15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
22-наурыз сценарий
Мақсаты:
Әнұран айтылады
Жүргізуші: Жарқыра, жайна Наурызым
Қабағы жаудың түйілсін
Дүние, байлық дәм тұзың
Халқыма мәңгі бұйырсын!
— Сәлеметсіз бе, құрметті ата-аналар, балалар, қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған «Наурыз –Ұлыстың ұлы күні» атты мерекелік кешімізді салтанатты түрде ашуға рұқсат етіңіздер.Ертеңгілімізді ашу үшін сөз кезегін мектеп меңгерушісі Кенжебекова Зульфия Сағатқызына береміз.
Жүгіріп залға атқа мінген 2-бала кіреді
Тақпақ: 1-бала Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
2-бала Босқа қарап тұрмаңыздар!
1-бала Наурыз тойы басталды.
2-бала Көргендер де арманда
1-бала Көрмагендер де арманда,
2 бірге Қызықтан тыс қалмаңыздар!
Жүргізуші, Сүйінші хабарларыңызға рахмет, балалар. Елмен бірге болыңыздар, төрлетіңіздер!2 жаққа бөлініп отырады
Ал, біз той мерекесін әнмен бастайық
Ән: 1-сынып
Немересі:
– Апа, неге әдемі көйлегіңді киіп алып,үстел жасап жүрсіз? Қонақ келеді ма немене?
Әжесі:
– Наурыз ғой, балам.
Немересі:
– Онда не болады?
Әжесі:
– Атасы, түсіндірші мына балаңа.
Атасы:
– Балам, бұл ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесі. Ол қазақтың жаңа жылы. Бұл біздің ата-бабамыздан келе жатқан мейрам. Наурыз мейрамында әжелер наурыз көже пісіріп, елдің бәрі дастархан жайып, қонақ күтеді. Қары қалың, аязды қыстың артынан суы мол,көгі қалың, жадыраған көктем келеді.
Әжесі:
– Иә, балам, көктем мерекесі осы наурыз болады. Наурызда адамдар бір-бірімен көрісіп, реніштерін кешіріп, құшақтасып, наурыз тойын тойлайды. Наурыз тойында наурыз көже, бауырсақ пісіріліп, ет асылады. Ән айтып, би билеп, қуанышқа бөленеді
Көңілді музыка әуенімен Қыдыр ата кіреді
Қыдыр ата кіреді:Армысың Халқым, армысың жас балалар, бүлдіршіндер
Көктем келді, Наурыз келді,
Жер көгерді, тал гүлденді.
Дастарханын жайып дархан,
Жақсылық пен бақыт шашқан
Наурыз той құтты болсын!
Жүргізуші: Қош келдіңіз, Қыдыр ата! Әлемді аралап мереке түнін қызықтап жүрсіз екен, бізбен бірге болыңыз, Төрлетіңіз. Балалардың сізге арнап әзірлеген өнерін тамашлаңыз..
0-сынып-ән мен тақпақ
Жүргізуші: Құрметті Қыдыр ата, біздің ұлдар мен қыздар бір-бірімен дос, бірге ойнайды,би де билеп береді. Ендіше кезкеті оқушыларымыздың шыр айнаған биіне береміз.
Би: Қыздар биі
Қыдыр ата бата:Балалар өнерлерің өрге жүзсін!Түн аяқталып, уақытым бітіп келе жатыр. Кетер алдымда тамаша бүлдіршіндерге Әумин деп бата береиін:
Әуелі құдай оңдасын,
Оң жағынан қолдасын!
Кетпес ырыс берсін,
Кең пейіл берсін!
Бір үйдің баласы болма,
Көп үйдің санасы бол!
Бір елдің баласы болма,
Бар елдің данасы бол!
Жауыңа қатал бол!
Досыңа адал бол!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Қайда жүрсең де жол болсын!
Әумин!
Қыдыр ата: Ал, балаларым, рұқсат етсеңдер мен басқа елдерді аралайын, келесі Наурызға дейін үлкен азамат болып, жақсылықта кездесейік,Сау болыңдар!
Жүргізуші: балалар, барлығымыз Қыдыр атамен қошасып, атаға сәт-сапар тілейік.
Барлығы: сау болыңыз, сапарыңыз оң болсын!
Жүргізуші: балалар кешімізді әрі қарай жалғастырайық. Ортамызға өз өнерлерімен 2-сынып оқушылырын шақырайық.
2-сынып ән мен тақпақ
«Бай мен Алдар-жыртық тон»- көрініс
Әндетіп Алдар келе жатады.(муз мен Алдыр)
Жүргізуші: Иә, Алдар көңіл-күйің жақсы екен, амансың ба?
Алдар: Аманбысың шуақты көктем!Наурыз мейрамы құтты болсын.
Иә сараң байды алдап,мінеки наурыз мейрамына жаңа шапан киіп көңілді келем.
Жүргізуші: Ендеше ұлыстың ұлы күнін бізбен бірге қарсы ал,наурыз мейрамың құтты болсын!
Алдар: Рахмет көктем ! Мен сендерге құр қол келген жоқпын.Ұлттық ойындардың бірі асық ату ойын ойнауға бір дорба асықтар ала келдім.(Асық ойыны)
Жүргізуші: Рахмет саған Алдар .Ойының балаларға өте ұнады, кел дастархан басына төрлет.
Алдар: Рахмет
Музыка әуенімен Күнікей мен Қоян кіреді.
Күнікей: Сәлеметсіздер ме, балалар, қонақтар!
Аймалап жер, бау, бақты,
Арай шуақ төгемін.
Аппақ қарды ерітіп,
Көктемді алып келемін.
Қоян:
Сәлеметсіңдер ме, балалар, қонақтар!
Жаңа жылдың қоңырауын қағып келдім
Жаңа жылдың жаңа шамын жағып келдім
Наурызда молшылықты ала келдім,
Жаңа табыс, бақыт алып келдім.
Жүргізуші:Сәлеметсіздер ме , мерекеге қош келдіңіздер, төрлетіңіздер! Балалар, таныдыңдар ма? Біздің мерекемізге көктемнің иесі Күнекей ханшайымы келді.Сендер білесіңдер ме көктемде не болады? Балалардың жауаптары: қар ериді, күннің көзі жарқырайды, құстар ұшып келеді.
Жүргізуші: Алғашқы айы наурызды алып келген Күнікей ханшайымы сізге рахмет!
Күнекей: Ұлыстың ұлы күні Наурыз құтты болсын! Құт береке болсын!
Жүргізуші:Балалар, Күнекей ханшайымына өзіміздің наурыз тойына арнаған өнерімізді көрсетейік.
3-сынып ән мен тақпақ
Күнекей: Ал, біздің құрметті қонақтар, ата-аналарымыз бата айта ала ма? Мен сіздерге өз шуағымды сыйлаймын.
Ата-аналардың баталары:
Жүргізуші: Құрметті Күнекей сіз сияқты сұлу, көркем біздің қыздарымыз ұлттық биін сізге арнап билеп береді.
Би: Қыздар биі
Жүргізуші: Құрметті жыл басы, сіздің жылыңызда жігерлі істер болады, халықтың күш қуаты мол болады, бәрімізге сіздің жылыңыз құтты болсын.
Қоян:Мен қуанып отырмын, балаларыңыз өте өнерлі екен, жоғары дамыған екен, мықты азамат болсын! Ал олардың ата-аналары ше? Ата-аналармен күш сынасып, ойын ойнап көрейік.
Ойын: Жаяу тартыс
Шарты: 2 ата-ананың арқасына арқан байлап, тартыстыру. Сызықтан шыққан ата-ана жеңіліс табады.
Жүргізуші : Құрметті жыл басы, балалардың ата-аналарының күштерін сынап көрдіңіз, енді жігіттеріміздің күштерін биден байқап көріңіз
Би: Ұлдар биі
Қоян: Рахмет сіздерге бүлдіршіндер, өнерлерің өрге жүзсін!
Күнікей қыз: Наурыз той құтты болып, қазақтың кең даласына, әсем қалаларына шуағымды шашайын! Мерекелерің мерекеге ұлассын!
Қоян: Менің жылым барша халқымызға тыныштық пен жақсылық әкелсін! Өнерлерің өрге жүзсін! Сендер сияқты басқа балаларды құттықтауға барайын! Сау болыңдар.
Жүргізуші: Балалар, Наурыз мерекесі қаламызда, елімізде думандап жалғаса береді. Мерекеміз құтты болсын, даламызды көктем гүл жайнатсын.Құрметті ата-аналар, отбасыларыңызда құт береке болсын, сіздерге 4-сынып өз өнерлерін көрсетсін.
4-сынып ән мен тақпақтар
Жүргізуші: Құрметті балалар, қонақтар осымен Наурыз мерекемізге арналған мерекелік кешіміз аяқталды, сау болыңыздар!
1-Ерасыл: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
1-Ерасыл:: Наурыз тойы басталды.
1-Ерасыл:: Көрмегендер де арманда,
бірге Қызықтан тыс қалмаңыздар!
2-ТӨРЕ: Босқа қарап тұрмаңыздар!
2-ТӨРЕ: Көргендер де арманда
бірге Қызықтан тыс қалмаңыздар!
Қыдыр ата
:Армысың Халқым, армысың жас балалар, бүлдіршіндер
Көктем келді, Наурыз келді,
Жер көгерді, тал гүлденді.
Дастарханын жайып дархан,
Жақсылық пен бақыт шашқан
Наурыз той құтты болсын!
Қыдыр ата бата:Балалар өнерлерің өрге жүзсін!Түн аяқталып, уақытым бітіп келе жатыр. Кетер алдымда тамаша бүлдіршіндерге Әумин деп бата береиін:
Әуелі құдай оңдасын,
Оң жағынан қолдасын!
Кетпес ырыс берсін,
Кең пейіл берсін!
Бір үйдің баласы болма,
Көп үйдің санасы бол!
Бір елдің баласы болма,
Бар елдің данасы бол!
Жауыңа қатал бол!
Досыңа адал бол!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Қайда жүрсең де жол болсын!
Әумин!
Қыдыр ата: Ал, балаларым, рұқсат етсеңдер мен басқа елдерді аралайын, келесі Наурызға дейін үлкен азамат болып, жақсылықта кездесейік,Сау болыңдар!
Күнікей: Сәлеметсіздер ме, балалар, қонақтар!
Аймалап жер, бау, бақты,
Арай шуақ төгемін.
Аппақ қарды ерітіп,
Көктемді алып келемін.
Күнекей: Ұлыстың ұлы күні Наурыз құтты болсын! Құт береке болсын!
Күнекей: Ал, біздің құрметті қонақтар, ата-аналарымыз бата айта ала ма? Мен сіздерге өз шуағымды сыйлаймын.
Күнікей қыз: Наурыз той құтты болып, қазақтың кең даласына, әсем қалаларына шуағымды шашайын! Мерекелерің мерекеге ұлассын!
Қоян:
Сәлеметсіңдер ме, балалар, қонақтар!
Жаңа жылдың қоңырауын қағып келдім
Жаңа жылдың жаңа шамын жағып келдім
Наурызда молшылықты ала келдім,
Жаңа табыс, бақыт алып келдім.
Қоян:Мен қуанып отырмын, балаларыңыз өте өнерлі екен, жоғары дамыған екен, мықты азамат болсын! Ал олардың ата-аналары ше? Ата-аналармен күш сынасып, ойын ойнап көрейік.
Қоян: Рахмет сіздерге бүлдіршіндер, өнерлерің өрге жүзсін!
Қоян: Менің жылым барша халқымызға тыныштық пен жақсылық әкелсін! Өнерлерің өрге жүзсін! Сендер сияқты басқа балаларды құттықтауға барайын! Сау болыңдар.
Салт-дәстүр-Беташар – кейіпкерлер:
күйеу жігіт-Дастан, анасы-Шолпан Мұхамадиевна, әкесі- құда,Мәдетхан ағай,
жеңгесі 1-Саттаровна, Замира, қыздың ата-анасы- Анар Ризабековна, Өмірбай
Қыздың
әкесінің батасы
Құлыным-ау құлыным,
Халқыңа қалаулы бол.
Еліңе елеулі бол.
Таудай талап бергенше.
Бармақтай бақ берсін.
Ата-анаң дегізбе,
Ата-анаңа мейірбан бол.
Алдыңа ай тусын.
Артыңнан күн тусын!
Үлкендердің алдынан
Кесе-көлденең өтпе.
Ата атандырма,
Сүйек сындырма, қалқам!
Әумин.
Немересі:
– Апа, неге әдемі көйлегіңді киіп алып,үстел жасап жүрсіз? Қонақ келеді ма немене?
Немересі:
– Онда не болады?
Әжесі:
– Наурыз ғой, балам.
Әжесі:
– Атасы, түсіндірші мына балаңа.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген