400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

1-сынып оқушылары "Мен атамның ұлымын" байқау сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
педагог ұйымдастырушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Астана қаласының құрылғанына 20 жыл толуына орай және Қазақстан Республикасы Отан қорғаушылар күніне арналған

«Мен атамның ұлымын» атты қалалық байқауының

С Ц Е Н А Р И Й І


ӨТЕТІН ОРНЫ: Балалар мен жастардың шығармашылық сарайының көрермендер залы

ӨТЕТІН УАҚЫТЫ: 2018 жылдың 3 мамыры сағат 15.00 де.

Фанфар ойналып ортаға жүргізуші шығады.


Ж: Қайырлы күн құрметті көрермендер, қымбатты ата-аналар, ұстаздар! Бүгін бізде «Мен атамның ұлымын» атты бойында өршіл рухы бар, парасатты ұлдар байқауы өтпекші. Еліміздің жүрегі, елаордамыз Астана қаласының 20 жылдығына орай және 7- мамыр Қазақстан Республикасы Отан қорғаушылар күніне арналған «Мен атаның ұлымын» атты қалалық байқауына қош келдіңіздер! Ұлы ғұлама Жүсіп Баласағұн “Үйрен ұлым, арзан көрме өнерді- Өнер көкке жеткізеді төбеңді” дегендей бүгінгі сайысқа қатысар ұлдарымыз еліміздің ертеңгі өнерін дәріптеп, көкке көтерер өнер адамдары болмасына кім кепіл? Олай болса, сахнаға бүгінгі 2018 жылдың сайыскерлерін шақырайық.

Сахнаға сайыскерлер шығады.


Ж: «Мен атамның ұлымын» байқауы сайыпқырандарының ақыл-парасаты мен өнеріне, қайраты мен күшіне баға беруші қазылар алқасымен таныс болыңыздар!

Әділқазы алқасы мүшелерін таныстыру.


Сайысқа қатысушылармен және осы қатысушыларға әділ бағасын беретін қазылармен де таныс болдық. Қатысушыларымызға сайысқа дайындала беруге рұқсат. Сахнаның сыртына бара берсеңіздер болады.

Бүгінгі сайыс 4 бөлімнен тұрады:


«Мен атамның ұлымын» (өзін – өзі таныстыру – 2 мин.)


Ж. Ақыл – көрік бойларында жетеді,

Әлі талай сынақтардан өтеді.

Мына отырған баршаңызды өзімен

Тез арада таныстырып өтеді- деп, «Мен атамның ұлымын...» атты таныстыру сайысын  бастайық.

Тізім бойынша



Ж: Нағыз кәусар жігітті,

Нағыз қайсар жігітті,

Нағыз бұлбұл жігітті,

Анықтайтын кез келді!


«Ел іші – өнер кеніші» (өнер сайысы: ән, би, күй – 3 мин.)

Тізім бойынша


«Ел қорғауға әзірміз» («дартс» ойыны, ұлттық ойын үлгісі «асық ату» – 1 мин.)


Парасатты ер жігіт,

Ақылымен әр іс біледі.

Өнерің барда жігіттер,

Тоқталып сірә, іркілме.

Жұрт қарасын қызығып,

«Бәрекелді!» деп шіркінге,- дей отырып, сайысымыздың  «Білімді мыңды жығар» (сұрақ-жауап) – (1 мин.) бөлімін бастаймыз.

 Осымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Қазылар алқасын сайыстың қорытындысын шығаруға сахнадан шығарып салайық. Қорытынды шешім шыққанша сіздердің назарларыңызға Балалар мен жастардың шығармашылық сарайының тәрбиеленушілерінің шағын концерттік бағдарламасын ұсынамыз.

Қазылар алқасы шешімі, марапаттау рәсімі.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 қараша
572
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі