жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
1 -желтоқсан
Тақырыбы: «Тұғырлы мемлекеттегі нұрлы күн»
Мақсаты:
1. Қазақ халқының тұңғыш президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір
жолы, туып-өскен, оқып білім алған,
қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат
беру;
2. Елбасының өмір жолынан үлгі
ала отырып Отанын, халқын сүюге,
ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық
сезімге тәрбиелеу;
3. Шәкірт жүрегінде елбасына
деген сүйіспеншілік сезімін ояту,
құрметтеу
Барысы:
І.Салтанатты түрде ашылуы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні орындалсын!
Көрініс «Ұлттың ұлы арманы»
1-жүргізуші:
Бар
әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін
сүйген Елбасы деп
білеміз.
Тең аталып Қазақстан -
Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан
тұр егіз.
Күнге беттеп бара жатыр
көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға
естіліп.
Елбасыны
құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ
пейілді көпшілік!
2-жүргізуші. Қайырлы күн,тәуелсіз елдің қадірменді азаматтары, ұлдары мен қыздары!Бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған «Тұғырлы мемлекеттегі нұрлы күн» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер.
Бірге:Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз.
ІІ.Негізгі бөлім
2-жүргізуші:Құрметті қонақтар, 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім. Яғни, өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1 желтоқсан – мемлекеттілік тарихының мерейлі күні саналуға орны лайықты.
1-жүргізуші:Елі
үшін көтеріп нар жүгін де,
Сенімі нық сезілетін үнінде.
Аты озған дүниедегі дүбірде
Елбасымен кім мақтанбас
бүгінде?!
Видео «Елін сүйген,елі сүйген Елбасы»
1-жүргізуші:Қазақстан
дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние
әлемін!
Бұл даланы анам жаспен
суарған,
Бұл далада атам қолға ту
алған.
Бұл далаға жылап келіп,
қуанғам,
Бұл даланы көріп алғаш
қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ
арман!
2-жүргізуші:Қарсы алыңыздар Сәбит Елдардың орындауында «Мен қазақпын» әні
Нақыл сөздер 9 «Б» сынып оқушылары
1-жүргізуші:
Бірде
шырқап, бірде төмен құлаған,
Өмір жолы болған қиын бұралаң.
Қазағымды жарқын жолға
бастады
Елбасы боп сайланды да Нұр
ағам.
2-жүргізуші:Естімейік
енді елдің жылағанын,
Қайта құлап, бостандық
сұрағанын.
Абылайдың жолымен алға
басқан,
Құт болсын «нұрлы жолы » Нұр
ағаның.
2-жүргізуші: Біз бүгін ұлтымыздың абыройына, киесіне айналған Президентіміз үшін мақтана алатын халықпыз. Президентіміз үшін мақтанғанымыз, — елдігіміз үшін мақтанғанымыз. Ол Алланың қазаққа берген сыйы. Н.Назарбаев – Қазақстанның паспортына, символына айналған адам.
1-жүргізуші:Дұрыс айтасың,билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ біздер жақсы білуіміз керек.Ал қазір біз Елбасымызызды қаншалықты жақсы білетіндігімізді анықтайық.
Оқушылармен жұмыс
2-жүргізуші:Оянады
көңілден қайдағы арман,
Бақыт желі ескендей жайлап
алған.
Президентім бар менің елі
түгел,
Ақ киізге көтеріп сайлап
алған.
1-жүргізуші:Қасиетті
Қазақстаным, мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі
екенсің.
Елім, Жерім, Отаным,
бақ-дәулетім,
Болашағым, өнер- білім, өркенім
демекші өнерлі қыздарымызды қарсы
алыңыздар!
Қазақ биі «Балбырауын» 9 «А» сынып оқушылары
2-жүргізуші:
Шықты тарап ой-данадан,
Бері қарап жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар Президенті.
Ендеше кезекті өз шығармашылығынан
Елбасына арнауларымен оқушыларымызға
берейік.
Эссе,арнау Советжанұлы Мұратжан
1
-жүргізуші:Халқым айтқан жер көтерер
ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер
даңқын.
Президентім, елбасы, аман
болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр
халқым!
2-жүргізуші:Елбасымыз
саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар –
бәріміз.
«Ұлтым,елім» деп қайғырған
ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де,
әніміз.
«Атамекен» -хор
ІІІ.Қорытынды бөлім
1- жүргізуші:Бүгінгі мерекелік кешімізді қорытындылай келе сөз кезегін кешіміздің қонақтарына береміз.
2-жүргізуші:Ендігі сөз кезегін мектебіміздің директоры Қазыбаев Талғат Талдыбайұлына береміз.
2-жүргізуші:
Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,
Қазақ елін мойындауда дос
таңдап.
Елбасының
еңбегімен нұрлана
Қазағымның мерейі тұр
аспандап.
1-
жүргізуші:Елі үшін олжа салып қиырдан,
Ықпаған еш ауыртпалық,
қиыннан.
Мерекеңіз құтты болсын
көпшілік
Елбасының
құрметіне жиылған! дей келе бүгінгі
мерекелік кешімізді жабық деп жариялаймыз!
Бірге:Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын!Қош сау болыңыздар!
№172 мектеп –гимназияның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Султангазиева Бейбітгуль Абаевна

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген