400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

№1 БЖБ 10-сынып ЖМБ қазақ тілі ІІІ тоқсан, 3-тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
№1 БЖБ 10-сынып ЖМБ қазақ тілі ІІІ тоқсан, 3-тоқсан
Материалдың қысқаша нұсқасы

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР «Адамзат дамуының жаһандық мәселелері. Тілдік жүйе және норма» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

1 БЖБ қазақ тілі жаратылыстану бағыты

Оқу мақсаты

10.1.5.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай

отырып, дұрыс сөйлеу;

10.4.4.1 сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу.

Бағалау критерийі Білім алушы

  • Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай

  • отырып сөйлейді;

  • Сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды дұрыс қолданады.

Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану

Орындау уақыты 15-20 минут

1-тапсырма. Мәтіндерді тыңдаңдар. Салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды жаңғырту туралы пікір алмасыңдар. Ойларыңды жинақтап, кестені толтырыңдар.

Тыңдалым мәтіні.

Аушадияр дәстүрі

Үйлену тойы кезінде айтылатын дәстүрлі өлең, жыр. Және жай өлең емес, өзіндік айтылар әні, ерекше ұлттық тәрбиелік маңызы бар. Мұны іздеп тапқан жазушы Уахап Қыдырханов. Аушадияр деп атаалтын бұл жырдың үлгілерін шетелдегі қазақтар сақтап, бізге жеткізген. Шынын айту керек бұл қазіргі Қазақстан елінде айтылмайды, халық жадынан мүлде шығып кетіп ұмыт қалған.

Көгентүп, жиенқұйрық

Бұл салт тек қыздан туған жиендердің құрметіне жасалатын. Ондағы мақсат құдалар арасында жиен немеренің де қадірлі екенін көрсету. Алыс жолға шыққан кезде ата-анасымен бірге еріп келген кішкентай балаларға бұзау, құлын, қозы-лақ атайды. Бұл – көгентүп беру. Атаған көгентүбін кейін бермей кету – өнегесіздік, дүниеқоңыздық саналған.

Деңгене

Қазақта сайыс ретінде ұйымдастырылатын салт-дәстүрлерді де кездестіруге болады. Солардың бірі – "Қазақ халқының салт-дәстүрлері" кітабында көрсетілген "деңгене" дәстүрі.

Көрші ауылдан келген үш-төрт жігіт алдымен түсетін үйін сайлап алып, сол үйдің жанына барып "Деңгене! Деңгене жеуге келдік" деп айғайлайды. Ал үй иесі бұл сөзді естіген соң, семіз бір қойды сойып, етін түгел қазанға салдыртады. Деңгене дәстүрі бойынша келген жігіттер сол қойдың етін түгелімен жеп, сорпасын ішулері керек. Егер тауысып жемесе, бір қойды екі қой қылып қайтаруға мәжбүр болған.

Әдет-ғұрыптың атын таңдап, сипаттаңыз.

Қазіргі таңда қолданылу қажет пе?














2-тапсырма. Берілген мысалдарды сөзжасамдық тәсілдердің түрлеріне қарай топтастырыңдар: ақсақал, айтыс, қызыл ала, ағарған, бүлдірген, ақ шашты, жетісі, жаңалық, бес мың, жүлдегер, орта бойлы, қоршау,алып кел, ақылды, қырық сегіз, алып бар, ардагер, айыпкер, сәулетші, қамал, қызыл шырайлы, , темірқазық, асар, он алты, қорған, жасау



Сөзжасамдық тәсілдер

Мысалдар

Синтетикалық тәсіл




Аналитикалық тәсіл





Лексика-семантикалық тәсіл








Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

  • Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай

  • отырып сөйлейді;

  • Сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды дұрыс қолданады.


1

Салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды жаңғырту туралы пікір алмасады;

1

1

Әдет-ғұрыпты таңдап, сипаттайды;

1

1

Қазіргі таңда қолданылу қажеттігін түсіндіреді.

1

1

1

Берілген мысалдарды сөзжасамдық тәсілдердің түрлеріне қарай топтастырады:

Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған сөздер;

Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған сөздер;

Лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалған сөздер.




1


1


1

Барлығы



10

Ықтимал жауаптар

1-тапсырма. Мәтіндерді тыңдаңдар. Салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды жаңғырту туралы пікір алмасыңдар. Ойларыңды жинақтап, кестені толтырыңдар.

Тыңдалым мәтіні.

Аушадияр дәстүрі

Үйлену тойы кезінде айтылатын дәстүрлі өлең, жыр. Және жай өлең емес, өзіндік айтылар әні, ерекше ұлттық тәрбиелік маңызы бар. Мұны іздеп тапқан жазушы Уахап Қыдырханов. Аушадияр деп атаалтын бұл жырдың үлгілерін шетелдегі қазақтар сақтап, бізге жеткізген. Шынын айту керек бұл қазіргі Қазақстан елінде айтылмайды, халық жадынан мүлде шығып кетіп ұмыт қалған.

Көгентүп, жиенқұйрық

Бұл салт тек қыздан туған жиендердің құрметіне жасалатын. Ондағы мақсат құдалар арасында жиен немеренің де қадірлі екенін көрсету. Алыс жолға шыққан кезде ата-анасымен бірге еріп келген кішкентай балаларға бұзау, құлын, қозы-лақ атайды. Бұл – көгентүп беру. Атаған көгентүбін кейін бермей кету – өнегесіздік, дүниеқоңыздық саналған.

Деңгене

Қазақта сайыс ретінде ұйымдастырылатын салт-дәстүрлерді де кездестіруге болады. Солардың бірі – "Қазақ халқының салт-дәстүрлері" кітабында көрсетілген "деңгене" дәстүрі.

Көрші ауылдан келген үш-төрт жігіт алдымен түсетін үйін сайлап алып, сол үйдің жанына барып "Деңгене! Деңгене жеуге келдік" деп айғайлайды. Ал үй иесі бұл сөзді естіген соң, семіз бір қойды сойып, етін түгел қазанға салдыртады. Деңгене дәстүрі бойынша келген жігіттер сол қойдың етін түгелімен жеп, сорпасын ішулері керек. Егер тауысып жемесе, бір қойды екі қой қылып қайтаруға мәжбүр болған.

Әдет-ғұрыптың атын таңдап, сипаттаңыз.

Қазіргі таңда қолданылу қажет пе?

Аушадияр дәстүрі




Аушадияр жай өлең емес, өзіндік айтылар әні, ерекше ұлттық тәрбиелік маңызы бар өлең. Менің ойымша, ата дәстүріміз қайта жаңғыруы керек.

Көгентүп, жиенқұйрық




Бұл дәстүр қазіргі таңда әлі де қолданылады. Бұл салт тек қыздан туған жиендердің құрметіне жасалады. Осындай дәстүріміз одан әрі жаңғыра түседі деген сенімдемін.

Деңгене




Қазақ жігіттері батыр тұлғалы. Оларға бір қойдың етін жеу түк тұрмайды. Деңгене дәстүрі ерекше қызықты дәстүр екен әрі қазақтың қонақжайлық дәстүрін де көрсетеді. Қазақ халқы үйіне қонақ келсе, барын қоятын қонақжай халық. Осындай керемет дәстүріміз қайта жаңғырса екен деймін.

2-тапсырма. Берілген мысалдарды сөзжасамдық тәсілдердің түрлеріне қарай топтастырыңдар: ақсақал, айтыс, қызыл ала, ағарған, бүлдірген, ақ шашты, жетісі, жаңалық, бес мың, жүлдегер, орта бойлы, қоршау,алып кел, ақылды, қырық сегіз, алып бар, ардагер, айыпкер, сәулетші, қамал, қызыл шырайлы, , темірқазық, асар, он алты, қорған, жасау



Сөзжасамдық тәсілдер

Мысалдар

Синтетикалық тәсіл

Жаңалық, жүлдегер, ақылды, ардагер, айыпкер, сәулетші.

Аналитикалық тәсіл

Үшбұрыш, тікұшақ, ақсақал, темірқазық (зат есімдер); қызыл ала, орта бойлы, қызыл шырайлы, ақ шашты(сын есімдер);, екі жүз, (сан есімдер);

кіріп шық, алып кел, алып бар (етістіктер)

Лексика-семантикалық тәсіл

Ағарған, қамал, айтыс, бүлдірген, қоршау, асар, жетісі, қорған, жасау.



























«Білім. Ғылым. Инновация. Тілдік жүйе және норма» бөлімі бойынша

Shape1 Shape2 Shape3 жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні_______________________________________________


Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі


Төмен

Орта

Жоғары

Мәтінде көтерілген мәселеге автор ойы мен оқырманның көзқарасын ескере отырып, сұрақтар құрастырып, бағалай алады


Мәтінде көтерілген мәселеге автор ойы мен оқырманның көзқарасын ескере отырып,сұрақтар құрастыруда,бағалауда қиналады


Мәтінде көтерілген мәселеге автор ойы мен оқырманның көзқарасын түсініп сұрақтар құрастырады,бағалауда қателеседі .


Мәтінде көтерілген мәселеге автор ойы мен оқырманның көзқарасын ескере отырып, сұрақтар құрастырып,бағалай алады


Мәтіндегі тақырыпқа қатысты сөздерді іріктеп,түрлендіріп қолдана алады

Мәтіндегі тақырыпқа қатысты термин сөздер мен ұғымдарды іріктеуде, тілдік оралымдарды түрлендіруде қиналады


Мәтіндегі тақырыпқа қатысты термин сөздер мен ұғымдарды іріктейді,бірақ тілдік оралымдарды түрлендіруде қателеседі


Мәтіндегі тақырыпқа қатысты термин сөздер мен ұғымдарды іріктеп,тілдік оралымдарды түрлендіріп қолдана алады
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
06.02.2025
295
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі