2023-2024 оқу жылының тәрбие талдауы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

2023-2024 оқу жылының тәрбие талдауы

Материал туралы қысқаша түсінік
2023-2024 оқу жылының жылдық тәрбие талдауы.Жыл көлемінде атқарлыған жұмыстардың есебі
Материалдың қысқаша нұсқасы

2023-2024 оқу жылындағы 1 «Ә» сынып оқушыларымен жылдық жүргізілген тәрбие жұмысына талдау.

Оқу жылы бойынша оқушылар саны жыл басында 18 болған, жыл аяғында-18. Оның ішінде 9-ұл, қызы-9. Өскемен қаласынан 1 оқушы Нурукманов Ильшат деген оқушы ауысып келді. Ал, Ертаева Томирис №10 мектепке ауысып кетті. Арнайы медициналық топта, яғни дене шыңықтыру сабағынан босатылған Оралбек Шакира жүрек ауруымен дәрігердің бақылауында. Бір оқушының, Дулатқызы Айзеренің « Эпилепция » диагнозы бар. Бокейхан Нұрислам «Демікпе». Бірақ дәрігердің бақылауында, алайда ІІ тоқсанда жалпы денсаулығына байланысты сабақтан ұзақ уақыт қалған жоқ, тек 3-4 оқушы тұмауратып сабақ босатты. Қалған оқушылардың денсаулығы жақсы. Барлығы дене шыңықтыру сабағына қатысады. Сыныптағы оқушылар өзара тату-тәтті, қамқоршы, жан ашу сезімдері де жоқ емес.

-Көп балалы отбасылар: Сейтхазы Ақнұр,Бокейхан Нұрислам,Склярова Ляля, Нұролда Аяла, Жомартқан Сұңқар және Қуатқалиева Інжу.

- Толық емес отбасылар жоқ, тек бір оқушы уақытша әкесімен тұрмайды. Бахқазы Жігер.

- Сыныпта өжет, ынтасы жоғары оқушылар жоқ емес. Олар: Сейтқазы Ақнұр, Бахқазы Жігер, Азимханова Сабина. Ал, Нурукманов Ильшат, Ертаева Томирис көп көмек қажет ететін оқушылар қатарында. Қалған оқушылар қанағаттанарлық деңгейде. Оқушылардың барлығы мектепте білім алуда, алыстағы оқушылар тегін жолмен қамтамасыз етілген. Барлық оқушылар тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Барлық оқушылардың әлеуметтік жағдайлары жақсы. Оқушылардың рухани даму үстінде. Апта сайын түрлі бағытта сынып сағаттар жүріп, қашықтықтан олимпиадаларға қатысып жатыр. Мектепішілік сайыстарға оқушылар қатысып үлгерді. 1-2 сыныптар арасындағы «Күзгі сый» атты күзгі көрме сайысына қатысып, ІІ орынды иеленді. Облыстық интелектуалды олимпиадан Қуатқалиева Інжу,Болат Айсұлтан және Алмазұлы Ислам 2-3 орындар иеленді. Мектепішілік Алтын күз мерекесіне орай ұйымдастырылған шараға сыныбымыздан 7 оқушы «Кап-кап, тук-тук» әнін орындап, өз өнерлерін көрсетті.

Әр аптаның дүйсенбі күні таңертең Қазақстан Республикасының Гимн орындалып, жұма күндері түрлі тақырыпта сынып сағаттары өткізіліп тұрады. Ата-аналармен тығыз қарым-қатынас орнатылған. Ата-аналарымен серуендеу, үй шаруасына көмектесу деген тапсырмаларға да оқушылар тарапынан қызығушылық танытады.

«Қазақстандық патриотизм және азаматтық құқықтық тәрбие» бағытында: барлығы алты сынып сағаты жоспарланған. Республика күніне орай «Менің Республикам» атты тәрбие сағаты өткізілді. 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай сынып сағаттары өткізілді.

Ұлттық құндылықты дәріптеу мақсатында мектепішілік апталық ұйымдастырылып, оқушылар мен ұстаздар ұлттық киім киінді. Ұлттық тағамдар жәрмеңкесі өткізілді. Ата-аналар мен оқушылар ат салысып, жоғары деңгейді өткізілді. Наурыз мерекесі, Ынтымақ күніне орай іс шаралар мен сынып сағаттары өткізілді.

"Рухани адамгершілік тәрбие" бағытында алты сынып сағаты: «Ұстазым, ұлағатым үлгі өнегем!», «Жақсы деген немене, жаман деген немене», «Кітап ұстау ережелері», «Жүрек жылуы», «Мейірімділік – асыл қасиет», «Келісім түбі жарастық», «Досы көпті жау алмайды» тақырыбында сыр сұхбат,танымдық кеш түрінде сынып сағаттары өтті. Топтық ойындар, тренингтер, рөлдік ойындар, жағдаяттар шешу жұмыстары қамтылды. Оқушылармен қалалық мәдениет сарайына «Мақта қыз» ертегісін тамашалауға барды.

«Мейірімділік – асыл қасиет» атты сынып сағатында оқушылар суреттер салып, қолөнерлерін бір- біріне тарту етіп , бірліктерін нығайта түсті. «Келісім түбі- жарастық» сынып сағатында оқушылар өз беттерімен жұмыстанып, көптеген тың деректермен танысты. Жасыл шырша жанында шырша мерекесі де өткізілді.

«Отбасы тәрбиесі» бағытында «Мектеп, ата-ана, оқушы арасындағы байланыс», «Жанұядағы тәрбиенің ерекшеліктері» , «Мерейлі отбасы» «Ардақты анашым» атты сынып сағаттарында, сабақ арасында әңгімелер өтті. «Рақмет саған сүйікті Әліппе!» , «Бүлдіршін аруы-2024 ж»атты сыныптан тыс іс шаралар да өткізілді.

«Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты» тәрбие бағытында денсаулық сақтауға және нығайтуға, қауіпсіз және жауапты мінез-құлыққа;өмірдегі жаңа жағдайларға сабырлылыққа;қауіпсіздік және өмір сүру әрекетін қамтамасыз етуге;денсаулық сақтау ортасын құру мақсатында мектепішілік денсаулық күніне орай «Денсаулық – зор байлық» атты іс-шара өткізілді, «Жол ережесін сақтайық!», «Табиғатты аялайық» , «Денсаулық-зор байлық», «Қауіпсіздікті сақта» атты тәрбие сағаттары өткізіліп, оқушыларға қауіпсіздік дәптерлеріне ескертулер жазылды. Ата-аналарға да каникулдағы қауіпсіздік айтылып, ескертілді.

«Білімім Отаныма» атты сынып сағаты мен қорытынды қауіпсіздік шаралары өткізілді. Оқушылар мадақталып, жазғы демалысқа аттанды.

Сыныпта өзін-өзін басқару тобы жұмыс жасауда. Балалардың рухани-адамгершілік деңгейлеріне көтеру мақсатында сыныпішілік сағаттар өткізіліп тұрады. Оқушылар өзара сыйластық, достық, бір-біріне жолдастық көмек, үлкенге құрмет тақырыбында ертегілер оқып беріледі, оны сынып болып талқылайды.



Алғашқы қоңырау мерекесі

Ұлттық жәрмеңке

Спорт күнінен үзінді

Сынып сағаттары

Күзгі көрме

Алтын күз кеші

«Мақта қыз» ертегісі





Сынып сағаттардан үзінділер

Әліппеге рақмет айту сәтінен



Сынып жетекшісі: Қуатқалиқызы Аяужан.















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.06.2024
1294
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі