400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

21-ғасыр әдебиеті

Материал туралы қысқаша түсінік
әдебиеттің жаңдайы біз не өзгерте аламыыз
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ қоғамында ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлер көп-ақ. Соның бірі - ереуілдік беру. Ереуілдік- жаңадан көшіп келген көршілерді жеке өзін қонаққа шақырып, танысу. Сондықтан да “Алыстағы ағайыннан, жақындағы көршің артық” деп қазақтар бекер айтпаған шығар.

Біздің айналамыздағы көршілер жиі көшпесе де, арасында үй ауыстыратындары бар. Ал, біз жаңа көршілермен тату-тәтті болып, жақсы араласып кету есебінде бірден оларды ереуілдікке шақырамыз. Бұл салтты көп халық ұстана бермейтіндіктен, көршілер де басында бұдан бейхабар болады. Бірақ, ұғынған соң тіпті өздері де көшіп келген көршілерге ереуілдік жасайтынды әдетке айналдырды. Бәлкім, осының арқасы, біз бір үйдің адамдарындай жақын араласып кетеміз. Әсіресе Наурыз мейрамы кезінде көшенің тұрғындары болып дастарқан жайып, әңгіме-дүкен құрып, мерекені берекелі етіп атап өтеміз. Айтпақшы, ондай қонақтар біздің үйде жиі кездеседі. Себебі, біз тек көршілерімізді ғана емес, әулетке түскен жаңа келін, құдаларды да арнайылап қонақ етеміз және біздің үйде апам болғандықтан барлығы үлкенді сыйлап, “жоқ” деп айтпайды.

Көктем айы келіп, бәйшешектер гүлдей бастаған сәтте біздің үйде үлкен құдай тамақ болады.Себебі, атамның қайтыс болған күніне арнайы құран бағыштаймыз. Осы күні әкемнің барлық аға-әпкелері үлкен отауға (біздің үйге) жиналып, осы күнді абыроймен алып шығамыз. Бір жағынан құран бағыштау болса, бір жағынан көптен бері көрмеген ағайын туыстарымызбен қауышамыз. Осы сәтте көп дүниелер туралы ақылдасып та аламыз. Мысалы сол жылы әулетте үлкен шара болуы мүмкін. Соларды тілге тиек етіп, мәселенің басын шешіп алмаққа ниеттенеміз.

Осыдан кейін, тамылжыған тамыз айларының соңғы күндері, біздердің оқуға кететін шағымыздан бұрын атамыздан мұра болып қалған Қабай атты жайлауға барып, әлеуметтік желіден, күйбең тіршіліктен бір уақытқа тынығып аламыз. Тек біз емес, алыс-жақын тумалардың барлығы сол жақтан табылады. Қарап тұрсақ бұлардың барлығы тек бас қосып, өсек айтумен емес, мәселені ақылдасып, іс бітірумен аяқталатын жиылыс. Осыдан кейін күңіреніп күз келеді, оның артынан қылышын сүйретіп қыс та келеді. Осы сәт Қазақтар үшін ең қарбалас кезең. Бізде де солай… Алғашқы қар қара жерді ақтаңлақ еткенде-ақ Қабайға барып, дайын малды сойып, қысқы азықты да жинастырып аламыз. Содан кейін дайын етті тоңазытқышқа саларда арнайы өзіміз бармасақ та әйтеуір бір келер деген адамдарға арналған сыбаға ең астына салады. Ал, Қалған үйдің 4 қызына берілетін сыбағаны бірден сол жерден өздеріне аттандырып жібереді.

Қарап тұрсақ өмірде біз мән бере бермейтін оқиғалар, көп-ақ. Бірақ, біз сол ерекше сәттерден бақыт іздеуіміз керек.

Бұл дәстүрлер біздің шаңырақтағы салттардың бір бөлшегі ғана. Бірақ, осындай шағын ғана бөлшегінің өзінен өз басым үлкен тәлім-тәрбие аламын, және тек бір күндік емес, мен де өз ұрпақтарыма үйрететіндей тәрьи алуға тырысамын. Себебі,Мұстафа Шоқай “Бала нені көрсе жастан ұяда, өле-өлгенше соны таныр қиядан”  деп айтқан.

Қала: Алматы қаласы.

Мектеп: Абай атындағы РММИ-дің

Сынып: 10-сынып оқушысы аты-жөні: Коптлеуова Гульшат

Почта: koptleuovagulshat@mail.ru

Бағыт: біздің үйдегі дәстүр

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
23 маусым
127
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі