1 қыркүйек "Мектебім - мейірім мекені"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

1 қыркүйек "Мектебім - мейірім мекені"

Материал туралы қысқаша түсінік
1 қыркүйек білім күніне арналған сабақ жоспарының мақсаты: оқушылар арасында ынтымақтастық, достық орта қалыптастыру, оқушы бойына мейірімділік, достық, ашықтық құндылықтарды сіңіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ХИМИЯ-БИОЛОГИЯ БАҒЫТЫНДАҒЫ

НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ

Мектеп миссиясы: Заман талабына сай әлемді жақсартуға үлес қосатын, адамгершілігі мол, зияткер тұлғаны дамыту мен қайраткер азаматты тәрбиелеуге ықпал ету.

Бекітемін _____________

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Уақыт ұзақтығы: 40 минут

Мерзімі: 01.09.2024 ж.


Сынып: 7-9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

«Мектебім – мейірім мекені»

Сабақ мақсаты

Білімді, саналы, мейірімді, еліне адал қызмет атқаратын, патриоттық сезімі жоғары жеке тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері

-Сыныптың жағымды микроклиматын және жаңа оқу жылына жағымды көңіл-күй қалыптастыру;

-Білімге деген оң көзқарас, ұлтжанды мінез-құлық негіздерін қалыптастыру;

-Мейірімділік, адамгершілік, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту.

Сабақ соңына күтілетін нәтиже:

Оқушылар әділеттілік, құрмет және азаматтық сана, мейірімділік, адамгершілік құндылықтарымен таныса отырып, өз ойы мен көзқарастарын жеткізе білуге, бір-бірін құрметтей білуге дағдыланады.

Тілдік мақсаттар

Тақырыпқа қатысты бейнематериалды көру арқылы ауызша талдау, пікір бөлісу (тыңдалым, айтылым).

Сабаққа қатысты лексика мен терминология:

Жазғы демалыс, саяхат, оқыған кітаптар, мейірімділік, адамгершілік, білім, ынтымақтастық, жауаптылық, академиялық шындық, шынайылық, құрмет.

Құндылықтарды дарыту

Білімге құштарлық, еңбексүйгіштік, отансүйгіштік, ынтымақтастық, өмір бойы білім алу, жауапты азаматтылық позиция, академиялық шындық, шынайылық, өзіне және айналасындағы адамдарға құрмет

Пәнаралық байланыстар

Қазақстан тарихы

АКТ қолдану дағдылары

https://www.youtube.com/watch?v=BKdg9ONWwRs




САБАҚ БАРЫСЫ

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту сәті

2 минут

Ұйымдастыру сәті. Амандасу.

2024-2025 оқу жылымен құттықтау.




Сабақтың ортасы

Мағынаны тану кезеңі

3 минут (бейне дерек).



5 минут (сұраққа жауап).








5 минут




20 минут

(Дайындық уақыты- 8 мин, қорғау уақыты- әр топқа 3 минут)

Оқушылар жазғы демалыстары, саяхаттары, оқыған кітаптары туралы бөліседі.

-Жазғы демалыстан алған әсерлеріңіз қандай

-Қайда саяхат жасадыңыздар?

-Қандай қызықты оқиғалар айтар едіңіздер?

-Қандай кітап оқыдыңыздар?

-Оқыған кітаптан алған әсерлеріңізбен бөліссеңіздер.

-Кітап талқылау, пікір алмасу.


Мейірімділік туралы бейнеролик көрсету.

Бейнеролик туралы пікір алмасу.


1. Мейірімділік деген не?
2. Сенің ойыңша мейірімді адам қандай болу керек?
3. Өздерің қандай мейірімді іс жасадыңдар?


«Мейірімділік торы» ойыны. Оқушылар бір-біріне жіп лақтыру арқылы жылы сөздер, тілектерін айтады. Нәтижесінде мейірімділік торы құрылады.


Стикерлер арқылы оқушыларды 4 топқа бөлу.

1-топ: Жазғы демалыс қызықтары

2-топ: Жазғы саяхат

3-топ: Оқыған кітаптар

4-топ: Жаңа оқу жылынан не күтеміз?


8 минут уақыт беріледі. Постер қорғауға әр топқа 3 минут уақыт беріледі.

Слайд



Бейнеролик


https://www.youtube.com/watch?v=BKdg9ONWwRs








Жіп

Сабақтың соңы

Қорытындылау кезеңі

2 минут




Мейірімділік — адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді. Мейірімділік адамның жоғары адамгершілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс - тіршілігін, жан дүниесін жадырататын, шат - шадыман тіршілігі үшін қажетті аса маңызды қасиеттің бірі болып саналады.
“Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық секілді ақ жүректен шығады” (Шәкәрім)


Слайд



Кері байланыс

3 минут

«Мейірімділік шапағы»

Оқушылар мейірім шапағына стикерлер жапсыру арқылы кері байланыс береді.












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.10.2024
175
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі