Исатай Әбдікәрімов
атындағы
Қызылорда аграрлық
техникалық жоғары колледжі
«Политехникалық және жаңа
технологиялар мамандықтары» бөлімшесі
БЕКІТЕМІН
Директордың
оқу-тәрбие
ісі жөніндегі
орынбасары
_______________Ғ.Ә.Мамытов
«_____»
_____________2018ж.
1 наурыз Алғыс айту күнінен
орай ұйымдастырылыған
«Алғыс айту
парызым»
тақырыбында өткізілетін
тәрбие сағатының
жоспары
Тобы: ПДС-15о оқу
тобы
Топ жетекшісі:
А.Ө.Ерғалиева
Аға топ жетекшісі:
А.Ибраева
Қызылорда
қаласы,2018жыл
Тәрбие сағатының тақырыбы:
Мың алғыс баршаңызға
Өткізілетін
күні: 28.02.2018жыл
Мақсаты:1 наурыз алғыс айту күніне
байланысты , оқушылардың «сыйластық» құндылықтары туралы
түсініктерін кеңейту, ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;
үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын
дамыту; әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке
тәрбиелеу;бір-біріне деген қарым-қатынастарын
нығайту.
Көрнекілігі:
слайдтар,видеоролик,стикерлер,плакаттар,таратпалар
және тб.
Барысы:
1.Тәрбие сағатының ашылуы .Құттықтау
сөз
2. Сәлемдесу «Сәлемің түзу
болсын»
3.Шығармашылық кезең «Ризамын
саған....»
4.Сұрақ-жауап кезеңі « Әр елдің салты
басқа»
5. Есте сақтау кезеңі « Адасқан
алғыстар!»
6.Жағдаяттардан шығу
«Тапқырлық»
7.Қорытынды «Мың алғыс,тілегім
шексіз»
І
жүргізуші: Қайырлы күн,құрметті қонақтар,
қымбатты ұстаздар !
ІІ –
жүргізуші:Армысыздар,аяулы достар!
«Мың алғыс баршаңызға » атты
Ризашылық алғыс айту күніне арналған ашық тәрбие сағаты топаралық
сайысымызға қош келдіңіздер!
І
жүргізуші:Бибинұр,сен білесің бұл
мерекеден біз не аламыз,жалпы алғыс айту күні бізге не үшін
керек?
ІІ
жүргізуші: ММММ,Телжан,ризамын саған,сен
бұл сұрақ арқылы біздің мұнда неге жиналғанымызды түсіндірмексің
ғой?Өзара сыйластығымыздың артып,адамгершілік қасиеттерімізді
артырып, бір-бірімізге деген қарым-қатынасымызды нығайту үшін керек
деп ойлаймын.
І
жүргізуші: Ия,ия,дұрыс
айтасың,Бибинұр, Талайлы тағдырлардың басын өз
шаңырағының астына біріктіріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай,
қамқорлығына алған Қазақстанда адамның адамға құрмет көрсететін
күні . Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барлық ұлттың бір -
біріне және қазақтарға алғыс айту күнін 1наурыз деп
бекітті.Қазақстан халқы Ассамблеясының "Мәңгілік Ел: бір ел - бір
тағдыр" тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында
сөйлеген сөзінде Назарбаев: "Сталин режимінде әр жылдары, өздеріңіз
білетіндей, халықтар түгелдей жер аударылды. Оларды вагондардан
ауылдарға тастап кете берді, олардың еш дүниесі болған жоқ. Сол
уақытта бұл далада өздері мұқтаж бола отырып, оларды саман үйлеріне
қабылдаған қазақтар, қазақ отбасылары ғана өмір сүрді. Саманнан
жасалған екі бөлмелі үйде тұрған біздің отбасы үш баласы бар
жанұяны қабылдап алды. Көз алдымда әрқашан, әрқашан олардың
бөлменің бір бұрышына жиналғанын елестете беремін, олар қорқып
тұрды - киімдері жыртылған, аш, тозып кеткен. Олар біздің отбасында
өмір сүрді, жұмыс істей бастады, өмір бойы алғыс айтып өтті. Мен
оның балаларымен дос болдым", - дей келе, "Қазақстан халқы
Ассамблеясының құрылған күнінде - 1 наурызда, басқа уақытты қойса
да болады - барлық ұлттың бір - біріне және осы адамдарды
қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп
белгіленсе әділетті болар еді", - деп
нақтылады.
ІІ
жүргізуші:Олай болса осындай тамаша
күнде жиналып отырған ЭС-16 және ПДС-15о оқу топтары арасында
ұйымдастырылып отырған ашық тәрбие сағатымызды ашып беруге және
алғашқы алғыс тілегі тыңдауға сөзді колледж директорының оқу-тәрбие
жұмысы жөніндегі орынбасары Бауыржан Сайдуллаұлына
береміз.
І
жүргізуші:Сіздерге де ризашылық
білдіреміз,
Қуанышқа толы болсын
күндеріңіз,
Уақыттың алтын сәтін
аялайық,
Күтіп қалар,сайыскер
достарымыз.
І
Іжүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын
берілетін тапсырмалармен таныстырып
өтсек.
-
Сәлемдесу «Сәлемің түзу
болсын»
-
Шығармашылық кезең «Ризамын
саған....»
-
Сұрақ-жауап кезеңі « Әр елдің салты
басқа»
-
Есте сақтау кезеңі «Адасқан
алғыстар»
-
Жағдаяттардан шығу
«Тапқырлық»
-
Қорытынды «Мың алғыс,тілегім
шексіз»
І
жүргізуші: Сайысымыздың алғашқы кезеңі
бойынша сәлемдесу кезеңі
«Сәлемің түзу
болса».Екі топ өзара
сәлемдесіп,топтарын таныстырып
өтеді.
І
Іжүргізуші: Рахмет,сайыскерлер!Келесі
кезеңде сіздердің қаншалықты ұйымшыл,қиялдарың ұшқыр екендігі
сыналмақ.Бұл кезеңде сіздерге берілген плакатқа стикарлер мен
маркерлер көмегімен берілген тапсырмалар бойынша ризашылықтарыңды
бір ауыз сөзбен ғана жазып
шығасыздар.
Берілетін сөздер: «Ризамын
саған.......
Ана- өмір сыйлаған
үшін
Әке- қорған болғаны
үшін
Дала- гүлдері мен көк шалғыны
үшін
Сөз- жанды тебіренткені
үшін
Күн- шуағы мен назара
үшін
Жұлдыз- қараңғы түнде жарығы
үшін
Дос- адалдығы
үшін
Әже- аялы алақаны
үшін
Су- тіршілік көзі
үшін
жер- жемісі мен азығы
үшін
от- жылулығы
үшін
ел- қамқорлығы
үшін
І
жүргізуші: Сайыскерлер өз топтарыңыздың
жұмысымен таныстырып өтсеңіздер .
ІІ
жүргізуші: Рахмет,достар! Қазақ елі сан
алуан ұлт өкілдерін бауырына басқан киелі ел. Ұлты мен ұлысына
қарамай тең дәрежеде сыйласып келе жатқан өзге ұлт өкілдерінің
салт-дәстүрін,әдет-ғұрпын білеміз ба?«Білімді мыңды,білекті бірді
жығады» демекші,сайысымыздың
«Әр елдің салты басқа
атты» кезеңіне де жеттік.Бұл кезеңде
сіздер ұяшықтарға жасырынған тапсырмаларды орындайсыздар. Бірініші
болып ұяшық таңдайтын------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
-
Қазақстан Республикасында
«Алғыс айту» күні қашаннан бері тойланады?- 14.01.2016жылы
Қазақстан Халықтар Ассамблеясының 20 жылдық сессиясында Қазақстанға
айтқан «рахметі» күні 1-наурыз Алғыс айту күні деп
белгіленді.
-
23 қараша -«День
благодарственности труду» қай елдің мерекесі және қашаннан бері
тойланады?- Праздник урожая 1948жылдан бастап
Японияда
-
Қай елде өз достары мен
туысқандарына алғыс айтуға болмайды,тек жақын таныс емес адамдарға
ғана ризашылық айтылады және оны қалай атайды?-Хинди-DHANYARAD
SHUKRIYA-урду
-
Мұғалімге сабақты қызықты
немесе лекцияны түсінікті етіп оқығаны үшін ризашылықты қол
соқпай,үстелді ұрып білдіретін
ел?-Германия
-
«Сыйлық маңызды емес, ең
маңыздысы көңіл» ұстанымын нағыз ұстанатын ел қалай
аталады?-Филипин
-
Германия елінде
750-1050жылдардан бері пайдаланылып келе
жатқан
«рахмет» сөзіне айналған сөз
және оның бере негізгі мағынасы?-
DANKE-ойлау-«мен сені өз
ойымда сақтаймын».
7.Алғыс айту күні алғаш рет қай
елде қашан пайда болған,тарихы
туралы
не білесіздер?-1621 жылы
ағылшын колонистерінің бастамасымен
тойланған. Ашаршылықтан көңіл
кқтеру үшін Уильс Бредфорд 4 түйе
тауық атып алған. 1789 жылы
Вашингтон «Ұлттық мереке»деп
жариялайды.
8.Күнделікті өзіміз қолданып
жүрген «спасибо» сөзінің түпкі
мағынасы
нені білдіреді? – «Спаси
Бог!»
І
жүргізуші: Рахмет,сіздерге сайыскерлер!
Алғыс айтудың да өз тарихы мен мән –мағынасы ашып,білсек те мән
бере бермейтін сан алуан мағлұматтармен таныс
болдық.
ІІ
жүргізуші: Телжан,қазақ елі үш тілді тең
меңгерген үштұғырлы дамыған елдер қатарына енуді өз алдына мақсат
етіп қойғанын бәріміз білеміз. Қазіргі таңда жастарымыз үш тілде
ғана емес,сан алуан шетел тілдерін меңгерген. Бүгінгі сайысымызда
достарымыздың тілдерді меңгеруі мен есте сақтау қасиеттерін де
сынар кезеңге келіппіз.
І жүргізуші:
«Өз тілің бірлік үшін,өзге тіл
тірлік үшін» демекші бүгінгі тақырыбымызға байланысты ризашылық пен
алғысты білдіретін «рахмет» сөзін қазақстандық өзге ұлт өкілдері
қалай айтады екен соны білсек.Құрметті сайыскерлер.Сіздерге
«рахмет» сөзін қай елде қалай айтылатынын қазір айтып өтеміз,Сіздер
айтылған сөздерді қай елдікі екенін есте сақтап қалуға
тырысыңыздар.
ІІ
жүргізуші:Сіздерге таратпалар
таралтылады,онда өзге тілдегі рахмет сөзі мен ел атауы
берілген.Сіздер қай елде қалай аталатынын 2 минут ішінде құрастырып
шығуларыңыз керек.Сонымен
бастаймыз:
І
жүргізуші:
-
Орысша
–спасибо
-
Ағылшынша- thank
you
-
Дат
тілінде- так
-
Филипин
тілінде-саламат
-
Түрікше-саголун
-
Жапонша-дото
-
Моңғолша-бауарлала
-
Арабша-шоукран
-
Африка
тілінде-саха
-
Қытайша-чи-чек
-
Болгарша-дзякую
-
Италянша-грация
-
Тәжікше-рахмат
-
Чечен
тілінде-баркал
-
Осетин-бузныг
І
жүргізуші:Біздің сайыскерлер тапсырманы
орындап болғанша кезекті ПДС-15о оқу тобыны оқушысы Карима
берсек.Сиясы кеппеген туындысымен осында отырған баршамызға алғысын
білдірсем дейді.
ІІ
жүргізуші:Рахмет,Карима.Сайыскерлер
берілген уақыт аяқталды.Сонымен сөз кезегі
сіздерде.
І
жүргізуші:Бибінұр, мен таңертең сабаққа
оятқан анамды ренжітіп қойып едім,енді бүгін ол кісіге қалай рахмет
айтам,не істерімді білмей тұрмын?
ІІ
жүргізуші:Менің кейде сондай жағдайға
тап болатыным бар,алайда тапқырлығыммен ондай жағдайлардан шығып
кетемін.Біздің сайыскерлердің де тапқырлығын сынап
көрейікші,Телжан!
І
жүргізуші:Ия,ия,бәлкім менің де не істеу
керектігім шешіліп қалар.Достар,қазір сіздерге жағдаяттар
беріледі,Сіздер сол жағдайдан қалай шығар едіңіздер,соны тыңдап
көрелік!
ІІ
жүргізуші:
1-жағдаят: Кеше тарих пәнінен бақылау
жұмысы болды. Сіз сабаққа дайын болмай, досыңыздан көшіріп
алдыңыз.Бүгін оқытушы бақылау парақтарын таратып,екі оқушының
жұмысы бірдей,көшірілген деді де,досыңыздың фамилиясын айтып,екі
қойды. Досыңыз сізге бір қарап,үнсіз қалды Ал сіз оған алғыс күніне
кешегі көмегі үшін рахмет айтып,түскі асқа шақырмақшы едіңіз.Егер
оқытушыға көшіргеніңізді мойындасаңыз,сынақтан құлап шәкірақыдан
айрыласыз.Енді не істейсіз?Сіздің әрекетіңіз
қандай?
2-
жағдаят.Сіз таңғы ұйқыңызды
қимай,төсектен тұрмай қиялдап жатырсыз.Бүгінгі алғыс күніне
әкеңізге тамаша көңіл кұй сыйламақсыз.Кенет әкеңіз келіп,ұрса
бастады.Сіздің сырт киіміңдің қалтасынан жерге шылымыңыз түсіп
қалыпты.Ал сіз бүгінге дейін әкеңізден шылым шегетініңізді жасырып
келдіңіз.Сіздің әрекетіңіз
І
жүргізуші:Мың алғыс ,достарым! Мен шешім
таптым.
ІІ
жүргізуші:Құрметті
қонақтар,ұстаздар,оқушылар! Бұл күн әлі елімізде дәстүрге айнала
қоймаған күндердің бірі.Сондықтан осындай сәтті
пайдаланып,бір-бірімізге деген ыстық ықыласымыз бен шексіз
ризашылығымызды білдірейік.Сайысымыздың соңғы
бөлімі- Мың алғыс,тілегім
шексіз».Сіздердің алғыс күніне айтар
ізгі тілектеріңізге кезек берейік.
І
жүргізуші:Сайысқа келіп отырған баршамыз
үнсіз ғана таратылған жүрекшелерге тілегімізді жазып,тілек ағашына
жапсырсақ.
І
жүргізуші:Міне,бүгінгі шарамызда өз
мәресіне жетті.Сайыс қорытындысы дайын болғанша кезекті әсем әнге
берейік.
І
жүргізуші: Достар,жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой,
кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңдар, «Рахмет» деген
қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген
сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңде сақтаңдар.
Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат –Анаға
мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа
бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін
алғыс айтуды ұмытпаңдар!
І
жүргізуші:Сайысымызды қорытындылап,
жеңімпаз топты айту үшін сөз кезегі
-------------------------------------------------------------------берілді.
І
жүргізуші:
Аллаға әуелі
рахмет!
Тірлікті мынау
жаратқан.
Анаға шексіз
рахмет!
Ақ сүт берген,
толғатқан.
Әкеге айтам мың
алғыс!
Ұрпақтар жібін
тарқатқан.
Бауырға туған
рахмет!
ІІ
жүргізуші:Қолдаған, сүйген,
жұбатқан.
Ұстазға ұлы
рахмет!
Нәрімен білім
сусатқан.
Балалық досқа
рахмет!
Қуанған бірге
мұңдасқан
. Сол жанға айтам мың
алғыс!
Сезімі үшін
жылытқан.
Халқыма туған
рахмет!
Шыңдаған, елге
танытқан.
І
жүргізуші:Қазаққа дархан
рахмет!
Салт-санасын
сіңірген.
Жеріме байтақ
рахмет!
Таза ауа үшін
сімірген..
Барша әлем, саған
рахмет!
Әр күнім үшін
кешірген
Бірге: Сіздерге шексіз
рахмет
Бұл күнді бізбен бөліскеніңіз
үшін.
І
жүргізуші:Бүгінгі шарамыз өз мәресіне
жетті,келіп тамашалағандарығыз үшін
Мың
алғыс