1 қыркүйек білім күні

Тақырып бойынша 11 материал табылды

1 қыркүйек білім күні

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім күніне арналған сабақ жоспары сынып жетекшілерге көмек бере алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ХИМИЯ-БИОЛОГИЯ БАҒЫТЫНДАҒЫ

НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ

Мектеп миссиясы: Әлемді жақсартуға үлес қосатын адамгершілігі мол, зияткер тұлғаны дамыту мен қайраткер азаматты тәрбиелеуге ықпал ету.

Бекітемін_____________ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Уақыт ұзақтығы: 40 минут

Мерзімі: 01.09.2023 ж.


Сынып: 7-12

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

«Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт»

Сабақ мақсаты

Білімді, саналы, еліне адал қызмет атқаратын, патриоттық сезімі жоғары жеке тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері

-Сыныптың жағымды микроклиматын және жаңа оқу жылына жағымды көңіл-күй қалыптастыру;

-Білімге деген оң көзқарас, ұлтжанды мінез-құлық негіздерін қалыптастыру;

-Отаншылдық, әділеттілік, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту.

Сабақ соңына күтілетін нәтиже:

Оқушылар әділеттілік, құрмет және азаматтық сана құндылықтарымен таныса отырып ой-өрістері дамиды.

Тілдік мақсаттар

Тақырыпқа қатысты бейнематериалды көру арқылы ауызша талдау, пікір бөлісу (тыңдалым, айтылым).

Сабаққа қатысты лексика мен терминология:

Әділетті Қазақстан, әділетті қоғам, табысты ұлт, адал ұрпақ, білім, ынтымақтастық, жауаптылық, академиялық шындық, шынайылық, құрмет.

Құндылықтарды дарыту

Білімге құштарлық, еңбексүйгіштік, отансүйгіштік, ынтымақтастық, өмір бойы білім алу, жауапты азаматтылық позиция, академиялық шындық, шынайылық, өзіне және айналасындағы адамдарға құрмет

Пәнаралық байланыстар

Қазақстан тарихы

АКТ қолдану дағдылары

https://youtu.be/LWV8Y38a124?si=TzKBksAC3GHM0bjy



САБАҚ БАРЫСЫ

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту сәті


3 минут

Ұйымдастыру сәті. Амандасу. Стикерлер арқылы оқушыларды 4 топқа бөлу.

(2023-2024 оқу жылымен құттықтау.)

«Жүректен жүрекке» оқушылар бір-біріне тілек айтады. Мысалы, - еңбегің жемісті болсын! Еңбек етсең емерсің деген. Білімдіге дүние жарық! т.б.

«Миға шабуыл» әдісі арқылы тәрбие сағатының тақырыбы мен мектеп миссиясын байланыстыру.

Мектеп миссиясы: Әлемді жақсартуға үлес қосатын адамгершілігі мол, зияткер тұлғаны дамыту мен қайраткер азаматты тәрбиелеуге ықпал ету.


Сабақтың ортасы

Мағынаны тану кезеңі

2 минут (бейне дерек).



5 минут (сұраққа жауап).















5 минут





















17 минут

(Дайындық уақыты- 4 мин, қорғау уақыты- әр топқа 4 минут)

Елімізде отаншыл, жасампаз, батыл, дарынды, білімді, озық әрі еңбекқор жандар өте көп. Мен осындай азаматтарды көргенде болашағымыздың жарқын боларына зор сеніммен қараймын.Тәуелсіз Қазақстанда рухы азат, көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақ өсіп келеді.

Қазақстан Республикасының Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаев.



Бейнероликпен жұмыс:

Сұрақтар:

  1. Мұндай жобалардың еліміз үшін, әлем үшін маңызы қандай?

  2. Сіз өзге қандай өнертабыстарды білесіз?

  3. Қоғамда қандай өнертабыстар жетіспейді? Қандай жаңа технологиялар керек деп ойлайсыз?

  4. Болашақта сіз қандай жаңа өнертабыс ойлап тапқыңыз келеді?


2022 жылдың 1 қыркүйегінде жарияланған Қазақстан Республикасының Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын негізге алатын болсақ:


Топтық жұмыс: Әр топқа жеке мақалаларды таратыңыз.

1-топ: Әділетті мемлекет

2-топ: Әділетті экономика

3-топ: Әділетті қоғам


Топқа берілген тақырыптар бойынша қазіргі Қазақстандағы жаңалықтар мен жетістіктерді, түрлі мәселелерді анықтап, өз ұсыныстарыңызды білдіріңіздер. (Дайындық уақыты- 5 мин, қорғау уақыты әр топқа - 3 минуттан)


Слайд




Бейнеролик

https://youtu.be/LWV8Y38a124?si=TzKBksAC3GHM0bjy



Мақала сілтемесі: https://egemen.kz/article/327904-adiletti-qazaqstan-barimiz-dgane-arqaysymyz-ushin-qazir-dgane-ardayym



Сабақтың соңы

Қорытындылау кезеңі

3 минут




Әділетті Қазақстанды Адал азаматтар құрады. Бұл – бір-бірімен өте тығыз байланысты ұғымдар. Отанға, отбасына адалдық – парасаттылық пен адамгершіліктің белгісі. Адал еңбек етіп, адал табыс тапқан адам жетістікке жетеді, құрметке ие болады. Ұлы Абай «Адал еңбекпен мал іздемек – арлы адамның ісі» деген. Ал, арлы адам әділетсіздік жасамайды.







Кері байланыс

5 минут
















































1-топ

Әділетті мемлекет

Азаматтар құқығын қорғау

Азаматтардың құқықтарын қорғау және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету құқық қорғау қыз­метінің негізгі басымдығына айналады.

Бизнестің ісіне орынсыз араласу фактілері, сол сияқты лауазымдық өкілеттілікті теріс пай­да­ланудың басқа да формалары біржола келмес­ке кету керек.

Ол үшін жақын арада қылмыстық және қыл­мыс­тық-іс жүргізу заңнамасына ревизия жүр­гі­зі­л­еді.

Азаматтарды қылмыстық процеске мейлінше аз тарта отырып, барлық рәсімді шындықты то­лық ашу тұрғысынан оңтайландыру қажет.

Жауапкершілікті белгілейтін заңдар, ең алды­мен, әділ болуы керек, сондықтан құқық­бұзу­шылық жасағаны үшін белгіленетін санкциялар жүйесі де өзгереді.

Сондай-ақ қоғамдық жұмыстарды қолдану аясы кеңейтілетін болады.

Құқыққорғау органдары отбасылық-тұр­мыс­тық зорлық-зомбылық, есірткі қылмысы, алаяқ­тық, қаржы пирамидалары сияқты отандастары­мыз ең көп зардап шегетін қылмыстарға назар аударуы керек.

«Ақжағалылар» қылмыстарымен күрес сала­сын­да сыбайлас жемқорлықты түбірімен жою басты басымдық болып қала береді.

Сондай-ақ, қылмысты тіркеуден гөрі, тиімді түр­де оның алдын алуға баса назар аудару қажет.

Осы мақсатта:

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес­ті жалғастыра береміз.

  • ХХІ ғасырдың кәсіби, сервистік Қазақстан по­лициясын құрамыз.

  • Азаптау мен адамның қадір-қасиетін тө­мендететін және азаматтардың денсаулығына зиян келтіретін тергеудің басқа да рұқсат етіл­ме­ген әдістерінің алдын алу үшін шаралар қолда­на­мыз;

  • Есірткімен, әсіресе синтетикалық препараттармен күресудің тиімділігін арттырамыз;

  • Азаматтардың конституциялық құқық­тары­ның сақталуына прокурорлық қадағалауды күшейтеміз.

  • Азаматтардың құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі шешімдер әзірлеуге қатысуын кеңей­теміз.

  • Заң жауапкершілігін одан әрі күшейтуді қоса ал­ғанда, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зом­бы­лық­қа қарсы іс-қимыл бойынша неғұрлым тиімді шаралар кешенін қабылдаймыз.



Ел қауіпсіздігі

Еліміздің тәуелсіздігін, тұтастығы мен ұлт­тық қауіпсіздігін қамтамасыз ету – барлық аза­мат­тың қасиетті борышы, Қарулы Күштеріміз бен сыртқы саясатымыздың басты міндеті.

Біз әскерімізді жаңғыртуды және әскери қыз­мет жағдайын жақсартуды жал­ғастырамыз.

Аумақтық қорғанысты нығайту мен әскери бі­лім беру сапасын арттыру шараларын қабыл­дай­мыз.

Әскери қызметкер Қазақстан патриотизмінің жә­не болашаққа деген сенімділіктің жарқын үлгі­сі болады.

Осы мақсатта:

  • Біз ұлттық мүддені мүлтіксіз қорғауға, өңір­лік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тетіктерін да­мытуға бағытталған теңгерімді сыртқы сая­сат жүргізетін боламыз;

  • Қазақстанның БҰҰ аясындағы халықаралық қауіп­сіздік жүйесін нығайтуға қосатын үлесін арт­тырамыз;

  • Еліміздің әскери қауіпсіздігіне қауіп төндіре­тін сын-тегеурінге сай әрекет ете алатын озық қару-жарақ, басқару жүйесімен жабдықталған жо­ғары технологиялық және ұтқыр әскер құруды жалғастырамыз;

  • Қазіргі заманғы технологиялар трансферті мен өндірістің жоғары шоғырлануын ескере оты­рып, қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту бойынша шаралар қабылдаймыз.

  • Әскери білім беру жүйесін жетілдіреміз, оны кә­сіби әскери кадр даярлауға бағыт­таймыз, сон­дай-ақ әскери ғылымның деңгейін көтереміз.

  • Әскери қызметтің беделін, әскери қызметші мәр­тебесін, Қазақстан армиясының абыройын арттырамыз.

  • Жастарды Қазақстан халқына адалдық ру­хындағы патриоттыққа, Отанды қорғау әс­кери борышын бұлжытпай орындауға тәр­бие­леу­дің жаңа тәсілін енгіземіз.

Қазақстан Республикасының Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан

https://egemen.kz/article/327904















































2-топ

ӘДІЛЕТТІ ЭКОНОМИКА

Қазақстандағы олигополиялық капитализм әлеуметтік теңсіздік пен ішкі нарықтың тең­герім­­сіздігін тудырды. Компаниялардың кейбірі тіпті ауыр дағдарыста да көп табыс тапты.Монополистер қызметін адал атқармай, аза­маттардың нақты табысының өсуіне кедергі кел­тіріп, оларға «кедейлік қамытын» кигізді жә­не орта таптың нығаюына жол бермеді.

Біз экономиканың даму моделін түбегейлі өз­гертеміз.

Экономика монополиясызданады, ал мем­ле­кет бизнес саласына араласуын айтарлықтай азайтады.

Адал бизнес бюрократиялық қысымға ұшы­ра­­­майды. Біздің барлық күш-жігеріміз кә­сіп­кер­лік­ті ынталандыруға және қорғауға ба­ғыт­талады.

Құнды активтерді жекешелендіру ісі қатаң бақылауда болады, оны шағын топтың иеленіп кетуіне жол бермейміз.

Заңсыз алынып шетел асырылған активтерді елге қайтару жұмысын жандандырамыз. Оның игілігін бүкіл халқымыз көретін болады.

Елімізде ұлттың әл-ауқатын қамтамасыз ете­тін ресурстар жеткілікті.

Қазіргі кезде азаматтардың табысы эконо­ми­калық әлеуетімізбен салыстырғанда әлдеқай­да төмен. Бұл ахуал, негізінен, Қазақстанда ши­­­кізатты ауқымды өңдеу ісінің жолға қойыл­мауына байланысты қалыптасты. Сондықтан дайын өнім шығару үшін бизнеске қолжетімді шикізат жеткізуді қамтамасыз етеміз.

Әділетті Қазақстанда заң талаптарын сақтай­тын кез келген шағын, орта және ірі бизнеске лайық­ты жағдай жасалады.

Экономиканың барлық саласында тұрақты жұ­мыс орындары ашылады. Барлық өңірді ке­шенді дамытуға ерекше назар аударылады.



Мемлекеттің әділетті және айқын экономикалық саясаты

Мемлекет салық, бюджет, ақша-несие және тарифтік саясатты теңгерімді әрі ашық жүргізеді.

Салық саясаты шикізаттық емес экспортты жә­не ішкі өндірістер құруды ынталандырады. Қолайлы инвестициялық ахуал қалыптас­тыры­латын болады. Ұлттық қордың толығуы мен жұм­салуына бақылау күшейтіледі. Осылайша, біз өскелең ұрпақтың жарқын болашағын қам­тамасыз етеміз.

Бәсекеге қабілетті бизнестің дамуына кедергі кел­тіретін нәрсенің бәрі жойылады. Бұл етек жайып кеткен мемлекеттік монополияларға да, көлеңкелі экономикаға да қатысты. Мемлекет жеке бизнес жұмыс істеуге дайын емес салаларға ғана белсенді қатысады.

Еңбек кірісінің өсуі мен инфляцияны тежеу есе­бінен азаматтардың әл-ауқатын арттыру жө­нінде жүйелі шаралар қабылданады.

Экономикалық саясаттың тиімділігі ІЖӨ-нің өсуі бойынша ғана емес, ең алдымен сапалы жұ­мыс орындарын құру, азаматтардың нақты та­бысын ұлғайту, білім деңгейін арттыру, қоғам­ды денсаулық сақтау қызметтерімен қамтамасыз ету бойынша бағаланады.

Азаматтардың адал өнімді еңбегі құрмет­те­леді, қорғалады және оған лайықты еңбекақы төленеді. Қызметкерлердің мансаптық бола­ша­ғы мен табысы олардың кәсібилігіне, жауап­кер­шілігі мен әбжілдігіне байланысты болуы керек.

Біз жұмысшы құқықтары мемлекеттің қатаң қа­дағалауымен және күшті кәсіподақтармен қам­тамасыз етілетін бәсекеге қабілетті және қауіп­­­­сіз еңбек ортасын құрамыз.

Мемлекет заңға бағынатын кәсіпкерлерді не­гізсіз әкімшілік қысымнан және тексеруші құ­ры­л­ымдардың себепсіз араласуынан қор­ғай­ды.

Елдің өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны күшейеді. Ел ішінде тиімді индустриялық тізбек құру жұмысы қолға алынады. Мұнда бірте-бірте неғұрлым терең өңделген өнімдер шығарылады.Өнімділік пен бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды жаңғырту жүргізіледі.

Біз индустрияның базалық салаларын кү­шей­теміз. Табиғи байлықтарымызды: мұнай, газ, минералдарды барлау мен өндіруге тың сер­пін береміз. Өнеркәсіптің жаңа секторларын және жоғары бөліністі өнімдерді кезең-кезеңі­мен құруға көшеміз.

Жаңа өндірістерді инфрақұрылымдық тұр­ғыдан қолдау ұлғая береді. Химия өнеркәсібін дамытуды жалғастырамыз.

Мемлекет озық технологиялары бар ірі инвесторларды тарта отырып, ауқымды геология­лық барлау жұмыстарын бастауға қабілетті жаңа «ойын ережелерін» қалыптастырады. Бұл ретте жергілікті қамту мен технологиялар трансфертін барынша қамтамасыз етеміз.

Осы мақсатта:

  • Қорды сапалы басқаруды, оның сақталуын және лайықты инвестициялық табысты қам­та­масыз ете отырып, Ұлттық қордың актив­терін 100 миллиард долларға дейін ұлғайтамыз.

  • Көлеңкелі экономика деңгейін ЭЫДҰ елдері­нің көрсеткішіне ІЖӨ-нің 15%-ына дейін тө­мендетеміз.

  • Мемлекеттің экономикадағы қатысуын 2025 жылға қарай 14%-ға дейін қысқартамыз.

  • Кем дегенде 150 миллиард доллар тікелей ше­тел инвестициясын тартамыз.

  • Экономиканы монополиясыздандыруды жалғастырамыз, монополистерді бақылауды және бәсекелестікті қорғауды күшейтеміз.

  • Біз салық жинау ісінің әділ, ашық, айқын болуын қамтамасыз ету үшін жаңа Салық кодексін қабылдаймыз.

  • Біз қымбат тауарларға жоғары салық мөл­шерлемесін енгіземіз.

  • Мемлекеттік қолдау шараларына ие болу ке­зінде бизнестің көлденең міндеттемелерін бел­гілеу арқылы қызметкерлердің жалақысын кө­теру­­ді ынталандырамыз.

  • Кәсіпорын кірісін өндіріс персоналы еңбекақы қорын ұлғайтуға бөлінген қаражат көлемінде салықтан босатуды қарастырамыз.

  • 2025 жылдан бастап инфляция деңгейіне байланысты ең төменгі жалақыны көтеру механизмін енгіземіз.

  • Шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар санының 4,7 миллион адамға дейін өсуін қамтамасыз етеміз.

  • Біз ішкі еңбек нарығын, еліміздің азаматтары саналатын еңбеккерлердің мүддесін қор­ғай­мыз.

  • 3,3 миллион азаматқа, оның ішінде 2,3 мил­лион жасқа жұмыс береміз.

  • Жалдамалы еңбектің қашықтан жұмыс, икем­ді жұмыс уақыты, толық емес жұмыс күні, фри­лансинг сынды жаңа нысандарын дамыту үшін еңбек заңнамасын ырықтандырамыз.

  • Біз «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заң қабылдаймыз. Онда сатып алынатын тауар­дың, жұмыстар мен қызметтің ең төменгі баға­сынан сапа басымдығы, сондай-ақ жергілікті қамту басымдығы белгіленеді.

  • Дайын өнім өндіру үшін ішкі нарыққа негізгі ма­териалдарды әлемдік бағадан жеңілдікпен жеткізуді қамтамасыз етеміз.

  • Шетелдік серіктестермен бірлесе отырып, ірі мұнай жобаларын дамытудың жаңа ұзақ мерзімді жоспарын әзірлейміз.

Қазақстан Республикасының Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан

https://egemen.kz/article/327904






















































3-топ

Әділетті қоғам

Экологиялық ойлау

Азаматтардың денсаулығы мен тұрмыс сапасына әсер ететін экология – мемлекеттік ба­сым­дықтар тізіміндегі өзекті мәселе.

Біз табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланып, қоршаған ортаны сақтауымыз керек. Қоршаған ортаны қорғаудың жаңа тәсілдерін енгізіп, таза технологияларды дамытуымыз қажет. Қоғамда экологиялық мәдениеттің деңгейін арттырамыз.

Экологиялық шығарындыларды азайтуға қол жет­кіземіз және биоалуантүрлілікті сақтауға бар кү­шімізді саламыз.

Бұл аса маңызды жұмыс экологиялық тепе-тең­дікті қалпына келтіруге ықпал етеді.

Осы мақсатта:

  • Балабақшадан бастап жоғары оқу орнына дейінгі білім берудің барлық деңгейінде экологиялық бі­лім сапасын арттыру тәсілдерін түбегейлі қай­та қарастырамыз.

  • Елдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында, бірін­ші кезекте – ірі кәсіпорында зиянды заттар эмис­­­сиясын экологиялық бақылауды күшейту есе­­бінен 20 пайызға азайтамыз.

  • Су ресурстарын ұтымды пайдалануға, қор­ғауға және тазартуға бағытталған жаңа Су кодек­сінің қабылдануын қамтамасыз етеміз.

  • Еліміздің су нысандарының экожүйесін бірін­ші кезекте оларды өнеркәсіптік кәсіпорындардың ластануынан қорғай отырып, сақтап қалуға күш саламыз.

  • Ормандар аумағын 14,5 миллион гектарға жеткіземіз.

  • Жабайы жануарлардың сирек кездесетін жә­не жойылып бара жатқан түрлері санын қал­пына келтіруге кірісеміз.

  • Барлық ірі қалада электрмобильдерге ар­нал­ған қажетті инфрақұрылым қалыптас­тыра­­­­мыз.


Қазақстан Республикасының Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан

https://egemen.kz/article/327904




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.10.2024
143
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі