнің күнделігіндегі Әуезов туралы әңгімесі, естеліктері мұхтартанудағы рухани мұра болмақ. Алайда, бір мақалаға ондағы фактілерді сыйдыру мүмкін емес, әрі ол кітапты қайта көшіргенмен бірдей болмақ. Бұрында белгілі «Абай» романының жарыққа шығу тарихы мұнда Б.Кенжебайұлының күнделігіндегі бұрындары баспа бетін көрмеген беймәлім мәтіндермен молыққан. Қос ғұламаның ғибратты ғұмырынан сыр шерткен шежірелер, эпистолярлық мұралар, әрбір өмір дерегі, тың детальдар толығымен берілгендігімен бағалы.Кітаптағы толық берілген мәтіндер – қазақтың қаһарман қаламгерлерінің қайраткерлік, рухани ерлігінің жазбаға түсіп, жарыққа шыққан шынайы көрінісі, ақиқаттың айнасы. Әрбір жаңалықтың өзі кешегі құбылыстың қайталануы болса, мұндай елге рух беретін ұлыларымыздың ұлты үшін қандай да қиыншылықтан қайтпайтын қайсарлығын танытар тарихи деректерді оқтын-оқтын ойға алып, озық үлгі ретінде ұлағат етіп отыру парыз.Зерттеушінің: «...Асылы қай дәуір, қандай жағдайда да тор шын талантқа құрылған, керме-кедергі заманынан озық ұлы жазушының құбылысқа айналып туған шығармаларына жасалған... Қайран да қайран шерменделіктің қыл шылбырынан құтыла алмай, тұтылып қалып жататын ұлылық. Ұлылық қыр соңынан қалмай өкшелеп, ізін аңдып құлтабандап діңкесін құртатын көре алмаушылық, қызғаныштың қызыл иті-ай десеңші?!», – деген запыран атқан зар-шері талайдан айтылып, құлақ сарсытса да құтыла алмайтын дерт екендігін дәлелдеудің де қажеті жоқ (5-71-бет).Тарихи тұлғалардың эпистолярлық мұраларын жинау, жүйелеу, жариялауда, аға ұрпақтың аманатын арқалап, бүгінгі ұрпаққа жеткізудегі әдебиетші-ғалым Құлбек Ергөбектің еңбегі ересен. Ұлттықруханиятымызға қосылып отырған осынау құнды мәтіндерді қазақ әдебиетінің қазынасындағы жаңа жәдігерлер, теңдесі жоқ тың мәтіндер, әдеби құбылыстар дер едік.Шежіреге толы ғалым күнделігіндегі көрікті ойлар, архивке бергісіз құнды құжаттар, қазақ әдебиетінің тарихы, Әуезовке қатысты рухани жәдігерлер, хаттар, естеліктер, өзге де әдеби мұралар көп-ақ. Айталық, «Ояну дәуірінің әдебиеті – ойлы ғалым зерттеуінде (он екінші ерлік)» деген тараушада тағы бір тың эпистолярлық мұраға кездесеміз. Сондықтан, оны толық күйде көшіруге тура келді. Мұхтар Әуезов ҚазМУ-дың ректорына екі хат жолдапты. Бірінші хатта: «Б.Кенжебайұлымен ҚазМУ-де көп жыл үзеңгілес қызмет атқаруым себепті оның ғылыми-педагогикалық еңбектерін жақсы білемін. Әрі докторлық диссертациясын ойдағыдай қорғап шығарына қапысыз сенетіндіктен аталған диссертацияға кеңесші болуға қуана-қуана келісе-тінімізді хабарлаймын», - депті (19.01.1955 ж.). Екінші хатында: «ҚазМУ-дың доценті Б.Кенжебайұлы «ХХ ғасыр басындағы қазақ демократиялық әдебиеті» аталатын тақырыпта еңбек етіп келеді. Бұл қолдай қуаттауға әбден лайық тақырып, өйткені автор еңбекші бұқара тіршілігімен сабақтас демократтық бағыттағы әдеби процесті зерттеу талабын қойып отыр. Бұл кезең әдеби процесі әлі күнге байсалды зерттеу нысанасына айналған жоқ-ты.Доцент Кенжебайұлы бірсыпыра жылдардан бері бұл тақырыпты үздіксіз зерттеп келеді. Торайғыров ақындығы, С.Дөнентаев, М.Сералин өмірі мен шығармашылығы хақында бас-басына зерттеулер жазып жариялады. Аталмыш еңбектерге қарап Кенжебайұлының ұлан-асыр материал жинап қана қоймай, бағалы байламдарға келгенін көруге болады. Маған сондай-ақ Кенжебайұлы жолдастың ХІХ ғасыр әдебиеті және совет әдебиетіне арналған зерттеу еңбектері (Абай, Жамбыл тағы басқалар) да жете мәлім.Міне, осы жайлардан кейін Кенжебайұлының докторлық диссертациясын жемісті аяқтап, табысты қорғарына күмән болмасқа керек» (30.ҮІ.1955 ж) – деп жазыпты (6-116 бет).Бұл жәйді одан әрі толықтырар мәтін де оқырманды бей-жәй қалдыра алмасы анық:
«Профессор Бейсембай Кенжебайұлының аталмыш еңбегі өміржасы өксіп жүріп жазылған еңбек. Дау аяғы алпысыншы жылдарға жеткен. Қазақстан Республикасы Ұлттық академиясы 1959 жылы жазда «Қазақ әдебиетінің негізгі проблемаларына» арналған ғылыми-теориялық конференция өткізгенде де Бейсекең еңбегін күстаналамақ беріш бейілдер төбе көрсеткен. Абырой болғанда, Мұхтар Әуезов үзеңгілесі Бейсекеңнің бұл еңбегін ерекше бағалап, айбар танытып арашалаған. «Көпшілікке ұнаған баяндаманың бірі Бейсембай Кенжебаев жолдастың баяндамасы болды... ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті шығармаларын көп зер салып зерттеп жүрген Бейсембайдың баяндамасындағы қорытынды, жаңағыдай сын-пікір өте орынды, дұрыс айтылған ой деп білемін» («Әдеби мұра және оны зерттеу», 1961 ж., 349-бет) – деп жоғары бағалаған (7-119-бет). Зерттеуші Қ.Ергөбек келтіріп отырған эпистолярлық мұралар бүгінгі мұхтартануға бәймәлім мәтіндер. Сондықтан да, екі қаламгер, әрі қайраткер арасындағы шығармашылық, ғылыми байланыс, достық қарым-қатынас жөніндегі тың әдеби фактілер мен ғылыми ақпараттарды қазақ әдебиетінің тарихын толықтырған жемісті жұмыстар деп түсінген жөн.
63.С.Әшімбаевтің «Ақан сері» туындысы жайындағы сыни талдауын көрсетіңіз
Сағат Әшімбаевтың "Ақан Сері" романына сыни талдау жасау кезінде, автордың шығармашылығы мен Ақан Серінің бейнесін қалай ашқанын, оның қазақ әдебиетіндегі орнын талқылауға болады.
Әшімбаевтың бұл романы қазақтың әйгілі ақыны әрі әншісі Ақан Серінің өмірі мен шығармашылығын тереңнен зерттеп, оны әдеби тұрғыда сипаттауға бағытталған. Ақан Сері – қазақтың музыкалық мәдениетінің алыбы, оның әндері мен шығармалары халық арасында кеңінен танымал. Әшімбаев осы бейнені романда шынайы әрі әсерлі етіп көрсетуге тырысқан.
Романның негізгі тақырыбы – Ақан Серінің өміріндегі күрделі сәттер, оның жеке басындағы қайшылықтар мен қоғамдық ахуал арасындағы байланыс. Әшімбаевтың стилі суреткерлік жағынан өте бай, әрі оның шығармасында философиялық ойлар мен әлеуметтік мәселелер қатар өріледі. Романдағы Ақан Сері – тек халық әндерін орындаушы ғана емес, сондай-ақ өз дәуірінің ойшылы, күрескері ретінде көрінеді.
Әшімбаевтың Ақан Сері туралы жазғаны – тарихи тұлғаның өмірін әдебиет арқылы қайта тірілту ғана емес, сонымен қатар сол уақыттағы қазақ қоғамының ішкі қайшылықтарын көрсету мақсатында жасалған. Бұл роман қазақ әдебиетінде тарихи тұлғалардың бейнесін жаңа қырынан көрсетуге үлес қосқан шығармалардың бірі болып табылады.
64.Р.Бердібайдың «Қазақ әдебиеті тарихының кейбір мәселелері» мақаласынан кейін қызметтен кетуіне себеп болған ұлттық көзқарасын көрсетіңіз
Адам шыр етіп өмірге келгенде, таза періште болып туады. Есейе келе түрлі әлеуметтік қарым-қатынастарға түсіп, шыңдалады; не бір қатал сындардан өтеді. Абай айтпақшы, замана, өмір адамды билейді. Көп адам заманына орай өмір сүреді; кейбіреулер тіпті «заманына қарай амалы», «заманың түлкі болса, тазы болып шал» дегенді өзінше түсініп, заман осылай, мен де осылай істеуге мәжбүрмін деп, небір айла-шарғыларға барып жатады. Заманға қарай бейімделмегендер мына өмірден өзіне лайықты сыбағасын ала алмай, әділетсіздіктерге ұшырап, табанға аяусыз тапталады. Ал енді бір «еменге қарсы біткен бұтақтай» рухы мықтылар өмірдің не бір алмағайып өткелдерінен қолын, арын былғамай, аман-есен өтіп, еңсесі жығылмай, керісінше қоғамдық-ұлттық дамудың алтын діңгегі ретінде халықтың ыстық ықыласына бөленеді. Өзінің бүкіл ғұмырын халқының рухани мұрасын түгендеуге арнаған ұлтын сүйген сондай санаулы азаматтарымыздың бірегейі – Рахманқұл Бердібай.Әдетте, қоғам қайраткерін замандастары бірде олай, бірде бұлай толғап, әділ бағалай алмауы мүмкін. Бұған заманның сипаты, бақталастық, көре алмаушылық сияқты көптеген объективтік, субъективтік факторлар да айтарлықтай әсерін тигізетіні бар. Жиырмасыншы ғасырдың басында «қазағым» деп шыққан бір топ алашшыл қайраткерлердің кеңестік кезеңде өзіне лайықты бағасын ала алмай, елімізде тәуелсіздіктің туы тігілгеннен соң барып, ұлттың үлгі тұтар эталондарына айналуын осымен түсіндіруге болады. Кезінде Ахаңдар өздерін халық жауы ретінде қудалағандарға арнап,«Асықпаңдар, артымызда қазы бар, тексеріліп, сүйегіміз таразыға әлі талай тартылар» деген көрегендікпен айтқан сөздері бұл күндері өмір шындығына айналып отыр. Тіпті, ұлы Абайдың өзі де шын бағасын еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін барып алып жатқан жоқ па?! Солай десек те, күні бүгінге дейін Абайдың шаужайына жармасулар тоқтамауда. Көп реттерде заманынан озық туған азаматтардың кезінде өзіне лайықты бағасын ала алмай жататындығы да өмір шындығы.
Құдайға шүкір, бүгінгі күні «қазақ» деп, «елім» деп, «тілім» деп, «түрік» деп ғұмыр кешкен, өзінің өміршең идеялары үшін күресе жүріп, қыруар еңбек сіңірген алаштың айтулы азаматтарының біріне айналған Рахманқұл Бердібайды туған елі барынша құрметтейді.Ол өзінің жазған алғашқы мақалаларынан бастап-ақ қазақ халқының тағдыры оның тілінің тағдырымен тікелей байланысты екенін ашына көтерді. Рахаңа құлақ салайық: «Қазіргі қазақ тілі – адамзаттың ең ұлы ойшылдарын өз тілінде сөйлете білген бай тіл болып саналады. Ол бұдан былай да көркейе, жандана бермек. Қазақ тілінде дүниежүзілік әдебиет қазынасына қосарлық тамаша көркем шығармалар жасалды. Алайда, біздің арамыздан осы шындықты ескермейтін жолдастар да табылады. Ондайлардың зияны да аз болып жүрген жоқ... Коммунизм тұсында бір тіл екінші тілді жеңеді деген тұжырымды кейбір жолдастар қазіргі өмірге қолданатын аксиома санайтын көрінеді. Мұны нағыз зиянды көзқарас деп атамасқа болмайды... Мұның ақыры неге соғатынын өмірдің өзі көрсетіп келеді. Бізде қазақ тілінде жаза білетін инженер, агроном, зоотехник, физик дегенді ілуде бір кездестіруге болады. Мұның өзі көп жағдайда кісі күлерлік жайға душар етеді. Қазақ интеллигенті ана тілін білмейді! Ең қынжыларлығы сол – бұл мәселені кейбір жолдастар әбден табиғи, заңды көрініс деп санайды. Ол ол ма? Халқымыздың мақтанышы болып саналарлық профессор, ғылым кандидаттарының дені қазақша кітап түгіл, кішкене мақала да жаза алмайды. «Самарқанда бір қызым бар, бұдан һәм сорақы» деген екен біреу. Біздің басшы қызметте отырған қазақ жолдастардың біразы да қазақша сауаттымыз деп мақтана алмаса керек» (Р.Бердібаев. Ең үлкен мәдени байлық. «Қазақ әдебиеті», 22.IV.1956). Өткен ғасырдың орта шенінде айтылған бұл пікірлер қазірге дейін өзінің зәрулігін жоғалтқан жоқ. Бір таңқаларлығы, бүгінгі күні осыдан елу жылдан аса уақыт өтсе де бұл жағдайдың оншалықты көп өзгере қоймағанын көреміз. Бұрынғы жағдайға отаршылар кінәлі болса, бүгінгі тәуелсіз елімізде бұған кім кінәлі?
Қазақ ұлты үшін өткір де өзекті мәселені қозғаған бұл мақала кеңестік тоталитарлық жүйеде ұзақ жылдар бойғы қуғындаулардан есеңгіреп қалған қазақ қауымын дүр сілкіндіргендей болды. Бойында ұлттық қаны бар қазақтардың ұлттық намысы оянып, руханият айдынында нажағайдай жарқ етіп, атой салып, жұртшылықтың жүрегін дір еткізіп, сәуле шашқан мақалаға үн қосты. «Ең үлкен мәдени байлықта» көтерілген ұлттық тіл, ұлттық мәдениет, оның қазіргі мүшкіл халі,
оны жандандыруға бағытталған іс-шаралар туралы ұсыныстар көптің ойынан шығып, аяғы ұлт мәдениетін жан-жақты дамытуды көздеген келелі пікіралысуларға ұласты. Бұл мақала кеңестік кезеңнің құрсауына қамалып, тұншыққан ұлттық рухты босатып жібергендей болды. Бұған 1955 жылдан бастап қайта шыға бастаған «Қазақ әдебиеті» газеті үлкен мұрындық болды. Осы басылым бетінде Ә.Нарымбетовтің «Ана тілін ардақтайық», Т.Кәкішев бастаған партия тарихы институтының бір топ қызметкерлерінің «Тіл мәдениеті», Т.Қожакеевтің «Ұлттық сезімді ұмытпайық», М.Қаратаевтың «Қайта қарауды қажет ететін мәселелер», Қ.Тұрғанбаевтың «Тағы да әдеби мұра жайында», Ғ.Мұсабаевтың «Әдеби мұраны бұрмалаушылыққа қарсы», т.б. мақалалар жарық көріп, көптен тұншығып, жабық жатқан тақырыптарға қозғау салды. Бұларда содырлы саясаттың салдарынан өлмеші күн кешіп жатқан қазақ тілімен қатар әдебиеті мен өнерінің де зәру мәселелері батыл көтерілді.Рахаңның осы кезде жазған, тоқталмай кетуге болмайтын, тағы бір мақаласы – «Қазақ әдебиеті тарихының кейбір мәселелері» («Әдебиет және искусство», 1956, №12; «Көкшетау правдасы», 04.01.1957). Автор мұнда қазақ әдебиетінің озбыр саясаттың кесірінен қозғалмай жатқан бай мұрасын игеруге шақырды. Бұл кездерде қазақ әдебиетінің тарихын XVIII ғасырдан, яғни Бұқар жыраудан бастап жүрген. Оған дейін қазақ халқында әдебиет болған жоқ, болса ол ауыз әдебиеті ғана деп келген болатын. Сол кезде үстемдік құрған марксизм-ленинизм ілімі бойынша, фольклор әдеби дамудың төменгі сатысы, ал шын мәніндегі әдебиет жазба әдебиет деп есептелетін. Міне, осы бір қазақ халқының ғасырлар бойы сөз маржанын теріп жасаған әдеби мұрасын қаралап, оны руханият айдынынан шығарып тастауды көздеген, ұлт үшін аса зиянды концепцияға Б.Кенжебаев бастаған ұлтжанды азаматтар ашық қарсы шықты. Ол кезде мұндай пікірге жол жабық болатын; бұлайша сөйлеу сол кездегі саясатқа, яғни марксизм-ленинизм теориясына негізделген социалистік мәдениет жайлы ілімге қайшы келетін. Жұрттың бәрі социалистік реализм әдебиетінің «артықшылықтарын», «өміршеңдігін» дәлелдеп, жаппай жарысқа түсіп жатқанда, Р.Берді-бай тағы да қиғаш кетті.Әрине, бірыңғай социалистік мәдениет жасау міндеті (мұны ұлт мәдениеттерін орыстандыру деп түсініңіз) алға негізгі мақсат ретінде қойылып жатқанда, ұлттық мәдениет мәселелерін көтеру жоғарыдағы билік басындағыларға ұнамады. Көп ұзамай-ақ, осы мәселені батыл көтерген «Қазақ әдебиетінің», Р.Бердібай бастаған авторлардың мәселесі 1956 жылдың қазан айында Қазақтан Компартиясы Орталық Комитетінің бюро мәжілісінде қаралды. Онда «Қазақ әдебиеті» газетінің редакторы С.Мәуленов, оның орынбасары Ж.Молдағалиев, жауапты хатшысы Т.Әбдірахманов қызметінен босатылды. Р.Бердібайдың «Қазақ әдебиеті тарихының кейбір мәселелері» атты мақаласын жариялағаны үшін «Әдебиет және искусство» журналының редакторына қатаң сөгіс берілді, ал осы мақаланы көшіріп басқан «Көкшетау правдасы» газетінің редакторы Ө.Оспанов қызметінен босатылды. «Ең үлкен мәдени байлықта» көрсетілген кемішіліктерді «жою үшін» он пункттен тұратын қаулы қабылданды. Осыншама адамның қызыметінен алынып, жазалануына негізгі себепкер болған Р.Бердібай да өзіне лайықты «сыбағасын» алды; ол сол кез үшін аса ауыр жаза – партия қатарынан шығарылып, саяси жағынан сенімсіз болғандықтан да баспасөзде жұмыс істеуге болмайды деп, қызметінен босатылды.Осы кезде Р.Бердібайдың «ұлтшылдық жат пиғылдарын» талқандауға ерекше көңіл бөлінді. Республиканың бас газеті Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің органы «Социалистік Қазақстан» газеті «Қазақ халқының мәдениетін көркейте берейік» («Социалистік Қазақстан», 29.01.1957), «Бір зиянды мақала» («Социалистік Қазақстан», 05.02.1957) атты мақалалар жариялап, Рахманқұлдың мақалалары саяси, партиялық тұрғыдан зиянды, халыққа жат деп бағаланды. “Қазақ әдебиеті тарихының кейбір мәселелері” мен қазақ тілі жайлы “Ең үлкен мәдени байлық” атты мақалаларындағы «жалаң, нигилистік сарындар» “Ең жаманы сол – Р.Бердібай өзінің ғылыми негізсіз, саяси қате, біздің идеологиямызға жат пікірлерін тағы да көпшіліктің пікірі ретінде ұсынған” (“Социалистік Қазақстан”, 10.01.1957). Мұнда Р. Бердібайдың «Ең үлкен мәдени байлық» атты мақаласындағы «өрескел қателіктер» жайлы айта келіп «амал не сөз болып отырған мақалада Р. Бердібаев өзінің алдыңғы мақалада жіберген қателіктерін қайталайды. Онда автор қазақ тілі жөнінде Қазақстанда «озбырлық» болып отыр десе, бұл мақаласында мәдени мұраларды бағалауда «озбырлық» бар дейді.Ең жаманы сол Р. Бердібаев өзінің ғылыми негізсіз, саяси қате, біздің идеологиямызға жат бұл пікірлерін тағы да көпшіліктің пікірі деп ұсынған. Шынында ол қайта қарау арқылы бір кезде партия қатты айыптаған, ғылымға жат «бірыңғай ағым» теориясына қарай итермелейді. Қазіргі қазақ совет әдебиеттану ғылымының негізгі кемшіліктерін мақала авторы «жалған саясатшылдықта» деп түсінеді. Яғни, ол әдебиеттің идеялылығын жоққа шығарып, оның саясаттан тыс болуын уағыздайды. Көркем әдебиеттің идеялыылығы дегенді ол құбыжық етіп көрсетпек болады. Р. Бердібаев өткен заманнан қалған мұраны әділ зерттеп бағалаудың орнына оның бәрін әдебиеттің «алтын қорына» қосуды ұсынады. Ол заманда үстем тап тудырған, солардың мүддесін жырлаған әдебиет те болғанын Р. Бердібаев білмей ме? Ендеше, әр шығармаға маркстік-лениндік ілім тұрғысынан баға беруге ол неге қарсы?» («Социалистік Қазақстан»,05.02.1957) – деп, «кемшіліктерін» санамалайды. Партияның ресми органы бетінде редакцияның атынан жазылған бұл мақалалардан кейін де Бердібайдың “қоғамымызға жат” пікірлері барынша «әшкереленіп» жатты.Бұдан «Қазақ әдебиеті» газеті де қалыспады. Онда жарияланған
«Әділ сын, алғы міндеттер» (01.02.1957) және «Ұшқары пікірлер, елеулі қателер» (08.02.1957) атты мақалаларда Р.Бердібайдың ұлтшылдық бағыттағы пікірлерін идеялық жағынан талқандауға едәуір көңіл бөлінді. Сөйтіп, Р.Бердібайдың “саяси қате” пікірлері өзіне лайықты бағасын алып, саяси тұрғыдан барынша айыпталды .Ол кезде мұндай пікірлердің бапасөз бетінде айтылуына билік басында тұрған компартия жол бермейтін. Мақаланы орталық басылымдар баспағандықтан да облыстық “Көкшетау правдасы” газетінде жарық көрген-тұғын.
65.«Елім-ай» романындағы Ақтамберді, Үмбетей жыраулардың елді бірлікке шақырған жырларын көрсетіңіз
Ақтамберді жыры
Күлдір-күлдір кісінетіп ,
Күреңді мінер ме екенбіз...
Күдеріден бау тағып,
Кіреуке тон киер ме екенбіз?!
Төтелеп жүріп жол салып,
Қолды бір бастар ма екенбіз?!
– деген жолдар арқылы өлеңнің әсерлілік қуатын күшейткен, әрі "к" дыбысын қайталай қолдану нәтижесінде өлеңнің саздылығын үдеткен. Жыраулар психологиялық синтаксистік параллелизмді де шеберлікпен қолданған. Мысалы:Уа, қарт Бөгембай!
Құяр жауын аспаннан
Қара бұлт торласа,
Пәлекет елде көбейер
Жігітті жігіт қорласа.
(Ақтамберді) деп, табиғат пен адам тағдырын жарыстыра, салыстыра бейнелей отырып, өлеңнің мән-мазмұнын тереңдеткен, әсерлі еткен. Мұнан жыраулар поэзиясының көркемдік сапасын айқын аңғаруға болады.
Үмбетей жырлары
Ей, Ақтанберді, Қабанбай!
Суытпа босқа түсіңді,
Қайрама онша тісіңді.
Сырт тазасы не керек,
Тазарт әуел ішіңді.
Асып тудың, Бөгенбай!
Болмашыдай анадан
Болат тудың, Бөгенбай!
Қалақайлап дулатқан,
Қалдамандап шулатқан
Қалмақты алдың, Бөгенбай!
Құбыла көшкен байтақтың
Ордасындай Бөгенбай!
Темір жұмсап, оқ атқан
Қорғасындай Бөгенбай!
Ауыр қол жидырып алдырдың;
Қалмаққа ойран салдырдың!
Қабанбай мен Бөгенбай,
Арғын менен найманға
Қоныс қылып қалдырдың
66.Аққан жұлдыз» романындағы Шоқан бейнесіне жұмыс істеңіз
Аққан жұлдыз — Сәбит Мұқановтың романы, екі кітаптан тұрады. Бұл шығарма атақты ғалым Шоқан Уәлиханов туралы көптеген зерттеу, маңызды еңбектерге, фактілерге негізделіп, Шоқан болған жерлерге саяхаттар жасау нәтижесінде өмірге келген шығарма. Мұқанов осы тақырыпта "Ш.Уалиханов", "Қашқар қызы" деген пьесалар да жазды.
Қазақ әдебиетінің алыптар шоғырының бастауы Сәбит Мұқанов қазақтың 19 ғасырдағы ойшыл-ғалымы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығын ұзақ жылдар бойы терең зерттеді. Осы зерттеу еңбектерінің нәтижесінде «Аққан жұлдыз» (1967-1970) романы туды. Жазу барысында арнайы Қытайға, Шыңжаң өлкесіне барып, Шоқанның сонда өткізген өмір кезеңдерін, бастан кешірген оқиғаларын зерттеп біледі. Омбы және Ленинград қалаларының мұрағаттары мен кітапханаларын күні-түні ақтарып, Шоқан өміріне қатысты материалдар жинады. Шоқанның қоғамдық өмірден шеттелуіне, одан «безінуі» мен «түңіліске» патша шенеуніктері тарапынан көрсетілген сенімсіздік пен жан күйзелісі себепші болады. Оның астарында Шоқан Уәлихановтың өз халқының шығу тегін қазбалау, этностық аумағы мен жер-су аттарының түп-төркінін анықтау, «еркіндік» пен «теңдік» туралы идеялары жатты. «Тұманды дәуірде» өмір сүріп, өз халқының алдында «болу не болмау» мәселесінің тұрғанын бүкіл болмысымен, жан-дүниесімен ұғынған Шоқан Уәлиханов ұрпақтары үшін жарық жұлдыз екенін Сәбит Мұқанов тағы бір дәлелдеді. Өз халқын жан-тәнімен сүйген Шоқанды «тамаша ойшыл» ретінде суреттейді. Еңбектің көркемдік жағы Шоқанның тұлғасын өзі өмір сүрген қоғамның әділетсіздігін сынай отырып жазылуымен ерекшеленеді. Шығармада қазақ-орыс қатынасының ара-жігі, сол кезеңде қабылданған реформаның, патшалық Ресейдің қол астына кірген қазақтың жайы кеңінен қамтылған. Шоқан туралы жазған еңбегінің 2 кітабы ғана аяқталған. Шоқанның өнегелі өмірінің ғұмырнамасына айналған еңбек аяқталмаған күйде қалды.
Шығармада Шоқанның шыққан тегі, өскен ортасы, білім алу сапары, еңбек жолы, ағартушылық-демократтық көзқарасының қалыптасуы, орыстың озық ойлы ағартушыларымен қарым-қатынасы, қазақ қоғамындағы өзі өмір сүрген дәуірдегі кертартпа, ескі әдет-ғұрыпқа қарсы көзқарасы, ел билеу ісіндегі кемшіліктерді өзгертуге ұмтылысы, жаңа реформа жасаудағы талпынысы, жасаған саяхаттары нәтижесінде жинаған еңбектерін жүйелі жинақтап баспаға беруі, өлкетану, этнография, әдебиет, өнер саласын зерттеуі кең түрде қамтылып жазылған. Шоқанның жеке өмірінде отбасы, ата-анасы, туыстары, сүйген қызы Айжанмен, қарапайым халықпен қарым-қатынасы тамаша суреттелген.
Ол 30-ға да толмастан өкпе ауруынан қайтыс болды. Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфорт Уәлихановтың айрықша қабілетті екенін байқап, оның ғылыммен айналысуына барынша жағдай жасады және ғылым әлеміне тамаша нәтиже әкелген Қашғар сапарына баруына жәрдемдесті. Уәлиханов Қашғардан оралған кезде Гасфорт сапардың есебін реттеуге өзі қатысып, кейіннен Уәлихановқа Петерборға барып келуіне жағдай жасады. Қашғар сапары туралы жазбалар осы тамаша адамның негізгі айтулы еңбегін құрайды.
Ол 30-ға да толмастан өкпе ауруынан қайтыс болды. Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфорт Уәлихановтың айрықша қабілетті екенін байқап, оның ғылыммен айналысуына барынша жағдай жасады және ғылым әлеміне тамаша нәтиже әкелген Қашғар сапарына баруына жәрдемдесті. Уәлиханов Қашғардан оралған кезде Гасфорт сапардың есебін реттеуге өзі қатысып, кейіннен Уәлихановқа Петерборға барып келуіне жағдай жасады. Қашғар сапары туралы жазбалар осы тамаша адамның негізгі айтулы еңбегін құрайды
"Аққан жұлдыз" романында кейіпкерлерді даралау, адам мінезін сомдау шеберлігі шынайы бейнеленген. Романды жазу барысында Сәбит Мұқановтың үлкен ізденіс үстінде болғаны бірден байқалады. Шоқанның өмірін түгелдей зерттеп, кейінгі ұрпаққа өшпес мұра қалдыру асқан ерлік. Ол өз шығармасында ойын оңдай, сөздерін талдай біліп, "қазақ" деген дана халықтың жарық жұлдызы ағып түскенін аңғартқандай. Жалпы оның монография, зерттеулері қазақ халқының мәдениеті, тілі, өнері, материалдық тұрмысы, тағы басқа туралы жазылған сүбелі еңбек болып табылады.
67.«Соңғы көш» романындағы Шығыс Түркістан қазақтарының күрделі дәуіріндегі оқиғаларды көрсетіңіз
Жазушының тағдыры, өмірбаяны өзінің жазған шығармасында тұратындығы да заңды құбылыс. Бір жазушының: «Өмір жолымды сұрап неғыласың, бәрі шығармамда тұр емес пе?» - дейтінінің себебі осы ғой. Қабдеш Жұмаділовтің де өмір жолы, ес біліп, ержеткеннен бергі көргені мен түйгені – шығармаларында көрініс тауып жатқаны анық. Бұл тұрғысында жазушы өзінің «Соңғы көш» роман-дилогиясы туралы жазған мақаласында былай деген екен: «Осы ғасырдың жуан ортасына дейін қазақтың көшпенді өмірі сақталып келген сонау Шығыс Түркістан жерінде туып өстім. Цивилизациядан шалғай жатқан елдің тұрлаусыз тағдыры, құландай үріккен көшпелі халықтың шекараларды көктей өтіп, әрі-бері жөңкілуі, ұлттық езгі мен отаршылдық саясаттың небір түрі, қуғын-сүргін, атыс-шабыс, түрме, ашаршылық, ақыры қорлыққа шыдамаған момын халықтың тоз-тоз болып, босқындыққа ұшырауы – бәрі-бәрі бастан кешкен, дәмін татқан жайларымыз ... «Соңғы көш», міне осы оқиғалар арқау болды». Иә, Қабдеш Жұмаділов туындыларындағы оқиға-мазмұны шекараның арғы беті мен бергі бетін бірдей қамтып жатады десек, жазушы шығармашылығының басты арқауы жоғарыда өзі айтқандай мазмұн мен идея ауқымында екендігіне оның алпыс жыл бойы жазған туындыларын шолып өткенде-ақ аңғаруға болады.
Қабдеш Жұмаділовтің «Соңғы көш» роман дилогиясының бірінші томы 1974 жылы жарық көрген екен. Бұл кезең – сонау «Қаһар» (Ілияс Есенберлин) романынан басталған, ұлт қаймақтары болған әйгілі тарихи тұлғаларымызды әдебиетімізге қайта оралтып, санамызға зор сілкініс жасалып жатқан кез болатын. Талай-талай кесек те тамаша романдар дүниеге келіп, қазақ халқы тоқырау кезеңіндегі рухани жаңғыруды бастан кешіп жатты. «Соңғы көш» осы тұрғыдағы алғашқы туынды деп айту – әбестік болар, әрине. Сәкен Жүнісовтың «Заманай мен Аманай» туындысы бұдан он жыл бұрын жазылған болатын. Бірақ шетелде тұрып жатқан қазақтардың сан қилы тағдырын, арман-мақсатын эпопеялық ауқымда алғаш тарқата жазып оқырманға ұсынған – Қабдеш Жұміділов екені даусыз. Бұл роман-дилогияның мазмұны болып, оның тақырыптық-идеялық тұтастығын құрап тұрған негізгі арқау – Шығыс Түркістан өңіріндегі қазақ және басқа да халықтардың Қытай отаршылығына, қарсы күресі болып тартылады.Романға осы күрес барысындағы алуан түрлі оқиғалар үздіксіз желі тартып, көз алдымызда өтіп отырады. Яғни қазақтың азаттықты аңсауы, елдікті сақтауы – романның басты лейтмотиві ретінде тартылған. Автор қоғамдық қайшылықтарды дәуірлік сипатта қарастыра отырып, сол қоғамдық қайшылықтарды, әлеуметтік теңсіздіктердің қазақ халқының тағдырына жасаған ықпал-әсерін тұтас бір ұлттың және жеке адамның психологиясындағы көрінісі арқылы ашып көрсетуге ұмтылады. Шығарманың жалпы құрылысынан, сюжеті мен композициясынан, сомдалған үлкенді-кішілі образдар қатарынан осы мақсат айқын көрініп отырады.
БАСЫ МЫНА ЖЕРДЕ: Қабдеш Жұмаділов - суреткер жазушы
Туындыдағы сюжетке арқау болған оқиғалар шығармадағы кейіпкерлердің қарым-қатынасынан туындауы арқылы, композициялық тұтастық туындап, сол заманның шынайы келбеті, атмосферасы бейнеленеді дейтін болсақ, «Соңғы көш» романы Шығыс Түркістан аталған, түп баба түркінің, одан бергі қалың қазақтың байырғы мекені, бүгіндері жат қолында қалған ұланбайтақ өлкеде жасап жатқан елдің қилы тағдыры, қоғамдық қарым-қатынасы, өмір-тіршілік ахуалының айнасы. Романдағы үлкенді-кішілі образдардың әрқайсысы айқын сомдалған. Ел ақсақалы Қанағат би, Нартай, Жасыбай, Шәкен, Тұрсын – аға буын өкілдері. Олардың ізін басып келе жатқан келешек иелері Нұрбек, Жағыпар, Жолбарыс, Естайлар – өз-өзінің іс-әрекеттерімен оқырманның есінде қалатын образдар. Коммунистік дәуір әдебиетінің түсінігімізге меншіктеп берген бір категориясы – жағымды және жағымсыз образ. Кез келген туындыдағы кез келген кейіпкер бірыңғай жағымды немесе бірыңғай жағымсыз болуы мүмкін де емес болар. Бірақ қалай болғанда да соципеализм салтанат құрып тұрған кезеңнің өнімі «Соңғы көш» романында небір жағымсыз мінез-құлықтардың жиынтығы іспетті образдар бар. Олар ел ішінен шыққан ішмерездер – Нұғыман, Ермек, Шөншік, Қожан Хамитовтар. Бұлар – қайдан тегін жем түседі деп есепқойлықпен өмір сүретін мансапқұмар, дүниеқоңыз адамдар ретінде суреттеледі. Олардың сыбайластары – басқыншы держава Қытайдың жымысқы да өктем дөкір саясатын ел ішінде жүзеге асырушы Ли Хүң, Яан Ке, жаң Жүң Хуалар. Қазақтың психологиясын әбден меңгерген бұл жатжұрттықтардың ретін келсе-ақ ел билеушілерінің ортасына от салып, өктем елдің бағзыдан бергі ұстанымы «бөліп ал да билей берді» қалай ептілікпен жүзеге асырып отырғандығын жазушы түрлі жағдаяттар арқылы шебер суреттейді.
Романда қазақ әйелдерінің сан түрлі бейнедегі галереясы бар. Қазақ әйелі – қоғамдық үрдістерден аулақ, отбасын ғана күйттеген, локальді тіршілік етіп, бала қамын, бай қамын ғана күйттейтін жандар емес. Қазақ әйелінің қоғамдағы орны қашан да биік болғанына романдағы кейіпкерлердің іс-әрекетіне қарап көз жеткізуге болады. Романдағы Балжан, Жұпар, Дүрия, Торғын, Зипа, Сақыпжамал, Нұрғаным т.б. асыл аналар мен ару қыздар образдары жоғарыдағы сөзімізге дәлел бола алады. Тұтастай алғанда жазушының шығармада бейнелеген образдар жүйесін топтау тәсілін романның идеялық-көркемдік табиғатымен бірлікте алып қарастырған жөн болмақ. Жазушы өз шығармасында адамдардың жеке өмірін, тағдыр жолын бейнелей отырып, оны типтердіре келе, тұтастай бір халық басындағы ахуал деңгейіне көтереді. «Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген» демекші, қазақ халқы соңғы төрт жүз жылдың өзінде ғана қаншама рет құрып кетудің аз-ақ алдында қалды. Автор осы тарихи шындықты көркемдік шешімдер арқылы сәттті бейнелейді. Романда үстем ұлт өкілдері мен өз арамыздан шыққан зорлықшылдардың теперішіне, қиянатына қарсы күрестің ащы шындығын бейнелейді. Шекарадан арыс асып, бері асып, қай жақта мамыражай тірліктің көзі бар, соған тұрақтап түтін түтеткен қойдан қоңыр қазақты жылы орнынан суытып, мазасын қашырған – 1949 жылдан бастап Қытай билігін қолына алған қызылкөз коммунистердің биілігі болатын. Кедейдің күнін жоқтау деген ұранмен келген коммунистер қазақтың дәстүрлі қоғамының тұнығын лайлап, Шәуешек айналасындағы елдің әптер-тәптерін шығарады. Бұрынғы ел ішіндегі Әкпар мен Әбілғазы арасындағы сияқты ұсақ-ұлаң дау-дамайлар мен руаралық кикілжіңдер адыра қалады. Алуан түрлі оқиғалар арқылы кейіпкерлер өз-өзінің мінезімен даралана түседі.
Романда шығарма негізін құраған жеке эпизодтар, қысқа оқиғалар молынан ұшырасады. Жазушы солардың барлығын: эпизодтарды, сюжеттік желілерді бір арнаға біртіндеп жымдастырып әкеліп, бүкіл қоғамды жайлаған әлеуметтік теңсіздікті, әділетсіздікті шеберлікпен суреттеп, баяндап көрсетеді. Ел ағалары Қанағат би, Нартай, Тұрсын, Жасыбайлардың ұлтына қорған, атына тұрман болсам деп алаңдаған күйлері алуан түрлі оқиғалар арқылы нанымды берілген. Олар елдің басына түскен нәубетті жан-тәнімен сезіне отырып, одан шығар жолды іздейді. Автор әр кейіпкердің аузына елдіктің ұраны болған сөздерді салып сөйлетеді, оқырманды ойландыра отырып, жігерін жаниды.
Алдыңғы жақта атап өткеніміздей, романда жағымсыз образдардың болуы да сөзсіз ғой. «Соңғы көш» романыда жазушы суреттеуі бойынша өздерінің жағымсыз іс-әрекеттерімен көрінетін, жан-жақты анық-қанық суреттеліп, сомдалған образдар жүйесі де өзінің шынайылығымен ерекшеленеді. Олардың бойындағы адам баласына тән жағымсыз қылықтар, психологиялық халдер оқиғамен бірге өріліп, шынайылығымен оқырманның бірде зығырданын қайнатып, бірде еріксіз бас шайқатып отырады. «Жазушының өмірдегі ұсақ-түйек, кездейсоқ жанрлардан аулақ биік талғамы арқылы жинақтау мен даралау әрекетінен әдеби бейне туады. Әдеби бейненің өмірдегі модельдерін өзгерте, құбылта, құлпырта келгенде суреткердің шығармасындағы әр кейіпкердің болмыс-бітімінде бір адамның емес, әр алуан адамның сыр-сипаты жатады», - деп академик З.Қабдолов айтқанындай, романдағы бір адамның бойындағы мінез-құлық, әс-әрекеттің типтік сипатқа ие болуы мен белгілі бір образды сомдауға қолданылған портреттік тәсілдің де осындай деңгейде қарастырылуы – жазушының шеберлік қырын танытады. Яғни, романдағы жағымсыз сипаттағы образдың өзіне тән мінез-құлқын біз күнделікті өмірден көріп жүрген болсақ, ол – жазушының өз шығармасы арқылы шынайылыққа жеткен жетістігі болмақ.
Шығарма сюжетіне мінездің кірігіп кетуі ондағы тартысты ширықтыра түсетін тәсіл болмақ. Өмір шындығының сан алуан қалтарыс-бұлтарысын айқара ашуға себеп болатын адам мінезінің алуан сипаттарын көркем шығармаға түсіру – шеберлікті қажет ететіні айтпаса да түсінікті. Суретпен салған портрет адамның сыртқы қалпына қоса, ішкі жан дүниесінің де біршама құбылыстарын бере алуға қабілетті дейтін болсақ, сөзбен суреттеу – одан да күрделі психологиялық тереңдік болмақ. Психологиялық ахуалдың терең нәзік иіріміне бойлай отырып, детальдер арқылы тұтас бейнені біртіндеп аша түсу – Қабдеш Жұмаділовтің жазушылық машығына тән. «Соңғы көш» романындағы типтік образдардың оқырман үшін іс-әрекеті мен мінез ерекшеліктері маңызды ғана емес, олардың алуан түрлі әрекет үстіндегі динамикалық портреттері де маңызды. Алуан түрлі образдарды сомдап, бейнелеудегі олардың әрқилы болмысы мен бітімнің шынайылығы арқылы суреткер жазушының сөзбен сурет салудағы яғни қанық та нанымды портрет құрудағы шеберлігі аңғарылады. «Соңғы көш» роман-дилогияның композициясы арқылы Шығыс Түркістанды мекендеп отырған халықтың тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі сымдай тартылған сюжеттік желілер арқылы жүйелі суреттеліп отырады. Жазушы романға көшпенді елдің тұрмыс-тіршілігін негіз етіп ала отырып, заманға сай орын алған түрлі қоғамдық құбылыстардың халықтың мінез-құлқына, әдет-ғұрпына салған қолтаңбасын анық бейнелеп көрсетеді. Романдағы «Саржайлау» бөлімінде бейнеленетін, әлі қаймағы бұзылмаған даланың мамыражай өмірі осының айқын дәлелі. Ел ішіндегі талас-тартыстар біртіндеп ұлғая түскен сайын мамыражай күйдегі даланың тіршілігі де шырқы бұзылып, күрделене түседі. Романнан жазушының өзіне тән суреттеу машығын, уақытты, қоғамдағы құбылыстарды берудегі қолтаңбасын көреміз. «Кешегі Шөпшік», «Бүгінгі Шөпшік», «Кешегі Нұғыман», «Кешегі жайлау», «Бүгінгі жайлау» деген ұғымдарды автор уақытқа байланысты, біртіндеп өзгеріп, бұзылып бара жатқан қоғам мен жеке адамға қаратып қолданып отырады.
Қазақ халқы ХІХ ғасырдың жүзінде толық отарланып болды. Мәнжулік Шың империясы мен Шароссия немесе Патшалық Ресей қазақтың байтақь даласын екіге бөліп алып, біртіндеп баурап, алдымен жерін одан соң ондағы елдің рухын жаулап отарлауға толық кіріскен заман – ХХ ғасыр болатын. «Соңғы көш» романында отаршылдық саясаттың Шың империясының жұртында пайда болған Қытай мемлекетіндегі қазақтарға қаншалықты зардап тигізгенін ашып көрсетеді. Гоминдан билігі құлап, Шығыс Түркістан мемлекетінің күні бітіп, осының бәрін біртіндеп жалмай түскен жаңа биліктің ашкөз қалпы анық суреттелген. Роман оқиғасының негізгі желісі Қытай Халық Азаттық Армиясының Шығыс Түркістанға келуі, ел ішінде сақталып отырған қару-жарақтарды жинауы, өздеріне қарсы шығады-ау деп қауіптенген, ұлт-азаттық қозғалысына қатысқан күрескер ерлердің тізімін жасауы, оларды біртіндеп жылы орнынан қозғап қуғын-сүргінге ұшыратуы, түрмеге тоғытып жазалауы, ақыры осындай қорлық-зорлыққа шыдаамған жергілікті халықтың, қалың қазақтың сәбет жеріне, яғни Атажұрт Қазақстан жеріне үдере көшуі болып тартылған. Романның өне бойына осы аталған оқиғалар желісіне ұсақ сюжеттік желілер жымдасып қосыла келіп, көлемді роман-дилогиялық сюжеттік-композициялық тұтастыққа қол жеткізілгенін көреміз.
Ұлтымыздың тарихындағы ең өзекті мәселелердің бірі – көшбасшылардың ерік-жігері мен ар-намысына негізделген асқақ рухани күш-қуаты еді. Сол себепті де қазақты отарлауға келген Қытай басқыншылары қарапайым халықтан қауіптенбей, олардың көшбасшы серкелерінен сезіктеніп, олардың көзін жоюды мақсат тұтуы – осыны білгендік еді. Романда қаақтың бай-бағландарын тұтқындап Үрімжіге әкетуі – осыған байланысты туындайтын сюжеттік желі осыны танытады. Қазақтың бас көтерер басшыларын тып-типыл етіп құртатын болса, өзге қалың жұртты қойдай жуасытудың, сөзсіз бағындырудың оңайлығын отаршылар жақсы түсінеді. Романдағы алуан сюжеттер арқылы бұған көзіміз айқын жете түседі. Сол себепті де жазалаушылар алдап-арбау, үркітіп-қорқыту т.б. әдістерге басып, қапысыз қимылдауда. Ел үшін еңіреген ерлер: Нартай, Тұрсын, Шәкендерге ату жазасын беріп, Нұрбек, Естай, Жағыпар, Жолбарыстарды түрмеге қамап, алуан түрлі қорлық көрсетеді. Басқыншыларға жәрдем берген жергілікті екібеткей пысықтар мен залымдар тарих сахнасына шыға бастайды. Халықтың абдырап, көшбасшыларынан айрылған қиын жағдайын қазақ ортасынан шыққан кейбір жетесіз пысықтар жете пайдаланып, ел ішін алатайдай бүлдіріп жатты.
Жазушы осы проблеманы тарихи шындық деңгейіне көтере отырып, тарихи шындықты көркем бейнелеуде кеіперлер іс-әрекетінің, мінездерінің қанық психологиялық дәйектілігіне мән береді. Сөйтіп халық трагедиясы табиғатын ашады. Бұл тұрғыдан алғанда Қабдеш Жұмаділов – қаламы әбден төселген, өзіндік айтар ойы бар, қоғамға берер бағасы бар, кемелдікке келген, алымды да толымды жазушы. Бірақ бір ескерерлігі – автор өз кейіпкерлерін өздеріне тән уақыт пен кеңістіктен тысқары шығандатып, олардың болмыс-бітіміне, прототиптік тұлғаның іс-әрекетіне, қызметіне сәйкес келмейтін деңгейге жеткізіп суреттемейді. Себебі, өз қаһармандарын тым жоғары бағалап, олардың тарихтағы орнын аса әсірелеп жіберсе – жарасымды болмайтынын автор жақсы біледі. Жазушының өзіндік даралығы – көркемдік шешімінің нанымдылығында, шынайылығында дейтін болсақ, ол көркемдік шешім автордың машық шеберлігіне байланысы екендігі де анық дүние.
Жалпы алғанда әр дәуір өз тұлғасын, қаһарманын тудырады десек, романдағы Оспан, Нартай, Тұрсындар – өз заманының тарихы сахнасына көтерілген, ұлт-азаттық көтерілістің басшылары. Ал кейінгі ұрпақтың қаһармандық бейнесі олардан басқаша. Жазушы мұны шығарманың көркемдік шешіміндегі ішкі даму динамика, ішкі заңдылықтар, характерлердің логикасы арқылы айқын танытып отырады. Романдағы ерек тұлға – ел бірлігінің, елдігінің ұйытқысы болып бейнеленетін, бірте-бірте тұлғасы сомдалып, айқын образ болатын Қанағат бидің орны ерекше. Жазушы қазақтың бойындағы ең бір тамаша асыл қасиеттерді осы Қанағат бидің бойына жинақтағанын көреміз. Ел қорғаны, ұлтының арқа сүйер адамы Қанағат бидің алуан түрлі жағдайларда көрініс тауып отыратын биік адамгершілік қасиеті, қандай да бір сындарлы шақтарда қиыннан жол табар көрегендігі, соңынан ерген қара орман халқының қамын ойлаған азаматтығы романда толығынан баяндалып, суреттеледі. Қанағата бидің ата-анадан айырылып жетім қалған Шөпшекті ел қатарына қосып адам етуі, қиындыққа ұшыраған Нұрбектің әкесі Жанғабылдың отбасына қолұшын беріп, төніп тұрған қауіптен құтқаруы, ел арасындағы бітіпсепс алауыздық, дау-жанжалдан әбден тан берекесі кеткен Төлеубайды өз қамқорлығына алып, ауылына әкелуі тағы басқа да оқиғалар арқылы Қанағат бидің биік адамгершілік бейнесі сомдалып, тұлғалана түседі. Қанағат би – коммунистік кезеңдегі қазақ әдебиетіндегі жағымды қырымен суреттелген ел билеушілерінің бірі болып саналады.
«Соңғы көш» романындағы ерекше сомдалан, көп қырлы сипатқа ие кейіпкерлердің бірі – Нұғыман образы. Нұғыман – сталиндік қуғын-сүргін заманында, Қазақстандағы байларды тәркілеу нәубетінен қашып, арғы бетке асып өткен еті тірі адамдардың бірі. Шындығында Нұғыман образы қазақ әдебиетінде Қабдеш Жұмаділов әкелгенге дейін болмаған, өзіндік жаңалыққа ие сомдалу. Оның сырт көзге момын көрінгенімен, ішкі дүниесі бұлқынысқа, қайшылыққа толы бейне. Оны сұңғыла би Қанағат қан ааңдап қояды. Автор мұны былай деп береді: «Оның кейбір қараңғы қалтарысын, қияндағы қоймасын Қанағаттың ғана сұңғыла назары шалып қалушы еді». Өмірде шыбын жанын сауғалап қалу үшін неден болса да тайынбайтын Нұғыман қажет болғанда өзінің қызы Дүрияның тағдырын саудаға салып, Нартайды сатқындықпен арандатып жібереді. Нұғыман образы – романдағы өзінің күрделі сипатымен ерекше. Романдағы Қанағат би мен Нұғыманның образдары – іс-әрекеттері мен ішкі жан дүиелері арқылы бір-біріне мүлде қарама-қайшы бағытта суреттеледі. Яғни романдағы адамдық пен аярлықтың, жақсылық пен жамандықтың өзара бітіспес жаулығы, мәңгілік арбасуы – осы екі кейіпкердің іс-әрекетіне сыйып тұр деуге болады.
Романдағы біршама характерлердің табиғаты Нартай, Шәкендерді «халық жауы» ретінде қаралау жиналыстары үстінде ашыла түседі. Оларға еш негізсіз, өтірік жала жабылып, ату жазасына бұйырылып жатқанда жандарына араша болар ешбір адам табылмайды. Автор осылайша біртіндеп ширықтыра отырып, оқиғаның шарықтау шегін Нартай мен Шәкенді көптің алдында, ашық алаңда ату оқиғасына алып келіп тірейді. Осы бір қайғылы мезетте Нартай мен шәкеннің өлімін көзімен көрген Дүрия әкесінің қырсығынан жазықсыз төгілген қанның киесіне жолығып, жазылмас дертке ұшырап, жастай дүние салады. Нұғыманның жасаған қиянатшыл ісі осылайша өз ұрпағының маңдайына сор шоқпары болып тиеді. Романдағы ақын жігіт Естайдың рөлін де жеіл бағалауға болмайды. Бірінші кітап пен екінші кітаптың бойында көрініс табатын Естай образы – табиғатынан нәзік жанды ақын адамның бейнесі. Ол қоғамда болып жатқан әділетсіздіктерді көзден кешіп, бастан өткере жүріп, оларға елмен бірге қиналып, күйзеледі. Естайдың шығармашыл тұлғаға тән әсершіл де арманшыл бейнесін автор сәтті сомдаған.
«Соңғы кеш» романында Қазақстандағы тәркілеу, ұжымдастыру науқандарынан қашып өткен Нұғыман, Нұрбек, Жаңғабыл, Жолбарыс, Шаштығалилардың алуан түрлі тағдырлары бар. Сондай-ақ Ресейден қашып шыққан келген Бакиш, Бакич, Тимофей Медведевтердің де іс-әрекеті өзіндік сипатымен ерекшеленеді. Олар романның жалпы композициясындағы алуан түрлі оқиғалар барысында өз іс-әрекеттерімен көрініс тауып отырады. Қазақстаннан бас сауғалап қашқан халықтың, жеке адамдардың тағдыры, шекара бойындағы олардың көрген қиыншылықтары, аштыққа, тонаушылыққа ұрынуы – ұлт тарихының айқын ақтаңдақтары еді. Мұның бәрі де сонау өткен ғасырдың жетпісінші жылдары қырағы цензураның сүзгісінен сығымдалып жеткен шынайы шындықтар болатын.
Жазушы тұтас бір дәуірді сол кезеңде өмір сүрген алуан түрлі мінез-құлықтағы адамдар образы арқылы, олардың әрқайсысыынң ішкі жан дүниесі мен сыртқы дүниені қабыстыра,түйсіне қабылдауы арқылы танытуға ден қояды. «Соңғы көш» романының тақырыбы, идеясы да осындай бүтіндікке, бірлікке келіп бекиді. Автордың романды құруы, ондағы негізгі тартыс қалпы – тек сыртқы сюжеттік даму арқылы ғана емес, ондағы үлкенді-кішілі образдардың ішкі дүниесінің қайшылықтары арқылы да ашылып отырады. Бұрынғының бәрін мансұқтап, жаңа қоғамдық құрылыс орнатуға кіріскен қызылдар билік құрған алмағайып-аласапыран уақытта ел өмірін билеп жатқан коммунистік өкіметтің мақсат-мүддесін, идеясын терең зерттеген қаламгер оны екі мемлекеттің тәжірибесіндегі қалып-күйін терең суреткерлікпен көрсете алған.
Қабдеш Жұмаділовтің «Соңғы көш» роман-дилогиясы – «Таңғажайып дүние» мемуарлық романында өзі айтқанындай, үлкен жазушы ретінде көпшілікті мойындатқан, оның қаламгер ретіндегі суреткерлік зор әлеуетін, дүниетанымдық көкжиегін, бай да көркем тіл шұрайын, қаһармандарды көркем бейнелеп, айқын сомдап таныта алу шеберлігін көрсеткен, қазақ әдебиетіне қосылған кесек туынды болды. Қазақ халқының бір бөлігін қармап алып, отаршылдық саясатын жүргізіп отырған Қытайдың бет-бейнесін аямай ашып суреттеген туынды жазылып, жарық көріп жатқанда, Атажұрт Қазақстанның өзінде тіл мен діл «түрі ұлттық, мазмұны социалистік» деген аяр ұранның желеуі астында тоқырауға ұшырап жатқан заман болатын. «Соңғы көш» пен «Тағдыр» романдарының көтерген тақырыбы, оқиғалардың өтетін орны шекараның арғы бетінде болғанымен, оның идеялық тұрғыдағы арқалаған жүгі – барша қазақтық, соның ішінде Атажұрттағы қалың қазақтың да арман-мақсаты болатын. Бұл екі томдық романға жүк болған – автордың және оның отбасы мен ауыл-аймағының басынан өткен қилы тағдырдың сұлбасы екеніне «Таңғажайып дүниені» оқығанда анық көз жеткізуге болатындай.
Шекараның арғы бетіндегі қалың қазақтың өмірінен сыр шертетін «Соңғы көш» роман-дилогиясы жазылған соң жазушы бұл тақырыпты жылы жауып қойған жоқ. Бұдан соң оқырманға «Тағдыр» романын ұсынды. Жалпы алғанда Қабдеш Жұмаділовтің «Соңғы көші» мен «Тағдыр» романдарындағы ортақ мәселелерді атап өткен дұрыс болмақ Ең әуелгі, ортақтық – аталған екі шығармадағы оқиғалардың бірдей өткен орны – Шыңжан немесе түркілік ұғымдағы Шығыс Түркістан өлкесі. Екіншіден, екі романды да өзара сабақтастырып тұрған кейіпкерлер – Сымайыл, Күдері, Қанағат би, Естайлар. Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романы да Шығыс Түркістан қазақтарының басынан өткен қилы-қилы тағдыры туралы жазылған, кесек те көркем шығарма. Тағы бір атап өтерлігі – тарих пен әдебиет егіз деп жатамыз. Бір мәселеге тарих пен әдебиеттің көзқарасы бір болғанымен, оны оқырманға ұсыну тәсілі мен мақсаты мен деңгейі екі түрлі болады. Шындығында кейде тарихшылар бара қоймаған немесе бара қоймайтын тақырыптарды қаламгер жазушы еркін көтеріп алып кететіні, батылдық көрсететіні болады. Сөйтіп отырып, тарихтың әлі айтпағанын әдебиет таныстырып, жұртшылықты тың мағлұматтармен жарылқап тастайды.
Жазушы өзінің «Тағдыр» романын оқиғалық тұрғыда сүйегі аса бір күрделі кезеңнің шындығын өзінің таным көкжиегі арқылы бейнелеуді мақсат тұтады. Орта Азияны тікелей өзінің меншігі ретінде қарастырған Қытай мен Ресей империяларының өзара шекара бөлуілерінің салдарынан екі мемлекетке бөлініп қалаған қазақтың ахуалы, оның ішінде Қытайдың қарамағында қалған бауырлардың кейінгі аянышты халі романға жүк болған. Мұндағы адамдардың мүлде бейқамдығы романда нанымды берілген.
Бергісі қазақтың, арғысы түп баба түркінің қасиетті қонысы болған байырғы мекенді тау жоталары мен өзен-судың аңғары арқылы өзара келісіп бөлшектеп алған екі империя оның нағыз қожасы қазақтардан сұраған да жоқ. Тек қай мемлекеттің қарамағына өтуі керектігі ғана ескерілді. Сөйтіп бір таудың күңгейі мен теріскейін мекендеп отырған бір атаның екі баласының қоныстарын шекара сызығы бөліп, жылдар өткенде олардың ұрпақтары бір-біріне жат болу қаупі туындмасқа амал қалмады. Қытайдың қоластына бағынған қазақтар шүршіт билеушілері мен олардың қол-аяқтары – әскери қауым халдайлардың өктемдігіне ұшырайды. Ата-бабасынан қалған нулы-сулы жерлерді егістік үшін, мемлекет қажеті үшін деп кесіп алғаны аздай, сол жерлерден бір құлақ су сұраған қазақтардың өздеріне астамшылық көрсетіп, қорлайды. Осылайша саяси тұрғыда қолдаушы, демеушісі жоқ қазақтарға билік өкілдері өздері сияқты көшпелі халық, ата жауы жоңғардың ұрпақтарын айдап салып, өзара қырғынға ұшыратып отыратыны аздай, елдің ішінен де сатқын, азығындар шығып қазақтардың берекесін әбден кетіре бастайды.
Романның тағы бір ерекшелігі – жарық көргенге дейін атажұрттық бұқараға белгісіз, көптеген мұрағаттық деректердің берілуі еді. «Тағдыр» романына Мәнжі Шың империясы мен Ресей патшалығы арасындағы Шығыс Түркістан өлкесін бөлісу мәслелесі, шекараны бөлгеннен кейінгі екі бөлінген халықтың тағдыры, яғни ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы оқиғалар арқау болады. Жоғарыда атап өткеніміздей, «Соңғы көш» романымен байланысы тұрғысында айтар болсақ, «Соңғы көштегі Қанағат бидің әкесі Күдері мен атасы Смайылдың өмір сүрген дәуірі суреттеледі. «Жол торабы» бөлімінде екі мемлекеттің өзара шекараны бөлісу мәселесі қамтылса, одан кейінгі тарауларда осы үлкен оқиғадан кейінгі елдің жағдайы, шекара бөлісінің қазақтың рулық тұтастық құрылымына әсері, қоғамда болып жатқан алуан өзгерістер, қазақ пен мәнжулер арасындағы өзара қарым-қатынастар, т.б. жан-жақты суреттеледі. Жергілікті халықтың да шекара сызығын бөле бастаған кезде зор наразылық білдіргенімен, үлкен қарсылыққа, көтеріліске шықпағаны суреттеледі. Шығыс Түркістан өңірінің тарихындағы осы бір аумалы-төкпелі кезеңді оның ішкі-сыртқы проблемаларымен қоса алып көрсеткен романның сюжеттік-композициялық тұтастығы басты кейіпкер Демежанның басына құрылған. Яғни шығарманың басты кейіпкері Демежан. Ол зорлықшыл да әділетсіз Маншың өкіметінің зорлығына қарсы күресе отырып, елінің, туған халқының ауызбірлігін, ынтымағын сақтап қалу жолында аянбай тер төгеді. Жазушы Шығыс Түркістан халқының тарихындағы осы бір кезеңді өзінің ішкі-сыртқы қайшылықтарымен көрсете алған. Шығарманың басты кейіпкері -Демежан. Романның сюжеттік-композициялық тұтастығын дәнекерлеп тұрған негізгі арна да Демежан, Сонымен бірге оның қиянатшыл, әділетсіз Маншың өкіметінің зорлығына қарсы күресі. Ол елдің, халқының ауыз-бірлігін, елдігін сақтап қалу жолында тер төгеді.
68.«Шырағың сөнбесін» романындағы Нәзира бейнесін көрсетіңіз
ТАХАУИ АХТАНОВ "ШЫРАҒЫҢ СӨНБЕСІН"
Жазушының ең соңғы романы — «Шырағың сөнбесін». Бұл романның негізгі кейіпкері Нәзира — кеңес армиясының офицері Қасымбектің жары. Жан-жақтан анталаған жау тылында қалған аяғы ауыр әйелдің өмір жолы, бастан кешкендері, өзін қоршаған ортаға, өткен күндерге көзқарасы арқылы кейіпкердің жан дүниесіне әрі барлау, әрі талдау жасалады.
Порым-пошымы, парасат-пайымы, табиғаты түрліше әр алуан характерлер, майдандағы тыл мен ауыл өмірі Нәзираның еске алуы — шегіністер арқылы бейнеленіп, шығарманың әлеуметтік-көркемдік мазмұны мен идеялық нысанасын айқындай түседі. Нәзираның өзі құралпы әйелдерді, ауылдағы аң жаулықты әжелерін салыстыра, іштей мінездеуінен, соғыс сойқанын өз көзімен көріп, тікелей сезінуінен танымы мен табиғатын танып отырамыз. Психологиялық талдау тәсілін жазушы үнемді, ұқыпты да шебер пайдаланады.
Өзі соғысқа тікелей қатысқан майдангер жазушының осы романында да, «Қаһарлы күндерде» де соғыстың саяси-әлеуметтік мазмұнына өзіндік шуақ, ұлттық рух-бояу дарытатын — кейіпкерлердің туу қиырда қалған ауыл адамдарын еске алуы. Мәселен, Нәзира ішінде бір үзілмес, таусылмас жылуы бар әжесін еске алса, Мұрат қайратты да айбатты ауылдасы Қартбайды еске алады. Бұлардың соғыс даласында жаны тозып, жадағайланбай, адамшылық қалпынан айнымай, жауыздық пен жақсылықты іштей салыстыра салмақтауына себепкер — қимас ауыл адамдары, туыстары.
Нәзираның әжесінің де, Қартбайдың да бойында анау-мынауға бас имейтін таза тәкаппарлық, текті өрлік бар. Ол өрлік көрінгенге өзін аяқасты қылуға жібермейтін, қор болуына жол бермейтін, оның есесіне, кісілік пен кішілікті, адалдықты айнымас асыл мұратқа айналдырған ұлттық қасиеттің бір көрінісі секілді.
Кейіпкердің жан дүниесіне үңілу, психологиялық тұрғыдан іс-әрекеттерін дәйектеу үш романнан да байқалады.
69.«Әпке» пьесасындағы Қамажай бейнесін психологиялық планда көрсетіңіз
Басты кейіпкер - Қамажай, алдынан шыққан қиыншылықтарды көтере білген, бауырларына қамқор жан туралы айтылады. Драмада Қамажайдың өмірге құштар жан екенін байқаймыз. Ата-анасынан жастай айырылған ол - өз өмірін тек бауырларына арнаймын деп жеке өмірі жайлы ойлауды қояды, оны Қабен атты жігітке " Қабен ол...ол қиын сияқты, бауырларымды қиып тастай алмаймын, олар әлі мен үшін бала, өздігінен өмір сүретініне күмәнім бар..." деп ұсынысына кері жауап қайтарғанынан білеміз. Драмада Ремаркалар тобының аздығы (Ремарка - қысқа түсіндіру түрінде келетін автор сөзі) бірден көзге түседі. Сондықтан Шығарма шиеленісті түрде жазылған, әрі терең философиялық мағынаға ие. Көп адамның сұранысын тудыратын шығарма.
70.Есеней-Ұлпан бейнелерін көрсетіңіз
Ұлпан — Ғабит Мүсіреповтың 1974 жылы тарихи ел шежіресінің мазмұны негізінде жазған романдарының бірі. Роман алғаш рет «Жұлдыз» журналының 1974 жылғы 6, 7, 12 сандарында жарияланды. 1975 жылы «Жазушы» баспасынан жеке кітап болып шықты. Жазушының бес томдық шығармалар жинағының (Алматы, «Жазушы», 1972–1976) бесінші томына (1976 жылы шықты) енді. 1976 жылы роман «Улпан ее имя» деген атпен орыс тілінде (аударған Алексей Белянинов) «Жазушы» баспасынан кітап болып шықты[1]. Бұл роман үш бөлімнен (бірінші бөлімінде жеті, екіншісінде он екі, үшіншісінде бес тараушалардан құралған[2]) және жиырма төрт тараудан тұрады. Ұлпан романында тоқсанға жуық образдар бар. Романның екінші бөліміндей он екінші тараушаны автор жаңадан жазып қосты. Бұл тарауша алғаш рет «Қазақ әдебиеті» газетінің 1979 жылғы 2 ақпандағы санында «Ұлпан стансасы» деген атпен жарияланды.[3]
Қысқаша мазмұны
Шығарманың оқиғасы – ХІХ ғасырда қазақ даласында болған тарихи шындықтарға негізделген. Романдағы бас кейіпкер Есеней - қалың Керей-Уақтың билігін қолына мықтап ұстаған аузы дуалы биі, атақты байы, батыры. Ол Шыңғыспен партиялық сайлауда таласса, тең түсетін өткір сөзді, алып денелі, қара нар іспеттес қайраткер. Жасында жауынгер, найзагер батыр да болған. Кенесарының қалың қолымен кескілескен ұрыста ерлік көрсеткен, екі жүз сарбазын тұтқындап стапқа өткізген, кейін жараланып, орыс-қазақтары дәрігерлерінің көмегімен ажалдан аман қалған. Ол қалың жылқысын өзінің жауынгер досы, бүгінде аяқ қолы топ болып қалған Артықбай батырдың жайылымына байқамай қаптата жайып келе жатқанда оның алдынан ерекше киінген кесек тұлғалы, батырдың қызы Ұлпан қарсы шығып, Есенейді еселі сөзбен жеңіп, айып төлетеді. Есеней оны ұл бала деп ойлайды. Ол бұдан он үш жыл бұрынғы әкесі Артықбай батырдың үйінде Есеней намаз оқып отырғанда еркелеп мойнына асылып, «Мен түйеге мініп кеттім! Әке, сен үйде қалдың!» деп маза бермейтін қара қыз. Бүгінде аңшы, құсбегі, жылқышы болып ат құлағында ойнап өскен батыр қыз. Оның екі баласы бір күнде шешектен өлген, бүгінде елуден асып, ел ағасы болған еңсегей бойлы Есеней бір балаға зар болып жүріп, өзінен қырық жас кіші қара торы өткір қыз Ұлпанға ғашық болады, Ұлпанды екінші әйелдікке алады. Ұлпанасыр той жасайды. Айналасы он-он бес жылда Ұлпан дүйім елді билейтін ақылды ана болады. Бүкіл Торғай уезіне Есенейдің аты Ұлпанның атымен қатар жайылады. Ұлпанның шалы Есеней тоғыз жыл топ болып жатып қайтыс болады. Одан қалған жалғыз қызы Біжікенді Ұлпан Торсан деген пысық жігітке үйлендіріп, қолына күшік күйеу етіп енгізіп алады. Біжікен жүкті болып, толғатар алдында қайтыс болады. Біжікеннің өлімінен кейін Торсан Есенейден қалған мал-мүлікті пайдаланып, ағайын-туғандарымен араздасып, Ұлпанды «отырса — опақ, тұрса — сопақ» етеді. Қорлыққа шыдай алмаған ер мінезді Ұлпан: «Маған көрсеткен қорлығың өз басыңа келсін»,—деп қарғап, бір түнде у ішіп өледі. Ел анасы болған Ұлпанның қарғысына ұшыраған Торсанның үлкен ұлы Шоқан болыс әкесінің зұлымдығына шыдай алмай өзіне-өзі пышақ салып өледі. 1920 жылы кеңес үкіметі кезінде Торсан өліп, балалары қаңғып кете барады да, Торсанның шаңырағы шайқалып ортасына түседі. Ұлпан өлгеніне жетпіс бес жыл болған нағашы атасы Сырым батырға әнші, күйші, домбырашы, палуан, атбегі адамдарын ертіп, Сыр бойына айғыр үйір жылқы айдап барып аза тұтып, асын бергізеді. Осы астан кейін жиырма бес жыл өткенде (1906 ж. шамасында), Орынбор — Ташкент темір жолы салынған кезде, «Ұлпан ас берген көл» жағасынан өткен темір жол станциясының атын «Ұлпан» атайды (Шалқардан кейінгі станция). Романның ерекшеліктерінің бірі - қазақ ауылының жүз жылдық тұрмысы, әдет-ғұрпы, барымта, қалыңмал беріп, қыз айттыру, бай мен кедей арасындағы, ел арасындағы жер дауы, жесір дауы кең көлемде сөз болуы.
Шығарма кейіпкерлері
• Ұлпан — аналардың анасы, ел билеген көсем, сөз бастаған шешен, аузы дуалы, сөзі куәлі қоғам қайраткері. Ұлпан ата-анасының тұңғышы мен жалғызы болғандықтан өте еркін өсіп, еркекшора киінген. Оның сезім байлығы, адамгершілігі, адалдығы, моральдық, тазалығы, ақылдылығы, зеректігі, зерделілігі, парасаттылығы, өткірлігі, өжеттігі келісті де көрікті бейнеленген. Сондай-ақ көркіне мінезі сай биязы да инабатты, сұлу да сымбатты. Ұлпан сөзге шешен, ақылды да, батыл қыз болып өседі. Ұлпанның мінезі де ашық жарқын, ақ көңіл. Әрі өз ой-пікірін ашық, нақты жеткізетін болған. Ұлпан — кең пейілді, адамгершілігі мол Сибан елінің кедей-кепшігіне қол ұшын беретін әйел.
• Есеней — романдағы тағы бір ең басты кейіпкерлердің бірі. Есеней Шыңғыс сұлтанның беделді биі. Оның даңқы, атағы бес болыс Керей-Уақ елін Кенесарының шапқыншылығынан аман алып қалған тұста дүркіреп шыққан, жасы алпысқа келген. Есеней - дәулетті, қатал билердің бірі болған. Ол — ауыр сүйекті, балуан денелі адам. Бар өмірі ат үстінде таза ауада өтіп келе жатқандықтан, үсті-басы қол батпайтын білеудей -білеудей бұлшық ет, бірақ қарны шыққан емес. Есеней діндар адам болғанымен бір кезде аса адуын, озбыр би болатын.
71.Мынау
аппақ дүн
ие»
повесіндегі жігіттің тұңғыш сезім күйін
ашу шеберлігін көрсетіңіз
72.Д.Исабековтің «Қара шаңырақ» туындысындағы ұлттық дүниетаным философиясы суреттелуін көрсетіңіз
«Қара шаңырақ» әңгімесі – ұлттық құндылықтың бастауы ауылмен байланысты екенін аңғартатын туынды. Шығармада қаламгер ауылдан қалаға қоныс аударудың жаппай белең алуы қазақ санасын рухани және материалдық тұрғыдан өзгертіп, ұлттық ділге ықпал етіп жатқанын, ежелден берік қалыптасқан отбасылық тәртіптің, ұрпақ тәрбиелеп өсірудегі салт-жоралғының – бәрінің өзгерісін кішкене ғана эпизодтармен-ақ білдіріп, ұлттық мінездің ұсақталып бара жатқанын көрсетеді. Автор жас буын бойында ұлттық ділдің берік болуы – ұлт өміршеңдігінің кепілі екенін дәйектеп, оқырманға ой салып, өз тегіңді сақтауға үндейді. Дулат Исабековтің «Қара шаңырақ» атты туындысында ұлттық дүниетаным философиясы терең әрі көпқабатты түрде көрініс табады. Бұл шығармада қазақ халқының дәстүрлері мен мәдениетінің, рухани құндылықтарының көрініс тапқанын байқауға болады. Туындыда негізинен адамның өмір жолы мен қазақтың отбасылық құндылықтары, ата-ананың тәрбиесі, туған жерге деген сүйіспеншилік, ұлттық болмыс пен соль-дәстүрлердің маңызы с
1.Ұлттық отбасы ұғымы : «Қара шаңырақ» шығармасында отбасының маңызы өте жоғары. Әсіресе, қазақ халқы үшін қара шаңырақтың мәні эрекше. Бұл үйде отбасы мүшелері, ата-ананың ұрпақтарына деген жауапкершілігі, ұлттық тәрбие, соль-дәстүрлердің беріктігі көрсетіледі. Шаңырақтың беріктігі, яғни ұлттық құндылықтарды сақтау – шығармада басты философиялық идеалардың бірі.
73.«Тортай мінер ақ боз ат» туындысындағы Тортайдың кітапқұмарлығымен суреттелетін суреткер концепциясын көрсетіңіз
Біздер — балалар, күні бойы өгіз үйретіп, бұзау жаямыз, үш уақ сиыр сауғызамыз. Ымырт үйіріле, алтыбақан құрған азаматтардың маңайында арпалысып, тиіп-қашып ұлардай шулап ойнап жүргеніміз. Біздің ішімізде менен екі-үш жас үлкендігі бар Тортай атты бала болушы еді. Әке-шешеден тым ерте айырылып, алыстан қосылар аталастарының есігінде жүретін. Қой аузынан шоп алмас жуас, құлағының сәл мүкісі бар, бала болып көп ойнамайтын жасқаншақ еді. Бәрімізден гөрі ерекшелігі, таңертеңнен кешке дейін бас алмай кітап оқи беретін. Қолына не тисе, соны талғамсыз оқитын Тортай ортамыздағы білгішіміз, аузымызды ашып тыңдар абызымыз сықылды.
Менің жадымда тамаша сақталғаны, ол тас үңгірде шөп төселген нардың үстінде жатып, оқыған кітаптары мен өзінің арман-қиялы туралы түн ортасы ауғанша айтқан күбір-күбір әңгімесінің еміс-еміс елесі ғана. Мені жып-жылы қойнына алып, ағалық ақылын айтатын тым зеректігі еді.
— Бұл дүниеде мен пір тұтар, сырласар жалғыз-ақ нәрсем бар, ол — кітап, — дейтін. — Әкем де, шешем де сол — кітап. Кейбірін екі-үш қайтара жалықпай оқып шықтым. Жалғыздығың, жетімдігің, бәрі-бәрі ұмытылып, басқа бір жұмақты өмірге сапар шеккендей боламын. Әттең, жағдай келсе, оқуымды одан әрі жалғастырып, Алматыға аттанар едім. Шынымды айтайыншы, кітап жазып, жазушы болғым келеді.
Күз жақындап, фермадағы барлық бала жайлаудан ауылға оқуға аттанғанда, тау басында бұзау бағып жападан-жалғыз Тортай ғана қалған. Әрине, мен оны қимадым, қиналдым. Өзіммен бірге ала кететін шаманың жоқтығына жыным келді. Кетерімде, ол маған ең сүйікті кітабын сыйлап тұрып айтты: «Мен үшін де оқы. Бәлкім, мен міне алмаған ақ боз атқа сен мінерсің»
Былтыр жазда демалыс алып ауылға тағы бардым. Әкемнің төрт бөлмелі, бау-бақшалы үйінде еркін сайрандап, тойып жеп, тасыраңдап жүрмін. Шешем бәйек болып: «Не ішесің, не жейсің, құлыным», — дейді зыр жүгіріп. Түске жақын жұп-жұмсақ диван үстінде шалқамнан түсіп серейіп, газет оқып жатыр едім. Алдыңғы бөлменің есігі әндетіп ашылды да, әлдекім кіргендей болды. Көрші-қолаңның бірі шығар деп, аса мән бере қойғаным жоқ. Әйтеуір, шешеммен сөйлесіп отырды. Әңгіме күңгірлеп еміс-еміс естіле берген соң, есіме баяғы бір қоңыр үн түсіп, еріксіз құлағымды түрдім. Келген — Тортай екен…
— Тәте, айып етпеңіз, әншейін. Орашқа амандасайын деп, өзімсініп келіп едім…
— Ол ұйқтап жатыр, — деді шешем. — Оятпай-ақ қоялық. Төрге шық, отыр.
— Жо-жоқ, о не дегеніңіз, тәте, маған осы босаға да жетеді, әншейін, Ораш келді деген соң, амандасайын деп, баяғыда… бала кезде бірге өстік… талай рет бұзау жайып едік; енді, міне, ел таныған азамат болды… айып етпеңіз, мен қазір кетемін, тәте… Ораш келді деген соң… жалғыз ұлың ғой, құдай қуат берсін… бізді қойшы… біз ондай үлкен кісілердің садағасымыз ғой… рақмет, тәте, тамақ ауыз тиейін; осы құрғырды жақпаса да баз-базында ішіп қоятыным бар… ал, тәте, Орашың аман жүрсін… атағы аспандай берсін… қол қойдырып алайын деп, мына бір кітабын қойныма тыға келіп едім, тағы да соғармын… малдан қол тие бермейді… қыстай жемдеген торы атты управляющий алып қойған, тәте, мың салса баспайтын тағы бір тырақысын берді, «саған осы да жетеді, торы атты озат шопан мінеді» дейді… ал, кеттім, рақмет, тәте… келді-кетті деп сөге жамандамаңыз; әншейін, Ораш келді деген соң, үлкен кісі ғой… бірге өскен, сәлем берейін деп… мен келді деп, тіпті айтпаңызшы, тәте, ұят болар, ал сау болыңыз, рақмет… итіңдеп баяғы өзіңіз білетін Салықсалғанға жеткенше, түн ортасы болар… өзіңіз білесіз, Салықсалған алыс, өте алыс… Монғолияның бер жағында…
Мен сұлап жатқан орнымнан белім кеткендей тұра алмадым. Шынымды айтсам, ұялдым — Тортайдан ұялдым. Батылым бармады. Бет-жүзім шыдамады. Сонда ғана менің есіме «баяғыда бір жетім бала болыпты…» деп басталатын ертектің қалай аяқталары оралды. Е-е, осылай аяқталады екен ғой, осылай…
Тортай мінер ақ боз ат… менің тақымымда кеткендей еді… иесіне қайтаруға кеш еді…
74.Т.Нұрмағамбетовтің «Қош бол, ата» туындысындағы лирикалық, психологиялық үлгілердің дамытылуын көрсетіңіз
Т.Нұрмағамбетовтің шығармаларының көбіне тән бір ерекшелік кейіпкердің жан әлемін бейнелеудегі нәзік сыршылдық, көңіл күйінің толқымалы құбылыстарын сезімталдықпен аша білу, шығармада парасат нышанының адамгершілік сипаттарымен үйлесімді дамуы болып табылады. Жазушының шығармаларында басты идея кейіпкердің іс-әрекеті, әлеуметтік тіршілігі арқылы ғана емес, тебіреніс-толғаныстары, қуаныш-сүйеніші, өмірге көзқарасы, әр түрлі сезім күйлері арқылы да көрініс табады.
Мәселен, «Қош бол, ата» повесі – адамгершілік пен ізгілікті, сезім тазалығын, адам бойындағы асыл қасиеттерді кейіпкердің іс-әрекеттері, қарым-қатынасы арқылы шыншылдықпен бейнелеген шығарма. Бұл шығарманың терең психологизмі мен идеялық мазмұны оқырманды бірден баурап алады.
Жалғыз баласы қызмет қуып, қарайламай кеткен Жөкең қарттың күні немере інісі Шәденге қарап қалады. Соның балаларының ішінен өзіне Көктембайды жақын тартады. Ешқашан көрмеген өз немересінің атын есіне түсіре алмаса да, баласын жамандыққа қимайды. Сол баласынан аз күнге соғып, немересін тастап кететінін айтып хат келгендегі қарттың көңіл-күйі, қимыл-қозғалысы шығармада табиғи, шынайы түрде бейнеленеді. Бұған дейін екі жыл бұрын шешесі қайтыс болғанда екі-үш күнге жалғыз өзі келіп кеткен еді. Сондықтан бұл шалға қатты әсер етеді. Жазушының оның сезімін әсерлі етіп жеткізгені соншалық, Толасбайға тасбауыр екен деп ренжіген оқырман да оны қартпен бірге тағатсыздана күтеді. Оның келуінен бір өзгеріс, жақсылық болатындай әсер береді. Ақыры сағындырып келген баласымен қарттың кездескен сәті шығармада былайша суреттеледі: «Шал баласын жібермей кеудесіне ұзақ қысты. Көзінен жас парлап, иегі кемсеңдеп тұрып, «айналайын, айналайын» деп әлсін-әлсін күбірлеп қояды. Сонан соң келінін құшақтап маңдайынан сүйді. Ал бойы Жорабайдан сәл ұзындау, маңдайына кішкене кекіл қойған, мұрыны Толасбайдың мұрыны сияқты қоңқақтау, бірінші көріп тұрған немересін құшақтай алып, Жөкең еңкілдеп жылап жіберді. Баланың бетінен, мойнынан, кішкене қолдарынан сүйіп-сүйіп, иіскеп ағыл-тегіл жылады кеп... «қайтсын-ай енді» деп Салжан да жаулығының ұшымен көзін сүртіп жатты» [ 1,145-б].
Осылай талай жылғы сағынышын басып, бір жасап қалған Жөкең қарт өмірінің жалғасы немересін айналып-толғанудан жалықпайды. Бұған кей кезде Көктембай іштей өкпелеп қалып жүреді.
Шатастырып жүрген немересінің аты Шеген екен. Ал жалғызым деп бар мейірімін төккен Толасбайды әке жалғыздығы қынжылтпайды, тіпті, ойына кіріп шықпайды. Жазушы мұны әке мен бала арасындағы қысқа әңгімеге сыйғызады. Баласының елге келгенін қалайтынын, қартайғанда жалғыздықтың қиын екенін айтып, өлсе көмусіз қалам ба деген қорқынышын жеткізгісі келген әкесіне: «Мұнда да ел-жұрт бар ғой» деп берген жауаптан кейін әңгіме шарт үзіледі. Осы кішкене ғана диалог Толасбайдың болмысын одан да тереңірек ашып тұр.
Повестегі жазушының өзгеше қолтаңбасы ауылға әртістердің келіп, «Еңлік-Кебекті» қойғаны мен Көктембайдың ондағы абызды атасына ұқсатуы мен өздерінше әртіс болып ойнауынан көрінеді. Және атасының өзіне атаған ақ қодығы тайқар болып қалғанда иемденіп кеткен Шодырдың әлімжеттігіне Көктембайдың ызасы келеді. Қанша танып тұрса да ыңғай бермеген Шодырдың өзінің әкесіндей адамға қол жұмсауы Көктембайды іштей ширықтыра түседі. Сол ойлары атасы қайтыс болған соң тіпті өршиді. Бала үшін үлкендердің өлген адамды тез ұмытып кететіні де түсініксіз. Бұл оқиғалардың бәрінен Көктембайды жақынырақ танып, оның жылы жүрегінің нәзіктігін сезуге болады.
Атасы берген тайқарды қалай да алам деп Шодырдың шалғайына жармасқан Көктембай әкесінен таяқ жейді. Үлкендердің екіжүзділігіне ашынған ол қайтыс болған атасының басына келіп, өксіп тұрып жүректі шымырлатарлықтай сөздер айтады.
Ал туған әкесінің өлігіне келіп бір уыс топырақ салмаған Толасбай бейнесі оқырманды ойға қалдырады, онан әрі түңілдіреді. «Арада жиырма күн өткенде барып Толасбай келді. Жалғыз өзі. Ол келгенде үйде Шодыр және бата қыла келген екі-үш шал отырған. Толасбай жылаған жоқ» [1,183-б]. Жазушы бар айтарын осы сөздер арқылы береді, одан артық ештеңе айтпайды. Осындай көріністер арқылы өз кейіпкерінің бар болмысын танытады, ал шешімді оқырманның өзіне қалдырады.
Шығарманың соңында оқуға кетіп бара жатқан Көктембайды көреміз. Тағы да атасының басына келіп, өз ішіндегі сезімімен, ойымен бөліседі: «Мен оқуға бара жатырмын, ата, мен әртіс боламын. Ата, сені ұмытпаймын, жиі-жиі келем ғой. Келемін... Мен сені алдамаймын. Қош бол, ата!
- Баланың көзінен шыққан жас тамшыларын жел іліп әкетіп жатты. «Мен кетіп барам. Ата, қош бол... Айтпақшы осыдан екі күн бұрын ақ тайқар үйге қашып келді. Ол қораны айналып қайта-қайта ақырумен болды. Енесін іздегені шығар. Бәлкім сізді де ата...
- Ата. Ол әлі талай қашып келеді. Біржола келуі де мүмкін. Ал Толасбай көкем...
- Оны білмеймін...» [1,189-б].
Баланың осындай сөздерінен ащы шындықты аңғарамыз. Жазушы шығармасының негізгі айтар ойы да осында жатса керек. Оның көңілі өзі мәпелеп өсірген қодығының өз қорасына айналып соғарына, тіпті, біржола келуіне әбден сенімді. Ал адамдардың, әсіресе, Толасбай сияқтылардың туған жерге, өскен ұясына оралуы күмәнді...
Өз прозасында лиризмнің нәзік өрнектерін тап басып танып, кейіпкердің жан сұлулығын, арман-тілегін, сағыныш аңсарын, ұлттық мінезін, тұрмыс-тіршілігін тек шынайы суреттегенде ғана көркем шығарманың өміршең сипаты айқын ашылатынын терең ұғынған жазушының бұл повесіндегі кейіпкердің сөздері оқырманға қатты әсер етіп, жүрегіне мұң, жүзіне кірбің ұялатады.
Қаламгердің осындай кейіпкердің жан әлемін толқытқан сезім шуағын, қуаныш-сүйінішін, қасірет-мұңын дәл өмірдің өзіндегідей айшықты суретке айналдырып, оқырманды баурап алатын шығармаларының қатарына «Қарлығаштың ұясы» повесін де жатқызамыз. Бұл туындының сыршылдығы өте терең.
75.С.Мәуленовтің «Қыстың бозғылт суретін» өрнектеу шеберлігін көрсетіңіз
С.Мәуленов шығармаларының көркемдік табиғаты оқиға, болмысты бейнелі түрде ойлап суреттеуінде, көбінесе басталуы, дамуы, шарықтауы, шешілуі бар сюжетке құрылуында, оған қатысты адамды көзге елестетіп, образ жасауында,тіл мен стилінің ажарлы, айшықтылығында. Қай шығармасын оқысаңыз да бірден өзіне тартып, шабытты жолдар көзіңді де, көңіліңді де жетелей жөнеледі.Өйткені ол шебер суреткер,сөйлемді қалай болса солай құрмайды. Әр сөзге салмақ салып, әр беріп, жандандырып, астарлап, кейде ұйқастырып әкетеді.Оның жазылған мақаласын оқысаңыз да, очерктерін парақтасаңыз да, деректі әңгімелеріне көз жүгіртсеңіз де байқайтыныңыз, шығармасын ақын тілімен әдіптеп көркемдейді.
«Очерк – көркем шығарма. Сондықтан онда әңгімедегі, новелладағы сияқты көркемдік қасиеттердің бәрі болады,яғни, очеркте экспозиция оқиғаның өрбуі, байланыс, шарықтау шегі, шешуі болады. Дәл осындай сюжетке құрылып, оқиға желісін қоюлатып шебер жазылған кейбір очеркті әңгімеден айыра алмайсың».
С. Мәуленовтің де көптеген очерктері әңгіме сияқты. Бірақ жер, колхоз-совхоз, өмірде бар кісілерді аттарынан, сондай-ақ зерттеу, талдау, қорыту сипатынан олардың әуеледе очерк, кейін кебіреулерін өңдей келе деректі әңгімеге айналдырғанын байқау қиын емес. Көркем әдебиеттің де жанры деп қарасақ, оның пәрменділігі – оқырманға ой салуда, адамдар арасындағы тартысты көрсете білуінде,ұстаздық тәлім-тәрбиелік рөл атқаруында,жазылған уақытының талғамымен үндесе білуінде.
С.Мәуленов жарияланымдарының тілі мен стилі, көркемділігіне де назар аудардық. Журналистің шеберлігін танытатын бірнеше сөйлемдер мен сөз тіркестерін талдадық.
«Алматы күзетшісі – Алатау түнгі бұлттарды самалмен сапырып кері лақытырп жіберді де, аспан қақпасын найзадай шыңдармен түріп ашты. Алтын сағаттай көк төсіне күн көтеріле бастады. Жұмыс күні басталып кетті...».
«Алматы күзетшісі Алатау», «Алтын сағаттай күн», сияқты теңеулер де – С. Мәуленов қотаңбасы. Алатауға жан бітіріп, аспан қақпасын найзадай шыңдармен түріп аштырады. Автор табиғатты ұзақ-сонар суреттеп, созып отырып алмайды. Қысқа қайырып, «жұмыс басталып кетті» деп негізгі айтайын дегеніне көшеді.
«Әйнектен алыс аспан көрінеді. Жер бауырлап тұнып тұрған қара бұлттар Чапаевтың буркасы сияқты да, ал анда-санда жарқылдаған найзағай батыр ұылышының алмас жүзі тәрізді. Чапаев әр кезде Уфаға құлаған Қызылжардан қайта құйғытып шауып келе жатқандай елес береді. Қызылжар қалың орманның арғы шетінен күрең тартып, көзді үйіреді. Бір жақта Ақеділ мөлдірейді. Ағысы асау емес, байсалды. Бетінің шұқырына күлкі үйірілгендей шымырап ағады. Жағалауларын жасыл талдар жапқан. Уфа қаласының үйлері иін терсіп тұр...».
Тағы да тағбасы таныс теңеулер. «Бетінің шұқырына күлкі үйірілгендей шымырлап ағып» жақан өзен көз алдыңа келеді. Қала келбетін табиғатпен астастыра,жандандыра суреттеуі көңіл аудартады.
76.«Айсыз қара түндерде ат құлағын қақтырып» тармағынан кейінгі үш тармақты еске түсіріп өндіріңіз
Айсыз қара түндерге ат құлағын қақтырып
Тәуекелдің қолына тағдырымды лақтырып,
талай жорттым жолсызбен,
айдалада ақ тымық,
барабанын құлақтың тыныштыққа шақтырып,
Тыныштық па?
Бәлкім, үн-дыбыс шығар бұ-дағы,
ауық-ауық жолшының шыңылдаса құлағы?
Сайтан сыбырласқандай қара түнде молдамен,
бір құпия келісім тапқан сын-ды болды әлем.
Түсініксіз құр сыбдыр:
ескі құран парағын
аударғандай әлдекім – елең қағып қарадым.
Темірқазық жұлдызын белгілеп ап сонда мен
талай-талай үйлерге адасқан боп қонған ем.
Құпия үміт жұлдызы!
Армандардың жас, асыл
Нұры болып тасасың!
Жаса, жаса, ақ жұлдыз – ақ тілеулер жасасын,
Қарт әже жоқ,
Жас ит жоқ – қызды ауылдар жасасын!
77.Ж.Молдағалиев ақындығын даралайтын бейнелі сөз тіркестерін көрсетіңіз.
Жұбан — өзінің атақты "Мен — қазақпын" деп аталатын поэмасымен қазақ әдебиетінің ірі тұлғасына айналған, отансүйгіштік жырларымен халық жүрегінен орын тепкен ақын. Ол — Ұлы Отан соғысы жылдарында келген ұрпақтың ірі талантты өкілдерінің бірі. Бұл жылдары жыр әлеміне келген ақындар шығармашылығында Отанға деген ерекше махаббат, халықты ерлікке шақыру, жеңіске деген үлкен сенім жатты. Сондай-ақ азаматтық намыс, кек, елге, жерге деген сағынышқа толы болды. Осы ерекшеліктер Жұбан Молдағалиевтің 1949 жылғы "Жеңіс жырлары" кітабында анық байқалады Ж. Молдағалиевтің ақындық даңқын көтеріп, оның есімін әдебиет әлеміне енгізген шығармасы — "Мен — қазақпын" поэмасы (1964). Бұл поэмада ақын қазақ халқының өткен өмірі мен тағдыры жайлы лирикалық-публицистикалық стильде толғана жырлады. Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін ашуда, оның ерлік дәстүрі, туған жер мен ел, оның байлығы, адамдары жайлы асқақтата көркемдеп жырлай білді. Өзінің "қазақ" екенін ағынан жарыла ерекше шабытпен жырлауы — оның ерлігінің бір көрінісі десек қателеспейміз. "Қазақ болу — зор бақыт" дер күн тіпті... — деген өлең жолдары бүгінгі "егемендікті" жыр еткендей әсерге бөлейді. Ақын болашаққа сенеді. Сондықтан да ол ақынша желпіне, көңіл күйдің ырқына беріле жырлайды. Енді бірде ақын: Жұбан Молдағалиев өмір шындығының әр саласына терең үңіле отырып, жетпісінші жылдары "Қыран дала", "Сел", "Байқоңыр баспалдақтары" атты поэмалар жазды. Мұнда жаңа деректерге сүйенген ақын, заман шындығын, адамдардың ерлік істерін суреттейді. Халықтың бейбіт өмірдегі тыныс-тіршілігін айқындап, тарихи салыстырулар арқылы өткен өмір және болашақ жайлы толғаныстарын, өз ойларын толық ашып көрсетеді. Эпикалык поэма үлгісін жалғастырып, толықтыра түскен ақынның қай поэмасы болмасын, қызық сюжетті, оқиғалы болып келеді.
Жұбан Молдағалиев шығармашылығы
"Жыр туралы" поэмасында (1963) татар акыны Кеңес Одағының Батыры Мұса Жәлилдің ерлігі бейнеленген. Ол "Жесір тағдырында" (1965) қазақ әйелінің өткен заманғы қатал тағдыры мен оның жаңа өмір жолындағы күресін көрсетті. "Мен қазақпын" поэмасында қазақ халқының өмірі, ұлттық ерекшелігі реалистік тұрғыда берілген. "Айттым сәлем" лирикалық поэмасы (1967) махаббат пен ерлікті жырлайды. "Кісен ашкан" (1969) поэмасында Құрманғазының осы аттас күйіне құлақ қойып, ой жібере отырып, өскен өнер, өркендеген халық тағдыры баяндалған. Оның ақындық өнерін айқын танытқан бұл шығармасына Қазақ КСР-інің Мемлекеттік сыйлығы (1970) берілді.
1970 жылы Жұбан Молдағалиевтың таңдамалы шығармаларының 2 томдығы жарық көрді. Жұбан Молдағалиев көркем аударма мен публицистика саласында да жемісті еңбек етіп келеді. Бірсыпыра шығармалары : ағылшын, неміс, араб, испан, поляк, монгол, француз, венгр және басқа шетел тілдерінде басылып шықты. Ол Абайды Ұлы ұстаз тұтып, өз шығармаларында ақын бейнесін шебер өрнектеген. Солардың арасында шоқтығы биігі - «Абай шыңына» (Шығ. жинағы. 1 т., 1979) өлеңі:
«Шаншылып Алатаудың ұршығындай,
Шабыттың шырқап биік ыршуындай,
Шолып тұр шартарапты Абай шыңы,
Шытырман, жакпар-жақпар жыр шыңындай...» - деп,
ол ешбір кіріспесіз-ақ кемеңгер ақын бейнесін кескіндеуге бірден бет бұрады. Алатау - Абай тұлғаларының қатар алынуында терең мән жатыр. «Шыңдардың ақиығы, мұз балағы, Бөктерде балалаған құз қалады...»- деп, ақын Абай шыңын «шыңдардың ақиығына» балайды. Өлең ұлы ақынның Алматыда орнатылған зәулім ескерткішіне назар аударумен түйінделеді. Кемеңгер ақын бейнесін ол басқа да жырларында сомдай түскен. «Қазақшадан аударылған» (1971) деген өлеңінде ол қазақ жеріндегі шоқ жұлдыздар қатарында Абай есімін алдымен атайды. «Пір» (1972) өлеңінде Александр Сергеевич Пушкин поэзиясымен алғаш Абай аудармасы арқылы танысқанын баяндайды. «Мен - қазақпын» (1963-64) дейтін атақты дастанында ол Абай бейнесіне ойша оралып, ол қазақ халқы тарихының бөлінбейтін бір бөлшегі, асқаралыбелесі екенін ескертеді. Әдебиет жайындағы мақалаларында ол Абай тұлғасына бір соқпай өтпейді. «Қазақ әдебиеті» газетіңде жарияланған мақаласында («Ерлікпен тең еңбек», 1969, 7-желтоқсан) Абайдың орыс тіліне аударылуы туралы сөз қозғайды. Құрманғазы өмірінен жазылған «Кісен ашқан» поэмасы үшін 1970 ж. Молдағалиевқа Қазақ КСР-інің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді.[6] Тұманбай Молдағалиевтің өлеңдерімен біршама жыр туындылары орыс, ағылшын, неміс, француз, испан, поляк, венгр, араб, монғол, қырғыз, өзбек, қытай, түрік т.б. тілдерге аударылған.
78.«Өлгендер қайтып келмейді» туындысындағы Еркіннің әңгімесімен берілудегі көркемдік әдісті ашып көрсетіңіз
Бердібек Соқпақбаевтың "Өлгендер қайтып келмейді" шығармасы әдебиеттегі терең психологизм мен әлеуметтік реализмнің жарқын үлгісі болып табылады. Шығармада Еркіннің әңгімесі арқылы жеке адамның өмірлік қайшылықтары мен моральдық мәселелері көрсетіледі. Бұл туындыда қолданылған көркемдік әдістер оның идеялық мазмұнын ашуға, кейіпкердің жан дүниесін көрсетуге бағытталған. Еркіннің әңгімесі мен оқиғалар баяндауы көбінесе оның ішкі монологтары, сезімдері мен өзін-өзі тануы арқылы беріледі. Еркіннің ішкі қайшылықтары, өткен өміріне деген өкініші, қазіргі жағдайына риза еместігі және болашаққа ұмтылысы ішкі толғаныстары арқылы бейнеленеді. Оның санасындағы сұрақтар мен өзіне-өзі есеп беруі психологизм әдісінің айқын көрінісі.
Еркіннің соғыстан кейінгі өмірінде өз орнын табуға тырысуы, махаббаты мен арман-үміттерінің орындалмауы оның ішкі дүниесіндегі қайшылықтарды ашады. Оның жалғыздығы мен күйзелісі арқылы адам психологиясының терең қабаттары суреттеледі.
Әлеуметтік реализм әдісі Еркіннің өмір жолын қоғамның тарихи-әлеуметтік контекстінде көрсетеді. Оның әңгімелері соғыстан кейінгі қазақ қоғамының әлеуметтік өзгерістері мен жеке тұлғаның жаңа өмірге бейімделуін суреттейді. Шығармада қоғамдағы теңсіздік, әділетсіздік, адамгершілік құндылықтардың өзгеруі сияқты мәселелер көрініс табады. Еркіннің тағдыры кеңестік кезеңдегі адамдардың шынайы өмірін, олардың қиындықтары мен жаңа жағдайларға бейімделуін бейнелейді. Еркіннің соғыс кезіндегі ауыртпалықтарды көргені және соғыстан кейінгі қоғамда өз орнын табуға тырысуы — қоғамның адам тағдырына қалай әсер ететінінің шынайы суреті. Шығармада кейбір оқиғалар мен объектілер символдық мәнге ие. Еркіннің соғыстан кейінгі өмірі оның жеке даму жолындағы күресті көрсетеді, ал табиғат көріністері оның көңіл-күйін бейнелеуде қолданылады.Табиғаттың әртүрлі құбылыстары Еркіннің өміріндегі өзгерістерді көрсетеді. Мысалы, көктемнің келуі оның жаңа үміттерін білдірсе, күздің сұрқайлығы ішкі күйзелісін айқындайды. Диалогтар мен кейіпкерлер арасындағы пікірталастар арқылы Еркіннің ойлары мен көзқарастары ашылады. Еркіннің айналасындағы адамдармен сөйлесулері арқылы оның әлемге көзқарасы мен ішкі дүниесі көрсетіледі. Әрбір диалог оның жеке пікірлерін ашуға, сонымен қатар қоғамдағы негізгі идеяларды жеткізуге бағытталған. Еркіннің достарымен, жақындарымен сөйлесулері арқылы автор оның жан дүниесіндегі күрделі мәселелерді ашады. Бердібек Соқпақбаевтың "Өлгендер қайтып келмейді" шығармасында қолданылған көркемдік әдістер — психологизм, әлеуметтік реализм, символизм және диалог әдістері арқылы Еркіннің әңгімесі оқырманға эмоционалдық және әлеуметтік әсер қалдырады. Әдебиет теориясына сәйкес, бұл әдістер адамның ішкі әлемін, қоғам мен жеке тұлға арасындағы қайшылықтарды терең көрсетуге бағытталған. Шығарма қазақ әдебиетінің классикалық үлгісіне айналып, оқырманды адамның ішкі дүниесін зерттеуге жетелейді.
79«Аңыздың ақыры» туындысындағы Ханша мен шебер монологынан мысал көрсетіңіз.
«Аңыздың ақыры» романында Ханша мен шебер арасындағы диалогтар мен монологтар маңызды рөл атқарады. Бұл шығармада хандық дәуірдегі өмір, билік пен өнердің мәңгілігі, адамгершілік пен рухани құндылықтар тақырыбы көтеріледі. Ханша мен шебер арасындағы монологтар арқылы кейіпкерлердің ішкі жан дүниесі, көзқарасы мен философиялық ойлары ашылады.
Мысал ретінде шебердің монологына назар аударайық. Ол Ханшаға өз шығармашылығы мен өмір туралы ойларын былай жеткізеді:
Шебердің монологы:
"Мен тасқа жан бітіргім келеді. Тас мәңгілік, ал біз - пендеміз. Бірақ сол тасқа салынған ойым, махаббатым, сағынышым мәңгі жасайды. Адам өмірі қысқа, бірақ оның жасаған өнері, қалдырған ізі мәңгілік болуы мүмкін. Мен үшін өмірдің мәні – сол мәңгілікті жасау."
Бұл сөздер шебердің өнерге, шығармашылыққа деген көзқарасын, өз өмірінің мақсатын білдіреді. Ол өзінің шығармашылығын мәңгілік өмірдің символы ретінде қарастырады.
Ханшаның монологы:
Ханша шебермен пікірталасып, өзінің хан ретіндегі парызы мен биліктің өткіншілігі туралы былай дейді:
"Менің билігім де, сұлулығым да уақытша. Бірақ менің есімімді ұрпақтарға жеткізетін сенің қолың. Сенің жасаған туындың арқылы мен мәңгі болғым келеді. Бірақ сол мәңгілік үшін сен не құрбан ете аласың? Өмірдің өзі бір үлкен құрбандық емес пе?" Бұл монологтар арқылы Ханша мен шебердің өмірге, өнерге, мәңгілікке деген көзқарасы терең ашылады. Шығармадағы бұл диалогтар адамзат өмірінің мәні мен уақыт шектеулері туралы ойлануға итермелейді.
1. Ханшаның мұнара туралы ойлары:"Сонау жер түбінен қарағанда ол бәлкім «асыға гөр, тезірек жете гөр» деп жалынып-жалбарынып тұрғандай көрінетін шығар. Ал бірақ жақындаған сайын шалқақтай түсетіні несі? Шебер бұнысымен Әміршінің ашуына тиіп алмас па екен? Қаншама сағынып келген күнде де, өзіне арнап салдырған мұнараның әлгіндей шекелей қараған астамшылығы оған ұнай қояр ма?".
2. Шебердің жалғыздығы:"Жаңа салынып жатқан мұнараны, кірпіштен кірпішке биіктеп, көкке өрмелеп бара жатқан шеберді алыстан тұрып қызықтайтындардың тобыры да сирей түсті. Енді олардың да мәні жоқ.".
3. Ханшаның өз тағдырына наразылығы:"Өліп-өшіп сүйгендегі тапқан шапағаты ма бұл? Бәйбіше құсап қазына жимай, қолындағысының бәрін шашып, көк мұнара салдырғандағы көңілін тапқаны осы ма? Бәрі де әншейін алданыш қана..."
4. Ханша мен Әміршінің диалогы:
Ханшаның сұрағы:"Хан ием, сіз мұнараны салған шеберді қаматып қойып па едіңіз?"
Әміршінің жауабы:"Иә."
Бұл үзінді Ханшаның Шебер үшін алаңдап, оның тағдырына қатысты әрекет еткенін көрсетеді.
5. Шебердің тағдыры туралы ойлар:
"Жас шебердің хан сарайға шақыртылғаны әлі ел құлағына тиіп үлгермесе керек. Ол енді жансыздарын шебер жігіт тұрған махаллаға жіберді. Махалла тұрғындарының айтуынша, шеберді Әмірші жаңа бір керемет мешіт салдырғалы шақыртыпты деп көкіп жүрген көрінеді.".
Ханша мен Шебер монологтарынан нақты мысалдар:
1. Ханшаның ішкі монологы (мұнараның мағынасы туралы):
"Шебер, әрине, бұның көкейіндегі жорықта жүрген Ұлы Әміршіге деген өзінің қаяусыз махаббатын, тұңғиық сағынышын бейнелейтін мұнара тұрғызғысы келген ойын дәл түсінген. Алыстан аяныш шақыратындай қып мұнараны мұңға бөктіріп қойғаны да соның айғағы. Сонау жер түбінен қарағанда ол бәлкім «асыға гөр, тезірек жете гөр» деп жалынып-жалбарынып тұрғандай көрінетін шығар. Ал бірақ жақындаған сайын шалқақтай түсетіні несі?".
2. Ханымның Шеберге қатысты ойлары:
"Мөлтеңдеген байғұс бала бұған шыннан ғашық боп қалған ғой. Шебер мына мұнараға алыстаса қиып кете алмайтын, жақындағанмен бәрібір қолы жетпейтін үмітсіз махаббатын бейнелеген. Бұл дәмесінің ессіздік екендігін көз жеткізу үшін мұнараны тез бітіре көр деп өтіну керек шығар.".
3. Шебер мен Ханшаның диалогы (мұнара мен Шебер тағдыры):
Ханшаның сұрағы:"Хан ием, сіз мұнараны салған шеберді қаматып қойып па едіңіз?"
Әміршінің жауабы:"Иә. Оның ешқандай жазығы жоқ."
Бұл сөздер Ханшаның Шебер үшін алаңдап, оның тағдырына ықпал етуге тырысқанын көрсетеді.
80.С.Мәуленов өлеңдеріндегі түс(бояу)арқылы жасалған образдық-метафоралық жүйені көрсетіңіз.
С.Мәуленов шығармаларының көркемдік табиғаты оқиға, болмысты бейнелі түрде ойлап суреттеуінде, көбінесе басталуы, дамуы, шарықтауы, шешілуі бар сюжетке құрылуында, оған қатысты адамды көзге елестетіп, образ жасауында,тіл мен стилінің ажарлы, айшықтылығында. Қай шығармасын оқысаңыз да бірден өзіне тартып, шабытты жолдар көзіңді де, көңіліңді де жетелей жөнеледі.Өйткені ол шебер суреткер,сөйлемді қалай болса солай құрмайды. Әр сөзге салмақ салып, әр беріп, жандандырып, астарлап, кейде ұйқастырып әкетеді.Оның жазылған мақаласын оқысаңыз да, очерктерін парақтасаңыз да, деректі әңгімелеріне көз жүгіртсеңіз де байқайтыныңыз, шығармасын ақын тілімен әдіптеп көркемдейді. «Очерк – көркем шығарма. Сондықтан онда әңгімедегі, новелладағы сияқты көркемдік қасиеттердің бәрі болады,яғни, очеркте экспозиция оқиғаның өрбуі, байланыс, шарықтау шегі, шешуі болады. Дәл осындай сюжетке құрылып, оқиға желісін қоюлатып шебер жазылған кейбір очеркті әңгімеден айыра алмайсың». С.Мәуленовтің де көптеген очерктері әңгіме сияқты. Бірақ жер, колхоз-совхоз, өмірде бар кісілерді аттарынан, сондай-ақ зерттеу, талдау, қорыту сипатынан олардың әуеледе очерк, кейін кебіреулерін өңдей келе деректі әңгімеге айналдырғанын байқау қиын емес. Көркем әдебиеттің де жанры деп қарасақ, оның пәрменділігі – оқырманға ой салуда, адамдар арасындағы тартысты көрсете білуінде,ұстаздық тәлім-тәрбиелік рөл атқаруында,жазылған уақытының талғамымен үндесе білуінде. С.Мәуленов жарияланымдарының тілі мен стилі, көркемділігіне де назар аудардық. Журналистің шеберлігін танытатын бірнеше сөйлемдер мен сөз тіркестерін талдадық. «Алматы күзетшісі – Алатау түнгі бұлттарды самалмен сапырып кері лақытырп жіберді де, аспан қақпасын найзадай шыңдармен түріп ашты. Алтын сағаттай көк төсіне күн көтеріле бастады. Жұмыс күні басталып кетті...».
«Алматы күзетшісі Алатау», «Алтын сағаттай күн», сияқты теңеулер де – С. Мәуленов қотаңбасы. Алатауға жан бітіріп, аспан қақпасын найзадай шыңдармен түріп аштырады. Автор табиғатты ұзақ-сонар суреттеп, созып отырып алмайды. Қысқа қайырып, «жұмыс басталып кетті» деп негізгі айтайын дегеніне көшеді. «Әйнектен алыс аспан көрінеді. Жер бауырлап тұнып тұрған қара бұлттар Чапаевтың буркасы сияқты да, ал анда-санда жарқылдаған найзағай батыр ұылышының алмас жүзі тәрізді. Чапаев әр кезде Уфаға құлаған Қызылжардан қайта құйғытып шауып келе жатқандай елес береді. Қызылжар қалың орманның арғы шетінен күрең тартып, көзді үйіреді. Бір жақта Ақеділ мөлдірейді. Ағысы асау емес, байсалды. Бетінің шұқырына күлкі үйірілгендей шымырап ағады. Жағалауларын жасыл талдар жапқан. Уфа қаласының үйлері иін терсіп тұр...».Тағы да тағбасы таныс теңеулер. «Бетінің шұқырына күлкі үйірілгендей шымырлап ағып» жақан өзен көз алдыңа келеді. Қала келбетін табиғатпен астастыра,жандандыра суреттеуі көңіл аудартады.
81.М.Мақатаев поэмаларындағы оқиғаны баяндаудағы бейнелі сөз тіркестерін көрсетіңіз.
«Мұқағали ұлт ақыны. Уақыттың өзі оны мойындап жыр тарланын лайықты тұғырына көтеруі де сондықтан. Бойға біткен табиғи дарынына қоса орыс пен Еуропа классиктерін қанып оқып, тынымсыз ізденген ақын болмысы ішкі әлемін соншалық байытқанымен, қазақы сипатын соншалықты өзгерткен емес. Қайта алған мол білімінің арқасында өз поэзиясын әрлендіріп, күллі адамзатқа ортақ әлемдік үлгілерменжаңғыртты. Ең бастысы қара өлеңді дара қойып «ми қазанында қайнатты»», - деп әділ баға береді. Ақынның алғаш оқырман қауымға ұсынып, баспаға алғаш шыққан поэмасы - «Ильич» поэмасы. Бұл поэма жазылу жағынан циклді поэмаға жатады. Поэма туралы күнделікті басылымдарда сыншылар мақалалары жариаланды. Ғалым Ә.Нарымбетов М.Мақатаевтың «Ильич» атты циклді поэмасы қазіргі ұлттық поэзиямыздың кең тынысын, биік мәртебесін танытатын елеулі көркемдік табыс»,- екнін айтып, тиісті көзқарасын білдірді. Шындығында Мұқағалидің бүл поэманы жазған кезінде біз социолистік идеологияның жетегінде комунистік партияның басшылығында В.И.Ленин идеясын қолдадық, оған көңілімізде қандай жақсылық, тілімізде қандай жақсы сөз болса барлығын соған арнадық. 1973 жылы баспасөзде жарияланып, кейін Мұқағалидың кітаптарында жарық көрген «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы - ақынның шығармашылық өмірінің ерекше бір шоқтығы, биігі. Негізінде Мұқағалидың поэма, дастан секілді ірі жанрлардағы шығармалары көркемдік табиғаты жағынан лиро-эпикалық сипаты басым болып келеді. Лирикалық жырдың шебері екендігін «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан байқауға болады. Өзенде жоқ сыймаған арнасына Жылға да жоқ даламен жалғасуға. Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай, Мөлдірейді, қарайды қарға, шыңға, Жалғыздықтан жамандық бар ма сірә?!-деген таста тұнған тамшы мен тау басындағы көлдің шендестірілуі, сол көлдің өзінің шыңға, қарға мөлдіреп кейіптеу,жарасымды ақындық талғам биігін бірден айқындап береді. Түйіндеп айтқанда, Мұқағалидың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы қазақ оқырманының жан дүниесіне етене жақын ұлттық шығарма. Ақынның «Дариға жүрек» поэмасы тұнып тұрған сезім. Бұл поэма тарихи поэмалар қатарына да. жатады. Себебі, поэма қазір сонау аласапыран сұрапыл соғыс кезіндегі) ауылдағы тіршілікті көрсетеді. Мұндай тағдыр телегінен қайтпаған Дариганың тартқан азабын, зарын ақын жырға қосып, оған кінәлі тауқыметтің әмір-төрешісі соғысқа лағынет айтып отырған жоқ па?!
Дариға жүрек,
ботадай келіп бездас
Бозарып тұрып,
Бозарып атқан ақ таңда.
Осы үзінді хақында Н.Үркембаева: «Кеңістіктегі біздің шартты тіршілігіміздің нағыз көрінісі осы болар. Талайымыздың «Өмір шындығы деген- міне осы» деп қалыптастырып алған ұғымымыздың жаңсақтығын осындайда ғана түсінгендейміз. Дариға жүректің жан ышқынысын естіместен, парықсыздық апатынан сақтануға шақырған ақынның аөамматтық үніне құлақ түрместен, «Өмір деген- күрес!» деп өзара жалғасып баққан тырбаң тіршілігімізді малданып, шынай ғұмыр үшін күрестің не екенін білместен сенделісті күн кешеміз-ау. Ендеше Дариға-жүрек бұған қалай шыдасын» ,- деп жазды. Қазақ поэзиясында Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған поэмалардың мазмұны жауынгерлердің батылдығын, ерлігін дәріптеліп, суреттелсе, Мақатаев поэмасында соғыс уақытындағы ауыл тіршілігі? Онда болып жатқан оқиғалар, поэма кейіпкерлерінің көңіл-күйін қайғысы мен қуанышын, Дариға жеңгесінің дара тұлғасын тасқын шабытпен жырға қосып, өзіндік шеберлікпен жасап шықты. Мұқағали Мақатаевтың шығармаларының ішінде ең шоқтығы биік туындыларының бірі- «Чили шуағым менің» поэмасы. Бұл поэма Чилидің ұлы ақын Пабло Нерудаға арнаған ескерткіш туынды. Бұл эпикалық туындыны оқып отырып, ақынның ақындық құдіретін, терең ойын, озық идеяларын көреміз. Мұқағали поэмасында Чили халқының фашизмнің зұлымдығына деген ыза-кегін Пабло образы арқылы көрсетеді. Мұқағалидың бұл поэмасы - жер бетіндегі бейбітшілікті сақтауға, былайша айтқанда , бүкіл адамзатқа тыныштықты баян етуге шақырған ұраны іспетті кесек туынды. Бұл поэманы ғалым Х.Әдібаев: « Ақын салған өрнекті жырды жаңғырта оқыған сайын Чилидің адал перзенті Пабло Неруданың азаматтық бейнесі көз алдыңаздан кетпейді -нар кеуделі ақын Мұқағалиды да қатар көріп тұрғардаймыз. Жыр қос ағындала тереңдеп, айдыны кеңіп сарқырама нөсерге айпалады, Енді ақын Отанын жаяу кезіп, ақ бесікте шырылдаған бөбектерді егіле тербеткендей, көзінің жасымен сәбиін жуған ана атаулыны демеп, сүйеп жұбатып тұрғандай… Оқушы сезімін шымырлата баурап, алып өмірге жасын жыр әкелген ақын Мұқағалидың құдіреті осы ағынан жарыла ақтарылар табиғатынан, қашан да оқушысымен іштей сырлас, қанжығалас, сол иненің жасауында сыр қалдырмай жырын әрқашанда табиғаттың өзіндей ақтара өрнектейді» -деп жазғанын білеміз. Бұл әділ пікірді мақұлдаймыз да. Себебі, сыршыл поэзия ақжарылған шыншыл жүректен туады емес пе? Сондықтан да ақын атаулыны бүкіл адамзат басына түскен ауыр тағдыры алаңдатады. Ақынның «Райымбек! Райымбек!» атты поэмасы- тарихи тақырыпқа. Ерлікке, ел қорғауға арналған көлемді туындысы. Бұл поэма 1970 жылы жазылса да, баспадан кеш жарыққа шықты. Ақын бұл поэмасын қазақ халқының басынан өткен, небір ауыр кезең «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама»тәрізді тарихи болған оқиғаның ел аузында сақталған деректерін, тарихи мәліметтерді жинақтап, өте шеберлікпен сол кездің, сол дәуірдің есте қаларлық оқиғаларын кең ауқымда нанымды суреттеген. Сондықтан да ақын бұл туындысын қазақ әдебиетіндегі тарихи өлеңдердің ең алғашқы үлгілерінің бірі «Ақтабан шұбырынды» оқиғасынан басталатынын ескеріп, осы сәттің сұмдық көрінісін, халыққа кең тараған «Елім-ай» өлеңімен бастайды
Қаратаудың басынан көш келеді,
Қара жорға шайқалып, бос келеді.
Қара күнді жамылып қара қазақ
Қара күнді басынан кешкен еді.
Қара қайғы көрсетпей ештеңені,
Қара жауы қанатын кескен еді.
Шұлғау болып қыздардың кестелері, Талай қара шаңырақ көшкен еді. «Қаратаудың басынан көш келеді!»
Ақын поэмада Қабай жырау жайлы айтып кетеді. Оның мінез-құлқын жан жақты ашып, ақындық шеберлікпен сәтті өрнектейді. Ә.Нарымбетов Райымбектің алғаш сөзі туралы: «Кейіпкер сөзі шығармадағы адам бейнесін ашуда көркемдік қызмет атқарады дегенде, ең алды…
82. «Қош бол, ата» повесіндегі лиризмді көрсетіңіз.
Т.Нұрмағамбетовтің шығармаларының көбіне тән бір ерекшелік кейіпкердің жан әлемін бейнелеудегі нәзік сыршылдық, көңіл күйінің толқымалы құбылыстарын сезімталдықпен аша білу, шығармада парасат нышанының адамгершілік сипаттарымен үйлесімді дамуы болып табылады. Жазушының шығармаларында басты идея кейіпкердің іс-әрекеті, әлеуметтік тіршілігі арқылы ғана емес, тебіреніс-толғаныстары, қуаныш-сүйеніші, өмірге көзқарасы, әр түрлі сезім күйлері арқылы да көрініс табады. Мәселен, «Қош бол, ата» повесі – адамгершілік пен ізгілікті, сезім тазалығын, адам бойындағы асыл қасиеттерді кейіпкердің іс-әрекеттері, қарым-қатынасы арқылы шыншылдықпен бейнелеген шығарма. Бұл шығарманың терең психологизмі мен идеялық мазмұны оқырманды бірден баурап алады. Жалғыз баласы қызмет қуып, қарайламай кеткен Жөкең қарттың күні немере інісі Шәденге қарап қалады. Соның балаларының ішінен өзіне Көктембайды жақын тартады. Ешқашан көрмеген өз немересінің атын есіне түсіре алмаса да, баласын жамандыққа қимайды. Сол баласынан аз күнге соғып, немересін тастап кететінін айтып хат келгендегі қарттың көңіл-күйі, қимыл-қозғалысы шығармада табиғи, шынайы түрде бейнеленеді. Бұған дейін екі жыл бұрын шешесі қайтыс болғанда екі-үш күнге жалғыз өзі келіп кеткен еді. Сондықтан бұл шалға қатты әсер етеді. Жазушының оның сезімін әсерлі етіп жеткізгені соншалық, Толасбайға тасбауыр екен деп ренжіген оқырман да оны қартпен бірге тағатсыздана күтеді. Оның келуінен бір өзгеріс, жақсылық болатындай әсер береді. Ақыры сағындырып келген баласымен қарттың кездескен сәті шығармада былайша суреттеледі: «Шал баласын жібермей кеудесіне ұзақ қысты. Көзінен жас парлап, иегі кемсеңдеп тұрып, «айналайын, айналайын» деп әлсін-әлсін күбірлеп қояды. Сонан соң келінін құшақтап маңдайынан сүйді. Ал бойы Жорабайдан сәл ұзындау, маңдайына кішкене кекіл қойған, мұрыны Толасбайдың мұрыны сияқты қоңқақтау, бірінші көріп тұрған немересін құшақтай алып, Жөкең еңкілдеп жылап жіберді. Баланың бетінен, мойнынан, кішкене қолдарынан сүйіп-сүйіп, иіскеп ағыл-тегіл жылады кеп... «қайтсын-ай енді» деп Салжан да жаулығының ұшымен көзін сүртіп жатты». Осылай талай жылғы сағынышын басып, бір жасап қалған Жөкең қарт өмірінің жалғасы немересін айналып-толғанудан жалықпайды. Бұған кей кезде Көктембай іштей өкпелеп қалып жүреді.
Шатастырып жүрген немересінің аты Шеген екен. Ал жалғызым деп бар мейірімін төккен Толасбайды әке жалғыздығы қынжылтпайды, тіпті, ойына кіріп шықпайды. Жазушы мұны әке мен бала арасындағы қысқа әңгімеге сыйғызады. Баласының елге келгенін қалайтынын, қартайғанда жалғыздықтың қиын екенін айтып, өлсе көмусіз қалам ба деген қорқынышын жеткізгісі келген әкесіне: «Мұнда да ел-жұрт бар ғой» деп берген жауаптан кейін әңгіме шарт үзіледі. Осы кішкене ғана диалог Толасбайдың болмысын одан да тереңірек ашып тұр. Повестегі жазушының өзгеше қолтаңбасы ауылға әртістердің келіп, «Еңлік-Кебекті» қойғаны мен Көктембайдың ондағы абызды атасына ұқсатуы мен өздерінше әртіс болып ойнауынан көрінеді. Және атасының өзіне атаған ақ қодығы тайқар болып қалғанда иемденіп кеткен Шодырдың әлімжеттігіне Көктембайдың ызасы келеді. Қанша танып тұрса да ыңғай бермеген Шодырдың өзінің әкесіндей адамға қол жұмсауы Көктембайды іштей ширықтыра түседі. Сол ойлары атасы қайтыс болған соң тіпті өршиді. Бала үшін үлкендердің өлген адамды тез ұмытып кететіні де түсініксіз. Бұл оқиғалардың бәрінен Көктембайды жақынырақ танып, оның жылы жүрегінің нәзіктігін сезуге болады.
Атасы берген тайқарды қалай да алам деп Шодырдың шалғайына жармасқан Көктембай әкесінен таяқ жейді. Үлкендердің екіжүзділігіне ашынған ол қайтыс болған атасының басына келіп, өксіп тұрып жүректі шымырлатарлықтай сөздер айтады. Ал туған әкесінің өлігіне келіп бір уыс топырақ салмаған Толасбай бейнесі оқырманды ойға қалдырады, онан әрі түңілдіреді. «Арада жиырма күн өткенде барып Толасбай келді. Жалғыз өзі. Ол келгенде үйде Шодыр және бата қыла келген екі-үш шал отырған. Толасбай жылаған жоқ». Жазушы бар айтарын осы сөздер арқылы береді, одан артық ештеңе айтпайды. Осындай көріністер арқылы өз кейіпкерінің бар болмысын танытады, ал шешімді оқырманның өзіне қалдырады. Шығарманың соңында оқуға кетіп бара жатқан Көктембайды көреміз. Тағы да атасының басына келіп, өз ішіндегі сезімімен, ойымен бөліседі: «Мен оқуға бара жатырмын, ата, мен әртіс боламын. Ата, сені ұмытпаймын, жиі-жиі келем ғой. Келемін... Мен сені алдамаймын. Қош бол, ата!
- Баланың көзінен шыққан жас тамшыларын жел іліп әкетіп жатты. «Мен кетіп барам. Ата, қош бол... Айтпақшы осыдан екі күн бұрын ақ тайқар үйге қашып келді. Ол қораны айналып қайта-қайта ақырумен болды. Енесін іздегені шығар. Бәлкім сізді де ата...
- Ата. Ол әлі талай қашып келеді. Біржола келуі де мүмкін. Ал Толасбай көкем...
- Оны білмеймін...» [1,189-б].
Баланың осындай сөздерінен ащы шындықты аңғарамыз. Жазушы шығармасының негізгі айтар ойы да осында жатса керек. Оның көңілі өзі мәпелеп өсірген қодығының өз қорасына айналып соғарына, тіпті, біржола келуіне әбден сенімді. Ал адамдардың, әсіресе, Толасбай сияқтылардың туған жерге, өскен ұясына оралуы күмәнді...
Өз прозасында лиризмнің нәзік өрнектерін тап басып танып, кейіпкердің жан сұлулығын, арман-тілегін, сағыныш аңсарын, ұлттық мінезін, тұрмыс-тіршілігін тек шынайы суреттегенде ғана көркем шығарманың өміршең сипаты айқын ашылатынын терең ұғынған жазушының бұл повесіндегі кейіпкердің сөздері оқырманға қатты әсер етіп, жүрегіне мұң, жүзіне кірбің ұялатады. Қаламгердің осындай кейіпкердің жан әлемін толқытқан сезім шуағын, қуаныш-сүйінішін, қасірет-мұңын дәл өмірдің өзіндегідей айшықты суретке айналдырып, оқырманды баурап алатын шығармаларының қатарына «Қарлығаштың ұясы» повесін де жатқызамыз. Бұл туындының сыршылдығы өте терең
83.Хамит Ерғалиев сонеттерінен мысалдар келтіріп көркемдігін суреттеп көрсетіңіз.
Ғалымдық қарымы кең Х. Ерғалиев суреткер талантын шығарманың
мазмұндық-композициялық құрылымынан, мәтіндік жүйесінен,
семантикалық, стилистикалық құрылымынан тануды ұстанады. Көркем
шығармадағы суреткер шеберлігіне аса ден қоятын ғалым: «Басты
идеялық-эстетикалық факторға саналатын суреткер тұлғасы - жанр,
сюжет, стиль принциптерінен туған бейнелеу бірліктері: портрет, пейзаж,
диалог, монолог, автор төл сөздері арасындағы қарым-қатынасты реттеп,
саралап отыруға тиіс негізгі ұйымдастырушы күш», (1, 4-бет) - деп көркем шығарманың табиғатын тану үшін оны поэтика мен стильдік шеберлік
аспектілерінде қарастыруды дұрыс бағдар деп санайды. Көркем шығармаға
эстетикалық әсер дарытып тұрған қаламгердің қолданған тинологиялық
және дара поэтикалық құралдар жүйесін анықтау, талдап саралау ғана
суреткер қолтаңбасын айқындауға, дәлірек пікір түюге мүмкіндік
тудыратынын дөп айтады. Заманы ортақ бұл қаламгерлердің шығармаларына тән көркемдік әдіс, сипат-белгілермен қатар, дара поэтикалық құралдарын да саралап бағалайды. Зерттеуші назары әр
шығармалағы монолог пен диалогтың функцияларына, түрлендіріліп берілу өзгешеліктеріне түйіседі. X. Ерғалиев шығармашылығы туралы әдебиет зерттеушілері мен сыншылары тарапынан пікірлер айтылып келеді. Әдебиетші ғалым Б.Майтанов «Қазақ поэзиясына XХ ғасырдың 70-жылдарына қарай еркіндей басып, еркелей келген дарынды жас Хамит Ерғалиев болатын» дей келе, ақын поэзиясының көркемдігі мен тілі шеберлігі туралы ой қозғайды. Хамит өлеңдеріне тән ерекшеліктерді сөз еткенде, өмір мен уақыт өлшемін өзінше бағамдап езгеше ой түйетінін айтқан жөн. Ақын өлеңдеріндегі ой тербелісі, сезімдер қақтығысы, өткінші өмірге деген
наз лирикалық қаһарманның көңіл-күйі мен толғанысы арқылы шебер сурет,
шешендік толғамдармен өрілетініне ерекше назар ауады. Ақындық бөлекше бітім «Көңіл көкпары» жинағының кіріспесінен-ақ көзге ұрады:
«Кіріспе» демей
Кірісу қойдым жыр атын.
Кірісу менің
Міндетім,
Хақым,
Мұратым!
Өмірде мынау бәріне,
Бәріне
Кірісу керек,
Кірісу керек шын ақын!
Осы қолтаңбадан-ақ Хамит ақынның өзгеге ұқсамайтын даралығы көрінеді. Бұл даралық үзік-үзік бой көрсетіп қалып қоймайды, бүкіл шығармашылығының өн бойында өзгеше мәнер, тың өрнекпен жүйеленіп отырады. Хамитты ақындық тұғырнамасы - өмірдегі қым-қиғаш тартыс, өмір өткіншілігін аңғарту, сөйте тұра ақын оны «Ақ бұлақтар» атты өлеңінде былайша толғайды:
Ақ бұлақтар!
Алқынған ақ бұлақтар!
Қазір - көктем, алдың - жаз, шапқылып қал!.
Аласұрған бұлақ қозғалысы -өмір ағынынын бейнесі тәріздес. Ақын көңілі
бұлақ пен адам өмірін үндестіре, жымдастыра бейнелейді. Көкжиектен күн аунап барады әні, арғаны - қоштасып қарағаны…
Күз де келер,кем-кемдеп тартыларсың, Қыс та келер, біржола сарқыларсың…Бұлаққа қарата айтылған сөз - ақының өзіне айтылар ой. Жыл мезгілдері, олардың тұрақсыздығы адам өмірінің әр кезеңі, олардың өткіншілігі туралы толғанысты жеткізуге негіз болып тұр Табиғаттағы жалпы құбылыстан жалқы құбылысты назарына іліктірген ақын тұжырым жасауға ұмтылады. Тынымсыз шапқылаған бұлақ - тынымсыз өмірдің бейнесі болып өлеңге көшкен. Өленнін өн бойынан өршіл рух, алып-ұшқан көңіл аңғарылады. Жарасқан поэзиясына тән асқақ пафос, риясыз шыншылдық екі көркемдік әдістің - реализм мен романтизмнің тоғысуының бір көрінісі. Сондай-ақ,шартты түрде, бұл өлеңде символдық сипат бар. Осы тәріздес әдістер тоғысуының белгісін К.Мырзабеков, Ж.Жақыпбаев поэзиясынан табуға болады. Бұл ақындарды реалист ақындар деуден гөрі романтик ақындар деген нанымдырақ сияқты. ХХ ғасыр басындағы қазақ поэзиясында М.Жұмабаев, Б.Күлеев лирикасының негізгі сипаттарының бірі болған символизм белгілері де аталған ақындар лириқасынан көрініп қалады. Бұл тұста бейнеліліктің бернелеуге ұласып кететінін дәлелдеген A.Байтұрсынов сөзін айта кетуге болады.
Әдебиеттің зерттеу нысаны адам яғни адамтану екенін ескерсек, әрбір алам өзінше бір дүние, ашылмаған зерттелмеген қазына емес пе? Барлық кәрсенің өлшемі болып табылатын - Адам болмысының табиғи, биологиялық, физикалық, психологиялық ерекшеліктерін әр ғылым саласы өз тұрғысынан зерттеп зерделейді.
«Әке сыры» поэмасында сол кездегі қазақ поэмаларына тән дағдылы сюжет, қаһарман кейіпкер жоқ. Қазақ поэмасына лирикалық герой, үлкен лирикалық герой басты кейіпкер болып енді. Мұнда жалынды публицистика, философиялық ой толғау, нәзік психологиялық тебіреністер жымдасып бір арнаға тоғысқан. Ақынның бастапқы он жылдық еңбегінің електен өткен асылы, сомдалып сығымдалған құрышы сияқты «Әке сыры» поэмасынан кейін Хамит Ерғалиев жаңаша бір қырынан жарқ етіп, оқушысын тағы бір таңырқатты. Жаңа ғана тапқан жақсы арнасын жалғай берудің орнына өзгеше бір өлең өзегін қазуға кірісіпті. Ол «Үлкен жолдың үстінде» поэмасы болатын. Мұнда да ол өзін тудырған қазақтың әлең топырағынан ойқастап шығып кетпейді. Бірақ сол өлеңнің жаңа мүмкіндігін ашып, өрісін кеңітеді. «Үлкен жолдың үстінде» - сырт көзге жас жұпыны, дәстүрлі дүние сияқты. Кәдімгі сюжетті поэма. Оқушы оны сүйсініп жұтып қояды да, ішінде не жаңалығы барын аңғармай да қалады. Ал ойлана қарасаң, осы поэма қазақ өлеңіне тағы бір тыныс ашқанына көзің жетеді. Қарапайым күнделікті тіршілік, прозалық құбылыстар өлең тіліне, әсіресе, поэма жанрына іліге бермейтін. Хамит осы прозалық нәрселерді поэзия тіліне аударды. Сөйтіп, қазақ өлеңінің өлеңдік қасиетін жоғалтпай - тіпті прозаның ауыр жүгін арқалап кете алатынын, сол кезде романтика мен биік пафостан төмендей алмай жүгірген поэзияның реалистік, суреткерлік қауқарының молдығын танытты. Ақын бұл поэмада проза қоймасынан көп реалистік суреттеу құралын алып, поэзияға түсірді. Кейіпкердің мінез-құлқын ашатын сөз саптасы - диалогтық не бір ойнақы тілі табылып, үлкен поэмаға - прозадағыдай тең праволы суреттеу құралы болып кіргені де - осыдан басталғанын ұмытпауымыз керек. Хамит Ерғалиев қазақ поэзиясына - жаңа заманның, бүгінгі күннің жыршысы болып келді. Ол өткен кездің батырлары мен ғашықтарын емес, біздің замандастарымызды, күнде көріп көзіміз үйренген, кәдімгі қарапайым адамдарды жырлады. Ақынның кейіпкерлері сапына колхозшыдан бастап, мелиоратор, механизатор, экскаваторшы, әр саладағы инженерлер сияқты «өлеңге илікпейтін» мамандықтың адамдары қосылды. Шынын айту керек, біздің поэзия мұндай мамандық иелерінің күнделік тіршілігіне кіре алмай көбіне сыртынан мадақтайтын. Олардың іс-қимылына ескі поэтикалық арсеналдан балама теңеу іздейтін. Хамит Ерғалиев жаңа арнаның жүлгесін бірден тапты да жаңа заманды, мезгілді өз тілімен сейлетті. Қазақ өлеңінің қасиетін мықтап сақтай отырып, ол дагдылы суреттеу, толғау, баяндау тәсілдерін өзгертіп, өзгеше ұтымды да әсерлі жол тапты.«Үлкен жолдың үстінде», «Біздің ауылдың қызы», «Сенің өзенің» атты көлемді поэмаларында ақын біздің замандастарымыздың тамаша образдарының үлкен галереясын жасады. Есболат пен Попов («Үлкен жолдың үстінде»), Гүлжан мен Көшек («Біздің ауылдың қызы»), Шапай мен Айболов («Сенің өзенің») қазір оқушыларға етене жақын болып кеткен, бейне бір прозалық үлкен шығармадағыдай жан-жақты, мінез-құлқы дараланған, сырт пішіндері де көз алдында тұратын толыққанды образдар. Қазақ поэзиясындағы эпикалық жанрға мықтап құлаған ақын өзінің кең құлашты, үлкен арналы туындысы - «Құрманғазыны», оған жалғастыра «Күй дастан» поэмаларын жазып қазақ өмірі мен өнерінің кеше мен бүгінгісін жалғастырын, эпикалық ірі дүние берді. «Құрманғазы» поэмасында автор өлеңнің мүмкіндік арнасын кеңейтіп, он тоғызыншы ғасырдағы қазақ өмірін жан жақты көрсетеді. «Күй дастан» поэмасын «Құрманғазының» заңды жалғасы дер едім. Ақынның жемісті ізденісінің нәтижесінде поэмада үлкен өнер иесі, композитор Ахмет Жұбановтың сом бейнесі жасалған. Сөйтіп, екі дастан табиғи астасып, халқымыздың әріден беріге Жалғасқан өнер жолын, рухани ізденістері мен күйзеліс тебіреністерін жырлайтын шын мәніндегі эпикалық кесек туындыға айналды. Хамит Ерғалиев ақындық диапазоны да, тақырып шеңбері де кең суреткер. Оның шығармаларында интернационалдық сарыны үзіліп көрген емес. Атақты Чапаевқа арналған «Оралдағы отты түн» поэмасы мен Тарас Шевченконың Маңғыстаудағы өмірі жайлы толғауын бөліп айтпағанның өзінде, интернационалдық рух ақынның барлық шығармасынан есіп тұрады. Ақын диапазонының кеңдігі жайлы айтқанда, оның эпикалық құлашы мен поэтикалық арсеналының байлығын айтамыз. Ол жалынды публицистикаға да, эпикалық баяндауға да, реалистік штрих пен деталға да, нәзік лиризм мен жылы юморға да бірдей шебер екенін дәлелдей берді. Бірақ, осыншама әр қилы қасиеттердін бәрінің де басын қоса отыра Х.Ерғалиев әрқашан ешкімге де ұқсамайтын өзіндік дара сипатымен көрініп келеді. Ол казақ өленіне қиыннан қиысқан күрделі ұйқас пен соны тіркестерді әкелді. Оның өзі қазақ өлеңінің мүмкіндігін молайтып, тынысын кеңейткен жақсы жаңалық болып шықты.
84.«Оң қол» психологиялық әңгімесіндегі баяндаушылықты сипаттап көрсетіңіз.
Төлен Әбдікұлының қаламынан туған дүниелерінің ішінде ерекше назар аудартатын, бітім-болмысы басқаша суреттелетін «Оң қол» әңгімесі. Бұл шығарма дарынды жазушының дүйім жұртқа танылуына әсер етті. Бұл «Оң қол» әңгімесі негізінен сюрреалистік бағытта жазылған туындыға келеді. Яғни сюрреализм дегеніміздің өзі – француздың «шындықтан жоғары көрініс» деген сөзі. Бұл атауды алғаш қағаз бетіне түсірген ақын Гийом Аполлинер «Тирезияның кеудесі» драмасы арқылы ХХ ғасырдың басында Франция поэзиясындағы сюрреализмнің негізін қалаушы ретінде есімі алтын әріппен тарихта қалды. Көркем шығармаларда сюрреалистік образдар өзінің оқырман қауымынының бойына қорқыныш сезімін ұялата отырып терең ойға батырады. Сюрреалистердің тағы бір ерекшелігі, кейіпкердің сандырақтап, түрлі түстер көруі арқылы қоғам алдында келе жатқан дағдарыстарды оқырманға қорқыныш пен үрей арқылы да жеткізуге де тырысады. Задында, бұндай шығармаларда көңіл жадыратып, көңілді бір сезімге бөлемейді. Керісінше, оқып болғаннан кейін оқырманның көңіліне ауыр ойлар қалдырады. Егер қаншалықты қорқынышты болса, ол соншалықты әсері мықты болмақ. Шығармалардағы тартыстар кейіпкерлердің ізгі қарым-қатынасына құрылмайды, кейіпкердің іштей екіге жарылуына, өзімен өзі айтысуына, кеңесуіне негізделеді. Кейде осы психологиялық тартыс өз кемеріне жеткен кезде кейіпкердің өзін өзі жоюына алып келеді. Нақтылай айтқанда, адамның өз ақыл ойы мен дене мүшелерері өз ырқына бағынбай, үрейге салынып, ақыр соңында өз өзіне қол жұмсауға алып келеді. Сюрреалистік шығармалардың соңында кейіпкердің асылып, буынып өлетіні сондықтан болса керек. Оған осы Төлен Әбдіковтің «Оң қол» әңгімесіндегі Алма образы дәлел. Әңгіме адам жанының сан алуан екенін көрсетеді. Әңгіме жас дәрігердің айтуынша суреттеледі. Басты кейіпкері Алманың тағдыры кім-кімді болсын бей-жай қалдырмасы анық. Жас дәрігер өзіне ғылыми нысан табылғанына қуанады. Ауруды бақылауға күнделік арнайды. «Оң қол Алмаға терең қалың ұйқы құшағында енгенде шабуыл жасайды. Яғни қанша түсініксіз болғанымен, өзін-өзі өлтіру ниеті қыздың миында бар деген сөз. Бірақ ол ниет кімнің ниеті, қайдан келген. Алманың бүкіл өткен өмірін, мінез-құлқын, адамдармен қарым - қатынасын зерттей келіп, мұны өз басынан туған ниет деуге себеп таба алмадым. Бұл қалайда қанмен, тұқым қуалап келген деген ниет деуге болмайды. Науқастың шешесі, иә әкесінің әкесі бір кезде өзін - өзі өлтірмек болған. Енді олар әлде бір құпия заңдылықпен Алманың санасында тұрып, өздерін - өздері өлтіргілері келеді. Бірақ олардың өздері жоқ. Сананың иесі қыз өлуге тиісті». Бұл сырқат аз да болса, өмірде кездеседі екен. Оны медицинада дененің екі жарылуы десе, әдебиеттануда адам ішіндегі адам деген тәсілді жазушы өте ұтымды пайдаланған. Шығарма сюжетін берудегі қаламгер шеберлігі керемет. Бұл адам бойындағы қос қасиеттің тартысқа түсіп, оның бірде – бірі, бірде - екіншісі жеңіліске ұшырап отыратын психологиялық құбылыс.Адамның ішкі жан дүниесіндегі қарама қайшылықтар мен үйлеспеушіліктердің психологиялық көрінісін сипаттаған. Бақылаудың нәтижесінде Алманың ауруының беті қайтқандай болады.Күндізгі уақытын үнемі кітаптар оқумен өткізеді. Жалғыздық жас қыз Алманың серігіне айналды. Алманың жалғыздығы рухани жалғыздық еді. Дәрігер жас қызды бақылай жүріп, аурухананың бас дәрігеріне нақты дәлелдерін көрсете келе Алманың оң қолын кесуге ота жасауға рұқсат алады.Алайда, өкінішке орай сол түні зұлымдық жасайтын оң қолы өзін-өзі буындырып, өлтіріп тынады. «Оң қол» әңгімесінде Төлен Әбдікұлы адамның санасында өзінен тыс бір тылсым күштің иесі барын анықтайды. Сондағы тылсым күшіміз қандай күш? Ол күштің ниеті қандай? Жақсы ма, әлде жаман ба? Осы сөзіме тағы да дәрігердің әңгімесін тиек етсем: «Рас, адамның өз денесінің өзіне жау болғаны – бақытсыздық. Бірақ адамның өзіне-өзі жаулығы соншалық сирек оқиға ма? Сот залына барып айыпталған адамдардың қателіктерін тізіп көріңіз, бәріне де өздері кінәлі. Кісі өлтіруден бастап, ұрлық істеу, арақ ішіп төбелесу, әйел зорлау, адамды балағаттау, содан кейін түрмеге түсіп, өмірін қор қылу өзіне - өзі жаулық жасау емес пе? Адам бойындағы әзәзілдің жаңағы оң қолдан несі кем?...».
Сондағы бұл жерде қаламгердің дүйім жұртқа айтпақ болған негізгі ой не жайында, әңгімесінің негзігі идеясы қандай? Ал идея дегеніміз не? Идея деп – автордың айтайын деген түпкі ойын, негізгі мақсатын, басты мұратын айтамыз.
Төлен Әбдікұлының субьективті идеясы бойынша, жалпы адам қауымының ойынша біз тек сыртқы істерімізге жауап береміз, яғни қандай да болсын жаман әрекет, құқықтық нормаларға қайшы келетін іс істесек оған жауапты Сыртқы Істер Министрлігі, сот секілді нәрселер бар. Ал адамның ішкі ойында ешкімнің шаруасы жоқ. Мен іштей не ойласам да өз еркім деп ойлайды. Егер біз бұлай ойласақ, қатты қателескен боламыз. Неге? Себебі, егер ішкі ойымызға дұрыстап жауап бере алмасақ, сыртқы ойымызға алаңдау әурешілік. Ішкі сезім, ой, жан дүние атаулы тазармай сыртқы әрекетіміз, әлеміміз ешқашан да тазармайды. Алманың бойындағы өзін-өзі өлтіру ойы да осы... Қазақ драматургиясын зерттеген белгілі ғалым Р.Рүстембекова «Оң қолды» тіпті фантастикалық шығармалар қатарында атап өтеді. Зерттеуші: «Өмірде дәл сондай жағдай болды ма , жоқ па, мәселе онда емес, өмірде болғандай етіп сізді сендіруі – міне әңгіме түйіні осында жатыр... Жазушы жас қыздың оң қолының өзіне қастандық жасауын үлкен дерт ретінде бейнелеуінде символдық астар жатыр. Өмірдегі зұлымдық атаулыны адам өз қолымен көбіне саналы түрде істейтінін айтып , жазушы оны қоғамдық үлкен дертке ұштастырады» дейді. Жазушы – драматург Жолтай Әлмашұлының пікірінше, егер біз жазушының ойына терең мән беріп қарасақ, мәселе қыздың өзін-өзі буындырып өлтіруі емес, бұл қоғамға төніп тұрған қауіп. Адамдардың өмірдің бұралаң қалтарыстарынан алжасып, өзімізге-өзіміз қол жұмсап жүрген жоқпыз ба дегенге саяды. "Оң қолдағы" оң қолы өзін буындырса, сол қолы араша түсетін Алма психологиялық шығармадағы тиынның екі беті секілді кейіпкер. Бұл әңгімеде өмірде арпалысып жататын жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдық, өмір мен өлім арасындағы тартыс тартымды суреттеледі. Амангелді Кеңшілікұлы бұл әңгімеге мынадай баға бергендей, шын мәнісінде әңгімедегі оң қол да, бір адамның бойында өмір сүретін «қостұлғалық та» зұлымдықтың сыртқы сипатын көрсету үшін таңдап алынған символдық белгілер ғана. Бірақ әңгімедегі нағыз қылмыскер олар емес. Нағыз қылмыскер ақылға бағынғысы, ештеңені тыңдағысы келмейтін – адамның санасы. Қылмыскерді жазаға тартуға болады, ал адамның санасында жасалып жатқан зұлымдықты ауыздықтайтын амал бар ма? «Оң қол» әңгімесіндегі кәмелет жастан енді асқан қыздың арғы аталарының бірінде өзін-өзі өлтіру жайлы суық ой болған. Бірақ ол ой шын мәнінде жүзеге аспай, генетикалық ақпарат арқылы біршама жылдар шамасында қыздың жадында жаңғырған. Әңгіменің ақыры қыздың қолы арқылы өзіне өзі қастандық жасауымен аяқталады. Осы жерде қыздың өзіне қолы арқылы қастандық жасауында жазушы бір астарлы ой тастап тұрған тәрізді. Неге десеңіз, барлық әрекеттің бастауы ой, ал сол ойды жүзеге асыратын қол емес пе? Ақыры Алманың санасындағы зұлым ой өз дегеніне жетіп тынды емес пе?! Жазушының обективті идеясы, адамзат баласы «қолда барда алтынның қадірін біл» дегенге саяды. Яғни, деніміздің саулығында, санамыздың ешқандай ауытқуының жоқтығында тек жақсы нәрселеді ойлап, жақсы әрекет істеп адамдық қалыпты сақтау. «Оң қолдағы» түпкі идея – адамның ішкі ой әлеміндегі жауапкершілігі. Өмірде ештеңе із-түссіз жоғалып кетпейді. Адамның физиологиялық ерекшеліктері, түрі, мінезі өзінің ұрпағына қалады. Әкесін көрмеген балалардың мінез-құлқы, сөйлеген сөзі әкесінен айнымай қалып жатады. Адамның өзін өзі жақсылыққа рухани тазалыққа ұмтылып отыруы – ұрпақтарының ізгі болуына мол ықпал етеді.
85.«Қаһар» романындағы концепциялық ой-түйіндерді тұжырымдап, Кенесары тұлғасындағы қайшылықтар себеп-салдарын өз сөзіңізбен көрсетіңіз
Романда автор Кенесары бейнесін жан-жақты терең талдап, сол арқылы өзге де кейіпкерлердің мінез-құлқын, кескін-тұрпатын аша білген. Абылай атасының жолын қуып, жан-жаққа шашырап кеткен қазақ руларын бір тудың астына біріктіруді аңсаған, аңсап қана қоймай қара халқының қайғы-қасіретін бір өзі арқалаған сом тұлғалы Кенесарының тарихтан алар орны ерекше.
Біріншіден, Кенесары – Абылай жолын жалғастырушы, хандық билікті аңсаған адам. Оның қара халықтың жағдайын түсіне білетін жүрегі, опасыздарды жазалай алатын қатыгездігі, қаттылығы, дер кезінде шешім қабылдай алатын ақылы бар. Кенесары нағыз хан болу үшін жаратылған адам. Романды оқу барысында оның ұстамдылығына, темірдей ерік-жігеріне, шыдамдылығына, қажыр-қайратына қарап таң қаласың. Кенесары тарыдай шашылған қазақ руларын біріктіріп, Әбілқайыр, Сәмеке, Нұралы, Бөкей, Серғазы, Уәли ұрпақтарын өзіне бағындыруды көздеп, бұрынғы хандық жүйені қайтарғысы келді. Ол ең алдымен «бас-басына би болған қиқымдардың» басын біріктіргісі келді. Қиын сәтте елді жаудың тұзағынан алып шығар жалғыз жол осы екенін түсінді. Бұл Кенесарының саясаттан хабары брын аңғартады. Артынан ерген қара халықты тек найзаның ұшымен ғана қорғаудың аздық ететінін түсінді. Сол себепті, Орынбоп генерал-губернаторымен жақсы қарым-қатынас орнатуға тырысты.
Екіншіден, Кенесары хан – нағыз көшбасшы. Ел басына күн туғанда қолды бастап, көтерілістің басы-қасында өзі жүрді. Мұны оның: «Хандықты басқарудың екі жолы бар. Бірі – соған хан билігін әперем деген халықтың артында тұрып басқара білу. Екіншісі – соңынан ерген қолдың алдында жүріп, ерлігімен өзіңе тартып алу» деген Кенесарының сөздері дәлелдей алады. Әрине, ел-жұрттың артында тұрып оларды қырғынға айдап салуға, ақыл-айламен, зұлымдықпн тақты өзіне алып алуына болар еді. Бірақ, елде ондай адамдар жетерлік. Сол себепті, ол соңынан ерген қолдың артына емес, алдына шығу керектігін жақсы түсінді. Көшбасшыға керек тағы бір дүние – сенімді серіктері. Ханның жанына Бұқарбай, Басықара, Төлебай, Жанайдар, Ағыбай, Наурызбай сынды тепсе темір үзер жаужүрек батырларды топтастыра білді. Асыл ердің арманы мен ел үміті тоғысқан тұста қарап қалған Кенесары жоқ. Соның дәлелі Ақмола бекінісін алардағы оның айла-тәсілдері, тапқырлығы, қазақ батырларының ерлігі шебер баяндалады. Көп ұзамай Кенесарының сарбаздары Ақтау, Ортау бекіністерін алды. Бұдан кейін Кенесарының ордасына ағыла түскен рулар көбейіп, айналасына топтала бастады. Ал соңынан ерген батырлары Кенесарының жан аямас қаталдығына қарамастан, оны ұлт қаһарманына айналдыруға тырысты. Міне, бұл ел билеу ісіндегі қажетті боп саналатын ең маңызды аспект болып табылады. Хандық пен қолбасшылықты қатар алып жүре алған батыр бабаларының ізін жалғап, Кенесары да енді елін жаудан аман сақтап қалуға білек сыбана кірісті.
Оның үшінші қасиеті – әкелік қырында. Кенесары ел тізгінін ұстап қана қоймай, шаңырақтың тірегі, өнегелі әке де бола білді. Ұрпақ тәрбиелеуде баласының бойына ер жігітке тән қасиеттерді дарытуға, оған бар жақсыны беруге тырысты. Кенесары бейнесі тек ұрыс басталарда ғанаемес оның өмірлік ұстанымдары арқылы да шебер суреттелген. Соның бірі – баласы Сыздықты сынауы. «Өткір кездіктің үстіне кеудеңді төсей құла! Егер қорықпасаң батыр боласың», - деп шарт қойған ол ұрпағының жаужүрек боп өсуін тілейтін. Кейіннен Сыздық әке жолын жалғап, Түркістан, Шымкент қалаларын қорғап, Ресей мен Бұхар әмірлігіне қарсы күрескені тарихта мәлім. Оның ерлік істерін Жамбыл, Майлықожа ақындар жырға қосқан. Әке даналығы, қаттылығы, жанашырлығы, болашақты дөп басып көздей алған көрегендігі осы тұста анық ашылады. Сұлтан тұқымын «қасқыр текті» деп жұрт неге айтатынын жат жұрттық Жүсіп, яғни Иосиф Гербурт енді түсінді. «Бұлар қатарларында тек күштілерді ғана сақтайды екен...» деген ойға келді ол.
Елі үшін өмірге келіп, азаттық жолында жанын қиған Кенесарының қазақ әдебиетінен де алар орны ерекше. «Қаһар» романының басты кейіпкерінің өзінің ата жолын қуып, үш жүзді біріктірер жолда көрсеткен ерлігі, көрегендігі мәңгілік ел есінде. Тәуелсіз Ұлы дала ұрпақтары Кенесарымен мақтанады.
Қаһар» романында ХІХ ғасырдың І жартысындағы Кенесары Қасымұлы
бастаған халық көтерілісі сөз болады. Патша отаршылдарының шектен шыққан
қысымы, әсіресе, ата-бабасынан мирас боп келе жатқан туған жерінен зорлықпен ығыстырылуы халықтың қанын қайнатып, ашу-ызасын туғызды. Бұл наразылықтың көтеріліске ұласуына Абылай ханның немересі Кенесары тікелей басшылық етеді. Шығармада Кенесарының жеке басы ерлік пен мәрттікке толы.
І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының «Қаһар» бөлімінен тарихи тұлғасы биік Кене ханның біз білмеген келбетін, өзіндік әдісін, дара қасиетімен ел еркіндігі үшін ұлы қадамға бел буып, тарихқа салған таңбасын сараптап қаралық. І.Есенберлин трилогияда Шыңғысхан шабуылынан бастап, алты жүз жыл көшпенді атанған қазақтың көкжалдарша тәуелсіздік жолында күресіп өткен тарихын кеңінен қамтып, «Қаһар» романында ХIХ ғасырдағы қазақтың өз сахарасында өзге ұлтқа бас иетінін қынжыла баяндайды. Бұл кезең алып Абылайдың немересі Кенесары тұсына тура келді. Абылай заманындағы берілген уәде бойынша қазақ территориясына патша ағзам бекіністерін орнатып, орыс-казак әскерлерін кіргізе бастаған дүрбелең кезеңнің бастауы еді.
«Бұл – орта бойлы, кең жауырын, арықтау тарамыс денелі, жатаған келген ат жақты сары сұр кісі. Сәл қызғылт тартқан қыран көзді, жуан балуан мойынды. Ашық жүзіне жараса біткен сәл келтелеу қыр мұрнының астында шағын ғана мұрты бар. Қою шоқша сақалы сүп сүйір. Сақал мұрты күңгірт сары. Басында жарғақ тысты құндыз тымақ, қара мақпал, жеңіл құндыз ішігінің сыртынан бозғұлт түйе жүн шекпен жамылған. Аяғында атқа мінуге ыңғайланып тігілген орта қоныш көк салмен өрнектелген саптама етік. Отырған отырысында, тұрған тұрысында ілтипаттық пен тәкаппарлық қатар аңғарылады. Сәл шегір тартқан өткір қырағы көзі қарағанда адамның ту сыртынан өткендей. Сараң қимылы, жұмыла біткен жіңішке еріндері, аз сөйлеп көп тыңдайтың адамды сездіреді. Егер тұлғасына көңіл райына қарасаң ішінде тұнып жатқан үлкен ақыл, бұлқынып сыртқа шыққысы келген жігер барын ұғасың. Бұл Абылай ханның немересі, Қасым төренің ортаншы ұлы Кенесары еді деп «Қаһар» романы Кенесары сипатымен басталады. Сондай-ақ Кенесары қалың ойға шомған сәтінде ешкім беттеп сөйлей алмайтын өр болатын. Ойланғанда ұзақ жалғыз отырған. Күрделі мәселені шешкенде жалғыз отыру шығыс патшаларына тән ұлылықтың қасиеті деген шығыстық сенім бар. «Кенесары бір қиын мәселені шешерде қалың қабағын қарс жауып, бір қолымен исфаған семсерінің сабынан ұстап, темір торға қамалған жолбарыстай ақ орданың ішін кезіп, ерсілі-қарсылы жүріп, көп ойланатын. Мұндай кезінде сұлтанның сырт бейнесі шынында да, жолбарысқа ұқсас қаһарлы болатын, желкесі күдірейіп, өткір көздері әдеттегісінен гөрі қызара түсіп, тірі жанға тіл қатпай, сұстана қалатын» – деп суреттейді жазушы.
Өмірінің соңына дейін күресіп бағуды қалады: «– Сонда сен маған бауыздағалы тұрған қой тәрізді үн-түнсіз өле ғой дейсің бе? Жоқ, мен олай өле алмаймын. Жолбарыс қой емес. Ең болмаса жауына шауып ажал табады. Егер мен Айшуақ, Құдайменді, Жантөре, Уәли балалары секілді Россия патшасына мойын ұсынсам, ертең үрім бұтағым не дейді? Мені де сатылған көп сұлтанның бірі демей ме?… қазір жеңіліп ажал табуға бармын, бірақ ұрпақтарым алдында атымды адал сақтағым келеді» деген І. Есенберлин бейнелеген шынайы Кенесарының сөзі еді.Кенесарының бар мақсаты – тәуелсіз хандық орнату, ел басқару жүйесіне реформа жүргізу, билік айту, саудасаттық жасау. Оның сауда-саттық керуендеріне тиіспей, салық төлетуі бүгінгі кедендік саясатты көрсетсе, салық салуға байланысты құрылған жасауылдар бүгінгі салық полициясын елестетеді.
86.«Қар қызы» туындысындағы ой ағымын айқындап, суреткерлік шеберлігін көрсетіңіз.
Оралхан Бөкейдің «Қар қызы» повесінде Алтайдың қақаған аязында далада қалған үш жігіттің жайы сөз болады. Әкелері соғысқа кетіп, сонда қаза тапқан жігіттер соғыстан кейін дүниеге келген. Ауыл басшысының бұйрығымен қыс ортасында шалғайдағы ауылдан шөп әкелуге аттанған үш жігіттің бастан кешкен оқиғасы осы шығармаға арқау болады. Негізгі кейіпкер Нұржанның және жанындағы екі жолдасы Аманжан мен Бақытжанның шөп әкелуге бара жатып, жол бойында көрген қиындығы сөз болады. Нұржан аңыздан естіген Қар қызына ғашық болады. Қар қызының сыңсып айтқан мұңлы әуені тек Нұржанға естіліп, түсіне кіреді. Нұржан «бұл қызды таппай қоймаймын» деп өзіне серт береді. Сөйтіп жүргенде, үш жолдас айдаладағы Қоңқай шалдың үйіне түседі. Мұнан соң алыс сапарға қайта аттанған жігіттер бірер күннен кейін айдаладан жалғыз үйді көреді. Ол үйдің иесі кержақ шал еді. Түнеуге сұранған жігіттерді шал самарқау қарсы алып, ас-су беруге де жарамайды. Нұржанның жанындағы жолдасы Аманжанның мінезі де, түрі де үйіне түнеуге рұқсат еткенін міндетсінген кержақ шалдан айнымайтын еді. Ертесіне шалдан жол сұраған жігіттерге кержақ шал бұрыс жол көрсетіп, адастырып жібереді. Жапан далада ақ қардың арасында қалған үшеуінің өлім мен өмір арасындағы күресі енді басталған еді. Жылынар пана таппаған үшеуі ұйықтап кетіп, жантәсілім етудің аз-ақ алдында ғана қалады. Дегенмен Қар қызы Нұржанның түсіне кіріп, оны оятады. Сөйтіп үш жігіт өлімнен аман қалады. Үшеуінің айы оңынан туып, жүзі жылы ақсақал мен кемпірге кездеседі. Ақсақал үйіне қонақ етіп, Нұржанға біраз әңгіме айтады. Аңыздардан құлағдар етіп, Қар қызы туралы да баяндап береді. Ақсақалдың Алмажан есімді жалғыз қызы бар. Қыз бойында әлдеқандай жұмбақ жатқандай еді. Нұржан бір қара-ғаннан іздеп жүрген қызы осы Алмажан екенін білді. Алмажан мен Нұржан бір түн сырласып, шер тарқатады. Күндіз сауыншы, түнде Қар қызы болатын Алма-жанның сыңсып айтатын әні Нұржанның құлағына балдай жағады. Келесі күні Айыртаудан шөп алып, ауылға аттану қажет болады. Нұржан осы ауылда қалуды жөн көреді. Оның артынан Бақытжан да осы жапан далада қалатын болды. Сөйтіп Аманжан ғана ауылға кетеді.Повестегі Қар қызының, қол-шатырлы Малика арудың бейнесі айрықша, әдемі сипатталған. Көз алдыңа елестетіп, өзің де сол кейіпкерлерге ғашық болатындайсың. Повестегі Қоңқай шалдың бейнесін толық ашқым келеді. Шығармадағы Қоңқай шалды жартылай жұмбақ күйде ұстаған автор концепциясы туралы үзілді-кесілді, біржақты тоқтам жасау қиын. Жұрттан жырақ өмір сүретін осы Қоңқай шал бейнесі арқылы Оралхан Бөкей нені меңзейді? Былығы көп қоғамнан тысқары өтіп жатқан тірлікті айыптау сарыны шығармада басымдық ала қоймаған. Қаптаған ел ортасында жүріп-ақ оқшау өмір сүретіндер жетіп артылады. Жазушы бір мәнде Қоңқай шалды «арқаланып» қоғамдағы кереғарлықты, келеңсіздікті меңзейді. Кейіпкердің ой ағыны, ішкі сезім сөзі арқылы әсер ету – автордың оңтайлы көркемдік тәсілдерінің бірі. Шығармадағы Қоңқай бейнесінен, сонымен қатар, жалғыздық пен кеңістік нышаны байқалады. Қоңқай бейнесін Оралхан Бөкей шебер бейнелейді. Оның екі тау арасында жападан-жалғыз тұратыны, аң аулап тіршілігін жасап жүретіні жалғыздығының анық көрінісі: «Шал әлденесін ұмытқандай далаға шығып кетті. Сол баяғы қалпы – көйлек-дамбалшаң, аяғына ештеңе кимеді. Осы бір сақалы өңірін жапқан қапсағай шал үшін мынау табиғаттың қысы, жазы – тіпті төрт мезгілі бірдей секілді ғажап адам еді. Осы жасына дейін қыңқ етіп ауырмаған, тоңып-жаурау дегенді білмейтін, ормандағы аң екеш аң секілді ғажап адам еді. Елмен аралас-құраласы жоқ, қоршаудан қашып шыққан бұғыдай саяқ ғұмыр кешті. Сонау аппақ кеңістікке барар жол мен ызаң шу, қым-қуыт өмірдің екі ортасында шекара, бекет іспетті, міне, жарты ғасырға осы жаман үйінде жападан-жалғыз тіршілік құруда».
Қоңқайдың өмірі – шығарманың басты өзегі. Өмір бойы жалғыз ғұмыр кешу қарғысына ұшыраған Қоңқай – жалғыздықтың бейнесі: «Шыр етіп жерге түскеннен бастап қоғам үшін, өзге біреулер үшін шырпы басын сындырып көрмеген Қоңқайда еңбек кітапшасы деген атымен жоқ-ты. Ешбір жерге өтініш жазып жұмысқа тұрған емес; ешқашан да жиналысқа қатысып, тіпті үйлену, шілдехана секілді жиын-тойда болған емес. Осы елдің тойын қойып, топырақты өліміне қатыспаған қаңғыбас Қоңқайда дін, идея, бір нәрсеге сену секілді үлкен ұғымдар атымен ада – өзімен-өзі, оқшау өмір сүріп жетпістен асып барады».
87.«Қайдасың, қасқа құлыным» туындысындағы концепцияларды түсіндіріп, ұлттық психологияның көрінісінен мысал қолданыңыз
Ақын табиғат бейнесін көркем суреттеумен қатар, кейіпкерлердің де ішкі жан-дүниесін сол табиғатпен астастыра суреттеп отырған. Суреткердің “Қайдасың, қасқа құлыным” атты повесі де туған жерінің ауыл тіршілігін суреттелуімен бастау алып, әкеге деген сағынышты арқау етеді. Таңның атысынан кештің батысына дейін әкесінің жанынан бір елі қалмай, үнсіздікпен терең ойға шомған әкенің көпті көрген әңгімелері сөз етіледі. Туынды желісі бойынша қазақ ырымында биенің егіз тууы жаманға жорылып, біреуін өлтіреді. Бір құлынын өлтірген соң, ертеңіне екінші құлыны да кетеді. Кейіннен боз бие қайтып құлындамай, бедеу қалады. Осылайша автор көңіліне қаяу қалдырған қасқа құлынға деген аянышын білдіреді.«Тау мен дала ән салып тұрғандай; апыр-ау, құйын боп соққан қуаныштан басым айнала бастады ма? Бүкіл тіршілікті бауырыма алып, бес жылғы мауқымды басқым келеді; мен тұңғыш рет кіндік қаным тамған жердің не себептен ыстық боларын сезіп, алғаш рет әкемнің не себептен осынау қоңырқай шаруасы мен ата мекенін қимайтынын сездім...» деген автор сөздерінен Алтайға деген сағынышын бейнелейді. Сонымен қатар жазушы тоқсаннан асқан кейіпкер Сарқынды шалдың сыбызғы тартқанын сөз ете отырып, сыбызғының сиқырлы әуені баланың көз алдына тағы да табиғатты елестетеді: тау мінезінің күлкісі мен қаншама сырды ішіне сақтаған тәкаппар алтайды көз алдына келтіреді. Қаршыға баланың әкесіз көрген күндері туралы айтылады. Қиын кезеңде анасының жалақысы бірде жетіп, бірде аштық көріп өскен “тірі жетім” баланың жан күйзелісі де суреттеліп, оқырман көз алдына аянышты оқиғаны бейнелеп береді. Осылайша Орал мен Қаршығаның ағайынды, әкелері бір екені белгілі болады. «Алтайдың бойы балқып, рақаттың, тыныштықтың алтын бесігіне тербеліп жатыр. Әулиекөл айнадай жарқыраса, бетінде бейбіт жүзген қаз-үйректер ақ арудың ақша жүзіндегі меңі іспетті. мен осынау тамылжыған тамаша өңірдің түлегі болғаныма қуанамын» деген жазушы сөздері туған жеріне деген шексіз махаббатын көпке үлгі етіп отыр. Иә, біз ғашық болуды табиғаттың тылсым сырлары мен сұлулығынан үйренеміз.
Бұл туындысында жазушы Оралхан Бөкей туған жерінің әсемдігі мен табиғатының сұлулығын, тау мен тастың да өзіндік бір ерекшелігі бар екенін суреттеп көрсетеді. Әр адам баласына өзінің өсіп, сол жердің тәрбиесін бойына сіңірген туған жері үлкен байлығы. Топырағына аунап, кең даласында еркін жүгіріп, балғын балалық шағының куәсі болған өз жерін ешкім де тастап кете алмасы анық. Ғабит Мүсірепов ағамыз: «Дүниеде туған еліңнен артық ел де, жер де жоқ» дегендей, өз еліміз бен жеріміздің қадір-қасиетін биік қойғанымыз жөн.
Қазіргі жастарымыздың бойынан автор бейнелеген туған жерге деген сүйіспеншілік пен сағыныш байқалады ма?! Иә, көптеген жастарымыз отансүйгіш. Жүректері елім деп соққан ерлер де арамызда жоқ емес. Бірақ кей жастарымыз ауылды тастап, қалаға бет алады. Шет елге қоныс аударып жатқандарын естіп те жүрміз. Сол үшін келешек жас ұрпағымызды туған жердің қадірін сездіріп, ақын-жазушылардың шығармалары арқылы жүректеріне елге деген құрметті көрсете білгеніміз дұрыс.
Қайдасың, қасқа құлыным?» шығармасында биеден егіз боп туған құлынның сыңарын аңсап отырғанын емес, екіге бөлініп кеткен қазақты айтып отыр. Бірі – өзінің қазақылығын жоғалтпаған, бірақ мүсәпір, халі мүшкіл болып өмір сүріп жатқан қазақ. Екіншісі – жағдайы жақсы, бірақ өзінің дәстүрінен, мәдениетінен безініп, жаңа қазақ боп өмір сүріп жүрген кеңес адамы.Қазақ өзі жылқы мінезді. Алыс кетсек, кісінеп, жақын келсек, айғырша айқасып, тай-құлынша тебісе кететін халықпыз ғой. «Қайдасың, қасқа құлыным?» дегенін «Қайдасың, қазағым?» деген мағынада қабылдасаңыз, шығарма шындығы ашылады. Мұнда Аналық, Қаршыға, Сарқыт деген кейіпкерлер бар. Сарқыт шалды тірідей, оның дүниелерімен – ұстаған заттарымен, киген киімі, пышағымен бірге көмуге кіріседі. Сонда Сарқыт ақсақал пышақты кері лақтырып жіберіп, «Иə, пышақты сендерге қалдырдым. Не жауыңа, не бір-біріңе жаратарсың», – дейді. Мұнда өшпенділік, қатыгездік, өкпе-реніш дегеннің өмір бойы кетпейтінін айтып отыр.
88.«Қуырдақ дайын»драмасындағы тартыс табиғатынан, адам мінезінің күлкілі қырларынан мысал көрсетіңіз
Ізденіс бағытындағы суреткер Қалтай Мұхаметжановтың «Қуырдақ дайын» комедиясынан қазіргі драманың жақсы белгілерін, формадағы жинақылық, композициялық ықшамдылықты көреміз.Алғашқы комедияларында жеке сценаларды сәтті шығарғанмен, пьесаны бастан-аяқ мүсіндеуге келгенде, сылти берген драматургтің тұтастық, бірегейлік талаптарына айрықша ден қойғандығы өмірлік материалды пьесаға лайықтап алуынан байқалады. Екі күннің ішінде өтетін оқиғаға қатысатын үш еркек, екі әйел – бес-ақ адам. Авторлық ремаркада бұлардың жастары ғана көрсетілген, мінез қырлары, рухани ерекшеліктері сахнада ашылады. Алдымен танысатынымыз елуден асқан Ережептің монологында да көп сырдың ұшығы сезіледі. Көрерменге арнай сөйлеу, сырласқандай, әңгімелескендей сыңай таныту спектакльді жандырып жіберер тәсіл. Совхоз директоры сапарда, бүгінгі тұтқа орынбасар Жақан қолында. Ол әйелінен айрылысып кеткен, қазір
бойдақ, көңілі кетіп жүрген адамы Ережептің балдызы Күлән. Мұның бәрі просцениумда белгілі болады. Драматург тек оқиға, тасыр-тұсыр әрекет қумағандықтан әдейі күні бұрын фабуладан хабар береді. Комедиялық тартысты психологиялық арнамен өрбітудің бір үлгісін Жақан мен Күләннің алғашқы оңаша қалған кезінен аңғарамыз. Адамның жасына, қызмет бабына сәйкес келмейтін қылықтар қашан да күлкі тудырса керек, баланың үлкен кісі кекселігін танытуы, ересектің жеңілейіп сәби боп кетуі - әзіл-қалжыға, юморға мұрындық. Сүйіспеншілік сезімін білдіру орайында талайлардың ыңғайсыз жағдайға қалуы, күлкіге ұшырауы аз емес. Ішкі сарайы дүмбілез, сұлулық, әсемдікті сезінбейтін жандардың ғашық көрінгісі келуі, жылтыр сөздер айтуға ұмтылуы комедиялық ситуация. Өзінше оймен, есеппен, айламен қимылдайтын Жақан алыстан орағытып келіп, махаббат күйіне кілт көшіп, Күләнді қапыда қолға түсірмек. Арада жеңгетайлыққа жүрген Ережеп қыз бен жігіттің сөзін баспалап тыңдап жатыр. Қыз жоқта әлекедей жаланып тұрған сабаздың Күлән келген соң, мүлде дегбірі кетіп, берекесі қашады. Сөз айту, сүйіспеншілік жайы жолда қалып шаруашылық есепке, үйреншікті іс қамына ойысады. Міндеттемеден қиялап барып, үйлену ниетін айтпақ. Есті қыз бәрін біліп, сезіп әдейі түлкі бұлаңға салады. Жақан емеурінін ұқпаған кісіше жем тастайды. Әйел адаммен сырласуға олақ кісілердің әманда қызбен бетпе-бет, жүзбе-жүз кездескенде, не үндемей қалуы, не мағынасыз әңгіме, қатысы шамалы бірдеңелерді қаузап кетуі күлкілі күйге ұшыратпақ. Айтылмыш сценада Ережептің тығылып жатып жігіт сөздеріне ызалануы, күйінуі, қызық жағдайды қанықтыра түседі. Сезім орайында добал жандардың әкімшілік тұтқасына ауысқанда сесті, алапатты көрінуге тырысуы байқалып тұрады. Күләнмен әңгімеде барқадар таппаған Жақан жас маман Болатты тықсырып, ықтырып, илеп алмақшы. Ішінде тағлым алар өнеге, тиянақ, байлам жоқ, баршаға мәлім нәрселерді қайталап, білікті көрінбек. Жақан-Болат араларындағы диалогтардың салмағы жеңіл, кернеуі шамалы, драматизм, тартыс әлсіздігі көп сөзділікке, бірді айтып, бірге кетуге ұрындырған. Әрқайсысы өзінше есеп қылады. Жақан ебін Күләнді көндірмек. Ережептің көкейін тесіп жүрген болашақ күйеудің мансабы. Әлима, Болат, Күләндар бұларға қарсы. Қызға сөз айтамын деп күлкі болған Жақанның мықтыға жағыну, үлкендердің аузын алуға келгенде ебі мол, айласы көп. Пьесадағы екінші арна тартыс совхоздың үстін басып өтіп бара жатқан бастықты сыйлап қалу орайында болады. Жағымпаздық-аярлықтың, екіжүзділіктің ежелгі бір түрі, көзге
көлгіреу, бетке жылтырау, аяқ-қолын жерге тигізбей мақтау, жазылып жастық, иіліп төсек болу, жылы-жұмсақты алдыңа қойып, арқаңа шапан жабу. Жағымпаздық-арамзалықтың, опасыздықтың сатқындықтың ежелгі бір түрі, ісін тындырып алған соң, бұрылып жүре беру, сырттан оқ ату. Осы айланы жас Жақан да, егер Ережеп те қару қылған. Ауыр, соқтықпалы тіршілік кешуі жағымпаз, су жүрек, елпілдек етті дейді Ережеп. Бір қарағанда, мүләйім монтаны жүз. Сіз деп сызылып тұрады. Бес-он тиын есептейтін сараң емес, танымаймын, бұры білмеймін адам үшін ақшасын беріп сатып алған малды жарды қосып жатыр. Жақанмен ана кісінің қандай туыстығы барлығын тақымдап, тәптіштеп, тиянақтап сұрап қояды. Тартыс әлсіздігінен, жүйелі қақтығыс болмағандықтан, анда-санда кейіпкерлер арасындағы диалогтар әр қиырға бір тартып, драмалық арқау босап кетеді. Көп орын мәртебелі жолаушыны қарсы алудың әбігеріне арналған. Қызықты, күлкілі мінез құбылыстарын Ережеп бойынан көреміз. Қонақтарын аттандырып қайтып келе жатқан беттері. Ережеп:
- Құдайым бір нәрсеге, жоқ олай емес.
Жаратқан бір нәрсеге бар ғой, бастап жүр ме? Түсімде бар ғой-ау, қызыл түлкің-ай, сойып жүрмін-ау. Уа, ағайын, сіздерден жасырар сыр бар ма? Бір міндеттен құтылдық. Соның қуанышына жаңа стансада аздап жұтып ем. Кешірерсіздер. Мен бар ғой, өзім мас болмаймын. Енді тойдың қамы қалды. Шашуларды дайындай беріңіздер деу маған неудобно. (Жақан шығады.) Өзі де келді (екіленіп). Мен бар ғой бауырым, бүгіннен бастап бар ғой, осы жұрттың алдында «сізді» прямо «сен» деп сөйлей алам. Хватить білдіңіз бе,
білдің бе, мен бар ғой, саған сен деп сөйлеймін. Правом бар ма, жоқ па, пожалауйста жұрттың алдында айт…Расында, өзі айтқандай. Ережеп мас емес, Шарап қызуымен бойында батылдық бітіп, еркін сөйлеп тұр. Маскасын, пердесін шешіп тастаған, үлкен қызметкерге асаттым, енді ол үшін маған Жақан қарыздар деп санайды. Күләнді икемге келтірсе, Жақан ашса алақанында, жұмса жұдырығында. Ендеше, неге Ережеп еркін кетпейді? Ендеше, Ережеп жұршылыққа неге мақтанбайды. Бажа болуға азғантай-ақ қалғанда неге Жақанды «сіз» дейді? Демеуі керек. Драматург ситуацияға лайық күлкі тудыратын құралдарды екшеп пайдаланған. Басқа уақытта Ережеп аузынан «Хватить», «право», «неудобно, «пожалуйста» секілді сөздер шықпайды, әдейі ірі көрінуі үшін айтып отыр ғой. Бір сәтке Жақан жуасып, жүні жығылып қалған. Қалай тартса, солай икемделе береді. Мақсатына жетіп, ойындағысын орындап, шаршап құлаған адамдай. Ережептің беттен сүймек болып әуреленуінде, тойды қалай өткізетінің айтуында фарсқа тән, водевильге сыйымды әрекеттер, оқшау қимылдар бар. Бұл қуаныштың ұзақ созылмауы ащы кекесін тудырады. Көріністер, сезімдер арасындағы алшақтықтан шыққан жайт. Еділ жарып, Ертіс бұзып, тау құлатып келгендей мақтана жеткен Ережептің сөздерінен өтіп бара жатқан бастықты тосып алудың
шырғалаңдарын естиміз. Өзінше ерлік істеп, дүниені төңкеріп қайтқандай Ережеп Болаттың, Әлиманның қас-қабағына, аужайына көңіл бөлер емес, енді мақсатына жетердей, ұшпаққа шығардай күпініп, қабарып шыға келеді. Аярлықты, екі жүзділікті, сұрқиялықты қару еткен мұндарлар қашан да берген сәлемінен бастап, ішкізген бір аяқ сусынына шейін жіпке тізіп, есепке алып, содан ұпай жинап жүреді. Біреу жалғыз сабақ жібін алса, соның өзін қармаққа ілінді санайтындар тоқты өңгертіп, қоржынына бөтелке салып жіберген адамды қолыма түсті демей не қара басыпты? Әйелінің қатқыл қарсы алуын, Күләннің мінезіндегі өзгерісті Ережеп осындай қуанышпен тұрып, шу дегенде аңғармай қалған. Аяқ астынан бәрі теріс айналып, дүние нілше бұзылып сала берді. Қыз уәдесі жай ғана алдарқату, күлкі ету екен, документтері қабылданыпты. Оқуға кетпек. Бұл аз десең, тастай батты, судай сіңдіге санаған соншалықты қиыншылықпен поезға салып жіберген, көп үміт отын жаққандай болған, бастыққа жіберген дәм, арақ қайтып келіп тұр. Қағаздағы сөз тіпті қаһарлы, облыс орталығына шақырыпты. Осы арада пьеса атының арқалаған идеялық жүгі ашылады. Қайтқан малынан қайыр іздеген Әлима жұртты шақырады – қуырдақ дайын. «Қуырдақтың үлкенін түйе сойғанда көресің» деген мақалдағы астарлы мәнмен авторлық позиция сарандас.
89.«Көктөбедегі кездесу» драмасындағы адамгершілік өлшемдердің маңыздылығын жеткізу шеберлігін түсіндіріп мысал көрсетіңіз
Қалтай Мұхамеджанов «Көктөбедегі кездесу» драмасы Шыңғыс Айтматовпен бірігіп жазылған. Ол терең психологизмге толы, интеллектуалды-аналитикалық құрылымы бар, символдық образымен ерекшеленетін шығарма Пьеса оқиғасыз, сол себепті тартыс сыртқы деңгейде емес, іштей өрістейді. Бір мектепте, бір сыныпта оқыған төрт дос демалыс күні Көктөбеге шығады. Кейіпкерлердің бірі Көктөбені атақты Фудзиямаға теңейді. Бұл теңеудің символикалық мəні бар. Ертеде Жапонияда Фудзияманың басына шыққан монахтар адамға ашпаған сырын айтып, құдайдың алдында рухани тазарудан өтетін болған. Осыны еске алған актриса Гүлжан қатысушылардың əр қайсысына айтылмаған сырларын көпшілікке жайып салып, Көктөбенің басында тазаруды ұсынады. Құдайдың алдында шынын айтуға барлығы бірдей дайын болмай шығады. Драматургтың шығармашылық табысының бірі пьесаның образдар жүйесіне тағы бір кейіпкер, Айша апайды енгізуі болды. Қарт мұғалім бұрынғы оқушыларынан олардың досы, сыныптасы Сабыр жайында сұрайды. Өйткені оның есінде бесеуі бірге оқып, бірге жүріп, майданға қол ұстасып бірге кеткен күйінде қалған. Өзінің ең талантты шəкіртін еске алу арқылы Айша апай Сабырмен байланысты сюжеттік желіні күшейте түседі. Қарт мұғалім есіне түсірген Сабырдың «Мəңгі талас, мəңгі дау» атты өлеңі оның асқан талант иесі екендігіне куə. Мұнда «Қайткенде адам қалады адам болып?» деген жолдар қайта-қайта қайталанады.
Өмір адамды күрес, соғыс, өлім тағы басқа жағдайлар арқылы сынайды. Адам өмір бойы адамгершілікке емтихан тапсырумен өтеді. Ең бастысы - қандай жағдайда да адам болып қалу. Соғыстың соңына қарай Сабыр «Дабыл үні өшкенде»атты поэма жазады. Жауынгерлердің рухын көтеретін өлеңдер жазумен белгілі болған оның бұл ісін достары түсіне алмайды. Жауды отанының шекарасынан қуып шыққандарына қуанудың орнына Сабырды «осының қаншама өмідіқыршынынан қиып, қаншама қан қазаға душар ететінін байқайсың ба», бұл жеңістің құны қанша деген сұраулар мазалайды. Осы поэмасы үшін Сабыр жазаға тартылады. Төрт досының бірі оны сатып жіберген. Бірақ дəл қайсысы екені жұмбақ күйінде қалады. Тарихшы Мəмбет бүкіл қойылым барысында сатқын кім деген сұрақты қайта-қайта көтереді. Бірақ айналасындағыларға бұл мəселені қозғау керек емес. Барлығы да бұл тақырыпты жылы жауып қойғысы келеді. Олар ұзақ жылдар бойы бұл адам жайлы əйелдеріне де айтпаған. Бірақ Сабыр жарылмаған шиқан сияқты бəрінің есінде. Сол себепті сыныптастардың əңгімесі, олар оны қаламаса да, қайта-қайта Сабырға келіп тіреле береді. Өмірден жылы орнын тапқан Исабек пен Иосиф Патаевичтің айтуларына қарағанда, Сабыр бұл күндері ішіп кеткен, жанұясынан айырылған. Драма кейіпкерлерінің өмірге деген көзқарастары əртүрлі. Олар сол себепті де ортақ нəрселер көп болғанына қарамастан, рухани жағынан бір-бірінен соншалықты алыс. Олар үнемі бір-бірімен сөз таластырумен болады. Сыныптастардың жүздесуі ұзақ сағынышпен күткен, рухани жақын адамдардың кездесуі емес. Əңгімелерінен де көңілі жақын жандардың шынайы сөздерін ести алмаймыз. Олардың дауларының ең басты себебі табынатын құндылықтарының əртүрлі болуында. Мысалы, жақындығы сөздерінен аңғарылатын Мəмбет пен Алмагүл өзара қарым-қатынастың негізі бір-біріне рухани азық бере білуде деп есептейді. Иосиф Патаевич, Исабек, Мəмбеттің əйелі Əнуар тоғышарлық түсініктің шеңберінен шыға алмаған адамдар. Не актрисалық өнердің шыңына шыға алмаған, не ана бақытына қолы жетпеген
Гүлжан өзінің осындай жағдайына қатты қайғырады. Сол себепті автордың негізгі драматургиялық тəсіл ретінде дискуссияны таңдап алуы бекер емес. Пьесаны Сабырдың образымен байланысты сатқындық тақырыбы көктеп өткен. Бұл тақырыпты Моцарт пен Сальери жайлы репликалар күшейте түскен. Фудзиямаға шығу арқылы пьеса кейіпкерлеріне сатқындық дертінен тазаруға мүмкіндік туған сияқты. Бірақ олар бұл мүмкіндікті пайдаланбайды. Авторлар пьесаға таудың етегінде тас тиіп қайтыс болған белгісіз əйел жайлы жаңа эпизод кіргізеді. Нəтижесінде кейіпкерлер бұл трагедияға əдейі болмаса да кінəлі болып шығады. Бірқатар сыншылар бұл көріністі артық деп есептеген еді. Бірақ осы эпизод арқылы драма кейіпкерлері кезекті сынаққа түседі. Мүлдем əртүрлі көзқарастағы адамдар ақыр соңында өздерінің шынайы орнын тапты. Сатқындар қашып кетті, ал адал адамдар қолымен істегенін мойнымен көтермек болып, қалып қойды. Пьесада сатқын мынау еді деп нақты көрсетілмейді. Оның кім екендігі маңызды емес. Авторлардың концепциясы кінəліні тікелей көрсетуден де кеңірек. Кім сатқын деген сұраққа жауап беру аз. Оқиғаның драматизмі сатқындық фактісінің өзімен тікелей байланысты. Мəмбет сатқын өзі емес екенін біледі. Соған қарамастан ол жақындарының бірінің сатқын болғаны үшін рухани күйзеліске түседі. Өйткені адам өзінің ғана күнəсі үшін емес, бүкіл адамзаттың күнəсі үшін де жауапты. Осындай рухани ізденістерімен Мəмбет өз жанұясының материалдық жағынан басқасына бас ауыртпайтын Досбергенге, жолы болғыш ғылым докторы Иосиф Патаевичқа, жағдайға бейімделгіш Исабекке, тоғышарлық көзқарастағы Əнуарға түсініксіз. Сонымен Қалтай Мұхамеджановтың драмалары психологиялық мазмұнымен, философиялық тереңдігімен ерекшеленеді. Көктөбедегі кездесу» атты драманың кейіпкері Сабыр ақынның өлеңіндегі «Қайткенде адам қалады адам
болып» деген жолдарды Қалтай Мұхамеджанов драматургиясының лейтмотиві ретінде қабылдауға болады. Оның драмалары мен комедияларының негізгі тақырыбы адам тағдыры, адамның кемшіліктері, адамның күрделі, қарама-қайшылыққа толы жан дүниесі. Комедияларында күнделікті тұрмыстың сынына түскен адам күлкіге айналдырылады. Драмаларында адам ерекше психологиялық жағдайлар арқылы: қасиетті тау Фудзиямада («Көктөбедегі кездесу»), жат елде («Жат елде»), қасіретке толы 1937-жылды еске алуда («Менің дертім») сыналады.
Оның Мәскеуде, «Современник» театрындағы қойылымын көрген К. Симонов : «Мен көптен бері театрдан дәл осындай, адамның адамшылығының бағасы және менің, сенің, оның, кез келгеніміздің өміріміз бен қызметімізді бағалаудағы жоғары адамгершілік өлшемдердің маңыздылығы жайындағы спектакльі көрсем деп жүруші едім», - депті. Пьесаға ризалығын білдірген. Бұл ризашылықтың негізінде пьеса авторларының көтеріп отырған мәселесінің маңыздылығы және оның көркемдік шешімі туралы баға жатыр.
Пьеса көтерген мәселе тек бір халықтың өмірімен шектелмейді, ол – жалпы адамзатқа ортақ мәселе. Адамның қандай жағдайда болса да, адам болып қалу мәселесі. Жазушылар оны пьеса кейіпкерлерінің ішкі жан дүниесіне үңіле отырып, жалпы адамдық, азаматтық борыш, шындыққа адалдық тұрғысынан шешеді. Онда Көктөбенің басына жиналған достардың өз бастарынан кешкен өміріне терең барлау жасалып, қуанышы мен қайғысы, жақсылығы мен реніші ақтарылады. Осы арқылы олардың өмір ағымында қаншалықты өзгергені көрінеді. Олардың көзқарасы мен өмір жайлы түсінігі, адамгершілік, азаматтық сипаты жағынан әрқилы болып шығады. Шындық оларға өз бағасын береді.
90.«Парасатқа құштарлық» еңбегіндегі азаматтық формула жайындағы сыншы концепцияларынан мысал көрсетіңіз
Осы ретте орыс халқының даму тарихындағы ең айрықша ұлы кезеңдер – Петр Біріншінің реформасы, 1842 жылғы соғыстағы орыстардың ұлы жеңісі, 1825 жылғы декабристер көтерілісі бұл халықтың бойындағы бұлықсыған ұлттық-сана сезімнің жылдам оянып, азаматтық-адамгершілік дәстүрлердің шұғыл дамуында ерекше рөл атқарғанын айта келіп: «Міне, орыс жұртындағы жалпы азаматтықтың үлгі-өнегесі мен тарихи формуласы осындай ұлан асу тарихи кезеңдерде, қиын-жағдайда қалыптасқан. Бір ғана декабристер көтерілісі – Россияның ең озық ойлы, алдыңғы қатарлы тамаша интеллигент ұлдарының азаматтық-адамгершілік әрі патриоттық ерліктерінің өзі неге тұрады! Егер 1825 жылғы декабристер көтерілісі болмаса 1917 жылғы Ұлы Октябрь революциясының болу-болмауы да екіталай еді ғой?!» – дейді Сағат. Иә, себепсіз ешнәрсе жоқ. Біздің азаматтыққа деген қарабайыр тым жеңіл түсінігіміздің, не нәрсеге де, қандай құбылысқа да «белгілі нәрсе ғой» деп шынайы мән бермей, немқұрайдылық білдіруіміздің салдарынан өмірімізде орын алмайтындай кемшіліктерге кез болып, әсіресе рухани-әлеуметтік дамуымызда жөн-жосықсыз келеңсіздіктерге жол беріп отырғанымыз жасырын емес. Өйткені дер кезінде мән бермей, көз жұмып қараған жағдайларға қолдан мүмкіндік беріп, асқындырып отырған өзіміз кінәліміз. Осының бәрі бойымыздағы азаматтық жауапкершілік пен белсенділіктің төмендігін, тіпті аздығын көрсететінін айта келіп, сыншы «азаматтық күрес пен әрекеттен бойды мүлдем аулақ ұстауға итермелейтін тоғышарлық мінезден туған ымырашылдық позицияның өзі емес пе?!» – дейді. Шындығында солай. С. Әшімбаев кешегі кеңестік кезеңнің тоқырау жылдарындағы жағдайларды айтып отырғанымен, бұл әлеуметтік «ауру» –тоғышарлық пен немқұрайдылықтың бүгінгі күні де өміріміз бен қоғамды жайлап алғаны жасырын емес. «Тоғышарлық психология үстемдік алған жерде адамның ең басты қасиетінің бірі күрескерлік рухқа дақ түсіп, ол біртіндеп жаси береді» дейді сыншы. Расында да күрескерліктің жасуы немқұрайдылықтың жайлана орнығуына жол ашады. Шындық пен әділдік те мән-маңызын жоғалта бастайды. Тегінде шындық қайда болса, әділдік сонда екені ақиқат. Ал бұлар күрессіз келмейтіні тағы белгілі. Бүгінде біздің қоғамымызды шеңгелдеп шырмап алған сыбайлас жемқорлық көзіңді бақырайтып қойып, шындықты белден басып жүре беретін болды. Қайда барсаң да, қандай шындықты айтсаң да: «Ой, оны қайтесің, белгілі жәйт қой, айта бергеннен ештеңе шықпайды. Қазір бәрі солай!» деп немқұрайдылықпен қолды бір-ақ сілтеп, «аузыңды ашпа» дегендей айтқаныңа өзіңді кінәлі етіп қояды. Рухани жұттың осындай көріністеріне қарсы күрестен қашудың нәтижесінде «жұт жеті ағайынды» дегендей жаман індеттің салалап, балалап көбейіп кетуіне жол ашылатынын дәлелдей отырып сыншы, тоғышарлықтың түрлерін жіліктеп көрсетіп береді: «Олар: көзқарастағы тайыздық, мінездегі өзімшілдік, дүниетанымдағы дүмшелік, сөздегі екіұштылық, ниеттегі арамдық пен ашкөзділік, көңілдегі көрсоқырлық пен пейілдегі тарлық, көкейдегі тойымсыздық, позициядағы самарқау бейтараптық, әрекеттегі жалтақтық, қарым-қатынастағы есеп пен пайдакүнемдік, принциптегі солқылдақтық, мақсат-мұраттағы жер бауырлаған ұсақтық, сенімдегі немқұрайдылық. Осының бәрі тоғышарлық «аурудың» басты-басты симптомдары. Сондықтан да бұларға қарсы күрес азаматтық жауапкершіліктің бірден-бір негізгі шарты болуға тиіс!».
Тоғышарлық індет адамзат өмірінде ежелден бар нәрсе. Оған қарсы күрес те әр кезеңде үздіксіз жүргізіліп келген. Адамзат ақыл-ойының ірі тұлғаларының еңбектерінде олардың осы бір келеңсіз құбылысқа қарсы қалай күрескенін және оның туу себептеріне тарихи тұрғыдан талдау жасай келіп, індетті құбылыстың кез келген кемелдікке ұмтылған қоғамның дамуына тигізетін кесапат кесірі мен әлеуметтік залалды зардаптарын ашып көрсеткенін сыншы А.И.Герцен, Г.В.Плеханов еңбектеріне жүгіне отырып сараптайды. Қоғам дамуындағы әлеуметтік қауіпті құбылыс – немқұрайдылық пен тоғышарлыққа қарсы күресті ХІХ ғасырдағы орыс жазушылары да өздерінің суреткерлік-азаматтық өмірлерінің ең жоғарғы мәні деп білген. Сол кезеңдегі орыс қоғамындағы тоғышарлық-обломовшылдықты батыл әшкерелеген И.А.Гончоровтың «Обломов» атты романы айрықша бағаланды. Ал А.П.Чехов пен А.М.Горькийдің орындары бұл тұрғыда тіпті өзгеше болыпты. «А.П.Чехов әңгімелеріндегі тоғышарлыққа қарсы бағытталған ерекше көркемдікпен берілген гуманистік-адамгершілік терең тенденция бұл жазушыны бүгінгі оқушыға да етене жақын – ет жақын етіп тұрған эстетикалық факторлардың бірі. Мәселен, оның «Равнодушие паралич души» деген керемет кең мағыналы сөзі бүкіл шығармаларына ортақ философиялық лейтмотив секілді», – дейді Сағат, бұл тұрғыдағы әңгімені зерделей келе.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген