1 наурыз - Алғыс күні

Тақырып бойынша 31 материал табылды

1 наурыз - Алғыс күні

Материал туралы қысқаша түсінік
Алғыс айту күніне байланысты қысқа мерзімді жоспардың үлгісі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді ___________

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

Алғыс айту

Күні


Сынып жетекші:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

Алғыс айту – парызым!

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, атаулы мерекелердің құндылықтарын насихаттау

Ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру;

  • Үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту;

  • Әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу

Құндылық атауы

Ұлттық мүдде; Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға атсалысу;Қоғам игілігі үшін қызмет ету ; Ұлттық мұраға ұқыпты қарау

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)

1.Сәлемдесу

2.Психологиялық ахуал «Зуылдақ»

Ал, енді балалар көңіл күйімізді көтеріп, бір-бірімізге жылу сыйлап, қазақ үйді құрайық.

3.Әнұран орындалады.

4. «Зуылдақ» ойынын ойнатамын.

Балалар, бүгін қандай күн?

Әрине, 1 наурыз – алғыс айту күні. Ендеше, осы ойын арқылы ерекше көңілімізге, жанымызға жақын жандарға алғысымызды айтайықшы.


5.Киіз үйлер арқылы топқа бөлінеді.



6.Ой шақыру

1.Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?

2.Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?

3.Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?

4.Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?

5.Наурыз айында тағы да қандай мерекелер бар?

Әрине, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі және 22 наурыз – Жаңа жыл мейрамы болып табылады.

6.8 наурызда кімдерді құттықтаймыз?

7.22 наурыз мерекесі қалай тойланады? (Дұрыс айтасыңдар, балалар, жаңа жыл күні ұлттық құндылықтарымыз дәріптеліп,яғни ұлттық киімдерді киген, ұлттық әшекейлерді тағынған сұлуларымыз бен халқымыз дәл сол күні ұлттық аспаптармен ән-күйімізді жырлайды, ұлттық ыдыстарымызға ұлттық тағамдарымыз наурыз көжені құйып ішіп, бауырсақты тойып жеп, сусындарымыз қымыз бен шұбатпен шөлімізді қандырамыз.Наурыз күні жастарымыз ұлттық ойындарымыз көкпар мен бәйгеге шауып, алтыбақан теуіп, жігіттеріміз күресіп, аударыспақ ойындарымен күш сынасады, асық ойнайды.


7.Сабақтың тақырыбы, мақсаты және бейнеролик көрсетіледі.

Оқушылар мұғаліммен амандасады. Ортаға шаттық шеңберіне шығады.

Кел, балалар тұрайық.

Қол ұстасып тұрайық.

Керегеге керіліп,

Қазақ үйді құрайық!



1-оқушы: Отбасыма алғыс

2-оқушы:Отаныма алғыс

3-оқушы: ардақты анама

4-оқушы:асқар тау әкеме....


1-топ: Бала

2-топ: Әке-шеше

3-топ: Ата-әже


Оқушылар жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын болжау барысында ой шақыру сұрақтарына жауап береді.


Оқушылар ұлттық құндылықтарға жататын қазақ халқының мәдениетімен таныстырып өтеді. Ұлттық тағам, әшекей бұйымдар,ойындар мен киімдер, тағамдар мен сусындар,жиһаздар мен ыдыстар, музыкалық аспаптар туралы өздері білетін ақпараттарымен бөліседі.



Мадақ

тау сөздер

Слайд











Сабақ басы (13 мин)












2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні


1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойды. Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті.


Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай — ақ оның ойы мен іс — әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.

Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Бұл күн – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.


Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бұл – репрессия мен жер аудару жылдарында біздің халық көрсеткен мейрімділік пен ақ көңілдік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер күні


1-тапсырма. Топтық жұмыс

«Рақмет айтам» тақырыбында 3 топ оқушылар постер қорғайды.

Сонымен, рақметке лайықты кімдер? Тізімді бірге құрайық! Бастысы – алғыс айта білу…
Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
Әкеге – қорған болғаны үшін,
Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
Күнге – шуағы мен назары үшін,
Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
Досқа – құшағы мен иығы үшін,
Әжеге – ыстық алақаны үшін,
Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
Отқа – жылулығы үшін..





















Оқушылар берілген тақырыпты түсініп, өздері алғыс айтқылары келген дүниелерге өз алғыстарын жазып шығып, постерді қорғайды.

Солнце 2

Рақмет айтамын

айтам



















































Мадақтау сөздер

Жарай

сың!

Керемет!

Жақсы!




Топ оқушы

лары бір-бірін бағалай

ды.


Слайд












Ортасы (20 мин)


2-тапсырма. Жұптық жұмыс.

«Айтамыз алғыс» сәйкестендіруі









Сергіту сәті: Мақал –мәтел









3-тапсырма. Жеке жұмыс

«Көгершіннен хат» әдісі бойынша оқушылар ата-аналарына алғыс айтып хат жазады.

Осы жерде оқушылардың ата-аналарының балаларына айтқан алғысы видеомен көрсетіледі.

Сабақты бекіту

«Қазақтың дастарханы» ойынын алу арқылы қазақ халының ұлттық құндылығын дәріптеймін. Қазақ халқында ежелден қалыптасқан дәстүр бойынша келелі кеңес, жиындар дастарқан басында өтетін болған.Қазақтың дастарханы өзінің ерекше сәнімен, ұлттық тағамдарымен ерекшеленген.









Мұғалім сөзі:

Тіліміз бөлек болса да, тілегіміз бір!

Жүзіміз басқа болса да, жүрегіміз бір!

Ұлтымыз басқа болса да, ұранымыз бір!

Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқешен аямаңдар. «Рақмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар.Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңде сақтаңдар.Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат –Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар!

Шәкірттерім, болашағым, арманым,

Қанат қағып,биіктерге самғағын.

Сендерсіңдер болашағы елімнің,

Шексіз алғыс айтамын мен, жандарым.



Оқушылар анаға, әкеге, ұстазға, ата-әжеге,бауырларға, достарға, Президентімізге қандай мақсатпен алғыс айтатынымызды сипаттайды.


Оқушылар өздеріне ұсынылған мақал-мәтелдерді түсініп, суреттегі мағынасын ашып түсіндіреді.



Оқушылар хаттың құрылымын сақтай отырып, ата-аналарына хат жазады.



Оқушылар наурыз айындағы атаулы мерекелер:1 наурыз – алғыс айту күні, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні, 22 наурыз – Жаңа жыл мерекесіне байланысты өлең шумақтарын айту арқылы дастархан бетіне ұлттық тағамдарымызды жайғастырады.Әр оқушы мерекелерге байланысты өлеңдерін мәнерлеп оқыған сайын, дастархан бетіне бір тағамнан орналастырады.



ӘН: «Анашым» әні орындалады.

Медаль

дар арқылы бағалау

презентация

Соңы

5 мин






Кері байланыс: «Қоржын » әдісі

Оқушылар бүгінгі тақырыпқа байланысты алған білімдерін қорыта отырып, асықтардың түсіне қарай таңдап, қоржындарға салады.











Слайд



















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2024
114
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі