400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

1986 жыл мәңгі жүрегімізде

Материал туралы қысқаша түсінік
1986 жылғы 16 желтоқсандағы жастардың тәуелсіздік үшін жасаған ерлігі
Материалдың қысқаша нұсқасы

1986 жыл біздің жүрегімізде!

Біз қазір тәуелсіз, еркін, егемен елміз. Алайда осы күннің бізге қандай қиыншылықпен келгенгендігі уақыт өте ұмытылыпта барады.

Бұл күн тарихта және санамызда мәңгі сақталуы тиіс!

1986 жылы "Қайта құру саясатының сәтсіздікке ұшырауы, Колбиннің ҚКОК бірінші хатшылығына сайлануына қарсы болып, Мәскеудегі орталықтан тәуелсіздікті талап етумен 16 желтоқсан күні "Республика" алаңында қазақ жастары көтеріліске шығады. Таңертең 300 дей адам шығып, кешке дейін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетеді. Көтерілісшілер тәуелсіздікті талап етіп, қайтпас қайсарлық танытады. Оңайлықпен басылмайтын көтерілісті көрген билік құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобын жібереді. Көтерілісті қарумен күшпен басып таратады. Көтеріліс тарқағаннан 8 жарым мыңдай адам абақтыға жабылады. 200 ден астам адам жараланып, студенттер оқудан шығарылады. Басшылықтың қаулысымен "Қазақ ұлтшылдығы" деп көтеріліске қатысқандар түрмеге қамалып, "Құйын-86" операциясы болып тарихта қалады. Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова секілді есімі тарихта қалған батырламыз бар. Тәуелсіздікті тек 1991 жылы 16 желтоқсанда ғана алдық. Көтеріліс туралы шындықтар тәуелсіздік алғаннан соң ғана анықтала бастады.

Көтеріліс шындығы туралы кітаптар мен фильмдер жарық көрді. Соның бірі "Аллажар фильмі". Тарихты айқын ашып жеткізеді.

Көтерілістің мұң, зарын жеткізетін "Желтоқсан желі" , "Қара бауыр қасқалдақ" әндері бар. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан соң Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев президент болып сайланып, 16 желтоқсан тәуелсіздік күні ретінде белгіленді.Тәуелсіздік туралы көптеген өлең туындылары шығып жатыр.

Қазір осындай бейбіт өмір сүріп жатқанымыз, таңертең еш уайымсыз оянғанымыз сол көтерілістің арқасы. Әлі талай ашылмаған сыры бар! Тәуелсіздіктің осындай қиыншылықпен келгендігін қазір ешкім түсініп жатқан жоқ! Тәуелсіздік құрбандарына үлкен құрметпен бас иіп, алғыс айтамыз. Елі үшін жан бергендер аға-әпкелеріміз мәңгі жадымызда!



11 «А» сынып оқушысы Нұртай Аяулым



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12.01.2023
274
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі