Ұйымдастыру кезеңі (7
мин)
|
Гимн
орындалады.
Сәлеметсіздер ме,
құрметті ата – аналар мен қонақтар! Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең
жас ұланымыз, балалар. Сондықтан өз жеріміздің, өз еліміздің ата -
бабаларымыз сияқты қадірлеп, сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен
шығармайық.
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде,
Сәлемдесіп аламыз.
XXI ғасырда Қазақстанда
тыныштық, бейбітшілік болсын деп тілей отырып бүгінгі «Мектебім –
мейірім мекені!» атты тәрбие сағатымызды
бастаймыз.
|
Оқушылар мұғаліммен
амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша
орындарына отырады.
|
Презентация
|
Сабақ басы (13
мин)
|
Балалар біз қай
мемлекетте тұрамыз?
-Елбасымыз
кім?
-Елордамыз қай
қала?
-Мемлекеттік тіліміз
қандай тіл?
Балалар біздің бір ғана
Отанымыз бар. Ол – Тәуелсіз Қазақстан. Тәуелсіздік алғаннан кейін
еліміздің рәміздері дүниеге келді.
Олар:
|
Қазақстан
Қ
.К.Тоқаев
Астана
Қазақ
тілі
Хормен: Ту, Елтаңба,
Әнұран
|
презентация
|
Ортасы (20
мин)
|
Оқушылар сендер
өзіміздің Отанымыз, тіліміз, жерімізге байланысты өлең жолдарын
білесіңдер ме? Айтып
беріңдерші.
Анамыздай тілеуі
ақ,
Отан бізде
біреу-ақ!
Ол біздің
Қазақстан
Қызық күндер
өткіздік
Шағын орталық
бағында,
Көп оқимыз,
білеміз
Ел мен Отан
жайында.
Біз
намыскер
Қазақ елі
ұланымыз!
Қорғайтын
жерді
Отан
қыранымыз!
Мұғалім: Атасы он
жасар баласымен далада келе жатып, баласынан сұрады:
- Анау өрмекшіні көремісің, не істеп жүр?
- Көремін. Өрмек тоқып жүр.
- Анау құмырсқаны көремісің?
- Көремін, аузында бір нанның уағы бар, жүгіріп кетіп барады.
- Жоғары қара аспаннан не көрдің?
- Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында тістеген шөбі бар.
Сонда атасы былай депті:
- Олай болса, шырағым, ол кішкентай жәндіктер саған үлгі – өнеге:
Өрмекші маса – шыбынға тұзақ құрып жүр, өзіне азық етуге. Құмырсқа
нанның уағын өзі жемей уағын үйіне алып бара жатыр. Қарлығаш
балапандарына ұя жасауға шөп жинап жүр. Сен де еңбек етуге әдеттен
– деді.
Бұдан балалар сендер нені ұқтыңдар?
- Еңбек етуді, уақытымызды босқа өткізбеуге,
мейірімділікке. Әңгімелесу
-Еңбек адамға не үшін
қажет деп ойлайсыңдар?
-Еңбекқор деп қандай
адамды айтамыз?
-Өз еңбектеріңнін
жемісін көргенде қандай сезімде
боласыздар? (Жақсы
жарайсыздар!)
Енді еңбек туралы
қандай мақал мәтел білеміз? (Соларды
айтайық)
1 .Еңбек бәрін
жеңбек
2. Еңбек етсең
ерінбей, тояды қарның
тіленбей
3.Ерінбесең еңбегің
өнеді
4.Еңбек етпеген ішіп
жемейді
5.Еңбек етте мақтан,
Ойнап күлде шаттан
6. Еңбек түбі
–зейнет
1-ші топ «Шелектер»
сіздерге тапсырма
«Фиш боум» әдісі
арқылы мамандық иелері қандай қызмет атқарады соларды
жапсырасыздар
2-ші «Балғалар» тобы
сіздерге Заттарды ажырату «Вен диаграммасы»
арқылы
(суреттерді
жапсыру)
3-ші «Қайшылар»
тобына осы заттардан бір нәрсе құрап келген қонақтарға тілек айтып
сыйлау.
4-ші «Аралар» тобына ертегі
құрастыру.Еңбек,Отан тақырыбына
байланысты.
|
Оқушылар Отан туралы
өлең жолдарын айтып береді
Мұғалімнің сұрағына
жауап береді
|
Презента-ция
Қағаздар,
Қайшы
Презента-ция
Қағаздар,
Қайшы
Презента-ция
Қағаздар,
қайшы
|
Соңы
|
-
Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді,
күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл
болуға баулиды, жігерлендіреді, шынықтырады. Ия, балалар, еңбек
етсең, ерінбесең барлық мақсат – мұраттарға жетесіңдер. «Еңбек –
қуаныш, жалқаулық – айырмас азап» -деген екен Абай
атамыз. Сондықтан әрқашан осы сөзді есімізден
шығармайық.
|
|
Презента-ция
|