2024-2025 о/ж ересек топтарға арналған ұоқ перспективалық жоспары

Тақырып бойынша 15 материал табылды

2024-2025 о/ж ересек топтарға арналған ұоқ перспективалық жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Ересек топқа арналған ұоқ перспективалық жоспары. Үлгілік оқу жоспары негізінде жасалынған. Қыркүйек-мамыр айына дейін.
Материалдың қысқаша нұсқасы































Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2024 – 2025 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары



Білім беру ұйымы: балабақша

Топ ересек топ

Балалардың жасы 4-5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі: 2024 жыл қыркүйек айы

Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет




Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері


Қыркүйек

Дене шынықтыру

-Мәдени-гигеналық дағдыларды жетілдіру

  Балаларды ұқыптылыққа, тазалыққа, өзінің сыртқы келбетін қадағалауды әдетке айналдыруға баулу. Тамақтанар   алдында, дәретханаға барғаннан кейін, ластанған кезде қолды өз бетінше сабынмен жууға үйрету. Тарақты, қол   орамалды пайдалана білуді бекіту.

-Жүру. Сапта бір-бірлеп жүру, жүруді жүгірумен, секірумен, басқа қимылдармен кезектестіру, қол мен аяқ   қимылын үйлестіру, бой түзулігін дұрыс сақтау.

-Жүгіру. Аяқтың ұшымен, тізені жоғары көтеріп, адымдап жүгіру, сапта бір-бірден, шеңбер бойымен жүгіру.

-Тепе-теңдікті сақтау. Сызықтардың арасымен (арақашықтығы 15 см) жүру, сызықтардың, арқанның, тақтайдың,   гимнастикалық скамейканың, бөрененің бойымен жүру

-Сапқа тұру, сап түзеу, сапқа қайта тұру. Бір-бірден сапқа тұру, бір-бірінің жанына сапқа және шеңберге тұру.

-Спорттық жаттығулар Екі және үш дөңгелекті велосипед тебу.



Сөйлеуді дамыту

-Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті:дауысты, дауыссыз дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын бекіту, ызың және үнді   (р, л) дыбыстарды анық айтуға жаттықтыру. Артикуляциялық аппаратты жетілдіру.

-Сөздік қор: Айналасындағы қоршаған заттармен, жемістер мен көкөністердің атауларымен сөздік қорды   кеңейту:тұрмыстық заттар және қоршаған орта заттарының қолданылу маңыздылығын түсіну дағдыларын   қалыптастыру.

-Тілдің грамматикалық құрылымы: Сөйлемдегі сөздерді байланыстыруға үйрету. көмекші сөздерді дұрыс   қолдануға үйрету

-Байланыстырып сөйлеу:диалогтік сөйлеуді жетілдіру: әңгімеге қатысуға баулу, Балаларды әңгіме айтуға үйрету:   затты, суретті өзбетінше зерттеп әңгіме құрастыруға үйрету.

Көркем әдебиет

-Балалардың түрлі әрекеттерінде ертегілерді, өлеңдерді тыңдауға, кітапқа қызығушылыққа баулу. Тыңдалған  қысқа өлеңдерді, санамақтарды жатқа айтуға, оларды есте сақтауға, шығарма мазмұнын дұрыс қабылдауға,   кейіпкерлеріне жанашырлық танытуға баулу.

-Балалардың кітаптағы иллюстрацияларды өз бетінше қарастыруына мүмкіндік беру.



Қазақ тілі



-Қазақ тілі дыбыстарын дұрыс айтуға үйрету. Күнделікті өмірде сөзбен сөзді байланыстырып сөйлеуге   жаттықтыру. зат есімдерді жекеше және көпше түрде айтуға үйрету.

Математика негіздері

-Сан, санау:5 көлемінде тура және кері санауға жаттықтыру.

- Жиын: әртүрлі түстен, өлшемнен тұратын заттардың жиыны туралы түсініктерді қалыптастыру. Мөлшерлік   және реттік санау жүйесі арқылы жұмыс жасау.

-Геометриялық фигуралар

   Балаларды геометриялық фигураларды (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш) танып атай білуге үйрету.



Қоршаған ортамен таныстыру

-Бала, оның отбасы, үйі: баланың «Мен» бейнесін қалыптастыру. Баланы өсіп, жетілген ересек бала ретінде  қабылдау, оның ойын ашық  білдіруге мүмкіндік беру, онымен санасу, жеке басын құрметтеу. Өзінің атын,   тегін жасын, жынысын атай білуге үйрету.

 Отбасы туралы, отбасының ересек мүшелерінің еңбегі туралы білімдерін жетілдіру. Отбасындағы үлкендерді   сыйлауға, құрмет көрсетуге, кішілерге қамқорлық жасауға баулу.  

-Еңбекке баулу

  Балалардың еңбек етуге деген оң көзқарасын тәрбиелеу, берілген тапсырмаға жауапкершілікпен қарауды   қалыптастыру: бастаған істі аяғына дейін жеткізе білу, оны жақсы орындау. Топты және ойын алаңын таза   ұстауға, ойыншықтарды жинауда тәрбиешіге көмектесуге баулу.

-Өсімдіктер әлемі: бөлме өсімдіктеріне және табиғат бұрышындағы жануарларға күтім жасау, адамның табиғатқа   қамқорлық танытуының маңызы туралы білімдерін қалыптастыру.

-Жануарлар әлемі:табиғаттағы қарапайым тәртіп ережелерін сақтау, қарапайым экологиялық білімдерін   қалыптастыру.

-Өлі табиғат құбылыстары мен заттары:табиғат құбылыстары туралы ұғымдарын (жел, жаңбыр) кеңейту..


Құрастыру


Құрылыс материалдарынан құрастыру.орналастыру тәсілдерін қолдана отырып, пластиналарды тігінен және кірпіштерді, бөлшектерді көлденеңінен орналастыру. Қазақ халқының табиғи материалдардан жасалған бұйымдарымен (ер-тұрман, киіз үйдің жабдықтары, әшекей бұйымдары және т.б.), тұрмыстық заттарымен ( мес, тостаған, ожау) таныстыру, олардың қандай материалдан жасалғанын зерттеу.

Суретсалу

-Сурет салуда еңкеймей, арқаны тік ұстап, дұрыс еркін отыруға, жұмыс орнын таза ұстауға, ұқыпты болуға,   қауіпсіздікті сақтауға баулу.

-Әртүрлі бағыттағы тура сызықтар мен олардың қиылысуын жүргізе білуді үйрету.Жеке заттарды,   ойыншықтарды салуға үйрету.

 -Заттарды бояуда сызбалар мен жақпаларды бір бағытта жоғарыдан төменге немесе солдан оңға пішіннің шеткі   сызығынан шықпай ырғақты түрде бояуға машықтандыру.

- Балалардың гүлдер, қоршаған заттар мен табиғат объектілерінің түстері мен реңктері туралы ұғымдарын   байыту. Қоңыр, қызғылт сары, ашық жасыл реңктермен таныстыру және ол түстерді өзбетінше жасауға   ынталандыру (қажетті түсті шығару үшін бояуларды араластыру).





Мүсіндеу

-Ермексаз, сазбалшықтан әртүрлі тәсілдерді қолданып, бейнелерді мүсіндеуге үйрету.Балалардың көлемді   пішіндер мен қарапайым композицияларды мүсіндеуге қызығушылығын арттыру; Мүсінделген заттың,   фигуралардың бетін тегістеуге үйрету.

-Мүсіндеуде қауіпсіздік ережелерін сақтау.


Жапсыру

-Қайшыны дұрыс ұстау және пайдалана білуді қалыптастыру. Түзу сызықпен алдымен қысқа содан соң ұзын  жолақтарды қиюды үйрету. ол заттарды қағаз бетіне орналастыру дағдыларын қалыптастыру. Ұжымдық  сюжеттік композицияны құрастыру дағдыларын қалыптастыру.

-Композицияны құрастыруда дайын пішіндердің көмегімен немесе ойдан қиып жапсыруға мүмкіндік беру.


Музыка

Музыканы тыңдау мәдениетін сақтау (музыкалық шығармаларды алаңдамай соңына дейін тыңдау). Музыканың сипатын сезінуге үйрету, таныс шығармаларды білу, тыңдалған музыкадан алған әсерлері туралы әңгімелеу, музыкалық шығарманың мәнерлі құралдарын байқауға үйрету (ақырын, қатты, баяу, жылдам), жоғары дыбыстарды ажырату (секста, септима шегінде жоғары, төмен), әндерді иллюстрацияларды көрсетумен және қимылдармен сүйемелдеу, қазақтың ұлттық аспабы домбырамен орындалған әндер мен күйлерді тыңдату.


















Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарлама негізінде 2024- 2025 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары



Білім беру ұйымы балабақша

Топ ересек топ

Балалардың жасы 4-5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі: 2024 жыл қазан айы



Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет




Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

Қазан

Дене шынықтыру






-Мәдени-гигеналық дағдыларды жетілдіру

 Балаларды ұқыптылыққа, тазалыққа, өзінің сыртқы келбетін қадағалауды әдетке айналдыруға баулу. Тамақтанар   алдында, дәретханаға барғаннан кейін, ластанған кезде қолды өз бетінше сабынмен жууға үйрету. Тарақты, қол   орамалды пайдалана білуді бекіту.

-Жүгіру: кіші және үлкен қадаммен жүгіру, сапта бір-бірлеп, түрлі бағытта жүгіру, шапшаң және баяу   қарқынмен, жетекшімен ауыса отырып, 1–1,5 минут ішінде баяу қарқынмен үздіксіз жүгіру; «жыланша»,   шашырап жүгіру

-Тепе-теңдікті сақтау. сызықтардың, арқанның, тақтайдың, гимнастикалық скамейканың, бөрененің бойымен   жүру.

-Еңбектеу, өрмелеу. 10 м-ге дейінгі қашықтықта заттардың арасымен тура бағыт бойынша, көлбеу тақтай   бойымен төрттағандап еңбектеу;

-Лақтыру, домалату, қағып алу. Заттардың арасымен доптарды, құрсауларды бір-біріне домалату. Заттарды   қашықтыққа лақтыру (3,5–6,5 м кем емес)

Сөйлеуді дамыту


-Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті: дауысты, дауыссыз дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын бекіту,   артикуляциялық аппаратты жетілдіру. Фонематикалық естуді дамыту: белгілі бір дыбыстан басталатын сөздерді   есту арқылы ажырата білуге және атауға үйрету.

-Сөздік қор: Баланың сөздік қорын айналасындағы өзін қоршаған ортадан тыс заттар мен құбылыстардың, құстар  мен жануарлардың атауларымен кеңейту. Сөздік қорды заттар тобын білдіретін жалпылаушы сөздермен   (ойыншықтар) толықтыру. олардың бөліктері мен бөлшектерін, олар жасалған материалдарды, материалдардың   белгілі және белгісіз қасиеттерін сөйлеуде қолдану.

-Байланыстырып сөйлеу: диалогке қатысушы үшін түсінікті сұрақтар қоюға және қойылған сұрақтарға дұрыс,  толық жауап беруге баулу.

Қазақ тілі

-Сөйлемдегі сөздерді байланыстыруға, көмекші сөздерді дұрыс қолдануға, сан есімдерді ретімен атауға үйрету.

Көркем әдебиет




-Балалардың түрлі әрекеттерінде әңгімелерді тыңдауға, көркем сөзге, кітапқа қызығушылыққа, тыңдалған   шығарманың мазмұнын қайталап айтуға баулу. Балаларды өлеңді мәнерлеп оқуға, әдеби шығармаларды мұқият   тыңдау, кейіпкерлерге жанашырлық таныту, мазмұнын түсінуге және шығарма мазмұны бойынша сұрақтарға   жауап беруге баулу.


Математика

негіздері

-Кеңістікті бағдарлау

  Кеңістік бағыттарын өзіне қатысты анықтау, берілген бағытта қозғалу (оңға-солға), заттардың өзіне қатысты   орналасуын сөздермен белгілеу.

-Шама: Заттар шамасы бойынша әртүрлі болатындығы жайлы түсінік беру .

  екі затты үстіне және қасына қою тәсілдерін қолданып заттарды салыстыру, салыстыру нәтижелерін ұзын-қысқа   сын есімдермен белгілеу

Қоршаған ортамен таныстыру




-Бала, оның отбасы, үйі: баланың өсуі мен дамуы, өткені, бүгіні және болашағы туралы түсініктерді   қалыптастыру («Мен кішкентай болдым, мен өсіп келемін, мен ересек боламын»). Мектеп туралы бастапқы   түсініктерді қалыптастыру (мектепке баруға ынтасын, қызығушылығын арттыру). Жақын туыстарын білуге,   олардың есімдерін атауға үйрету, отбасындағы сүйікті адамдары, отбасылық мерекелер, салт-дәстүрлер туралы   әңгімелеу, өзінің жақындарына мақтаныш сезімін білдіру.

- Заттық әлем:балаларды заттық әлеммен таныстыру және онымен әрекет жасау дағдыларын қалыптастыру.   Жақын маңайдағы заттарды ажыратып, атай білуді жетілдіру.

-Еңбекке баулу: ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің еңбегі, (қаламен ауылдың байланысы), диқанның еңбегі   туралы білімді қалыптастыру. Нанға және азық-түлік өнімдеріне ұқыпты қарауға тәрбиелеу. Өзгенің еңбегінің   нәтижесіне құрметпен қарауға тәрбиелеу, ересектерге көмек көрсету ниеттерін қолдау.

-Менің Отаным – Қазақстан: Отанымыз – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікті және мақтаныш   сезімін ояту. Балаларды мемлекеттік мерекелерге қатысуға баулу. Мемлекеттік рәміздерге (Ту, Елтаңба,   Әнұран) құрметпен қарауға тәрбиелеу

-Жануарлар әлемі: бақылау барысында жануарлар әлеміндегі маусымға тән көріністерді: күзде – көбелектер,   қоңыздар, кейбір құстардың болмауы, олардың тіршілік етуіне қажетті жағдайларды: азық, су, жылу, жарық,   мекендейтін орнын анықтау.

- Өсімдіктер әлемі:өсімдіктердің жіктелуі туралы түсініктерді кеңейту: жемістер, көгөністер, жидектер (орман-  бақша), гүлдер (бөлме, бақша және шабындық), бұталар және ағаштар (бақша және орман).





Құрастыру



-Сызбаны қолданып, ірі және ұсақ құрылыс материалынан құрастыру. құрастыруға қолданған құрылыс  бөлшектерін ажырату (текше, пластина, кірпіш, блок және т.б.) және атау, оларды сапасы, көлемі мен пішіні  бойынша таңдау, өзбетінше ойдан құрастыруға мүмкіндік беру, құрастырылған құрылыс бөлшектерінің  кеңістікте орналасуын айқындау. Дайын құрылыспен түрлі ойындар ойнауға ынталандыру

-Қағаздан құрастыруға үйрету: қағаздың парағын ортасынан бүктеп, шиыршықтап, көлемді пішіндерге,   орамдарға, ілмекке және т.б. айналдыра білу, бұрыштарын және қырларын біріктіру, желімдеу, бөлшектерді   өзара желімдеп, композиция құрастыру,



Сурет салу


-Көкөністер мен жемістерді, ыдыстар, жануарларды бейнелеу;

-Пішінін ескере отырып, ою-өрнекті орналастыру, элементтер бірізділігін, олардың арасындағы  арақашықтықтарды сақтау, 2-3 элементтерді түсі мен пішіні бойынша ұлттық оюларды ашық түстермен  кезектестіру дағдыларын қалыптастыру. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері туралы білімдерін кеңейту.

-Балаларды суреттерді қылқаламмен, қаламмен бояуға үйрету, заттарды бояуда сызбалар мен жақпаларды бір  бағытта жоғарыдан төменге немесе солдан оңға пішіннің шеткі сызығынан шықпай ырғақты түрде бояу.

 -Қылқаламды үстінен баса отырып, жуан сызықтарды ал қылқаламның ұшымен жіңішке сызықтарды жүргізу

Мүсіндеу



-Пропорцияларды сақтап, саусақ пен алақан қозғалыстарын пайдалана отырып екі бөліктен тұратын заттарды  мүсіндеу

-әртүрлі пішіндегі таныс заттарды өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, заттардың толық пішіні пайда  болғанға дейін немесе жайылған пішіннің жиектерін ию, жеке бөліктерді тұтас бөліктен созу, майда бөлшектерді  қысу сияқты тәсілдермен мүсіндеу.


Жапсыру




-Дөңгелектерді және сопақша пішіндерді қию арқылы жемістер мен көкөністерді қию дағдыларын жетілдіру.

ересектердің көмегімен  бөліктерді желімдеуге, желімді, сүлгіні қолдануды үйрету.

- Жапсыру мен шығармашылық әрекетке қызығушылықты, шығармашылық қабілетті, қиялды дамыту.


Музыка



- Балаларды мәнерлеп ән айтуға үйрету, әнді созып, қимылдармен үйлестіріп айтуды қалыптастыру (ре-си бірінші  октава шегінде). Қысқа музыкалық фразалар арасында тыныс алуды дамыту.

-Би қимылдарын, ойындағы музыкалық қимылдарды орындауға қызығушылық тудыру,



















Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарлама негізінде 2024 - 2025 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары



Білім беру ұйымы балабақша

Топ ересек топ

Балалардың жасы 4-5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі:2024 жыл қараша айы



Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет




Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

Қараша

Дене шынықтыру

-Секіру. Бір орында тұрып, екі аяқпен секіру, 2–3 метрлік қашықтықта алға ұмтыла қос аяқпен секіру; бір орында  оңға, солға бұрылып секіру.

- Жүру. Өкшемен, аяқтың сыртқы қырымен, адымдап, жан-жаққа қосалқы қадаммен (оңға және солға), жүруді  секірумен алмастырып жүру,

-Еңбектеу, өрмелеу. етпетімен жатып, гимнастикалық скамейка бойымен қолдарымен тартылып, алға қарай   еңбектеу. Құрсаудан еңбектеп өту

-Лақтыру, домалату, қағып алу. Доптарды оң және сол қолымен көлденең қойылған нысанаға (2–2,5 м   қашықтықтан), 1,5 м қашықтықта тігінен қойылған (нысана ортасының биіктігі 1,5 м) нысанаға лақтыру; допты   бір-біріне төменнен және бастан асыра лақтыру (1,5 м қашықтықта), қағып алу;

Сөйлеуді дамыту

-Сөйлеудің дыбыыстық мәдениеті: Сөйлеу қарқынын өзгертуді бекіту: ақырын, жылдам сөйлеуді меңгерту үшін   тақпақтар мен жаңылтпаштар айтқызу

-Сөздік қор: Сөздік қорды ересектердің мамандықтарын білдіретін зат есімдермен, еңбек әрекетін білдіретін   етістіктермен толықтыру. ұлттық тұрмыстық заттардың атауларын білдіретін сөздермен толықтыру.   құбылыстардың атауларымен байыту. аталған заттардың қолданылу аясы туралы балалармен талқылау

-Байланыстырып сөйлеу: Балаларды әңгіме айтуға үйрету: затты, суретті өзбетінше зерттеп, сипаттауға, түрлі   балалар әрекеттерінде бейнелеген суреттері, бұйымдары бойынша әңгімелер құрастыруға баулу.


Көркем әдебиет

-Шешендікке, сөз өнеріне баулу, халық ауыз әдебиеті шығармаларымен таныстыру, жұмбақ шешуге баулу.

-Сахналық қойылымдарға қатысуға, таныс әдеби шығармалар, ертегілер бойынша қарапайым қойылымдарды   ойнауға ынталандыру.

Қазақ тілі



-Қазақ тілі дыбыстарының дұрыс айтылуын қалыптастыру. Көптік жалғауларды жалғау арқылы көпше түрде   айтуға жаттықтыру. Сөздік қорларын дамыту. Дауыс ырғағын дұрыс қолдануға жаттықтыру.

Математика негіздері

-Уақытты бағдарлау: Тәулік бөліктері (таңертең, күндіз, кеш, түн) олардың сипаттамалық ерекшеліктері мен   реттіліктері туралы ұғымдарын кеңейту.

-Сан, санау: 5-ке дейін реттік санау дағдыларын дамыту, реттік сан есімдерді атау, сандарды реті бойынша   атауға «Нешінші?» сұрағына жауап беруге және қорытынды санды атауға үйрету


Қоршаған ортамен таныстыру

-Жолда жүру ережелері Көлік түрлері, жол бөліктері (тротуар, жолдың жүру бөлігі мен жаяу жүргіншілер өтетін   жол және жерасты жолдарымен өту), бағдаршам белгілері, жолда жүру ережелері туралы білімдерін   қалыптастыру.

-Өз өмірінің қауіпсіздігінің қарапайым дағдыларын қалыптастыру: ойын, ойын жабдықтарын пайдалану,  бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау. Балалардың өз есімін, тегін, жасын, ата-аналарының атын білуді   бекіту, кездейсоқ жағдайларда (адасып қалу, құлау және т.б.) өзін дұрыс ұстауға үйрету.

-Өлі табиғат құбылыстары мен заттары: бақылау күнтізбесінде ауа райын белгілеу (суық, жылы, күн шуақты,   жаңбыр жауғанын,   жел соғуы), соған сәйкес киіну. Қарапайым себеп-салдарлық байланыстарды бақылау және   анықтау (жел соғып,   жапырақтар түсті, күннің сууы және т.б.), ойын, еңбек, эксперимент барысында құмның   қасиетін анықтау.

-Жануарлар әлемі: Жабайы аңдар, олардың сыртқы түрі, қозғалуы, тіршілік ету ортасы, азығы, қысқа бейімделуі   туралы ұғымдарын байыту.

-Заттық әлем:қоршаған орта заттары, олардың қасиеттері мен қолданылуы туралы түсініктерін кеңейту. Қазақ   халқының ұлттық киімдерімен таныстыру..

Құрастыру

-Табиғи материалдардан түрлі композиция жасауға ынталандыру. Шығармашылық қиялды дамыту, көрнекілікке  сүйене отырып және құрастыратын материалдарды өзбетінше таңдап, ойдан құрастыруға мүмкіндік беру.


-«оригами» үлгісі бойынша қарапайым пішіндер құрастыру.



Сурет салу

-Инновациялық әдістер мен технологияларды қолданып, шығармашылық дағдыларды, эстетикалық талғамды дамыту және   қалыптастыру.Қылқаламды, қаламды дұрыс ұстауды олармен дәстүрлі және дәстүрден тыс тәсілдермен сурет салудың   техникасын жетілдіруге талпындыру.Сурет салуда әр түрлі түстерді қолдануға, көп түске назар аударуға деген ұмтылысты   дамыту.

-Дөңгелек, сопақ қазақ оюларының элементтерін салу, элементтердің орналасу   ретін, олардың арасындағы  қашықтықты сақтау.

-Балалардықоршаған заттар мен табиғат объектілерінің түстері мен реңктері туралы ұғымдарын байыту. Қоңыр,  қызғылт сары, ашық жасыл реңктермен таныстыру және ол түстерді өзбетінше жасауға ынталандыру (қажетті   түсті шығару үшін бояуларды араластыру).



Мүсіндеу

-Балаларды тұрмыстық заттар мен бейнелі ойыншықтарды мүсіндеуге қызығушылығын арттыру.

-Ұлттық  ойыншықтар туралы білімдерін кеңейту, халық шығармашылығының желісі бойынша бейнелер жасау.  -Балаларды халық шеберлерінің еңбектерімен таныстыру, халық бұйымдарының желісі бойынша ыдыстарды   мүсіндеуге үйрету.


Жапсыру

- Тар жолақтарды көлденеңінен қию,   шаршыдағы бұрыштарды қиюды үйрету.

-Дайын пішіндерден жануарлар, құстар, гүлдер және т.б. пішінін қию және ол заттарды қағаз бетіне орналастыру   дағдыларын қалыптастыру

-Жапсыру мен шығармашылық әрекетке қызығушылықты, шығармашылық қабілеті, қиялды дамыту;



Музыка

-Қысқа музыкалық фразалар арасында тыныс алуды дамыту.

-Таныс әндерді орындауда балаларға арналған әртүрлі шулы музыкалық аспаптарды қолдану. Ағаш қасықтармен,  сылдырмақтармен, асатаяқ, домбыра, сазсырнайда, барабан және металлофонмен қарапайым әуендерді ойнау.








































Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарлама негізінде 2024 – 2025 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары



Білім беру ұйымы балабақша

Топ ересек топ

Балалардың жасы 4-5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі: 2024 жыл желтоқсан айы



Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет




Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

Желтоқсан

Дене шынықтыру

-Жүгіру. Аяқтың ұшымен жүгіру, сапта шеңбер бойымен, «жыланша», шашырап жүгіру. Түрлі тапсырмаларды  орындай отырып: орташа жылдамдықпен жүруді кезектестіре отырып, 40–50 метрге жүгіру;

-Тепе-теңдікті сақтау. Қолды екі жаққа созып, басқа қапшық қойып, заттардан аттап өту, бұрылу. Қырлы, көлбеу    тақтай бойымен (ені 2 см, биіктігі 30-35 см) жүру.

-Секіру: Аяқты бірге, алшақ қойып, бір аяқпен (оң және сол аяқты алмастыру) секіру, 4–5 сызықтан аттап   (сызықтардың арақашықтығы 40–50 см) секіру, 20–25 см биіктіктен секіру, .

-Еңбектеу, өрмелеу:Табан мен алақанға сүйеніп, төрт тағандап еңбектеу, 50 сантиметр биіктікте ілінген   арқанның астынан еңбектеу.

-Спорттық жаттығулар. Шанамен сырғанау.

Сөйлеуді дамыту

-Байланыстырып сөйлеу: шығармалардың, ертегілердің қызықты үзінділерін қайталап айтуға, бейтаныс заттар,  құбылыстар, оқиғалар туралы ақпаратты талқылауға баулу. Ұсынылған сюжеттер бойынша қойылымдарды   сахналауға үйрету.

- Сөздік қор: Сөздік қорды заттар тобын білдіретін жалпылаушы сөздермен (киім, аяқ киім), мағынасы қарама-  қарсы антоним сөздермен байыту.

-Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті: дикция бойынша жұмысты жалғастыру: сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс  айтылуын жақсарту.


Көркем әдебиет

--Балалардың түрлі әрекеттерінде ертегілерді, өлеңдерді тыңдауға, көркем сөзге, кітапқа қызығушылыққа баулу.   Тыңдалған шығарманың мазмұнын қайталап айтуға, қысқа өлеңдерді, санамақтарды жатқа айтуға, шығарма  мазмұны мен сипатына сәйкес тақпақтарды, өлеңдерді жаттауда түрлі интонацияларды, үзілістерді, логикалық  екпінді қолданып, оларды есте сақтауға, шығарма мазмұнын дұрыс қабылдауға, кейіпкерлеріне жанашырлық  танытуға баулу.

 -Балалардың кітаптағы иллюстрацияларды өз бетінше қарастырып, ертегі, әңгіме құрастыруына мүмкіндік беру.



Қазақ тілі

-Артикуляциялық және дауыс аппаратын, сөйлеуде тыныс алуды, фонематикалық естуді, анық және қалыпты   қарқынмен сөйлей білуді дамыту. Қазақ тіліне тән "ө,қ" дыбыстарын жеке, сөз ішінде анық айтуға баулу. Сан   есімді зат есімдермен септіктерде, қолдана білуге үйрету.

Математика негіздері

 -Сан, санау:Екі қатарда орналасқан заттар тобын салыстыруды үйрету, теңдік және теңсіздік туралы ұғымдарды   қалыптастыру.

 -Шама: Заттар шамасы бойынша әртүрлі болатындығы жайлы түсінік беру.

 Биіктігі бойынша екі затты салыстыру, екі затты үстіне және қасына қою тәсілдерін қолданып салыстыру,   салыстыру нәтижелерін биік-аласа сын есімдермен белгілеу

Қоршаған ортамен таныстыру

-Менің Отаным‑Қазақстан: Отанымыз – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікті және мақтаныш сезімін  ояту. Балаларды мемлекеттік мерекелерге қатысуға баулу. Отанды сүюге, патриотизмге тәрбиелеу.

  Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы, оның көрікті жерлері, туралы ұғымдарын дамыту.

-Жануарлар әлемі: қыстап қалатын және жыл құстары туралы ұғымдарын кеңейту.

-Еңбекке баулу: топта кезекшілердің міндеттерін өз бетінше орындауға үйрету: нан салғыштарды, кружкаларды,  тәрелкелер мен майлықтарды, ас құралдарын (қасықтар, шанышқылар, пышақтар) ретімен қою.

-Адамгершілікке баулу: балаларды адамгершілікке, өзара көмек беруге, ренжіген балаға жанашырлық танытуға   және ренжіткен баланың әрекеттерінің әділдігіне көз жеткізіп себебін анықтауға, әділ болған жағдайда әрекет   еткен баланың әрекеттерін қолдауға, құрдастарының өтініші бойынша ойыншықтарымен бөлісуге, айналасында  болып жатқан жағдайларды ой елегінен өткізіп, өзінің әділ пікірін білдіруге баулу. Қарапайымдылыққа,   мейірімділікке және әділдікке тәрбиелеу. Жағымсыз қылықтары үшін ұятты сезіне білуге, ренжіткені үшін   құрдасынан кешірім сұрауға баулу.

-Жолда жүру ережесі: бағдаршам түстерінің белгілеріне сәйкес көшеден өту дағдыларын жетілдіру. Жаяу   жүргіншілерге арналған ережелер, «Жаяу жүргінші өткелі», «Қоғамдық көлік аялдамасы» жол белгілері туралы  ұғымдарын кеңейту.


Құрастыру

-Умаждау, жырту, шиыршықтауды қолданып, қағаз парақтарын көлемді пішіндерге айналдыру

-Ұжымдық құрастыруға қызығушылықты ояту, құрылыс жобасын бірлесіп ойластыру, құрдастар арасында   міндеттерді бөлісу, түрлі құрылымдық тәсілдерді қолдану, командамен бірге нәтижеге қол жеткізу, дайын   құрылысты талдау.


Сурет салу

-Қоршаған ортаның әсемдігіне, өнер туындыларына, тұрмыстық заттарға, қазақ және басқа халықтардың өнер   туындыларыына, киіз үйге, оның жабдықтарына қызығушылықты дамыту.

- эмоционалды-эстетикалық талғам дағдыларын қалыптастыру.

-Пішінін ескере отырып, ою-өрнекті орналастыру, элементтер бірізділігін, олардың арасындағы  арақашықтықтарды сақтау, 2-3 элементтерді түсі мен пішіні бойынша ұлттық оюларды ашық түстермен  кезектестіру дағдыларын қалыптастыру.

-Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері туралы білімдерін кеңейту.


Мүсіндеу

-Бірнеше бөліктерден заттарды мүсіндеу, оларды орналастыру, пропорцияларды сақтау, бөліктерді біріктіру.

-Кескішті қолдануды таныстыру. Кескіштің көмегімен жасалған бұйымды безендіруге тырысуын ынталандыру.

-Ұқыпты мүсіндеу әдістерін бекіту.

Жапсыру

-Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерімен, киіз үй оның жабдықтарымен таныстыру. Геометриялық  пішіндерден, ою-өрнектерді жолаққа бірізділігін ескере отырып, жапсыру дағдыларын қалыптастыру.  

-Элементтердің ретін, олардың арасындағы арақашықтықты сақтауды, пішінін ескере отырып, ұлттық ою-өрнекті  қолданып, тұрмыстық заттарды, ыдыстарды безендіру дағдыларын дамыту.


Музыка

-Хормен, күш түсірмей, аспаптың сүйемелдеуімен және сүйемелдеуінсіз ән айтуға баулу.

-марш сипатын ырғақты жүріспен беру, музыканың қимылдық сипатына қарай жеңіл, ырғақты жүгіру; музыканың ырғағын нақты бере отырып, қос аяқпен еркін және жеңіл секіру,



































Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарлама негізінде 2024 - 2025 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары



Білім беру ұйымы балабақша

Топ ересек топ

Балалардың жасы4-5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі 2025 жыл қаңтар айы



Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет




Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

Қаңтар

Дене шынықтыру

-Спорттық жаттығулар. Шанамен төбешіктен сырғанау; бір-бірін сырғанату;

-Лақтыру, домалату, қағып алу: допты кедергілер арқылы бастан асыра екі қолымен және бір қолымен лақтыру (2  м қашықтықтан); допты жоғары лақтыру және екі қолымен қағып алу (қатарынан 3–4 рет);

-Секіру:20–25 см биіктіктен секіру, орнынан ұзындыққа (шамамен 70 см), қысқа секіргішпен секіру;

-Тепетеңдікті сақтау: Қолдарды әртүрлі қалыпта ұстап, еденнен 20 – 25 см жоғары қойылған сатының  таяқшаларынан, үрленген доптардан (бір-бірінен қашық қойылған 5–6 доп арқылы кезекпен) аттап өту;



Көркем әдебиет

-Әдеби шығармаларды мұқият тыңдау, кейіпкерлерге жанашырлық таныту, ондағы әрекеттердің дамуын     қадағалау, мазмұнын түсінуге және олардың мазмұнын қайталап айтуда сюжет желісінің реттілігін сақтауға,   шығарма мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге баулу.

-Шешендікке, халық ауыз әдебиеті шығармаларымен таныстыру, санамақ, жаңылтпаш айту, айтыс өнеріне баулу

Қазақ тілі

 -Дауысты, дауыссыз дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын бекіту, ызың және үнді (р, л) дыбыстарды анық айтуға   жаттықтыру. Артикуляциялық аппаратты жетілдіру.

  -Сөйлеу қарқынын өзгертуді бекіту: ақырын, жылдам сөйлеуді меңгерту үшін тақпақтар мен жаңылтпаштар   айтқызу. Дикция бойынша жұмысты жалғастыру:

  -Зат есімдерді сын есімдермен байланыстыруға, етістіктерді бұйрық райымен қолдана білуге үйрету (отыр, жүр,   жүгір және т.б.).


Математика

негіздері

-Жиын: балаларға жиын, оның әртүрлі пішіндегі заттардан тұратындығы туралы түсінік беру, заттарды жұппен   қою арқылы оларды санамай-ақ салыстыру негізінде тең немесе тең еместігін анықтай білу.

 -Сан, санау: Тең ұғымын екі тәсілмен саны бойынша кем топқа бір затты қосу немесе артық топтан алып тастау   арқылы қалыптастыру, «Қанша болды?», «Қаншасы қалды?» сұрақтарына жауап беруге үйрету.


Қоршаған ортамен таныстыру

-Жануарлар әлемі: төрт түлік және оның төлдері (мінезіндегі ерекшеліктер, қозғалысы, қоректенуі, адамдарға   пайдасы), оларға күтім жасаудағы ересектердің еңбегі туралы ұғымдарын кеңейту.

-Жабайы аңдар, олардың сыртқы түрі, қозғалуы, тіршілік ету ортасы, азығы, қысқа бейімделуі туралы ұғымдарын  байыту.

-Бақылау барысында жануарлар әлеміндегі маусымға тән көріністерді:қыста-құстарды қоректендірудің қажеттігі,   олардың тіршілік етуіне қажетті жағдайларды: азық, су, жылу, жарық, мекендейтін орнын анықтау.

-Заттық әлем: телефон, компьютер, теледидардың қолданылуы және оларды пайдаланудың кейбір қарапайым   ережелері туралы білу.

-Жануарлар әлемі: табиғаттағы қарапайым тәртіп ережелерін сақтау, қарапайым экологиялық білімдерін қалыптастыру және жануарлар мен өсімдіктерге күтім жасауға ( қыстап қалған құстарға жем беру) баулу.


Құрастыру

-Қағаздан құрастыруға үйрету: қағазды тікбұрышты парағын жартысынан бүктеп, бұрыштарды және қырларды  біріктіру, детальдің негізгі түріне желімдеу. Қағаз парағын көлемді пішіндерге қайта келтіру, қағазды кесекке,  орамдарға, ілмекке айналдыра білу дағдыларын бекіту.

-қалдық (қақпақтың түрлері, пластик, қораптар, кір қыстырғыштар және т.б.) заттардан құрастыру

-Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Қауіпсіздік ережелелерін сақтау.


Сурет салу

-Сурет салуда әртүрлі түстерді қолдануға, көп түске назар аударуға деген ұмтылысты қолдау.

-қарапайым табиғат құбылыстарын, ертегі кейіпкерлерін бейнелеуге машықтандыру.

-Балаларды суреттерді қылқаламмен, қаламмен бояуға үйрету, заттарды бояуда сызбалар мен жақпаларды бір    бағытта жоғарыдан төменге немесе солдан оңға пішіннің шеткі сызығынан шықпай ырғақты түрде бояу.   

-Қылқаламды үстінен баса отырып, жуан сызықтарды ал қылқаламның ұшымен жіңішке сызықтарды жүргізу.


Мүсіндеу

-Жануарлардың мүсінін жасаудың әртүрлі тәсілдерін пайдалану;

-Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен таныстыру, оларды мүсіндеуге баулу. Дайын мүсінді дөңгелек, сопақ,  шаршы, үшбұрыш пішіндегі қазақ оюларының элементтерімен безендіру

Жапсыру

- Ұжымдық сюжетті композицияны құрастыру дағдыларын қалыптастыру. Композицияны құрастыруда дайын  пішіндердің көмегімен заттарды қиюға немесе өзбетінше ойдан қиып жапсыруға мүмкіндік беру.

-Шығармашылық қиялды дамыту.



Музыка

-Балалар музыкалық аспаптарын тану және атау.

-Әуеннің көңілді сипатын қабылдауға үйрету, музыканың кіріспесін ажырату, кіріспеден кейін қимылдарды   бастау, музыканың сипатына сәйкес қимылдарды ауыстыру, би қимылдарының, билердің атауларын есте сақтау





















Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарлама негізінде 2024 - 2025 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары



Білім беру ұйымы балабақша

Топ ересек топ

Балалардың жасы 4-5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі 2025 жыл ақпан айы

Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет




Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

Ақпан

Дене шынықтыру

-Жүру. Өкшемен, аяқтың сыртқы қырымен, сапта бір-бірден жүру, жүруді жүгірумен, секірумен алмастырып,  бағытты және қарқынды өзгертіп жүру, қол мен аяқ қимылдарын үйлестіру.

-Тепе-теңдікті сақтау. Сызықтар арасымен (15 см арақашықтық), сызықпен, арқанмен, тақтаймен,  гимнастикалық орындықпен, бөренемен жүру. Тепе-теңдікті сақтау: қолын жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен  тұру;

-Сапқа тұру: Екеуден, үшеуден бірінің артынан бірі қатарға тұру, бағыт бойынша түзелу; оңға, солға бұрылу,  орнында айналу; араларын алшақ ұстау және жақын тұру.

-Спорттық жаттығулар

  Шанамен сырғанау. шанамен төбешікке көтерілу, төбешіктен түскенде тежеу, мұзды жолдармен өзбетінше  сырғанау.



Сөйлеуді дамыту



 -Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті: дауысты, дауыссыз дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын бекіту,   Фонематикалық естуді дамыту: белгілі бір дыбыстан басталатын сөздерді есту арқылы ажырата білуге және   атауға үйрету.

 -Сөздік қор: сөздік қорды заттар тобын білдіретін жалпылаушы сөздермен (жиһаз), заттардың орналасқан жерін  (сол, оң, қатар, жанында, арасында), тұрмыстық электротехника заттарының байыту.

 -Байланыстырып сөйлеу: балаларды әңгіме айтуға үйрету: затты, суретті өзбетінше зерттеп, сипаттауға, түрлі  балалар әрекеттерінде бейнелеген суреттері, бұйымдары бойынша әңгімелер құрастыруға, шығармалардың,  ертегілердің қызықты үзінділерін қайталап айтуға, бейтаныс заттар, құбылыстар, оқиғалар туралы ақпаратты  талқылауға баулу


Көркем әдебиет




-Сахналық қойылымдарға қатысуға, таныс әдеби шығармалар, ертегілер бойынша қарапайым қойылымдарды  ойнауға, образды бейнелеу үшін мәнерлілік құралдарын (интонация, ым-ишара, қимыл) қолдануға   ынталандыру.

-Әдеби шығармаларды мұқият тыңдау, кейіпкерлерге жанашырлық таныту, ондағы әрекеттердің дамуын  қадағалау, автор сөздерін айту, кейіпкерлердің мінезін беру, шығарма мазмұны бойынша сұрақтарға жауап   беруге, ересектермен бірге ертегі мен әңгіменің басын, соңын ойдан құрастыруға баулу.




Қазақ тілі


-Демонтрациялық әрекеттер бойынша әңгіме құрастырып сөздік қорларын молайтып,зат есім,сын есімдерді  байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру. Етістіктерді бұйрық райымен қолдана білуге үйрету (отыр, жүр, жүгір   және т.б.).


Математика негіздері


-Уақытты бағдарлау: «бүгін», «кеше», «ертең» туралы ұғымдарын кеңейту.

-Геометриялық фигуралар: геометриялық денелерді (куб, шар, цилиндр) танып, атай білуге үйрету.   геометриялық пішіндерді көру және сипап сезу арқылы зерттеу.

Қоршаған ортамен таныстыру





-Өлі және тірі табиғат:Табиғат құбылыстары туралы ұғымдарын (тұман, қар, боран және т.б.) кеңейту.

  -Бақылау күнтізбесінде ауа райын белгілеу (суық, қар, жел соғуы), соған сәйкес киіну. Қарапайым себеп-  салдарлық байланыстарды бақылау және анықтау ( күннің суықтығынан жердегі қар мұзға айналды және т.б.),   ойын, еңбек, эксперимент барысында қар, мұз қасиеттерін анықтау.

 -Менің Отаным‑Қазақстан: республикадағы қалалар мен ауылдардың атаулары, олардың көрікті жерлері, ауыл   мен қала өмірінің ерекшеліктері туралы ұғымдарын дамыту.

 -Жолда жүру ережелері:Балаларды жол қозғалысы ережелерін саналы түрде сақтауға үйрету. Сюжетті-рөлдік   ойындар барысында жол қозғалысы ережелері туралы білімді бекіту.

 - Көлік түрлерінің қолданысын (әуе, су, жерде жүретін көліктер) ажырата білу, оның түрлері және қолданылуы   машинаның жабдықтарына байланысты екені туралы (жедел жәрдем, өрт сөндіру машинасы және тағы басқа)   білу

-Еңбекке баулу: шамасы келетін жұмысты орындау кезінде балалардың бастамасын қолдау: бөлме өсімдіктеріне күтім жасау,   оларды суару, қыстайтын құстарды қоректендіру және т.б.


Құрастыру

Құрылыс материалдарынан құрастыру.орналастыру тәсілдерін қолдана отырып, тігінен және кірпіштерді, бөлшектерді көлденеңінен орналастыруды дамыту.


Сурет салу



-Қазақ халқының және басқа халықтардың сәндік-қолданбалы өнер шығармаларымен таныстыру барысында

 эстетикалық қабылдауын дамыту.

-Жеке заттардыжәне бірдей заттарды қайталап салу және олардың қасына басқа заттарды бейнелеу арқылы   сюжеттік композицияларды салу. Сюжетті композицияларды салу кезінде әрбір затқа тән ерекшеліктерді,   олардың бір-біріне арақатынасын беру.


Мүсіндеу



- Ертегілер мен қоршаған өмір тақырыптарына сюжеттік композициялар құру, ұжымдық жұмыстарды    орындауда міндеттемелерді өзара бөлісу.

-Мүсіндеуде қауіпсіздік ережелерін сақтау.


Жапсыру



-заттарды дайын пішіндердің көмегімен және өзбетінше ойдан қиып жапсыруды бекіту;

-жапсыруда қауіпсіздік ережелерін сақтауды, жұмысты ұқыптылықпен орындауды дамыту;

-Қарапайым бейнелерді(шаршыдан дөңгелек,сопақша пішіндер т.б) қайшымен қиюды үйрету.Бөлшектерден  бейнелер құрап жапсыруды дамыту.

Музыка



еңіл, ырғақпен қозғалу; жұппен би қимылдарын орындау; билерде ойындағы музыкалық қимылдарды қолдану, музыканың сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау, үлкен шеңберге және шашырап тұру хор айтуды шеңбер бойымен жүргізу, музыкалық фразаларға сәйкес қимылдарды өзгерту;

-Қазақтың ұлттық би өнерімен таныстыру. «Қамажай» биін үйрету.




Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарлама негізінде 2023 – 2024 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары



Білім беру ұйымы балабақша

Топ ересек топ

Балалардың жасы 4-5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі 2025 жыл наурыз айы








Ұйымдастырылған іс-әрекет



Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

Наурыз

Дене шынықтыру

-Спорттық жаттығулар: Велосипед тебу. Екі және үш дөңгелекті велосипед тебу. Оңға, солға бұрылу.

 Балалардың денесін үйлесімді дамыту, спорттық, қимылды ойындарға, спортпен айналысуға қызығушылықты   арттыру;

- Жүгіру. Аяқтың ұшымен, тізені жоғары көтеріп, адымдап жүгіру, сапта бір-бірден, шеңбер бойымен,   «жыланша», шашырап жүгіру. Түрлі тапсырмаларды орындай отырып: шапшаң және баяу қарқынмен,   жетекшіні ауыстырып жүгіру,

-Еңбектеу, өрмелеу:Табан мен алақанға сүйеніп, төрт тағандап еңбектеу, 50 сантиметр биіктікте ілінген арқанның   астынан еңбектеу. Құрсаудан еңбектеп өту

Сөйлеуді дамыту



-Байланыстырып сөйлеу: ұсынылған сюжеттер бойынша қойылымдарды сахналауға үйрету. Балаларды әңгіме  айтуға үйрету: затты, суретті өзбетінше зерттеп, сипаттауға, түрлі балалар әрекеттерінде бейнелеген суреттері,   бұйымдары бойынша әңгімелер құрастыруға, шығармалардың, ертегілердің қызықты үзінділерін қайталап   айтуға, бейтаныс заттар, құбылыстар, оқиғалар туралы ақпаратты талқылауға баулу

=Сөздік қор: сөздік қорын ұлттық тұрмыстық заттардың атауларын білдіретін сөздермен, жануарлардың   атауларымен, еңбек әрекетін білдіретін етістіктермен толықтыру.

-Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті: сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс айтылуын жақсарту.


Көркем әдебиет




-Сөз өнеріне баулу, халық ауыз әдебиеті шығармаларымен таныстыру, жұмбақ шешу, айтыс өнеріне баулу.   Таныс әдеби шығармалар, ертегілерді сахналауға, еркін ойындарда таныс кейіпкерлердің образын өздігінен   сомдауға, оларды басқа қырынан көрсетуге (қатыгез-мейірімді, ақкөңіл-салмақты) ынталандыру.



Қазақ тілі


-Артикуляциялық және дауыс аппаратын, сөйлеуде тыныс алуды, фонематикалық естуді, анық және қалыпты  қарқынмен сөйлей білуді дамыту.

-Зат есім мен етістікті байланыстыру арқылы оқиғаларды ойдан шығаруға үйрету.

Математика негіздері

-Кеңістікті бағдарлау: кеңістік бағыттарын өзіне қатысты анықтау, берілген бағытта қозғалу (алға-артқа, жоғары-  төмен), заттардың өзіне қатысты орналасуын сөздермен белгілеу.

-Шама: заттар шамасы бойынша әртүрлі болатындығы жайлы түсінік беру. Екі затты салыстыру, екі затты үстіне   және қасына қою тәсілдерін қолданып, салыстыру нәтижелерін енді-енсіз, жуан-жіңішке сын есімдермен   белгілеу.

Қоршаған ортамен таныстыру

-Байланыс және қозғалыс құралдары: қозғалыс ортасын ескере отырып, көлік құралдарын танып және атай білу   дағдыларын қалыптастыру. Әртүрлі көлік құралдары мен оларды басқаратын адамдар туралы білімдерін   жетілдіру. Көлікте жұмыс істейтін адамдарға сыйластық танытуға тәрбиелеу.

-Еңбекке баулу:Жақындарыныңмамандықтарымен таныстыру, олардың атқаратын қызметінің маңызын түсіну,   ата-анасының мамандықтарына қызығушылықты қалыптастыру. Айналаны қоршаған заттар, ойыншықтар –   адамдардың еңбегімен жасалғаны туралы түсінік беру, оған ұқыпты қарауға баулу.

-Заттық әлем: Қазақ халқының ұлттық әшекейлерімен таныстыру.

-Бала, оның отбасы, үйі: отбасы туралы, отбасының ересек мүшелерінің еңбегі туралы білімдерін жетілдіру.   Отбасындағы үлкендерді сыйлауға, құрмет көрсетуге, кішілерге қамқорлық жасауға баулу. Жақын туыстарын   білуге, олардың есімдерін атауға үйрету, отбасындағы сүйікті адамдары, отбасылық мерекелер, салт-дәстүрлер   туралы әңгімелеу, өзінің жақындарына мақтаныш сезімін білдіру.

-Өсімдіктер әлем: Өсімдіктер, оларға күтім жасау (жерді қопсыту, суару, жапырақтардың шаңын сүрту) туралы   түсінікті дамыту. Бақылау, эксперимент және еңбек ету барысында өсімдіктердің тірі тіршілік иелері екендігін,   өсімдік тұтастығының мәнін, олардың өсуі үшін жер, топырақ, су, күн, жарық, ылғал, жылудың қажеттілігін   анықтау.

-Жануарлар әлемі: жәндіктер туралы (қоңыз, көбелек, шыбын, құмырсқа) ұғымдарын кеңейту.

Құрастыру

Балаларға шаршы қағаздарды қиғаш және тең бөлікке бөлуді,бүктеудің қарапайым әдістерін үйрету,құрастыруды логикалық ойлау қабілеттерін,саусақ икемділіктерін арттыру.



Сурет салу

Халық қол өнер шеберлерінің жұмыстарымен таныстыру:

-ою элементтерінің пішінін, реттілігін, олардың арасындағы қашықтықты ескере отырып, жазықтықта оюларды орналастыру;

-қазақ оюларының кейбір элементтерін салу;

-дайын заттарды өрнекпен безендіру;

- Сурет салуда еңкеймей, арқаны тік ұстап, дұрыс еркін отыруға, жұмыс орнын таза ұстауға, ұқыпты болуға,   қауіпсіздікті сақтауға баулу.


Мүсіндеу

-Ермексазбен есу, жаншу,созу тәсілдерінжалғастыру:

-заттарды конструкциялық тәсілмен мүсіндеу;

-ұжымдық композициялық жұмыстарды орындау;

- Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен таныстыруды жалғастыру; оларды мүсіндеуге баулу;

- қазақ халқының тұрмыстық заттарын мүсіндеуге қызығушылықтарын давмыту;



Жапсыру

-Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерімен, сандық, кебежемен, қоржынмен және т.б. таныстыру. Геометриялық пішіндерден, өсімдіктерден әзірленген ою-өрнектерді жолаққа бірізділігін ескере отырып, жапсыру дағдыларын қалыптастыру. Элементтердің ретін, олардың арасындағы арақашықтықты сақтауды, пішінін ескере отырып, ұлттық ою-өрнекті қолданып, тұрмыстық заттарды, ыдыстарды безендіру дағдыларын дамыту.


Музыка

-Әннің мәтініне сәйкес ойын қимылдарымен сүйемелдей отырып, әнді көңілді және емін-еркін әндету; шапшаңдық пен икемділік таныту, халық ойындарының көңілді сипатын беру,

-дыбыстарды жоғарылығы бойынша ажырату, музыкалық шығарманың мәнерлі құралдарын байқауға үйрету (ақырын, қатты, баяу, жылдам), жоғары ды-быстарды ажырату (секста, септима шегінде жоғары, төмен), әндерді иллюстрацияларды көрсету мен және қимылдармен сүйемелдеу, қазақтың ұлттық аспабы домбырамен орындалған әндер мен күйлерді тыңдату







Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарлама негізінде 2024 - 2025 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары





Білім беру ұйымы балабақша

Топ ересек топ

Балалардың жасы 4-5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі 2025 жыл сәуір айы



Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет



Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

Сәуір

Дене шынықтыру

-Секіру:4–5 сызықтан аттап (сызықтардың арақашықтығы 40–50 см) секіру, 20–25 см биіктіктен секіру, орнынан  ұзындыққа (шамамен 70 см), қысқа секіргішпен секіру;

-Еңбектеу, өрмелеу. 10 м-ге дейінгі қашықтықта заттардың арасымен тура бағыт бойынша, көлбеу тақтай бойымен  төрттағандап еңбектеу; етпетімен жатып, гимнастикалық скамейка бойымен қолдарымен тартылып, алға қарай   еңбектеу

-Жүру. Өкшемен, аяқтың сыртқы қырымен, адымдап, жан-жаққа қосалқы қадаммен (оңға және солға), сапта бір- бірден жүру, жүруді жүгірумен, секірумен алмастырып жүру.


Сөйлеуді дамыту


-Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті: дауысты, дауыссыз дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын бекіту, ызың және үнді   (р, л) дыбыстарды анық айтуға жаттықтыру. Артикуляциялық аппаратты жетілдіру.

-Сөздік қор: сөйлеуде күнделікті көп қолданылатын сын есімдерді, етістіктерді, есімдіктерді қолдану. Сөздік   қорды заттар тобын білдіретін жалпылаушы сөздермен (көлік), мағынасы қарама-қарсы антоним сөздермен   байыту.

-Байланыстырып сөйлеу: диалогтік сөйлеуді жетілдіру: әңгімеге қатысуға баулу, диалогке қатысушы үшін   түсінікті сұрақтар қоюға және қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап беруге баулу.




Көркем әдебиет



-Әдеби шығармаларды мұқият тыңдау, кейіпкерлерге жанашырлық таныту, ересектермен бірге ертегі мен   әңгіменің басын, соңын ойдан құрастыруға баулу.

-Балалардың кітаптағы иллюстрацияларды өз бетінше қарастырып, ертегі, әңгіме құрастыруына мүмкіндік беру.




Қазақ тілі


-Тақпақтар, өлеңдер,санамақтар, жаңылтпаштарды жаттап есте сақтауды, белілі бір дыбыстарға сөздер табуды   үйрету

Математика негіздері

-Шама: бірнеше затты өсу және кему ретімен орналастырып, салыстыру.

=Геометриялық фигуралар: балаларды геометриялық фигураларды (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш) және   денелерді (куб, шар, цилиндр) танып, атай білуге үйрету, геометриялық пішіндерді көру және сипап сезу арқылы   зерттеу, сөйлеуде сын есімдерді қолданып, салыстыру нәтижелерін атау (ұзындау-қысқалау, кеңдеу-тарлау,   жоғары-төмен, қалың-жұқа немесе ұзындығы, ені, биіктігі, қалыңдығы бойынша тең).


Қоршаған ортамен таныстыру

-Өсімдіктер әлемі: өсімдіктердің даму кезеңдері (тұқым, көшет, сабақ, жапырақ, гүл, тұқым) туралы бастапқы   түсініктерді қалыптастыру.

-Өлі табиғат құбылыстары мен заттары: табиғат құбылыстары туралы ұғымдарын ( жаңбыр, бұршақ, кемпірқосақ,   және т.б.) кеңейту.

  Бақылау күнтізбесінде ауа райын белгілеу ( жылы, күн шуақты, жаңбыр жауғанын), соған сәйкес киіну. ойын,   еңбек, эксперимент барысында құм, су, тас қасиеттерін анықтау.

-Жануарлар әлемі: бақылау барысында жануарлар әлеміндегі маусымға тән көріністерді: көктемде көбелектер,   қоңыздардың пайда болуы, құстардың көбеюі, олардың сайрауы, шықылықтауы, шиқылдауы, ұя салуы, балапан   шығаруы, олардың тіршілік етуіне қажетті жағдайларды: азық, су, жылу, жарық, мекендейтін орнын анықтау.

-Табиғаттағы қарапайым тәртіп ережелерін сақтау, қарапайым экологиялық білімдерін қалыптастыру және   жануарлар мен өсімдіктерге күтім жасауға (өсімдіктерді қорғау) баулу.

-Жолда жүру ережелері: өз өмірінің қауіпсіздігінің қарапайым дағдыларын қалыптастыру: ойын, ойын   жабдықтарын пайдалану, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау. Балалардың өз есімін, тегін, жасын, ата-  аналарының атын білуді бекіту, кездейсоқ жағдайларда (адасып қалу, құлау және т.б.) өзін дұрыс ұстауға үйрету

Құрастыру




Заттарды өз бетінше таңдап,бөлшектерді өзара желімдеу, ойдан композиция құрастыру;

табиғи және қалдық заттардан құрастыру;

Сурет салу



-Заттардың үлгі бойынша олардың өзіне тән ерекшеліктерін: пішінін, пропорциясын және заттар мен олардың   бөліктерінің орналасуын ескере отырып сурет салуға үйрету;

-Жеке заттардыжәне бірдей заттарды қайталап салу және олардың қасына басқа заттарды бейнелеу арқылы   сюжеттік композицияларды салу. Сюжетті композицияларды салу кезінде әрбір затқа тән ерекшеліктерді,   олардың бір-біріне арақатынасын беру.


Мүсіндеу



-Мүсіндеудің таныс тәсілдерін пайдалана отырып, сазбалшықтан, қамырдан, ермексаздан мүсіндеу

-Бірнеше бөліктерден заттарды мүсіндеу, оларды орналастыру, пропорцияларды сақтау, бөліктерді біріктіру.


Жапсыру



-Дайын пішіндерден гүлдер және т.б. пішінін қию және ол заттарды қағаз бетіне орналастыру дағдыларын  қалыптастыру. Композицияны құрастыру кезінде заттар мен нысандардың көлемі бойынша арақатынасын ескеру.  Ұсақ элементтерді ересектердің көмегімен желімдеу, алдымен қағаз бетінде заттың бейнелерін құрастырып, содан  кейін оны желімдеу.

- Шығармашылық қиялды дамыту.

-Жапсыруда қауіпсіздік ережелерін сақтау, жұмысты ұқыптылықпен орындау.



Музыка

-Әуеннің сипатын тану: әннің қайырмасын орындау кезінде күрделі емес ырғақтық бейнені орындап, сылдырмақтармен ойнау, музыканың тактісімен алақандарды соғу; түрлі жанрдағы музыканы қабылдау және анықтау:

-әндерді иллюстрацияларды көрсетумен және қимылдармен сүйемелдеу, қазақтың ұлттық аспабы домбырамен орындалған әндер мен күйлерді тыңдату.








Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарлама негізінде 2024 - 2025 оқу жылына арналған ұйымдастырылғаніс-әрекеттің перспективалық жоспары



Білім беру ұйымы: балабақша

Топ ересек топ

Балалардың жасы 4-5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі 2025 жыл мамыр айы



Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет



Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

Мамыр

Дене шынықтыру

-Ырғақтық жаттығулар. Таныс, бұрын үйренген жаттығуларды және қимылдарды музыкамен сүйемелдеу   арқылы орындау.

-Лақтыру, домалату, қағып алу. Заттардың арасымен доптарды, құрсауларды бір-біріне домалату. Заттарды   қашықтыққа лақтыру (3,5–6,5 м кем емес), оң және сол қолымен көлденең қойылған нысанаға (2–2,5 м  қашықтықтан), допты кедергілер арқылы бастан асыра екі қолымен және бір қолымен лақтыру (2 м   қашықтықтан); допты жоғары лақтыру және екі қолымен қағып алу (қатарынан 3–4 рет);

-Жүгіру. Түрлі тапсырмаларды орындай отырып: шапшаң және баяу қарқынмен, жетекшіні ауыстырып жүгіру,   1–1,5 минут ішінде баяу қарқынмен жүгіру; орташа жылдамдықпен жүруді кезектестіре отырып, 40–50 метрге   жүгіру;

Сөйлеуді дамыту


-Сөздік қор: балалардың сөздік қорын патриоттық, достық, бейбітшілік тақырыбындағы сөздермен толықтыру. --Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті: сөйлеу қарқынын өзгертуді бекіту: ақырын, жылдам сөйлеуді меңгерту үшін   тақпақтар мен жаңылтпаштар айтқызу. Дикция бойынша жұмысты жалғастыру: сөздер мен сөз тіркестерінің   дұрыс айтылуын жақсарту.

-Байланыстырып сөйлеу: балаларды әңгіме айтуға үйрету: затты, суретті өзбетінше зерттеп, сипаттауға, түрлі   балалар әрекеттерінде бейнелеген суреттері бойынша әңгімелер құрастыруға, бейтаныс заттар, құбылыстар,   оқиғалар туралы ақпаратты талқылауға баулу.




Көркем әдебиет


-Әдеби шығармалардың мазмұнын қайталап айтуда сюжет желісінің реттілігін сақтау, автор сөздерін айту,   кейіпкерлердің мінезін беру, шығарма мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге, ересектермен және   балалармен еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру;

-Шешендікке, сөз өнеріне баулу, халық ауыз әдебиеті шығармаларымен таныстыру, санамақ, жаңылтпаш айту,   жұмбақ шешу, айтыс өнеріне баулуды жалғастыру.


Қазақ тілі



-Сөздердің грамматикалық және дыбыстардың фонематикалық құрылымын сақтай отырып суреттер мен   кестелермен жұмыс жасау дағдыларын бекіту.

Математика негіздері

-Кеңістікті бағдарлау: кеңістік бағыттарын өзіне қатысты анықтау, берілген бағытта қозғалу (алға-артқа, оңға-  солға, жоғары-төмен), заттардың өзіне қатысты орналасуын сөздермен белгілеуді қайталау.

-Сан, санау: 5-ке дейін реттік санау дағдыларын дамыту, реттік сан есімдерді атау, сандарды реті бойынша   атауға «Нешінші?» сұрағына жауап беруге және қорытынды санды атауға, «Барлығы қанша?» сұрағына жауап   беруге үйрету.


Қоршаған ортамен таныстыру

-Менің Отаным – Қазақстан: Отанымыз – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікті және мақтаныш   сезімін ояту. Балаларды мемлекеттік мерекелерге қатысуға баулу. Отан қорғаушылар, Қазақстан   Республикасының әскері туралы ұғымдарын кеңейту. Отанды сүюге, патриотизмге тәрбиелеу.

 -Жануарлар әлемі: жәндіктер туралы (қоңыз, көбелек, шыбын, құмырсқа), және жыл құстары туралы   ұғымдарын кеңейту.

-Өлі және тірі табиғат: ойын, еңбек, эксперимент барысында саздың қасиеттерін анықтау.

-Еңбекке баулу: балалардың еңбек етуге деген оң көзқарасын тәрбиелеу, берілген тапсырмаға жауапкершілікпен   қарауды қалыптастыру: бастаған істі аяғына дейін жеткізе білу, оны жақсы орындау. Топты және ойын алаңын   таза ұстауға, ойыншықтарды жинауда тәрбиешіге көмектесуге баулу. Шамасы келетін жұмысты орындау   кезінде балалардың бастамасын қолдау: бөлме өсімдіктеріне күтім жасау, ауладағы гулдерді суару және т.б.

-Жолда жүру ережелері: балаларды жол қозғалысы ережелерін саналы түрде сақтауға үйрету. Сюжетті-рөлдік   ойындар барысында жол қозғалысы ережелері туралы білімді бекіту.


Құрастыру




Табиғи және қалдық әр түрлі материалдармен жұмыс жасауды жалғастыру; -бұйымдарды өз қолдарымен жасау дағдыларын қалыптастыру.

Сурет салу

-Инновациялық әдістер мен технологияларды қолданып, шығармашылық дағдыларды, эстетикалық талғамды дамытуды  жалғастыру.Сурет салуда әр түрлі түстерді қолдануға, көп түске назар аударуға деген ұмтылысты дамыту.

-Балалардың гүлдер, қоршаған заттар мен табиғат объектілерінің түстері мен реңктері туралы ұғымдарын  байыту. Қоңыр, қызғылт сары, ашық жасыл реңктермен таныстыру және ол түстерді өзбетінше жасауға  ынталандыру (қажетті түсті шығару үшін бояуларды араластыру).

-Қоршаған ортаның әсемдігіне, қазақ халқының және басқа халықтардың өнер туындыларына, киіз үйге, оның  жабдықтарына, тұрмыстық заттарға, ойыншықтарға, сәндік-қолданбалы өнерге қызығушылықты дамыту.


Мүсіндеу



-Ермексазбен есу, жаншу,созу тәсілдерін жалғастыру:

-заттарды конструкциялық тәсілмен мүсіндеу;

-ұжымдық композициялық жұмыстарды орындау;


Жапсыру



-ұжымдық мазмұнды композицияны құрастыру;

-Дайын пішіндерден жануарлар, құстар, гүлдер және т.б. пішінін қию және ол заттарды қағаз бетіне  орналастыру дағдыларын қалыптастыру

Музыка


-Балалардың музыкаға деген қызығушылығын тудыру, оны тыңдауға ынталандыру, музыкалық шығармаларды  эмоционалды қабылдауды дамыту.

-Би қимылдары, ойындық музыкалық қимылдарды орындау дағдыларын қалыптастыру;








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.11.2024
377
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі