жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні.
Авторы: Дужубатова Баглан Еркебаевна
Шымкент қаласы 69 жалпы орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні.
Сабақ мақсаты: Оқушылырдың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, ұрандар, жер шарының макеті, қима көгершіндер, гүлдер.
Барысы:
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме! Ата-аналар, қонақтар, әріптестер.
Бірлік пен ынтымағы халықтың,
Көгімізде жарқыраған жарық күн.
Ырыс, дәулет бақыты үшін халқымның,
Жайнай берсін, жайнай берсін алтын күн!
-дей келе Қазақстан халқының бірлігіне арналған тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Тәрбие сағатымызды бастамастан алдын амандасу әнімен ән шашу орындалды.
Ән. «Амандасу»Асылжан, Нұрасыл.
Мұғалім: Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді. Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды.
-Олай болса бүгінгі бірлік күніне арналған салтанатты кешімізге қонаққа келген ұлттармен таныс болайық.
«Өз елім» әні үнтаспадан ойнап тұрады. Балалар әр ұлттың киімдерін киіп, қолдарына гүл ұстайды.
1. «Қазақ» ұлты.
2. «Өзбек» ұлты.
3. «Орыс» ұлты.
4. «Грузин» ұлты.
-Ендіше сайысымыздың кезендерімен таныс болыңыздар:
1 кезең: Таныстыру, құттықтау. Ұлттар өз тілінде өздерін таныстырып өтеді.
«Қазақ» ұлты. Сәлеметсіздерме! Ата-аналар, қонақтар!
Еркін :Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жүрегімде таныстым мың тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен күн түтілген.
Таңнұр: Жан біткендей жас тауға,
Шуақ ойнап арайлы.
Күн күлімдеп аспанда,
Мамыр әні тарайды.
Ерқанат: Мамыр қандай, шіркін-ай, мамыр қандай!
Айнала жасыл кілем жамылғандай,
Алатауым басында ақ шәлі орап,
Мойына гүлден алқа тағылғандай.
Е.Асылжан: Мамыр қандай, шіркін –ай, құлпырады,
Күй толқып көңіліңе жыр тұнады.
Жыл еркесі гүл мамыр, сұлу мамыр,
Секілді адамзаттың ынтымағы.
Рамазан: Мамыр келсе халқымыз
Мекрекені тойлайды.
Мухаммед: Теңге – тиыннан,
Ынтымақ –ұйымнан.
Сулайман: Ынтымақ түбі – бірлік.
Хормен. Бейбітшілік, Еңбек, Мамыр жасасын!
«Өзбек» ұлты. Хормен. Ассаломуалекум қазақ халқы. Бизлардан сизларга өзбек халқынан салом!
Інжу: Бұл мереке бұрын бүкіл әлемдік «Еңбекшілер күні» болып тойланды. Қазір ол «дүниежүлік ынтымақтастық күні» болып есептеледі.
Алимансұр: Сары, ақпыз, қарамыз,
Бәріміз де баламыз.
Бір Отанда тұрамыз,
Бір мектепке барамыз.
Қ. Айару: Алтай, Кавкас ұласып,
Бауырай бұйрат кең жатыр.
Бақыттың әні асқақтап,
Құлаққа даусы кеп жатыр.
Нұрасыл: Қырғыз, қазақ, өзбектер,
Монғол, ұйғыр, дүнгендер.
Армян, тәжік, грузин,
Орыс пенен украин,
Терезесі тең жатыр.
Сәкен: Енді бүгін қарасам,
Айналам бақыт кең жатыр.
Бір-бірімен туысқан,
Қол ұстасқан ел жатыр.
Жания: Ынтымақ – бұзылмайтын қорған,
Қосылып еккен ағаш –орман.
«Орыс» ұлты.
Әли: Достығымыз жарасқан,
Ақпыз, қара, сарымыз.
Қара жер мен көк аспан,
Ортақ дала тауымыз.
Айша: Балалар, мен сендерге бір сұрақ қойғым келеді. Бұл әлемде адамзат баласына ең қажетті нәрсе не?
Мансұр: Дүниежүзінде бәріміз жақсы көретін нәрсе- тыныштық , бірлік.
Ерасыл: Саусақ бірікпей-
Ине ілікпейді.
Айзере: Аз да бітер, көп те бітер,
Татулыққа не жетер?
«Испан» ұлты
Ерзат: Бейбітшілік құсы, ақ көгершін,
Биік ұшып самғасын.
Тілегімді жерге жайсын,
Қанаттары талмсын.
Дина: Сәбилер зәресін бұлт алмасын,
Гүл бәйшешек еш уақытта солмасын.
Ақ көгершін аспамында қалықтап,
Барлық халық бейбіт күнді қолдасын.
Б.Асылжан: Болсын жермен су да ортақ,
Болсын біздің ту да ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Дінхан: Қосылғанның – қолы ұзын,
Қос керуеннің – жолы ұзын.
Б. Айару: Байлық байлық емес, бірлік- байлық.
Мұғалім: Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.
Татулығын жырға қосам ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.
2 кезең: Өнерлі ұлт. Бұл кезеңде ұлттардың өнерін тамашалаймыз. Әр ұлт өнерін ән, би, өлең т.б.
«Қазақ» ұлты. Би.
«Өзбек» ұлты. Би
«Орыс» ұлты. Би
«Испан» ұлты.Би
Ән. «Бәйге» Асылжан.
Мұғалім: бірлігіміз жарасқан ұлттардың, өнерін, киімін тамашаладық. Енді олардың ұлттық тағамдарымен таныс болайық.
3 кезең: Ас-адамының арқауы. Бұл кезеңде әр ұлт өз ұлттық тағамдарын көрсетеді.
«Қазақ» ұлты. Ұлттық тағам .Бешбармақ, сусыны қымыз, бауырсақ.
«Өзбек» ұлты. Ұлттық тағам . Палау, чак-чак.
«Орыс» ұлты. Ұлттық тағам . Борыщ, блинчик
«Испан» ұлты. Ұлттық тағам . Амлет, салат.
Мұғалім: Құрметті қонақтар! Бүгінгі кешімізде біз 4 ұлт өкілдерінің басын қосып отырмыз, ұлттардың танстыруымен, тақпақтарын тыңдыдық. Көркем билерімен астарымен де танысболдық.
Достығымыз ешқашан ажырамасын деп, балалар «Дос болайық бәріміз» әнін айтып кешімізді аяқтайды.Хормен: «Әрқашан күн сөнбесін!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген