21-ғасыр көшбасшысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

21-ғасыр көшбасшысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалар жалпы пәнаралық байланыс дамытады. Ой-өрісі дамиды, жылдамдыққа үйренеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ХХІ ғасыр көшбасшысы 3-сынып

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімдерін тиянақтау. Білімге , ғылымға деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: рухани адамгершілікке тәрбиелеу

Дамытушылық: ой жылдамдығын есте сақтау қабілетін дамыту

Көрнекілігі: тірек сызбалар, тест тапсырмалары, бәйге сұрақтар, слайд т.б. Сабақтың барысы:

І. Жалпы тест (уақыты есептеледі)

2 - кезең: «Жеті жұрттың тілін біл»

ІІ. Пән таңдау

ІІІ. Балл таңдау І Жалпы тест

Ойынның шарты.

5 топ қатысады.
1. Әр топқа сұрақтар қойылады, әр сұраққа жауаптың үш нұсқасы ұсынылады.
2. Қатысушы дұрыс жауап берген әр сұраққа 1 ұпай иеленеді.
3. Жауапқа 5 секунд уақыт беріледі.



1. Сөйлемнің баяндауышын белгіле Еңбек ерлікке жеткізеді

А) еңбек Б) ерлікке В) жеткізеді

2. Төрт дыбыстан құралған тасымалданбайтын сөзді белгіле

А) қант Б) қала В) қора

3.Жұрнағы бар сөзді тап

А) домбыраны Б) домбырашы В) домбырамен

4.Өнер , білім бар жұрттар, Тастан сарай салдырар. Айшылық алыс жерлерден Көзіңді ашып-жұмғанша, Жылдам хабар алғызды. Кімнің өлеңі? А) А. Құнанбаев Б) Ш.Құдайбердиев В) Ы.Алтынсарин

5. Ақыл-жастан шығады, Асыл-тастан шығады А) мәтел Б) мақал В) нақыл сөз

6. Оңтүстік Қазақстандағы қала А) Астана Б) Шымкент В) Қарағанды 7.Теңдеуді шеш. 898-х=196 А) 800 Б) 700 Ә) 702

8. Санды жаз: бірінші кластың сегіз жүз үш бірлігінен тұратын

А) 803 Б)850 В) 308

9. Үстелде 5 шам жанып тұр. 3 шамды үрлеп өшірдім. Үстелде неше шам тұр?

А) 8 Б) 2 В) 5

10. Түнгі сағат 23.00-де жауын жауып тұрса, 1 тәуліктен соң күн жарқырап шығуы мүмкін бе?

А) Мүмкін Б) Мүмкін емес В) білмеймін

2 - кезең: «Жеті жұрттың тілін біл»
Айыра біл, жақсы менен жаманды,
Айыра біл, қарындаш пен қаламды.
Айыра біл, соқпағында өмірдің,
Айыра біл, үш тіліңді – дей келе кезекті сайысымыз «Жеті жұрттың тілін біл».
Кезеңіміздің атауын «Жеті жұрттың тілін біл» деп атадық. Мұнда сендер жұмбақтар жасырылады, ал сендер сол жұмбақтардың шешуін үш тілде, яғни, қазақ орыс, ағылшын тілдерінде айтуларың қажет. Бұл кезеңде де әр дұрыс жауап үшін 10 ұпайдан беріледі. Барлықтарыңа табыс тілеймін!
1. Қабат – қабат қаттама
Ақылың боллса аттама. (кітап – книга - book)
2. Футболшының алаңдағы ойын заты? (доп – мяч - ball)
3. Жүз теңгең болғанша,
Жүз....... болсын. (дос – друг - friend)
4. Әй, керемет бір ит бар
Үй бағады үрмейді.
Аяғы жоқ жүрмейді.
Рұқсатсыз ол иттен
Ешкім үйге кірмейді. (құлып – замок - lock)
5. Жеті қазынаның бірі –
Адамды қорып жүретін досы.
(ит – собака - dog)

Пән таңдау 3 сұрақтан Сұрақты жылдам және бір сөзбен ғана жауап береді. Математика

1. 7м қанша см-ге тең? \700см\

2. 2 сағатта қанша минут бар? \120 мин\

3. Бөлу амалын немен тексереді? \көбейтумен\

4. 4 ғасырда неше жыл бар? \400\

5. Барлық қабырғалары тең фигура қалай аталады? \шаршы\

6. Құлынның массасы 55 кг, ал ал лақтың массасы 5 есе кем, лақтың массасы қанша? \11кг\

7. 4 аптада неше күн бар? \28\

8. 420 минутта қанша сағат бар? \7сағ\

9.Шаршының ауданы 36 см\кв.-ге тең. Қабырғаларының ұзындығы қаншаға тең? \6 см\

10. Сұйық затты немен өлшейді? \литрмен\

11. 4 аптада неше күн бар? \28\

12. 9 тоннада неше кг бар? \9000\

13. Шаршының қабырғалары 9 см-ге тең. Периметрін тап. \36\

14. 96 сағатта неше тәулік бар? \4 тәулік\

15. 120 сек-та неше минут бар? \2мин\

Дүниетану 2 сұрақтан

1. Қаңқа ненің тірегі? \дененің\

2. Мақтаның тұқымын қалай атайды? \шит\

3. «Қара алтын» деп нені атаймыз? \мұнай\

4. Шахтада жұмыс істейтін адамды қалай атаймыз? \шахтер\

5. Ауаның температурасын немен өлшейді? \термометр\

6. Құмырсқа қай топқа жатады? \бунақденелі\ 1000 нан аса көрнекілік суреттеріне тапсырыс жаса!

Қазақ тілі 3 сұрақтан

1. Жіңішке дауысты дыбыстарды ата \ә,ө,ү,і.и\

2. Тұрлаулы мүшелерді ата. \бастауыш, баяндауыш\

3. Етістіктің сұрақтарын ата. \не істеді? Қайтті?\

4. Маңырады деген сөзге қандай сұрақ қойылады? \қайтті?\

5. Он жетінші деген сөзге қандай сұрақ қойылады? \нешінші?\

6. Ш.Уәлиханов кім? \ғалым, саяхатшы\

7. Қыстың алғашқы айын ата \желтоқсан\

8. Оқып жүр сөзі қандай етістік \күрделі\

9. Қалың сын есіміне қарсы мағыналы сын есімді тап. \жұқа\

ІІІ Балл

10 балл бойынша

Қазақ тілі

1. Мәтін түрлерін ата. \әңгімелеу, сипаттау, пайымдау\

2.Түбірге жұрнақ пен жалғаудың қайсысы бұрын жалғанады? \жұрнақ\ 3.Жалаң сөйлем дегеніміз не? \бастауыш пен баяндауыштан құралатын сөйлем\

4.Ардақ дүкенге барды. Сөйлемнің қай түрі \хабарлы\

5. Алақай, жаз келді! Сөйлемнің қай түрі \лепті\

6. Қазақ сөзіндегі ұяң дыбысты ата. \з\

7. Бастауыштың іс -қимылын білдіретін сөйлем мүшесі қалай аталады? \баяндауыш\

8.Бастауыш сөзіндегі у дыбысы нешінші буында айтылады? \3\

9.Жұрнақ деген не? \сөз мағынасын өзгертетін қосымша\

Ана тілі

1. ҚР-ның Туының авторын ата

2. Жырды айтатын адамды қалай атайды? \жыршы\

3. Әнұранның сөзін жазған кім? \Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев\

4. Ешкінің атасы кім? \Абайдың «Ғылым таппай мақтанба»өлеңіндегі бес жаман істі ата.\өсек,өтірік, мақтаншақ,еріншек,бекер мал шашпақ\

5. Балаларды оқуға шақырған Ы.Алтынсариннің өлеңі қалай аталады? \Кел, балалар, оқылық

6. Жаз айларын ата. \маусым, шілде, тамыз\

Ана тілі

1.Көктемнің соңғы айы \мамыр\

2.Маң-маң басқан,маң басқан, Шудаларын шаң басқан,-деген өлең жолдарында қай жануар туралы айтылған? \түйе\

3.Әлди бөпем деген сөздері бар жырды қалай атайды? \бесік жыры\ Дүниетану

1. Өкпе неше бөлікке бөлінеді? \2\

2. Уақыт бірлігін ата. \сек,мин, сағ,ай,күн,апта,жыл,ғасыр\

3. Тоқтар Әубәкіров кім? \тұңғыш ғарышкер\

Математика

1. 60 см-де неше мм бар? \600\

2. 8 ц-де неше кг бар \800\

3. 8 бен 9-дың көбейтіндісі \72\

20 балл

Қазақ тілі

1. Күрделі етістікке мысал келтір \жүгіріп келді, ойнап жүр\

2. Тұрлаулы мүшелерді ата. \бастауыш, баяндауыш\

3. Туынды сөз дегеніміз не? \түбірге жұрнақ жалғ. арқ.\

Дүниетану 1. Жүрек қай жерде орналасқан? \сол жақ кеуде қуысында\

2. Құлақ қандай мүше \есту\

3. Күн мен түннің теңесетін күні \21-22 наурызд.\

Математика

1. 7 дәптер 49 тг тұрады. 1 дәптер неше тг тұрады? \7тг\

2. х*250=500 х белгісіз неге тең? \2\

3. 11*10= \110\

Ана тілі

1. Шығыстың қос шынарын ата \Әлия,Мәншүк\

2. Желтоқсан оқиғасы қашан болды? \1986ж.16 желт.\

3. Торғай тоғайды ұнатады, Тоғай торғайды ұнатады. Бұл не? \жаңылтпаш\

30 балл

Қазақ тілі

1. Әріп дегеніміз не? \көреміз, жазамыз\

2. Дауысты дыбыс дегеніміз не? \айтылғанда кедергіге ұшыр.айт.\

3. Қосымша неше түрге бөлінеді? \жұрнақ, жалғау\

Дүниетану

1. Бұлт түрлерін ата \шарбы, будақ, қабат\

2. Қосмекендіге не жатады? \бақа\

3. Балықтың тұқымын қалай атайды? \уылдырық\

Ана тілі

1. Абылайдың шын есімі \Әбілмансұр\

2. Абайдың әжесінің есімі \Зере\

3. Б.Момышұлы кім? \Ұлы Отан соғ.батыры\

4. Әлия Молдағұлова Соғыста қандай ерлігімен көзге түскен? \мергендігімен\ Математика

1. Тіктөртбұрыштың ұзындығы 6 см, ені 8 см. Периметрін тап. \28см\

2. Қарама-қарсы қабырғалары тең болатын фигураны ата. \тіктөртб.\

3. Айдоста 480 тг бар еді. Әрқайсысы 80 тг тұратын қаламсаптан үшеуін сатып алды. Айдоста қанша теңге қалды? \240\

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.12.2024
105
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі