21 ғасыр көшбасшысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

21 ғасыр көшбасшысы

Материал туралы қысқаша түсінік
интеллектуалдық сайыс оқушылардың білімін көтеруге, ұлтжандылыққа арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы


ХХI ҒАСЫРДЫҢ КӨШБАСШЫСЫ

Мақсаты: білуге, үйренуге деген қызығушылығын арыттыру, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту, білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықдар: тірек-сызбалар, сұрақтар жиынтықтары, сигналдық белгілер сағаты.

  1. кезең:’’Бәйге’’

Бұл кезеңде берілген сұрақтарға бірінші жауап беруге тырысыңыз. Жауабыңыз дұрыс болмаса, келесі бала жауап береді.Әр дұрыс жауап үшін 10 ұпай алуға болады. Сонымен бәріңізге табыс тілеймін!

  1. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі қашан жарияланды?(1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі жарияланды)

  2. Тұңғыш рет ғарышқа ұшқан қазақ және қашан ұшты?(1991 жылы 2- қазанда қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарыш сапарына аттанды)

  3. 1992 жылы 30-қыркүйекте дүниежүзі қазақтары үшін қандай атаулы күн болды?(1992 жылы 30-қыркүйекте дүниежүзі қазақтар үшін құрылтай болды.)

  4. Қазақстан Республикасының төлқұжатын азаматтарға беру қашан басталды?(1995 жылы 27- ақпанда)

  5. Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы қашан енгізілді?(1993 жылы 12- қарашада)

  6. Қазақстан халқы өзінің тұңғыш президентін қашан сайлады?(1991 жылы 1- желтоқсан)



  1. кезең:''Жеті жұрттың тілін біл''

Мұнда сіздер қазақша,орысша дұрыс айтумен қатар қатесіз жазуларыңыз тексеріледі.Жазғандарыңызды тексеретін арнайы мамван бар.Барлықтарыңызға табыс тілеймін!

  1. Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі(көктем-весна)

  2. Мұрты бар, иегінде сақалы көп,

Тоны бар, киеріне шапаны жоқ.

Пайдасы үй ішінен табылған соң,

Далаға кіріп-шығар сапары жоқ.(Мысық-кот)

  1. Жүз теңгең болғанша,

Жүз.......... болсын.(дос-друг)

  1. Фотбол алаңындағы ойын заты. (доп- мяч)

  2. Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама.(Кітап-книга)

6. Жеті қазынаның бірі,үйді қорып жүреді.(Ит-сабака)

7. Ұшқан ...........,жүрген аң .(Құс-птицаса )

8. Әр адамның шағын отаны.(Отбасы-семья)


III кезең : ''Қызықты жетілік'

Бұл кезеңде сіздер өздеріңіз таңдап алған сұрақтарға жауап бересіздер.Мына сызбаларға назар аударыңыздар.Жеңіл сұрақ алғыларыңыз келсе 20 ұпайлық сұраққа жауап беру арқылы аласыз мұндағы ең күрделі сұрақтарға жауап беру арқылы 40 ұпай и жинақтауға болады.

1.20. Тікбұрыштың ауданын қалай табамыз?(Ұзындығы мен енін көбейтеміз)

2. 20. Жалаң сөйлем деп қандай сөйлемді айтамыз?(Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді)

3.20. Қазақтың ұлттық аспабымен орындалатын шығарма.(Күи)

4.30. Көкжиектің тұстарын анықтайтын арнаулы құрал қалай аталады?(Компас)

5.30. Елтаңбаның авторлары кім?(Шоман Уалиханов,Жандарбек Мәліков)

6.30. Қазақстанда ''Қызыл кітап'' қашан шықты?(1977 жылы)

7.40. Тәуке ханның қазақ тарихындағы ең үлкен еңбегі қалай аталды? Бұл еңбектерді жасауға кімдер қатысқан?(‘’Жеті жарғы’’.Төле би, Әйтеке би,Қазбек би)







IV кезең :’’Жорға’’

Сіздер бұл кезеңде дайындалған 20 сұрақтың қаншасына жауап берулеріңізге қарай ұпай жинауға болады.1 сұрақ 1 ұпай болып есептеледі. Барлығыңызға сәттілік тілеимін!

  1. Салауаттану кітабының авторлары кім?(Әбілханов,Жаңабердиева)

  2. Сиырдың пірі.(Зеңгі баба)

  3. Жылдан құр қалған жануар.(түие)

  4. Басты байлық.(денсаулық)

  5. Ел басқар саласындағы ең жоғарғы лауазымды тұлға.(Президент)

  6. Қара алтын.(мұнай)

  7. Ұя салмайтын құс (көкек)

  8. Он екі ай.(жыл)

  9. ''Кел,балалар оқылық'' өлеңінің авторы кім?(Ыбырай Алтынсарин)

  10. Абайдың әжесі (Зере)

  11. Көру мүшесі (көз)

  12. VII Қысқы Азияда ойындары Қазақстанның қай қалаларында өтті? (Астана,Алматы)

  13. Жер бетінің қағазға кішірейтіліп салынған бейнесі (карта)

  14. Заттың сынын білдіретін сөз табы (сын)

  15. 9-мамыр қандай күн?(Жеңіс күні)

  16. Жаңа туылған балаларға ат қоиып,оны алғаш бесікке бөлеу жорасы (бесік той)

  17. Күйді орындаушы адам(домбырашы)

  18. Ақан серінің тұлпарының аты (Құлагер)

  19. Сезім мүшелері (құлақ, көз,мұрын,тері,тіл)

  20. Бір заттың көлемін кішіреиткенін көрсететін сан (масштаб)





  1. Түйенің пірі (ойсылқара)

  2. Жыл басы (тышқан)

  3. Жердің өсімдік өсетін борпылдақ жұмсақ қабаты (топырақ)

  4. Қазақстандағы мемілекеттік тіл (қазақ тілі)

  5. Адам денесіндегі тірегі (қаңқа)

  6. Үкіметті кім басқарады (Пример-министр)

  7. Ақ алтын (мақта)

  8. Орман дәрігері (тоқылдақ)

  9. Жеті күн (апта)

  10. ''Менің атым Қожа'' авторы (Бердібек Соқпақбаев)

  11. ’’Абай жолы’’ роман-эпопеясының авторы (Мұхтар Әуезов)

  12. Есту мүшесі (құлақ)

  13. Қырғызстан астанасы (Бішкек)

  14. Жер қыртысын толықтырып жатқан денелер (тау жыныстары)

  15. Жанұяның басшысы (ата-ана )

  16. Заттың қимылын білдіретін сөз табы (етістік)

  17. Бірінші желтоқсан қандай күн? (тұнғыш президент күні)

  18. Баланы тәй-тәй бастырып, күрмеу жібін шешетін кезең (тұсау кесер)

  19. Біржанмен айтысқан қыз (Сара)

  20. Қобыланды тұлпарының аты?(Тайбурыл)

Жеңімпазды анықтау, қортындылау, құттықтау.

  1. Нұрбану Ә. 9ә сайыс жеңімпазы.

  2. Өмірсерік С. 9а

  3. Досан Ш. 10ә

  4. Айдана Қ. 10а

  5. Гүлжайнар Қ. 9ә

  6. Шәрбат І. 10а



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
1480
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі