№20 "АҚКӨҢІЛДІЛІК ТУРАЛЫ"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

№20 "АҚКӨҢІЛДІЛІК ТУРАЛЫ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Пән мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: Құрманғазы Сағырбайұлы ат жом

Мерзімі: 01.02.2019 жыл

Мұғалім: Г.Абуева

Сыныбы: 3 «а,ә,б,в» Оқушы саны: 18-24

20 Тақырыбы: Ақкөңілділік туралы

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: ақкөңілділік


Мақсаты: Оқушыларға ақкөңілділіктің маңыздылығын түсіндіру арқылы қиянат жасамау құндылықтарының мәнін ашу.


Міндеттері:

  • Оқушыларға ақкөңілділік ұғымына ақпейілділік қасиеті арқылы түсінік беру;

  • Оқушылардың бойындағы ақкөңілділікті түсіністік қасиеті арқылы дамыту;

  • Оқушыларды ақкөңілділікке тәрбиелеу.

Ресурстар Оқулық, дәптер

Ұйымдастыру кезеңі

5 «Т» ережесін еске түсіру

Тыныштық сәті Тыныс алуға зейін қою.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...


Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)


немесе


1..................2


Үй тапсырмасы «Рақым» 91 бет оқып, түсінік айтып келу.


Дәйексөз

Ақкөңілділік – адам ойының тазалығының көрінісі. Жүсіп Баласағұни


Мұғалім сыйы Ағайындылар

Бір ауылда екі ағайынды тұрыпты. Үлкені үйленіп, әке-шешесімен бірге тұрады, ал кішісі ауылдың шетінде тұрды. Екеуі де көп еңбектенсе де, өмірлері қиын болды, олар байымады. Бірде қуаңшылық жыл болады. Інісі былай ойлады: «Ағамның жағдайы қиын, әйелі мен балалары, әке-шешеміз - соның мойнында. Өзімнің қорларымнан бірнеше бу бидай апарып берейінші» -дейді.Солай ойлап, жүріп кетеді. Қараңғыда жолда ол өзі сияқты бидай апара жатқан адамды көреді. Ойлағанын іске асырып, үйіне келсе, таң қалады: ондағы жиырма бу бидайы сол қалпында тұр екен. Арқасына қайтадан төрт бума бидай көтеріп, тағы да ағасына кетеді. Тағы да сол бейтаныс адамды көріп, ол өзінің ағасын таниды. Ағасы да солай ойлаған: «Інім қиналып жүр ғой, оған көмектесіп жіберейін». Сұрақтар:

Ағайындылардың бір-бірне көрсеткен қамқорлықтарын немен түсіндіруге болады?

Ағайындылар бір-біріне неліктен жасырын түрде жақсылық жасады?

Жанашыр бауырдың бойында қандай құндылықтар мен қасиеттер болады?

Өздерің бауырларыңнан шынайы қамқорлық сезінгенде қандай күйде боласыңдар? Әңгімелеп беріңдер.


Шығармашылық жұмыс

4 Тапсырма «Ақкөңілділік» сөзіне ребус құрастырыңдар.

5 Тапсырма Суреттерге қараңдар сұрақтарға жауап беріңдер.Сурет бойынша әңгіме құрастырып айтыңдар.

6 Тапсырма Өлеңді оқыпдар, ондағы жақсы қасиеттерді тауып жазыңдар.


Жаңаны білеміз

Ақкөңілділік - адамның жақсы қасиеті. Ақкөңіл адам басқаларға жақсылық ойлап, жақсылық жасауға дайын тұрады. Ақкөңіл адамның жүрегі жұмсақ, жаны нәзік, көңілі дархан.Ондай адамдарды өзара сыйласымынан, ақ ниетті әрекеттерінен, жақсылыққа құштарлығынан, жанашырлығынан тануға болады.


Топпен ән айту Жас дәуірдің гүліміз!

Әнін жазған: Ибрагим Нүсіпбаев Өлеңін жазған: Ермек Өтетілеуұлы


Үй тапсырмасы «Мейірбан» 94 бет оқып, түсінік айтып келу.


Соңғы тыныштық сәті

Сонымен, балалар, бүгінгі сабағымыз не туралы болды?

Бүгінгі өткен сабағымыздан алған жақсы ойларды жүрегімізде сақтайық. Бүгінгі керемет сабақ үшін сендерге көп рахмет!







Оқу ісінің меңгерушісі: Л.Қалиева



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2019
5860
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі