Тақырып бойынша 11 материал табылды

1965-1985 жылдар не себепті «Тоқырау» кезеңі деп аталды? 10-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
жалпы орта мектеп мұғалімдеріне қолдануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тарих әдістемелік бірлестік жетекшісі:_______________ Сүлейменова Г.М.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:


Мектеп: НЗМ ФМБ Шымкент қаласы

Күні: 29-3 10.11.2018

Мұғалімнің аты-жөні: Жамелов Б. А

Сынып: 10 сыныптар

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

1965-1985 жылдар не себепті «Тоқырау» кезеңі деп аталды?

Кәсіби даму мақсаты

Диалогтық оқыту арқылы оқушылардың сыни ойлау дағдысын дамыту

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.2.1 – «Тоқырау» кезеңіндегі өнеркәсіптің ахуалын анықтап, қорытынды жасау;

10.4.1.1 – Кеңес үкіметі кезіндегі ауыл шаруашылығында орын алған өзгерістерге баға беру

Сабақ мақсаттары

«Тоқырау» кезеңіндегі өнеркәсіптің ахуалын анықтап, қорытынды жасау;

Кеңес үкіметі кезіндегі ауыл шаруашылығында орын алған өзгерістерге баға беру

Бағалау критерийлері

«Тоқырау» кезеңіндегі өнеркәсіптің ахуалын анықтап, қорытынды жасайды

Кеңес үкіметі кезіндегі ауыл шаруашылығында орын алған өзгерістерге баға береді

Тілдік мақсаттар


Қысқаша қорытынды мазмұндама жазу

(жазылым)

Пәнге қатысты лексика мен терминология

урбанизация, репатриант, тоқырау, кеңшар, интенсивті/экстенсивті шаруашылық, бәсекеге қабілетті тауар өндірісі

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

1965 жылғы экономикалық реформалардың негізгі мақсаттары ...

Тоқыраудың негізгі себептері...

Құндылықтарды дарыту




Құндылықтар:

- патриотизм

- көшбасшылық

- төзімділік

- бостандық

Пәнаралық байланыстар

Дүние жүзі тарихы.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта,

Бастапқы білім


Оқушылар 10.1 А. және 10.1В бөлімдерінен Қазақстанның соғыстан кейінгі және 1950-60жж. «Жылымық» кезеңіндегі саяси-экономикалық, әлеуметтік даму ерекшеліктерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Сәлемдесу. Сыныпқа жағымды ахуал орнату.

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты мен сабақ мақсаттарын таныстырамын.

(БЫМ)

Сабақты бастамас бұрын оқушыларға төмендегі суреттерді интерактивті тақтадан көрсетіп, келесі сұрақтарға жауап берулерін сұраймын.

  1. Берілген суреттерден қандай ой түйін жасауға болады?

  2. Бұл суреттердің арасында қандай байланыс болуы мүмкін?

  3. Жалпы осы кездегі КСРО-ның қоғамдағы жағдайы туралы қандай ақпарат алуға болады?











Сабақтың ортасы


Интерпретация

(М) Оқушыларға «Тоқырау» сөзін қалай түсінесіздер? деген сұрақ қоямын. Оқушылардың пікірлерін тыңдаймын.

"Тоқырау" кезеңінің негізгі ерекшеліктеріне қысқаша шолу жасаймын.

Зерттеу және талдау

Д/Ж «Тұлғаны тану» Леонид Брежнев туралы төмендегі сұрақтарға жауап алыңыз.










ҚазКСР таукен өндірісінің картасын ұсынып, төмендегідей сұрақтар қойыңыз


Интерпретация.

(Б) Интерактивті тақтадан тоқырау жылдарының экономикалық картасын ұсынып, берілген сұрақтар бойынша жұмыс жүргізіңіз.









  1. Картадан қандай ақпарат алуға болады?

  2. Кеңес үкіметінің өзге кезеңдерімен салыстырғанда қандай өзгерістер мен ұқсастықты көруге болады?

Зерттеу және талдау

(Ж/Д) Тоқырау жылдарындағы Кеңес үкіметінің өндірістік жағдайы туралы мәтін ұсынып талдау жасатыңыз.

Өндіріс саласындағы өзгерістер

Оң өзгерістер

Кері өзгерістер

1.

2.

1.

2.

Өндірісті дамытудағы кедергілер.

1.

2.

ХХ ғ. 70-жылдарының басында 60-шы жылдардың ортасында басталған экономикалық реформаның қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған бастапқы идеялары бұрмаланып және көп ұзамай реформаны жүргізу тоқтатылып, тарихымыздағы тоқырау кезеңі басталған болатын.

Тоқырау” кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы бұрынғысынша техникалық прогреске қабілетсіз, қарабайыр әдіспен дамыды. Бұл жылдары өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд. сом немесе халық шаруашылығына бөлінген барлық қаржының 32% жұмсалды. 15 жыл ішінде өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 2 есе, ал машина жасау, химия өнеркәсібі сияқты салалар 3 еседен астам артты. Энергетикада электр қуатын өндіру одан әрі шоғырланып, орталықтандырылды.1975 жылы республиканың барлық кәсіпорындары дерлік бір орталықтан энергиямен жабдықталды. Машина жасау және металл өңдеу саласындағы өсудің жылдық орташа қарқыны 12%-ке жетті. Бұл көрсеткіштер оныншы және он бірінші бесжылдықтарда да кеміген жоқ. 1980 жылға дейін 250-ге жуық кәсіпорын, ірі өндірістер мен цехтар іске қосылды, өндірістің жаңа салалары пайда болды. Дегенмен осы жылдарда КСРО-ның бірыңғай халық шаруашылығы жүйесіне әбден кірігіп кеткен Қазақстан экономикасы қарқынды дами алған жоқ. Одақтық ведомстволар республиканың шикізат ресурстарын өздеріне тасып алып, аса зор пайда тапты. Бірақ, олар Қазақстан бюджетіне инфрақұрылымды дамытуға қаржы жұмсамады. Олар өз қарауындағы кәсіпорындар арқылы жылына 15 млрд. сом жалпы табыс алып отырса да, республикалық бюджетке бар болғаны 31 млн. сом немесе 1 проценттен аз қаржы аударды.

Еңбек тәртібін бұзушылыққа жол берілді, ғылым мен техниканың жетістіктері өндіріске жеткілікті дәрежеде тез енгізілмеді. Осының әсерінен, республика өндіріс орындары 1981 ж. 760 млн. сом, 1982 ж. – 1,0 млрд., 1983 ж. – 1,3 млрд., 1984 ж. –1,65 млрд. сомға жоспарлы өнімді берген жоқ. Сонымен бірге өндіріс тиімділігі мен өнім сапасын арттыруда, ғылыми-техникалық дамуда, қазіргі заманғы техника мен технологияны игеруде капиталистік мемлекеттерден кейін қалу күшейе түсті.

Тоқырау жылдары республика ұлттық табысын 60-70%-ке өсіру міндеті қойыса, ол іс жүзінде 36%-ке ғана орындалды.

Қазақстанда экономиканы дамытуда интенсивті жолға көшу және ғылыми-техникалық прогресті өрістетуге бағыт алынды. Қызықты идеялар мен ұсыныстар аз болған жоқ, жаңашылдар мен өнертапқыштардың саны көбейді, тек 1981-1985 жылдары жаңашыл ұсыныстар берген авторлардың саны 818,8 мың адамға жетті. Алайда, олар өндіріске ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін енгізу практикасында аз ықпал жасады.



Зерттеу мен талдау

(Д/Ж) 1960-1980 жылдары жүргізілген ауыл шауашылығындағы өзгерістер және олардың нәтижелері бойынша кесте толтыруды ұсыныңыз.

Ауыл шаруашылығын дамытуға жасалған шаралар

Ауыл шаруашылығында жүргізілген іс-шаралардың нәтижесі

1.


2.


3.

1.


2.


3.


(Д) Тоқырау жылдарында ауыл шаруашылығын жаңа әдіспен басқарған И.Худенко бойынша төмендегі сұрақтар бойынша талқылау ұйымдастырыңыз.

  1. Басқарудың жаңа әдісінің мәні қандай болды?

  2. Жаңа әдістің негізінде Ақши ауылында қандай өзгерістер орын алды?

  3. Басқарудың жаңа әдісінің нәтижесінде қандай жетістіктерге қол жеткізілді?

  4. Ауыл шаруашылығын жаңа әдіспен басқару Кеңес билігі тарапынан неге қолдау таппады?


Интерпретация

(Б) Тоқырау жылдарындағы экономикалық өзгерістерге төмендегідей кесте бойынша талдау жасатыңыз.

Экономикалық тоқыраудың себептері

1.


2.


Экономикалық тоқыраудың салдарлары

1.


2.


Экономикалық тоқыраудың алдын-алу жолын ұсыныңыз









Сабақтың соңы







Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары


Сабақ бойынша рефлексия



Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2019
38075
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11