Тақырып бойынша 11 материал табылды

"1-10 дейінгі сандар" математика пәнінен

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық сабақ .

Мектепалды даярлық тобына.

Тәрбиеші: Рейм К.Қ.





Пәні: Математика



Сабақтың тақырыбы: 1-ден 10-ға дейінгі сандарды санау



Сабақтың мақсаты: 1-ден 10-ға дейінгі тура кері санай білуге және «қанша», «сонша», «тең» деген ұғымдарды меңгертуді мақсат еткен сабақта балалардың зейінін, ой-өрісін дамыту, сөздік қорын молайту, дидактикалық ойындар арқылы балалардың ақыл ой белсенділігін тәрбиелеу.



Сабақтың әдіс: Сұрақ –жауап, көрнекілікпен жұмыс, түсіндіру, ойын.



Көрнекілік: сандар, суреттер, қима қағазда.



Сабақтаң барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Балалар орындарынан тұрып



Психологиялық дайындық.



Сәлем бердік, Алтын күн,

Сәлем бердік, Ашық аспан.

Сәлем бердік, Жер ана,

Сәлем бердік, баршаңызға! (қонақтарға иіліп сәлемдесу)



Тәрбиеші:

Күндей жадырап,

Жұлдыздай жарқырап.

Судай мөлдір таза көңілмен,

Бүгінгі күнді бастайық!.



Бүгінгі сабаққа дайынбызба?

Өткен тапсырманы қайталап сұрау.

2 математикалық түсініктегі 3,4, бет қайталау.



«Сиқырлы сандар» ойыны.

  • Балалар, қазір біз «Сиқырлы сандар» ойынын ойнаймыз.

Біз білімді, әрі тәртіпті болсақ, сандардың не жасырып тұрғанын білеміз.



  1. Жылыдың қай мезгілі? Жылдың қыс мезгілі.

  2. Қазір қай ай? Қаңтар айы, 1-ші ай.

  3. Аптаның қай күні? 2-ші күні Сейсенбі.

  4. Аптаның неше күні бар? 7 күні бар.

  5. Жақында қандай мереке болды? «Жаңа-жыл» мерекесі өтті.



-Балалар! Біз сендермен 1-10 ға дейінгі сандарды өткен болатынбыз. Енді бүгінгі тақырыбымыз 1-ден 10-ға дейінгі сандарды санау.

Сендердің білімдеріңді тексеріп мынындай бір ойын ұйымдастырып жіберейікші!

«Жемістерді таңдап, орнын табу » ойыны.



«Ертегілер елінен» үзінді.

Таңертен, жылықы мен сиыр өзеннен өтіп жайлауға барады. Біріқ олар өзеннен өтейін десе, аяқ басқан сайын өзендегі мұз сықырлап, шытынып жарыла бастайды. Қорқып кеткен жылқы кісінеп, сиыр мөңірейді. Олардың дауысын жақын жердегі жүрген ормандағы қасқыр естиді. Сол сәтте қасқыр орманнан шыға келеді. Сол кезде малдарын іздеп, бала келеді. Бірақ, қасқыр жылқы мен сиырды өзеннен өткізу үшін балаға бірнеше тапсырма ұсынады.



1 тапсырма: 1-ден 10-ға дейін тура сана? 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10

2 тапсырма: 10-нан 1-ге дейін кері сана? 10,9,8,7,6,5,4,3,2,1.



3 тапсырма: 0-ден 10-ға дейін тақтаға жаз.

4 тапсырма:

Есеп: Анаң таңертең 5 кәмпит берді. Әкең сонша кәмпит берді. Сонда сенде қанша кәмпит болды? 5+ 5 10



5 тапсырма: «Көкеністерді сана және өз түстерімен боя».



Қасқыр бұнын бәріне риза болып, сиыр мен жылқыны өзеннен өткізіп жібереді.



«Сергіту сәті»

Ал санайық, санайық,

Санын біліп лайық.

Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу,

Қолымда сонда саусағым нешеу?

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Қосып едім екеуін

Болып шықты он саусақ.



1 санына байланысты кім тақпақ айтады?



Ай да біреу аспанда,

Күн де біреу аспанда.

Тұратұғын елжіреп,

Бәрімізде бір жүрек.



2 дегенім еңбек- еңбек түбі жеңбек.

Карточкалармен жұмыс.

5+ 4 ?; 1+ 3 ?; 10-5 ?; 7+ 3 ?; 5+5 ?.



Есеп: Асхана

Шаршадық, қарнымыз да ашты, енді асханаға барып, тамақтанамыз.

1 кесе чай 5тг, 1 тілім нан 5тг .

Барлығы қанша тұрады? 5+5 10



7-ге дейін санамақты айт. Буклеттен көрсету.

Заттар көрсетіліп әр бір сөзге түсініктеме беріліді.



1 дегенім –БІЛІМ,

2 дегенім – ЕЛІМ,

3 дегенім- ҮКІ,

4 дегенім-ТАҚИЯ,

5 дегенім- БЕСІК,

6 дегенім- АСЫҚ,

7 дегенім-ЖЕЙДЕ,

Көлек дейді кейде.



Жұмбақ шешу.

Менің үш көзім бар

Бір көзім «кідір» дейді,

Бір көзім «жүр»дейді.

Бір көзім «абайла»дейді. (Бағдаршам)



Қорытынды:

-Балалар бүгінгі сабақ сендерген ұнадыма?

-Қандай ойындар ойнадық?

-1-ден 10-ға дейін тура және кері санап үйрендікпе?



Бағалау:

Мадақтау.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.10.2020
928
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі