Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
23 әдіс-тәсіл
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
1. Құрылымдалған қайшылықтар
әдісі
Өткізу кезеңдері
А. Төрт адамнан шағын топта оқушылардың екі жұбы
айқындалады.
В. Шағын –топ қарама –қайшы сипаттағы проблемаға
айшықталған және қарсы шешімі бар тапсырма алады.
С. Жеңу үшін емес, проблеманы толық түсіндіру үшін қажетінше
көп материал жинау мақсатында, әр бір жұп проблеманың бір
жағын талқылайды.
Д. Содан кейін әр бір жұп проблеманың қарсы жақтарын
талқылайды.
Қорытындысында барлық шағын
топтың проблемаларын біртұтас шешу болуы қажет.
Чек-лист
САБАҚТЫ ҚЫЗЫҚТЫ ӨТУДІҢ 23 ӘДІСІ
2. «Пирамида тарихы»
әдісі
Жолдың номерін сөздің саны білдіретін, «пирамидаға»
сыйғызылған ерекше құрылым жатыр:
1) басты кейіпкердің аты (тақырыптың);
2) мінездеме немесе сипаттама;
3) әрекеттің орны (пайдалану);
4) проблема;
5) жағдайдың өрісін сипаттау;
6) проблеманы шешу үшін не қолданылды.
7) проблеманы шешу және ары қарай не болатынын болжау.
3 . «Сүйсіну» әдісі.
«Жағымды» тарихи қайраткерлерді оқығанда қолданады. Өзіңе
ереше ұнайтын қасиеттерді табу, оларды атау не үшін екенін
түсіндіру.
4. «Құрылымдалған қайшылықтар»
әдісі
Өткізу кезеңдері
А. Төрт адамнан шағын топта оқушылардың екі жұбы
айқындалады.
В. Шағын –топ қарама –қайшы сипаттағы проблемаға
айшықталған және қарсы шешімі бар тапсырма алады.
С. Жеңу үшін емес, проблеманы толық түсіндіру үшін
қажетінше көп материал жинау мақсатында, әр бір жұп
проблеманың бір жағын талқылайды.
Д. Содан кейін әр бір жұп проблеманың қарсы жақтарын
талқылайды.
Қорытындысында барлық шағын топтың проблемаларын
біртұтас шешу болуы қажет.
5. «А,В,С»
А-сұрақ қояды.
В-жауап береді.
С– айтқан жауаптарды бақылайды, толық болмаса толықтырады.
Оқушылар топта үшеуден отырады.
А — сұрақ қоюшы, В – жауап беруші, С — бақылаушы рөлін
атқарады. Бақылаушы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме
соңында қорытынды береді.
Оқушылар осы сұрақтарға жазбаша стикерге жауап береді.
Ұсыныс, тілектерін айтады.
6. «Интерактивті дәріс»
Орындалу барысы
А. Мұғалім оқушыларға жаңа
тақырып бойынша жалпылама дәрістің мәтінін әр топқа арнап
береді. Оқушылар арнайы тапсырмаларды орындайды. Мәтін
практикалық жұмысқа арналған және нақты болуы қажет.
В. Оқушылар топ ішінде бір-біріне көмектесе отырып,
дәрістің мағынасын түсінеді. Оқушылар өздеріне түсініксіз
болған жағдайларға байланысты бір-біріне сұрақтар қоя алады.
Мұғалім сұрақтарға ешкім жауап бере алмаған жағдайда ғана
сұрауға рұқсат етеді.
С. Дәрістің мәтінімен жұмыс жасап болған соң оқушылар
жекелей тапсырмалар орындайды. Жұмыстың бұл кезеңінде бір-
бірінен сұрау, көмектесуге рұқсат берілмейді, оқушылар тек
жеке тапсырмалармен жұмыс жасайды.
Әдістің басты ерекшелігі жеке тапсырмаларға арналған
бағалау жүйесінде болып табылады. Бағалау салыстырмалы
түрде қойылады. Оқушы алдыңғы тапсырмадан қарағанда
жоғары ұпай алған кезде ғана топ қоржынына
өз үлесін қоса алады. Жоғары ұпай жинаған топ жеңімпаз
атанады.
7. «Айдаһар»
Оқушыларды сергітіп алу үшін бәрін бір-бірінің белінен
ұстатып тұрғызады. 1-оқушы «айдаһардың басы», соңындағы
оқушы «құйрығы». Басы құйрықты ұстап алу керек.
8. Фильмдерді көру және оны талдау
Сабақ барысында көркем фильмдерді және шағын бейне-
баяндарды, олардың үзінділерін қолдануға болады.
Тақырып пен мақсатқа сай материалды тек қана қосымша
емес, сабақтың кез келген кезеңінде көрсетуге болады.
Көрсетілімнің алдында оқушыларға бірнеше (3-5) кілтті
сұрақтарды беріп қою қажет. Бұл талдауға негіз болатын
сұрақтар. Фильмді арнай таңдалған жерлерінен тоқтатып
дискуссия өткізуге болады. Соңында оқушылармен бірге талдап,
қорытындысын шығару қажет.
9. «Аквариум»
Мақсат: оқушыларға проблеманы талқылауға еркін кіруге
және шығуға мүмкінді береді.
Өткізу кезеңдері
Оқушылар мұғаліммен бірге екі шеңбер құрады: сыртқы
(бақылаушылар) және ішкі (белсенді қатысушылар)
Ішкі шеңбердің мүшелері мұғаліммен ұсынылған сұрақты
талқылауға белсенді қатысады. Басқа оқушылар бақылайды
және олардың қайсысының нұсқасы қызықтырғанда ғана сөз
сөйлейді; олар толықтырады, сұрақтар қояды, нақтылайды.
Сонымен қатар оны өз нұсқасымен қызықтырған «бақылаушы»
белсенді қатысушының қасына тұруға тиіс. Бір проблеманы
(сұрақты) талқылағаннан кейін, оқушылар орындарын
ауыстырады ( шеңберден алыс тұрғандар шеңбергe отырады).
Мүмкіндігінше, барлық оқушылар шеңберде болуы керек.
9. «Метод Jigsaw-2 «Пила-2»
Бұл әдіс 4-5 адамнан құрылған топпен оқушылардың жұмысын
көздейді.
Өткізу кезеңдері
А. Кіші топтың әрбір мүшесі ортақ жұмыстың жеке бір бөлігін
алу орнына, бүкіл шағын топ сол бір жұмыспен ғана жұмыс
істейді. Бірақ бұл ретте топтың әрбір мүшесі тапсырма алады, ол
айрықша мұқият әзірленеді және оған сарапшы болады.
Б. Әр түрлі топрдың сарапшыларының кездесулері өткізіледі.
С. Сабақтың соңында барлық оқушылар бағаланатын жеке
бақылау кесіндісінен өткеді. Оқушылардың нәтижелері
жинақталады. Ең жоғары балдарға қол жеткізген шағын топ
марапатталады.
10. «Ойын жинақтау» әдісі
Түсінік- бұл логикалық түрде ресімделген зат туралы жалпы
бір нәрсенің идеясы.
Ойын жинақтау әдісі оқытылатын пән немесе зат құбылыс
туралы терең және толық мәлімет береді.
Ойын жинақтау 3 кезеңмен
өткізіледі.
1) Мұғалім ұғымдар сипаттамаларына кіріспе береді. Бұл
сипаттамалар бойынша оқушылар қандай түсінік туралы
әңгіменің өрбігенін.
2) Мұғалімнің ұғымға қосымша мінездеме енгізу. Сипаттамалар
осы ұғымға жататындығын оқушылар анықтауы қажет.
3) Сабақта әлі айтылмаған оқушылар өздерінің сипаттамаларын
беруге тиіс. Осы ұғым бойынша оқушылар қорытынды жасайды.
11. «Айқын мақсат қоя отырып»
- Сабақ басталар алдында тақтаға мақсатты жазыңыз.
- Оқушылармен өздері оқып жатқандарын неліктен оқитыны
туралы әңгімелесіңіз.
- Қысқа мерзімді мақсаттарды ұзақ мерзімді мақсаттармен
сәйкестендіріңіз (мысалы, М.Әуезовтің жұмысына талдау жүргізу
өзге де ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізумен қатар, мәдени
жақтарын кеңінен түсінуге және талдау дағдыларын дамытуға
әкеледі).
- Оқушылар сабақтың/блоктың/пәннің мақсаттарын айқын
түсінгеніне көз жеткізіңіз.
- Мақсаттарды оқушылармен бірлесіп әзірлеңіз.
12. «Айна»
Оқушылар жұптасып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады
(немесе партада отырып та болады). Олардың біреуі
қолдарымен, аяқтарымен, денесімен, бет-әлпетімен әртүрлі
қимылдар жасайды, ал екінші оқушы оларды айна секілді
қайталайды: оңды сол қылады, солды оң жасайды. Бір минуттан
кейін оқушылар рөлдерімен алмасады.
13. «Айналмалы бекеттер»
Әр шағын топты бекетте орналастырып, арандататын
сұрақты талқылауға және ойларын қағазға немесе тақтаға
жазуға 10 минут беріңіз. Уақыт аяқталғанда топ басқа бекетке
ауысып алдағы топтың жұмысын жалғастырады. Ауысу әр 10
минут сайын болып тұрады, әр топ барлық позицияларда болып
шыққанға және барлық топтардың ойларын ойлап шыққанға
дейін жалғаса береді.
14. «Айырмашылығынеде?»
Оқушыларға екі түрлі мəтін немесе екі түрлі сурет
көрсетіңіз. Екеуінің арасындағы айырмашылықты анықтауды
сұраңыз. Жауаптарын дəлелдеп отырулары керек.
15. «Ақындар мен жазушылар»
Топтағы оқушылар 3-4 минут аралығында өздері білетін
ақын-жазушыларын жазып шығады да, кезектесіп оқиды. Бір
топта бірінші айтылған тұлға өздерінде қайталанса, сызып тастап
отырады. Қай топтың тізімінде тұлғалар тектері көп қалса, солар
жеңімпаз.
16. «Алдын-ала берілген атаулар»
Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша тақтаға
бірнеше атау (терминдер) жазып қойып (3-4 атау), оқушыларға
олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен
байланысы туралы ойлануын сұрайды. Бұл жұмысты
оқушылардың жеке, жұппен немесе шағын топ ішінде ауызша
яки жазбаша (соңғысы тиімдірек) орындауы ықтимал. Содан
кейін мұғалім бірнеше оқушының ойы мен пікірін тыңдауына
болады.
Бұл тапсырманы күрлендіруге де болады. Ол үшін алдын-
ала берілген атаулардың ішіне сабақ тақырыбына қатысы жоқ
бейтарап сөзді қосуға болады. Мәселен, биология сабағында
«Фотосинтез, жасуша, хлорофилл, терезе» сөздерін келтіруге
болады. Бұл жерде соңғы сөз оқшаулау және сабақ тақырыбына
тікелей қатысы жоқ, сонда да оқушылар олардың өзара қатысы
мен байланысы туралы өз
ойларын келтіруі керек.
17. «Алма, шие, өрік, банан»
Оқушылар орындықтарды шеңберлей орналастырып
жайғасады. Мұғалім оқушыларды отырған ретімен жемістер
атауымен санап шығады: «Алма, шие, өрік, банан» деп. Осыдан
кейін мұғалім бір не бірнеше жемістің атын атайды (мысалы,
«Шие!» деп, не «Алма,өрік!» деп, немесе « Алма, шие, өрік,
банан!»деп), сол кезде жемісі аталған оқушылар орындарын
алмастыру қажет. Ал мұғалім бір бос орынға отырады. Орын
жетпей қалған оқушы жүргізуші болып, жемістердің атын
атайды.
18. «Алфавит»
Оқушылар әрқайсысы алфавиттің бір-бір әрпін алып, жыл
көлемінде оқыған материалдарынан өздеріне түскен әріпке
сәйкес тақырыптарды айтып шығады. Мысалы, «Қаратпа сөз,
қыстырма сөз, қосарлы айқындауыш, қарсылықты салалас,
қарсылықты сабақтас т.с.с. Қорытынды сабақтарда, емтиханға
дайындықта, есте сақтауын дамытуда көмекке келеді.
19. «Ара ұясы» техникасы
Мұғалім жұптағы оқушыларға не білгендігі туралы пікір
алмасуды және екі сұрақтан дайындауын тапсырады.Содан
кейін әрбір жұп кезектесіп сұрақ қояды, ол сұраққа
жауапты мұғалім немесе басқа оқушылар береді.Сонымен
берілген осы техника негізінде мұғалімнің берген мәліметтері
қорытындыланылады, өңделеді.
20. «Арқаға жазылған комплименттер»
Әр оқушының арқасына түйрегішпен (немесе скотчпен) А-4
форматындағы қағаз бекітіледі. Оқушылар сынып ішін аралап
жүріп, бір-бірінің арқаларындағы қағаздарға жылы, жұмсақ
сөздер жазып, бірін-бірі мақтайды. 2-3 минуттан кейін олар
қағаздарын алып, шағын топ ішінде бір-біріне жазылған
комплименттерді оқып береді.
21. «Арқаға массаж жасау»
Оқушылар шеңбер құрып тұрады да, мұғалімнің айтуы
бойынша оңға бұрылып, ілгері қарай жүреді. Әр оқушы алдында
тұрған жолдасының арқасына массаж жасауы керек. Бір
минуттан кейін шеңбер теріс айналып, қайтадан алдында тұрған
сыныптастарына массаж жасайды.
22. «Арқаға сурет салу»
Бұл ойында барлық әрекеттерді үнсіз жасау керек.
Оқушылар екі топқа бөлініп, бірінің артынан екіншісі тұрып, сап
түзейді. Мұғалім ең артында тұрған оқушыларға бір заттың
атауы жазылған қағаз ұсынады (мәселен, алма, алмұрт, жүзім,
гүл, кітап, ағаш,автомашина т.б). Тапсырма: соңында тұрған
оқушы үндемей, алдында тұрған оқушының арқасына әлгі
заттың суретін саусағымен салады. Арқасына сурет салынған
оқушы алдында тұрғанның арқасына өзінің арқасына салынған
затты салады.
Суреттер салынып біткеннен кейін мұғалім соңғы оқушыдан
арқасына салынған заттың атын сұрап, оны қағазда
жазылғанмен салыстырады.
23. «Артығын алып таста»
Оқушыларға сөздер немесе суреттер жинағын (сабақ
тақырыбымен байланысты) көрсетіңіз. Олар қай сөз немесе
сурет қалғандарына қатысты емес екенін анықтауы керек.
Пайдаңызға жарайды деп сенеміз!
Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға
қатысқандығын растайтын СЕРТИФИКАТҚА 17%
жеңілдікті қолдану үшін промокод: CONF17
Біздің орталық жаңалықтарын, басқада материалдарға
доступтарды WWW.UST.KZ сайтынан ала аласыз.
INSTAGRAM: @ustaz.tilegi
YOUTUBE: "Ustaz tilegi – Ұстаз тілегі"
TELEGRAM: “Ұстаз тілегі” ғылыми-әдістемелік орталығы