жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 қыркүйек - Білім күні! Мектепке даярлық тобында ашық сабақ
1 қыркүйек — Білім күні!
Білім беру саласы: «Әлеумет»
Мақсаты мен міндеттері: балалардың мектеп туралы түсініктерін кеңейту; балаларға білім күні мерекесінің қоғамдық маңыздылығын көрсету; мектеп керек – жарақтарымен таныстыру; балалардың сөйлеуін, ойлауын, есте сақтауын дамыту; оқу іс-әрекетіне қызығушылықты тәрбиелеу, қуаныш әкелу, көңілді мерекелік көңіл-күй қалыптастыру. ұқыптылыққа, достыққа және адамдарға қамқор болуға тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: иллюстрициялар, оқу құралдары, сөмке
Жүргізуші:
Кел балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық,
Оқысаңыз балалар
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенін алдынан
Іздемей – ақ табылар.
Сәлеметсіздер ме, балалар! Сендер бүгін қандай мереке екенін білесіздер ме?
Бүгін 1 қыркүйек – Білім күні. Бұл күн жаңа оқу жылының бастамасы. Мектепке баратын балалардың көңіл-күйлері қандай болады қалай ойлайсыңдар?(көңілді, қуатышты) Олар көптен көрмеген достарын, мұғалімдерін сағынып, мектепке асығып барады. Өйткені мектепте жаңа білім алып, көптеген қызықтармен танысатын болады.Ал сендердің бүгін мектепке барған аға-әпкелерін бар ма?
Балалар 1 жылға есеіп өсіп қалды. Сендерде өсіп қалдыңдар, енді даярлық «Жұлдыз» тобына көштіңдер. Кәне, қалай өскендерінді көрсетіндерші!(Балалар қолдарын жоғары созып, аяқтың ұшына тұрып өскендерін көрсетеді)
Қалай өсіп, есеіп қалғансыңдар!Ал ақыл-ойларын өсті ме қазір тексеріп көрейік.

Доппен ойын "Керісінше айт".
Мен «жоғары» саған десем
Жауап бересін сен... (төмен)
Мен "алыс" айтсам айқын
Жауап бер тезірек... (жақын).
Мен "төбе" десем бірден,
Сен айтарсын не?... (еден).
Айтсам егер мен «жоғалттым»
Сен айтарсың мен ... (таптым).
Мен "қорқақ" сөзін айтамын»,
Сен айтарсың жоқ...(батыр),
«Басы» десем мен оны,
Сен айтарсың жоқ...(соңы)
Жүргізуші: Жарайсыңдар!Өте ақылды екенсіңдер!
Ал енді сендердің ептіліктерінді сынап көрейік.
Ойын «Күн мен жаңбыр»

Мектеп "Иллюстрациясы»
- Суретте кім бейнеленген? (Балалар). Олар не істеп жатыр? (Мектепке бара жатыр.) Олардың киімдері қандай? (Әдемі, таза). Дұрыс, мектептегі балалар арнайы киіммен жүреді, ол форма деп аталады. Ал балалардың арқасында не бар? (Сөмке,). Бұл сөмке балаларға не үшін қажет? (оның ішіне оқулықтары, дәптерлері бар). Дұрыс. Олар қайда бара жатыр? (Мектепке) Бұл қыз бен ұлды бір сөзбен қалай атауға болады? Мектепке баратын балаларды қалай айтамыз? (Оқушылар)
Жұмбақтар
Енді жұмбақтарды тыңдап, шешіп көріңдер:
Қабат-қабат қаттама.
Ақылын болса аттама. (Кітап)
Жұқа тақтай бөлшегi,
Ұзындықтың өлшемi. (Сызғыш)
Ұшымен қазық
Тор көздi жазық.
Үстiне өттiм,
Асыл сөз жазып. (Дәптер)
Қабы сояу,
Дiнi – бояу. (Қарындаш)
Жүргізуші: Осының бәрін бір сөзбен қалай айтуға болады? Кітап, дәптер, сызғыш, қалам, желім, ермексаз, Бұл оқу құралдары. (Экранда көрсету)
Бүгін Білім күні. Бүгіннен бастап бізде де , мектепте сияқты сабақтар өтеді.Біз сендермен санаймыз, әріп үйренеміз, сурет саламыз, ендігі жылы мектепке баруға дайындаламыз.
Ойын «Мектеп сөмкесін жина»
Балалар 2 командаға бөлініп, үстелде жатқан оқу құралдарын жинп алуы керек.

Жүргізуші: Жарайсыңдар! Бәрін дұрыс жасадыңдар!
Балалар ал сендер адамдар білімді қайдан алатынын білесіңдер ме?Білімнің көзі не екен?
Кітап – білім бұлағы, тіпті кішкентай балалар да кітаптағы суреттер қарап білім алады. Кітап біздің досымыз. Кітаптарды үлкендер де, балалар да жақсы көреді. Ал ең көп кітап қайда болады?
(Балалардың жауаптары).
Жүргізуші: Әрине, кітапханада.(экранда көрсету) Кітапхана кітаптар сақталатын жер. Ол жерге барып адамдар кітап оқи алады, немесе кітапты үйге алып оқуға болады. Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, кітапты көптеген балалар пайдалана алатындай кітаптарды қалай қолдану керек?
(Балалардың жауаптары)
Жүргізуші: (балалардың жауабынан кейін қорытындылайды):
1. Жыртпау, майыстырмау, кітапқа ұқыпты қарау.
2. Беттерді абайлап ашу.
3. Кітаптарға сурет салуға болмайды.
4. Уақытында "емдеу" - жыртылған беттерін, сыртын желімдеп, жапсыру.
5. Кітаптардың үстіне жиналған шаңды сүрту.
6. Кітаптарды арнайы сөреде ұстау.
Жүргізуші: Ал сендердің кітап сөрелерінде қандай кітаптар бар?
Балалардың жауаптары: Ертегілер.
Жүргізуші: Маған сүйікті ертегілерінді қандай екенін айтындыршы
(Балалардың жауаптары).
Жүргізуші:Кітаптармен достасқандарымыз қандай жақсы!
Ал қазір біз сендермен ойнаймыз.
"Кім ертегілерді көбірек атайды"ойыны.
Дымбілмес келеді.
Дымбілмес:
Cәлеметсіз бе!
Жүргізуші: Дымбілмес, ал сен білесің бе, бүгін бізде Білім күні мерекесі.
Дымбілмес: Мен ештеңе білмеймін.
Жүргізуші: Сен ештеңе білмейсің бе?
Дымбілмес: Мен өлеңдерді, тақпақтарды білемін.
Жүргізуші: Оларды бізге айтып берші. Біз өлең тыңдағанды жақсы көреміз.
Дымбілмес: Қуыр қуыр қуырмаш қасқырларға бидай шаш
Балалар: Балапанға
Дымбілмес: Иә, қателестім кішкене
Аң патшасы – қоян,
Ақылды да данышпан.
Қамын ойлап орманның,
Келе жатыр алыстан.
Балалар: Аң патшасы – арыстан!
Дымбілмес: Мен тағы да қателестім бе?
Балалар: Иә.
Дымбілмес: Айгөлек-ау, айгөлек!
Айдың жүзі елгезек,
Айдай толған кезімде би билеймін дөңгелеп!
Балалар: Айгөлек-ау, айгөлек!
Айдың жүзі дөңгелек!
Жүргізуші: Рахмет, саған Дымбілмес, бізді көп күлдірттің.Тақпақ біледі екенсің, бірақ бәрі теріс тақпақтар.
Жүргізуші: Балалар неліктен, дымбілмес ештене білмейді?
Балалар: ол оқуды қаламайды
Жүргізуші. Дұрыс, ол шыдамдылық танытпайды, бәрін бірден қалайды. Қазақ халқында мынадай мақал-мәтелдер тараған:
«Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар»
«Оқу – білім бұлағы»
«Екпей егін шықпас,
Үйренбей білім жұқпас»
Жүргізуші: Біз ақылды адамдар болу үшін көп білім алуға тырысу керек деген қорытынды жасай аламыз.
Мен сендерге қызықты ойын ойнауды ұсынамын.
Егер сендер менің айтқандарыммен келіссеңдер, онда "бұл Мен, бұл Мен, бұл менің барлық достарым"деп жауап беріңдер. Егер менімен келіспесеңдер, онда үндемеңдер.
Таңертең ерте тұрады,
Балабақшаға барады.
Жаттығу жасайды,
Апайды тыңдайды.
Түске дейін ұықтайды,
Үсті басын кір ұстайды.
Үлкендерді сыйлайды,
Кішілерді жылатпайды.
Мысықтарды қуады,
Торғайларға тас лақтырад,
Анасының тілін алмайды,
Ылғи бұзық болад.
Сәлем береді бәріне,
Үлкенге де кішіге.
Әп-әдемі, тап-таза
Бұл бала бізде кім болса?
- Бүгін біз не туралы айттық? (Мектеп туралы). Мектепке баратын балалар қалай аталады? (Оқушылар). Оқушыларға арналған арнайы киім қалай аталады? (Форма). Сендер қандай оқу құралдарын білесіңдер? (Дәптер, қалам, қарындаш, бояулар, ермексаз).
шағым қалдыра аласыз




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген