3-тоқсан бойынша
жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
6-cынып. № 1 БЖБ
Бөлім: «Су – тіршілік көзі.
Қазақстандағы өзен-көлдер. Морфология»
Оқу мақсаты
6.1.3.1- тыңдалған мәтіннің мазмұнын
түсіну, детальді
ақпаратты анықтау;
6.4.4.1 сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсіну,
есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолдану;
6.4.4.2 етістіктің етіс түрлері мен салтсабақты
етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін ауызша және жазбаша тілдесім
барысында қолдану
Бағалау критерийі Білім
алушы
-
Мәтін мазмұнындағы детальді
ақпараттарды анықтайды:
-
Мәтіндегі
есімдіктердің мағыналық түрлерін
ажыратады;
-
Салт сабақты етістіктерді
ажыратады.
Ойлау
дағдыларының деңгейі
Жоғары
деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15 -20 минут
1-тапсырма.Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
Мазмұны
бойынша
берілген
сұрақтарға
жауап
беріңіз.
Сұрақтарға жауап беру арқылы детальді ақпараттарды табыңыз.
(ауызша орындалады).
___________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Су - тіршілік көзі
Су − тіршілік көзі. Осы мөлдір
сұйықтыққа бар тіршілік тәуелді. Алайда күнделікті тұрмыстың
ажырамас бөлігіне айналған судың емдік қасиеттері жайында көбі біле
бермейді. Су адамның шөлін қандыру немесе тұрмыстық қажеттілігінен
басқа да жайларда пайдаға асады. Назарларыңызға судың пайдасы,
емдік қасиеттері жайында мәлімет ұсынамыз. Жапон ғалымы Масару
Эмото бірнеше жыл бойы судың қасиетін зерттеген. Ол тазартылған
суды бір ыдысқа құйып, сол судың жанына адамдар келіп «махаббат»,
«періште», «рақмет», «бейбітшілік» деген сияқты жақсы сөздер
айтқан. Ғалым осы суды қатырып, суретке түсірген кезде кристалдары
керемет әдемі, үйлесімді болып шыққанын байқаған. Ал дәл осы суға
«ыза», «соғыс», «қан», «өлім» сияқты жағымсыз сөздер айтқан кезде
кристалдары мүлде басқа, бей-берекет, көмескі, қара лай болып
шыққанын көріпті. Жапон ғалымы су біздің барлық эмоциямызды,
сезімімізді, сөзіміз бен дұғамызды, музыканы қабылдайтынын осылай
дәлелдеген.
Дәрігерлердің айтуынша, сумен
емделудің қарапайым әдіс-тәсілі көп. Мәселен, суды алдымен қатырып,
кейін ерітіп ішуге болады. Тек үстіңгі қабатын төгіп тастау керек.
Өйткені ауыр металдар судың бетіне көтеріледі. Осы суды адам күнде
таңертең аш қарынға ішіп отырса, емдік қасиеті зор. Адам ағзасы
бірден жұмысқа кіріседі. Ағзаға таза су енеді де, ол біздің
сұйықтық қанымызға әсер етеді және тазалық ақпаратын жеткізеді.
Сөйтіп бойымыздағы сұйықтықтардың құрылымдануына ықпал жасайды.
Адам денесінің 70% судан тұрады. Ендеше ағзадағы судың құрамын
өзгерте отырып, сауығуға әбден болады.
2-тапсырма. Мәтінді тағы
бір қайталап тыңдаңыз. Тыңдай отырып, мәтіннен есімдіктерді теріп
жазыңыз.
Есімдіктер
|
Мағыналық
түрлері
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бағалау
критерийі
|
Тапсырма
№
|
Дескриптор
|
Балл
|
* Мәтін мазмұнындағы детальді
ақпараттарды анықтайды:
|
1
|
Мәтін мазмұны бойынша берілген
сұрақтарға жауап беріп, мәтіндегі детальді ақпараттарды
табады:
1-ақпарат
2-ақпарат
3-ақпарат
4-ақпарат
5-ақпарат
|
1
1
1
1
1
|
*Мәтіндегі есімдіктердің
мағыналық түрлерін ажыратады;
|
1
|
Мәтінді тыңдай отырып,
мәтіннен есімдіктерді теріп жазады.
|
1
1
|
|
|
Есімдіктердің мағыналық
түрлерін ажыратады;
|
1
1
1
|
|
|
Барлығы
|
10
|
Ықтимал
жауаптар
1-тапсырма.Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
Мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап
беріңіз.
Сұрақтарға жауап беру арқылы детальді ақпараттарды
табыңыз. (ауызша орындалады).
Жапон ғалымы Масару Эмото
бірнеше жыл бойы судың қасиетін зерттеген.
______________________
Ол тазартылған суды бір ыдысқа
құйып, сол судың жанына адамдар келіп «махаббат», «періште»,
«рақмет», «бейбітшілік» деген сияқты жақсы сөздер айтқан. Ғалым осы
суды қатырып, суретке түсірген кезде кристалдары керемет әдемі,
үйлесімді болып шыққанын байқаған. _____________________
Мәселен, суды алдымен қатырып,
кейін ерітіп ішуге болады. Тек үстіңгі қабатын төгіп тастау керек.
Өйткені ауыр металдар судың бетіне көтеріледі. Осы суды адам күнде
таңертең аш қарынға ішіп отырса, емдік қасиеті
зор.________________________
Осы суды адам күнде таңертең
аш қарынға ішіп отырса, емдік қасиеті зор. Адам ағзасы бірден
жұмысқа кіріседі. Ағзаға таза су енеді де, ол біздің сұйықтық
қанымызға әсер етеді және тазалық ақпаратын жеткізеді. Сөйтіп
бойымыздағы сұйықтықтардың құрылымдануына ықпал
жасайды.
Адам денесінің 70% судан
тұрады. _____________
2-тапсырма. Мәтінді тағы
бір қайталап тыңдаңыз. Тыңдай отырып, мәтіннен есімдіктерді теріп
жазыңыз.
Есімдіктер
|
Мағыналық
түрлері
|
Осы
|
Сілтеу
есімдігі
|
Бар
|
Жалпылау
есімдігі
|
Ол
|
Сілтеу
есімдігі
|
Бірнеше
|
Белгісіздік
есімдігі
|
Ол
|
Жіктеу
есімдігі
|
Сол
|
Сілтеу
есімдігі
|
Біздің
|
Жіктеу
есімдігі
|
Барлық
|
Жалпылау
есімдігі
|