1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні

Тақырып бойынша 11 материал табылды

1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепалды даярлық топ тәрбиешілеріне арналған ,достық бірлік күніне арналған сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты:1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесі екенін жеткізу; Қазақстан Республикасына деген мақтаныш, патриоттық сезімдерін қалыптастыру.Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: қима көгершіндер, шарлар, гүлдер, ұлттық костюмдер.

Жүргізуші:

Бірлік пен ынтымағы халықтың -
Көгімізде жарасқан жарық күн!
Ырыс, дәулет бақыты үшін халықтың,
Жайнай берсін, жайнай берсін алтын күн!- дей келе Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Татулық - достықтың киелі бесігі» атты мерекемізді тамашалауға шақырамыз!

Кіріс биі

1 бала Мамырдың бірі, достық күні
Ән салып, билеген халықтың үні.
Тұтасып, тойлаған ұлттар,
Керемет мереке, 
мамырдың бірі.


2 бала Ағайын - туған - бар адам.
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық!


3 бала Болсын жер мен су да ортақ.
Болсын біздің ту да ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.

Қазақстан Республикасының әнұраны

Балалар орындарына жайғасады, «Қазақстан- біздің ортақ үйіміз » (реж: Жакен Дәненов 2014 ж) мультфильмы

Жүргізуші:

-Ал балалар айтыңдаршы біз қай елде тұрамыз?

-Қазақстанда тұратын қандай ұлттарды білесіңдер?

-Қалай ойлайсындар елімізде тұратын ұлттар тату ма?

Жүргізуші: Ортаға қария келеді әуенмен.Қолына шыбықтар алып келеді.

Көрініс: «Бірлік»

Қария: Сәлем бердім балалар! Сендер Бірлік, ынтымақ, достық деген ұғымды қалай түсінесіндер? Мен сендерге қазір түсіндірейін.
Автор: Қария 1 шыбықты сындыруға ұсынады. Балалар сындырып тстайды. Қарт бір бума шыбықты сындыруды ұсынады. Ұлдары олай әуреленіп, былай бір бума шыбықты сындыра алмайды.

Қария: бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге ешкімнің де әлі келмейді. Ал жеке - жеке тұрсаңдар, әрқайсыңды біртіндеп құртады. Мен сендерге достықта тату тәтті өмір сүруге тілеймін.

Ән: «Бақытты балалық»

Жүргізуші: Халқымыз достық, ынтымақтастыққа ерекше мән берген «Қырғыз, қазақ - бір туған», «Өзбек - өз ағам», «Түбі бірге түрікмен» деп қырғыз, өзбек, түрікмен және т. б. ұлттарды ынтымақтастыққа шақырған. Бірлік — халық салты. Халқымыздың бірлік салты отбасынан басталып, бүкіл елдің, барлық адам баласының бірлігімен ұласады. Олай болса  Қазақстанда 520 мыңға тарта халқы бар өзбек диаспорасымен жақынрақ танысайық .Өзбектер– Өзбекстан елінің негізгі халқы. Жалпы саны 30 - млн - дай адам; ресми атауы — Өзбекстан Республикасы — Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Мемкелекеттік тілі-Өзбекше. Бас қаласы-Ташкент. Тәжікстанда, Қазақстанда, Қырғызстанда, Түрікменстанда, көп тұрады. Ресми мәлімет бойынша Қазақстанда 520 мыңға тарта өзбек тұрады. Қазақстан халықтары ассамблеясының құрамында өзбектердің ұлттық мәдени орталығы жұмыс істейді.
Өзбектердің дәстүрлі кәсібі – егіншілік, сауда және ұсталық, ірі қалаларда сауда, ұстаханалар, үлкен ауылды жерлерде қолөнер. Өзбектердің негізгі тағамы өсімдік, сүт және сүт өнімдерінен жасалады. Сүйікті асы – палау. Басты сусыны – шай, көбіне көк шай.

Ұлттық тағамдарына тоқтала өтейік.

Палау Палауды майға пиязды қыздырып, мал етін (көбіне қой етін), сәбіз қосып, күріш салып бұқтырып әзірлейді. Оған кейде өрік немесе мейіз де қосылады.

Чалоп Қатықты сүзіп, сумен араластырып мұзбен салқындатады. Салқындаған қоспаға көкөністерді салады да 5—10 мин-тай тұрғызады.,

Тандыр нан тандыр пешінің қызған қабырғасына жапсырып пісіреді. .

Жүргізуші: Балалармен Өзбек халқының ұлттық ойынын ойнайық.

Ойын: Оксок карга (Ақсақ қарға) – ойын эстафета түрінде өтеді.

Балалар саны тең екі топқа бөлініп сапқа тұрады да кезек бойынша ойыншылардың әрқайсысы бір аяғын байлап қояды."марш" белгісімен екі команданың ойыншылары бір аяқпен қарама-қарсы командаға секіреді, содан кейін,аяғын босатып , олар өз тобына қарай жүгіреді.Ойын осылай жалғасадысоңғы ойыншы, ойын жетекшісіне жүгіреді

және оған орамал береді. Орамалды ойын жетекшісіне берген бірінші топ жеңеді.

7 бала Бейбітшілік құсы, ақ көгершін.
Биік ұшып, самғасын.

8 бала Тілегімді жерге жайсын,
Қанаттары талмасын.


9 бала Сәбилер зәресін бұлт алмасын,
Гүл бәйшешек еш уақытта солмасын.

10 бала Ақ көгершін аспанымда қалықтап,
Барлық халық бейбіт күнді қолдансын.

Хор: «Әрқашан күн сөнбесін!»

Би

Жүргізуші: «Татулық достық киелі бесігі» атты мерекелік іс - шарамыз осымен аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін рахмет. Қош сау болыңыздар!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.05.2021
1368
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі