1- наурыз алғыс айту парызым

Тақырып бойынша 11 материал табылды

1- наурыз алғыс айту парызым

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәбие сағат мақсаты: студенттердің «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: - ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру; - үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту; - әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу. Әдістері: сыни тұрғыдан ойлау технологиясының стратегиялары, жаңа ақпарат, түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Күні: 26. 02. 2019 ж.

Тобы: ҚТ-Ж-16к

Тәбие сағат тақырыбы: 1- наурыз алғыс айту парызым

Тәбие сағат мақсаты: студенттердің «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

- ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;

- үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту;

- әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.

Әдістері: сыни тұрғыдан ойлау технологиясының стратегиялары, жаңа ақпарат, түсіндіру.

Көрнекіліктері: ұлағатты сөздер, шарлар, суреттер

Барысы:

І. Ұйымдастыру

Ризашылық өлеңін оқу

Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге,

Ризамын қазірге!

Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге,

Ризамын, ризамын, ризамын қазірге.

Оқушылар тізбектеліп, бір - бірлеріне тілек білдіріп шығады.

ІІ. Кіріспе.

Алғыс-адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі. Қазақстанда алғыс айту күні – қысылтаяң шақта бар ауыртпашылықты бірге көтеріп, мемлекет басшысының жетекшілігімен Тәуелсіз Қазақстан құру жолында аянбай тер төккен ел азаматтарының бір-біріне құрмет көрсету күні.

Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі. Қазақстан халқы бұл мейрамды алғаш рет 2016 жылы атап өтті. 2016 жылдың 14 қаңтарында президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін, яғни 1 наурызды Алғыс айту күні етіп жариялады. Адам өзінің өмірге келгеніне қуанып, риза болады. Қолындағы барын қанағат тұтып, осының да бар болғанына рахмет деп алғысын білдіреді. Алғыс пен ризашылық білдіру өзіңді, өмірді, өмірде барды бағалаудан басталады.


Ал, енді біз студенттерге бірнеше сұрақтар қойсақ:

  1. Елбасының туылған күні? (1940 жылы 6 шілде)

  2. Н. Ә. Назарбаев алғашқы еңбек жолын қайда бастады? (1960 жылы Теміртау қаласындағы металлургия тресінде жұмысшы болып бастады)

  3. Елбасының жұбайы? (Сара Алпысқызы)

  4. Н. Ә. Назарбаевтың Резиденциясы? (Ақорда)

  5. Н. Ә. Назарбаев қашан президент болып сайланды? (1991 жылы 1 желтоқсан)






Жаңа ақпарат

Студент жастар, ризашылық пен алғыс сөздерінде көп мағына жатыр. «Адам өз ісіне қанағаттанып, сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді. Ал өзіне жасалған жақсылыққа ризашылық білдіруді алғыс дейміз.» Студенттер тақтада жапсырылған мақал-мәтелдерді оқып, олардың мағынасын ашып көріңдер.


  1. Алғыс алған арымас,

Қарғыс алған жарымас.


  1. Алғыс алған жігіттің аты бәйгеден келеді.


  1. Алтын алма, алғыс ал: алтын деген жер сыйы, алғыс деген ел сыйы.


  1. Бедеу мінсең бел аласың,

Алғыс алсаң көп жасайсың.


  1. Бота алғанша — бата ал.


  1. Ел алғысын алсаң елеулісі боларсың.


  1. Қағынған қарғыс алар,

Қарасқан алғыс алар.


  1. Құр алғыс азық болмайды.


  1. Сілеу алма, тілеу ал.

Қарғыс алма, алғыс ал.


  1. Көп дұғасы — көл.


  1. Қайырымдылық жасасаң,

Қайырын өзің көресің.


  1. Қонағыңның алтынын алма, алғысын ал.



Студент жастар, жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңдар, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңде сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат –Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар. Дей келе, ендігі кезекті топ студенттерінің алғыстарына берейік.






Анама алғыс!

Жанарымды жайнатқан жөргектегі елде.

Еңсесі түзу жан болар ма едім?

Құба талды бесігін тербетпегенде.

Түн ұйқысын тәркі етіп тынымсыздыққа

Қуанышы тасыған еңбектегенде.


Әкеме алғыс!

Ұл болсын деп тілеген Ер Түрігімдей.

Өмірімде бөрідей болуға баулып

Қойынына басатын бөлтірігіндей.

Бақытым болар жырымды жария етсем

Әуелеген әкемнің еркін үніндей.


Ағаға алғыс!

Ұзай кетсем ойлайтын қамымды менің.

Бір бәлеге тап болса құрсақтастарым

Қапсырмалап,қысатын жанымды демім.

Бауырларым болмаса тірегім болған

Осыншама айбатты,арынды ма едім?!


Әпкеге алғыс!

Нұсқауымен көрсеткен кәделіні ұқтым.

Анамыздан айнымай туылғаннан ақ

Иесіне айналған әдемі үміттің.

Өшірмейтін жарығын мына әлемдегі

Белгісі болып жаралған әдеміліктің.


Ініге алғыс!

Жалғасы болып өмірдің тұратын күліп.

Деп жүреді:"Ардақтап көтеремін мен

Атамыздың аманат,мұратын биік"

Қиындыққа кезіксе соққы болатын

Менің жаным ол үшін тынатын күйіп.


Ұстазға алғыс!

Бағым жанып,батылмен бел асқаныма.

Төзіндіріп өмірдің талаптарына

Ниеттеген арманның ең асқағына.

Арқасында ұстаздың даналар баққан

Ой-өрісім бұл күнде тең аспаныма.


Досыма алғыс!

Бірге қарсы шығатын қиындықтарға.

Ең бақытты ер болып жүретін едім

Қысылғанда достарым күйімді ұққанда.

Көтеретін еңсемді егіліп,талсам

Жақсылықты жамандық зұлым жыққанда.


Еліме алғыс!

Балаң едім батаңмен жанатын бағы.

Нәтижесі тілектің өзіңнен туған

Мына ұлыңның ақын болып жаратылғаны.

Қол жеткізіп еліме тарту етемін

Биіктікті қыранның қанатындағы.


Өмірге алғыс!

Өнегеңді түсіндім бар күшімменен.

Айналайын,тағдырым, қасиетіңнен

Келіп тұрар бетіме қарлы шыңменен.

Шабыттанған жаныма жауап қатқайсың

Ей,өмірім,алғысқа- алғысыңменен!!



- Ризашылық – адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезім.

Ал, студенттер осымен «1- наурыз алғыс айту парызым» атты тәрбие сағатымызды қорытындылай келе сөз кезегін топ кураторы Қылышбаева Сандуғаш апайға берсек.






































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.00.2024
71
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі