|
Білім беру ұйымының атауы |
|
|||||||||||||||||
|
Пәні: |
Жаратылыстану |
|||||||||||||||||
|
Бөлім: |
Табиғат физикасы |
|||||||||||||||||
|
Педагогтің аты-жөні: |
|
|||||||||||||||||
|
Күні: |
|
|||||||||||||||||
|
Сынып: 3 « » |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
№24 Ауырлық күші дегеніміз не? |
|||||||||||||||||
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: |
3.5.1.2 ауырлық күшін зерттеу және оның білінуіне мысал келтіру; 3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу; |
|||||||||||||||||
|
Сабақтың мақсаты: |
-ауырлық күшін зерттеу және оның білінуіне мысал келтіріп ,ауырлық күші туралы айтады; -экспериментті жоспарлау және жүргізе отырып, қандай дене жерге тезірек құлайтынын анықтайды. |
|||||||||||||||||
|
Құндылықты дарыту |
Еңбек ету, өзін өзіне қызмет көрсетуге баулу, өмір бойы білім алу |
|||||||||||||||||
|
Сабақтың барысы |
||||||||||||||||||
|
Сабақтың кезеңдері: |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||||||
|
Басы 10 мин |
І. Психологиялық дайындық ІІ. Белсенді іс-әрекет ұйымдастыру. Бірнеше затты әуеге лақтырып, босатып, эксперимент жасап көру. Қорытындылау (Әуеге лақтырылған кез келген зат төмен құлайды). -Неліктен әуеге лақтырылған, бос жіберілген кез келген зат төмен құлайды деп ойласыңдар? (қандай да бір күш әсер етуі мүмкін). Болжау - Әуеге лақтырылған дененің жерге құлауына әсер ететін қандай күш болуы мүмкін? (ауырлық күші) Сабақтың тақырыбын мен мақсатын, бағалау критерийлерін анықтау (Бүгінгі сабақта Әуеге лақтырылған кез келген заттың неліктен жерге құлайтынын білеміз). ІІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады. |
Оқушылар психологиялық ахуалын тудыру үшін жаттығу жасау Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен танысады. |
Мадақтау Жарайсың! Тамаша! |
Слайд 1 Слайд 2 Слайд 3 |
||||||||||||||
|
Ортасы 25 мин |
Жаңа сабақ 1.Бақыла Кез келген дене Жердің тартылыс күшінің әсерінен құлайды. Доптың құлауын бақылау, зерттеу. Нәтижесін кестеге тіркеу
Ауырлық күшіне анықтама: ауырлық күші дегеніміз – Жердің денелерді өзіне тарту күші. Ол Жер шарының центріне бағытталады. (Глобустан шамамен жердің центрін көрсету). ЕБҚ тапсырмасы Доптың бағытын анықтап , бақылап айтады. 2.Құбылыстарды сипатта –Табиғи құбылыстарын атаңдар (Жаңбыр, қар, жел, тұман, бұршақ және т.б.). –Қайсысы ауырлық күшінің әсерінен болады? (Қар, жаңбыр, бұршақ, өйткені, қар ұшқындары, жаңбыр тамшылары мен бұршақтар Жерге тамады). –Ауырлық күшінің әсерінен болатын маусымдық өзгерістерді атап көрейік. (Күзде жемістер мен жапырақтар жерге түседі; жел екпінімен көтерілген жапырақтар мен ұсақ бұтақтар жерге қайта түседі). –Ньютонның тартылыс күшін ашуы туралы аңызды айтып беру. ЕБҚ тапсырмасы Табиғи құбылыстарды атайды. 3.Зілтемір неге ауыр? Оқушыларға бір қолымен оқулық, екінші қолымен – қарындашты көтереді. –Заттарды көтеруге бірдей күш жұмсады ма? –Біз денелерді көтерген кезде қандай күшті жеңеміз? (Ауырлық күшін, өйткені біз дененің құлауына жол бермейміз.) –Біздің күшіміз және сәйкесінше ауырлық күші неге байланысты? (Дененің массасына.) –Ауырлық күші дененің массасына қалай байланысты? (Дене массасы ауыр болған сайын, оған әсер ететін ауырлық күші де көп болады). 4.Тірек. Парта үстінде жатқан немесе сыныпта орналасқан заттарды бақылау. Талқылау ұйымдастыру. –Олардың барлығына ауырлық күші әсер ете ме? –Ауырлық күші қалай пайда болады? (Заттар Жерге құлайды.) –Неге парта үстіндегі заттар құламайды, оларға қандай күш кедергі болып тұр? (Заттар тіректің үстінде жатыр, оларға серпімділік күші әсер етіп тұр.) –Ал денелердің астындағы тіректі алып тастаса, не болар еді? Қорытындылау. (Денелер құлайды, яғни, оларға ауырлық күші әсер етеді.) ЕБҚ тапсырмасы Мұғалімнің көмегімен сыныптағы заттарды бақылап ауырлық күшін анықтап айтады. 5.Зертте. Оқушыларды шағын топтарға біріктіру. Ресурстар: бөтелкелерді түрлі мөлшерде сумен толтырылған бөтелкелер. Зерттеу барысы: –Қалай ойлайсың, қай бөтелке еденге бірінші болып құлайды (түседі)? (ең ауыр). –Оны қалай тексеруге болады? Әр топ эксперимент жоспарын құрады. Бір оқушы орындықтың үстіне шығып, созылған қолдарымен екі бөтелкені көтеріп тұрады. • Бір мезгілде бөтелкелерді қолынан босатып жібереді. • Екінші оқушы бөтелкелердің еденге тиген сәтін бақылайды. • Экспериментті басқа бөтелкелермен жалғастырады. • Қорытынды жасап, оның суретін зерттеуші дәптеріне салады. • Эксперименттің жоспары мен оның іске асырылуымен салыстыру. Зерттеу жүргізу барысында оқушылардың мұқият болуын, бөтелкелердің бір уақытта жіберілуін қадағалау. Оқушылар массасы әртүрлі денелердің құлау уақытының бірдей болуы туралы өз пікірлерін негіздей немесе жоққа шығара алады. Бұл тапсырма эксперимент жоспарын құру және жүргізу, қорытынды жасау қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. 6.Ойлан. –Денені құдықтың ішіне түсіріп алса, не болады? (Ол құдықтың түбіне құлайды.) –Ал құдық өте терең болса ше? (Бәрібір құлайды.) –Жер шарының арғы бетінде саған қарама-қарсы тұрған адам да затты терең құдыққа түсіріп алса, не болады? (Оның заты да құлайды.) –Енді Жерді бұрғылап тесіп өттік деп елестетейік. Сол кезде арғы беттегі адам тастаған дене саған жете ме? (Балалар әртүрлі жауап беруі мүмкін. Сіз оларды дұрыс жауап беруге жетелеңіз). –Оған ауырлық күші әсер ете ме? (Әсер етеді.) Ауырлық күші қалай әсер етеді? (Ауырлық күші Жердің центріне бағытталады). –Құдыққа құлаған дене қайда кетеді? (Дене Жер центріне жетіп тоқтайды.) 7.Сен білесің бе? –Жерден ұшырылған серікке не болады? (Жердің айналасында ұшады.) Жерден зымыранды ұшыру және ғарыш стансасының не жасанды серіктің одан арғы Жер айналасындағы қозғалысы туралы бейнекөрініс көрсету. –Неге жасанды серік Жерден алыстап, ашық ғарышқа қарай ұшып кетпейді? Оның жылдамдық бағытын не нәрсе өзгертеді? (Ауырлық күші.) 8.Жұптық жұмыс Оқушылар жұпта өтілген тақырып бойынша бір біріне сұрақтар құрастырады, жауап береді. Шамамен сұрақтар: Денені әуелете жоғары лақтырса не болады? Неліктен денелер жерге құлайды? Ауырлық күші деген не? Оның әсері қандай? ЕБҚ тапсырмасы Жұбының көмегімен тапсырманы орындайды. Тапсырма «Ауырлық күші» Анықтама құрастыр. Оқушылар керекті сөздерді тауып, олардан ауырлық күшіне анықтама құрастырып, жазады. Жауап: Ауырлық күші – Жердің барлық денелерді өзіне тарту күші. Бағытты көрсет. Оқушылар бағыттаманың көмегімен берілген суреттердегі ауырлық күшінің Жер центріне бағытталғанын көрсетеді. |
Доптың құлауын бақылайды, зерттейді. Нәтижесін кестеге тіркеп жазады.
Ауырлық күшінің анықтамасымен танысады.
Табиғат құбылыстарын атайды. Ауырлық күшінің әсерінен болатын маусымдық өзгерістерді атайды.
Зілтемірдің ауырлық күшін анықтап айтады.
Парта үстінде жатқан немесе сыныпта орналасқан заттарды бақылайды.
Зерттеу жұмысын жүргізеді. Әр топ эксперимент жоспарын құрады.
Оқушылар массасы әртүрлі денелердің құлау уақытының бірдей болуы туралы өз пікірлерін негіздей немесе жоққа шығара алады.
Сұрақтарға жауап береді.
Жерден ұшырылған жасанды серік ауырлық күшінің әсерінен оның айналасында ғана қозғалатынын біледі.
Оқушылар керекті сөздерді тауып, олардан ауырлық күшіне анықтама құрастырып, жазады.
|
Дескриптор: -Допты лақтыру бағыттарын анықтайды;(1б) - Доп қозғалысының траекториясын жазады.(1б) Дескриптор: - Табиғат құбылыстарын атайды;(1б) -Ауырлық күшінің әсерінен болатын маусымдық өзгерістерді атайды.(1б) Дескриптор: - Зілтемірдің ауырлық күшін анықтап айтады;(1б) -Ауырлық күшін анықтайды.(1б) Дескриптор: - Зерттеу жұмысын жүргізеді.(1б) -Әр топ эксперимент жоспарын құрады.(1б)
Дескриптор: -Анықтама құрастырады;(1б) - ауырлық күшіне анықтама құрастырып, жазады.(1б) |
Слайд 4
Слайд 5
Слайд 6 Слайд 7 Слайд 8 Слайд 9 Слайд10 Слайд11 |
||||||||||||||
|
Соңы 10 мин |
Сабақты бекіту. «Қадам жаса» әдісі арқылы сабақты бекіту
Үйге тапсырма.Оқу, мазмұндау Рефлексия
|
Бүгінгі сабақта алған білімдері бойынша рефлексия жасайды. |
Оқушылар 1-10 балдық жүйемен бағаланады. |
Слайд 12 Слайд 13 |
||||||||||||||
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
№24 Ауырлық күші дегеніміз не?

шағым қалдыра аласыз