жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1-ден 10-ға дейінгі сандарды салыстыру.Теңдік және теңсіздік. < , > таңбалары.
Ұйымдастырылған оқу-қызметі
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: ҚМҰҚ
Тақырыбы: 1-ден 10-ға дейінгі сандарды салыстыру.Теңдік және теңсіздік. < , > таңбалары.
Мақсаты: Теңдік пен теңсіздік туралы түсініктерін пысықтау.1-ден 10-ға дейінгі сандарды салыстыру дағдыларын дамыту.Сандарды салыстыруға,екі санның қайсысы артық немесе кем екенін,қаншаға артық немесе кем екенін анықтауға жаттықтыру.Берілген тапсырмаларды тиянақты орындауға үйрету.
Міндеттері: Сандарды қосу мен азайтуға үйрету.10-ға дейін тура және кері санауды жүргізу.Назар аудару,логикалық ойлау дағдыларын дамыту.Шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Күтілетін нәтижелер:
Қайталай алады: 1-ден 10-ға дейін сандардың реттілігі, кері және тура бағытта санауды;
Түсінеді: 1 санды қоса есептеу арқылы келесі санды және 1 санға азайту арқылы алдыңғы санды алу тәсілін;
Қолдана алады: 1-ді қосу және азайту білігін, 10-ға дейін тура және кері санауды. Логикалық ойлауын, зейінін дамыту.
Қажетті материалдар: Демонстрациялық материалдар
ҰОҚ-нің барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі.
-Балалар,қанеки шеңберге жиналсақ,алдымен келген қонақтармен сәлемдесіп алайық.
Шаттық шеңбері
Собрались все дети в круг,
Я твой друг и ты мой друг.
Крепко за рука возмемся,
И друг-другу улыбнемся.
-Балалар,бүгінгі көңіл күйіміз қалай?
-Өте керемет балалар,меніңде көңіл күйім керемет.Бүгін осындай керемет көңіл күймен менімен саяхатқа шығуға дайынсыңдар ма?
-Алыс жол жүретін болғандықтан,біз автобусқа мінуіміз қажет.Ал,автобусқа міну үшін билет алу қажет.Мен сендерге есептер жасырамын,сол сепетің жауабы, сендердің автобусқа мінетін билеттерің және отыратын орындарыңның номері.Ал,балалар олай болса автобусқа жақындап билет алайық.
5+5 =10 0+1 =1
4+3= 7 2+2= 4
3+3 =6 2+1 =3
2+3 =5 5+4 = 9
1+1 =2 4+4 =8
-Балалар жайғасып болдық.Өлең шумағын айтсақ көздеген жерімізге тез жетеміз.
Жалықпа сен,жалықпа,
Оқы,тоқы,арманда,
Бәрін бідген балаға,
Жақын болар алыста.
-Жарайсыңдар,балалар Сандар патшалығына келіп қалыппыз.Бұл патшалықта көптеген қызықты тапсырмалар,ойындар,есептер бар екен.Тапсырмаларды орындауға дайынсыңдар ма? Бұл патшалықта тәжбен жүру қажет екен.Ол тәжді алу үшін біз күлгін ормандағы тапсырмаларды орындауымыз қажет.Олай болса,мына Күлгін орманда алғашқы тапсырманы орындауға шақырамын. (Кілемшеде салыстыруға арналған тапсырмалар тұрады.Балалар,артық,кем екенін айтып,таңбасын орналастырады.Балалар тәжді киеді)
2. Негізгі кезең.
-Жарайсыңдар балалар,артық,кем ұғымдарын жақсы меңгерген екенсіңдер.Ал,енді үстел үсті тапсырмаларын орындау үшін,мына іздермен өтуіміз қажет. (Балалар секіріп өтіп, орындарына отырады.)
-Балалар біздің алғашқы тапсырмамыз «Сиқырлы ағаш» деп аталады.Бұл ағаштың жапырақтарында есептер жазылған,осы есепті ағаш діңгегіне жазып,мәнін табасыңдар.Мәніне сәйкес келген алманы ағашқа орналастырасыңдар.Сол кезде «Сиқырлы ағашымыз» «Алма ағашына» айналады. Ал,есептерді шығару үшін мен сендерге математикалық планшетті дайындап қойдым.Планшеттің көмегімен сендер есепті жылдам шығаратын боласыңдар. (Балалар есепті шығарып,алмаларды орналастырады)
-Жарайсыңдар,балалар алма ағаштарың өте керемет болды,жемісті болды.
-Келесі тапсырманы білу үшін планшеттің екінші бетін ашсаңдар болады. Келесі тапсырмамыз «Ханқызы» деп аталады.Бұл тапсырма сендер үшін өте оңай.Мында жапырақтарда сандар бейнеленген және хан қызының үстінде нүктелер берілген.Сол нүктелерді санап жапырақтарға сәйкестендіріп хан қыздарын орналастырасыңдар.
-Жарайсыңдар,балалар бұл тапсырманы да жақсы орындай білдіңдер.Енді барлығыңды ортаға шақырамын. (Балаларды ортаға жинап,сергіту жаттығуын жасау)
Дружат в нашей группе,
Девочки и мальчики.
Мы стабой подружем,
Маленькие пальчики,
1,2,3,4,5
Начинаем счет опять,
5,4,3,2,1
Дружно мы в кругу стоим.
3. Рефлексия.
-Жарайсыңдар,балалар енді келген ізімізбен қайтадан тобымызға оралайық.Алдымен,іздермен жүріп,автобусқа мініп,балабақшамызға ораламыз.Автобуспен тез жету үшін,сиқырлы сөзімізді айтуды ұмытпайық. Жарайсыңдар,балалар балабақшамызғада келіп жеттік.Балалар,мына жерде бір қорап тұр екен.Ішінде не бар екен?
-Ой,балалар бұл сендерге арналған сыйлық екен.Бүгінгі Сандар патшалығынан сендерге естелік ретінде берілген.
-Бүгін қайда саяхатқа шықтық?
-Немен бардық?
-Тәжді алу үшін қандай тапсырма орындадық?
-Ал,үстел үстіндегі тапсырмаларды орындау үшін қалай бардық?
-Есептерді ненің көмегімен орындадық?
-Жарайсыңдар,балалар,бүгінгі оқу қызметі өте жақсы өтті.Барлықтарыңа көп көп рахмет.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген