|
Ұйымдастыру кезеңі
(7
мин)
|
Мейірімділік – адамның өзге
біреуге жылылығын, ізгі
ниеті мен
лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік
адамдар арасындағы сыйластық, кең
пейілділік, жанашырлық, ізгі
ниет секілді қасиеттерге
негізделеді. Мейірімділік адамның
жоғары адамгершілік белгісі
ретінде оның бүкіл
тыныс – тіршілігін, жан
–
дүниесін жадырататын, шат
–
шадыман тіршілігі үшін
қажетті аса маңызды
қасиеттің бірі. Ендеше
мейірімділік сезімі жайлы
видеороликке назар аударайық!.

Мейірімділік махаббат,
қайырымдылық, адалдық секілді ақ жүректен шығады деп хәкім Шәкәрім
бекер айтпаса керек.
Оқушыларға слайд арқылы жағдаяттар беріледі, соларға жауап
берейік
Жағдаяттарды шешу:
1 – жағдаят: Сен аулада ролик теуіп жүрдің, ал сенің досыңның
ролигі жоқ, сенің әрекетің?
2 – жағдаят: Сенің алдыңнан бір құшақ газет – журнал көтерген хат
тасушы апай шықты, сен не істер едің?
3 – жағдаят: Сенің анаң ас дайындап жатыр, ал інің мазасызданып
кетті, сенің әрекетің?
4 – жағдаят: Сенің алдыңнан ауыр сөмкелерін көтерген әже шықты, сен
абайсызда ол әжені қағып кеттің, оның сөмкесіндегі заттары шашылып
қалды, сен не істер едің?
|
Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп
партасындағы қатарлары бойынша
орындарына отырады.
Оқушылардың
жауабы
1. Егер менде ролик болып, жанындағы
досымда ролик болмаса, мен оның рұқсатымен роликті кезектесіп
тебуге келісер едім.
2. Егер алдымнан хат тасушы шықса, оның көңілін аулап, жұмысын
жеңілдетіп, газеттерін көтерісуге көмектесер едім.
3. Анам алаңсыз тамақ дайындауы үшін, інімді алдандырып ойын
ойнатқызар ем.
4. Кешірім сұрап, шашылған заттарды жинап, үйіне апаруға жәрдем
берер едім.
|
Компьютер
|
|
Сабақ басы (15 мин)
|
Қазақтың дәстүрлі әдеп
жүйесінде мейірімділік адамдар арасындағы адамгершілік, ізгілік пен
ізеттілік, имандылық пен
инабаттылық секілді асыл
қасиеттермен үндестік тапқан. Ж. Баласағұн: кір тигізбей ұста
ойыңның өрісін, мейірім етсең – мейірімділік көресің деп, мейірімділікке зор
мән берген екен.
|
Оқушылар топпен жауап береді
|
слайд
|
|
Ортасы
(20
мин)
|
Мейірімділік – ғажайып өмір
есігі, Мейірімді болсаң – сазды әуенмен тербетілер бесігің. Ашық
болсаң мұқтаждарға көңілің мен
есігің, Мейірімсіз болсаң, алладан болмас кешірім.
|
Оқушыларға бұлттар беріледі.Бұлттарды ажыратады
|
|
|
Соңы
|
Жүрегіміз жылылыққа көңіліміз шаттыққа, жүзіміз қуанышқа толып, бүкіл адамзат баласын жақсылыққа жетелейтін мейірімділік қасиеті сөнбей, әр күніміз әдемі өтсін. Жақсылықтың жаршысы болыңыздар! Бар
болыңыздар! Бақытты болыңыздар!
|
Оқушыларға бейнежазба көрсетіледі.
|
презентация
|