жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 желтоқсанға арналған сенарий
Мақсаты: Балаларды Отан сүйгіштігін арттыру, патриоттық сезімдерін ояту, «1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні» екенін түсіндіру. Қазақстан Республикасының Президентінің өмір баянымен таныстыру. Біздің президентімізге деген сүйіспеншілігін арттыру. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен таныстыру. Көркем сөз арқылы тіл байлығын арттырып, байланыстыра сөйлеуге, ойларын жеткізуге білуге, достық қарым-қатынасқа дағдыландыру.
Методикалық әдіс-тәсілі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, мадақтау, қорытынды.
Сөздік жұмыс: Президент,Республика, рәміздер, ту, елтаңба, әнұран.
Тәрбиеші: Балалар, шеңбер бойына тұрып, алақанымызбен бір-бірімізді ұстайықшы. Бір-біріңізден жылу сезініп тұрсыңдар ма, балалар?
Балалар алақанымызда жылу сезініп тұрмыз дейді.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде «1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне» арналған тақырыптық оқу қызметі.Ал , ендеше балалар біздің Республиканың әнұранын орныдайық. (Оң қолымызды жүрек тұсына қойып балалар әнұранның қайырмасын орындайды)
Тәрбиеші: Жақсы балалар орындарына отырындар. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Мектепте жақсы оқып, жақсы білім алады.Ата- анасын қатты құрмет тұтты.Отбасылық жағдайына келетін болсақ,Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жұбайы- Сара Алпысқызы. Олардың 3 қызы бар: Дариға,Динара,Әлия. 1991 жылы 1 желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.Қазақстан Республикасының бас қаласы-Астана қаласы.(слайд көрсетіледі)
Біздің бүлдіршіндеріміздің тақпақтарын тындайық.
Гүлдене бер, Отаным!
Көтерген туын Нұр ағам!
Көбейткен достық қатарын,
Нұр аға біздің ұлы адам (АЙША)
Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды.
Ешқашанда орынсыз,
Шешімдері болмайды. (НҰРАСЫЛ)
Тәрбиеші: 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба,Ту, Әнұран бекітілді. «Таңбасыз ел болмайды, найзасыз ер болмайды», дейді халқы. Кез келген халықтың өз таңбасы болады. Елтаңбаның авторлары- халқымыздың танымал ұлдары- Жандарбек Мәлібеков пен Шота-Аман Уалиханов. Шаңырақ- Отан отбасынан басталады.
Ортақ шаңырақ биік , босаға берік болсын деген мағынаны, ал уықтар- үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерін қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай, құатты тілеймін дегенді білдіреді.
Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшандығын білдіреді.Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр.Тудың ортасында шұғылалы күн,оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында өрнегі бар.Жалаудың ұзындығы 2 метр, ені 1 метр. Жалаудың жобасын жасаған- суретші Шәке Ниязбеков
Балалар, қазір мен сендерге сөзжұмбақ жасырамын, сендер оны шешесіңдер.
Сөзжұмбақтың сұрақтары:
1 Біздің мемлекетіміздің аты қандай?
2 Қазақстан Республикасының бас қаласы қай қала?
3 Қазақстан Республикасының алғаш Президенті кім?
4. Қазақстан Республикасының рәміздері?
Балаларды мадақтау.
Балалар , бүгінгі «Президент ел тірегі» атты тақырыптық оқу сабағы аяқталды.
Мақсаты: Балаларды жасыл шыршамен таныстырып,жаңа ән,тақпақ айтқызу. Балаларды жасыл шыршадан шеңберде айналтып жүргізу, еркін би билету. Қыс ерекшелігімен таныстырып, мерекені есте қалатындай етіп көңілді өткізу. Зал әсем жаңа жылдық ойыншықтармен безендірілген.
Балалар дөңгелек болып музыкамен кіреді
Жүргізуші: Құрметті ата аналар, ұстаздар, қонақтар!!! Жаңа жыл мерекесіне арналған «» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер
Жүргізуші:
Құтты болсын жаңа жыл, барша халық,
Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.
Бірімізге шынайы тілек тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар салайық!
- Аянат: Қалып едік
сағынып,
Kүтіп алдық жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп
Анель: Жаңа жылым мол
болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын.
Ясмина Жапалақтап ақша қар
Жауды күнде қайталап
Қырға шықты балалар
Шаңғыларын арқалап.
Сұлтан: Аяз келді қаһарлы
Айналаны қар жапты.
Ақ тон киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты.
-Жарайсыңдар,балалар! Ал енді барлығымыз «» әнін айтайық.
Жүргізуші
-Балалар біздер бүгін қандай мерекені тойлап жатырмыз?
-Жаңа жыл мерекесін
-Жарайcыңдар, енді осы мерекеге кімдер жетіспейді?
-Аяз ата мен Ақшақар
-Олай болса, Аяз ата мен ақшақарды бәріміз бірге шақырайық.
-Аяз ата, Ақшақар! Аяз ата, Ақшақар!
Осы кезде ішке әуен ырғағымен сиқыршы кіреді.
Сиқыршы: -Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдық мерекелерің құтты болсын.Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп - әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. Бірақ,... шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық!
Сиқыршы таяғымен сермегенде шырша түбіндегі қорапша қозғалып ішінен малвина қыз шығады.
Мальвина: Сәлеметсіңдерме, балалар. Мерекелерің құтты болсын. Сиқыршы саған көп рахмет. Мына қораптан шыға алмай отыр едім. Денемнің бәрі құрысып қалды. Билеп бойымды жазып алмасам. Міне, менің әдемі қуыршақтарым отыр екен ғой. Келіңдер қуыршақтар биін билейік.
Би: «Қуыршақтар»
Сиқыршы:- Балалар қайтадан шыршамызды жағып
көрейік.
Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет
(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)
Жүргізуші: Міне, керемет, шыршамыз да әдемі болып жарқырап
тұр. Олай болса, балалар, ортаға шыршаға арналған тақпақтарымызды
айтайық.
Найла: Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылда-жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.
Аянат: Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдық жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп
Даниял Тамаша.тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Ералы Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағынған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіп, сағынған,
Кел, балалар, келіндер,
Тамашаны көріңдер.
Сымбат Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай әсем шыршамыз.
Ән шырқайық баршамыз
Еламан: Шыршаны айнала,
Қоршаған қуыршақ.
Кел биле, кел биле,
Қоян, лақ, құлыншақ.
Шынай: Ақ қар жапты даланы
Ақ жамылды айнала
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға
Ән: «» хормен
Сыйқыршы: -Шыршаларың қандай әдемі.Балалар мен сендермен бірге жаңа жылды тойлап, қызық көргім келеді, рұқсат етесіңдер ме?
Балалар: -Ия
Сыйқыршы: -Олай болса, балалар, мен сендермен Аяз ата мен Ақшақар келгенше ойын ойнайын.
Ойын: «Қар кесегін жинаймыз»(Әуен ырғағымен балалар қар кесегін жинайды)
Жүргізуші: -Жарайсыңдар, балалар. Қане, енді бәріміз Аяз ата мен Ақшақарды тағы бір шақырайық. Келе жатырған болар.
Бәрі: Аязата, Ақшақар, Аяз ата, Ақшақар.
Залға Аяз ата мен Ақшақар кіреді. Балалар қол шапалақтап қарсы алады.
Аяз Ата:
Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?
Балалар: -Аяз
ата!
Ақшақар.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты
болсын!
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.
Жүргізуші: Қош
келдіңіздер, баршаңызда, алыс жолдан келдіңіздер.
Әсем әні де, биі де бар
Отыр ата, сәл дем ал.
Ән: «Аяз Ата» хормен
Ақшақар: -Менің ұлпа қарларым қайда? Келіңдер әдемі биімізді көрсетейік.
Би: «Ұлпа қарлар»
Жүргізуші:-Балалар келіңдер ортаға Аяз атаға арналған тақпақтарымызды айтайық.
Мерей Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
Нұрсая: Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араласам биге де.
Аниса Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың.
Айару Сат: Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Мансур: Тақпақ, өлең жаттадық,
Би үйрендік көрсін деп.
Аяз Ата шаттанып,
Бізге риза болсын деп.
Ернияз Біздің балабақшада,
Шырша тойы болады.
Аяз Ата, Ақшақар,
Біздермен мәз болады.
Мейірхан: Сапалы аппақ күмістей,
Тістері аппақ күріштей.
Қызыл ала шапанды,
Сағындым Аяз атаны.
Би: «Ергежейлілер»
Жүргізуші:-Міне Аяз ата, біздің балаларымыз шеттерінен өнерлі және ақылды. Енді сіз біздің балаларымыздың орыс тіліндегі тақпақтары мен әндерін тамашалаңыз.
Самина: В новый год!
В новый год!
Много праздничных хлопот!
Фариза: Новый год!
Новый год!
Много счастья принесет!
Ералы: У дедушки Мороза!
Здоровье-хоть куда
Его не испугают
Любые холода
Ән: «Новогодный хоровод» орындайтын:Нұрай, Аянат
Осы кезде бір топ аңдар келеді. Балаларды жаңа жылдарымен құттықтап, өз тілектерін айтады.
Қасқыр:- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Бүгінгі жаңа жыл мерекелерің құтты болсын.
Түлкі: -Балалар, мерекелерің құтты болсын. Жаңа жылда жастан жасқа жетіп, бақытты болыңдар.
Кел бәріміз сергіп билеп алайық. Сергіту әуенмен.
«Аңдар» биі
Залға әуенмен Аққала кіреді.
Аққала: -Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын. Мен мына аңдарды қуып жете алмай келем. Орманнан бәріміз бірге шыққан болатынбыз. Олар менен бұрын жетіп алыпты. Менің осында кішкентай достарым бар еді. Солармен бірге мен де Аяз атаға өнерімді көрсеткім келеді.
Би: «Аққала»
Жүргізуші:
Тамерлан: Жаңадан тақпақ,
Аламыз жаттап.
Жаңа жыл келді,
Жаңа жыл аппақ
Қарақат Жаңа жыл келгенде
Қуанып қарсы аламыз.
Аяз Ата келгенде
Билейміз, ән саламыз.
Каусар: Қуантып енді,
Жаңа жыл келді.
Өсетін болдым,
Бір жасқа енді.
Айзере: Жүзімізде күлкі ойнап,
Шаттанады жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.
Бақытбек: Жаңа жылмен, Жаңа жылмен,
Құттықтаймыз әрине.
Әкемізді, анамызды,
Қонақтарды бәрін де.
Әділ: Орманның бар аңдары,
Бүгін бізде қонақта.
Балалармен би билеп,
Қуанады шаттана.
Нұрай: Өлең де әзір, ән де әзір,
Ойын да әзір, бәрі әзір.
Кел Жаңа - жыл біздерге,
Кел Жаңа - Жыл, Жаңа - жыл!
Нұрғиса: Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.
Сиғ. Айару: Жаңа жылмен шаттанып,
Жаңарады бар дала.
Шырша тойын тойлайды,
Дөңгеленіп бар бала.
Айназ Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа-жыл
Ата-әже, әке - шеше
Құтты болсын Жаңа жыл
Жүргізуші: -Міне Аяз ата мен Ақшақар және барлық келген қонақтар біздің балаларымыздың өнерлері осындай.
Аяз ата:- Жарайсыңдар, балалар. Бәрің шеттеріңнен өнері және ақылды екенсіңдер. Рахмет сендерге. Мына менің қоржынымдағы сыйлықты қазір апайларың топқа барғасын таратып береді. Бізді енді басқа балабақшада күтіп қалды. Енді келесі жылға дейін,қош сау болыңдар. Жүріңдер менің кейіпкерлерім.
Барлығы:-Сау болыңдар,балалар.
Жүргізуші: -Рахмет балалар. Бәріміз әдемі болып жаңа жыл кешін тойладық.
Осымен біздің жаңа жылдық ертеңгілігіміз аяқталды. Сау болыңыздар.
Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.
Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.
Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқар тау, қарлы шың.
Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдъқ жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп
Аяз Ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.
Қайда қызық болса думан,
Аяз Ата сонда болды.
Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болды.
Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа-жыл
Ата-әже, ата-әже
Құтты болсын жаңа жыл
Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын.
***
Аяз –ата ақ сақалды,
Ақ таяқты паң ата,
Асып өтіп асқар тауды
Жеттің бізге таң ата
Жапалақтап ақша қар
Жауды күнде қайталап
Қырға шықты балалар
Шаңғыларын арқалап.
Қайда қызық думан болса,
Аяз ата сонда болды.
Балалармен бірге ойнап
Балалармен бірге қонды.
Аяз келді қаһарлы
Айналаны қар жапты.
Ақ тон киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты.
***
Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылда-жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.
Тамаша.тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіт, сағынған,
Кел, балалар, келіндер,
Тамашаны көріңдер.
***
Жаңа жыл Жаңа жыл
Жаңа жылға жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр
Жаңа жылым мол болсын
Баскан қадам он болсын
Төрле Төрле Жаңа жыл
Бізге Құтты жыл болсын
Аяз ата келіп тұр,
Бизге сәлем беріп тұр.
Сақалының ұзыны-ай
Кесіп алсам шіркін-ай!!!
Жасыл желен жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған.
Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа-жыл
Ата-әже, әке - шеше
Құтты болсын Жаңа жыл
Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.
Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.
Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың.
Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдъқ жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп
Аяз ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы Жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.
Қайда қызық болса думан,
Аяз ата сонда болды.
Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болды.
1.Тамаша, тамаша, 2. Жаңа жыл,жаңа жыл.
Шыршамыз тұр жараса. Жаңа жылда жаңа жыр ...
Басында әсем жұлдызы Жасыл шырша жанында
Көз тоймайды қараса. (Айнұр) Билеп барлық бала жүр. (Рахат)
3.Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағынған
Міне ,сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған. (Нұрасыл)
4.Келді міне жаңа жыл,
Қарсы алайық, бәріміз.
Күліп, ойнап,би билеп
Ән салайық бәріміз. (Аян)
5.Аппақ тонға оранып, 6.Әкелсін жыл ырыс-құт,
Базарлықты мол алып. Әлемде болсын тыныштық.
Келді алыс сапардан, Ән салайық жаңаша,
Аяз ата оралып. (Азиз) Жаңа жылым тамаша! (Асанәлі)
7.Тамаша сый алып, 8. Жасыл желек жамылған,
Кеді Аяз атамыз. Асыл моншақ тағылған
Шаттанып,қуанып, Міне, сұлу шыршамыз
Шырқап ән айтамыз. (Ерасыл) Көптен күтіп сағынған (Еркеназ)
9. Сақалы аппақ күмістей 10. Аппақ ,аппақ кар аппақ
Тістері аппақ күріштей Аппақ,аппақ дала аппақ
Қызыл ала шапаны Қырау қырау тал аппақ
Сағындым аяз атаны! (Айша) Айналаның бәрі аппақ. (К.Айару)
11.Келіңдер, келіңдер 12.Қараңдар мынау шыршаға,
Тақпақ айтып беріңдер Неткен әсем көрікті.
Жомарт Аяз атадан Жаңа жылдық думанға,
Сыйлық алып көріңдер! (Е.Тамерлан) Аяз ата келіпті. (Қ.Тамерлан)
13.Белый снег кружится.
Будем веселиться,
Петь и танцевать,
Новый год встречать! (ӘНЕЛ)
14.Дед
Мороз хороший
Хлопает в ладоши,
В валенках шагает,
Ёлку зажигает! (Даяна)
15.За
окном снежинки,
За окном мороз.
Дед Мороз подарки
Нам в мешке принес! (Мирас)
16.Новый год! Новый год!
В гости елочка придет.
Дед Мороз и зайки
Принесут подарки. (Диас)
Мальчики и девочки
Стали в хоровод,
Возле елки весело
В праздник Новый год. (А.Айару)
Жаңа жылым мол болсын
Баскан қадам он болсын
Төрле Төрле Жаңа жыл
Бізге Құтты жыл болсын (Айсұлу)
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды. (А.Айару)
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдъқ жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген