жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1-сынып. Жер ғаламшарының көрінісі
|
Пәні: Жаратылыстану |
Сундетова Жанна |
|||
|
Күні: |
21.01.21. |
|||
|
Сынып: 1 |
|
|||
|
Сабақтың тақырыбы |
Жер ғаламшарының көрінісі |
|||
|
Оқу мақсаттары |
1.4.1.1 Жердің пішінін оның жасанды моделі негізінде анықтау |
|||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушы: Жер пішінін сипаттап біледі. Көптеген оқушылар: Жер пішінін сипаттай отырып, оның көгілдір және сопақша екенін біледі. Кейбір оқушылар: Жердің өз осінен айналуы Күн мен Айдың қатысу арқылы болатынын байқайды. |
|||
|
Ойлау дағдыларының деңгейлері |
Білу және түсіну. Салыстыру. |
|||
|
Бағалау критерийі: |
сипаттайды |
|||
|
Тілдік мақсат: |
Ғаламшар, глобус |
|||
|
Құндылықтарды дарыту |
Отансүйгіштікке тәрбиелеу. |
|||
|
Пәнаралық байланыс |
көркем еңбек, өзін-өзі тану |
|||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Тәмсіл «Сиқырлы әлем», |
|||
|
Бастапқы білім |
Ғарыштың шексіз болатынын, Жердің ғаламшар екенін біледі. |
|||
|
Сабақтың барысы |
||||
|
|
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||
|
Сабақтың басы Сабақтың ортасы
|
Өткен сабақ бойынша ширату. «Ғаламшарлар». Мұғалім ортада-Күн, білім алушылар ғаламшарлар. «Күннің» қасына келген ғаламшар өзіне тиген ыстықты қимылмен білдіреді. Жұмбақ арқылы топқа бөліну. Жауабын тапқан білім алушы қолындағы сурет бойынша ортаға үндемей шығып тұрады. «Жұмбақ шешейік» Сатайын десем ауыр кілем, Сатпайын десем тәуір кілем. (Жер)
Аспанда бір айна бар, Әлемді көріп айналар. (Ай)
Ақ сандығым ашылды, ішінен шуақ шашылды. (Күн)
Топтарға дұрыс бөлінгендігін дәлелдейді. Білім алушылар Күн, Ай, Жер туралы айтып өтеді. 3 топқа бөлінеді. («Жер», «Күн», «Ай») Оқулықпен жұмыс. Суретке қарап талдайды.. -Ертеде адамдар Жердің пішінін қалай елестеткен? -Келісесіздер ме? Ендеше, бүгінгі сабағымыз «Жер ғалашарының көрінісіне» арналмақ. ҚБ. Топтық жұмыс. 1-топ «Глобусқа қарап Жерді қалай елестетемін» деген тақырыпқа ауызша шағын әңгіме құрастыру. 2-топ. Жер бетінің түсі неліктен түрлі-түсті? Түсіндіріп айтыңыз. 3-топ. Глобуста қандай түс көбірек? Себебі... Дескрипторлар. Білім алушы: Жер бетінің шар тәрізді,дөңгелек екенін біледі. Глобус туралы түсіндіріп береді. Глобус бетіндегі түстерді айырады.
Тәмсіл «Сиқырлы әлем» Тәмсілмен байланыстырып Жер туралы мәлімет беру. Жер шамамен 4,5 млрд. жыл бұрын пайда болған. Жер дегеніміз Күн жүйесіне кіретін 8 планетаның бірі.Сегіз планетаның ішінде Жерде ғана тіршілік бар. Жер - қатты, сұйық заттар мен газдардан тұратын алып шар. Жер Күнге жақын 3 – ші ғаламшар. Жер Күнді 365 күн 6 сағатта яғни, бір жылда айналып шығады. Жер бетінің 3/4 бөлігін су, 1/4 бөлігін құрлық алып жатыр.
Топтық жұмыс. -Балалар, біз қай елде тұрамыз? - Қазақстан Республикасында тұрамыз. 1-топ:-Глобустан Қазақстан Республикасын тауып, жапсырма қағазбен белгілеңіздер. 2-топ: Картадан Қазақстандағы теңіз атауларын теріп, жазыңдар. 3-топ: Қазақстанмен көршілес елдерді анықтап,оларды түйрегіш жалаушалармен белгілеңіздер. (ресей, қытай, қырғызстан, түркменстан, «Әткеншек әдісі».Топтар бір-біріне кері байланыс береді. Дескрипторлар. Білім алушы: Қай елде тұратындығын айтады. 1-топ.Қазақстан Республикасын тауып белгілейді. 2-топ. Қазақстандағы теңіз атауларын теріп жазады. 3-топ.Қазақстанмен көршілес елдерді тауып белгілейді. ҚБ. Модельдеу әдісі. «Жасап көрейік». Берілген заттардан (газет, түрлі-түсті қағаз, желім, қайшы, ермексаз) Жердің сұлбасын жасаймыз.
Салыстыру, түсіндіру.
Саралау тапсырмасы.
Шар пішінді денелерді ата.
Жер бетінде нелер бар? Әңгімелеп бер.
Күн мен Айдың Жерге әсерін түсіндіріп бер.
|
Жердің суреті Күн мен айдың суреті Глобус Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы: docx 29.05.2021 488
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз, шағым қалдыра аласыз Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз! ![]() Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз! ![]() Министірлікпен келісілген курс саны 12 | ||








Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген