400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

21 ғасырда мейірімділікті ұмытпайық

Материал туралы қысқаша түсінік
21 ғасырда мейірімділікті ұмытпайық
Материалдың қысқаша нұсқасы

21ғасырда мейірімділікті ұмытпайық



Жүрек – ең нәзік әрі мейірімді жаратылыс. Адам бойындағы шынайы құндылықтар мен жақсы қасиеттердің барлығы жүректе. Сол қасиеттердің ішіндегі ең асылы – ізгілік.

Ізгілік – мейірімділік, махаббат пен игі істердің жиынтығы. Оны жүректе сақтау үшін көп нәрсе қажет емес. Біз күнделікті өмірде өзіміз байқамастан игі істер жасаймыз: біреуге көмектесу, жақсы сөз айту, айналаға жанашырлық таныту – осылардың бәрі қарапайым, бірақ жүректен шыққан шынайы әрекеттер. Ізгі адам ешкімге қастандық жасамайды, керісінше, қиындықта бірге болып, адамдарға жанашыр қолдау көрсетеді.



Алайда қазіргі қоғамда қатігездік пен немқұрайлылық жиі кездеседі. Жанашырлықтың азаюы – теріс әрекеттердің көбеюіне әкелуі мүмкін. Жаңалықтардан зорлық-зомбылық,әділетсіздік пен адамдардың бір- біріне жасаған қиянатын көргенде,жүректегі ізгіліктің қаншалықты маңызды екенін түсінеміз.Елімізде де мұндай жағдайлар бар.Мысалы тұрмыстық зорлық-зомбылық, әлеуметтік теңсіздік немесе жастар арасындағы қатігездік мәселелері қоғамды алаңдатып отыр.Осындай қиындықтарды жеңудің бірден- бір жолы жүректегі ізгіліктің шамын мәңгі сөндірмеу. Қазақстанда да игі істер жасауға шақыратын азаматтар аз емес. Мәселен, түрлі қайырымдылық қорлары, еріктілер ұйымдары мұқтаж жандарға көмектесіп, әділеттілікке, мейірімділік пен ізгілікке негізделген қарым-қатынас орнатуда. Егер адамдар бір-біріне жанашырлықпен қарап, шынайы көмек қолын созса, қоғам да жақсара түседі.



Әр адам өмірге таза жүрекпен келеді. Бірақ өмірдің қиындықтары мен сынақтары кейде жүректегі жылуды суытып жіберуі мүмкін. Дегенмен, ізгілік – адам болмысының ажырамас белгісі. Ол кез келген адамның жүрегінің түбінде болсын бар және өшпейді.

Ізгілік – адамдар арасындағы сенім мен сыйластықтың ірге тасы. Егер айналамызға мейірім мен жылулық сыйласақ, өміріміз де шуаққа толады. Сондықтан жақсылық пен ізгілікке жол ашып, бір-бірімізге жүрек жылуын сыйлайық



№177 Мектеп- гимназияның 11 сынып оқушысы.

Авторы: Амал Дана Табиғатқызы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 наурыз
275
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі