Алғашқы қоңырау 1 – қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын
Алғашқы қоңырау 1 – қыркүйек – Білім күніне
арналған салтанатты жиын
Мақсаты: Білім күні үлкен
мереке екенін балаларға жеткізе білу, сезіну білімге деген
құштарлығын арттыру, еліміздің білімді, тәрбиелі азаматын
елжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан туы,
шарлар, гүлдер, ұлағатты қанатты сөздер
Барысы:
1 – жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қонақтар, ата –
аналар, оқушылар. Арайлы жаздың үш айын мазмұнды да, мәнді өткізіп,
сағынышпен алтын ұя мектебімізге оралып отырған оқушыларды
құттықтаймыз.
Мектеп деген білім күні, жыр күні
Мектеп деген ғылымның ең үлкені
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені
2 – жүргізуші: Өмір бойы
мектебімді жыр етем,
Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.
Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,
Құтты болсын «Білім күнің»-
мерекең!
Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата – аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шатыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз құтты болсын!- дей отырып бүгінгі «Мектебім – мерейлі мекенім» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз
Бүгін біздің мерекемізге құрметті қонақтар
келді:
_________________________________
_________________________________
________________________________
1 – жүргізуші: Жүздеріңнен көрем
шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Мерекеңіз құтты болсын ата – ана,
Мерекеңіз құтты болсын ағайын! – деп бүгінгі мереке мектеп
табалдырығын аттайын деп отырған 1 – сынып бүлдіршіндеріне
арналады.
2 – жүргізуші: Біраз жылын
осында өткізген,
Ұстаздар – ізгі пәк жандар.
Қуана шәкірт қабылдап,
Білімнің көшін жалғаңдар.
Алғашқы әріп үйретер,
Мұқатова Әйгерім Дүйсенбайқызын шәкірттерімен қарсы
алыңыздар!
(Музыка ырғағымен 1 – сынып оқушыларын жетектеп, ұстаздары жиын өтіп жатқан алаңға шығып, ортаға 1 мәрте жүріп өтіп, арнайы дайындалған орынға келіп тұрады.)
1 – жүргізуші:
Мазмұнына өрнегі жарасқан, тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін,- дей отырып, салтанатты жиынымызға мемлекеттік туымызды алдырамыз.
2 – жүргізуші: Назар аударыңыз! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы енгізілсін.
(әнұран ойналады)
2 – жүргізуші: (Құттықтау сөздер)Жаңа оқу жылымен
сіздерді құттықтау үшін мектеп
директоры Құспек Аян Сәлімжанұлына
сөз
береміз
1 – жүргізуші
2022 – 2023 оқу жылына арналған мектеп басшысының бұйрығын
таныстыру үшін сөз оқу ісінің меңгерушісі
Тайжанова Гүлнар
Әбдіғапарқызына сөз беріледі.
1 –
жүргізуші: Бүгін қандай шаттық тола күн еді,
Бүкіл әлем ерекше бір түледі.
Балдырған жетектеген ата – ана,
Қуаныштан жарылардай жүрегі,
Білім көзін ашатынын біледі, — деп балаларын мектепке алғаш жетектеп келіп отырған ата – аналарға қадамдарыңызға гүл бітсін, армандарыңызға нұр бітсін демекпіз.
1 –
жүргізуші: Тек жүректен
арналар сөзіміз де,
Жақсылықтан жаралған жүрегіңіз.
Сөз берейік құрметпен өзіңізге,
Шәкірттерге арналсын
тілегіңіз.
Бүгінгі салтанатты мерекеміздің мәртебелі қонақтарына сөз береміз.
(қонақтардың құттықтау
сөзі)
Қонақтарға 11 — сынып оқушылары гүл
тапсырады.
2 –
жүргізуші: Қадамыңа гүл
бітсін деп ал халқым,
Қол соғып бір қошеметтеп тұр жалпың.
Ортаға
1 – сыныпқа қадам тастаған бүлдіршіндер келеді,
Жүрек жарды тақпақтарын сіздерге айтып береді.
(1 сынып
монтажы)
2 –
жүргізуші: Абзал жандар, биік
тұлға байсалды,
Құшақ жайып шәкірттерін қарсы алды.
Өздеріңе жүрекжарды сөз айтып,
Құттықтайды 11 – сынып
баршаңды.
11 – сынып
оқушысы: Оқыған әпке, ағаңыз,
Қадірлі мектеп – бұл мектеп.
Сендердей біз де болғанбыз,
Есейдік, міне, қараңыз.
Құт болып алғаш қадамың,
Жағарсың білім шырағын.
Биылғы жыл ерекше,
Ұғарсың оның шын мәнін.
11 – сынып
оқушысы: Құттықтап білім күнімен,
Сыйланар сізге әліппе.
Бар білімнің бастауы,
Қадірлеп оны дәріпте.
(Музыка әуенімен 11 – сынып оқушылары сыйлықтарын 1 – сыныптарға
сыйлайды)
1 –
жүргізуші: Қағылмақ, міне,
әуенге бөлеп,
Қағылмақ алғаш қоңырау,
Нұр толқып жүзің, гүл толып құшақ,
Шаттыққа толсын омырау.
2 – жүргізуші: Алғашқы қоңырау соғу рәсімі Жақсылық Нұрлыбек, Қабылшақ Айзере
Алғашқы қоңырау
соғылады
1 – жүргізуші: Оқитын әрі
жазатын,
Білімге қол созатын.
Оқушы болдың, қарағым,
Білімнің кілтін ашатын, — деп сөз кезегін құрметті ата –
аналарымыз ішінен
I Жүргізуші:
Аялар бейбіт күн нұры,
Мектебім, бізге жөргексің.
Алғашқы қоңырау сыңғыры
Ән болып сені тербетсін.
2 ж:
Сыңғырла қоңырау, сыңғыр қақ,
Жаңа оқу жылын ашқасын
Бал үнің сенің сырлы ырғақ
Сыныпқа бізді бастасын
1ж:
Қоңырау үні шарықта,
Өзіңнің сиқыр тіліңде
Қызмет көрсет халыққа
Шақырып өнер – білімге
Жаңа оқу жылы жемісті
Мерейі үстем жыл болсын
Шәкірттеріміз өрісті
Елім дер қыз бен ұл болсын.
II Жүргізуші:
Оқысаңыз балалар
Шамнан шырақ жағылар
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар
І -
жүргізуші: Бүлдіршіндер, сендерге артар
міндет көп,
Көтеріңдер мектептің атын
құрметтеп.
Білімнің көзін аша білсең тереңнен,
Жетелейді армандарға бұл мектеп,
Осымен 1-қыркүйек білім күніне арналған мерекелік шарамыз өзі мәресіне жетті. Салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз. Білім күні құтты болсын. Еліміз аман, еліміздің беделі асқақ болсын!
ІI жүргізуші:
Жаңа оқу жылы баршаңызға құтты болсын!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 қыркүйек сценарии

шағым қалдыра аласыз