1995 жылғы жаңа Конституцияны қабылдаудың қажеттілігі неде болды?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

1995 жылғы жаңа Конституцияны қабылдаудың қажеттілігі неде болды?

Материал туралы қысқаша түсінік
10сыныпқа сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тарих әдістемелік бірлестік жетекшісі:_______________ Сүлейменова Г.М.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.3 В. Қазақ мемлекеттілігінің қайта жаңғыруы (1991 – 1997 жж.)

Мектеп: Шымкент қ. ФМБ НЗМ

Күні 18.02.2020

Сынып: 10 «/C/D/»

Мұғалімнің аты-жөні: Жамелов Б. А

Қатысқандар саны: 20-22

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

1995 жылғы жаңа Конституцияны қабылдаудың қажеттілігі неде болды?

Тарихи концепт

Маңыздылық

Кәсіби даму мақсаты

Диалогтық оқыту арқылы оқушылардың сыни ойлау дағдысын дамыту

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.1.8 – Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық саяси дамуын талдау;

10.3.1.6 – Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамдарын анықтап, нәтижелерін тұжырымдау;

10.3.1.3 Қазақстан Республикасы Конституциясын мемлекеттің тұрақты дамуының кепілі ретінде бағалау;

Сабақ мақсаттары

Қазақстан Конституциясының тарихи маңызын анықтау

Жаңа Конституцияның қоғамдық құрылыстың түбегейлі өзгеруіне тигізген себебін тұжырымдайды.

Бағалау критерийлері

  • 1993 және 1995 жылғы Конституцияларды салыстырады.

  • GROW талдауы арқылы бағалайды.

  • Дереккөздермен өз білімін пайдалана отырып пайымдау

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Ар-ождан бостандығы, зайырлы мемлекет, толеранттылық, Президент, Парламент, тәуелсіздік

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

1993 жылғы және 1995 жылғы Конституциялардың айырмашылықтары...

Құндылықтарды дарыту



Өмір бойы оқу; материалды білуге және сыншылдық тұрғыда зерттеу арқылы оқуға деген сүйіспеншілікті дағдыландыру.

Пәнаралық байланыстар

Қазіргі әлемдегі Қазақстан, Құқық негіздері

АКТ қолдану дағдылары

АКТ дағдыларын дамыту. (ноутбук, интербелсенді тақта мүмкіндігінше)

Бастапқы білім


1936-ж.,1978-ж.,қабылданған КСРО және Каз.КСР-ның Конституцияларын біледі,Егемендік туралы 1990 ж. 25 қазандағы Декларацияны,ҚР-ның 1991 ж.16 желтоқсандағы Тәуелсіздік туралы заңдарының қабылдану мәнін түсінеді.



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

I. Сәлемдесу. Ынтымақтастық атмосферасын құру. Сыныпты топтарға бөлу. Сыныпты түгендеп, электронды журналды толтыру.

II. (М) Президент Қ. К. Тоқаевтың ант беру рәсімінен сурет ұсынамын.


Суретті келе сұрақтардың негізінде талқылау жасатамын. Сұрақтар:

Бұл сурет жайлы не айта аласыз?

Суреттегі президенттің іс-әрекетіне қарап, қандай қорытынды жасауға болады?

Конституцияның қажеттілігі туралы диалог ұйымдастырамын.

III. Сабақтың тақырыбы айқындалғаннан кейін сабақтың мақсаттарын және бағалау критериилерін оқушылармен бірге талдаймын.

Презентация

слайдтары

Сабақтың ортасы

15 минут

























15 минут

IV. (Ж) Оқушыларға алдын-ала 1993 және 1995 жылғы Конституциялар бойынша ықшамдалып жасалған ақпарат ұсынамын. Ақпарат бойынша ұсынылған кестені толтырады. Оқушыларға берілетін кестенің үлгісі:



Қабылдану алғышарттары

Қонституция құрылымы

Мәні,

маңызы

1993 ж. Конституция




1995 ж. Конституция




Дескриптор:

1.Конституциялардың қабылдану алғышарттарын анықтайды

2. Конституция құрылымдарын жіктейді.

3. Мәні мен маңызын талдайды

Жұптар өзара бағалау жүргізеді


Үлгерімі жоғары оқушылар өзге сыныптастарына қолдау көрсету арқылы дифференциация жүзеге асырылады.



V. Мәтінді оқып шығып, GROW талдауы арқылы бағалау.

1.Мақсат (Goal) – Конституцияның қабылдану мақсатын анықтау

2.Шынайылығы (Reality) – жүзеге асырылуы (ағымдағы жағдайды талдау)

3.Опциялар (Options) – (мәселенің күшті әлсіз жақтарын анықтау)

4.Қорытынды (What) – қорытынды жасау, ұсыныс, шешімдерді көрсету.

Дескриптор:

1.Конституцияның қабылдану мақсатын анықтайды

2.Жүзеге асырылуы мен ағымдағы жағдайды талдайды

3.Конституцияның күшті және әлсіз тұстарын қарастырады

4.Қорытынды жасау, қоғамның игілігі үшін тиімді оң өзгерістер әкеле алатын ұсыныс беру, шешімдерді көрсету

Мұғалімнің қолдауын қажет ететін оқушыларға тиісті түрде көмек көрсетіледі.Осы арқылы дифференциация көрініс табады.

Карточкалар



























Конституция бөлімдері жазылған карточкалар таратылады.









Сабақтың соңы

5 минут




Рефлексия.

Бір сөйлеммен түйіндеу әдісі бойынша жүргізіледі.

Презентация слайды





2 Сабақ Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Ж. «Сандар сөйлейді» әдісі...

1990ж.25 қазан


1991ж.21 желт.


1991ж.1 желт.


1992ж.2 наурыз


1991ж.16 желт.


1991ж.10 желт.


1992ж 4маусым


1993ж28 қаңтар


Дескриптор:

Жазбаша түрде Қазақстанның Тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамдарын анықтайды.

М. Жауап бойынша Кері байланыс беріледі.

Презентация ұсынылады

Сабақтың ортасы

25 минут



























Ж/Ж Дереккөздермен танысып, төменде көрсетілген сұрақтарға жауап беріңіз.

1-дереккөз. Қазақстан қоғамын дамыту барысында Конституциядағы кемшіліктер мен оның шындықтан алыс жатқандығы байқала бастады. Онда Қазақстан демократиялық мемлекет деп жарияланды. Ал шын мәнінде 1993 жылдары демократиялык қайта құрулар енді-енді ғана өзіне жол ашып жатқан болатын. 1993 жылғы Конституцияда мемлекеттің құқықтық және әлеуметтік бағдары анықталғанмен, басқару түрі туралы нақты айтылмады. Бұл уақытта президенттік және парламенттік республиканың екеуінің де белгілері бар еді.

Источник: https://e-history.kz/kz/contents/view/1636

© e-history.kz

1995 жылғы Конституция Қазақстан Республикасын президенттік баскару нысанындағы біртұтас мемлекет ретінде орнықтырды. Еліміздегі саяси реформалау 1997 жылдан тұрақты даму мен барлық мемлекеттік институттар жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталды. Осы жылы Қазақстанның 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасы қабыл-данды. Елбасының 1998 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында елді демократияландыру және саяси реформалау бағдарламасы ұсынылды.

Источник: https://e-history.kz/kz/contents/view/1636

© e-history.kz

а) Дереккөздер мен өз біліміңізді пайдалана отырып, 1995 жылғы жаңа Конституцияны қабылдаудың қажеттілігін зерттейтін тарихшы үшін берілген дереккөздердің құндылығын бағалаңыз.


Дереккөздер мен өз біліміңізді пайдалана отырып, Мемлекет дамуындағы бүгінгі конституцияның маңызын түсіндіріңіз

"Ата заң мемлекет тұрақтылығының кепілі". Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Дереккөздер мен өз біліміңізді пайдалана отырып жауабыңызды анықтаңыз

Дескриптор:

1.Кемінде екі дереккөздің құндылығына баға береді

2.Мемлекет дамуындағы бүгінгі конституцияның маңызын түсіндіреді. Кемінде үш дәлел келтіре алады.

3."Ата заң мемлекет тұрақтылығының кепілі". Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Атты тұжырымға кем дегенде 3 дәйектеме келтіре отырып, тұжырымды дәлелдейді.

Сыртқы жиынтық бағалау емтиханына дайындық ретінде берілетін тапсырма.































Сабақтың соңы

5 минут



Рефлексия. «Табыс баспалдағы»


Қиын емес,

бірақ

мүмкін-

сәл

қиналдым.

Қиын,бірақ

түсінуге

тырыстым.


Қиын, бірақ

бар

түсінігімді

қолдана

білдім.

Қиын, бірақ

сабақты

игерген

сияқтымын

Қиын, соған қара-

мастан барлық

тапсырмаларды

орындап шықтым


Үйге тапсырма:

(Ж) «Конституция - заңның негізі», «Ата заңым-айбыным», «Ата заң - мемлекеттің тірегі» тақырыптардың біріне эссе жазады.

Шамамен 200-250 сөз.

Презентация слайды



Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Үлгерімі жоғары оқушылар өзге сыныптастарына қолдау көрсету арқылы дифференциация жүзеге асырылады.

Кей жағдайларда мұғалім тарапынан қабілеті төмен оқушыларға қолдау мақсатында көмек көрсетіледі.

Бағалау критерийлері арқылы оқушылар жұпта өзара бағалау жүргізеді.

Оқушыларға АКТ-ны,ноутбукты қолдануда қауіпсіздік ережелері таныстырылды.Бөлме іші кең жарық қосулы,терезелер жабық болуы қадағаланады.

Дене және көз жаттығуы жасалынады.

Орындықта отыруы мен розеткалардан қашық отыруы назарға алынады.

Сабақ бойынша рефлексия



Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.02.2025
178
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі