жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
20-ға дейінгі сандары салыстыру
|
Пән: Математика Мектеп: №92 орта мектебі Мұғалімнің аты – жөні: Асан Айнұр Сынып:1сынып Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Саяхат» |
||||
|
Сабақ тақырыбы: |
20 – ға дейінгі сандарды салыстыру |
|||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттар(оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.1.1.2** бір таңбалы сандарды / 11 – ден 20 – ға дейінгі сандарды салыстыру 1.5.2.2** «+», «−», «=», «≠», «>», «<» таңбаларын қолдану |
|||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар:11 – ден 20 – ға дейінгі сандарды сандық сауледі көрсетіп, қосу және азайту таңбаларын анықтайды. Көптеген оқушылар:20-ға дейінгі барлық сандар мен 100-ге дейінгі дөңгелек сандарды салыстырып, артық, кем, теңдік белгілерін ажырата алады. Кейбір оқушылар: 20 – ға дейінгі бір таңбалы және екі таңбалы сандарды салыстырып, математикалық таңбаларды қолдана алады. |
|||
|
Бағалау критерийлері: |
- 20-ға дейінгі барлық сандар мен 100-ге дейінгі дөңгелек сандарды салыстыруды біледі - 20 көлеміндегі біртаңбалы және екітаңбалы сандарды салыстырады. - Өрнектерді жазу мен салыстыруда «+», «-», «=», «>», «<» таңбаларын орынды қолданады |
|||
|
Тілдік мақсаттар |
Тілдік мақсаттар, лексика мен тіркес мысалдар 20 – ға дейінгі сандарды қосу мен азайтудың өзара байланысын түсіндіріре алады. Пәнге тән лексика мен терминология дөңгелектенген сан, бөлшектер, ондықтар, бірліктер 20-ға дейін сандарды салыстыру,артық , кем, теңдік, теңсіздік Сыныптағы диалог / жазылым үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: - 20-ға дейін бәріміз санай аламыз ба? - Сандарды салыстыру дегенді қалай түсінесіңдер? - 10 саны мен 8 санын салыстырғанда қайсысы үлкен деп ойлайсыңдар? - біз қосу және азайту өрнектерінде сол сандарды көріп тұрмыз ба? |
|||
|
Құндылықтарды дарыту |
Білім беру құндылықтарын, азаматтық жауапкершілікті,ашықтық пен ынтымақтастықты және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастыру |
|||
|
Пәнаралық байланыстар |
Дүниетану-қоршаған ортамен тығыз байланыста болғандықтан тапсырмалары жыл мезгіліне негізделген. |
|||
|
Бастапқы білім |
100-ге дейін санау дағдылары; санды сандық түзу сызықта үлгілеудің тәсілін түсінеді |
|||
|
Сабақтың барысы |
||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс - әрекет |
Ресурстар |
||
|
Сабақтың басы (6 мин) 5 мин 1 мин Сабақтың ортасы (25 мин) 4мин 1мин 6мин 4мин 3мин 2мин 4мин 3мин 1мин 2мин Сабақтың соңы 4мин |
Ұйымдастыру кезеңі Ширату. «Сиқырлы сан» әдісі Парақшадағы 20 – ға дейінгі сандарды дауыстап санайды, сандарды салыстырып, тақтадағы артық, кем, тең таңбаларын тиісті орнын көрсетеді. Кері байланыс: «Сиқырлы таяқ» әдісі -7 саны артық па әлде 5 саны артық па? - 12 саны 15 санынан аз ба? - Сыныпта қанша ұл бала бар? Топқа бөлу: Қима қағаздардан артық, кем, тең белгілерін таңдап топқа бөлінеді. 1 – топ: артық 2 – топ: кем 3 – топ: тең Сабақ мақсатымен таныстыру. ҰЖ. «Суреттер сөйлейді» әдісі Суреттің сол жақ бөлігінде қанша аққала, ал суреттің оң жақ бөлігінде қанша қалпақ бар екенін табады. Аққала мен бас киімнің сандарын теңестіру үшін салыстыру белгілерін қояды. 9 >7: 9 <7; Кері байланыс: «Ақылды қалпақ» әдісі - Барлық аққалаға бас киім жете ме? - Бас киімнің саны мен аққаланың саны теңесу үшін не істеу керек? МК Бағалау: Жарайсыңдар ТЖ. «Сапарға саяхат» әдісі Топ мүшелері өзара рөлдерін бөліседі. (Капитан – топ мүшелеріне тапсырма бөліп береді.Спикер – баяндамашы.Уақыт сақшысы – уақытты бақылап отырады.Хатшы – хабарлап отырады.Бақылаушы – жан – жақты бақылап отырады). Суреттерді анықтап қарап, салыстыру белгілерін қолданып, суреттегі тағы қандай заттарды саны бойынша салыстыруға болатынын айтып, санды теңсіздіктерді құрастырады. Өз жауаптарын ламинатталған парақтарға жазып, келесі топқа саяхат жасайды 1 – топ: Ұлдар мен қыздардың санын анықтайды. 2 – топ:Ересектер мен балалардың санын анықтайды. 3 – топ:Қояндар мен тиіндердің санын анықтайды 4 – топ:Ересектер мен балалардың жолдорбалары- ның санын анықтайды. Кері байланыс: «Қарлы кесек» әдісі - Кімдердің көп екенін анықтадың ба? - Салыстыру белгілерінің көмегімен қандай теңсіздік құрастырдың? Бағалау: «Смайликтер» Топтар бір – бірін бағалайды. ЖЖ. «Сөз құра, тез ойла» әдісі Әріп пен сандар арқылы жұптасады. Жұптар қосу кестесін пайдаланып, мысалдарды шығарады, жауаптарын кему ретімен орналастырып, жауаптарға сәйкес келетін әріптерден сөз құрастырып, аққала сөзін шығарады. Жұптар парақтарын тақтаға іліп, дұрыс жауаппен салыстырады 20 – 8 = Л 19 – 3 = Қ 14 + 4 =А 10 + 3 = А 17 – 7 =А 12 + 5=Қ Кері байланыс: «Адасқан әріптер» әдісі - Сенде қандай сөз шықты? - Тура және кері санауда қандай кестені қолдандың? Жұптар бірін – бірі «арқадан қағу» арқылы бағалайды. ӨЖ. «Қысқы саяхат» ойыны Бұл тапсырма жарыс түрінде өткізіледі. Көлікпен қысқы саяхатқа шығып. Жолда кездескен сандардың арасына салыстыру белгілерін қойып шығады. Қозғалысты «Сөре» белгісінен бастайды. Тапсырма салыстыру белгілерін басынан бастап соңына дейін қойып шығып, теңсіздіктің астына бір сан екінші саннан қанша артық (кем) дегенді толықтырып жазу керек. Жауаптарын сыныптастарының жауаптарымен салыстырады Кері байланыс: «Кім жылдам» әдісі -Қайсыларың мәреге бірінші болып жетемін деп ойлайсыңдар? Бағалау: өзін – өзі Смайлик арқылы бағалайды. Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы Сандарды салыстыр. Сұрақ белгісінің орнына >, <, = таңбаларының тиістісін қой.
Дескриптор: - біртаңбалы және екітаңбалы сандарды салыстырады. Сараланған тапсырма Қабілеті жоғары оқушылар «Пазл» ойыны арқылы. Екі пазлдың арасына салыстыру белгісін қойып, пазлдағы 20 көлеміндегі және 100 көлеміндегі сандарды салыстырады 5 ? 4 2 ? 2 9 ? 9 6 ? 8 7 ? 5 4 ? 3 Сандардың арасына қандай белгі қоюға болады? Сандық сәуленің көмегімен бір сан екіншісінен қаншаға артық немесе кем екенін анықта. 5 ? 15 12 ? 16 10 ? 20 10 ? 10 19 ? 18 10 ? 9 7 ? 17 13 ? 14 16 ? 15 Қабілеті төмен оқушылар Фишкалар сандық саулеге орналастырып, сандық сауленің көмегімен бір сан екіншісінен қаншаға артық немесе кем екенін табады.
Қолдауды қажет ететін оқушылар Санды теңсіздіктерді құрады, ол үшін бос торкөздерге ойлаған санды жазады және олардың арасына салыстыру белгісін қояды
Рефлексия «Бәйге» ойыны арқылы Ол үшін 20 – ға дейінгі сандар жазылған парақшалар қажет болады. Ойын тәртібі: 1.Жүргізуші(мұғалім) сұрақ қояды. 2.Ойыншылар жауап –сандар жазылған парақшаларды көтеруі тиіс. Сұрақтар үлгілері:
Бүгінгі сабақты түсінгендерін білу үшін «жетістік баспалдағы» бойынша өзін-өзі бағалайды |
Интерактивті тақта
| ||





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген