Материалдар / 2017-2018 оқу жылының 1 тоқсанында жүргізілген тәрбие жұмысының есебі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

2017-2018 оқу жылының 1 тоқсанында жүргізілген тәрбие жұмысының есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие ісі орынбасарларына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қаңтар 2019
2795
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Тасөткел орта мектебі

















Тәрбие жұмысының 2017-2018 оқу жылының 1 тоқсанда жүргізген жұмысының есебі























































































Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы Тасөткел орта мектебінің 2017-2018 оқу жылына тәрбие жұмысының есебі

Тасөткел орта мектебінің тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары жаңа оқу жылының басында ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасының негізінде тоғыз бағытты :1. Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие; 2. Ұлттық тәрбие;3. Отбасы тәрбиесі; 4. Рухани-адамгершілік тәрбие (Діни тәрбие, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет);5. Көп мәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие;6. Қоршаған ортаны, өзін - өзі оңтайлы қабылдауы, көшбасшылық қасиеттерін тәрбиелеу;7. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие;8.Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі;9. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты бағыттарын қамти отыра «Ұлттық құндылықтарды бойына жинаған шығармашыл, мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету» мақсатында жасалынып бекітілді . Тәрбиенің кешенді бағыттары мектепішілік, мектептен тыс шаралардың, үйірмелердің , балалар ұйымының жұмысы, ҚР-ның рәміздерін оқып, тану, қолдану, насихаттау жұмыстары, ата-аналармен жұмыс, класс жетекшілер отырыстары, кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жұмысын ұйымдастыру және құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу,Діни экстремизмнің алдын-алу «Тәртіп сақшылыр »тобының жұмысы, «Адал ұрпақ» еріктілер клубының, «Сарбаз» патриоттық клубының жұмысы және қыз балалармен жұмыстар жүйесімен ерекшеленеді. Тәрбие жұмысын жоспарлауда келесі құжаттар басшылыққа алынды. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие беру концепциясы, Ақтөбе облысында тәрбие жұмыстарының 2013-2020 жылдарға арналған бағыт-бағдарламасы; Заңдар «Қазақстан Республикасындағы бала құқығын қорғау», «Балалар құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясы, «Діни ұйымдар мен наным-сенімдердің бостандығы туралы», «Неке және отбасы туралы», «Кәмелетке толмаған жастар арасында құқықбұзушылықтың және балалардың қараусыз, бақылаусыздығын алдын-алу туралы», «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау туралы», «СПИД ауруының алдын-алу туралы», «Шылым шегуге шек қою туралы», Қазақстан Республикасы Президентінің нұсқауындағы «Халық денсаулығы» мемлекеттік бағдарламасы, «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылдың «22» сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері», Ақтөбе облысы білім басқармасының 01.09.2015 жылғы «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін бекіту туралы» №733 бұйрығы, « 2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хаты және осы нұсқау хатта «Мәңгілік ел » Патриоттық актісі қамтылған.2017-2018 оқу жылының алғашқы күні «Сәлем,саған Алтын ұя мектебім!» салтанатты жиынмен қатар «Мәңгілік Ел»патриоттық актісі аясында 1 қыркүйектегі білім сабағы 1-11 кластарда «Мен –өз елімнің патриотымын» тақырыбында өтілді. Жылдағы дәстүр бойынша 01.08.-30.09.2017 аралығында жалпыреспубликалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы да өз деңгейінде өтті. Мектеп мұғалімдері мен ауыл әкімі және жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен жиналған 80000 теңгеге мектебіміздегі 16 аз қамтылған жанұя балаларына қажетті киім және оқу-құралдары сатып алынып берілді және жалпыға бірдей білім беру қорынан16 баланың әрқайсысына 5000 теңгеден 80000 теңге қаржылай көмек көрсетілді.. 22.08-22.09.2017 аралығында «Мәңгілік ел-мәртебелі тіл » тақырыбымен Тіл айлығы өткізілді. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Қ.С.Досмағамбетованың айлық жоспары құрылып, іс-шаралар уақытылы өтіліп, қорытындыланып, талқыланды.Қазан айының басында «1-қазан - Қарттар» күніне «Әнмаржан » хор үйірмесінің «Аялайық қарттарды» атты мерекелік сазды бағдарламасы және «Ұстаздар мерекесіне» кітапханашы мен тәлімгердің басшылығымен «Ұстаз –мектеп жүрегі»атты құттықтау тақтасы жасалынса,11 сыныпта класс жетекшісі Қ.Досмағамбетованың ұйымдастыруымен «Ұстаз –ұлы тұлға»атты ашық тәрбие сағаты және 9-11 класс оқушыларының қатысуымен «Ұстаз болу жүректің батырлығы » атты мәдениет үйінде мерекелік сазды бағдарлама өтілді. Қыркүйек айында «Бала тәрбиесі-басты құндылық»тақырыбында ата-аналар жиналысы өтіліп,күн тәртібіне қойылған мәселе: «Жас ұрпақ тәрбиесі –адамзаттың мәңгілік тақырыбы»атты Қ.Сисенғалиеваның баяндамасы тыңдалып,психолог А.Көлтаеваның «Жүрек жылуы»тренингі өтілді.Сондай- ақ қыркүйек айының басында сынып жетекшілер бірлестігінің №1отырысы өтіліп, онда Тәрбие саласындағы класс жетекшінің міндеті,ҚР Білім және Ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы №18 бұйрық «Класс жетекшілігі туралы Ережесімен» таныстырылып талданды және Мемлекет басшысы Н.Ә.назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы талқыланды .Жаңа оқу жылы жоспарының маңыздылығы тексеріліп,бекітілді. Сонымен қатар Тәртіп сақшысы Рахов Қ түнгі кезекшілік кестесін құрып,«Тәртіп басты талап » тақырыбында рейд жүргізуді ұйымдастырып ,бақылау жүргізді.Ай бойы «Таза болса табиғат аман болар адамзат » ұранымен сенбілік өтіліп оған барлық мұғалімдер, оқушылар жұмылдырылды.16 қазан бүкіләлемдік дұрыс тамақтану күніне орай мектебімізде 1-11 кластар аралығында жәрмеңке ұйымдастырылса, медбике Г.Көздібаева 1-11 сыныптар арасында «Дұрыс тамақтана білеміз бе?» тақырыбында дәріс оқыды және 4 сыныпта класс жетекшісі Қ.Талапбаеваның ұйымдастыруымен «Ас-адамның арқауы »атты танымдық сабағы өтілді.Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру,өскелең ұрпақты қоғамдық шараларға белсене қатыстыру,күз кереметтілігін сезіндіру, оқушы бойындағы талғамын, шеберлігін, танымдылығы мен икемділігін анықтау, эстетикалық тәрбие беру мақсатында «Күз береке-күз мереке» тақырыбында апталық жоспарланып, жоспарға сай түрлі шаралар оның ішінде оқушы шығармашылығы,сурет, қолөнер көрмесі ұйымдастырылса, 2 сыныпты класс жетекшісі Л.Тұяқбаеваның ұйымдастыруымен «Күз береке-күз мереке» тақырыбындағы ашық тәрбие сағаты өтіліп 6апта соңында 9-11 кластар аралығында «Күзгі бал-2017» байқауы өтіліп,10 класс оқушысы А.Бермағанбетова «Күз ханшайымы» 9 класс оқушысы Н.Әбдіқалы «Күз ханзадасы »болып танылып,оқушылар түрлі сыйлықтармен мадақтамалармен марапатталды.2017-2018 оқу жылында Тасөткел орта мектебінде «Жас волейболшы» волейбол үйірмесі жетекшісі -Түйешібай Дәурен (18 оқушы) және «Әнмаржан»хор үйірмесі жетекшісі-Бегежанова А.А. құрамында-16 оқушысы бар 2 ақылы үйірме және спорттық секциялар: тоғызқұмалақ, шахмат ,теннис жүргізіледі.
Үйірме ,секцияжетістіктері
шахматАудандық 1 орын


Облыстық қыз балалар-4 орын Ер балалар-8орын
тоғызқұмалақАудандық-1орын
футболАудандық-4 орын(13команданың ішінен)
2017-2018 оқу жылындағы ерекшелік Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың ауқымды идеялары мен тұжырымдамалық тәсілдерді терең зерделеу және білім алушылар арасында таратуды ұйымдастыру мақсатында алдағы уақытқа тәрбиелік шаралар жоспарланды.Мектепте-16 аз қамтылған оқушыМүмкіндігі шектеулі-13Бір анамен тәрбиеленуші-2Бір әкемен тәрбиеленуші-1Жетім оқушы-жоқ

Мектебімізде Ішкі істер бөлімінде ,мектепішілік есепте тұрған қиын, тәуекел тобындағы оқушылар жоқ.































































































































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!