Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

1 маусым балаларды қорғау күні

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша қабырғасындағы бақытты балалық шақ туралы балаларға достықты, мейірімділікті бойына сіңіре отырып, адамгершілігі мол тәрбиелі азамат өсіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

С.Рахимов атындағы балабақшасы


Бекітемін

С.Рахимов атындағы балабақша ЖШС

меңгерушісі __________Г.Н.Үсен


28.05.2021ж









Біз өмірдің гүліміз

Көгершін тобы







Тәрбиеші: Әбдімұрат Ж.Т






2020-2021 оқу жылы

1-маусым балалар күні мерекесі

«С.Рахимов» атындағы балабақшасы

Көгершін тобы

 Мен өмірдің гүлімін

Мақсаты: «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту. Ойын- сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу.


Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар, қымбатты бүлдіршіндер мен сәбилер!  1- маусым балаларды қорғау күні құтты болсын! Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз.


Баршамызды бала тілімен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын.
Ата-ананыңарманы мен тілегін,
Бала емеспе?, бал бұлақтанжалғайтын.
Сүп-сүйкімдіперіштелерсендерсіңдер,
Қандайбейнеөздеріңетеңкелетін.
Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,
Еңалдыменбалалықтымеңгерген.


Балалар, 1- маусым 1950 жылдан бастап тойланып келеді, міне бугін тура 71 жыл бойы Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді. Біздің Қазақстан Республикасында балалар құқығы заңмен бекітілген. Әр бала, балабақшаларда, мектепте мемлекет тарапынан тегін тәрбие мен білім алуға құқылы. Міне, біздің «Бәйтерек» балабақшасында да, осы балалаларды қорғау күніне арналған «Мен өмірдің гүлімін» атты мерекелік шара өткелі отыр.


Жүргізуші: Жүздерінен мейірім мен нұр тамар
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Алаңсызда балғын шақты балалар
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Ән: Әсем әнде бүгін шырқалар – дей отыра, «Ақ көгершін » әсем әнін салып орындайық.




 Күн әдемі, көк әлемі, 
Бұл суреті жас баланың. 
Ақ қағазға салған өзі, 
Бір шетіне сөз жағынан 


Қайырмасы: Әрқашан күн сөнбесін, 
Аспаннан бұлт төнбесін, 
Қасымда болсын мамам, 
Болайын мен де аман. 

Солнечный круг,Небо вокруг —
Это рисунок мальчишки.
Нарисовал он на листке
И подписал в уголке:


Пусть всегда будет солнце!
Пусть всегда будет небо!
Пусть всегда будет мама!
Пусть всегда буду я!


Жүргізуші: Тамаша! Қандай көңілді ән десеңші! Сәбидің көкейінде бәрін білсем деген сұрақ әсте таусылған ба?!

А.Айзере:Жүздеріңнен көрем шаттық арайын
Осылай болсын, әрбір күнің әр айың
Қадамдарың сәтті болсын, балалар
Тілектерің қабыл болсын ағайын!

Исмаил: Арманы бір, үні бір
Аға ардақты, іні гүл
Бақыт туын көтерген
Балалардың күні бұл
Қасиет: Қабыл алшы өнерлерін баланың,
Тілектері орындалсын ананың.
Кешегі өткен арамыздан жыр төгіп,
Өздеріңсің жалғастырар бабамның.
м.Көркем:Біз өнерсіз баламыз ба?!
Көрсін аға апалар
Көрсін папа, мамамызда
Ырза болсын балалар

Бектөре:Ән көмейден төгілді
Қайғы бұлты шегінді
Балалармен дүние
Көрікті де көңілді

Шолпан:Ән айтайық қосылып,
Сәбилердің бұл күні
Мақтап кетсін осы жұрты
Балалар деп үлгілі

Темірлан:Жаттатып біздерге

Тақпақтар мен күйлерді

Өткізуді кештерге

Дайындайтын біздерді


Әмина:Денсаулық ол – күлуің,
Көңіл күйің жадырай.
Денсаулық ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.

С.Жанерке: жүрегі нұр құшады.
туған жер аспанында,
күй мен жыр бірге ұшады,-

шырқалады бұл таңда,

Даулет:Құшағымыз қызыл гүл
Гүлмен келсін келер күн
Балалардың күлкісі
Көркі сәні әлемнің

Байбек:Достарымыз бар қуанып,
Тамашалар кештерде
Талшыбықтай бұралып,
Биші боламыз өскенде


Сайқымазақтардың келуі: Бұл не деген мереке? Нені тойлап жатырсыңдар?
Жүргізуші:  Бүгін бізде, 1- маусым балалар күніне арналған  үлкен мерекелік шара өтіп жатыр. Бізбен бірге тойлағыларыңыз келсе, қалып тойлауға болады. Балалар,  сайқымазақтарды қалдырамыз ба?
Балалар: Иә, қалдырамыз.
Сайқымазақтар: Қане, балалар онда сендермен бір көңіл көтеріп ойын ойнайық. Ойынымыздың аты  
«Кім тез жинайды.»

