400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«25 кітап.Кітап оқиық,балақай!» .

Материал туралы қысқаша түсінік
оқырмандардың әдеби кітапқа деген құштарлығын арттыру,кітапханаға оқырмандар тарту,оқырмандардың ой-өрісін дамыту,оқыған кітаптарын талдай отырып,рухани тәлім-тәрбие беруге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «25 кітап.Кітап оқиық,балақай!» .

Байқаудың жалғасы 5-10 сыныптар арасында

Мақсаты:оқырмандардың әдеби кітапқа деген құштарлығын арттыру,кітапханаға оқырмандар тарту,оқырмандардың ой-өрісін дамыту,оқыған кітаптарын талдай отырып,рухани тәлім-тәрбие беру.

Кітапханашы:Кітап-адам өмірінде маңызды рөл атқарады.Одан ақыл-кеңес,тәлім-тәрбие,үлгі өнеге аламыз.Кітап-біздің рухани жан азығымыз.Кітап тек досың ғана емес,ұстазың,кеңесшің,ақылшың.

Қай кезде де кітап адамзаттың жан азығы,рухани байлығы болған.Кітапты оқу арқылы ғана біз болашақты болжап,келешегімізге кемел жол сала аламыз.Осы қа-ғидаларға сүйене отырып бүгінгі «25 кітап.Кітап оқиық,балақай!» атты байқауы-мызға хош келіпсіздер.

  1. Ертегілер еліне саяхат (ертегілерден көрініс)

  2. Сөз мәйегі – мақал-мәтел. (мақал-мәтелдің жалғасын тап).Слайд.

  3. Әдебиет әлеміне саяхат(көрініс,мәнерлеп оқу).Слайд.

  4. Кімнің портреті? Суреттер сөйлейді (ақын-жазушылардың өмірбаяны,шы-ғармасы).Слайд.

Жүргізуші:Кітап-ақылдың құйылған көлі.Ол көпке таралғанда ғана оқырман бойына сіңіп,игілігіне жұмсағанда ғана мүддесіне жетеді.Кітап-халық қазына-сы,сарқылмас білім бұлағы.Ендеше оқырмандарымыз кітап әлеміне саяхат жа-сап,кітапты көп оқитын оқырмандарымызды көбейте берейік.

Әділқазылар алқасын сайлап алайық.

Кешімізді әуезді әнмен бастайық.

Төлепбай Айнұр. Ән «Балқадиша»

1.Ертегілер әлеміне саяхатымызды бастайық(ертегілерден көрініс)

Жүргізуші:Ертегілер елінен келген кітап кейіпкерлері арқылы оқырмандардың кітапқа,кітапханаға деген қызығушылығын оятып,кітап оқуға қызықтыру.Бүгінгі кітаптар патшалығына ертегілер елінен келген кейіпкерлермен таныс боламыз.

1. «Жабайы алма»

2. «Бауырсақ»

Уксукбай Диана.10 «В» сынып.Би



2бөлім. Сөз мәйегі – мақал-мәтел. (мақал-мәтелдің жалғасын тап).

Сұрақ-жауап

Мақал- келелі ой,кең мазмұнды бірақ ауыз сөзбен айтып қорытынды жасау-дың тамаша үлгісі.Халық тапқырлығымен айтқанда «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні». Мақалда ой тұжырымдалып,даналық қорытынды,түйінді пікір түрінде айтылады.

Мақалшы аталатын кез де келді

Көп нәрсе уақыт сайын өзгереді.

Қанекей шын шешенді біз табайық

Үйреткен бұл өмірге өзгелерді

«Сөз мәйегі-мақал-мәтел» бөлімін бастаймыз. Мақалдың жалғасын табамыз.

Мысалы:–Жыланды інінен қалай шақырады?

-Жылы-жылы сөйлесе, жылан іннен шығады,немесе мақалдың жалғасын табу.

1. Қар жана ма? (Қалауын тапса, қар жанады)

2. Жау жағадан алғанда

(бөрі етектен алады)

3. Аппақ қарға бола ма?

(Қарға баласын аппағым дейді)

4. Адамның қай мүшесі –қорқақ,қай мүшесі батыр?

(Көз қорқақ,қол батыр)

5.Оттан да ыстық не? (Отан оттан да ыстық)

6.Қына мен білім қайда бітеді?(Қына тасқа бітеді,білім басқа бітеді)

7.Жаманның ақылы қашан кіреді?(Жаманның ақылы түстен кейін кіреді)

8.Ненің басы жел болмай қозғалмас?(Шөптің)

9.Инемен құдық қазуға болама? (Инемен құдық қазғандай)

10.Ер неше рет,қорқақ неше рет өледі?(Ер бір рет өледі,қорқақ мың өледі)

Келесі орны ауыстырылған сөздерден мақал-мәтелдер айтамыз

  1. Құрмет,тілге,құрмет-елге

(Тілге құрмет-елге құрмет)

  1. Жерде,тіл,жоқ ұлт,жоқ

(Тіл жоқ жерде – ұлт жоқ)

  1. Тас жарады,тас,тас жармаса,бас жарады

(Тіл тас жарады,тас жармаса-бас жарады)

  1. Тілін біл,жеті түрлі,жеті жұрттың,білім біл

(Жеті жұрттың тілін біл,жеті түрлі білім біл)

  1. Мыңды жығады,білекті жығады,бірді,білімді)

(Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады)

«Сөз мәйегі –мақал» дегендей,ата-бабамыздан қалған өсиет сөздер адамгер-шілікке,ойын дұрыс жеткізуге,тапқыр сөйлеуге,сөздік қорын молайтып,ше-бер сөйлеуге үйртеді.

Оркестрдің орындауы:

Темірғали Айгерім. 6 «Б» сынып.«Сағындым» Мағжан.



3.Әдебиет әлеміне саяхат. Сұрақ-жауап

  1. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы кім? (Абай)

  2. Арыстандай айбатты

Жолбарыстай қайратты-

Қыран күштей қанатты,

Мен жастарға сенемін! өлеңі кімдікі? (Мағжан)

  1. «Үш бақытым» өлеңінің авторы кім? (Мұқағали)

  2. «Менің атым Қожа» кітабының авторы кім? (Б.Соқпақбаев)

  3. Қазақ халқын дүние жүзіне танытқан шығарма?(М.Әуезов.Абай жолы)

  4. «Бай баласы мен жарлы баласы» кімнің шығармасы?(Ы.Алтынсарин.)

  5. Желмаяға мініп,шұрайлы жер іздеумен өмір кешкен кім? (Асанқайғы)

  6. «Шұғаның белгісі» кітабының авторы? (Б.Майлин)

  7. «Қан мен тер» романының авторы (Ә.Нұрпеисов)

  8. Мұнан кейіназырақ заман өтті,

Салқын түсіп,қар жауар мезгіл жетті.

Қарашаның алғашқы қары жауып

Кебек батыр құс алып аңға кетті.(Шәкәрім. «Еңлік-Кебек»)

Қырғызбай Арайлым. 6 «Б» сынып. «Анама хат».А.Байтұрсынов.



Әдебиет әлеміне саяхатымызды жалғастырамыз.Шығармадан үзінді оқылады.Авторы мен шығарманың атын атау керек.

  1. Баланың шошыған айғайы шықты.Қасқыр артына айналып тап берген-де,мөңкіп жүрген боздан бала аударылып түсті.Қасқырда қазірде бұ-рын білінбеген долылық,жайында бар еді.Туғаннан бергі барлық көресі осыдан-екі аяқтыдан дегендей,жығылып домалап жатқан балаға тап берді.Оқыс секіргенде,санының жарасы ашылып дыз етіп ашып қалып еді,ол бұрынғыдан жаман ызаландырып,құтыртқандай.Боз ұзап қашып кетті.Қой да жоқ.Екпіндеп секіріп,ырылдап кеп баланы бас салды.

М.Әуезов. «Көксерек»

2. Атымды айта бастасам тілім таңдайыма жабысып қалғандай болады да тұрады.Адамның атының сүйкімді болуы да зор бақыт па дей-мін.Мәселен,Мұрат,Болат,Ербол,Бақыт деген аттарды алып қараңдар-шы.Әрі мағына жағынан да,қазақ тілінен сабақ беретін Майқанова апайша айтқандай,бұлар жоғары идеялы есімдер.Мұндайлар өз атын кәдімгідей мақтаныш көріп,біреумен таныса қалса,мәнерлеп,көтеріңкі дауыспен айтады. Ал енді айтуғада,естуге де қолайсыз есімдер бар.Өз-ге түгілі өзіңе де ұнамайды-ақ.

Б.Соқпақбаев. «Менің атым Қожа»

3. Мен –қазақпын,ажалсыз анамын мен,

Құрсағыма сыйғыздым даланы мен.

Пәк сәбимін бесікте уілдеген,

Дәуірлермен құрдаспын,данамын мен.

Ж.Молдағалиев. «Мен-қазақпын»

4. Мынау алдымыздағы үлкен қол «Қамысты» ғой:осының сол жағын ала жүріп ана таңырқай көрінген Обаның белесінен тура ассақ алды-мыздан бір кішкене бір сүрлеу келеді.Сол сүрлеу мен барып,Шұғаның белгісінен қар жолды қиып аламыз – деді.

Б.Майлин. «Шұғаның белгісі»

5. Үш жолаушы бір бұлақтың басында бір-біріне кез болыпты.Бұлар бір тастақ жерден шыққан,айыайы аласы қалың біткен ағаш жапырақтары бұлақтың үстіне төгіліп,суы мұздай,салқын,шыныдай жылтылдап тұрған сонша әдемі,таза бұлақ екен.Су шыққан жеріне бір қазандай тасты біреу ойып,қорғаныш қылып,тастың су ағар жеріне жазу жазыпты: - Әй, жолаушы,болсаң осы бұлақтай бол,-деп.

Ы.Алтынсарин. «Таза бұлақ»



6.Сәл аялдап,тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер

Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көк пен бел

Бұл жер,қадам,асқақ рух жарылысы өткен жер,

Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер,

Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп,тепкен жер,

Жатты мұнда естен танып күзге айналған көктемдер...

М.Шаханов. «Желтоқсан алаңы»

7. Әкесі мен екуінің арасын қара мысық кесіп өткендей,бір өткел түс-кенін Ақбілектің жүрегі сезеді.Әкесінің қабағы қашан жадырар екен,қашан жылы қарар екен.Қашан тіл қатар екен?..деп сарылып,сар-ғайып күтеді;әкесінің көзі түсер ме екен деп көзінің қырымен жансыз аңдап та отырады.Бір қараса да қайғысы жеңілдейтіндей,бақытты бо-латындай көрінеді.Сондада әкесі көз салмайды.Енді Ақбілекке шеше-сінің өлімінен де мынау жаман батты.

Ж.Аймауытов. «Ақбілек»

Ошақбай Әсель.10 «В» сынып. Мәнерлеп оқу



  1. Қорытынды бөлім.Кімнің портреті?Суреттер сөйлейді (ақын-жазушы-лардың өмірбаяны,шығармасы)Қазақ балалар әдебиетінің жазушылары.Слайд.



Қорытынды.Кітап білімімізді молайтады,кітаптан үлгі-өнеге мен тәрбие аламыз.Оқыған-тоқығаның көп болса,жеңбейтін жау,алынбайтын қамал жоқ.Дана халқымыз «Батыр бірді жығады,білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек.

Өмірде бар нәрсе өзгереді,тек кітапхана халық қажетіне жарап,ғасырлар бойы жасамақ.Осы құндылығымыз ешқашан жойылмай,келешек ұрпақ осы асыл қазынамыздан нәр алып,сусындай берсін демекпін.Біз жас ұрпақ сана-сының нәрлі болуы үшін,қазақы құндылық пен әдеп ибаны қалыптастыруда тек қымбат қазынамыз кітап арқылы ғана әсер ете аламыз.

Қатысушыларды марапаттау

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
1646
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі