«№15 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2023 – 2024 оқу жылындағы 5 В сынып жетекшісі З.А.Каденованың атқарған тәрбие жұмысының 1 тоқсандағы есебі
2023-2024 о.ж
5 В сынып жетекшісі З.А.Каденованың 2023 – 2024 оқу жылының І тоқсанында атқарған тәрбие жұмыстарының
Е С Е Б І
Сыныпта тәрбие
жұмысы «Біртұтас тәрбие бағдарламасы»
өзекті мәселесін басшылыққа ала отырып және
«Мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және
кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі –МЖМБС) (ҚР Білім
және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығы, ҚР
Оқу-ағарту министрінің 23.09.2022 ж. No 406 бұйрығымен енгізілген
өзгерістерімен бекітілген 2023-2024 оқу
жылына жылдық жоспар жасалынып, бекітілді.
Ұлттық құндылықтар бойынша
ұйымдастырылған жылдық жоспарға сәйкес іс-
шаралар өз уақытында өткізіліп отырды. Атап
айтқанда, Ұлттық мүдде құндылығы
бойынша: 1 қыркүйек - білім күні
«Мектеп – мейірім мекені», «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған
жүрегіміз ", «25 қазан – Республика
күні» атты тәрбие
сағаттары, Ар-ұят
құндылығы бойынша «Отбасы – тәрбие бастауы»,
«Жүсіпбек Аймауытов туғанына 135 жыл», «Мағжан Жұмабаевқа 130 жыл»
атты тәрбие сағаттары, «Қарттарым – асыл қазынам», «Ұстаз-ұлы есім»
тақырыбында бейнеқұттықтаулар мен
бейнекөріністер, Талап
құндылығы бойынша «Жолда жүру ережелерін білесің
бе?» атты бейнекөрініс түсіріліп
жұмыстар жүргізілді.

Сынып жетекшісі:
К
аденова З.А 25 қазан –
Республикан
күні тәрбие сағаты

Өткізілген тәрбиелік іс-шаралардан көрініс
Сыныпта 22 оқушы бар. Оның 12-сі қыз бала. Әлеуметтік жағынан қорғалатын оқушыларға көңіл бөлініп отырады. Әлеуметтік мәртебесі бойынша саралағанда, жартылай жетім – 1 оқушы, көп балалы отбасы балалары – 6 оқушы, ата –анасы мүгедек оқушы -1 оқушы және аз қамтамасыз етілген отбасы – 1 оқушы.
Әлеуметтік мәртебесін айғақтайтын құжаттар жинақталып, арнайы папка жасалынды. Осы мәртебедегі оқушылардың іс- шараларға қатынасуы басты назарда ұсталынып отырды. Оқулықпен толық қамтамасыз етіліп, қажетті құжаттар жинақталынды.
Дарынды оқушылармен жұмыс жоспары бойынша дарынды оқушылар іріктеліп алынды.
Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығынан «Кенгуру» ойын -конкурсына Сқали Айару, Көшербай Айару, Мұратжан Азамат, Нұртай Алмат қатысып сертификатпен марапатталды. Оңалбай Нұрасыл Алматы қаласы бойынша Республика күніне орай ұйымдастырылған «Ұлы дала ойыны» ұлттық спорт түрлері бойынша өткен фестивальде 1 орынға ие болып және «Қазақ күресі» спорт түрінен де 1 дәрежелі дипломмен марапатталды. «Қазақ Академия» өнер орталығының ұйымдастыруымен «Өнер алаңы» І-ші республикалық байқауында жоғарғы деңгейде өнер көрсетіп, вокал номинациясы бойынша Жұмабай Ерасыл бас жүлде алып дипломмен марапатталды. Республикалық «Жас Дарын» дарынды балалар орталығы ұйымдастырған «Жас Дарын» атты байқауда «Дәстүрлі Ән» аталымы бойынша Жұмабай Ерасыл және Сағынай Әмір 1 дәрежелі дипломмен марапатталып қайтты.

![]()
Жұмабай Ерасыл Оңалбай Нұрасыл

Дәстүрлі ән орындау Сағынай Әмір мен Жұмабай Ерасыл
Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін ұштау, сонымен қатар ғылыми көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту мақсатында ұйымдастырылған «Зерде» аудандық ғылыми жобасында «Жаратылыстану» бағыты бойынша Сқали Айару өз жобасын көрсетіп 2 орынға ие болды.

«Қазақ тілі мен әдебиеті» апталығында ұйымдастырылған іс шараларға белсене ат салысумен қатар ашық сабақтарға қатысты. Қазақ тілі пәнінен ашық сабақта өз білімдерін шыңдап белсенділіктерін көрсете білді. Пән мұғалімі – Алмасқызы Назерке.

Сынып оқушылары мектепішілік іс- шараларға да белсене атсалысып отырады. Атап айтқанда, Жол ережесін білейік, Отбасы күні айлықтарында бейнекөрініс түсіріп әлеуметтік желілерге салып отырды. Мектепте өткізілген «Аядай күз – Алтын күз» атты байқауға сынып болып ат салысып, Нұртай Алмат пен Қуанғали Жұлдызай қатысып 1 орынды жеңіп алып, алғыс хатпен марапатталды.

Сыныпта өткізілген
тәрбие сағаты мен жылдық тәрбие жоспары ұстаздарға арналған «Ұстаз
тілегі» сайтына жіберіліп отырды. Оқушылар түсірген бейнекөріністер
мектептің инста парақшасына салынып
отырды.

Ұстаз тілегі сайты 15 мектеп инста парақшасы
16.09.2023 ж. Ата – аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа 19 ата-ана қатысты.
Жиналыста оқушылардың орта буынға бейімделуі туралы, пәндерге ынтасы мен қызығушылығы, «Мектеп формасы», «мектеп ережесі», «Қауіпсіздік ережелері» туралы мәселелер қозғалды. Ата-аналармен әр түрлі тренингтер мен сауалнамалар жүргізіліп, бейнематериал ұсынылды.

Күзгі демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында сынып оқушылары «Сарыарқа» кинотеатрында «Оян Қазақ» фильмін көріп қайтты. Фильм мазмұнын түсіну барысында кейбір оқушылардың көзіне жас келіп толқу үстінде де болды. Фильм оқушылардың жүрегінен орын таба алғаны көздерінен көрініп тұрды.

Оқушылардың сабаққа бейімділіктерін анықтау мақсатында мектеп психологтары сабақтарға қатысып анализ жасап отырды.
О
қушылардың сабаққа
қатысуы бойынша арнайы сүзгі дәптері басталған. Медбикемен бірлікте
сабаққа қатыспаған оқушы дер кезінде анықталып
отырады. Оқу жылының қорытындысы
бойынша 5 В сыныбында 22 оқушы (10 ұл, 12 қыз). Оқу үздіктері – 7
оқушы, оқу екпінділері – 7 оқушы; білім сапасы 63
%.

![]()
Жоғарыда аталған жұмыстарды саралай келе педагог – психологпен және пән мұғалімдерімен жұмысты жандандыру керек деген ұсыныс білдіремін.
Сынып жетекшісі Каденова З.А
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
2023-2024 оқу жылы Тәрбие жұмысының есебі

шағым қалдыра аласыз