Ойын мақсаты: Көкөністер мен жемістерді ажырата білуге үйрету. Ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.

Ойын шарты: Тәрбиеші балаларға ойын шартын түсіндіреді. Себеттің сыртында алма мен қиярдың суреті жапсырылады. Алманың суреті бар себетке жемістер, ал қиярдың суреті бар себетке көкөністер салынады.

Балалар екі топқа бөлініп тұрады.Тәрбиешінің белгісі бойынша балалар ойынды бастайды. Ойын соңында қай топ тез әрі дұрыс жинайды сол топ марапатталады.


Жүргізуші: Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы
Достығымыз жарасқан.

Осы кездеәуенмен Дара келеді.


Дара: Хеллоучилдрен,хоу а ю.  Айкамхия ин адэ ту селибрейтуизчилдренздей. Айуиш ю хапинес, энд опенедскай.
Жүргізуші: Тэнк ю Дара
Сәлеметсіздерме, балалар. Бүгінгібалалардықорғаукүніқұттыболсын. Рұқсатболса, біздесендерменбіргенмерекенітойлайықшы. Қызықтыболсындеп, бәрімізбірге
ағылшынша ән айтайық.
Балалар: Алақай!!!  .

Ән: «_______________________»


Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар.Сүйікті балалар, бүгін сендердің тойларың жер бетіндегі балалардың достық мерекесі. .


Жанерке:Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы
Достығымыз жарасқан

Заңғар: жүгіртіп бізді алатын

Доптай шапшаң секіртіп

Шынықтырып денеңді

Шымыр болуға үйреткен

Інжу: Жаз да келді көңілді.
Келді гүл мен өрнекпен.
Ел бақыты мерейлі,
Балалары әндетті.
Нурхан: Гүлмен келсін келер күн.
Бала бағы бар елдің
Балалардың күлкісі
Көркі, сәні әлемнің

Айзере: Гүлім, гүлім өсе бер

Әдемі боп асыл боп

Кундей жайнап кете бер

Қызыл сары жасыл боп

Нұрахмет: Гул деген әдемі ғой әдемі

Неткен ғажап олардың әлемі

Жарық сауле түсіп тұрар гулдерге

Хош иісін таратады бәріне

Әдемі: Жүреді бізді айналып

Тобымызға жиі кеп

Білгеніңді сұрайтын

Әдіскері бақшаның

А.Көркем: Саяхаттап келеміз

Туған жердің төрінде

Көкке жетіп төбеміз

Ән келеді көңілге

Даяна: Жанымды жайлады

Көктегі құс әні

Жазымның жайдары

Мейірімді құшағы

Айша. Көлім көлім көлім деп

Қаз келді маймаңдап

Шомыл шомыл шомыл деп

Жазда келеді жайраңдап

Нұрхан Біздің гүл бақшада

Бар әсем асхана

Бар онда аспазшы

Ақкөңіл жақсы апа


Маша жүгіріп кіріп,: -бұл не дегенмереке?
Жүргізуші: Бұл 1-маусым балалардықорғаукүнімерекесі. Келіңіздер, бізбенбіргекөңілкөтеріңіздер.
Маша : Здраствуйте, ребята. Я пришла вас поздравить. Я желаю вам крепкого здоровья и счастливого детства!

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, келесі кезек тағы әсем әнге беріледі. Балабақшамыздың өнерлі бүлдіршіндерінің орындауында «Туған өлке» әні. Қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Бұл «Көгершін» балдырғандар елі. Бұл елде ақылды, әдемі, өнерпаз балалар тұрады. Бүгін бізде үлкен мереке. Ортаға Батырымызды шақырып бізбен бірге серігіп алуға шақырайық.
Батыр: сәлем балақайлар. Мерекемен құттықтаймын. Мен сиақты қайталаңдар Қанеки кеттік
Олай болса, Томпақпен бірге көңіл көтеріп алайық.
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар.
Ән көмейден құйылды.
Қайғы бұлты шегінді.
Балалар мен дүние
Көрікті де, көңілді. 
Құрметті қонақтар, қымбатты балалар! Бүгін естен кетпес керемет мерекелік шарамызды өткізіп отырмыз. Аспанымыз ашық, болашағымыз жарқын болсын. Осымен, «Біз өмірдің гүліміз» атты мерекелік іс-шарамыз аяқталды.


Аталған мерекеге бізді құттықтап келген қонақтарымызға берейік.
Балалар күніне арналған мерекелік шарамызға мерекелік лебізін білдіру үшін сөзді  балабақша меңгерушісі Гулнур Нұрмаханқызына  сөз кезегін береміз.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.07.2021
411
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12