Материалдар / 1 Наурыз - Алғыс айту күні (Болашақ бүгіннен басталады) 8 сынып тәрбие сағаты
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

1 Наурыз - Алғыс айту күні (Болашақ бүгіннен басталады) 8 сынып тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сыныпқа арналған тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қазан 2020
8327
62 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

20 орта жалпы білім беретін мектеп

















1 Наурыз - Алғыс айту күні (Болашақ бүгіннен басталады)

( 8 «Б» сыныбында өтілген тәрбие сағаты)









Өткізген: Сундеткалиева И.Е.















Орал қаласы



Сабақтың тақырыбы: 1 Наурыз - Алғыс айту күні (Болашақ бүгіннен басталады)

Мақсаты:

1. Оқушылардың жанұяға, ата — анаға, үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынастарын дамыту.

2.      Ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру, бір — бірімен үйлесімді қарым — қатынас жасай білуге үйрету.

3.      Елімізде тұрып жатқан әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, салт — дәстүрін, мәдениетін өзіндік үлгі өнегесін оқушылардың бойына сіңіру. Бейбітшілікте татулықта өмір сүруге тәрбиелеу.

І.Ұйымдастыру

Топтарға бөліну

«Орнын тап» ойыны:Оқушыларға әріптер беріледі. Осы әріптердің артында жұмбақтар жазылған. Олардың жауаптары тақтада ілінеді. Әріптерді дұрыс жауаптардың орнына орналастыра отырып, сабақтың тақырыбы ашылады.

IІ.  Өмірге риза болып, алғыс айт.

-Бүгін бізде ерекше күн, қуанышты күн. — Ал неге ерекше күн? — Бүгін, балалар, 1 — ші наурыз Ризашылық және Алғыс айту күні екен.

Бұл жайма шуақ мереке елімізде бірнеше жыл қатарынан Сара Алпысқызының бастамасымен аталынып, өткізіліп келеді.

Топтен жұмыс Алғыс айту күніне ақпарат жинау, талдау

1топ – мәтін бойынша жұмыс жасап комментарий жасау

2топ- Алғыс сөзіне 5жолды өлең құру

3топ- 435 әдісі, идея айту.

-Балалар сендер білесіңдерме «Рахмет!» сөзі Испания тілінде «gracias», Украина тілінде «спасибі», Қырғыз тілінде «ыракмат»,Француз тілінде «merci», Африка тілі бойынша «dankie» — деп аударылады екен.

Ризашылық — адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі.

Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай — ақ оның ойы мен іс — әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі

I!I. Үлкенге құрмет, кішіге ізет!

Ал кәне балалар бәріміз жайланып отырып, көзімізді жұмып өздеріңнің отбасыларыңды, үйлеріңді көз алдылырыңа елестетіңдер…Үйіміз қандай, әдемі, бөлмеміз жайлы жинақы, әр нәрсе өз орнына қойылған. Асқар таудай атамыз, мейірімді әжеміз, ақылды әкеміз, қамқор анамыз, ағамыз, әпкеміз, ініміз дастархан басына жиналыпты. Бәрі саған мейірлене, сүйіспеншілікке, жылылыққа толы көздерімен қарайды. Қандай тамаша! Бәрі бақытты, көңілді! — Ал енді жайлап көзімізді ашайық, ойларыңмен, сезімдеріңмен бөлісейік. — Балалар, міне әркім өз отбасымыздың көңілді, бақытты сәттерін еске түсірдік. Отбасы тәрбиенің — ұясы. Отбасында татулық пен бірлік болып, үлкенді сыйлап, кішіге ізет көрсетіліп тұрса, бұл отбасының шаңырағын берекелі шаңырақ деп жатады. — Ал, балалар, шаңырақ дегеніміз не? — Осы шаңырақта кімдер тұрады? — Шаңырақ — үлкен әкенің үйі — барлық балалары  үшін үлкен үй — қара шаңырақ деген ұғымды білдіреді.  

Проблемалық сұрақ:

«Жақсылық жасаудың біз үшін қандай пайдасы бар?

Біз неліктен басқаларға жақсылық жасауымыз қажет?»

Топтық жұмыс Қазір біз тікелей байланысқа шығып алғыстарымызды айтайық Ұялы телефон арқылы сөйлесу

1топ-Мұғалімге алғыс

2топ- Досына алғыс

3топ-Ата-анаға алғыс

Бүгінгі біздің сабағымызға келіп отырған ұстаздарымызға оқушыларына қажымай білім беріп жүргендеріңізге алғыс айтамыз

Құрметті, оқушылар, қонақтар! Бүгінгі сабағымызды Сара Алпысқызының айтқан ғибрат тілегімен қорытындылайық. «Қымбатты балалар, мен — Анамын, Әжемін. Мен еліміздегі барлық балаларды өз баламдай жақсы көремін. Сендерді үлкендердің өнегесін ғасырларға жалғайды деп сенемін. Ата — аналарыңа, айналадағы адамдарға мейірімді болыңдар. Оларды сыйлай біліңдер. Сонда сендердің бойларыңда сенімділік, өмір сүруге деген құштарлық, жалын пайда болады. Жүректеріңде өмірге, ата — аналарыңа, ең жақын адамдарыңа, Отанға, елге деген бауырмалдық, сүйіспеншілік бүр жарып, махаббатқа, достыққа ұласады. Бір — бірлеріңе риза болып, алғыс айтып жүріңдер.» — С.А. Назарбаева. Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ещқашан ешкімнен аямаңдар, «Рахмет» деген жақсы сөзді жиі айтыңдар! Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңе сақтаңдар! Әлемде бейбітшілік болсын! Кері байланыс: Білім- теңіз, мектеп –кеме.





Анықтама


8 «Б» сыныбында «1 Наурыз - Алғыс айту күні (Болашақ бүгіннен басталады)» атты тәрбие сағатының өткізілгендігі туралы


4 /03/ 2020 жылы 8 «Б» сыныбында «1 Наурыз - Алғыс айту күні (Болашақ бүгіннен басталады)» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың жанұяға, ата — анаға, үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынастарын дамыту, Елімізде тұрып жатқан әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, салт — дәстүрін, мәдениетін өзіндік үлгі өнегесін оқушылардың бойына сіңіру. Бейбітшілікте татулықта өмір сүруге тәрбиелеу. Тәрбие сағатының бастамасы ұйымдастыру бірімізге жақсы тілек ілеуден басталып, сабақ презентация арқылы әңгіме –сұхбат, пікірталас түрінде өткізілді. Сабақта оқушылар проблемалық сұрақтарға өз ойларын ортағасалды,сонымен қатар балалар осыөмірдіңмаңызы мен оған үлес қосып отырған ортасына алғыстарын алға тартты. Жалпы тәрбие сағатында оқушылар өз құқықтарымен және қоршаған орта мен айналада болып жатырған өзгерістерді қабылдауда тәрбиенің маңызды орын алатынын, ал осы тәрбие ата-ана, ұстаздар, достары қатарынан ортасынан бастау алатынын ұғынды. Кері байланыс оқушылардың жекелей ізгі ниеттерін алған әсерін, стикерге жазу арқылы сабақты қорытындыланды.


Сынып жетекшісі: Сундеткалиева И.Е.

































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!