Жобалау
пәні бойынша үй тапсырмасы: Жоба құрау.
Түрі:Шығармашылық
жоба.
Тақырыбы:
«Q JaryQ» музыкалық теле-жоба.
Мақсаты:
Қазақстандағы талантты жастарды жинап,
олардың өнерге деген құлшыныстарын,
махаббаттарын ояту арқылы, өнерпаздардың
деңгейін анықтап, дамытуға негіз жасау.
SMART
мақсаты:
Қазақстанның Шоу-Бизнесін дамыту.
Ұран:
“Қазақтың
өнері әлемдік бәсекеде
мойындатылатын болады!”
Талаптар
: 1. 14 жастан 23 жасқа дейінгі қатысушылар
қатыса алады, (ұл/қыз) .
2.
Вокалдық + хореографиялық / рэп оқу +
хореографиялық қабілет болуы тиіс.
Мерзім:
5 апта.
1 -
кезең:
Онлайн
кастинг. Бұл кезеңде қатысушылар өздері
туралы шағын мәлімет айтумен қатар, Рэп
немесе вокалдық өнерін көрсететін және
хореографиялық видео-роликтерін аталған
поштаға жібереді.
Ол
поштаға келген заявкалар(өтініш
видео-ролик) бір апта ішінде қаралып,
келесі кезеңге өткен қатысушылар тізімі
жасалады.
2-
кезең. Жанды тыңдалым.
Екінші
кезеңге өткен қатысушылар өздерінің
жандарына жақын каверлерді
(+хореография)
әділ-қазылар алдында орындайды. Бұл
кезеңде қатысушының халық алдында өзін
ұстауы, сөйлеу мәнерін көрсете алады.
Қатысушылардан сұхбат алынады.
(Екінші
кезеңнен бастап жоба,телевизиялық жоба
саналады).
Екінші
кезеңнен өткен қатысушылар сол күні
анықталады, және топтарға бөлінеді.
(Бір топта 2-3 вокалист, 1-2 рэпер болуы
мүмкін)
3-
кезең.
3-ші
кезеңде бөлінген топтар өздері ақылдасып,
топқа атау қояды, топтағы орындарын
(лидер, бас вокалист, топ кенжесі
т.б)
өздері анықтап, кез - келген танымал
өнер топтарының әндеріне кавер орындайды.
Бұл
кезеңде қатысушылардың мінез-құлықтарын
аңғаруға болады.
Келесі
кезеңге тапсырма : Өзіндік шығарма.
Әр
топ біріге отырып өздері бір поп
жанрындағы ән шығарады.
(Ұйымдастырушылар тарапынан композиторлар
көмекке келеді)
4-
кезең. Финал.
Өздері
шығарған әндерін бимен қоса халық
алдында көрсетеді. Яғни, үлкен залдардың
бірінде өтуі тиіс.
Бұл
кезеңде финалға өтетін қатысушылар
анықталады. Финалға 10-12 қатысушы өтуі
тиіс. Одан көп емес.
Келесі
кезеңге тапсырма:
Келесі
кезеңде қатысушылар еліміздің танымал
өнер иелерімен біріге өнер көрсетеді.
5-
кезең. Финал.
Танымал
жұлдыздармен өнер көрсету арқылы, жоба
жеңімпаздары анықталады.
Жоба
жеңімпаздары, бір топ болып құрылып,
еліміздің Шоу-Бизнесін дамытушы, Q-pop
жанрындағы артисттер қатарына қосылады.
Сонымен,
берілген 5 апта ішінде әділ-қазылар
"JaryQ" тобының мүшелерін анықтайды.
Топ
құрамында 5-6-7 адамнан тұруы мүмкін. (Топ
көшбасшысы, бас рэпер, бас вокалист, бас
биші, топ кенжесі,топ келбеті сынды
позициялар болады).