1. Абай «Сегіз аяқ» өлеңі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

1. Абай «Сегіз аяқ» өлеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Интердент» жоғары медициналық колледжі

Құжаттама тәртібі

ҚТ-СМЖ-003.6-2022

Әдістемелік қызметті басқару

ЖОСПАР КЕСТЕСІ

Басылым 1


«Бекітемін»

әдіскер _______ Надирбаева Р.К.

«____»_________ 2022г.

.




ДӘРІС КЕШЕНІ


пән /модуль/: «Қазақ әдебиеті»

пән/модуль

мамандық: 0301000 «Мейірбике ісі»

шифр мамандық атауы




Курс: 1

Семестр: 2

Жалпы сағат (жалпы сағат/кредиттер KZ): 96/4




Құрастырған оқытушы: Омарова А.А.






«Қаралды және ұсынылды»

«Жалпы білім беру

және әлеуметтік-экономикалық

пән бірлестік» отырысында

хаттама №______

«____»_________ 2022г.

ЦӘК меңгерушісі ______ Тенлибаева Д.У.















г.Алматы, 2022ж.

Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы

Модуль-1: 1.Бөлім Қалың елім , қазағым...

Колледж: «Интердент» ЖМК

Мұғалімнің аты-жөні:

Омарова Алия Айтбекқызы

Күні: 2.02.2022 жыл

Тобы: 106

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыптары

  1. Абай Құнанбайұлының өмірі

  2. Абай Құнанбайұлының шығармашылығы

  3. Абай «Сегіз аяқ» өлеңі

  4. Абай «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

Білімділік: Білімгерлердің әдеби

дүниетанымдарын кеңейту.Аталған кезеңдегі тарихи әлеуметтік жағдай туралы түсініктерін тереңдете отырып, қазақ әдебиетінің негізгі бағыттары мен оның көрнекті өкілдері туралы түсінік беру;

Дамытушылық: Білімгерлердің білімге деген қызығушылығын арттыра отырып, топпен жұмыс жасату арқылы ізденгіштік, шығармашылық, жауапкершілік және танымдық қабілетін дамыту;

Тәрбиелік: Жас ұрпақты өз елінің тарихын білуге, жыр құндылықтарын құрметтейтін ұлтжанды азамат болуға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

-Ақын-жазушы туралы танымы кеңейеді,қызығушылығы артады

Әдеби шығармадағы көтерілген ұлттық мүдде тұрғысынан түсінеді;

- Шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындайды.

Бағалау критерийі

1.Шығарманың мазмұнын талдау;

2. Көтерілген мәселелерді анықтау;

3..Шығарманың өмірмен байланысын саралау.

Тілдік мақсаттар

Білімгерлер орындай алады:

Түсінеді, талдайды, мәселені анықтайды, өмірмен байланысын саралайды

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Шығармадағы жаңа сөздер мен ескірген сөздер. т.б.

Диалог құруға, шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Менің ойымша....., дегенмен...., Бұл пікір қаншалықты дұрыс деп ойлайсың?...

Жұптық тапсырмада тақырып бойынша әңгімелеседі. Талқылауға арналған сұрақтар қойылады


Құндылықтарға баулу

- Жауапкершілік сезіміне тәрбиелеу

- Патриоттық сезімге тәрбиелеу

- Таңдаған мамандыққа қызығушылыққа тәрбиелеу

- Кәсіптік сапасын жетілдіру


Пәнаралық байланыс

Тарих, тіл, медицина

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Ақын-жазушылар туралы біледі,шығармаларын мазмұндай алады.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

1.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Психологиялық ахуал тудыру.

«Мейірімділік» тренингі.

- білімгерлер «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады

- сурет салады

Сурет арқылы сабақ тақырыбымен таныстырылады. Оқу мақсатымен бағалау критерийлерімен таныстырылады.


 «Мейірімділік» тренингі



Сабақтың ортасы

25 мин

Үй тапсырмасын сұрау.Қызығушылықты ояту

Төмендегі жалпы сұрақтарды негізге ала отырып,өткен тақырыпты қайталау:

1.Әдебиет не туралы ғылым?

2. Әдебиеттің өнердің басқа түлерінен

айырмашылығы неде?

3. Көркем әдебиет туралы А.Құнанбаев не деген?

4. Көркем әдебиет бізді неге үйретеді?

5. Бізге көркем әдебиеттің қандай пайдасы бар?


Мағынаны тану

Тақырып бойынша мәлімет төменде беріледі.


Тапсырмалар арқылы өз болжамдарын айту.

Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру


 Шығармашылық жұмыс

Топтық, жүптық, жеке жұмыстар орындау.


Дескриптор:

Сұрақтарға жауап береді.

Өз ойларын жеткізе алады.

Негізгі ойды анықтайды.


Қима қағаздар



Оқулық, сызба


Сілтеме

Сабақтың соңы


5 мин

Кері байланыс (рефлекция)


БББ кестесі

Білемін Білдім Білгім келеді

Білімгерлер өз пікірлерін білдіреді.


Үй тапсырмасы беріледі


Баға қойылады


Кесте, стикер


Әдебиеттер:

Оқытушы үшін:

1. Г. Орда. С. Дәрібаев «Қазақ әдебиеті»10-сынып 2019 ж. ЖМБ

2. Г. Орда. С. Дәрібаев «Қазақ әдебиеті»11-сынып 2020 ж. ЖМБ

3. Хрестоматиялар


Студенттер үшін:

1. Г. Орда. С. Дәрібаев «Қазақ әдебиеті»10-сынып 2019 ж. ЖМБ

2. Г. Орда. С. Дәрібаев «Қазақ әдебиеті»11-сынып 2020 ж. ЖМБ

3. Хрестоматиялар


Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы



Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=UdlZqiAeZF4

Абай (ИбраһимҚұнанбайұлы (1845-1904) — ақынағартушыжазба қазақ әдебиетініңқазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер , либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

Абай Шығыс пен Батыс мәдениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.

Абай өлең жазуды 10 жасында («Кім екен деп келіп ем түйе қуған...») бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері — «Йузи-рәушән», екіншісі — «Физули, Шәмси, Сәйхали». «Сап, сап, көңілім», «Шәріпке», «Абралыға», «Жақсылыққа», «Кең жайлау» өлеңдері 1870 — 80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы — «Қансонарда» 1882 ж. жазылған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді. Шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі — өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі — ғақлия (немесе Абайдың қара сөздері) деп аталатын прозасы; үшіншісі — өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері.

Абай өлеңдері түгел дерлік лирикадан құралады, поэма жанрына көп бой ұрмағаны байқалады. Қысқа өлеңдерінде табиғат бейнесін, адамдар портретін жасауға, ішкі-сыртқы қылық-қасиеттерін, мінез-бітімдерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай өлеңінен де қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының ерекшеліктері көрініп тұрады. Ислам діні тараған Шығыс елдерінің әдебиетімен жақсы танысу арқылы өзінің шеберлік — шалымын одан әрі шыңдайды. Шығыстың екі хикаясын «Масғұт» және «Ескендір» деген атпен өлеңге айналдырады. Ислам дініне өзінше сенген діни таным жайындағы философиялық көзқарастарын да өлеңмен жеткізеді. Абайдың дүниетанудағы көзқарасы XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақ халқының экономикасы мен ой-пікірінің алға ұмтылу бағытта даму ықпалымен қалыптасты. Дүниетану жолында сары-орыстың төңкерісшіл демократтарының шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірін қорытып, басқаларға қазақ өміріндегі аса маңызды мәселелерді түсіндіруге қолданады. Дүниетану өңірінде екі қасиеттің — сезім мен қыйсынның , түйсік пен ақылдың қатынасын таразылайды. Сондықтан да: «Ақыл сенбей сенбеңіз, Бір іске кез келсеңіз» деп жазады.

Кез келген халықтың тарих сахнасына шығуы — жүйеге бейімделген біртектес өмір салттың ғана нәтижесі емес, сонымен бірге қасиеттік деп саналатын- арман-аңсардың (идеал) да біртұтастығына айғақ. Олай болса Абай сынының тәлкегіне түскен еріншектік, дарақылық, жалқаулық, күншілдік, өтірікшілік, өсекшілдік, мақтаншақтық, жағымпаздық, жікшілдік сияқты қасиеттер қазақ баласының кейбірінің бойындағы туа біткен кемшілік емес, сол Абай өмір сүрген қоғамдағы саяси әлеуметтік қатынастардың нәтижесі екеніне ден қою қажет. Сонда, Абай бұрынғы бабаларымыздың бойынан көрген «кемшіліктерді» себеп ретінде емес, сол замандағы саяси-әлеуметтік қатынастардың салдары ретінде қарастыруға жол ашқан.







Абай Құнанбайұлының «Сегіз аяқ» өлеңі


Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=UzOeV9yrenQ


«Сегізаяқ» — Абай Құнанбайұлының өлеңі және қазақ өлеңіне қосқан шумақтың үлгісі.Шумақ 5 буынды тармақтар мен 7–8 буынды тармақтардың жүйелі түрде үйлесіп, араласуынан түзілген. Төрт түрлі дыбыс үндестігіне негізделген үйлесім бар. Мұнда 3 және 6 тармақтар алыстан байланысады да, қалған көршілес тармақтар өзара үйлеседі. Келте тармақтарда бунақ 3 буынды және 2 буынды болып келеді. Сегізаяқта алдыңғы екі тармақта ақындық ой қорытылады. Шебер мүсінделген бұл өлең түрі — қазақ поэзиясында оқшау тұрған туынды. "Сегізаяқ" өлшемін, шумақтық өрнегін Шәкәрім ҚұдайбердіұлыАхмет БайтұрсынұлыМұқағали Мақатаев т.б. ақындар өз өлеңдерінде қолданған.

Абайдың «Сегізаяқ» атты өлеңінің әр шумағы сегіз жолдан тұрады. Өлеңнің ырғақтық құрылысы өзгеше өрнектелген.



Тапсырма: Төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер:


Абай Құнанбайұлының «Қалың елім, қазағым...қайран жұртым » өлеңі



Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=7W9OsGY4T8k

«Қалың елім қазағым қайран жұртым» деген өлең сол кездегі қазақтың рухани ахуалынан хабар беретін өте бір терең талғамды өлең. Қарап отырып бұл өлеңнен Абайдың ұлттық, елдік санаға көтерілген даналығын аңғарамызҚалың елім қазағым қайран жұртым» деген өлең сол кездегі қазақтың рухани ахуалынан хабар беретін өте бір терең талғамды өлең. Қарап отырып бұл өлеңнен Абайдың ұлттық, елдік санаға көтерілген даналығын аңғарамыз



Тапсырма: Класстерді толтырыңыздар:



Үйге тапсырма:

«Абай – дана, Абай –дара қазақта» тақырыбына шығарма жазыңдар














.



































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.03.2025
165
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі